ересек тобы. Жаңа жыл мерекесі

Тақырып бойынша 16 материал табылды

ересек тобы. Жаңа жыл мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа жылдық ертеңгілікке арналады. Ертегі желісінен, жыр шумақтар бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл

Мақсаты: Балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз атаның, Ақшақардың, достық қарым-қатынасын ояту,аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Жаңа жылдық безендірілген зал.

Әуен қосылып тұрады .

Диктор сөзі: Құрметті достар! Бүгін біздің балабақша жанынан ертегілер музейі ашылды. Ол жерден Аяз атаны, Ақшақарды, Мыстан кемпірді, бақаларды, періште қыздарды көре аласыздар. Уақыттарыңызды жоғалтпай тездетіп музейге келіңіздер.

Гид келеді: Балалар музейдің бірінші залына келіңіздер. Менің білім құмар балаларым, біз сіздермен музейдің бірінші залындамыз, яғни қазақ ертегілер залы. Бұл залда басқа да жүздеген экспанаттармен танысасыздар. Олардың ішінде огсы уақытқа дейін кейбір кейіпкерлер бар деседі.

Әлихан: Осы уақытқа дейін бар деді ма? Бұның бәрі өтірік. Олар тек ертегіде болады.

Гид: Дұрыс айтасың. Ертегіде болады. Демек, ертегіде барлығыда мүмкін. Балалар келесі залға өтеміз.

(Гид балаларды алып шығып кетеді. Әлихан мен Раяна қалып қояды)

Әлихан: Бұлардың бәрі өтірік қарашы. Мысалы мына аяқ киім қозғалып кетуі мүмкін бе?

Раяна: Жоқ.

  • Қарашы мыстан кемпір. Қандай қорқынышты. Шынайы сияқты.



(Әлихан Раянаны шошытады)

Раяна: Әлихан қорқыттың ғой.

Әлихан: Әрине шынайы. Тістері өткір, өткір. Көздері сондай қорқынышты.

Раяна: Өзіңнің қорқынышты сөздеріңді айта бермеші.

Әлихан: Бұл өмірде Мыстан кемпір барма, жоқ па үлкен сұрақ!

Раяна: Әлихан көрдің ба? (Раяна шошып кетеді)

(Мыстан кемпір сыпыртқыны алып алады. Сиқыр музыкасы қосылады. Найзағай ойнайды.)

Әлихан мен Раяна: Тығылайық, тығылайық! – деп айнаның ішіне кіріп кетеді.

Бақалар отырады. Мыстан кемпір тығылып қалады.


Айнаның ішінен Әлихан мен Раяна қазақ киімімен шығады.

Әлихан: Раяна үстіңе не киіп алғансың?

Раяна: сен өз үстіңеде қарасаңшы.

Әлихан мен Раяна: Біз қайда тап болдық?

Мыстан кемпір шығады.

Әлихан мен Раяна: Біз қайда тап болдық? Бізге көмектесіңізші!

Мыстан кемпір: Сендерге Аяз ата ғана көмектесе алады. Әзірге менің қонағым боласыңдар. Ха-ха-ха.

(Әлиханға қарап айтады) Сен бүгіннен бастап мына бақалардың патшасы боласың.

(Әлихан қорыққаннан келіседі)

Би: Бақалар.

Мыстан кемпір кетеді.

Балалар: Бізді құтқарыңдаршы.

Раяна: Кім сөйлеп тұрған?

Балалар: Біз сөйлеп тұрмыз

1 бала: Бізді мыстан кемпір сиқырлап тастады.

2 бала: Иә, иә. Бізде сендер сияқты бала болғанбыз.

3 бала: Бізге үйге қайтуға көмектесіңдерші.

Әлихан мен Раяна: Тезірек бұл жерден қашып кетейік. Бізге тез арада Аяз атаны тауып алу керек. Достарымызды және өзімізді құтқаруымыз керек.

(Айнаның ішіне кіріп кетеді)


1 бөлім аяқталды.


Айнаның ішінен шыққанда періштелер мекеніне тап болады.


Би: «Періштелер»


Раяна: Сәлеметсіздер ме! Бізге сіздердің көмектеріңіз қажет.

(Періште қыздар қорқып, үлкен періштенің артына тығылып қалады.)


Қайыркеш (періште): Иә қандай көмегіміз қажет? Қолымыздан келсе аянбаймыз, солай емеспе.

Қыздар: иә, иә әрине көмектесеміз.

Әлихан: Біздің достарымызды Мыстан кемпір сиқырлап тастапты.

Раяна: Мыстан кемпірдің айтуынша, сиқырдан тек Аяз ата ғана құтқара палады екен.

Қайыркеш (періште): Періштелерім, тез арада Аяз атаға хабар беріп, осы жерге тез арада жетуі керектігін айтыңдар!

(Періште қыздар Аяз ата мен Ақшақарды алып келеді)

Қайыркеш (періште): Амансыздарма Аяз ата, Ақшақар! Мына балаларды Мыстан кемпір сиқырлап тастапты. Оларды тезірек сиқырдан құтқарып, баладақшаға жеткізуге көмегіңіз керек. Жаңа жыл мерекесі басталуға аз қалды.

Аяз ата: Әрине көмектесемін. Қазір Мыстан кемпірдің сазайын тарттырып, барлығын орнына келтіремін.

(Аяз ата таяғын 3 рет жерге соғады, сол кезде балалар жүгіріп келеді)


Жаңа жылдық мерекеге тап болып балалар қуанады.

Тәрбиеші (Назым): Аяз ата, Ақшақар! Сіздерге көп рақмет. Балаларды сиқырдан құтқарып, балабақшааға алып келдіңіз. Енді бізбен бірге жаңа жылды қарсы алайық!


Аяз Ата: Амансың ба,ұлдарым!

Амансың ба,қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің!

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерді,

Іздеп келді алыстан.

Ақшақар: Жаңа жыл жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл ақ арманның өрленуі

Жаңа жыл бақшадағы бөбектердің

Кішкентай шәкірттердің ер жетуі

Жаңа жыл құтты болсын!


Хор: «Ақ таяғын таянып»


Аяз ата туралы жыр шумақтары

Біздің балабақшада,

Шырша тойы болады.

Аяз Ата Ақшақар,

Біздермен мәз болады.


Аппақ тонға оралып,

Базалықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз Ата оралып.


Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз Ата келгенде

Билейміз, ән саламыз

Жаңа жыл келеді.

«Жаңа жыл» хор


Жүзімізде күлкі ойнап,

Шаттанады жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.


Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет,төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!


Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл



Жаңа жыл,жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп

Келді міне,Жаңа жыл


Аяз ата сөзі: Балалар сендер өте өнерлі , ақылды, білімді екенсіңдер, мен құр келген жоқпын. Өздеріңе сыйлық ала келдім. Ақшақар балаларға сыйлықтарды таратып бере ғой.



Тәрбиеші: Аяз ата, Ақшақар, періштелер сіздерге рақмет. Ал балалар енді барлығымыз бірге бір айтып, қонақтарымызды шығарып салайық.

Содан кейін топқа барып, маған бастан кешкен оқиғаларыңды айтып бересіңдер.


Хор: «Аппақ, аппақ»


(Барлығы залдан шығып кетеді)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2025
96
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі