"Еңбектің наны тәтті"

Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Еңбектің наны тәтті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды заттық дамытушы ортада еркін ойната отырп, еңбекке баулу, танымдық, әлеуметтік, комникативтік дағдыларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Еңбектің наны тәтті»

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгін көңіл күйлерің жаксы ма?

Қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Кәне алдымен қонақтар мен амандасып алайық.

Таң атқанда Әлемде,

«Армысың!» де, «Сәлем!»де.

Амандасу-парызым,

Сәлем бердік сіздерге!

-Балалар, бізге Ая мен Әли әдемі ән жолдапты кәне тыңдап көрейікші?

«Адал еңбек жолында » әнін тыңдау.

-Ән не туралы екен?

- Ән еңбек туралы екен.

Есік қағылып, журналист келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар !

-Мен журналистпін. Мен балабақшаларды аралап, өздерің сияқты балалардан сұхбат алып жүр едім.

-Менің сұрақтарыма жауап бересіңдер ме?

-Сендердің ата- аналарың күнде таңертең қайда барады?

-Жұмысқа не үшін барады?

-Дұрыс айтасыңдар, еңбек ету үшін барады екен.

Еңбексіз адам — жеміссіз ағаш секілді дегенді қалай түсінесіңдер?

(Балалардың жауабын тыңдау)

Балалар ата- аналарының мамандығы туралы айтады

- Муслиманың мамасы сәулетші екен, Бекжанның мамасы мұғалім екен, ал Дастанның мамасы дәрігер екен. Ал, апай сіз кім болып жұмыс жасайсыз?

-Мен тәрбиешімін. Балаларды ойнатамын, тәрбиелеймін, оқытып дамыту үшін тынбай еңбек етемін.

Журналист: Ал айтыңдаршы балалар, дәрігер, мұғалім, сәулетші, тәрбиеші

осының бәрін бір сөзбен не деп айтамыз?

-Мамандықтар деп айтамыз

Жұмбақтар шешіп көрейікші. 

Мектептің жүрегі,
Білімнің тірегі. (Мұғалім)

2) Сауықтырар сырқатты,
Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)

3) Тікті әсем киімді,
Дүкенге әкеп ілінді. (Тігінші)

4) Зымыранды ерттеген,
Ай – жұлдызды зерттеген. (Ғарышкер)

5) Тыныштығын Отанның,
Күзететін адам кім? (Шекарашы)

6) Тәртіп, заңды сақтайды,
Ел сенімін ақтайды. (Полиция)

Тәрбиеші : Журналист апай, сізге рахмет! Еңбегіңіз жемісті болсын!

Сіздің сұхбатыңыз, жұмбақтарыңыз балаларға өте қызықты болды. Сіз біздің қонағымыз болыңыз

«Бағдаршам» ойыны.

Дұрыс болса жасыл түсті көтереді, бұрыс болса қызыл түсті көтереді.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Ұшқыш әдемі киім тігеді.

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

Суретші сахнада ән айтып тұр.

   «Ойлан тап» ойыны бір бала жасырулы суретті алады,

Қимылмен мамандықты  көрсетеді. мамандықтың атын атау керек.

Биші,әнші,құрылысшы, ұстаз, спортшы, . шаштараз

«Кім болам?» Өлеңді аяқта
Жаққан білім шырағын,
Мен боламын (мұғалім).

Сыйлайтын саулық, амандық,
Дәрігер жақсы (мамандық).


Тыныштық күзетіп тұратын,
Шекарашы болып (шығамын)

Елге қызмет істеген,
Көлік айдап( үйренем.)

Тоқтар, Талғат – нағыз ер,
Солардай болам – ғарышкер.

Тәртіп, заңды қолдайды,
Полиция елді қорғайды.

Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.

Балалар, енді бізде қазір ойын орталықтарына барып еңбектеніп көрейік. Ол үшін мына жерден сандарды таңдап аламыз осы сандарды басып, орталықтарға барамыз. Балалар қолдарындағы сандар бойынша едендегі сандарды басып, орталықтарға барады.1. Шығармашылқ орталығы:

. «Біз сәулетшіміз» ағаш фазлдардан үй тұрғызады. (Әкелер мектебінен күтіп алады көрсетеді) Журналист жетекші сұрақтар қояды: ұлдар, не жұмыс жасап жатырсыңдар? үйдің құрылысын, жобасын кім жасайды? Үйді кімдер салады? Үйді неден салуға болады?

2.Ұлттық бұрыш: ұлдар қамшы өру, қыздар камзолға түйме тағады. Журналист жетекші сұрақтар қояды: ұлдар, не жасап жатырсыңдар?

Қамшы не үшін керек?

3.Аспазшылар бұрышы: «Пицца жасау» (Аналар мектібінен бір ана жетекшілік жасайды.) формалармен печеньелер жасау, ыдыстарды орнына қойып, дастархан әзірлеп ойнайды.

Журналист: -ал біздің аспазшылар не істеп жатыр екен? Мына пиицаға не костыңдар? Оны қайда пісірдіңдер? қанша кияр, қанша қызанақ қостыңдар? Қасық тәрелкенің қай жағында тұру керек? Дастархнға бірінші не қоямыз?

Қандай керемет !

4. Кітап бұрышы: «Масақ» ертегісін еске түсіріп, кейіпкерлерін ретімен орналастырып, ертегі кітап жасайды. Журналист жетекші сұрақтар қояды: Ертегі қалай аталады? Сендерге қай кейіпкер ұнайды?

Масақты не тауып алды?

Әтеш тышқандарға неге тоқаш бермеді?

Жалқау болуға бола ма?

Жалқаулық туралы қандай мақал білеміз? Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті.


5 Қауіпсіздік бұрышы: Жол ережесін кім реттейді?

-Жол полициясы

«Жол ережесін білесің бе?» тәрбиеші жетекшілік жасайды.

Балалармен бірге Жерде сызылған жолдарды, жол белгілерін атайды және машиналарды, адамдарды жүргізіп ойнайды.

Тәрбиеші: Бағдаршам қандай түсі жанғанда жүреміз, машиналар қандай жолмен жүреді? Адамдар ше ?

 Сергіту сәті:

«Мамандықтар әні» әнімен қимылдар жасау.

Шеңбер болып тұрайық,
Маман болып шығайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!

Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.

VI. Қорытындылау Рефлексия: «Қоржын»әдісі

Кері байланыс

Сұрақ жауап:

Бүгін қандай еңбек жасадық?

Еңбек етпейтін баланы қандай бала дейді?

Жалқау болуға бола ма?

Өте жақсы балалар, ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2025
220
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі