15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым
«Қарағанды облысы Теміртау қаласы № 2 ЖББОМ» КММ
Тақырыбы: Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым. Қабанбай батыр
Секциясы: Тіл білімі
Жобаны дайындаған:
6 «А» сынып оқушысы: Өмірбек Балауса
Жоба жетекшісі: Мухамедияр Айым
2018-2019 оқу жылы
Аннотация
Бұл ғылыми жобада оқушы «Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым. Қабанбай батыр» туралы жазған. Қабанбай батырдың қайталанбас бейнесі, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін жаудан қорғап, еліне қорған, қамқор бола білген, ханына қалқан болған батыр бабамыздың талай жауға тойтарыс беріп, ашық айқаста қаруын асынып, қасқая қарсы тұрып, қазақ елінің ұлы даласын жау қолына бермей ұлтарақтай жерін қорғағаны, ашық айқаста аянбай жаудың алқымын сыққан, керемет дара тұлға екендігін тереңнен зерттеп жаза білген. Бала Ерасылдың Қабанбай, Дарабоз, атануының себебін айқындап, өз зерттеу жұмысында Қабанбайдың ақыл, күш қайратын, өздеріне ұлы тұлға ретінде санайды. Өзі өлседе, артында өшпестей болып тарихта аты мәңгі жазылып қалған Ер Қабанбай бабамыздың қазақ елінің бейбіт, тәуелсіз мемлекет болуына қосқан үлесі ұшан теңіз. Тұғырлы тәуелсіздігіміз ата – бабамыздың қанымен жуылып, қан майдан қырғынмен келгені, шыққан тегімізді, тарихымызды ұмытпау, болашақ жастар біздердің санамызға сіңіру, құрметпен қарау, ұмытылып бара жатқан тарихымызды дәріптеу болып табылады. Тәуелсіз елімізді қорғар патриоты болып, халқымыздың басына қандай да күн туса, батыр бабамыздай Отанымызды қорғайтын, өркендетуге ат салысатын, елімізге қызмет ететін нар тұлғалы жігіт боламыз деп дәлелдеп жаза білген.
Теміртау қаласы № 2 ЖББОМ» КММ
6 «А» сынып оқушысы: Өмірбек Балауса
«Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым.
Қабанбай батыр» тақырыбына жазған
ПІКІР
«Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым. Қабанбай батыр» тақырыбында оқушы зерттеу жұмысын жүргізген.
Қабанбай батыр бейнесін тереңнен зерттеп, көшбасшылық дара қабілетін, ұлтарақтай жерін жау қолына бермей, Отан үшін, азаттық үшін еліміздің тәуелсіз мемлекет болуына, қытай мен жоңғарларға қарсы жасаған жорықтары туралы көптеген мәліметтерді жинақтаған. Қабанбай батыр тарихи тұлға екендігін, дара қабілетін, өте сергек, алғыр, сезімтал жан екендігін, туып өскен жері мен балалық шағын, өмірбаянын жазып, қазақ даласында алғаш сауда жасаудың негізін қалаған нар тұлғалы бейнесі жайлы тереңнен зерттеу жасаған.
Оқушы ізденімпаз, бастаған ісін аяғына дейін толық орындай білетін, алғыр, зерек, шығармашыл оқушы. Болашақта өз мамандығын таңдап, Отан қорғар әскери адам боламын деген асқақ арманы бар. Арманын орындап болашақта елінің болуға, Отанына, халқына, еліне қызмет ететін азамат болуға талпынып, өз ойын көркем сөздермен, еркін түрде айта отырып, арманының орындалуына жол аша білді.
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.1. Қабанбай батырдың өмірбаяны
ІІ.2. Батыр бабаның жауға жалғыз шапқаны
ІІІ. Зерттеу бөлімі
ІІІ.1. Жоңғарларға қарсы күресі. Қытай әскерлеріне қарсы күресі
ІІІ.2. Шет мемлекеттерде біздің елімізде Елбасының бейнесін бағалауы
ІІІ.3. Қабанбай батыр бейнесі бейнесі
ІҮ.Қорытынды
Ү. Қолданылған әдебиеттер
Тақырыбы: Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым. Қабанбай батыр
Мақсаты: Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым екенін дәлелдей отырып, Қабанбай батыр бейнесін, өмірбаяны мен жауларға қарсы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан майданда ашық айқасқа шығып, ұлтарақтай жері үшін қанын төккені туралы мәлімет жинақтау, зерттеу.
