400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Еңлік-Кебек дастаны. 2-сабақ 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып. Еңлік-Кебек дастанына арналған қымыжылар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ___________

Пән мұғалімі: ________

Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп: №19 ЖОББМ

Бөлім: 2

Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Күні: 02.12.24.

Мұғалімнің аты-жөні: Жакупов Ернар

Сыныбы: 8 «а»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанының идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.2.1 - әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақтың мақсаты

-әдеби шығарманың идеясын анықтайды;

-шығарманың идеясы арқылы ұлттық пафос пен ұлттық мүддені анықтайды;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут


І. Ұйымдастыру бөлімі

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тазалығына мән беру. Сабақтың тақырыбын анықтап,оқу мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасы:

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанын толық оқып келу.


Қима қағаздар арқылы топқа бөлу.


Эпигроф:

Адамдық борышың -

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны бiл.


Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,

Бiлiмсiз,

Өнерсiз,

Болады ақыл тұл.


«Ой шақыру» әдісі

«Галереяны» шарлау әдісі


1.Мұғаліммен амандасады.




2.Үй тапсырмасын айтады.

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастанын толық оқып келеді.







ҚБ:

«Фигура» әдісі











Интербелсенді тақта,

«Қазақ әдебиеті»

8-сынып. «Мектеп» баспасы. 2018ж. Г.Орда



Қазақ әдебиеті хрестоматия










Композиция бөлшектері

Сабақтың

ортасы

35 минут

ІІ.Жаңа сабақ.

1-тапсырма.

1-топ. Поэма үзінділерінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан ашыңыз.

Үзінді

Идея

Ұлттық құндылық

Сол үйге кіріп келсе « Кеш жарық!» деп,

Жатпақ түгіл болған жоқ тамағын жеп.

Ол кезде шай болмайды, сусыны-құрт,

Ұсынды қарсақ жон езіп әкеп...



Құрт ішіп әбден көңілі жайланған соң,

Бекітіп шарбаққа аты сайланған соң,

Үй иесі қонақтан жөн сұрады,

Асын жеп, әңгімеге айналған соң.


...-Өз әлімше сынадым мен де сені,

Сен қалай деп ойладың, айтшы мені?

Қыздан сорлы брла ма бұл жалғанда,

Кез болмаса өзінің сүйер теңі?



Дескриптор:

-шумақтағы идеяны анықтай алады;

-үзіндіні негізге алады;

-әдеби шығармадағы орнын анықтай алады;

-ойын жүйелі жеткізеді;

2-топ. Шығарманы бөлімдерге бөліп, негізгі оқиғаларды анықтап, кейіпкерлер іс-әрекетін ашыңыз.

Бөлім

Негізгі оқиғалар

Кейіпкерлер

















Дескриптор:

-шығарма бөліктеріне тақырып қоя алады;

-бөлімдердегі негізгі оқиғаларды іріктей алады;

-негізгі оқиғалардағы кейіпкерлерді анықтай алады;

-кейіпкерлер іс-әрекетін аша алады;


























3-топ. Шығармадағы міселені анықтап, себебі мен салдарын талқылаңыз, қорытынды пікір білдіріңіз.

Дескриптор:

-шығармадағы мәселені анықтай алады;

-шығармадағы мәселенің себептерін аша алады;

-шығармадағы мәселенің салдарын талдай алады;

-өзіндік қорытынды ой білдіре алады;






2-тапсырма. «Махаббат» сөзжұмбағын шешіңдер.


1. Дастандағы Еңліктің шыққан тегі?

2. «Еңлік-Кебек» моласы қай жерде орналасқан?

3. Матай елінің мекені қай өзеннің тұсында?

4. Тобықты қай рудан тарайды?

5. Жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап, жорамал айтатын сәуегей адам?

6. Дастанда аты аталған би?

7. Рубасылары қос ғашыққа жаза тағайындауда негізге алды?

8. «Ол кезде шай болмайды, сусыны - ...»


Дескриптор:

-шығармадағы ру атауларын біледі;

-шығармадағы жер-су атауларын біледі;

-шығармадағы кейіпкерлер жүйесін біледі;


Ықтимал жауабы:

Поэма үзінділерінің идеясын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.






