ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Маңғыстау ауданы
«Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ

Маңғыстау ауданы « Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін» КММ
«Ерекше білімді қажет ететін» оқушыларға арналған
түзету –дамыту бағдарламасы.
Құрастырған: Ізбергенова Ж « Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп » мемлекеттік мекемесінің педагог-психологі.
Бағдарлама мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогтарға арналған. Ұсынылып отырған бағдарлама «Ерекше білімді қажет ететін оқушылармен» жұмыс жасауға арналған.
Мазмұны
-
«Ерекше білімді қажет ететін» оқушыларды түзету-дамыту бағдарламасы»
Кіріспе................................................................................................... 6
-
Балаларға арналған түзету-дамыту сабақтары ........................... 8
-
Әдебиеттер тізімі..............................................................................38

Кіріспе
Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. . Психикалық даму тежелуі бар балалардың құрамына қарай көптеген түрлері болады.Олардың бір бөлігінде орталық жүйке жүйесі аса қатты бұзылмаса,кейбірінде функционалдық жетілмеушілік байқалады.Сондай-ақ, ағзаның әлсіреуі,созылмалы аурулардың әсері психикалық-жүйке жүйесіне әсер ететіні сөзсіз,қолайсыз әлеуметтік шарттар мен психикалық соққыға әкелетін жағдайлар баланың психикалық дамуын тежейтін жағдайлардың тағы бір себебі.
Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді Қазіргі таңда адамзат ғылым мен білімді игеруде психология ғылымынсыз өркениеттің өріне еркін қол жеткізе алмайды. Өйткені психология барлық салаларда қамтылады. Осыған орай әр психологтың алдында тұрған мәселе қазіргі кездегі балалардың дамуындағы бұзылыс түрлерінің жиі кездесетін барлығымызға мәлім.
Соңғы уақытта балаларды ерте жастан сараптау-түзету жұмыстарына байланысты мәселелер ғалымдар тарапынан да, іс-тәжірибелермен де көп қозғалуда.Шын мәнісінде,мектеп жасындағы балаларда кездесетін білім алу мәселесі немесе мінез-құлыққа байланысты туындайтын қиыншылықтардың түп-тамыры сәбидің ана жатырындағы дамуы кезеңінен немесе мектепке дейінгі дамып жетілуі аралығынан бастау алатыны сөзсіз.Осы қиындықтарды ерте сараптама жасап,анықтау оны түзетуге көп көмегін тигізеді.Толық қамтамасыз етілген жағдайда өмір сүріп жатқан әр жас кезеңіндегі баланы келесі жас аралық кезеңге дайындау-ол психологиялық жаңа білім алуға қажетті мүмкіндікті қалыптастырады.
Бағдарламаның теориялық негізі ретінде психологияның мамандары Л.С. Выготский, П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.И. Лубовской К.С. Лебединская, А. Кушербаев Г. Кальпебаева және басқада ғалымдардың психикалық дамудың негізгі заңдылықтары мен жалпы ережелері туралы, жас ерекшеліктеріне байланысты түзету-дамыту жұмыстары,оқыту мен дамытудың қатынастары және мектеп жасына дейінгі балалық шақтың маңыздылығы туралы еңбектері негізге алынды.
Бағдарламаның маңыздылығы:
Өкінішке орай қазіргі уақытта психикалық даму тежелуі бар балалар жыл
сайын артып келеді. Бастауыш мектептерде стандартты мектеп
бағдарламасының талаптарын меңгере алмаған оқушылар саны соңғы 20
жылда 2-2,5 есе өскен. Медициналық мәліметтер бойынша мектептегі 9
жылдық білім алу мерзімінде (1сыныптан 9 сыныпқа дейін) дені сау
балалар 4-5 есе қысқарады,ал бұл барлық оқушы санының 10 - 15% -ғана
құрайды.Бүгінгі таңда мектептегі үлгерімнің төмендігінің 80%-ы
интеллектуалдың төмендігі мен психикалық дамудың тежелісі
салдарынан туындап отырған мәселе.Әрбір 10-ыншы баланың танымдық
қызығушылығы дамымаған,ал мүмкіндігі шектеулі балалардың
бейімделуі мен қалыптасуы-бұл теориялық және практикалық тұрғыдан
маңызды әрі күрделі мәселе болып отыр. Осыған орай аталған топтағы
балалармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстарының маңызы зор.
Психикалық даму тежелуі бар балаларды дамыту мәселелерін жүзеге
асыру үшін білім беру жүйесінің өзара тығыз байланыста, белсенді
қарым-қатынаста болуы: педагог – психолог, мұғалім – дефектолог,
мұғалім - логопед,сынып жетекшісі, және баланы оқыту мен тәрбиелеуде
ата-аналар маңызды рөл атқарады.
Бағдарламаның мақсаты: психикалық даму тежелуі бар балалармен (6-8
жас) дамыту-түзету жұмыстарын жүргізуді жүзеге асыру және келешекте
баланың толық дамыған тұлға болып қалыптасуы мен әлеуметтік ортаға
бейімделуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
-
Баланың психикалық іс-әрекеттерін дамыту;
-
Түзету-дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;
-
Әр баланың жекелей қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту;
-
Баланың даму кезеңіндегі ағарту жұмыстарын жүргізу.
Бағдарламаның жүзеге асырылу шарттары:
Психикалық даму тежелуі бар балалардың мінез-құлықтарының
ерекшеліктері жайында білімділік-біліктілік қабілеті бар,осы топтағы
балалармен жұмыстың қазіргі заман талабына сай әдіс-тәсілдерін жетік
меңгерген мамандарының өзара бірлесіп жұмыс жасауы бағдарламаның
іс-жүзінде жүзеге асырылуының негізгі шарты болып табылады.
Бағдарлама психикалық даму тежелуі бар балалардың жас ерекшеліктері
мен спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып құрылды.
Бағдарламаның көлемі: бағдарлама оқу жылы бойынша 25 сабаққа
есептелген.
Жұмыс түрі: аптасына 1 рет – топтық жұмыс.
Топтық жұмыстың жүргізілу уақыты: Топтағы балалардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып,сабақтың ұзақтығы 25 - 35 минут
мөлшерінде белгіленуі керек.
Қатысушылардың ең көп саны: 6-8 адам.Жас мөлшері: 6 - 8 жас.
Бағдарлама құрылымының негіздері:
-
Ағарту,түзету және дамыту тапсырмаларының жүйелі түрде болуы.
-
Түзету мен сараптаманың біржақты болуы.
-
Баланың жас ерекшеліктерін,психологиялық және тұлғалық
-
ерекшеліктерін есепке алу.
-
Психологиялық әдіс-тәсілдердің жинақты болуы.
-
Тапсырмаларды қиындықтарына байланысты арттырып отыру.
-
Материалдардың көлемі мен түрлі деңгейлерін ескеру.
Жұмыс барысы:
-
Ұйымдастырушылық-әдістемелік кезең. Бұл кезеңде ПМПК
-
ұсынысы және арнайы мамандарының ұсынысы (жекелей кеңестер
-
жүргізу
-
арқылы) бойынша топқа балаларды жинау.
-
Диагностикалық кезең. Балаларды жекелей және топпен
-
сараптамадан өткізу,анықтамалық мәліметтер жинау.Балаға сараптама
-
жүргізу психологтың қатысуымен жүргізіледі.
-
Түзету-дамыту кезеңі. Психологтың балалармен жекелей және топтық
-
сабақтар жүргізуі.
-
Қорытынды кезең. Қорытынды сараптама жүргізу және
-
қорытындысын шығару.
Балаларды диагностикалық сараптамадан өткізу жылына 2-рет,оқу
жылының басында және оқу жылының соңында өткізіледі.Сонымен
қатар,жұмыс нәтижесі бағдарлама бойынша қаралады.
Әр сабақ сайын психикалық ортаға әсер етуші негізгі мәліметтер
жинақталып,өзара қарым-қатынас және жаңа
психологиялық,функциональдық
білім жүйесі кеңейтіліп отырылады.
Балалармен сабақ жүргізуді ұйымдастыру барысында төмендегі
функциялар жүзеге асырылады:
• Баланың эмпатикалық қабылдауы.
• Психологиялық атмосфераны және психологиялық қауіпсіздікті құру.
• Баланың көңіл-күйін көтеру.
• Жан-жақты қамтылған тапсырмалар қою және оны баланың
қабылдауын қамтамасыз ету.
• Тапсырмалар құрылымының тақырыпқа сай болуы.
• Тақырып түрін таңдауда көмек көрсету.
• Сурет салу барысында баланың орындаған жұмысы арқылы оның көңіл-
күйін сезіну.
Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Психологиялық сабақтың құрылымы
|
Кіріспе |
Негізгі бөлім |
Қорытынды бөлім |
|
Мақсаты – топты бірлесіп жұмыс жасауға шақыру,әр қатысушының бір-бірімен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету. Жұмыстың негізгі құрылымы:
|
Бұл бөлімде танымдық,эмоциональды-еркін ортаны дамытуға, сөйлеудің лексикалық-граматикалық мәнерін қалыптастыруға арналған тапсырмалар,ойындар қарастырылады Негізгі құрылымы:
|
Бұл бөлімнің негізгі мақсаты баланың тұлғалық мінез-құлқын ,сезімін қалыптастыру,топтың біртұтастығы мен сабақ барысындағы жұмыстардан жағымды көңіл-күй,жақсы әсер алуды ұйымдастыру. Негізгі құрылымы:
|
Күтілетін нәтиже:
-
Үлкендермен,өзінің құрбы-құрдастарымен өзара адекватты қарым-қатынас жасау;
-
Ақпараттың танымдық түрлерін қолдану;
-
Өзінің іс-тәжірибесінің нәтижесін көре білу;
-
Өзінің ой-пікірі мен талап-тілектерін белсенді әрі ашық жеткізу;
-
Үлкендермен бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін көрсету және үлкендердің көмегін қабылдай білу;
-
Құрбы-құрдастарының жанынан табыла білу,бір-біріне зиян келтірмеу,оларға үнемі көмек көрсету;
-
Әдеттегі жағдайларда өзін адекватты ұстау;
-
Сөздік құрылым бойынша 3-4 жеңіл іс-әрекеттерді орындау;
-
Үлкендермен және өзінің құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасағанда сөздік қорды пайдалану,өзінің негізгі талап-тілектерін жеткізе білу.
Психикалық даму тежелеуі бар балаларға
түзету-дамыту сабақтарының жоспары
-
р/с
Тақырыбы
сағаты
жауапты
1
Хайуанаттар бағы
1
психолог
2
Батпақтағы аңдар
1
Психолог
3
Біздің көңіл-күйіміз
1
Психолог
4
Біздің эмоциялар
1
Психолог
5
Табиғатқа саяхат
1
Психолог
6
Табиғат кереметі
1
Психолог
7
Мұхитқа саяхат
1
Психолог
8
Табиғат құбылыстары
1
Психолог
9
Қоршаған орта және біз
1
Психолог
10
Мен қаңдаймын?
1
Психолог
11
Қарым-қатынас жасайық
1
Психолог
12
Бауырсақ
1
Психолог
13
Шағала
1
Психолог
14
Сәлемдесу
1
Психолог
15
Жақсылық жасайық
1
Психолог
16
Ит адам досы
1
Психолог
17
Елестету
1
Психолог
18
Неден кейін не?
1
Психолог
19
Үлкендер әлемі
2
Психолог
20
Мен спортшымын
1
Психолог
21
Менің бос уақытым
1
Психолог
22
Емхана
1
Психолог
23
Дос болайық бәріміз
1
Психолог
24
Қорытынды сабақ
1
Психолог
1 – cабақ
«Хайуанаттар бағы»
Мақсаты: Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту. Хайуанаттардың балаларының атауларын есте сақтау арқылы тілдік қорды байыту.
Көрнекіліктер: Контурлық мысал суреттер (түлкі, қасқыр, кірпі, ит, аю, тиін, мысық, қоян); осы хайуанаттардың бейнесі бейнеленген геометриялық үлгілері; қағаз; түрлі – түрлі қарындаштар.
Сабақ барысы
I. «Әнші» тыныс алу жаттығуы
а) Терең тыныс алу. Қолымызды баяу жоғары көтереміз.
Б) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.
В) А-А-А дыбысын дауыстау арқылы демімізді шығарамыз және қолымызды баяу түсіреміз.
г) Демімізді ішке тартамыз.Қолдарымызды жанға қарай иық деңгейіне дейін
көтереміз.
д) Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.
е) О-О-О дыбысын қатты дауыстау арқылы демімізді баяу шығара отырып,қолдарымызбен екі иығымызды қапсыра құшақтап басымызды төмен түсіреміз.
ж) Баяу терең тыныс ала отырып қолдарымызды кеудеміздің деңгейіне дейін көтереміз.
з) Демімізді ұстап түрамыз.
и) У-У-У дыбысын қатты дауыстау арқылы қолдарымызды ақырын төмен түсіреміз.
II.«Хайуанаттар бағы» ойыны.
Үй және жабайы хайуанаттарды ажырату.Хайуанаттар балаларының аттарын есте сақтау.
Тапсырма: Суреттерге қарап жануарларды және олардың балаларын атаңдар.Осылардың арасынан хайуанаттар бағында қайсысы артық екенін анықтаңдар.Неге?(Артық суреттер алынып тасталады.)Қалған жабайы хайуанаттарды есте сақтаңдар.
III.«Жұбын таңда» ойыны.
Алдыңғы ойында хайуанаттар бағында қалған
6 сурет және осы
суреттерге сәйкес келетін геометриялық формадағы суреттер көрсетіледі.
Ойын барысы:
1.Балалар хайуанаттарды еске түсіріп, олардың аттарын атайды және соған сәйкес контурлық суреттерге ие болады.
2.Содан кейін жануарлардың бейнесі геометриялық формада беріледі.
3.Балалар өздерінің қолдарындағы суреттерге сәйкес келетін жануарлардың геометриялық «бейнесін» , яғни жұптарын таңдап алады.
IV.Ешқандай көмексіз, балалар геометриялық формалар арқылы хайуанаттардың суреттерін салады.Балалар өз қалаулары бойынша салады.
-
«Ым –ишара» жаттығуы. Балалар кез келген хайуанатты ым-ишара арқылы бейнелеп көрсетеді, ал қалған балалар табуы керек.
-
«Оралма» жаттығуы.
-
Қолдарымызды жоғары көтеріп, керілеміз.
-
Қолымызды созып тұрып оңға, солға бұраламыз.
-
Қолымызды түсіреміз
Жаттығуды 3-5 рет қайталаймыз.
-
Электрондық дидактикалық ойын «Жануарлардың көлеңкесін тап?»
VIII.«Серіппе» жаттығуы
Көздерімізбен жоғарыдан төмен серіппені саламыз, содан кейін төменнен жоғары қарай саламыз. 3-5 рет қайталау./басымызды қозғалтпаймыз/
IX. Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
2 – сабақ
«Батпақтағы аңдар»
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: жануарлардың суреті бейнеленген контурлы суреттер, қағаз, қарындаштар, бор.
Сабақ барысы:
-
«Әнші» тыныс алу жаттығуы.

г) Демімізді ішке тартамыз.Қолдарымызды жанға қарай иық деңгейіне дейін көтереміз.

II. Ойын: «Ненің, ненікі»
Ойын барысы:
-
Жабайы хайуанатты еске түсіріп, атын атаған бала соған сәйкес суретті алады.
-
Одан кейін өз хайуанатының атынан басқа балаларға сұрақтар қояды.
Үлгі:
«Түлкі» /бала/ сұрайды: Балалар жауап береді:
Ненің құйрығы? Түлкінің құйрығы
Құлақтар ненікі? Түлкінікі
«Батпақтағы аңдар» ойыны. Қиын- қыстау кезеңде көмекке келуге тәрбиелеу.
Ойын барысы:
Топтағы барлық балалар ойнайды. Олар батпаққа түсіп қалған «аңдар» рөлін ойнайды. Балалардың әрқайсысында үш тақтайша ( парақ қағаздар) бар. Батпақтан тақтайшаның көмегінсіз және жалғыз өзі шығуға болмайды. Аңдардың бірінің тақтайшаларының екеуі сынып батып кетті. Енді ол аңның өзі батып кетпеуі үшін оған көмекке серіктесі келеді. Осы серіктесі оны құтқару үшін тез әрі жылдам ойланып іске кірісуі керек. Құтқарушы және жәбірленуші рөлінде әр бала ойнауы шарт. Көмек көтсету әрекеті құтқару жолдарына байланысты бағаланады.
ΙV. Сурет салу
1. Аңдардың барлығы батпақтан шығып, жылы әрі ыңғайлы үйге орналасады. Үйшіктің терезесіне күн сәулесі жарқырап түсіп тұр.
2. Әр бала өзі тұратын үйшікті және онда «аңды» салуы қажет.
3. Одан кейін көздерін жұмып тұрып күннің суретін салады.
V. «Шөп» жаттығуы.
1. Қолдарымызды екі жанымыздан жоғары қарай баяу көтереміз.
2. Күнге ұмтылған шөп сияқты жоғарыға керілеміз, яғни мейлінше созыламыз.
3. Желмен тербелген шөп тәрізді алдымен оңға, солға содан кейін алдыға-артқа тербелеміз.
4. Қолымызды баяу түсіреміз.
VI. Электрондық дидактикалық ойын «Ненің іздері?»
«Күнді бейнелейміз» жаттығуы.
Басымызды қозғалтпастан иегімізді қолымызбен ұстап тұрып, көзімізбен күннің суретін саламыз. Бұл жаттығуды екі жаққа кезекпен жасаймыз.
IX. Рефлексия. Өзінің көңіл-күймен бөлісу.
3 – сабақ
«Біздің көңіл-күйіміз»
Мақсаты: Адамның эмоциональді қалыптағы жағдайларын тани білуге, оларды жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «Бауырсақтың» эмоционалді қалыптағы схемелық бейнелері бейнеленген конверттер, айна, қағаз, қарындаштар.
Сабақ барысы
I. «Шаршылар салайық» тыныс алу жаттығуы.
1. Мұрын арқылы баяу әрі терең тыныс ала отырып, қолымызды алдыға қарай тік баяу иық деңгейіне дейін көтереміз.
2. Демімізді шығармай, ұстап тұрамыз.
3. Одан кейін алақанымызбенм көз алдымызда шаршы бейнесін сала отырып, демімізді баяу шығарамыз.
II. Психологиялық ойын «Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар
ΙIΙ. «Айна» ойыны.
Ойын барысы:
-
Балалар, сендер – «айна» боласыңдар. Ар мен
«айнаға» карап, сендерден менің бет - әлпетімдегі қалыпты сұраймын:
а) Балалар еш көмексіз өз беттерімен табады.
б) төмендегі сөйлемдерге сүйенеді.
Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Далада жаман ауа – райы болғанда мен көңілсіз боламын.
Маған күлкілі оқиға айттым.
Мен найзағайдан қатты қорқамын.
Мен қатты ашуландым.
«Айна» тек қана бет - әлпеттің қалпын айтып қана қоймай оны дәлме – дәл көрсетіп жеткізуі тиіс.
ΙΙΙ. Ым – ишара түрінде берілген эмоциональді қалыптардың сызбамен сәйкестігі.
1. Әр бала «бауырсақтан» эмоциональді қалып бейнеленген сызба сурет бар конверт алады.
2. Суретке мұқият қарап бауырсақтың қандай жағдайда бейнеленгенін атап, анықтаулары керек.
IV. Эмоционалды қалыптың сызбасын еске түсіріп салу керек./әр бала өз конвертіндегі қалыпты/
-
Бауырсақ суретте қандай болғанын еске түсіру.
-
Бала осы эмоцияны көрсетуі керек.
-
Қағаздағы сызбаны атауы керек.
V. «Винтик» жаттығуы/1 сабақ/
VI. Электрондық дидактикалық ойын «Дәл өзін тап!»
VII. Көзге арналған «Шаршыларды көзімізбен саламыз» жаттығуы.
Көздеріңмен бір жаққа қарай үш шаршы, содан соң келесі жаққа үш шаршы салыңдар. /иық, бас қозғаламуы шарт/
IX. Рефлексия. «Күн шуақ» балалар сабақтан алған әсерімен бөлісу.
4- сабақ
«Біздің эмоциямыз»
Мақсаты: Елестетуді дамыту. Эмоционалды қалыпты ұзақ есте сақтауды дамыту.
Көрнекіліктер: сызбалар-эмоциялар, айна.
Сабақ барысы:
Тыныс алу жаттығуы «Шаршылар салайық»