Міндеті: Қабанбай батырдың өмірбаяны мен батыр бейнесін зерттеу;
Жауларға қарсы шайқасқа түскен, Қабанбай, Дарабоз атануын, ерен ерлігі туралы ақпараттар жинап, болашақта батыр бабамыздай ержүрек болуды басшылыққа ала отырып, достарыма дәріптеу.
Өзектілігі: Қабанбай батыр бейнесі
Зерттеу әдістері: Қабанбай батыр туралы мәліметтерді жинақтау, Қабанбай батыр бейнесін, жаулармен шайқасқанын, ерен ерлігін зерттеу, сұрақ – жауап, талдау, зерттеу, қорытынды жасау.
Болжам: Қабанбай батыр бейнесін, өмірбаяны мен жауларға қарсы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан майданда ашық айқасқа шығып, ұлтарақтай жері үшін қанын төккені туралы зерттей отырып, болашақ жастардың жүрегіне отандық патриотизм сезімін ұялату жолында сыныптастарыма дәріптейтін боламын.
Күтілетін нәтиже: Қабанбай батыр бейнесін, өмірбаяны мен жауларға қарсы күресін, қан майданда ашық айқасқа шығып, ұлтарақтай жері үшін күрескені туралы тереңнен зерттеп, болашақ жастардың жүрегіне отандық патриотизм сезімін ұялату, өз болашағымызда мамандық таңдауымызға жол ашамыз. Қабанбай батыр бабамыздың сара жолын жалғар, елінің қамын ойлайтын патриотты азамат боламыз.
І.Кіріспе
Ер есімі мен ер тарихы егіз ұғым екені айдан анық. Ер елін жақтаса, елі ерін мақтайды. Демек ер есімі, қалың жұртшылықтың жадында мәңгілік сақталады. Ер есімі Қабанбай батыр бабамыз ұлтарақтай жері үшін қарсы шапқан жауларды қаңбақша ұшырып, жайпап отырды. Батыр бабамыз Қабанбай Қожағұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Жастайынан жаугершілік пен шапқыншылықтың зардабын көріп өскен Ерасыл бүкіл еліне, жұртына төнген зұлматтың қандай екенін, бойына сіңіріп, сезініп өскен қазақ ұлдарының бірі. Кейбір мәліметтерде Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталатын жерде дүниеден өткен деседі. Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді Амангелді Төлемісов жинақтап, өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. «Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала, Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген ат-есімдер берген», – дейді тарихшы.
ІІ.Негізгі бөлім
ІІ.1. Қабанбай батырдың өмірбаяны
Мен бұл жобаны таңдаған себебім, Елбасының жолдауында 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялаған. Жастар қазақ елінің болашағы. Сол себепті мен болашақта Қабанбай батыр бабамыздай елінің басына күн туса қорған болатындай жаужүрек, батыл болу. Қабанбай (Ерасыл) батыр — ХҮІІІ ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қолбасшы. Мәмбет — Қожақұл, одан Қабанбай батыр туған. 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. Ол өзінің қайраттылығымен ғана басқа балалардан өзгеше болған жоқ, сонымен қатар оның арқасындағы қалың, қылдай түктері ерекшелендірді. XVIII ғасырдың бас кезінде, яғни 1702 жылы Барлықтағы алғашқы айқаста әкесі Қожақұл батыр аз адаммен қоршауда қалып, ақыры ауыр жарақаттан мерт болады. Ерасылдың он бірге жаңа толған кезі еді. Қожақұл батырдың көзі жұмылған соң бас иесінен айрылған Мәмбет ауылдарына жыл сайын ойраттар шабуыл жасап, тал түсте жылқыларын айдап әкете беретін әдет тапты. Сондай бір кезекті шапқыншылық кезінде қалмақтар жылқы күзетіп жүрген Қабанбайдың ағасы Есенбайды қолға түсіріп, қорлап өлтіреді. Аямас жауыздар қанжармен жас жігіттің қарнын жарып, шалажансар күйінде далаға тастап кетіпті. Есенбай жалғыз інісі Ерасылды маңдайынан шертпей, қатты еркелететін. Соның арқасында әкесінің де жоқтығы білінбей, жетімдік көрмей, бұла боп өскен еді. Аға өлімінен кейін, он алтыға жаңа толып, әлі оң-солын танып үлгермеген Ерасыл көзге қамшы тигендей мәңгіріп қалды. Әсіресе, қорлағаны, азаптап өлтіргені жанына қатты батты. Есенбайдай азаматтың қаны текке кетпес, қалмаққа қолма-қол аттанармыз, қарымта қайтарармыз деп ойланған. Жоқ, олай болмады. Бәрінен де елдің етекбастылығы, асықпайтын ағайынның керенаулығы көңілін қалдырды. Не керек, әйтеуір, іргедегі қалмаққа аттанып кек қайтаратын, тым құрыса жауға қыр көрсетіп, азаматтың құнын сұрайтын бір пенде табылмады.