Шығарманы бөлімдерге бөліп, негізгі оқиғаларды анықтап, кейіпкерлер іс-әрекетін ашады.

Ықтимал жауабы:

Бөлім

Негізгі оқиғалар

Кейіпкерлер

Нысан абыз болжамы

Кебек батыр Нысан абызға келіп бал аштырады.

Нысан абыз бен Кебек батыр

Аңшы Кебек және Еңлік сұлу

Кебек қысқы аңшылықта адасып қалып, Еңлікпен кездеседі.

Батыр мен Кебек, шал мен кемпір

Бақыт жолындағы күрес

Қос ғашық елден қашып кетеді.

Кемпір, шал, Кебек, Еңлік, рубасы, Кеңгірбай би, Қабекең, елші

Қос ғашыққа шыққан үкім

Ел дәстүрін, ел заңын бұзғаны үшін ғашықтарға қатал үкім шығарады.

Көбей, Кенбай, Найман елі

Аяусыз өлім

Сұлу мен батырды аяусыз ат құйрығына байлап өлтірді.

Еңлік, Кебек, шақалақ, Матай рубасылар








Шығармадағы міселені анықтап, себебі мен салдарын талқылайды, қорытынды пікір білдіреді.

Ықтимал жауабы:

Мәселе:

Еңлік пен Кебектің қашып кетуіне не себеп болды?

Себептері:

1. Екеуінің саф таза махаббаты

2. Рубасыларының қарсы болуы

3. Тобықты мен Матайдың араздығы

Салдары:

1. Үңгірді паналап, бақытты өмірі

2. Тобықтының ұрпағы дүниеге келді.

3. «Жастарды шариғат заңына қарсы шықты» деп ауыр жазаға кесуі

4. Далада балалары қалды

Қорытынды:

Махаббаттың символына айналған қос ғашық біріншіден, елдің бірлігін ойлады, екіншіден бақыттарына жету үшін соңына дейін күресті.


«Махаббат» сөзжұмбағын шешеді.

Болжамды жауабы:















ҚБ:

«Домбыра» әдісі


«Комментарий» тәсілі














ҚБ:

«Домбыра» әдісі


«Комментарий» тәсілі
















ҚБ:

«Домбыра» әдісі


«Комментарий» тәсілі

Интербелсенді тақта, А4 қағаз























Қима қағаздар, мадақтау карточклары


































Магнит, слайд, маркер










Сабақтың соңы

5 минут

ІІІ. Қорытынды.

Кері байланыс

«Ыстық орындық» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаңдар.

Ортаға шығарманы бүге-шүгесіне дейін түсінген, жіліктеп шағатын оқушыны орындыққа отырғызады. Оқушылар оған поэма мазмұны бойынша 3 сұрақ қояды. Ол орындықта күйіп кетпес үшін тез әрі нақты жауап беруі керек.


Рефлексия

«Қажет. Қорытамын. Керексіз»

Чемодан - Сізге не ұнады?

Еттартқыш - Сізге әлі де не түсініксіз?

Себет - Не ұнамады?



Үй тапсырмасы.

Поэманы сендер қалай аяқтар едіңдер. Өз нұсқаларыңды ұсыныңдар


«Ыстық орындық» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаңдар.

Ықтимал жауабы:

Кебек неліктен абыздың сөзіне құлақ аспады?

Поэмадағы екі рудың арасындағы бітіспес таласқа не себеп?

Еңліктің айтқан үш тілегі?










Ықтимал жауабы:

Чемодан: Маған топпен жұмыс жасаған ұнады. Ал шығарма мазмұны бойынша жастардың балалы болғаны ұнады.

Еттартқыш: Маған рубасыларының неліктен осындай шешімге келгені және шығармадағы көркемдегіш құралдар.

Себет: Қос ғашықтың өлімі және баланың далада қалғаны ұнамады.





Үй тапсырмасын жазып алады.

ҚБ:

«Домбыра» әдісі


«Комментарий» тәсілі





Орындық



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
184
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі