|
Сабақтың
басталуы
5
минут
Сабақтың
ортасы
7
минут
10
минут
5
минут
8
минут
5
минут
Сабақтың
аяқталуы
5 минут
|
Оқушылармен амандасу,
қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал
қалыптастыру «Әдемі ойлай және
демала біл» жаттығуы
- Жүргізуші: «Толқыған
кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе
салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем
алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,-
деп деміңді ішке ал, сыртқа
шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,-
деп деміңді ішке ал, сыртқа
шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,-
деп деміңді ішке ал, сыртқа
шығар;
- Дауыстап: «Мен
сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан
бәрі келеді».
2.Сабақтың тақырыбы мен
оқу мақсатымен таныстыру;
1-тапсырма
Өткен сабақты
қайталау. «Попкорн» әдісі
1. Поэма деген не?
Поэманың қандай ерекшелігі бар? Дастан деген
не?
2. Шәкәрім
Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасын кімнің ақыл-кеңесімен
жазған?
3. Шәкәрімнің
«Еңлік-Кебек» поэмасында қандай мәселе
көтерілген?
4.
Шыңғыс
тауына Матай елінің келу себебі неде?
Ақын поэмада нені
айтқысы келеді?
Екі елдің арасына іріткі салып, халықтың тыныштығын кетіру
дұрыс па
5. Аңға шыққан Кебектің
адасуына не себеп болды?
6. Неліктен рубасылары
екі жасты өлімге қияды?
7.Шәкәрім осы поэма
арқылы не айтпақ болды? Дастанды оқи отырып, сендер қандай ой
түйдіңдер?
8. Атастыру деген
не?
Бата бұзудеген сөздің
мағынасын қалай түсінесіңдер?
2-тапсырма
«Еңлік-Кебек» - қазақ елінің қоғамдық өмірін, салт-санасын,
әдет -ғұрпын, әр топ өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекеттерін
нақтылы сурет бейнелер арқылы шынайы, шебер баяндаған нағыз
реалистік туынды», -деген пікірге сүйене отырып, ойды әрі қарай
өрбітіп жаз. Шығармадан келтірілген үзінділерді
қолдан.
Бүркітті бөлеуіне
бөлеп алды,
Аяң-бұяң еткенше түн боп
қалды.
Ел жатпай бір ауылға
қонайын деп,
Шыңғыстың бөктерімен
қайта салды.
Сол үйге кіріп келсе
«кеш жарық» деп,
Жатпақ түгіл болған
жоқ тамағын жеп.
Ол кезде шай
болмайды, сусыны – құрт,
Ұсынды қарсақ жон
қып езіп әкеп.
Мені де кедей емес,
байға берген,
Күйеуім өткен жазда
ұрын келген.
Қасына жатпақ түгіл
жуымадым,
Білген соң
шіріктігін келген жерден.
3-тапсырма
Мына үзінді шығарманың
қай бөлігінде кездесті? Онда қандай салт-дәстүр туралы
айтылады?
|
Үзінді
|
Түсіндірме
|
|
Нағашым – байжігітте ер
Қабанбай,
Шешемді де берген жоқ бай таба
алмай.
Ес білмейтін ескіге
кез болыппын,
Жайды білер жақсыға
қосақталмай.
Мені де кедей емес,
байға берген,
Күйеуім өткен
жазда
ұрын
келген.
Қасына жатпақ түгіл
жуымадым,
Білген соң шіріктігін келген
жерден.
|
|
|
|
|
ЕББҚ
оқушыға тапсырма
Үзіндіні
оқы. Еңлік қандай үш тілек айтты? Өз сөзіңмен түсінгеніңді дәптерге
жаз.
Кебекпен мені азғана
араздастыр, Өлген соң бірге қосып таспен
бастыр. Мына бала — Тобықты баласы
ғой, Мұны өлтірме, Кеңгірбай биге
тапсыр».
Үш
тілегін алсын деп жұрт кеңесті, Бердік деп екеуінің қолын шешті.
Құшақтасып сүйісіп, қош айтысып, «Ал, енді өлтіре бер, мейлің»
десті.
4-тапсырма
Үзіндіні оқи отырып, ақынның айтар ойын
қарасөз түрінде жазыңдар.
Надан жұрттың болады діні
қатты,
Қабекеңе тапсырмай
аманатты,
Шеткі Ақшоқы басында қалған
бала
Шырқырап күн батқанша жылап
жатты.
Жуантаяқ баланы түнде
білді,
Түн ішінде жиылып атқа
мінді.
Таң ата келіп іздеп таба
алмады,
Қисыны – біреу ұрлап кеткен
сынды.
***
Жігіттер! Бұл өлеңді жазған
мәнім:
Емес қой жастықпенен салған
әнім.
Қас қайсы, қаза қайсы, таза
қайсы?
Аларсың көп ғибрат,
байқағаның.
Қыз, қызық, батыр жазар
кезім емес,
Жастарды қызықтырған сөзім
емес.
Ертегі емес, ертеде болған бір
іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім
емес.
Әншейін әңгіме деп құлақ
салма,
Құр ғана қызығы мен қызын
алма.
Ғаділ, залым, шафқатлі,
мейірімсіз,
Соларды айыра алмай қапы
қалма!
А, Құдай, күнәмді өшір,
сауапқа жаз,
Таусылмайды рахматың, не болмайды
аз.
Жан кетіп, ағайын, мал қалған
кезде,
Өлмес, өшпес дәулетім – осы
қағаз.
Сабақты
бекіту
1.Дастан неліктен
трагедиямен аяқталады?
2.Кеңгірбайдың орнын да
қандай шешім қабылдар едіңдер?
3. Егер автор орнында
болсаңдар, шығарманы қалай аяқтар едіңдер?
Үйге:
8-тапсырма
Рефлексия

|
Психологиялық ахуал
«Әдемі ойлай және
демала біл» жаттығуы арқылы оқушыда жағымды көңіл күй
қалыптасады.
Оқушылар
қойылған сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын
жеткізеді.

Берілген
пікірге сүйене отырып, ойды әрі қарай өрбідіп жазады. Шығармадан
келтірілген үзіндіні қолданады.
Шығармадан
берілген үзінді шығарманың қай бөлігінде кездесетіндігін, онда
қандай салт-дәстүр туралы айтылатындығына талдау
жасайды.
|
Талқылау
кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен
көзқарастары ауызша
мадақтау
арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде
белсенді қатысуына ынталандырады.
Жарайсың!
Керемет
шешім! Ойлы
шешім!
Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан
естімеппін!
Дескриптор:
Білім
алушы
- берілген
пікірді негізге алады,
-
келтірілген үзіндіні қолданады,
-ойды
өрбітіп жазады.
Екі
жұлдыз бір ұсыныс

Дескриптор:
Білім
алушы
-берілген
үзіндінің қай бөлігінде кездесетінін анықтайды,
-
салт-дәстүрді анықтайды,
Дескриптор:
Білім
алушы
-берілген
үзіндіні негізге алады,
-өз
сөзімен түсіндіреді.
Дескриптор:
Білім
алушы
-берілген
үзіндіні негізге алады,
-авордың
ойын қарасөз түрінде жазады.
|
Оқулық
8-сынып
«Атамұра»
баспасы
2018жыл
Қалыптастырушы бағалауға арналған әдістемелік
ұсыныстар
«Қазақ
әдебиеті»
8-сынып
ОҚЫТУДА
ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ
ҚЫЗЫ
https://www.yandex.kz/images/search?from=
|