ІІ.2. Батыр бабаның жауға жалғыз шапқаны
Ерасылдың күте-күте төзімі таусылып бітті. Ақыры тәуекелге бел байлаған Ерасыл не де болса қалмаққа жалғыз аттанбақ болды. Қанға — қан, жанға — жан! Ағасынан жаны артық па? Осы жолы не Есенбайды өлтірген қалмақты тауып, қанын ішеді. Не ағасының артынан бұл да мерт болады — екінің бірі! Ақыры кек алмай жаны жай таппасына көзі жетті де, жылқыдан төл аты — Ардакүреңді ұстап мініп, ешкімге жөнін айтпастан, шығысты бетке алып тартып отырды. Мөлшерлегеніндей-ақ, Сарыбелдің шығыс қапталына қалмақ ауылдары сұғына кіріп отыр екен. Ерасыл мал көздеп жүрген адам болып, алға қарай ішкеріледі. Қолында қаруы — әкесінен қалған төрт қырлы қаратамақ найза, қайқы қара қылышпен екі жүзді алмас қанжары бар. «Жалғыздық жары — құдай деуші еді. Уа, пәруардігер, өзің жолымды оңғара көр!» деп тіледі ішінен.
Өлжежырғалды тауып алып, ашық айқасқа шықты. Оны қанжарымен бар күшін салып сермеп, кеуде тұсына салып қалды. Сол сәтте Өлже айқайлап дыбыс бергісі келді ме, әлде тынысы тарылып ауа қармағаны ма, сәл теңселіп тұрды да, қанжарды қайта суырып алған кезде, етбетінен күрс етіп құлап түсті. Ерасыл өзінің Ардакүреңіне мініп, Ердене жолдасының амандығын айту үшін Мәмбет ауылдарына, із жасыру үшін Ертіс бойына ұзатылған әпкесіне қарай тартып, Керей еліне бет түзеді. Мұндағы апа-жездесінің қолында бірнеше жыл тұрып қалады.
ІІ.2. Қабанбай батыр атануы
Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар. Қамыс арасынан шыға келген құнан өгіздей қара қабан Ерасылға қарай оқтай атылды. Ерасыл да найзаны бар күшімен сермегенді, сірә, найзаның ұшы жүректі жарып өткен болар, қара қабан серең етіп құлап түсті. Ерасылдың аман екенін көріп, қуанған Бердәулет жездесі: батыр деп мына сені айт! Өзің нағыз қабан екенсің ғой! Уа, жарандар, бүгіннен бастап атын «Қабан батыр» деп атайық! — демесі бар ма. Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде айтылған бір ауыз сөз кешікпей бүкіл елге тарап, аяқ астынан «Қабанбай батыр» атанды. Сол жылы күзде Сауырдағы шайқаста Ерасыл ойрат батыры Долан Дошыға қарсы жекпе-жекке ел қойып алған осы жаңа атымен шықты.
ІІ.2. Дарабоз атануы
Содан Керей арасында бес жылдай тұрып, Ханбибіге үйленіп, кейін Байжігіт ішіне қайта оралған соң да бұл ат қалған жоқ. 1718 жылдың күзі, арада жеті жыл өткенде,Аягөз өзенінің бойында Арсалаңмен кездесті. — Қапы қалма, Арсалаң! Мен — қазақтың Қабанбай деген батырымын. Осыдан жеті жыл бұрын, он алты жасымда, ағаң Өлжежырғалды о дүниеге аттандырып едім. Міне, құдайдың құдіретін көрдің бе, сенің де ажалың менен болайын деп тұр… Ал енді шамаң болса, қорғанып бақ!
