ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ ҮРДІСІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Тулеугизова К.Е.,дефектолог,педагог - модератор
№63 «Әсем-ай» балабақшасы, Астана қаласы
Аннотация: Бұл мақалада ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған оқу үрдісінде цифрлы технологияларды пайдалану мүмкіншіліктері қарастырылған және түзете – дамыту мүмкіндіктері туралы мәліметтер қарастырылған.
Түйінді сөздер: Ақпарат, цифрлы технология, үрдіс, ерекше бала, аутизм спектры, мобильды қосымша.
Аннотация: В данной статье рассматриваются возможности использования цифровых технологий в образовательном процессе детей с особыми образовательными потребностями и представлена информация о возможностях коррекционного развития.
Мемлекетіміз қазіргі таңда ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде. Бұл қамқорлықтың бәрі Президенттің халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында бұзылыстары бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, коррекциялық – білім беру мәселесін арттыру және бала мүгедектігінің алдын – алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелер басымды міндеттер қатарына қойылған. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасында дамушы ұрпақтың тәрбиесіне көңіл аударады. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады. Міне, осы заңдылыққа орай жас ұрпақтың тәрбиесін, білімін нәтижелі жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда әр түрлі заманауи технологияларды пайдалану, өмірге бейімдеу, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу, балаларды дамуындағы ауытқудың алдын алып, баланың коммуникативті және бейімделу дағдысын қалыптастыру.
Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда цифрлы технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, цифрлы технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [1].
Қазіргі кезде интернет, мобильді байланыс көздері, белсенді тақта, цифрлы технологиялар сияқты жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылуда. Психологтар В. Давыдов, В.Рубцов жаңа ақпараттық технология адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әр түрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек деген. Студенттерді технологиялық прогрестің барлық жаңалықтары өте қызықтырып отырады. Сондықтан да тұлғаны дамыту мақсатында білім алушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін пайдалану өте маңызды рөл атқарады [2].
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән – мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту сабақтары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу - тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді.
Планшеттер мен басқа да электронды құрылғылар аутизммен ауыратын адамдар үшін тамаша құрал бола алады. Мұнда өміріңіздің әртүрлі аспектілерінде көмекші электрондық технологияның әлеуетін жақсырақ пайдалануға көмектесетін кейбір кеңестер берілген.Ерекше білімді қажет ететін балаларға цифрлы технологияларды пайдалануда мобильды қосымшалар мен аудио карточкалар көмегін тигізеді. Соның ішінде аутизм спектры бұзылған балаларға арналған мобильды қосымшалардың түрлері:оқыту мен дамытуға арналған, бейімделуге арналған және коммуникацияға арналған түрлері бар. Соның ішінде тексерілген мобильды қосымшаның түрі: «Аутизм: Общение». Бұл қосымша 2012 жылы шығарылып, 2020 жылы жаңартылған нұсқасы шығарылды.Бұл қосымша оқытып дамытуға, қарым-қатынасты дамытуға да қолайлы. Құрамында 150-ден астам карта бар. Олар арқылы бала заттарды ажыратуды үйренеді. Карталарды қосуға және дауыс беруге болады.Қосымша тегін және барлық платформаларда жүктеп алуға болады. Тағы бір мобильды қосымшалардың бірі «ABA Cards» Ресурста деректерді жинау мен талдаудың өзіндік жүйесі бар. Сіз өзіңіздің карталарыңызды, жаттығуларыңызды жүктей аласыз.
Тіл дамытудың бастапқы деңгейіндегі ерекше балалар үшін суреттер саны көп, өзіңіз жүктеп салуға болатын мобильды қосымшаны қолдануды ұсынамын. Сонымен қатар суреттерді басқан кезде сөздерді айтатын мобильды қосымша қажет. Ерекше балаға электронды құрылғыны оңтайлы пайдалану үшін,егерде бала бір нәрсені қаласа (мәселен ойыншық) құрылғыны шығарып, суретті түртіп, суретті қайталатуымыз қажет. Содан кейін барып балаға оның сұрағанын береміз. Мысалы, балаңыз алмаға қол созып жатса, құрылғыңыздағы алманың суретін түртіңіз. Құрылғы «алма» дегенде, бала да «алма» деп қайталауы тиіс. Сосын барып балаға алманы ұсыну. Егер сіздің балаңыз дұрыс сөз айтса немесе кем дегенде оны қайталауға тырысса, оны дереу марапаттаңыз. Мысалы, жоғарыдағы мысалда, егер бала алма алғысы келгенде «а» деп айтуға тырысса немесе құрылғының артындағы сөзді қайталаған жағдайда. Мобильды қосымшаларды пайдаланғанда баланың ерекшеліктеріне де мән берген жөн. IQ Bala – қалыпты балалар мен қоса ерекше балаларға арналған білім беру қосымшасы. Бұл қосымша балаға сөздерді дұрыс айтуды үйренуге көмектесетін тақырыптық жіктеуіштерден тұрады. Сондай-ақ қосымша ішіне баланың есте сақтау қабілетін, логикасын және моторикасын дамытуға ықпал ететін ойындар қосылған.
Қазіргі таңда технология дамығандықтан балаларды құрғақ сөзбен қызықтыру, зейінін аудару қиын. Оның ішінде ерекше балаларды қызықтыру үшін, түзету сабақтарының арасында осы мобильды қосымшаларды қолданған ыңғайлы және өзінің нәтижесін береді. Сондықтан ерекше баламен жұмыс жасайтын әрбір педагог пайдаланғаны жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2.Ишанғалиева А.М. Құзыреттілік-білім мен мүмкіндіктің бірігуі // Шетел тілін оқыту әдістемесі.-№ 2.-34-б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ерекеше балаларға цифрлы технологиялар арқылы қоладнылатын әдістер

шағым қалдыра аласыз