|
Сабақтың
басы
5минут
|
І. Ұйымдастыру
бөлімі
1.Оқушылармен
амандасу, түгендеу. Сынып тазалығына мән беру. Сабақтың тақырыбын
анықтап,оқу мақсатымен
таныстыру
Үй
тапсырмасы:
«Еңлік-Кебек»
дастанын оқып келу
«Ой шақыру»
әдісі
Дастан дегеніміз
не?
Поэма дегеніміз
не?
|
1.Мұғаліммен
амандасады.
2.Үй тапсырмасын
айтады.
Ықтимал
жауабы:
Поэма-эпостық жанрға жатады.
Белгілі бір оқиғаны, адамдар арасындағы тартысты, алуан тағдырын
эпикалық түрде я болмаса лирикалық өлең үлгісінде көрсететін
күрделі поэтикалық шығарма.
Ерекшелігі: көбіне оқиғаларға құрылып,
кейіпкерлер арасындағы байланысты ашып
көрсетеді.
Дастан-фольклорлық жанр деуге
болады. Орта Азия, Таяу Шығыс һәм қазақ халқы арасында кең тараған.
Дастан тақырыбына қарай тарихи жырлар, қиссалар, ғашықтық жырлар
болып бөлінеді.
Ерекшелігі:
Дастанды қиссашы яки жыршы,
термеші әсем де термелі әуенмен
жеткізеді.
|
ҚБ:
«Одағайлар»
әдісі

|
Интербелсенді
тақта,
«Қазақ
әдебиеті»
8-сынып. «Мектеп»
баспасы. 2018ж. Г.Орда
|
|
Сабақтың
ортасы
35
минут
|
ІІ.Жаңа
сабақ.
«Еңлік-Кебек»
дастанының тарихы.
«Еңлік-Кебек» – екі
жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы
хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған.
Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы
белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан
жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім
жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі –
Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы
1988 жылы қайта жарық көрді.
«Бұл әңгіме - 1780
жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған
іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де,
өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап
берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке
беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық
жазалы демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған Шәкәрім
ақын.
QAZCOMICS
қосымшасы арқылы шығарманың фабуласымен
танысыңдар.
https://youtu.be/EEig_eJvBKo?si=UShe_Jpsw_IdfEeu

1-тапсырма. Шығарманың
сюжеттік-композициялық құрылысына талдау
жасаңдар.

Дескриптор:
-оқиғаның басталуы
мен байланысын анықтайды;
-оқиғаның дамуын
анықтайды;
-оқиғаның
шиеленісінибелгілейді;
-оқиғаның шарықтау
шегін анықтайды;
-оқиғаның шешімін
анықтайды;
2-тапсырма. Дастан бойынша берілген тест
сұрақтарына жауап беріңдер.
https://learningapps.org/watch?v=pf3js87gk24
Дескриптор:
-тест сұрақтарына
жауап бере алады;
|
«Еңлік-Кебек»
дастанның тарихымен
танысады.
Шығарманың
фабуласымен танысады
Шығарманың
сюжеттік-композициялық құрылысына талдау
жасайды.
Болжамды
жауабы:
|
Оқиғаның
басталуы
|
Кебектің Нысан абызға бал
аштыруы
|
|
Оқиғаның
дамуы
|
Аңшылықтағы Кебек және
Еңліктің кезігуі
|
|
Оқиғаның
байланысы
|
Кебек пен Еңліктің бір-біріне
уәде беруі
|
|
Оқиғаның
шиеленісуі
|
Кебектің Еңлікті алып қашып
кетуі, Еңліктің шекесі торсықтай сәбиді дүние
әкелуі
|
|
Оқиғаның шарықтау
шегі
|
Қос ғашықтардың тұтқынға
түсуі
|
|
Оқиғаның
шешімі
|
Ат құйрығына байланып қаза
болған махаббат символдары
|
Дастан бойынша
берілген тест сұрақтарына жауап
береді.
Ықтимал
жауабы:
1. 2
нұсқасы
2. 1912
ж.
3. Тобықты және
Матай
4. ат құйрығына
сүйреп
5. Мұхтар
Әуезов
|
ҚБ:
«Стикер»
әдісі

ҚБ:
«Бас бармақ»
әдісі

|
Интербелсенді
тақта
Кеспе
қағаздар
«LearningApps»
қосымшасы
|
|
Сабақтың
соңы
5
минут
|
ІІІ.
Қорытынды.
Кері
байланыс
«1 минут»
әдісі
Мен үшін оңай
болды...
Мен үшін қиын
болды...
Мен үшін тиімді
болды...
Мен үшін қызықты
болды...
Үй
тапсырмасы.
Дастанның толық
нұсқасын оқу. (херостоматия)
Дастанның
шиеленіскен желісін талдау.
|
Сабақты «1 минут»
әдісі» арқылы
қорытындылайды.
Ықтимал
жауабы:
Мен үшін комикспен
түсінген оңай болды.
Мен үшін шығарманың
байланысын анықтау қиын
болды.
Мен үшін шығарманың
фабуласын баяндаған тиімді
болды.
Мен үшін топтық
жұмыс қызықты болды.
Үй тапсырмасын
жазып алады.
|
|
|