Найзаны қолына мығым ұстаған Қабанбай кіндік тұстан, не қазан толмастан қадайтын кісіше, еңкейе шауып келді де, дәл қасына таяған кезде көз ілеспес жылдамдықпен өндіршекке ұрып кеп жіберді. Найзамен бауыздалған Арсалаң кескен теректей болып, ат үстінен сұлап түсті де, қорқырап қала берді. Кейін, ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанда, ақбоз атқа мініп дара шауып, қол бастаған батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай хан қатты разы болған екен. — Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! — деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен. Қазақ халқының тарихындағы елеулі жаугершілік кезеңдер туралы шоқтықты дүниелердің қатарында Қабдеш Жұмаділовтің Қаракерей Қабанбай батыр тұлғасын негізге ала отырып жазған «Дарабоз» дилогиясын атап өтуге тиіспіз. «Дарабоз» – Қаракерей Қабанбай батырдың жоңғарлармен болған бір шайқаста көзге түсуіне орай, қатты риза болып кеткен Абылай ханның қойған лақап аты. Жазушы Қабанбай тұлғасын біржақты суреттеумен шектеліп қалмай, оны әр қырынан ашып көрсетуді жөн санаған…
ІІ.2. Бас батыры атануы
Деректер бойынша, Қабанбай батыр Қытай жазбаларына 1757-1758 жылдардан бастап «қазақтың туму батұлы – яғни бас батыры» ретінде хатқа түсіп, Қазақ хандығының Абылай, Әбілпейізден кейінгі 3-ші ірі тұлғасы, кейде Абылай, Әбілпейіз, Әбілмәмбеттен кейінгі 4-ші ірі тұлғасы ретінде аталып отырады. Циянлұң патшаның 1760 жылы 25 наурыз күні Қазақ хандығына жолдаған хатында: «Қазақтың Аблмамбет, Абылай, Әблпейіз және Қабанбайларына…» деген есімдердің аталуына қарап біз осындай тұжырымға келеміз. Мұның өзі сол Абылай заманында өткен қазақтың ұлы жыраулары Бұхар, Үмбетей, Саршуаш, кейінгі Мәшһүр Жүсіп, Құрбанғали аталарымыздың Қабанбай батырды бар батырдың басына қойып жырлаған жырларымен және жазба деректерімен бірдей шығып отыр.
ІІІ.2. Деректерге жүгінсек
Орыс деректеріндегі Қабанбай батыр туралы деректерді тарихшы былай тізеді. «Орыс тарихшыларының жазбаларында Қабанбай батыр айрықша аталып отырады. Орыс тарихшысы Кузнецовтің 1750 жылдардағы жазбаларында: «Қазақ қолының солтүстік шығыс бөлігін Қабанбай батыр бастап, оңтүстік шығыс бөлігін Абылай бастап жоңғарларды шығысқа қарай тықсырып барады…» – деп жазса, тағы бір орыс тарихшысы Веляминов-Зернов 1752 жылдары Еділ қалмақтары Қытайға қоныс аудармақ болған кезде іргелес отырған Қарақалпақ елін өздерімен бірге зорлап көшіріп әкетпек, болғанда сол елді қалың қол бастап, құтқарып қалған адам қазақтың Қабанбай батыры екендігін жазған.
ІІІ. Зерттеу бөлімі
ІІІ.1. Жоңғарларға қарсы күресі
1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады. 1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға — Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалды. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады. XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ хандары билік үшін жүргізген күрес шиеленіскен шағында Барақ сүлтан Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген. Қабанбай батыр Барақ сұлтанға кінә тағып, оның Жоңғар хандығымен жақындасуына қарсы әрекет жасады. Осыған орай Қабанбай батыр тек Орта жүздің ішкі жағдайларына ықпал етіп қана қоймай, Кіші жүзде болып жатқан тарихи оқиғалардың да бел ортасында болды. 1752-1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Ӏле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде екі бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі өскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қаракөл мен Нарынды, Ұржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған. Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат еткен.
ІІІ.1.Қытай әскерлеріне қарсы күресі
Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай батыр 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысты. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласты. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан. Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлық- тан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді.
ІІІ.2.Қабанбай батырдың қазасы
Әкесі Өтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған.
1769 жылы жетпістен асқан Қабанбай батыр төрт көздері түгел отырған жиында былай деп өз байламын естіртті. — Мен енді көп ұзамаймын. Әрі кетсе бір ай, әйтпесе шөп буыны қата жолға түсетін шығармын… Тоқтының сыртында Сарыбел деген асу бар. Сүйегімді сонда апарып қойыңдар! — деп сөзін қысқа қайырды.
Батырдың сырқат екенін естіген Өтеке баласы Қарабек қырғыздың қалың қолын басқарып, Қабанбайды іздеп келе жатқанын жасырмай: — Маған неғұрлым Қабанбайдың амандығы керек. Оның ауылын көзі тірісінде шаппасам, кегім қайтпайды!- деп масайрады ол.
«Ел шетіне жау тиді! Қырғыздар батырдың ауылын шапқалы келеді» дегенді құлақтары шалысымен, байырғы сарбаздардың бәрі атқа қонып қолдың саны мыңға жетті. Ал бұл кезде Қабанбайдың тұла бойын ыза мен намыс билеп алған еді. Қарабектің қаһарлы қаруы қылыш болса керек, ақ алмас «жан алғыш әзірейілің менмін» дегендей, көк жүзінде қалықтап келеді. «Я, алла, өзің медет бере гөр» деп қарт батыр терең тыныс тартып, бойындағы бар қуатын жинап алды да, ауыр сүңгіні құлаштай сақтырды. Көп көздеп жатпаса да, дағдылы қол мүлт кетпепті. Жебедей зулаған көк сүңгі ажал Қарабектің тура жүрек тұсына барып қадалды да, ат үстінен жұлып түсірді. Сол сәт Қабанбайдың ішкі құрылысынан әлдене үзілгендей болған, батырдың басы айналып, төңірегін түгел түнек жапқандай, әлдебір тұңғиыққа батып бара жатты. Алпыс жыл бойы аттан түспей, бар өмірін жауға қарсы қылыш сермеп өткерген ұлы қолбасы ажал жастығына алаңсыз бас қойған еді. Марқұмды, өз өсиеті бойынша, Жоңғар қақпасының сол жақ қапталындағы Сарыбелге жерледі. Белгі ретінде батырдың басына тас үйілді. Ұрпақ ауысып, ел жаңарды. Зират басына үйілген обалар мүжіліп, бірте-бірте жұрт жадынан өше бастады. Бабалардың салақтығынан кейінгі ұрпақ ұлы қолбасының нақты қай тұсқа жерленгенін таппай, сарсаңға түсіп сандаларын ол кездегі адамдар қайдан білсін?!
ІІІ.2.Батыр бабамызға арналған шығармалар
Қаракерей Қабанбай 103 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Көптеген әдеби-тарихи туындыларда Дарабоз батырдың образы әрқилы жасалды. Бұл туралы «Қазақ романдарындағы Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі» баяндамасында Нұрдәулет Ақыш бірнеше шығарманы атап көрсетті.
Бүгінгі әдебиетімізде қазақ тарихының қойнауынан сыр тартып, нақты деректерге сүйене отырып жазылған көлемді прозалық шығармалар қатары уақыт өткен сайын толығып келе жатқаны белгілі. Сондай көркем дүниелердің бірі – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Софы Сматаевтың «Елім-ай», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары. «Бұл туындыларда Қаракерей Қабанбай образына қатысты жекелеген эпизодтар кезігіп қалып отырады. Ал Әнуар Әлімжанов «Жаушысында» бұл бейнені жасауды міндет деп санамаған сыңайлы. Насихаты жетіспегендіктен, осы кезеңдегі тарихи оқиғаларды көркем шындыққа айналдырған көлемді романдардың бірі – Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» дилогиясы. Оқырман жұртшылық тарапынан аса ыстық лебізге ие бола қоймаса да, өз кезеңінің панорамалық келбетін біршама көрсете алған шығарма», – деп жазады баяндамасында Нұрдәулет Ақыш. «Романда Қабанбай – батыр ғана емес, елді аузына қаратқан би, шешен екеніндігін сездіретін штрихтар да кездеседі… Қазақ халқының тарихындағы елеулі жаугершілік кезеңдер туралы шоқтықты дүниелердің қатарында Қабдеш Жұмаділовтің Қаракерей Қабанбай батыр тұлғасын негізге ала отырып жазған «Дарабоз» дилогиясын атап өтуге тиіспіз.
ІІІ.2.Ерекеше шайқастары.
«Дарабоз» – Қаракерей Қабанбай батырдың жоңғарлармен болған бір шайқаста көзге түсуіне орай, қатты риза болып кеткен Абылай ханның қойған лақап аты. Жазушы Қабанбай тұлғасын біржақты суреттеумен шектеліп қалмай, оны әр қырынан ашып көрсетуді жөн санаған…
Қабанбайдың көптеген жекпе-жектерінің ішінде қалмақтың Шамал ханымен жекпе-жегінің бояуы қанық, әсерлі. Ол ең соңғы мәрте қас жауы Балдыбектің баласы Қарабекке найза сілтеп барып, аттан құлап түседі. Өйткені жетпістен асқан дімкәс қарт Қабанбайды ауру әбден меңдеген болатын. Сөйтіп өмірінің соңғы күндеріне дейін елін, жерін қорғау жолында соғысып жүріп, ат үстінде найзасын қолында ұстап жүріп жан тапсырады» деп түрлі тарихи деректер келтіреді. Әсілі, бұған дейін батырдың тұлғасын ашатын талай дүние жазылды, мектеп жасындағы балалардың өзінен қазақ батырларын атап бер десе, Қаракерей Қабанбай батырдан бастайтыны шындық.
ІІІ.3. Қабанбай батыр бейнесі бейнесі ІІІ.1. Жоңғарларға қарсы күресі
Даңқты қолбасшы Қабанбай батырдың өмір сүрген жылдары, ұрыс алаңындағы ерліктері мен осы күнге дейін жарияланбаған мағлұматтар келесі ғылыми мақалада көрініс тапты. Мәселен, Қаракерей Қабанбай 103 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Көптеген әдеби-тарихи туындыларда Дарабоз батырдың образы әрқилы жасалды. Бұл туралы «Қазақ романдарындағы Қаракерей Қабанбай батыр бейнесі» баяндамасында Нұрдәулет Ақыш бірнеше шығарманы атап көрсетті.
Бүгінгі әдебиетімізде қазақ тарихының қойнауынан сыр тартып, нақты деректерге сүйене отырып жазылған көлемді прозалық шығармалар қатары уақыт өткен сайын толығып келе жатқаны белгілі. Сондай көркем дүниелердің бірі – Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Софы Сматаевтың «Елім-ай», Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары. «Бұл туындыларда Қаракерей Қабанбай образына қатысты жекелеген эпизодтар кезігіп қалып отырады. Ал Әнуар Әлімжанов «Жаушысында» бұл бейнені жасауды міндет деп санамаған сыңайлы. Насихаты жетіспегендіктен, осы кезеңдегі тарихи оқиғаларды көркем шындыққа айналдырған көлемді романдардың бірі – Жолдасбай Тұрлыбайұлының «Райымбек батыр» дилогиясы. Оқырман жұртшылық тарапынан аса ыстық лебізге ие бола қоймаса да, өз кезеңінің панорамалық келбетін біршама көрсете алған шығарма», – деп жазады баяндамасында Нұрдәулет Ақыш. «Романда Қабанбай – батыр ғана емес, елді аузына қаратқан би, шешен екеніндігін сездіретін штрихтар да кездеседі…
Қабанбайдың көптеген жекпе-жектерінің ішінде қалмақтың Шамал ханымен жекпе-жегінің бояуы қанық, әсерлі. Ол ең соңғы мәрте қас жауы Балдыбектің баласы Қарабекке найза сілтеп барып, аттан құлап түседі. Өйткені жетпістен асқан дімкәс қарт Қабанбайды ауру әбден меңдеген болатын. Сөйтіп өмірінің соңғы күндеріне дейін елін, жерін қорғау жолында соғысып жүріп, ат үстінде найзасын қолында ұстап жүріп жан тапсырады» деп түрлі тарихи деректер келтіреді. Әсілі, бұған дейін батырдың тұлғасын ашатын талай дүние жазылды, мектеп жасындағы балалардың өзінен қазақ батырларын атап бер десе, Қаракерей Қабанбай батырдан баст
Қорытынды:
Ұлтарақтай жері үшін шайқасқан, батыр бабамыз 1758 ж. қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшырайды. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауылына, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Жарбұлақ ауылына, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына есімі берілген. Үш арал қаласында батырға ескерткіш, Астана іргесінде ескерткіш-монумент орнатылған.
1992 — 93 ж. бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді. Батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара, т.б. ақын-жыраулар шығармашылығына арқау болған. Жазушы Қабдеш Жұмаділов “Дарабоз” тарихи романын жарыққа шығарды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Менің алғашқы энциклопедиям Алматыкітап баспасы 2013 жыл. Авторы Сужикова А.Ү, Лекерова ФС, Солтанғазина М.Қ. 287 – 290 бет
2.Аякөз жаңалықтары газеті. № 37. 2010 ж.
3.Ұлы дала мемлекеттері Алматы Адамдар баспасы 2006 жыл
4.«Балалар
әдебиеті баспасы».
5.«Шаңырақ»энциклопедиясы
С.Қасиманов
6.(Манас.Киргизский героический эпос.М, Наука,1990г
7. Алматы: Жалын, 1986,-14-бет).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген