«ЕРЕСЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ЕРЕСЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі баланың дамытатын өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен адамдардың еңбегімен қарым-қатынастармен таныстырады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көз қарастарын мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Рахимова Назгуль Даутбековна

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің №12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі


«ЕРЕСЕК БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР»

«Дидактикалық ойындар балабақшада оқытудың бір түрі»
Мектеп жасына дейінгі баланың дамытатын өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен адамдардың еңбегімен қарым-қатынастармен таныстырады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көз қарастарын мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған.
Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді.Ойын түрлері көп,соның ішінде маңызы дидактикалық ойын.
Дидактикалық ойындар 3- топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері ойнатылады. Мысалы: Бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу түсі қандай?
Кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане сен көк кубиктерді әкелші, үстелге апарып қойшы. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді.
Дидактикалық ойындар ересек топтарда төменгі топтарға қарағанды күрделеніп жүргізіледі. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын ойлау қабілетін қабылдауын есте сақтауын зейінін дамытуға салыстыруға жіктеуге өзін-өзі бақылауға үйретеді.
Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты бір нәрсе жайында сұралып баланың оған жауап беруге белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдыр әр балаға жеткіліктң болу керек сонда ғана балаларға тьүсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзаұ уақыт сақталу үшін эстетикалық гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде дидактикалық ойындарды қолдансақ мақсатымызға жетеміз.
2. Дидактикалық ойындардың түрлері слайд көрсету.
Мақсаты: дидактикалық ойындарды ойнату арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру, тілдерін дамыту сөздік қорларын молайту, дүниетанымын қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.
Дидактикалық ойындардың түрлері:
1. Заттық дидактикалық ойындар
2. Үстел-үстінде ойналатын дидактикалық ойындар
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
1. Заттық дидактикалық ойынның түрлері төмендегідей заттармен ойнатылады.
Ойыншықтармен ойнатылатын дидактикалық ойындар кіші топтардан бастап ойнатылады. Мұнда балалар ойыншықтарды қолымен ұстап, көзімен көріп, сипап сезу арқылы ойнайды. Немесе ойыншық заттарды сиапттауға болады. Мысалы: Доп домалақ. Ол күнге ұқсайды. Доппен біз қызықты ойындар ойнаймыз.т.б
Киім түрлерімен ойнатылатын дидактикалық ойындар: Киімдерді балалармен таныстырумен қатар киіну дағдыларын қалыптастыруға үйретемзіз. Мысалы: «Қуыршақты серуенге шығарайық» д/о ойната отырып киімдерді ретімен киіну және жыл мезгіліне сай киінуге үйретеміз.
Заттық ыдыстарды қолдану арқылы жүргізіледі : Ыдыстарды қолдана отырып жеке-және жалпы атауын айта білуге балаларды үйретеміз. Сонымен қатар « Қуыршаққа тамақ дайындаймыз» ойынын ойната отырып ыдыстарды қолданудың әдістерін үйретеміз. Мысалы: қасықты оң қолға ұстаймыз, тарелкені екі қолмен ұстаймыз. т.б.
Заттық жеміс-жидектерді қолдану: Заттық жеміс –жидектерді қолдана отырып балармен бірнеше ойындар өткізуге болады. Мысалы: «Ғажайып дорба» ойынын алатын болсақ , онда жемістер мен көкеністерді сипап сезу арқылы оның пішінін анықтау, түсін анықтау және атын атауға үйретуге болады.
Заттық үй жануарлаын қолдану арқылы : Заттық үй жануарларды қолдана отырап балалардың зейінін ,есте сақтау қабілетін дамытамыз.
Мысалы: «Үй және жабай аңдарды ажырат» д/о ойыны арқылы заттық үй жануарларын қолдануға болады. Мұнда балалар жануарларды ажыратып , өз орындарына қолымен ұстап орналастырады.
2.Үстел-үсті дидактикалық ойындар арқылы : Үстел –үсті дидактикалық ойындары таңертеңгілік балаларды қабылдау кезіне ойнатылады. Балалардың есте сақтау қабілетін таңертеңгілік уақытта жақсы қабылдайды. Сондықтан заттардың атын жаттау, немесе жалғасын табу, құрастыру, орнын табуға байланысты ойын түрлері ойнатылады. Мысалы: «Қуыршақ Шолпанға киінуге көмектес», Жартыларды құрастыр» , «Тышқанның үйін тап» т.б.
3.Сөздік ойындар:
Суреттер арқылы: суреттермен ойналатын дидактикалық ойындар барлық білім беру саласы бойынша ойнатылады. Суреттер арқылы балалар сөйлем құрастыруға үйренеді. Белегілері бойынша ажыратады. Жалпы атауын айтып үйренеді. Мыалы: д/о « Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген» суреттерін алатын болсақ балалар оған қарай отырып өз ойларын білдіреді.
4. Дидактикалық ойындардың қолдану жолдары. /іс-тәжірбиелік ойын/
д/о « Көліктерді түсі бойынша орналастыр»
д/о «Оюды құрастыр»
Тәрбиешілер семинар –барысында дидактикалық ойындарды қолдануды өз тәжірбиелерімен бөлісті. Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдыр әр балаға жеткіліктң болу керек сонда ғана балаларға тьүсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде дидактикалық ойындарды қолдансақ мақсатымызға жетеміз.









Picture 5



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2023
1853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі