Материалдар / Ер есімі - ел есінде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ер есімі - ел есінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңістің мән-маңызы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Мамыр 2021
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы
















Ер есімі – ел есінде












Тәрбиеші:

Баймуратова Н.Ж.














Ақтөбе2021ж

(мамыр)


Ер есімі – ел есінде

Мақсаты:

  1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.

  2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.

  3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңда арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.


Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күні.

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын.

Өкінішке қарай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр.Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де ештеңе де ұмытпауы тиіс! Себебі бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Солай болғандықтан да өскелең ұрпақты аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.

1-оқушы.В сорок первом в атаке,

Сквозь крутые снега,

Шли ребята на танки,

Сокрушая врага.

А за ними другие

Поднимались вослед

Возле самого сердца –

Комсомольский билет.

2-оқушы. «Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштерге де қашалып жазылған.

Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

3-оқушы. Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

4-оқушы. 9-мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

5- оқушы. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 танкті, 50 мыңдай қару мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.

6-оқушы. Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті.

7-оқушы. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті.

8-оқушы. Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

9-оқушы.

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін

Жанып түскен ақ жұлдыз.

10-оқушы.

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,

Оқ борап, снарядтар қаққан ызың.

Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған,

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

11-оқушы. Халқымыз Мәскеуді қайсарлықпен қорғаған 28 Панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.

12-оқушы.

Қасарысты жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

«Отан!» деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.

13-оқушы.

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде,-

Ерлік даңқы – жеңіс таңы

Жарқыратып келді бізге.

14-оқушы. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 Панфиловшының 23-і қаза тапты, 28-дің 22-сі - қазақстандықтар еді.

15-оқушы.

Орыс, қазақ, қырғыздан,

Құрылған бұл шағын топ.

Жауға үрей туғызған

Жайпап түсер жалын боп.

16-оқушы.

Жиырма сегіз, жиырма сегіз - бір ғалам,

Анау жаудың танктері лаулаған.

Ресей кең, Ресей кең, артымызда - Москва,

Шегінуге хақымыз жоқ, хақымыз жоқ бір қадам.

2-оқушы. Иә, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты аты аңызға айналған аталарымыз бен апаларымызды тарих бетінде « Батыр» деп жазып кетті.

3-оқушы. 1945 жылдың 30-сәуірі. Рейхстаг үстінде Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тіккен жеңіс туы желбіреді.

4-оқушы.1945 жылдың 9-мамыры. Герман фашизмінің күйрей жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!

5-оқушы.

Сүйінші, халқым сүйінші,

Сүйіншіге – сүйінші!

Шаттан ата-анамыз!

Шаттан, ата-бабамыз!

6-оқушы.

Кек қайтарып фашистен,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той-мереке!

7-оқушы.

Халық легі куәсіндей елдіктің,

Көптен бері осы күнді сағынған.

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медальдарын, ордендерін тағынған.

1-оқушы.76 лет отделяют нас от суровых и грозных лет войны. Но время никогда не изгладит из памяти народа Великую Отечественную войну, самую тяжелую и жестокую из всех войн в истории нашей Родины. В сердцах людей она жива, потому что до сих пор еще не залечены ее раны, не иссякла боль, не забыты те, кто отдал жизнь за великую Победу, живут среди нас ветераны войны.

Жить, работать, воевать, побеждать врага помогали нашему народу на фронте и в тылу песни, созданные в те грозные годы.

Спасибо Всем ветеранам войны, за счастливое детство и низкий, земной поклон .

(Оқушылар орындарынан тұрып, бастарын иеді)













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!