400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ер есімі-ел есінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: *Ер есімі-ел есінде *

Мақсаты:оқушыларды Отанын елін, туған жерін сүюге баулу, өз еліміздің батыр қыздары мен ұлдарының ерліктері туралы мәлімет беру, оқушыларды Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Жеңіс күнін көре алмай кеткен боздақтардың бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да, батыр ержүрек болуға үйрету, елін жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ауданнан шыққан батырлар мен ауылдан шыққан соғыс ардагерлерінің суреттері, мәңгі алаудың макеті, ерлік туралы нақыл сөздер, слайд.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Биыл Жеңістің 70 жылдығына байланысты ұйымдастырылып отырған*Ер есімі-ел есінде* атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабул жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса-көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал, әрі ауыр соғыс басталды. Қатарында мыңдаған қазақстандықтар болған кеңес жауыргерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майданда фашистік басқыншылырға қарсы қиян кескі шайқастар жүргізді.Қазақстанда армия қатарына 1млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады.

Слайд: (1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысынан үзінді)

1-оқушы:Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі болып 312-атқыштар дивизиясы( командир-полковник А.Ф.Науманов, кейінен генерал майор) айқасқа кірісті.312-дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік -батыс бағыттағы майданда Қазақстанда(Алматыда) құрылған, генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-дивизия өзінің жауынгерлік жолын бастады.Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшысының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебінде 30 километрлік бөлікке орналасты.Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты.Бұ л тарихи шайқасқа қатысқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы кеңесі Президумының қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2-оқушы:Москва түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты.Олардың ішінде Кеңес Одағының батырлары-Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы,Рашид Жанғозин,Төлеген Тоқтаров,Рамазан Елебаев,Төлеуғали Елебековтар бар.Мәскеу үшін болған шайқаста полковник Г.П. Коротков басқарған 238- атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталып,табандылығы, ержүректілігі мен батырлығы үшін 30-гвардия болып қайта құрылды.

Хор «Кестелі орамал»(Әнді орындай жүріп көрініс көрсетіледі.

3-оқушы: Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік-батыс бөлігін қамтыды.Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады.Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық-түлік, қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді.Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде-ақ қазақстандық 310-шы, 314-шы атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті.Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен»байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын»салуға қатысты.Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды.Ержүрек комсомол, мерген қызды 3 дәрежелі даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Көрініс:*Отан ұшін отқа түс күймейсің*

(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап генерал тұрады)

Генерал:Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағнеттің( осы кезде Бауыржан кіреді)

Бауыржан:Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!

Генерал:Ах, осы соғыс! Майдан ,қырғын арпалыс,қылшылдаған аяз,қасарысқан дұшпан осының барлығына шыдау керек.

Бауыржан:Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе? Шыдаймыз, жеңеміз жауды!

Генерал: Капитан Момышұлы сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуге бұйырамын.

Бауыржан: Құп болады жолдас генерал.

4-оқушы:

Соғыстың басынан аяғына дейін әскери бөлімдер ретінде шайқасқан 12 қазақстандық дивизияға құрметті атақтар берілді. Олардың бесеуі бір орденмен, төртеуі екі орденмен, екеуі үш орденмен марапатталды. 5 дивизия(олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И.В,Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда бар)гвардиялық дивизияларға айналды. Әскери ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандықтар ордендер мен медальдармен марапатталды.497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Бұл атақты 97 қазақ иеленді,олардың ішінде қазақ қыздары-Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар.Төрт қазақстандық ұшқыш-Талғат Бегелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңестер Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болды.

Слайд .Ән*Свещенная война*

5-оқушы: Соғыстан қайтқан солдаттар.

Жаутаңдап қарап дала тұр,

Көз жасын сүртіп жаңа бір,

Хабарсыз ұлын сұрауға,

Жолыңды тосып ана жүр.

Қанша үйдің ұрлап адамын,

Қанша үйде сөніп қалды оттар.

Көрдің бе ұлын ананың,

Соғыстан қайтқан солдаттар.

Кешікпей жарым келер деп,

Төрінен сайлап орынды.

Батысқа қарап елеңдеп,

Ару жүр тосып жолыңды.

Көтерді бәрін ауырдың ,

Азамат болып арды ақтар.

Көрдің бе жарын арудың

Соғыстан қайтқан солдаттар.