3. Одан кейін алақанымызбенм көз алдымызда шаршы бейнесін сала отырып, демімізді баяу шығарамызАлдыңғы сабақта кім қандай эмоциональды қалыпты бейнелегенін еске түсіру.
Төмендегі үлгі бойынша эмоцияға байланысты сөйлем құрау.
Үлгі: Сауле көңілсіз
Арман ашулы
Қанат көңілді. т.б.
-
«Неге» ойыны.
Неге деген сұраққа байланысты құрылған сөйлемге эмоциялық сараптама жасау жаттығуы.
-
Үлгі бойынша сөйлемдермен келісім.
Қанат көңілді, себебі оған күшік сыйлады.
Арман ашулы, себебі оны біреу лай суға итеріп жіберді.
Сауле көңілді, өйткені оның қуыршағы сынып қалды.
-
Осы үлгі бойынша әрбір балаға сөйлемдер ойлап табу.
-
Неге деген сұраққа жауап ретінде эмоционалды қалыптардың сызбалары бойынша жауп беру.
-
«Шөп» жаттығуы /2 сабақ, 5 жаттығуды қара/
-
Электрондық дидактикалық ойын «Төртінші артық»
IV. Ойын: «Тастарды сыйға тарту ет»
Психолог:Балалар,қане мына қораптың ішінен барлығың бір-бір тастан алып,оны кімге сыйлағыларың келеді сол адамға мынадай сөздерді міндетті түрде :«Мен бұл тасты саған сыйлаймын,себебі сен ең....» деп айтып сыйлауларың керек.Ешқандай сыйлық тас алмаған балаларға жүргізуші сол баланың жақсы қасиеттерін айта отырып тасты өзі сыйлайды.
-
«Көзімізбен сурет салайық»
-
Электрондық дидактикалық ойын «Алдымен қайсысы,содан кейін не ?»Жетілдіру-дамыту ойыны.
-
Рефлексия. Гүлді беру арқылы сабақтан алған әсерін айту.
5- сабақ
«Табиғатқа саяхат»
Мақсаты: тыңдау зейінің, эмоциональды есте сақтау жадын, әр түрлі әдістер бойынша эмоционалды қалыпты табиғат дыбыстарымен салыстыра білу қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Ормандағы жауынның, күннің күркіреуінің, құстардың сайрағынын жазылған үн-таспалар, түрлі- түсті қарындаштар, қағаз, айна, сызба-эмоциялар.
Сабақ барысы:
I. «Ракета» жаттығуы
1.Мұрын арқылы терең әрі бояу тыныс ала отырып қолымызды екі жаннан жоғары қарай бояу көтереміз және аяғымызды ұшымен тұрамыз.
2.Демімізді ұстап тұрған күйі, жоғары қарай созылып тепе-теңдікті сақтаймыз.
3.АААА- деген дыбысты баяу дауыспен шығару арқылы демімізді шығарып қолымызды екі жанымызда түсіреміз. Табанымыз жерге толық тиеді.
4. Содан кейін мұрын арқылы тағы да терең тыныс алып, бастапқыдай жоғары созыламызда демімізді шығармай ұстап тұрамыз. Енді А дыбыс қысқа әрі тез дауыстау арқылы демімізді жылдам шығарамыз.
II. Отырып немесе жатып, денемізді бос ұстап табиғат дыбыстарын тыңдаймыз. Осы дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, оларды табуымыз керек.
III. Табиғат дыбыстарын эмоция қалыптарымен, адамның көңіл-күймен салыстыру.
-
Балалар табиғат дыбыстарына қандай көңіл-күй түрлері сәйкес келетінін анықтайды.
-
Сәйкес келетін эмоциялық-сызбаларды таңдайды.
-
Айнаға қарап осы эмоционалды қалыптарды бейнелейді.
Балалар өз қалаулары бойынша тыңдаған табиғат дыбыстарын түрлі-түсті қарындаштармен салады.
V. Электрондық дидактикалық ойын «Алтын балық»
VI Ойын :«Алтын балық»
Мақсаты:Қарым-қатынас дағдыларын дамыту,агрессиядан арылту.
Өткізілуі:ойынға қатысатын балалар бір-бірінің қолынан мықтап ұстап,иық тіресіп,біріне-бірі өте жақын,тығыз тұрып, шеңбер жасайды.Ойынды бастаушы бала шеңбердің ішінде , ол- алтын балық,ал шеңбер- балық аулайтын ау.Алтын балық шеңбердің сыртына,яғни аудан шығып кетуге тырысады,ал шеңбер жасап тұрғандар оны шығармаулары керек.Егер бала көпке дейін шеңберден шыға алмаса,онда жүргізуші балалардан оған сәл жеңілдік жасауларын сұрайды.
VII.«Шөп» жаттығуы /2 сабақ, 5 жаттығуды қара/
VIII«Толқын» жаттығуы
Басымызбен иегімізді қозғалтпай көзімізбен жоғарыдан-төмен, төменнен-жоғары қарай толқындар саламыз.
Рефлексия. Сурет салу арқылы өзінің көңіл-күймен бөлісу.
6- сабақ
«Табиғат кереметі»
Мақсаты: Есту зейінін, эмоциялық есте сақтау қабілетін дамыту, балалардың сөйлеу белсенділіктерін жетілдіру.
Көрнекіліктер: Орманның шуы, жапырақтардың сыбдыры, бұлақтың сыңғырлауы, құстардың сайрағаны жазылған үн-таспалар, түрлі-түсті қарындаштар мен қағаздар және айна.
Сабақ барысы.
-
«Ракета» жаттығуы

Еркін жатқан күйде табиғат дыбыстарын тыңдау, тұл кезде көз жұмулы болады.
Жаттығудың құрылымы:
Табиғат дыбыстарын мұқият тыңдау керек. Есте сақтап, не істегендерін айту. Жаз мезгілін еске алу арқылы сөзбен жеткізу.
-
Табиғат дыбыстарын адам көңіл-күймен сәйкестендіру жаттығуы.
-
Табиғат дыбыстарының қандай көңіл-күйге сәйкес келетінін түсіндіру.
-
Көңіл-күйге сәйкес келетін табиғат дыбыстарын бет-әлпеттің көмегімен айнаға қарап тұрып көрсету.
-
Естіген табиғат дыбыстарына байланысты түрлі-түсті қарындаштар көмегімен сурет салу.
Ойын «Аңдар жүрісі»
Сурет арқылы жануарлардың жүрісін келтіру.
-
«Тал» жаттығуы
-
Жоғары қарай созылып, алақаңдарымызды қосамыз.
-
Тепе-теңдікті сақтау арқылы алдыға-артқа теңселеміз.
-
Енді аяғымыздың ұшымен тұрып жоғары керілемізде тағыда желге тербелген тал сияқты алдыға-артқа теңселеміз.
-
«Толқын» жаттығуы. Басымыз бен иекті қозғалтпастан, көзімізбен оңнан –солға, содан кейін солдан-оңға қарай көлденең толқындар саламыз.
V. Электрондық дидактикалық ойын «Ұқсас затты тап»
-
Рефлексия. «Үлкен саусақ» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөлісу
7 сабақ
«Мұхитқа саяхат»
Мақсаты: Есту зейінін, эмоциональды есте сақтауды, эмоциялық қалыпты табиғат құбылыстарымен сәйкестендіре білу қабілетін дамыту. Елестету қабілетін жетілдіру.
Көрнекіліктер: мұхиттағы дауылдың дыбысы, шағалардың шуылы, мұхиттағы толқындардың дыбысы жазылған үн-таспалар, түрлі-түсті қарындаштар, қағаз, айна.
Сабақ барысы:
I «Шағала» жаттығуы.
1. Мұрын арқылы баяу әрі терең тыныс алыңдар.
2. Қолымызда иық деңгейіне дейін көтеріп, демімізді ұстап тұрамыз.
3. Оң аяғымызды бүгіп, көзімізді жұмып тепе-теңдік сақтауға тырысыңдар.
4. Баяу әрі терең тыныс шығару арқылы қол аяғымызды түсіреміз. Көзімізді ашамыз.
5. Қайтадан терең тыныс алу арқылы, қолымызды иық деңгейіне дейін көтеріп, тынысымызды шығармай ұстап тұрып көзімізді жұмамызда сол аяғымызды бүгіп тұрамыз.
6. Көзімізді ашпай, мұрын арқылы демімізді шығарамыз. Қолдарымызды түсіреміз, аяғымызды жазамыз.
7. Көзімізді ашайық.
II. Көзімізді жұмған күйі жерде еркін жатып мұхиттағы дауылдың, шағалалар шуылын, толқындардың дыбысын тыңдаймыз. Естіген дыбыстарды тауып, атаймыз.
-
Естіген дыбыстарды адамның көңіл-күйімен сәйкестендіреміз.
-
Адамның қандай көңіл-күйіне теңіздің қандай дыбысын сәйкес келетінін табу.
-
Осы қалыпты айнаға қарап көрсету.
-
Балаларға теңіз дыбысына сәйкес жасалған көңіл-күйге қарап теңіз дыбыстарын табу ұсынылады.
III. Теңізді түрлі түсті қарындаштармен салу.
Ойын: «Тырналар-бақалар»
Мақсаты:Зейінді жаттықтыру,қозғалыс белсенділігін бақылау.
Ойын шарты:Барлық ойыншылар шеңбер бойымен немесе бөлме ішінде еркін бағытта қозғалып жүреді.Жүргізуші алақанын 1-рет соққан кезде балалар сол тоқтаған жерде тырнаның бейнесін(бір аяқты көтеріп-бүгіп,екі қолды екі жанға соэу керек) келтірулері керек.Жүргізуші алақанын 2-рет соққанда балалар бақаның бейнесін жасау(отыру, өкшелерді қосып,екі тізені екі жаққа ашып,қолдарымызды екі аяқтың ортасынан өткізіп,алақандарымызды жерге тірейміз).Ал алақан 3-рет соғылғанда балалар жүруді жалғастырады.
IV. «Толқын» жаттығуы. / Басымыз бен иекті қозғалтпастан, көзімізбен оңнан –солға, содан кейін солдан-оңға қарай көлденең толқындар саламыз.
V. Электрондық дидактикалық ойын «Анасын тап»
Рефлексия. «Бағдаршам» әдісі бойынша балалар өздерінің көңіл-күймен бөліседі.
8 сабақ
«Табиғат құбылыстары»
Мақсаты: Ұзақ есте сақтау қабілетін дамыту. Сөздік қорды кеңейту. Берілген сөздерге сөйлем құрау қабілетін жетілдіру.
Көрнекіліктер: табиғат құбылыстары жазылған дыбыстар.
Сабақ барысы:
Амандасу-сәлемдесу.
Психолог: - Балалар тірі тіршілік иелерінің барлығын өзіңнің туыстарын сияқты аялап, қамқор болу керек екенін естерінде сақтап жүріңдер.
«Егер де күн болмаса, не болар еді?» /үнемі қараңғы, қорқынышты болады…/
«Егер де су болмаса, не болар еді?» / шөптер құрайды, қатты шөлдейміз/
«Егер де ауа болмаса, не болар еді?» /тыныс ала алмаймыз, т.б./
-
«Шағала» жаттығуы

Өткен сабақтағы естіген табиғат дыбыстарын еске түсіру.
-
«Белгі-сөздер мен қимыл-сөздер ойлап тап» жаттығуы.
Үлгі бойынша табиғат құбылыстары мен белгілерін сөздік қормен бейнелеу.
Үлгі:
Белгілері Іс-қимыл
/қандай?/ /не істейді?/
Бұлақ Бұлақ
Салқын ағады
Мөлдір жарқырайды
/Орман, теңіз, құстар, жаңбыр, жапырақтар,шағала/
-
Табиғат құбылыстарына байланысты сөйлем құрастыру.
-
«Шөп» жаттығуы /5 сабақты қара/
-
Электрондық дидактикалық ойын «Бағдаршам» Суреттерді құрастыру
-
«Гүл» жаттығуы
Басымызбен иекті қозғалтпай көзімізбен гүлдің суретін салайық. Үлкен 4 жапырақтан құралған гүлді сағат тілінің бағытымен, одан кейін қарсы бағытта көзбен салып шығамыз.
Рефлексия. Өзінің көңіл-күймен бөлісу
9 сабақ.
«Қоршаған орта және біз»
Мақсаты: Қоршаған ортада өз орнын анықтау. Сөздік қорды кеңейту. Диалогтік сөзді дамыту.
Көрнекіліктер: түрлі-түсті қарындаштар мен қағаздар.
Сабақ барысы:
-
«Үш бұрыштар салайық» жаттығуы. /үлгі бойынша 3 сабақты қара/
-
«Мен кіммін?» жаттығуы
-
Сұрақтарға жауаптар:
-
Сенің атын кім?
Сен неше жастасың?
Қайда тұрасың?
Сен қандай мемлекетте өмір сүресің?
Сен қай ауылда тұрасың?
Сенің жанұянда кімдер бар?
Сен ата-анаң үшін кімсің?
Жанұяда ең үлкені кім?
Кім бәрінен кіші?
Атаңа немесе апаңа сен кім боласың? т.с.с.
-
Жұмыстың жылдамдығы және өзіндік орындалуы бағаланады?
-
«Өзіңді қалай көріп тұрсың және қай жерде болғың келеді» тақырыбына сурет салу.
Құм терапиясы. Ойын «Қол іздері»
Ойын барысы:
Құмның тегіс беткі қабатында балалар мен ересек адам кезекпен қол іздерін салады:ішкі және сыртқы жақпен.Қолды сәл басыңқырап,құмда ұстап тұру және өз түйсігіңді сезіну маңызды. Балалар нені сезетіндігін айтып шығады.
Электрондық дидактикалық ойын «Алдымен қайсысы?»
-
« Көзімізбен үшбұрыштар салайық» жаттығуы. Сағат тілінің бағытымен үш реттен үшбұрышты көзбен саламыз, содан кейін қарсы бағытта тағы үш рет үшбұрышты саламыз. Бас пен иек қозғалмауы тиіс.
-
Рефлексия. Өзінің көңіл-күймен бөлісу
10- сабақ
«Мен қаңдаймын?»
Мақсаты: Балаларда өзін-өзі бағалау қабілетінің пайда болуы және оны дамыту. Эмоциялық қалыптарды түс арқылы бейнелеу.
Көрнекіліктер: түрлі-түсті қарындаштар, қағаз, айна.
Сабақ барысы:
Ойын «Күн шуағы»
Мақсаты: Психосезімдік ахуалдарын жақсарту.; баланың өз сезім әрекетін түсініп, әсерлене білу қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Балалар шеңбер құрып отырады.Психолог: Күн шуағы сендердің көздеріңе қарайды. Көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды.Алақаңдарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа, мұрныңа,аузыңа, бетіңнің ұшына, иегіңе түсті. Алақаңдарыңмен күн шуағының жолдарын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңнан,ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан,арқыңды сипап өтіп, желке тұсына барды.
Күн шуағы сені жылытып, аймалайды.Сен оған күліп қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.

«Мен қандаймын?» ойыны
Ойының құрылымы:
-
Балаларға өздерін мұқият айнадан көрулері ұсынылады.
-
Балалардың назары олардың сыртқы бет-әлпетіне және эмоциялық қалпына аударылады.
-
Сенің көздерің қандай керемет!
-
Олардың түсі қандай, қарашы!
-
Қас-кірпіктерің қандай!
-
Сен өзіңнің жымиғаныңа зер салшы! Олар саған сондай жарасымды!
-
Сен өзіңнің қандай әдемі екеніңе қуан!
-
«Мен қандаймын?» сұрағына балалардың жауабы.
-
Өз көңіл-күйіңді бейнелі
-
Ең бірінші ойларыңа не келеді, нені салғыларың келеді, соның суретін салыңдар.
-
Ол үшін өздеріңе қажетті қарындаштарды таңдап алыңдар.
-
Ең бастысы сендер өздеріннің көңіл-күйлеріңе сәйкес келетін түстерді таңдап алыңдар.
-
Сендер қандай ақылды, әдемі, сүйкімді екендеріңді естеріңнен шығармаңдар! Бұл өте қажет.
-
«Қуыршақтар» жаттығуы
Жерге жатқан күйде орындалады:
-
«Жұмсақ аю». Денемізді еркін ұстаймыз, әрі жұмсақ, әрі жеңіл күйде жатамыз.
-
«Буратино» Денеміз қатты әрі ағаш тәрізді. Психолог 10-15 сек ішінде команданың орындалғанын бақылайды.
-
Қайтадан «Жұмсақ аю» -15-20 секунд.
Электрондық дидактикалық
ойын «Дүкеннен қандай
азық-түліктерді сатып алу керек,
Буратиноға есте сақтауға
көмектес.
-
«Серіппелер» жаттығуы /көзге арналған/
Алдымен аңнан-солға қарай, содан кейін солдан-оңға қарай көлденең серіппелерді көзімізбен саламыз. Бас пен иек қозғаламауы тиіс.
Рефлексия. Доп лақтыру арқылы өзінің көңіл-күймен бөлісу
11- сабақ
«Қарым-қатынас жасайық»
Мақсаты: Коммуникативті қабілетті дамыту. Бір-бірімен қарым-қатынасты бағалау. Елестету, диалогтін сөзді жетілдіру.
Көрнекіліктер: түрлі-түсті қарындаштар, қағаз, жіп, бар, сюжетті картинкалар- «Екі қой»
Сабақ барысы:
I.«Әнші» тыныс алу жаттығуы /1 сабақты қарау/
II. «Екі қой» әңгімесі. Бірде тау арасымен жайылып келе жатқан қара қой тар көпір арқылы өзеннің арғы бетіне өтпек болады. Осы уақытта ол алдынан көпір арқылы өтпек болған ақ қойды көреді. Сонда қара қой былай дейді:
-
Бауырым, көпірден екеуміз бірдей өте алмаймыз, сондықтан сен жолымды бөгеме! Сонда ақ қой оған қасарысып:
-
Жоқ, көпірден бірінші мен өтуге тиіспін-дейді. Осылай екеуі келісе алмай бір-бірімен сүзісе кетеді. Еку қой алысып жүріп, екеуде көпірден құлап, суға батып кетіпті:
Психологтың сұрағы:
-
Кәне балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, неге бұлай болды?
-
Қойлардың қандай қасиеттері оларды суға батырды?
Болған оқиғадан дұрыс шығу жолы болды ма, ойлаңыздар және жауап беріңдер!
Сендердің ойларыңша қойлар қалай істеу керек еді, қалай ойлайсыңдар?
Егер қойлар қырсықпай бір-біріне жол бергенде мысал-әңгіме қалай аяқталар еді?
-
«Екі қой» сюжетін қарау.
-
Суретте мысал-әңгіменің қай түсі бейнеленген.
-
Мысалда тағы қандай суреттер салуға болар еді, ойланыңдар!
-
Мысалға байланысты сурет салу.
Құрылымы:
-
Суретті қалаған жұптарың мен бірге салыңдар.
-
Қарындаштарды таңдап, қандай сурет салатыңдарыңды екеулеп ақылдасыңдар.
-
Суретті бір парақта сала отырып, оны бір-біріңе беріңдер. Ондағы суретті талқылап, өз ойларыңды білдіріңіздер.
Жаттығу:«Екі қой»
Мақсаты: невербалды агрессиядан арылу,баланың ашу-ызасын,жағымсыз энергиясын шығарып тастауға мүмкіндік беру.
Жүргізуші ойынға қатысушыларды жұпқа бөліп,мына сөйлемді оқиды:«Таңертең ерте екі қошқар көпірде кездесіп қалады.Олар бір-біріне жол бергілері келмейді».Ойынға қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы кеуделерін тік ұстап тұрып,аяқтарының арасын алыс ұстап,алақандарымен алақандарын,маңдаймен маңдайларын тіреп бірін-бірі итеріп,орнынан қозғалтуға тырысады.Ойын шарты бойынша орнынан қозғалмай ұзағырақ тұру керек және міндетті түрде қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.
-
«Тау жолы» ойыны
Ойынның құрылымы:
-
Өздеріңді биік тау арасындамыз деп елестетіңдер. Біздің алдымызда биік асу тұр, осы асудан өтуіміз керек. Сендер бір-біріңе қарсы келесіңдер./ екі қойды еске түсіріңдер/. Осы асудағы құздан құлап кетпеуіміз керек. Сендер өте жіңішке жол және жіңішке көпір арқылы жүретіндеріңді ұмытпаңыздар.
-
Өткелдің ені 2 м, ал көпірдің ені 25-30см. Жіппен немесе бормен сызылған.
-
Балалар жұп болып бөлінеді. Бір-біріне қарсы жүру арқылы өтеді.
Қорытынды.
Қай жұр барлығынан жақсы өтті? Неге? Жолдасына деген көңіл бөлу, өзара көмектесу, белсенділік, ең қолайлы шешім қабылдау және орындау уақыты бағаланады.
Қорыта айтсақ тек бір-бірімізге көмектесе отырып, жолдасымызды мұқият тыңдасақ, қарсыласпай, бірлесіп, ойланып жұмыс істесек қана қиындықтарды жеңе аламыз.
Электрондық дидактикалық ойын «Заттың шеткі жиегін тап!»
Психолог кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші »
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін, көңіл күйлерін жетістік баспалдағына іледі
12 –сабақ
«Бауырсақ»
Мақсаты: Шығармашылық қабілеттілікті дамыту.
Көрнекіліктер: «Бауырсақ» эмоциялық-сызба бейнелер./ 3 сабақты қара/, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.
Сабақ барысы:
I.«Бауырсақ» тыныс алу жаттығуы

II.«Мен бүгін ең...» жаттығуы
1.Сурет сызбалардағы бауырсақтарға қараңдар. Олардың түрлері қандай? Қай суретте Бауырсақтың түрі ең қуанышты /көңілсіз, қорыққан, ашулы/? Бауырсақтың қуануына не әсер болды? /қорқыуына, мұнайуына, ашулауына/ ойланып, жауап беріңдер.
2. Бауырсақтың тарихын тыңдаңдар және әр жағдайға сызба-сурет таңдап алыңдар.
А) Біз күлкілі оқиғаны оқыдық – және барлығымазға өте күлкілі болды.
Б) міне Жаңа Жылда келді. Бұл менің ең сүйікті мерекем. Мен Аяз ата, Ашақармен көңіл көтеретін боламын.
В) Жаңбыр жауып, ауа райы бұзылды. Маған үйде қалу керек болды. Мен терезе алдында далаға қарап отырмын.
Г) Жаңбыр әлі жауып тұр. Мен үйде жарғыз отырмын. Ал ата – анам әлі келген жоқ.
Д) Менің тісім қатты ауырып тұр. Сондықтан мен мерекеге бармай, тіс дәрігеріне бардым.
Е) Мен қанша тырыссам да, үй тапсырмасын орындай алмадым.
Ж) Мен өте әдемі сурет салдым. Ал балалар оны жыртып тастады.
З) Маған қиын тапсырма берді. Мен ойланып қалдым. Мүмкін орындай алмайтын шығармын.
И) Мен жаңа топқа келдім. Айналамда таныс емес балалар. Олар мені қалай қабылдайды? Олар менімен ойнай ма?
К) Жаңбыр жауып, найзағай жарқырап тұр. Мен найзағайдан қатты қорқамын.
Л) Мен кішкентай баланың машинасын тартып алдым. Ол жылап қалды.
М) Маған түгін балмұздақ сатып әперді.
ΙΙΙ. Өз көңіл – күйлеріңді түрлі- түсті қарындашпен салыңдар.
ΙV. «Бауырсақтың суретін салайық» жаттығуы.
Баспен иекті қозгалтпай, көзімізбен сағат тілінің бағытымен үш рет дөңгелек, содан кейін қарсы бағытта 3 рет дөңгелектің суретін саламыз.
V.Бауырсақтың түрі қандай болды, еске түсіріп, айтыңдар. Оған ұқсас оқиғаларды айтып беріңдер.
VI. Құм терапиясы «Ертегі алаңы»
Электрондық дидактикалық ойын «Кімнің көлеңкесі»
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
13 – сабақ
«Шағала»
Мақсаты: Коммуникативті қабілеттілікті дамыту.
Көрнекіліктер: үлкен қағаз парақтар, фламастерлер, орамалдар.
Сабақ барысы.
Ι. «Шағала» тыныс алу жаттығуы.
ΙΙ. «Үй тұрғызайық» ойыны.
Ойын құрылымы:
Балалар жұптасып, бір-біріне қарап отырады. Жүргізуші әр жұптың қолдарын орамалдармен байлайды. Байланған қоладына фломастер ұстатамыз. Байланған қолдарымен әр жұп үлгі бойынша үйдің суретін салады.(Психолог тақтаға алдын ала салып, оны балаларға көрсетеді).
ΙΙΙ. «Белгі сөздерді таңда».
Қандай үй?
«Жанды сөз».
Үй сөзіне сараптама жаттығу.
-
Нақты әрі ұзақ үй сөзін айту., Содан кейін тез, әрі қысқа түрде үй сөзін дауыстап айтамыз.
-
Ү – дауысты дыбысын қатты дыбыстаймыз.
-
Белгі бойынша балалар дом сөзін оңнан солға, солдан аңға қарай дауыстап оқиды.
VI. Ойын:«Кенгуру»
Мақсаты:Топтың ұйымшылдығын дамыту,бірлесіп қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру.
Ойын шарты:Ойынға қатысушылар жұпқа бөлінеді.Олардың бірі кенгуру – тік тұрады,ал екіншісі оның баласы - алдына келіп отырады.Екі ойыншы да бір-бірінің қолынан ұстайды.Ойын шарты бойынша әр жұп осы қалпында қолдарын үзбей,қарсы жақта тұрған жүргізушіні айналып секіріп жүріп өтулері керек.Ойын барысында жұптағы ойыншылар басқаларымен де алмаса алады.
Талқылау:Ойынға қатысушылар өз ойларын, ойыннан алған әсерлерімен бөліседі.Одан кейін олар осы ойынның күнделікті практикада қолданылуын талқылайды.
V.«Көзбен үй саламыз» жаттығуы. (3 – сабақ VΙ жаттығудың үлгісі бойынша)
VI. Электрондық дидактикалық ойын «Цифрды тап»
VII. Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
14 сабақ
«Сәлемдесу»
Мақсаты: Балалардың коммуникативті және шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту.
Көрнекіліктер: түрлі – түсті қарындаштар, қағаздар, эмоциялық қалыптар бейнеленген әр түрлі сызба – суреттер.
Сабақ барысы:
Ι. «Ракета» тыныс алу жаттығуы.
ΙΙ. «Сәлем» ойыны.
Қарым – қатынас жаттығуы.
Ойын барысы:
1.Амандасу нені білдіретіндігін ойлаңдар.
Біз адамдарға «сәлем» деп айтқан кезде оларға не тілейміз?
Тағы қалай амандасуға болады?
Тағы қандай сөздер қоладынлады?
2.Еш сөз қолданбай амандасайық.
А) амандасу сызбалары көрсетілген суреттерді қарау.
Б) адамдар бір – бірімен сөйлемей қалай амандасады? Сол туралы бейнеленген суреттер.
3. Амандасушы адамдардың олардың бер - әлпетінің түрлерімен сәйкестігін қарау.
Эмоциялық қалыптар бейнеленген суреттер бойынша амандасуды білдіретін суреттерді іріктеу.
ΙΙΙ. Амандасу кезіндегі бет - әлпеттің суреттерін салу.(балалардың қалауы бойынша)
Ойын: «Ау!»
Ойын шарты: Бір бала қалған балаларға арқасымен теріс қарап,орманда адасқан адамды бейнелейді.Ал,артындағы тұрған балалардың арасынан біреуі оған «Ау!»-деп айқайлайды.Орманда «адасқан» бала оның кім екенін табуы керек.Бұл ойынды балаларды бір-бірімен таныстыру кезінде сәтті қолдануға болады.
ΙV. «Қуыршақтар» жаттығуы.(10 –сабақ)
-
«А - әрпін көзбен 5 – рет жазу» жаттығуы.
-
Электрондық дидактикалық ойын «Бір сөзбен ата»
Бұл ойынға суреттер көрсетпей-ақ сөзбен айтуға да болады. Ойын жүргізуші бірнеше заттардың атын атайды да, бір ойыншыдан бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды. Мысалы:
-
Автобус, машина, трактор, ұшақ.
-
Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш
-
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
15 – сабақ
«Жақсылық жасайық»
Мақсаты: Коммуникативті және байланыс, қарым – қатынасты дамыту. Сөздік қорды кеңейту.
Көрнекіліктер: Балалардың санына қарай ойыншықтар ,эмоциялық қалыптарың сызба суреттері, түрлі – түсті қарындаштар, қағаз.
Сабақ барысы:
-
«Әнші» тыныс алу жаттығуы /1 сабақты қара/
-
«Жақсылық жасамаған адамға ешкім жақсылық жасамайды» диалогы бойынша талдау.
-
Әңгімені оқу.
-
Қанат! Саған қаламыңды бере тұршы.
-
Менің өзіме керек, өзіңдікі бар емес пе?-дейді Қанат.
-
Қанат! Кітаптарымды сөмкеме салысып жіберші өтінемін?
-
Кітаптар сенікі, өзің сал! – деп жауап берді Қанат.
-
Сұрақтарға жауап беру.
-Бала Қанаттан нені сұрады?
- Ол қалай сұрады?
- Тағы басқалай сұрауға болар ма еді?
- Сұрағанда қандай сөздерді қолдануға болады?
-Баланың сұрағынан Қанат орында ды ма?
-Қанат оған қалай жауап қайтарды?
- Қанаттың бұл жауабына не деуге болады?
-Егер сұранысыңды орындамаса не істеуге болады?
-Көмектен бас тартуға бола ма?
-Адамды ренжітпеу үшін бас тарту қандай болуы керек?
III. «Берші»-драмалық ойыны /жоғарыдағы әңгіме желісі бойынша/
а/ Бас кейіпкерді өзгерту арқылы /әрбір бала сұраушы баланың рөлінде ойнауы керек/
б/ қарындаштың орнына әр түрлі ойыншықтар алынады.
в/ Ең бастысы-диалогтың мінезі мен сөйлеу екпіні өзгертіледі.
Ойын алдында төмендегі сәттер қайталанып ескеріледі.
Сен қалағаныңды алу үшін қалай сұрау керек?
Бұл жағдайда қандай сөздер қолданамыз?
Сұрағына жауап беруші не айтуы қажет?
Егер сұрағыныңа бас тартса не істеу керек?
Ойын ойнатылады.
Сұраныста және бастартқанда дұрыс форма қолданған бала фишкалар алады. Ойын соңында ең көп фишка жинаған бала ең сыпайы жаңімпаз атанады.
-
Адам келбетінің жоғарыдағы ойынға сәйкес суреттерін бейнелеу.
-
Ұсынылатын жағдайлармен танысу
Адам бірдеңе сұрайды. Оның сұраған нәрсесінен бас тартты. Ол бәрібір өздегеніне жетті: оның өтінішін орындады.
-
Осы жағдайларға сәйкес эмоциялық қалыптар сызба-суреттерді таңдап аламыз.
-
«Көзімізбен А әріпін үш рет, О- әріпін бес рет саламыз» жаттығуды басымыз бен иекті қозғалтпай орындаймыз.
-
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
16-сабақ
«Ит адам досы»
Мақсаты: Коммуникативті қабілеттілікті дамыту. Кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру.
Көрнекіліктер: үлкен парақ қағаздар, фломастерлер, орамалдар, контурлық суреттер: тұрған ит, отырған иттің суреті; геометриялық формада бейнеленген жануарлардың сызбасы, отырған иттің сызба-нұсқасы.
Сабақ барысы:
-
«А,О әріптерін жазайық» тыныс алу жаттығуы /3сабақ, 1 жаттығуға ұқсас/
-
Отырған және тұрған ит бейнеленген суреттерді қарау.
-
Қандай? деген сұраққа жауап беретін белгі-сөздер және не істеді? деген сұраққа жауап беретін іс-қимыл сөздер таңдау.
-
Иттердің контурлы бейнелерін геометриялық формалар арқылы берілген жануарлармен салыстыру, жауаптарын іздеу, мұндағы контурлы сурет-геометриялық формада бейнеленген.
-
«Егіздер» ойыны.
Ойының құрылымы:
-
Іріктеп алынған суреттерді мұқият қарау
-
Балалардың жұпқа бөлеміз.
а/ біреуінің көзі байланған;
б/ ал екіншісі- оның «көзі»
-
Екеулеп тұрған немесе отырған иттің суретін салады. Суретті көзі байлаулы егіздің сыңары салады. Ал екіншісі- «оңға, солға, жоғары, төмен» деген бұйрақтарды беру арқылы көмектеседі.
-
Жұмысты аяқтағаннан кейін «егіздер» рөлдерін ауыстырады. Ойын қайталанады.
-
Жүргізуші «көз» бала рөлі жеткіліксіз жағдайда оның орнын психолог алмастырады.
-
«Көзбен А-әріпін, О-әріпін 3рет» жазамыз.
-
Электрондық дидактикалық ойын «Көңілді кірпі»
-
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
17-сабақ
«Елестету»
Мақсаты: Бұлшық еттердің шиеленісінен арылу қабілеттілігін дамыту. Елестетуді жетілдіру.
Көрнекіліктер: балаларға арналған релаксациялық музыкалар, түрлі –түсті қарындаштар, қағаз.
Сабақ барысы:
-
«Әнші»- тыныс алу жаттығуы.

Релаксациялық тренинг:
-
Еденге ыңғайланып жатыңдар. Әуенді мұқият тыңдаңдар. Өздеріңді өте әдемі, әрі жылы, тыныш жерде жатырмыз деп елестетіңдер. Денемізді толықтай еркін ұстаймыз. Ойымыз аспандағы қалықтаған бұлттар тәрізді жүзіп жүрсін.
-
Көздеріңді жұмған күйде, көз алдарыңда не елестегенін көруге тырысыңдар.
-
Енді аяғымыздың ұшын алдыға қарай созып, рл қолымызды басымздан жоғары қарай созып керілеміз. Барлық денеміз тартылған шек тәрізді. Дене мүшелеріміз ширығып тұр.
-
Ал қазір қайтадан денемізді босатып, өзімізді еркін ұстаймыз.
-
Елес бойынша сурет салу. Қолдарыңа қағаз, қарындаш алып, көздерің жұмулы жатқанда не көрдіңдер соны салыңдар.
-
«Қуыршақтар» жаттығуы /10 сабақты қара/
-
Көзге арналған жаттығу. «Шеңберлердің шынжыр салайық. Бұл жаттығуды бас пен иек міндетті түрде қозғалмауы тиіс.
Ойын «Сиқырлы дорба»
Ойын жүргізушінің қолында сыңарымен және сыңары жоқ ұсақ заттар салынған сиқырлы дорба болады ( екі қасық, түймелер, ұсақ ойыншықтар, екі қолғап, моншақтар т.б.) Ойын жүргізуші бір ойыншыны шақырып, қолын дорбаға салып, қандай заттар бар екенін және олардың сыңарларын ұстап көру арқылы анықтайды. Ойын жүргізуші сиқырлы дорбадағы заттарды үстел үстіне шығарып, ойыншының жауабын тексереді. Келесі ойынға дорбаға басқа заттар салынады.
-
Құм терапиясы «Менің алаңым»

18- сабақ
««Неден кейін не?»»
Мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту.Уақытша көріністерді бағдарлауды жетілдіру.
Көрнекіліктер: жылдың төрт мезгілі салынған суреттер, түрлі-түсті қарындаштар, қағаз.
Сабақ барысы:
-
«Шыбын» тыныс алу жаттығуы.
-
Қолымызды баяу жоғары көтеріп, мұрын арқылы терең тыныс аламыз.
-
Жоғары күнге қарай созыламыз-денемізді ұстап тұрамыз.
-
Оң жаққа қарай иілу арқылы демді ауыз арқылы баяу шығарамыз.
-
Мұрнымызбен терең әрі баяу тыныс аламызда түзу тұрамыз. Тағыда демімізді шығармай ұстап тұрамыз. Қолымыз жоғары көтерулі күйде.
-
Баяу демді ауыз арқылы шығарып солға қарай иілеміз.
-
«Неден кейін не?» ойыны.
-
Жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді көру.
-
Оларды белгілері бойынша қай мезгіл екенін атау.
-
Суретті мезгілге байланысты талдау.
-
Әр мезгілге байланысты түске мінездеме беру.
-
Әрбір жыл мезгіліне сәйкес белгілеріне сөздер ойлап табу.
-
«Тал» жаттығуы / сабақты қара/
-
Түрлі-түсті қарындаштармен жыл мезгілдерінің суретін салу.
-
«Дейін –аралығында-кейін» ойыны. Жыл мезгілдерін бағдарлауға байланысты жылдамдыққа ойналатын жаттығу.
-
Қыстан кейін қай мезгіл?
-
Қысқа дейін?
-
Қыс пен жаздың аралығында? т.с.с
-
VI. Көзге арналған «Көзімізбен күн салайық
жаттығуы.
Электрондық дидактикалық ойын «Алдымен қайсысы,содан кейін не?»
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
19- сабақ
«Үлкендер әлемі»
Мақсаты: Үлкендер әлеміне деген қызығушылықты дамыту. Әр түрлі адамдардың еңбегімен танысу. Көру жадын дамыту.
Көрнекіліктер: әр түрлі мамандық иелері бейнеленген суреттер аспазшы, дәрігер, мұғалім, құрылысшы, шофер, спортшы, қарындаш, қағаз.
Сабақ барысы:
-
«Отыншы» тыныс алу жаттығуы.
-
Қолымызды төмен түсіріп саусақтарымызды айқастырып, алақанымызды біріктіреміз.
-
Мұрын арқылы баяу, терең тыныс алып қолымызды жоғары көтереміз.
-
Демімізді шығармай ұстап тұрамыз.
-
У-дыбысын дауыстау арқылы жылдам демімізді шығарамыз, сонымен бірге қолымызды балта ұстаған қалып тәрізде жылдам төмен түсіреміз.
-
«Біз не істейтінімізді көрсетеміз» ойыны.
Ойын құрылымы:
-
Балалар мамандыө иелері бейнеленген суреттерді мұқият қарап алады.
-
Әр бала өзіне ұнаған, өзі қалаған суретті таңдап, бірақта қалған балаларға көрсетпейді. Ол үнсіз ым-ишара арқылы қоландағы суреттегі мамандық иесін көрсетуі керек.
-
Балалар ол мамандықты тауып, оның не істейтінін әңгімелеп берулері шарт.
III. «Мен өскенде кім болам?» тақырыбына сурет салу. Балалар неліктен ол мамандықты таңдағанын түсіндірулері тиіс.
IV.Көру, есте сақтау жадын дамыту үшін «Суретті есіңе түсір және ата» ойыны ойналады./ әр түрлі мамандық иелері бейнеленген 8 сурет көрсетіледі./
V.Сколиозға қарсы «Ұшқыш» жаттығуы. Қолдарымызды жанымыздан иық деңгейіне дейін көтереміз. Қолымызды түсірмей, аяқтарымызды бүкпей денемізбен аңға-солға бұрыламыз. Жаттығу 5-6 рет қайталанады.
VI.«Көзімізбен геометриялық фигуралар салайық» жаттығуы. Көзбен шеңбер, шаршы, үшбұрыштарды алдымен сағат тілі бағытымен, кейін қарсы бағытта бас мен иекті қозғалтпай саламыз.
VII. Ойын:«Мейірімді-қатігез,көңілді-көңілсіз»
Мақсаты:Бет бұлшықеттерінің жазылуына көмектеседі.
Мазмұны:Жүргізуші, балаларға өздерінің сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерін естеріне түсіруді ұсынады.Содан кейін мынадай сұрақтар қойылады:«Ол кейіпкерлердің қайсысы ең мейірімді?Қайсысы ең қатыгез?Ең көңілдісі кім?Ең көңілсізі кім?»Бұдан кейін бала барлық аталған кейіпкерлерді қағаз бетіне салады.Жүргізуші:«Мен,қазір осы кейіпкерлердің біреуінің бейнесін саған көрсетемін,ал сен табуың керек.»Жүргізуші көңілді түр жасайды,ал бала оның қай кейіпкер екенін табады.Содан кейін бала бір кейіпкердің бет-жүзін келтіреді,ал жүргізуші табады.
Электрондық дидактикалық ойын «Бірдей фигураларды тап»
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
20-сабақ
«Үлкендер әлемі»
Мақсаты:Үлкендердің жұмысы жайлы ұғымды кенейту. Еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру.Елестету мен бейнелеуді дамыту .Ұзақ есте сақтауды жетілдіру.
Көрнекіліктер:әр түрлі мамандық иелерінің суреттері (19-саб.қара):еңбек құрал-жабдыктары,
1)кастрюля,пышақ,ожау;
2)ара, балта:
3)дәрі-дәрмек:
4)кітап,қалам,дәптер.
5)ине-жіп,қайшы
6)қылқалам,бояулар;
7)автомашина;қарындаш,қағаз.
Сабақ барысы
І. ,,Насос” тыныс жаттығуы.
1.Қолымызды төмен түсіреміз.
2. Мұрын арқылы терең тыныс ала отырып, қолымызды бүгіп иық деңгейіне дейін көтереміз.
3. Демімізді ұстап тұрамыз. Жұдырығымыз жұмылу, шынтағымызды бүгеміз.
4. УУУУ-дыбысын баяу дауыстай отырып, қолымызды денемізді төмен қарай сырғытамыз.
II. «Жұбынды таңда» ойыны.
Ойын құрылымы:
1.Алдыңғы сабақтан мамандық иелері бейнеленген суреттерді еске түсіру. Осы суреттер тағы бір мәрте көрсетіледі де, содан кейін теріс ауларылып қойылады.
2.Балалар теріс қаратылған суреттерді табады./Әр бала өзі тапқан суретті табады/
3.Еңбек құрал-жабдықтары бейнеленген суреттерді қарау, олардың аттарын атап, кімге және не үшін қажет екенін айтып беру.
4.«Бір-екі-үш» деген белгіден кейін балалар жылдам өз қолдарындағы мамандық иелерінің суреттеріне сәйкес еңбек –құралдарының суреттерін табулары тиіс.
III.«Маған не қажет?» тақырыбына сурет салу.
1.Балалар өздері өскенде кім болғылары келетінін және ол жұмыста қандай құрал-жабдық қажет екенін айтып берулері шарт.
2.Олар өздері қалаған мамандық бойынша қажетті құрал-жабдықтырдың суретін салу.
IV.«Егер ол болмаса» ойыны. /елестетуді дамыту/
1.Балаларға «Жұбын таңда» ойынындағы суреттерді еске түсіру ұсынылады. Содан кейін оларға көздерін жұмып, егер өздері қалаған мамандық Жер бетінен жоғалып кетсе не болатынын елестетулері керек.
2.Балалар кезкпен егер ол болмаса, не болатындығы туралы әңгімелеп беру.
V.«Көзімізбен қисық сызықтар саламыз» жаттығуы. Алдымен солдан оңға, содан кейін аңнан-солға қарай баспен иекті қозғалтпай саламыз. Жаттығу 15-20 сек жалғасады.
Электрондық дидактикалық ойын «Тура сондай фигураны тап»
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
21- сабақ
«Мен-спортшымын»
Мақсаты: Спорт пен дене тәрбиесіне қызығушылықты арттыру. Есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Көрнекіліктер: Спортшылардың суреттері: баскетболшы, футболшы, жүзгіш, шаңғышы, тенисші, желаяқ, хоккейші. Қарындаштар, қағаз.
Сабақ барысы:
I.«Үш кішкентай шарды үрлеп жарамыз»-тыныс алуға арналған жаттығу.
1.Қолымызды бүгіп, кеудемізге дейін көтереміз.
2.Үш рет үзіп-үзіп тыныс аламыз-сонымен бірге қолдарымызды шар үрлеген кезде үлкейген тәрізді үш рет жанға қарай ашамыз.
3.Демімізді ұстап тұрамыз.
4.Енді О-дыбысын дауыстау арқылы демімізді бірден шығарып, екі алақаңымыз бір-біріне жылдам соғылады. Яғни шар жарылған сәтте болатын жағдайда болады. Жаттығу 4-5 рет қайталанады.
II.«Мен-спортшымын» ойыны.
Ойынның құрылымы:
1.Спортшылардың суреттеріне қарап, оларды атау.
2.Теріс қаратылған суреттерді табу. /Табылған суреттерді спортшы бейнелерін әр бала өзі тапқан сурет бойынша алады/
3.Әр бала өз суреті бойынша жеке-жеке өз спортшысы туралы айтып береді. /не істейді?қандай спорт түрімен айналасады?/
III.«Жаңғырық» ойыны
Психолог спортшыны атайды, ал «жаңғырық» бала-аталған спортшыға керекті құрал-жабдықты жылдам атауы тиіс.
Конькиші- Шаңғышы-
Футболист- Штангист-
Тенисші- Боксшы-
Велосипедші- Мерген-
IV«Мен спортшымын» ойыны
1.Әр бала өз спортшысының атын атамай, оны қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді.
2.Қалған балалар оның қимылына қарай қандай спортшы екенін табады.
Психогимнастика
-
«Көзбен доптар саламыз» жаттығуы. Сағат тілінің бағытымен бас пен иекті қозғалтпай 3 рет допты саламыз, содан кейін 3 рет қарсы бағытта саламыз.
-
Электрондық дидактикалық ойын «Қарапайым математика»
-
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
22- саба
«Менің бос уақытым»
Мақсаты: Бос уақытты бағалай білуге, оны қызықты әрі пайдалы өткізуге үйрету.
Көрнекіліктер: музыкалық аспаптар бейнеленген суреттер: баян, скрипка, барабан, домбыра, гитара, балалайка; спорттық құрал-жабдықтар: ракетка, коньки, штанга, шаңғы, доп, бокс қолғабы; кітаптар, қағаз, қарындаштар.
Сабақ барысы
I. «Баян» тыныс алу жаттығуы
1. Қолдарымызды бүгіп кеуде тұста ұстаймыз.
2. Мұрын арқылы баяу тыныс ала отырып баянист тәрізді қолымызды екі жанға қарай ашамыз.
3. Бірнеше секунд демімізді ұстап тұрамыз.
4. А-А-А-А-А-дыбысын дауыстау арқылы, ауыздан демімізді шығара отырып қолымызды жинаймыз.
II. «Арманның демалыс күні» атты әңгімені оқу.
Сағат түскі 12-ні соқты. Арман көзін жаңа ғана ашып, ұйқысынан оянды. Төсектен тұрмастан, ол теледидардың қосқышына қолын созды да оны қосты. Ол бірнеше сағат мульфильмдер мен кинолар көрді.
- Қой тұрмасам болмайды,- деп ойлаған Арман аяғын әрең басып жуанатын бөлмеге қарай беттеді. Ол бір-екі рет бетін сумен жуды да сүртінбестен қайта келіп теледидардың алдына жайғасты. Теледидардан тағы да мульфильмдер көрсетіп жатыр екен. Ол ас үйдегі дастарханға отырмай қолына екі-үш тоқашты алды да теледидар алдында отырып жей бастады.
Міне осылай кеште батты.
- Арман төсегіне қайта жатқалы жатып, мен бүгін қатты шаршадым деп ойлады да ұйқыға кірісті.
Сұрақтар:
Арманның демалыс күнін қалай атауға болады?
Оны денсаулыққа пайдалы деп айтуға бола ма?
Неге ондай демалыс денсаулыққа зиян?
Арман нені дұрыс істемеді ?
Оған қалай демалу керек еді?
IV. «Мен қалай демалғым келеді» тақырыбына сурет салу.
-
«Көзімізбен доптар салайық» жаттығуы /21 сабақты қара/
-
Электрондық дидактикалық ойын «Артық фигура»
-
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
23- сабақ
«Емхана»
Мақсаты: Өз денсаулығын мен жақындарыңның денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Қиын жағдайлардан шығу жолдары мен ауырған адамдарға көмек көрсетуді үйрету.
Көрнекіліктер: «Емхана» ойынның сюжеттері бейнеленген суреттер /медициналық құралдар, қуыршақ, дәрілер/; қағаз, қарындаш, фишкалар.
Сабақ барысы.
I. «0-ден 3-ке дейін цифрлар жазамыз» тыныс алу жаттығуы./16 сабақты қара/
II. К.Д. Ушинскийдің «Дәрі-дәрмек» әңгімесін оқу.
Әңгіме «Дәрі-дәрмек»
Әселдің мамасы ауырып қалды. Ал дәрігер оған ашты дәрілер жазып береді. Мамасы дәріні әрең ішкенін көрген Әсел оған:
- Мама! Қиналсаң дәріні маған берші, сен үшін мен ішейін,-дейді.
2. Сұрақтар:
Әсел неге дәріні ішпек болды?
Әсел мамасына жақсылық па әлде жамандық ойлады ма?
Әселдің бұл қылығы дұрыс емес. Мамасы тез жазылып кету үшін қалай істеу керек еді?
«Жедел жәрдемді» қай кезде және қалай шақырады?
3. Балалар әңгімедегі Әселдің қылығына түзету енгізіп, өз ойларын айтулары қажет.
III. «Қуыршағым ауырып қалды» ойыны.
Ойынның құрылымы:
1. Әр бала дәрігер рөлінде ойнап шығуы тиіс.
2. Ол қуыршақтың ауруын анықтайды. Қуыршақты емдеуге қажетті құралдарды таңдайды: термометр, дәрі, градусник, шприц т.б.
3. Ойындағы іс-қимылға кірісу:
а/ алдымен қуыршаққа не болғанын, неге олай болғанын айтып береді;
б/Содан кейін «қуыршаққа» көмек көрсетеді және «дәрігер» ретінде не істегенін айтады.
IV. «Жедел-жәрдем машинасы» сурет салу.
Кіріспе әңгімені:
«Жедел-жәрдем» машинасын кім көрді?
Ол не үшін қызмет жасайды?
Неге «Жедел-жәрдем» деп аталады?
«Жедел-жәрдемді» қалай шақырамыз?
«Жедел-жәрдем» машинасы қандай болады?
Оның эмблемасы қандай? Сурет салу.
-
«Қозғалмалы қарындаш» жаттығуы. Кез-келген түрлі-түсті қарындашты таңдап алыңдар. Енді оның тегіс ұшынан ұстап, қолымызды алдыға созамыз. Көзімізді қарындаштың үшкір ұшына бағыттап одан көз алмай қараймыз. Содан кейін, қарындашты бетімізге /20 см-ге дейін/ баяу жақындатып, үшкір ұшынан көз алмай қараймыз. Жаттығу тұрып орындалады. 4-5 рет қайталау.
Жаттығу:«Тіс дәрігерінің кабинеті»
Психологтың шарты:
1.Сіз алдын-ала тіс дәрігеріне жазылып қойдым деп ойлаңыз.Бүгін,сіз жазылған күн.Сіз үйіңізден шығып ,тіс емдеу емханасына қарай бет алдыңыз.Міне,баспалдақпен көтеріліп, дәрігердің кабинетінің есігін ашып сағатыңызға қарадыңыз.Сіздің сағатыңыз тура сол сіз жазылған уақытты көрсетіп тұр.
2.Сіз кабинетке кіріп,креслоға жайғастыңыз.Сіздің оң жағыңызда медициналық құрал-саймандар салынған шыны арбаша,сіз осы құрал-
саймандарға қарап сіздің тістеріңізге осы суық темірлер тиетінін сезесіз.Сол жағыңызда-бормашина,оның жағымсыз дыбысын алдын-ала естіп отырғандай әсердесіз.Сіз кабинетті көзбен аралаған сайын сіздің қорқынышыңыз арта түсуде.
3.Сіздің артқы жағыңыздан есік ашылып, біреу кіреді.Сіз бұрылып үлгергенше,сізге медбике жақын келіп,«Сәлеметсіз бе!Бүгін дәрігер болмайды.Ол кісіге суық тиіп қалды.Мен сізге басқа күнге жазып берейін».Сіз иығыңыздан ауыр жүк түскендей жеңілдеп,кабинеттен еркін шығасыз.Осы жаттығудың авторы,психолог К.Шрайнер былай жазған екен: «Өмірде біздердің көпшілігіміз өзімізді тіс дәрігерінің креслосында отырғандай сезінеміз.Біздің алдымызда жағымсыз,жаман жағдай тосып тұрғандай, біз үнемі қорқып,алаңдап,қатты қобалжимыз.Әлі ештеңе болған жоқ,ал біз алдын-ала қорқамыз,алаңдаймыз.Ал бар болғаны бізді алаңдатқан жағдай болады ма,жоқ па тек қана сабыр сақтап күту керек.Мүмкін біз ойлағандай жаман ештеңе болмайтын шығар,біз осыдан кейін ғана құр бекерге алаңдағанымызды түсінеміз,ойланамыз».
-
Электрондық дидактикалық ойын «кім жасырынып қалды»
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
24- сабақ
«Дос болайық бәріміз»
Мақсаты: Эмоциялық қалыпты ескере білу қабілетін дамыту. Рухани құндылықтарды дамыту.
Көрнекіліктер: қағаз, түрлі-түсті қарындаштар.
Сабақ барысы.
Ойын «Тілек шоғы»
Мақсаты: Балаларды жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға үйрету.
Ойын шарты: Балалар дөңгелене отырады, әрқайсының қолында гүл. Психолог өзі бастап сәлемдеседі, балалар қолдарыңдағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, психологтың өзіне бір құшақ гүл- «Тілектің шоғы болып оралады». Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады деп қорытынды жасайды.
-
«Шыбын» тыныс алу жаттығуы.
1.Қолымызды баяу жоғары көтеріп, мұрын арқылы терең тыныс аламыз.
2.Жоғары күнге қарай созыламыз-денемізді ұстап тұрамыз.
3.Оң жаққа қарай иілу арқылы демді ауыз арқылы баяу шығарамыз.
4.Мұрнымызбен терең әрі баяу тыныс аламызда түзу тұрамыз. Тағыда демімізді шығармай ұстап тұрамыз. Қолымыз жоғары көтерулі күйде.

II. Л.Н. Толстойдың «Екі дос» мысал әңгімені оқу.
«Екі дос»
Бір күні екі дос орманда келе жатып, алдарынан аю атып шығады. Бірі тура қашады да, ағашқа өрмелеп шығып, талдың бұтағына тығылып қалады, ал екіншісі қашам дегенде сүрініп жығылады да, өлген адам тәрізді қозғалмай жатады. Аю келіп, оның бетінен иіскеп өліп қалған екен деп кетіп қалады. Аю кеткен соң ағаштағы досы жерге түсіп одан былай деп сұрайды:
- Аю саған не деп құлағына сыбырлады?
Сонда жерде жатқан досы оған:
- Аю маған, қиын кезде досын тастап кеткен адам ең жаман адам,-деп айтшы деді.
Сұрақтар:
Нағыз достар бір-бірін қауіпке тастап кете ме?
Бұндай әрекетті қалай атауға болады?
Досын қиындыққа тастап кеткен адамды қалай атауға болады?
Нағыз дос не істер еді?
Бұл әңгімеден біз қандай қорытындыға келеміз?
-ДОСЫНДЫ ЕШҚАШАН ҚИЫНДЫҚҚА ТАСТАМА!
III. «Тал» жаттығуы /6 сабақ, 5жаттығуды қара/
-
«Жаман жолдас және жақсы жолдас» сурет салу.
-
Электрондық дидактикалық жетілдіру-дамыту ойын ы «Егіздерді тап»
-
Құм терапиясы «Дос алаңы»
-
«Қозғалмалы қарындаш» жаттығуы. /23 сабақ 5 жаттығуды қара/
-
Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.
25- сабақ
«Қорытынды сабақ»
Мақсаты: Өз ісіне баға беруді, үлгі бойынша жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, ол жұмысын үлгіменсалыстыра білу дағдысын дамыту.
Көрнекіліктер: түрлі-түсті қарындаштар, қағаз.
Сабақ барысы.
-
«Ракета» жаттығуы
Мұрын арқылы терең әрі бояу тыныс ала отырып қолымызды екі жаннан жоғары қарай бояу көтереміз және аяғымызды ұшымен тұрамыз.

Содан кейін мұрын арқылы тағы да терең тыныс алып, бастапқыдай жоғары созыламызда демімізді шығармай ұстап тұрамыз. Енді А дыбыс қысқа әрі тез дауыстау арқылы демімізді жылдам шығарамыз
II. Жеткілікті дәрежеде қиын графикалық элементтермен бейнеленген графикалық үлгіні қарау.
III. Тапсырма:
Ешқандай үлгінің көмегінсіз дәл осы суреттей сурет салуға тырысыңдар.
IV. Өз суретіңе сараптама жасау, үлгімен салыстыру, қатесін тауып, оны көрсету, өз жұмысын бағалау
V. «Көзімізбен серіппелер салайық» жаттығуы /көзге арналған/

VI. Орындалған жұмысты балалардың қалауы бойынша қайта жүргізу. Бірінші реттегі қателерді жібермеуге тырысу керек. Жаттығу басқа бетке орындалады.
Ойын «Байқап қал!»
Балалар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші үстел үстіне 10-15 ұсақ заттарды (қалам, қарындаш, түрлі ойыншықтар, суреттер т.б.) қойып, бетін шүберекпен жабады. Ойыншыларға бір минут қаратқаннан кейін заттардың беті жабылып, әр топтан үстел үстінде көршген заттардың аттары сұралады. Қай топ заттардың аттарын көп атаса, сол топ жеңеді.
VII. Электрондық дидактикалық ойын оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, зейінінің тұрақтылығын қорытынды тест арқылы тексеру
Рефлексия. Барлық тренингтерден алған әсерімен бөлісу.
Әдебиеттер тізімі:
1. Кушербаев А. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту
жұмыстарының ерекшеліктері //Дефектология. 2011. №3. 17 б.
2. Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе. М., 1994.
3. Кальпебаева Г. Психикалық дамуы тежелген балаларды ақыл-есі төмен балалардан ажырату».//Дефектология. 2010. №4. 15 б.
4. Бейсенбекова Г.Б. Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық -педагогикалық диагностикасы. Оқу құралы. Қарағанды:»САНАТ -Полиграфия», 2008
5. Керімбекова Ж. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің тежелуі //Ұлағат. - 2007. - №5. Б.24-28
6.Өмірбекова Қ. Қ. Балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру әдістері/ //Хабаршы.- 2006. - №1. Б.31-36.
7. Құсайынов Д. Мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақта қолданылатын әдістер. // Дефектология - 2009. - №2. - Б.10-13
8. Бакраденова А.Б. Мектеп жасына дейінгі
балалардың қазақша сөйлеу тілін дамыту. – Алматы,
1993.
9. Сохин В.А. Психолого-педагогические основы
развития речи дошкольников:Учебно.-метод.пособие. – М.: МПСИ;
Воронеж: МОДЭК, 2002. – 92
б.
10. Аяпова Т.Т. Семантика онтогенезі және тілдік
белгілердің даму ерекшеліктері. – Алматы,
2001.
11.
Ерсарина Е.К.,
Айтжанова Р.К. Диагностика нарушений психофизического развития у
детей: Справочно-метод.руководство для специалистов ПМПК. – Алматы,
2010.
12. Гаврилушкина О.Н. Об организации воспитания детей
с ЗПР. //Дошкольное воспитание. 2004.
№8.
13. Пашков А.Г. Педагогические основы социальной
реабилитации детей с органиченными
возможностями
14.
Жанабергенова
Г.Б. Задержка речевого развития у детей. //Тілашар. Логопед. –
2010. – №2.
15. Гамезо М.В., Герасимова В.С, Орлова М.М.. Старший дошкольник и младший школьник: Психодиагностика и коррекция развития.-М.: Изд-во «Институт практической психологии»; Воронеж: 1998
16.Климов Е.А. Психология профессионала-Воронеж., 1996
17. Н.И. Гуткина Н.И. Внимание .Новгород:.,1996
18. О.В. Лебедева «Организация и содержание специальной психологической помощи детям с проблемами в развитии»
18. Мамайчук И.И., Ильина М.Н. «Помощь психолога ребенку с задержкой психического развития»
Макарова Л.С. «Организация и коррекционно – развивающее обучение дошкольников с ЗПР»
1
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ерекше білім беретін балаларға арналған түзету бағдарламасы

шағым қалдыра аласыз