ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тақырып бойынша 30 материал табылды

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ақыл-ой дамуындағы жеңіл ауытқулар «психикалық дамудың тоқтап қалуы» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар болып табылады. Сонымен қатар, дамудың тоқтап қалуы жоғары жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы соматикалық жағдайлармен, бас мидың жарақаттануымен, эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты болуы ықтимал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МАКАНОВ МУХТОР ЖАНАБАЕВИЧ

Шардара ауданы, «Психологиялық-педогогикалық түзету кабинеті»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Әрбір мемлекетте ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар. Ауданымыз экологиялық аймақтың бірі, сол себептен де экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына, қазіргі таңда туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қарашадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда. Ауру сәби дүниеге келгеннен бастап отбасы оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады. Ата-ана баланың кемістігін ертерек сезіп, дәрігерге көрсетіп, емдеп, өз тарапынан даму жұмыстарын жүргізсе, баланың даму қабілеті жоғары болар еді. Дамуында кемістігі бар баланы оқыту мен тәрбиелеуде отбасы ерекше рөл атқарады.Себебі,ата-аналар оның бірінші тәрбиелеушілері болып табылады. Олардан бала қоршаған дүние туралы алғашқы түсініктерін алады, әртүрлі іскерліктер мен дағдыларын игереді. Ең алдымен, ата-ана балаға қойылған диагнозды жетік білуі керек, ол туралы көп мағлұматтар жинауы қажет. Баланы невропатолог, психолог, логопед, сурдолог мамандарына көрсетіп, қажетті ақыл кеңестерін алуы керек. Кейбір ата-аналар баласы сөйлей алмаса, оны еркелік деп ұғады, әлі 6 жасқа дейін уақыт бар деп асықпайды. Ал кейбір ата-аналар баласының құлағының нашар еститінін байқамай да қалады.

Ерекше білім беруге қажеттігі бар балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңдарында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар: Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, логопедтік пунктер, арнайы сыныптар қызмет көрсетеді.

Балалардың ақыл-ой дамуындағы жеңіл ауытқулар «психикалық дамудың тоқтап қалуы» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен туылу кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар болып табылады. Сонымен қатар, дамудың тоқтап қалуы жоғары жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы соматикалық жағдайлармен, бас мидың жарақаттануымен, эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты болуы ықтимал.Дамудың тоқтап қалуының негізгі ерекшелігі баланаың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы.Бұл балаларға тән ерекшелік-зейінімен жұмысқа қабілеттілігінің төмен болуы.Кейбір балаларда іс-әрекеттің басында зейіндерді жоғары күшті боладыда, ал кейін төмендей бастайды.Ұзақ мерзімді,қысқа мерзімді есте сақтау беріктілігінің жетілмеуі,Интелектуалдылық белсенділіктің төмендеуі.Осы категориядағы балаларға тән ерекшелік.

Ойлау әрекетіне келер болсақ, көрнекті-амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көріне береді.Көпшілік жағдайда нақтылы бейнелі ойлау бұзылады, яғни бейне, образдың жеткіліксіз түрде болуы.Қарапайым есептер көрнекі материплдарға негізделсе де, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларда қиындық туғызады.Психикалық дамудың тоқтап қалуы түрлі дәрежеде болуы мүмкін.Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балаларға көмекті жалпы білім беретін мектептерде оқытқан жөн.

Инклюзивті оқыту үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.Егер инклюзивті оқытудың оқумен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса3 онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, бір-бірін дұрыс қабылдауға үйренеді.Инклюзивті білім беру- бұл тәсіл, оның ортасында әртүрлі білімділік қажеттіліктері бар бала орналасады.Ендеше инклюзивті білім беру барлық балалардың дамуындағы ауытқуларға қарамастан шынайы ортада бірдей бағдарламамен оқып, білім алуын қамтамасыз ететін тәсіл.

Негізгі идеясы – барлық балалар бірдей қатынасқа мұқтаж.Қазіргі таңда аудан мектептерінде инкюзивтік оқытуға байланысты, арнайы сыныптар ашылған.Инклюзивті бағыт мұндай балалар оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншіліктерін қалыптастырады.

«Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017-2018 оқу жылында ерекше білім беруге қадеттілігі бар балалардың таупияларына қарай сөйлеу тілін, сөз мәнерін қалыптастыру, танымдық көзқарасы мен ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тірек қимыл қозғалысының жағдайын жақсарту, өзіне-өзі қызмет көрсету әдістерін үйрету мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.Оқу жылын 63 балаға әрбір маман жеке дамыту бағдарламасын құра отырып түзету-дамыту жұмыстарын жүргізді.Қазақстан Республткасының Білім жіне Ғылым министрінің 2014 жылғы 19-қарашадағы №479 бұйрығына сәйкес типтік оқу жоспары бойынша 63 ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға сабақ кестесі түзілді.Балалардың жас ерекшеліктеріне, таупияларына қарай дәрігер-невропотологпен келісе отырып топшплпрға бөлінді.

Балалардың таупияларына қарай категорияға бөлер болсақ:

  • Психикалық тежеуі бар балалар

  • Ақыл-ойы төмен балалар

  • Тірек-қимылы бұзылған балалар

  • Сөйлеу тілі күрделі бұзылғандар

  • ЭВН

Осы категориядағы балаларға 1,2 санаттағы жоғары білімді дефектологтар, музыка маманы, ЕДТ маманы өз дәрежесінде жұмыстар атқаруда.

Сонымен қатар ата-аналармен әрбір маман ай сайын тренинг сабақтар өткізіп, әдістемелік көмек көрсетуде.

Ұлы ғұлама В.П.Катаев : «... бақыт-өзінің Отан кәдесіне жарағаныңды сезіну,басқалармен білек қосып, Отанның болашағын жасап жатқаныңды сезіну» - деген.Міне, біз отанымыздың іргетасын мықтап ұстар ұрпағымзға көп көңіл бөлуіміз керек.Сондықтанда ата-анамен тығыз байланыста болып, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізген жағдайда ғана, біз оң нәтижеге қол жеткіземіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2025
104
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі