Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамыту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім: 1.Сөздік қорды молайту 2.Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру 3.Дыбыс айтуын дамыту ІІІ. Қорытынды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сөйлеу тілін дамыту

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Сөздік қорды молайту

  2. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру

  3. Дыбыс айтуын дамыту

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Баланың жан-жақты дамуында мектептегі оқу үлгерімі мен ересектер мен құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алуы маңызды рөл атқарады. Ересектер - жинақталған тәжірибені, білімді, дағдыларды, мәдениетті сақтаушылар. Бұл тәжірибені келесі ұрпаққа беру тек сөйлеу арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан, біз үшін сөйлеу тілінің маңызы зор. Білім беру жүйесінің міндеттерін бeлгілейтін тарауында «...білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бiлім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасалуы тиіс ...» делінген

Негізгі бөлім

Сөздік қор

Бала білетін барлық сөздер-оның сөздік қоры. Сонымен қатар, нәресте түсінетін, бірақ өзі айтпайтын сөздер енжар сөздікке жатады. Күнделікті сөйлеуде үнемі қолданатын сөздер мен сөз тіркестері белсенді сөздік қорға жатқызамыз.

Айта кету керек, енжар сөздік әрқашан белсенді сөздіктен көбірек болады. Тіпті ересектерде де. Өйткені, әрқайсымыз квант, молекуланың не екенін білеміз, ал біз бұл сөздерді күнделікті сөйлеуімізде мүлдем қолданбайыз.

Сөздік қорды нақтылап, оны молайту тақырыптарға сүйену арқылы жүзеге асады.

Мысалы: Ойыншықтар, Отбасы, Дене мүшелері, Жемістер, Көкөністер, Үй жануарлары, Жабайы жануарлар, Киімдер, Ыдыстар, Көліктер, Мамандықтар және т.б.

Лексикалық тақырыптарды үйрену барысында жүргізілетін жұмыс:

  • Бөлшегін атау арқылы бүтінді табу (бұтақ-ағаш)

  • Сәйкестендіру арқылы аталған сөзге қатысты сөз табу (шана-қыс, кеме-теңіз)

  • Іс әрекетке қатысты зат есім табу (ұшу-ұшақ, айдау-велосипед, кесу-нан)

  • Сипаттауға байланысты затты, жануарларды, құстарды табу

  • Өздігінен сөйлеу кезінде геометриялық фигураларды, негізгі түстерді және т.б. қолдану.

Баланың жасы

Сөздік қоры

1 - жас

5 – 9 сөз

1,5 - жас

20 – 40 сөз

2 - жас

50 – 200 сөз

3 - жас

800 – 1000 сөз

3,5 - жас

1100 сөз

4 - жас

1600 – 1900 сөз

5 - жас

1900 – 2200 сөз























Байланыстырып сөйлеу

Байланыстырып сөйлеу тілі - логикалық, жүйелі және нақты, грамматикалық дұрыс және бейнелі түрде жүзеге асырылатын белгілі бір ақпараттың толық мазмұнын беру.

Байланыстырып сөйлеу - сөйлеу әрекетінің ең күрделі түрі. Ол егжей-тегжейлі сөйлеудің жүйелілігімен сипатталады. Байланыстырып сөйлеудің негізгі қызметі қарым-қатынас болып табылады. Қарым-қатынас екі негізгі формада жүзеге асырылады – диалогтық және монологтік. Бұл формалардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, олар қалыптастырудың әртүрлі тәсілдерін анықтайды.

«Сөйлем құра» дидактикалық ойыны

Мақсаты: Балада екі құрамды сөйлемді меңгеру дағдыларын бейнелі текшелер арқылы қалыптастыру

Құрал-жабдықтар: бейнелі текшелер

Сипаттама: Балаларға текшелер таныстырылады. Текшелер 2 топқа бөлінген: зат есімдер, іс-әрекет бейнеленген текшелер.

Балалар 2 текше арқылы сөйлем құрастырады.

«Бұл кім? Бұл не?» ойыны

Мақсаты: Балаларда сұрау сөйлемдерін құрастыру дағдыларын қалыптастыру

Құрал жабдықтар: заттардың, жан жануарлардың, адамның суреттері

Сипаттама: Педагог балаларға барлық заттардың өз атаулары бар екенін және әртүрлі заттарды атайтынын түсіндіреді. Біздің айналамызда көптеген заттар бар. Және олардың әрқайсысы туралы сұрауға болады. Мен сізден сұраймын, сіз бір сөзбен жауап бересіз: «Бұл не?» заттың, жан жануарлардың суретіне немесе объектінің өзіне нұсқайды. Балалар заттарды атайды. Адамды немесе адамның суретін көрсетіп: «Бұл кім?» деп сұрайды.

Суреттерге қараңыз. Жан жануарларды немесе заттарды атаңыз. Оларға сұрақ қойыңыз.

Мұғалім адамдарды және жан жануарлар мен заттарды білдіретін сөздерді кездейсоқ атайды. Балалар оларға сұрақтар қояды: алма - «бұл не?», әке - «бұл кім?»

«Суретті дұрыс орналастыр» ойыны

Мақсаты: Сюжеттік сурет бойынша құрамында 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыру дағдыларын қалыптастыру

Құрал-жабдықтар: сюжетті суреттер

Сипаттама: Баланың алдына бірқатар суреттер қойылады, бірақ бір суретті қатарға орналастырмай, балаға дұрыс орын тауып беруі үшін беріледі. Осыдан кейін балаға қалпына келтірілген суреттер сериясы бойынша сәйкес сұрақтар қою арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыру ұсынылады. Қажет болған жағдайда қолданылатын жаңа сөздермен таныстырылады.

Дыбыс айтылуын дамыту

Фонетикалық сабақтардың мазмұны мыналарды қамтиды:

  1. Балалардың экспрессивті сөйлеуінде бар дыбыстардың дұрыс айтылуын нақтылау.Ең алдымен, ерте онтогенез дауыссыздары п, б, м, т, д, н, ф, в, г, к; дауысты дыбыстар а-у-о-и. Кеш онтогенез дыбыстары: с, з, ш, ж, ц, ч, л, р. Дыбыстың айтылуын оқшауланған позицияда, сондай-ақ буындар мен қарапайым сөздерде нақтылау маңызды.

  2. Дыбыстардың айтылуын игеруге артикуляциялық аппараттың қозғалғыштығын белсендіруге және дамытуға бағытталған артикуляциялық жаттығулар жүйесі ықпал етеді.

  3. Жоқ дыбыстарды қою (ерте, кеш онтогенез).

  4. Буындардағы, сөздердегі, сөз тіркестерінде, мәтінде дыбыстарды машықтандыру.

  5. Буындардағы, сөздердегі, сөз тіркестерінде, мәтінде дыбыстарды ажырату.





Қорытынды

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін сөйлеу тілін меңгеру өте маңызды. Сөйлеу тілін дамыту үшін біз жүйелілік қағидасын ұстана отырып, қарапайымнан күрделіге қарай кезеңдерден өтер болсақ, біз балалармен бірге жақсы нәтижеге жетіп, сапалы көрсеткіштер көрсете аламыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі