Өнер арқылы – сенімге қадам: «БАЛДӘУРЕН» байқауының қорытындысы
2026 жылдың 9 ақпан күні Орал қалалық білім беру бөлімінің келісімімен Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Зачаганск кенті мектептері арасында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «БАЛДӘУРЕН» шығармашылық байқауы ұйымдастырылды.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық және тұлғалық әлеуетін ашу, оларды қоғамға бейімдеу, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру, қолдау мен мейірімді орта қалыптастыру мақсатында өткен байқауға 8–13 жас аралығындағы талантты оқушылар қатысты.
Қатысушылар «Алтын дауыс» (ән айту), «Өлең сөздің патшасы» (мәнерлеп оқу), «Би әлемінің жұлдызы» (би өнері), «Талантты қолдар» (қолөнер) номинациялары бойынша өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.
Қазылар алқасының әділ бағалауы нәтижесінде барлық қатысушылар Орал қалалық білім беру бөлімінің дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, байқауға қатысушы балаларға сыйлықтар ұсынып, демеушілік көрсеткен ИП «TIMA STROI» жетекшісі Дусмагулов Тамерлан Еркеновичке, «Kamm Kids» сауда орталығының әкімшілігіне, Бисалиев Ернарға және DR.MURZALIYEV стоматологиясының директоры Мурадым Максимовичке ұйымдастырушылар тарапынан ерекше алғыс білдіріледі.
Байқау қорытындысы бойынша А.Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББ мектебінің оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, «Алтын дауыс» номинациясы бойынша Бас жүлдені Тұрсын Иса иеленсе, «Би әлемінің жұлдызы» номинациясында Бас жүлде Бекзатұлы Ұланға бұйырды. «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша Елеусін Аман алғыс хатпен марапатталды. Ал «Талантты қолдар» номинациясында Бас жүлде Берік Бекарысқа табысталды. №20 ЖОББ мектебінің оқушысы Дегтерев Даниил «Талантты қолдар» номинациясы бойынша І орын иегері атанды. Ал «Би әлемінің жұлдызы» номинациясы бойынша Зырянов Сергей мен Кабдулхазимова Зарина ІІ орынға ие болды. «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша Есенгалиев Арсен алғыс хатпен марапатталды. Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББ мектебінің оқушылары да жүлделі орындардан көрінді. «Алтын дауыс» номинациясы бойынша І орынды Қанат Әмір иеленсе, «Би әлемінің жұлдызы» номинациясында Төлеуғали Мәңгінұр мен Қадырболат Аяла І орынға ие болды. «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша Бас жүлде Юрий Саятқа табысталды. Сонымен қатар, «Талантты қолдар» номинациясында Саматова Айша ІІ орынды иеленді. №38 мектеп-лицейінің оқушысы Умирзакова Зарина «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды. Ал Жусупкалиева Каусар «Талантты қолдар» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды. Қадір Мырза Әлі атындағы №47 ЖОББ мектебінің оқушылары арасында «Талантты қолдар» номинациясы бойынша ІІІ орын Санаев Асадбекке, ал «Өлең сөздің патшасы» номинациясында ІІІ орын Нұрлан Іңкәрге табысталды. №50 ЖОББ мектебінің оқушысы Ишанов Арсен «Талантты қолдар» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, Базарбай Айшат «Би әлемінің жұлдызы» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды. «Өлең сөздің патшасы» номинациясында Сарсенбай Абдрахман ІІ орынды, ал «Алтын дауыс» номинациясы бойынша Айтқалиева Айару ІІ орынды иеленді. №53 ЖОББ мектебінің оқушылары Берік Әсемгүл «Өлең сөздің патшасы» номинациясы бойынша алғыс хатпен, ал Айбар Ибрахим «Талантты қолдар» номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды.
Осындай игі шаралар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық дамуына жол ашып, олардың қоғамға бейімделуіне және өз мүмкіндіктерін толық көрсетуіне зор ықпал етеді.
Дайындаған: Кенжегалиева Аида Тагайевна
БҚО, Орал қаласы, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ арнайы маманы

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар қатысуымен “Балдәурен” шығармашылық байқауы

шағым қалдыра аласыз