Материалдар / Епті бала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Епті бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Семинар Епті бала Инклюзив балаларға арналған ойындар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2024
82
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



45 «Нұрсәт» бөбекжайы МКҚК

















«Епті бала» инклюзивке бастар жол атты семинардағы дене шынықтыру тақырыбы









Дене шынықтыру нұсқаушысы: Шакиров.Т.Қ

















Орал 2024жыл

«Епті бала»


Инклюзивке бастар жол атты семинарға арналған дене шынықтыру ҰІӘ.


Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Сабақ кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту. Дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Өтілетін орны: АКТ залы
Қажетті құралдар: Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі-түсті жалаушалар, түрлі-түсті шарлар, асықтар, асыққа арналған төсемше, бестемше ойыны, футбол ойынының макеті,мойын арқан, құм салынған қалташа, баскетбол ойынының макеті, ысқырық.
Нұсқаушы: Сәлеметсіздер ме?! Құрметті әріптестер, семинарға келген қонақтар бүгін №45 «Нұрсәт» балабақшасында тәрбиеленуші балалардың қатысуымен семинарға арналған «Епті бала» атты ашық ҰІӘ өткізгелі тұрмыз. Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, дене шынықтырудың ролін көтеру. Адам ағзасына зиянды әрекеттерден арылу, аластау. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз. Міне, бүгін балабақшаның тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Епті бала» атты семинарға аранлған ашық ҰІӘ бастауға рұқсат етіңіздер.
І.Ұйымдастыру кезеңі 
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
ІІ.Негізгі бөлім
Құрметті әріптестер және семинарға келген қонақтар,  бүгінгі «Епті бала» атты ашық ҰІӘ-не қош келдіңіздер!

Бүгінгі семинарға арналған сабаққа бөбекжайымыздың инклюзивті бағыттағы тәрбиеленушілеріміз қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сабаққа қатысуға енді ортаға
Инклюзив топ бүлдіршіндерін шақырамыз.
Сабағымыздың бағдарламасы
5  кезеңнен тұрады

  1. «Асық ату»

  2. «Бестемше»

  3. «Мойын арқан»

  4. «Футбол» ойыны

  5. «Баскетбол» ойыны

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды
бастаймыз.

І кезең: «Асық ату»
Шарты: 
Ойынға бірнеше адам қатысады. Әрбір ойыншылар кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады. Арнайы белгілеген асықпан (сақамен) қалған асықтарды шертеп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады. Ойын осылай жалғаса береді…

ІІ кезең: «Бестемше»
Шарты:
Бестемше ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазандық, 10 отау, 50 шардан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазандық, бес отау және 25 шардан тиесілі. Шарлар әр отауға бес-бестен салынады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Қай ойыншы қазандығына 25 шардан жоғары толтырса, жеңімпаз атанады.


IІІ кезең: «Мойын арқан»

Шарты: Алаңның ортасынан белгі үшін белдеу сызық сызылады. Қос қанаттан ұзындығы тепе-тең мөлшерде сайыскерлер тұратын меже белгіленеді. Сайысқа қалаушылардың бәрі түседі. Сарапшылыр олардың шама-шарқын мөлшерлеп, теңдесімен тартысқа түсіреді. Ойынды басқарушы тұйықталған арқанды сайыскерлердің мойнына кигізіп, екі саласын қолтықтың астынан өткізеді де, тартысушыларды жерге тағандатып қояды. Белгі берілгенде екеуі екі жаққа қарай тартуы керек. Дайындық шаралары біткеннен кейін бастаушы тартысқа рұқсат етеді. Сайыскерлер бірін-бірі шегіншектетіп сүйрей жөнеледі. Алаң ортасындағы белдеу сызықтан қарсыласын шегіншектете сүйреп өткізген сайыскер женеді.

ІV кезең: «Футбол» 

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Кім шапшаң»
Шарты: Топ басшысы шеңбермен бір-бірден балаларды мәреге апарып, жерде қонып тұрған көбелекті алып гүлге қондыру.
Қорытынды бөлім
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады,
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар, спорт жанкүйерлері! Бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!