Кетерде солдат жарының,

Ішінде қалған ана жыл.

Көкемді айтпай танырмын,

Деп бір сәби бала жүр.

Қайрылмай қалай кетесің,

Хабарсыз қалай ол тоқтар.

Көрдің бе оның көкесін,

Соғыстан қайтқан солдаттар.

Қаралы қағаз жіберіп,

Қаншама қайғы салды оқтар.

Барады үнсіз түнеріп,

Соғыстан қайтқан солдаттар.

6-оқушы:*Арыс-Батырлар қаласы* -деп бекер айтылмаса керек.Ұлы Отан соғысына Арыс қаласынан майданға аттанып, *Батыр*атағын алған аталарымызды мақтанышпен айтамыз.Олар ел үшін,Отан үшін қасық қаны қалғанша жаумен арпалысты. 7-оқушы: Садық Исмайлов (1911-1974)Арыс ауданының тумасы.Сегіз жасында әке-шешесінен жетім қалып, бай-кулактардың қолында жалданып жұмыс істейді.1933-1935 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында болады.1942 жылы майданға аттанып,келер жылдың қарашасында Кеңестер Одағының батыры атағын алады.

8-оқушы: Нағи Ілиясов 1923 жылы дүниеге келген 1933-1936 жылдары балалар үйінде тәрбиеленген.1937 жылы Орта Азия университетіне оқуға түскен.1942 жылыдың қыркүйек айынан соғысқа қатысқан.1945 жылы сәуір айында оған ерен ерлігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.

9-оқушы:Бейсен Оңтаев(1922-1991) ата-анасынан ерте айрылған ол балалар үйінде тәрбиеленеді.Ұлы Отан соғысы алдында Шымкенттегі ауылшаруашылық техникумын бітірген.1942 жылы барлаушылар қатарында соғыс ұрыстарына кірген.1943 жылы қазан айында Днепр өзенінен өткен жанқиярлық ерлігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағын алған.

10-оқушы:Берген Исаханов (1922-1968) Арыс ауданында дүниеге келген.*Красная Нива* колхозында мақташылар бригадасын басқарған.1943 жылы ақпанда өз өтінішімен майданға аттанды.Сол жылдың қазан айында ол Кеңестер Одағының Батыры атанды.

11-оқушы:Иван Макарович Журба(1915-1960) 1941 жылдың желтоқсанында-ақ майданға аттанған болатын.Майданда офицер болды.Киевті азат етуге. Днепрден өтуге қатысты.Батылдығы мен ерлігі үшін 1944 жылдың масым айында Кеңестер Одағының Батыры атанды.

12-оқушы:1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында ержүректілікпен елі мен жерін, Отанын қорғауда жанқиярлықпен жеңіс күнін жақындатқан Шағыр ауылынан шыққан соғыс ардагерлерін айтатын болсақ ;

Бастарбеков Мәуленқұл (1906-1981), Есенқұлов Ешман (1907-1983),

Шукенов Құрманқұл(1910-1980), Амантаев Оразбай (1912-1977),

Қашқынбаев Құлмахан(1921-2005), Әшірбеков Махан (1922-1987),

Әбдікерімов Күлен (1924-1959), Әбдікерімов Әліхан (1924-2004),

Қалиев Әбдір (1925-2005).

Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек батырларымызды 1 минут үнсіз еске аламыз.

Көрініс:(Ұлы Отан соғысы кезінде майданға аттанған қазақ жауынгерлеріне рухани қолдау көрсету үшін бірнеше жас әншілер майданның алғы шебіне аттанды. Солардың ішінде жас та болса, елін әсем даусымен тәнті еткен Роза Бағланова да бар еді...





Генерал: Қатардағы жауынгерлер Тұрысов, Закиров! Үшінші батальонға концерт қоюға әртістер келіпті.Ертеңгі күннің жағдайын менсіз де білесіңдер. Сол әртістерді біздің батальонға ертіп келіңдер.

Тұрысов: Сәлеметсіздер ме! Уа, айналайын, өзіміздің қаракөздер екенсіңдер ғой! Мұнда неғып жүрсіңдер?

Бағланова: Біз концерттік бригадамен жүрміз.

Тұрысов: Онда менің іздегенім-сіздерсіздер.Ертең қанды майданға шығамыз. Өздерің білесіңдер, ауыр күннің алдында ұйқысыз түнді өткізу қиын. Шабуылдан аман ораласың ба, жоқ оққа ұшасың ба-тағдыр ісі дегендей. Сондықтан жауынгерлерді бір сәт сергітіп, туған елімен қауышатындай әсерге қалдырса деген оймен генерал сіздерге қолқа салып отыр...

Бағланова: Жаратқан аллам-ай, адам баласының бір-біріне қару жұмсап, жауласқанына қашан тосқауыл болады екен...

Тұрысов:Қарындас, біз өз Отанымызды қанды қол басқыншылардан қорғап жүрміз.Еліміздің елдігі, ұрпағымыздың ертеңі жарқын болуы үшін қасық қанымыз қалғанша күресеміз.

Бағланова:*Жақсы ән-жан азығы*деген сөздің мәнін осы бір қиын-қыстау кезеңді басымнан өткергенде ғана ұғып отырмын.

Қиын -қыстауда жүрген қазақтың қамына өз үлесімді қоспасам, несіне елдің мақтанышы атанамын. Менің нәзік даусым қазақтың қайсар ұлдарынан қуат беріп, көңілдерін көтеретін болса,мен дайынмын!..

Автор: 1943 жылы 30 сәуірде*Майдандағы ерлігі үшін*медальін тапсырады.

Ән:*Ах, Самара городок*

13-оқушы: Мыңдаған қазақстандықтар Еділ бойы мен Дон даларында көрсеткен ерліктері үшін ордендермен, медальдармен марапатталды. Ұшқыш Нүркен Әбдіровке, танкіші Тимофей Позолотинге, атқыш Гияз Рамаевқа, минометші Қарсыбай Сыпатаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Көптеген қазақстандықтар Курск доғасында шайқасқан Брянск, Орталық, Воронеж және Далалық майдандардағы әскери құрамалар мен бөлімдердің құрамында неміс-фашист әскерлерін талқандауға елеулі үлес қосты. Көрсеткен батырлығы мен ерлігі, үздік әскери қимыл-әректтері үшін 73-гвардиялық атқыштар дивизиясының солдат, сержанттары мен офицерлері КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды, 27 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Слайд;( Соғыс жүріп жатқан кезі суреттеледі)

14-оқушы: 1941 жылы 26 маусымда әуеде от-жалынға оранып бара жатқан бомбалаушы ұшағын жау танкісі колоннасы үстіне шүйілтіп,жандарын пида еткен қазақтың баһадүр ұшқышы Бақтыораз Бейсекбаев пен ұшақ экипажына 1996 жылы 2 мамырда Ресей Федерациясының Батыры атағы берілді. Кеңес одағының Батыры атағы соғыстағы ерен ерлігі, қолбасшылық таланты үшін генерал С.Рахимовқа да берілді. (1965).Рейхстагқа

тікелей шабуыл жасап, оған Жеңіс туын тіккендердің қатарында қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші А.Е.Вицко, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.

15-оқушы: Өр тұлғалы, келбетті Қошқарбаев Рахымжан.

Сын сағатта ерлепті, ел сүйсінген батыр жан.

Арпалысып ел күнде, аңсап талай жыл өткен.

Алғаш рет Берлинде Рейхстагқа ту тіккен.

16-оқушы: Жиырма сегіз

Тастар көкке атылды орман шулап, тау құлап.

Жиырма сегіз батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды, өрт ішінде қалды бақ,

Жиырма сегіз қыранды жеңе алмады жау бірақ.

Жау жеңілді ақыры, атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды ұмытпайды ел мәңгілік.

Көрініс: *Сен құрметте оны қарағым!*(балдақты кісі кетіп бара жатады)

1-жүргізуші:Ия, аспанымызда

Жеңіс туы желбірегеніне 70 жыл

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл-шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері 70 рет

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

70 жыл үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні.

2-жүргізуші:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.



Ән: *Қазақстаным*

Қорыта келгенде :Төрт жыл бойы қанды қырғынан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Соғыс жылдарында аталарымыз бен апаларымыз өз Отанын жаудан қаһармандықпен қорғады.Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты.*Ер есімі-ел есінде*, *Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ*деген сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады.Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар есткерткішіне қашалып жазылған.Елімізде соғыс болмасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1096
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі