Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы
«Абай ауылындағы №2 орта мектебі» КММ
Арнайы педагог
Мақұлбекова Арайлым Аманбекқызы
ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТМІ
Қазіргі уақытта ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету мәселесі білім беру жүйесінің басты басымдықтарының біріне айналды. Білім беру мекемелерінің көбінде инклюзивті білім беру бойынша жаңа әдістемелер мен тәсілдерге қажеттілік туындап отыр. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру жүйесін жетілдіру мен оларды қоғамға интеграциялау басты мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл әдістемелік құрал инклюзивті білім беру үдерісін қолдау үшін педагогтар мен мамандарға арнайы көмек көрсетудің тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынады. Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық стандарттарына сәйкес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және оларға тең мүмкіндіктер беру қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Соңғы он жылдықта Қазақстан дамуында проблемалары бар немесе бұзылулары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыздандырудың әртүрлі технологиялары белсенді түрде ендірілуде. Мұндай көмекті ұйымдастырудың және мектепке дейінгі білім берудің формаларының бірі – Лекотека.
Лекотека – дамуында қиындықтары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық қамтамасыздандыру жүйесі. Лекотека жұмысының негізгі әдісі – ойын.
Лекотеканың мақсаттары:
-
Балалардың тұлғалық дамуы үшін, қоршаған ортаға сәтті бейімделуі үшін жағымды жағдай жасау және оқу іс-әрекетінің алғы шарттарын қалыптастыру.
-
Мектепке дейінгі жастағы ерекше қажеттілігі бар балалар отбасыларына психологиялық қолдау көрсету.
-
Балалардың мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қабылдануына кедергі келтіретін психологиялық қиындықтарды шешуге ықпал ету, отбасында және басқада әлеуметтік топтарда бейімделуге көмектесу.
Лекотеканың міндеттері:
-
психофизикалық дамуында ерекшеліктері бар балаларға лекотекада мақсатты бағытталған медициналық-психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
-
ата-аналармен балаларды тәрбиелеу және дамытудың біртұтас жүйелі бағыттарын қамтамасыз ету мақсатымен серіктестік қатынас орнату;
-
баланың ерекшеліктеріне байланысты жекелей сабақтардың бағдарламасын құруға мүмкіндік беретін ойын және ойыншықтарды қолдануға байланысты ата-аналар және педагогтарға әдістемелік нұсқауларды өңдеу үшін лекотека қорын пайдалану;
-
баланың оқу іс-әрекетінің алғышарттарын қалыптастыру үшін жекелей техникаларды іріктеу;
-
дамуында бұзылулары бар балалармен психокоррекциялық жұмыс жүргізу;
- ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу үшін адекватты құралдарды таңдау дағдысына үйрету.
Лекотека жағдайында балалар дамуындағы бұзылуларды ерте анықтау және түзету мүмкіндігі ауытқудың орнын толтыруға және бала дамуы үшін жағымды жағдай жасауға мүмкіндік береді.
«Лекотека» сөзі (Lekotek) швед сөздері «leko», яғни «ойыншық» және «tek» - «жиналыс», «жинақ» - сөздерінен шыққан. Алғашқы лекотека 1963 жылы Стокгольмде университет клиникасында ата-аналар мен педагогтардың бастамаларымен ашылды. Лекотеканың негізін қалаушылардың мақсаты ойын арқылы госпитализациялаудың психологиялық жарақаттау ықпалын жеңілдету.
Алғашқы америкалық лекотека 1980 жылы Иллинойс штатында мемлекет тарапынан қолдауға ие болған қоғамдық бастама ретінде ашылды. Алғашқы америкалық лекотеканың мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға және олардың отбасыларына мамандармен кездесу үшін жағдай жасау. Бүгінгі таңда америкалық лекотекалар мүгедектігі бар балалар отбасылық және қоғамдық өмірге тез бейімделуге мүмкіндік алатын білім беруші және белгілі қоры бар орталықтар болып табылады.
Лекотека – бұл құрылымдық қызмет атқарушы жүйе, лекотека қызметі автономды түрде, сонымен қатар білім беру мекемелерінің құрамында жүзеге асырылады; мектепке дейінгі мекеме; психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға арналған мекемелер; арнайы білім беру мекемелері.
Лекотека клиенттері - дамуында бұзылулары бар немесе айқын көрініс беретін психогенді бұзылулары бар балалар және отбасы мүшелері. Бала үшін білім алудың аз мөлшерде болса да мүмкіндігі маңызды фактор болып табылады. Лекотека мамандары жекелей бағдарланған коррекциялық дамыту бағдарламаларын жүзеге асырып, отбасыларын әртүрлі ойын үрдісіне психологиялық қамтамасыздандыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Қазақстанда туғаннан бес жасқа дейін және одан үлкен, дамуында мәселелері бар балаларға көмек мектепке дейінгі мекемеден тыс көрсетіледі. Бұл баланың әлеуметке қосылу мүмкіндігін төмендетіп, мектепте оқуы үшін қосымша қиындықтар туғызады. Мұндай балалардың ата-аналары баламен үй жағдайында қандай қарым-қатынаста болу керегін білмейді, бір нәрсені дұрыс істемей қаламыз деп қорқады, ең алдымен барлығын бірден өзгертіп, баланың денсаулығын түзеуге болатын жаңа емдеу тәсілі жөнінде ойлайды. Ата-аналар «баласын барлық мәселелерден, соның ішінде эмоционалды және әлеуметтік қиындықтардан құтқаруы қажет» мамандардың ойларына бағдарланады. Сөйтіп, біртіндеп ата-аналардың көмек көрсете алмауы, ата-ана және бала арасында кедергі туындайды. Балалар депривация күйінде болады (сенсорлық, педагогикалық). Мұндай балалармен өзара әрекеттесу өте күрделі. Осы үшін ерекше білімге қажеттіліктері бар балаларға мамандар коррекциялық көмек көрсететін лекотекалар құрылды.
Лекотеканың кейбір жабдықтары ата-аналар және балаларына уақытша қолдануға беріледі. Ата-аналарға ойыншықтарды 10-14 күнге алуға мүмкіндік беріледі. Педагог ата-аналарға ойыншықты дұрыс таңдап алуға нұсқау бере алады.
Зерттеу және мәселені анықтау негізінде отбасын психологиялық қамсыздандыру жөнінде шешім қабылданады. Лекотеканың клиенті ретінде тек балалар емес, олардың ата-аналары болып табылады. Отбасымен жұмыс үйлесімділік және сыйластық атмосферасын құруға бағытталған, осының арқасында бала дамудың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Осындай мақсатпен ата-аналарға кеңестер және топтық тренингтер жүргізіледі.
Балалармен жұмыстың барлық формаларында ата-аналар белсенді қатысуы шарт.
Лекотеканы ұйымдастыруда бірқатар принціптерді сақтау қажет:
-
ата-ананың жекелей және топтық сабақтарға өз еркімен қатысуы.
-
сабақтардың арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы іріктелген әртүрлі жабдықтармен, ойыншықтармен өткізіледі.
-
сабақтың үнемі және жүйелі болуы.
Баланың сабақтың аяқталуы туралы шешім бірқатар жағдайлар бойынша қабылдануы мүмкін:
-
Ата-аналар сұранысының қанағаттандырылуы және балалардың белгілі бір даму деңгейіне жетудің негізінде.
-
Баланың мектепке дейінгі мекемеге ауысуы.
Ата-аналармен баланың болашағы туралы әңгіме жүргізіледі, мектепке дейінгі мекемеде немесе ата-ананың өзімен баланы қамсыздандыру туралы нұсқаулар беріледі. Лекотека мамандары әрбір баланың психофизиологиялық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасап, ерекше бала тәрбиесіне және оқытуда көмек көрсету қажет. Лекотека жағдайындағы коррекциялық көмек дамудағы ауытқушылықтарды жеңуді және мінездегі бұзылулардың, оқытудағы қиындықтарды алдын-алуды көздейді.
Лекотекадағы корректорлық дамыту жұмысы мульти-дисципметорлы мамандар тобымен жүзеге асырылды (педагог – дефектолог, психолог, сурдолог, психиатор – дәрігер), олар бала дамуының негізгі бағыттарына бағдар алады: әлеуметтік, физикалық, танымдық.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Назарова Л.П. Методика развития слухового восприятия у детей с нарушениями зрения. - Москва, 2001
2. Кондратенко И.Ю. Выявление и преодоление речевых нарушений в дошкольном возрасте. - Москва, 2005
3. Земцова М.И. Учителю о детях с нарушениями зрения. - Москва, 1973
4. Кирьянова Р.А. Комплексная диагностика дошкольников. – С-Петербург, 2002
5. Майорова А.С. Домашний логопед. - Москва, 2003
6. Коноваленко С.В. Коммуникативные способности и социализация детей 5-9лет. - Москва, 2001
7. Забрамная С.Д. От диагностики к развитию. - Москва,1998
8. Сулейменова Р.А., Ерсарина А.К., Алпысова А.Б., Шалмардина М.В. Диагностика психического развития в раннем детстве. – Алматы, 2001
9. Козлова А.В., Дешецлина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – Москва, 2004
10. Белопольская Н.Л. Детская патопсихология. – Москва, 2000
11. Федорова И.П. Двигательная коррекция у детей с детскими церебральными параличами. – Алматы, 2004
12. Разенкова Ю.А., Айвазян Е.Б. Ранняя психолого-медико-педагогическая помощь детям с особыми потребностями и их семьям. – Москва, 2003
13. Колмагорова Е.А., Козлова Е.Ю. Организация социально-психологической и медико-педагогической работы с детьми с ограниченными возможностями в разных видах учреждений. - Астана, 2007
14. Ерсарина А.К. Психолого-медико-педагогическое обследование детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата. – Алматы, 2008
15. Бгажнаковой И.М. Обучение детей с выраженным недоразвитием интеллекта. – Москва, 2007
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз