Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эник пен Веник хатты қалай оқыды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технологияларды пайдаланып,өткізілген оқу қызметінің технологиялық картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Коммуникация,таным

Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу, математика,драма

Тақырыбы: Эник пен Веник хатты қалай оқыды?

Мақсаты:«Үйшік» ертегі жиесімен және олардың кейіпкерлерімен таныса отырып, айналамен қоршаған орта жайында білімдерін кеңейту;В.В.Воскобовичтің жан-жақты дамытушы ойындары арқылы,балалардың сөйлеуін, сөздік қорларын дамыту.Ойлау қабілеттерін, сипап-сезу қабілеттерін дамыту;Ұсақ қол маторикасын дамыту

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ойын.

Қажетті құрал-жабдықтары: Воскобовичтің дамытушы ойындары «Күлгін кілемше» «Шнур-затейник», «Прозрачный квадрат» ойындары, «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері, Эник пен Вениктің суреті

Билингвалдық компонент: Үйшік ертегісі- Сказка Теремок.Тышқан-Мышь. Бақа-лягушка.Қоян-заяц.Түлкі-лиса.Қасқыр-волк.Аю-медведь

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы
















Іздену ұйымдастыру

































































































































Рефлексивті коррекциялаушы

Таңертеңгі жиын

Таңмен бірге оянып,

Күлімдейміз күндей біз.

Күнің сәтті болсын деп,

Баршаңызға тілейміз.

Жарайсыңдар,балалар.Енді орындарыңа жайғасып отыра қойыңдар.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Қанеки күз мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістерді айтып, «Күлгін кілемшеге» табиғат көрінісін орналастырайық.

(Балалар кілемшеге күн,бұлт,құстар,ағаш,жапырақтарды орналастырады)

-Жарайсыңдар,балалар күз мезгілінің ерекшеліктерімен жақсы танысқан екенсіңдер.

-Балалар,біздің электронды поштамызға хат келіпті.Қанеки ашып көреміз ба?

-Хатты Эник пен Веник атты тотықұстар жазыпты.Қанеки ішін ашып,оқып көрейік.Олар бізге не жазыпты.

"Сәлеметсіңдерме,"Күншуақ "тобының бүлдіршіндері.Біздің сендерге үлкен өтінішіміз болып тұр.Біз санауды білеміз,сандарды танимыз.Бірақ әріптерді білмейміз,оқи алмаймыз.Егер оқи алмасаң, көптеген қиындықтар туындайды екен.Бұл хатты Кеша досым жазып берді.Сендер дыбыстармен танысып жатыр екенсіңдер.Мына ертегіде кездесетін кеіпкерлердің аттарының алғашқы дыбысын,жазып көмектесіңдерші.Біз дыбыстармен танысып,жазуды,оқуды үйренейік."

-Балалар біз осы көңілді тотықұстарға көмектесеміз ба?

-Балалар,бұл ертегі "Үйшік" деп аталады.

Бір жазық далада үйшік тұр.

Балалар күлгін кілемшеге үйшікті орналастырады.

Шиқылдауық тышқан үйшікті көреді.

-Тышқан үйшікті көре сала тоқтай қалып,сұрайды:

Үйшік-үйшік! Не үйшікте тұрады?(Ешқандай дыбыс шықпайды)

Тышқан үйшікке кіріп, сонда өмір сүреді.

Балалар үйшіктің қасына тышқанды орналастырады.

«Тышқан» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

Балалар:«Т» дыбысы

«Шнур-затейниктің» көмегімен Т әріпін тоқыңдар.

Балалар тапсырманы орындайды.

Үйшікке бақылдап бақа келеді.

Бақаның суретін тышқынның қасына орналастырады.

Бақа сұрайды:

Үйшік-үйшік! Не үйшікте тұрады?

Тышқан

-Мен шиқылдауық-тышқанмын!

Мен бақылдаған-бақамын.

Тышқан -Кел, бірге тұрайық!

-Бақа сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

Балалар: «Б» дыбысынан

-«Шнур-затейниктің» көмегімен Б әріпін тоқимыз.

Балалар орындайды.

-Тышқан мен бақа үйшікке кіріп,екеуі бірге өмір сүреді.

Үйшікті секеңдеген қоян көреді.

Тышқан: -Мен шиқылдауық-тышқанмын!

Бақа: -Мен бақылдаған бақамын!

Қоян: -Мен секеңдеген қоянмын!

Екеуі бірге: -Кел, бірге тұрайық!

-Қоян үйшікке кіріп, олар енді бірге тұрайық Қоянның суретін бақаның қасына орналастырады.

-«Қоян» сөзі Қ дыбыстан басталып тұр.Бұл дыбыспен біз енді танысатын боламыз.

-Терезені түлкішек-әпке тоқылдатады.

Түлкі:-Үйшік-үйшік! Не үйшікте тұрады?

Тышқан: -Мен шиқылдауық-тышқанмын!

Бақа: -Мен бақылдаған бақамын!

Қоян: -Мен секеңдеген қоянмын!

Түлкі:-Мен түлкішек-әпкелерің боламын!

Үшеуі бірге: -Кел, бірге тұрайық!

Түлкішек үйшікке кіріп, енді олар төртеуі өмір сүреді

«Түлкі» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?

Балалар: -«Т» дыбысынан

«Шнур-затейникке» тапсырманы орындайды.

Жүгіріп келіп, сұр қасқыр есікті қағады. Қасқыр:-Үйшік-үйшік! Не үйшікте тұрады?

Тышқан: -Мен шиқылдауық-тышқанмын!

Бақан: -Мен бақылдаған бақамын!

Қоян: -Мен секеңдеген қоянмын!

Түлкі: -Мен түлкішек-әпкемін!

Қасқыр: - Мен, сұр қасқырмын!

Төртеуі бірге: -Кел, бірге тұрайық!

-Қасқыр үйшікке кіріп,енді олар бесеуі бірге өмір сүреді.

- «Қасқыр» сөзі Қ дыбыстан басталып тұр.Ертеңгі сауат ашу оқу қызметімізде біз осы дыбыспен танысатын боламыз.

-Барлығы көңілді өмір сүріпті, ән айтыпты.

Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп, тоқтап сұрайды:

Балалар аюды үйшікке орналастырады.

-Үйшік-үйшік! Не үйшікте тұрады?

Тышқан: -Мен шиқылдауық-тышқанмын!

Бақа: -Мен бақылдаған бақамын!

Қоян: -Мен секеңдеген қоянмын!

Түлкі: -Мен түлкішек-әпкемін!

Қасқыр: - Мен, сұр қасқырмын!

Аю: -Мен, қорбаңдаған аюмын!

Бесеуі бірге: -Кел, бірге тұрайық!

Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.

Аю: -Мен, шатырда тұра берейін!

Балалар: -Бізді басып қаласың!

Аю: -Жоқ, қорықпаңдар!

Балалар: -Жарайды, шық!

Балалар «Аю» сөзінде қандай дыбыс бірінші естіліп тұр?

Балалар: «А» дыбысы

-Қанеки «А» дыбысының таңбасын жазайықшы.

Балалар, тапсырманы орындайды.

-Аю отыра қалғанда үй «тарс» - етіп құлады.Үйшіктен аман-есен: шиқылдауық-тышқан, бақылдаған бақа, секеңдеген қоян, түлкішек-әпке, сұр қасқыр қашып шығады.

Ал,балалар үйшікті қайтадан құрастырып береміз бе?

Олай болса алдымен,сергіту жаттығуын жасап алайық.

Тышқан бір күні серуенге шықты(Бір орында тұрып, жүреді)

Уақыттың қанша болғанын көреді(Оңға, солға қолдарын көздеріне дүрбі жасап, қарайды)

Бір, екі, үш, төрт (Қолды төбеге апарып, шапалақтау)

Тышқан гирді көтеріп (Қолдарын жоғары-төмен көтеріп, түсіреді)

Бір кезде қатты дыбыс шықты (Қолдарын шапалақтау)

Тышқандар қашып кетті (Өз орындарын отырды)

-Балалар, енді «Прозрачный квадраттың» көмегімен жаңадан үйшік жасап берейік. Үйшікте қанша аңдар тұрады?

Балалар: -Алты аң тұрады:

Қалай ойлайсыңдар қанша қабатты үйшік болды? Қанша аң болса, сонша қабат құрастырамыз.

Балалар: -Алты қабатты үйшік

-Қалай ойлайсыңдар, аю қай қабатта, ал тышқан қай қабатта тұратын болады?

Балалар: -Бірінші қабатта аю-өйткені ол үлкен, ал алтыншы қабатта тышқан-өйткені ол кішкентай.

-Балалар, барлығың келісесіңдер ме?

Балалар үйшікті құрастырады.

-Біз Эник пен Вениктен келген хатты оқыдық, оларға ертегіде кездескен кейіпкерлердің алғашқы дыбыстарымен таныстырдық,көмек бердік, бірақ енді біз Эник пен Веникті де оқуды үйреткеніміз жөн.Келесі хатты олар өздері жазулары тиіс және біздің хатымызды өздері оқығаны жөн.Біз оларға көмектесетін боламыз.Мен барлық дыбыстардың жазылу таңбасын пошталары жазып жібердім,досы Кеша оған көмектесетін болады.

Ал,біз бүгінгі оқу қызметімізді осымен аяқтаймыз.Бүгінгі оқу қызметінен естелік үшін мен сендерге көңілді тотықұстардың,яғни Эник пен Вениктің суреттерін беремін.

Оқу қызметіне белсене қатысқандарың үшін көп-көп рахмет.

Балаларды мақтау,мадақтау.

Оқу қызметін қорытындылау.





















































































Күтілетін нәтиже:

Балалар ертегіні сомдай алады; "Шнур-затейниктің" көмегімен дыбыстардың таңбасын жазады;"Прозрачный-квадраттың" көмегімен 6 қабатты үйшік құрастыра алады;Воскобовичтің күлгін кілемшесімен жұмыс жасай алады;

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
426
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12