Ересек тобына арналған Жаңа
жыл ертеңгілігінің сценарийі.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті
ата- аналар, қадірлі қонақтар! Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты
болсын! Жаңа жыл сіздерге жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін! Бүгінгі
Жаңа жы мерекесімен құттықтауға келген бүлдіршіндерді қарсы
алыңыздар!
Көңілді музыка әуені
ойналады. Балалар музыка ырғағымен қолдарына қарша шығыршықтарды
ұстап залға кіреді де би қимылдарын
жасайды.
Жүргізуші: Жаңа бақыт, жаңа
жыл,
Жаңа өлең, жаңа
жыр.
Балғын бөбек
балалар,
Құтты болсын жаңа
жыл!!!
Балалар: Рахмет!!!
Балалар: Көңілдіміз бүгін
біз,
Жаңа жылды қарсы
алып.
Келгенгендерді
мерекеге,
Құттықтаймыз ән
салып.
ӘН: «ЖАҢА
ЖЫЛ» Дарибаевтар
әні...Әннен соң, балалар
орындарықтарға отырады.
Екі бала жүгіріп
шығып:
1-
бала: Аяз ата келе
ме?
Біз ге сыйлық бере
ме??
2-
бала: Әрине, ата
келеді...
Бізге сыйлық
береді...
Музыка ойналып Көңілді
құртақан келеді....
Құртақан Сәлеметсіңдер балалар, Мен
көңілді құртақанмын... Менің Орманда мынандай тамаша үйім бар, іші
өте жылы... бірақ мен Жаңа жылды жалғыз қарсы алғым
келмеді...
Жүргізуші: Құртақан біздің балалармен
бірге ойын ойнап, би билеп жаңа жылды көңілді қарсы
ал...
Күн суытып, қыс
келіп,
Жапалақтап қар
жауды,
Қуанамыз
шаттанып,
Жаңа жылды қарсы
алып!
Қыс
туралы
1.
Аязды келіп
қыс,
Алғашқы қар
жапты.
Аппақ боп
үстіміз,
Ақ қырау
жабысты.
2.
Ақ қар жапты
даланы,
Ақ жамылды
айнала.
Жарқыратып
шамдарын,
Шырша келді
ортаға.
3.
Аспан жерге
төгеді,
Ақ күмісін
уыстап.
Жаңа жылда
келеді,
Бізге қарай
жылыстап.
4. Жапалақтап, ақша
қар,
Жауып күнде
қайталап.
Қырға шықты
балалар,
Шаңғыларын
арқалап.
Жаңа жыл туралы
тақпақтар...
5.Қош келдің , қарсы алдық, Жаңа
жыл
Өзіңді сағына,
сағына.
Бақытты жылдардың жаңа
бір,
Күндері басталды тағы
да.
6.Келсін деймін Жаңа
жыл,
Жақсылықпен
еліме.
Қуаныш, табыс
әкелсін,
Туған байтақ
жеріме.
Жүргізуші қаршаларды
шащып: ... Балалар қараңдаршы құртақанның
үйінің алдын қар басып кетіпті...қане қарды тазалауға көмектесеміз
бе??
Балалар: иа
Балалармен ойын: «Қар
жинау» Қарды күрекпен құлатып алмай,
машиналарға күреп салу. Эстафета кезек кезек....Ұлдар
ойнайды...
Құртақан: Балалар жүріңдер менімен бірге
көңілді би билейік...
«Құртақандар
биі.»
Құртақан: Балалар биді тамаша
биледіңдер, мен шырша толы орманға барып, Аяз ата мен Ақшақарға
балабақшаға келетін жолды көрсетейін. Сауболыңдар,
балалар!
Балалар:
Сауболыңыз!
Жүргізуші:
Жасыл шырша
орманнан,
Бізге арнайы
келіпті.
Ойыншығын
балалар,
Шыршаға әкеп
іліпті.
Шырша шамы
жанбапты,
Мұңайып тұр
ортада.
Кім келеді
біздерге,
Шырша шамын
жаққанға?
Балалар
: Аяз ата!
Ақшақар!
Жүргізуші: Ия, дұрыс айтасыңдар! Олай
болса қарсы алайық!
(Музыка әуенімен Ақшақар
кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар,
сәлеметсіздер ме қонақтар!
Мерекелеріңізбен! Сүйсіңдірер
маңайды,
Ақшақармын
арайлы.
Жалт-жұлт еткен
жүзімнен,
Күміс сәуле
тарайды,
Балалар, мен Аяз атаның
немересі Ақшақармын ғой. Мен сендердің әсем әндеріңді естіп келдім.
Өздерің қандай әдемісіңдер. Мерекеге сай
киініпсіңдер.
Жүргізуші:
-Сәлеметсің бе, Ақшақар!Төрлет,
Жаңа жылды бірге қарсы алайық. Біздің балалар жаңа жыл мерекесін
тойлап жатыр. Ақшақар айтпақшы, Аяз ата
қайда?
Ақшақар: Аяз ата бүлдіршіндерге
сыйлықтар дайындап, кешірек барамын деген еді. Сыйлықтарын
дайындап, келіп қалар... Қане, балалар
бәріміз орнымыздан тұрып,
шыршаға қарап, сиқырлы сөзімізді
айтайық! Шыршаның шамдарын
жағайық!
Балалар: Қуант, бізді
таңырқат.
Шамдарынды жарқырат! 3 рет
айтады...
Сиқырлы музыка ойналып,
шырша шамдары жанады...
(3 рет рет қайталайды,
сиқырлы музыка үнімен шыршаның шамдары жанады...
Ду
қолшапалақ!!!!)
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата силықтарды
дайындап жолда келе жатқан болар, Аяз атамыз келгенше, Ақшақар,
бәріміз қол ұстасып, әсем шыршаға арнап шырша жырын айтып
берейік.
Ән: Хоровод: «Шырша жыры»
Аяз ата, Ақшақар бораны бар қары
бар...
(Ақшақар, екі
тәрбиеші,тәрбиеші көмекшісі хороводпен шыршаны айнала балалармен
өлең айтады.Балалар әннен соң орындарына
отырады....)
Ақшақар: Ал келіңдер,
келіңдер!
Тамашаны
көріңдер.
Мына әдемі
шыршаға,
Тақпақ айтып
беріңдер.
Балалар тақпақ айтқанда,
Ақшақар микрофон ұстап тұрады.
Тақпақтар: Шыршаға
арналған
7.
Шыр айналып
шыршаны,
Түрлі ойын
ойнаймыз.
Ұмытқандай
шаршауды,
Жұлдыздардай
жайнаймыз.
8.
Көк инелі, көп
инелі,
Хош иісті
шыршаны.
Құрдық сайлап, күндей
жайнап,
Шұғыла шашып тұр
шамы.
9.Көрікті
шыршамыз,
Шамдары
самғаған.
Көңілді
ортамыз,
Айтамыз шырқап
ән...
Ақшақар:
Аяз қысып, өрнек
сызып,
Терезені
торлайды.
Қарға омбығып, бет
домбығып,
Сырғанап балалар
ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай
кезде болады?
Балалар
: қыс
мезгілінде
Ақшақар: Дұрыс
айтасыңдар!!!
Ақшақар: Балалар, мен сендерге құр қол
келген жоқпын. Өзіммен бірге ойын ала
келдім. (Ортаңғы топта....)
Ақшақар: Мен білемін бір
ойын,
Үйретейін
сендерге.
Мен бастайын, ал сендер
аяқтаңдар ойынды..
Хормен жауап
айтыңдар!
Ақшақар: Қарға мүлгіп дала тұр, келе
жатыр...
Балалар: Жаңа
жыл!!!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ
мұртты,
Жаға жылда
келеді.
Білсең атын тез
ата,
Келеді
бізге....
Балалар: Аяз
ата!!!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі, Сендер
бәрің ...
Балалар:
Әдемі!!!
Ақшақар: Ойын күлкі
таралсын,
Құтты
болсын...
Балалар: Жаңа
жыл!!! 3рет
Жүргізуші: Күн суытып, қыс
келіп,
Жапалақтап қар
жауды,
Қуанамыз
шаттанып,
Жаңа жылды қарсы
алып!
Ақшақар, біздің өнерлі
қыздарымыздың биін қабыл ал!
БИ: «Қуыршақтар»
биі (Қыздар би
билейді)
Ақшақар: Ой балалар сендер биді тамаша
биледіңдер, ойынды да тамаша ойнадыңдар, мен барып Аяз атаны ертіп
келейін....шығып
кетеді....
Жүргізуші: Ақшақар қыз Аяз атаны ертіп
келгенше ата аналарымызды Жаңа жыл меркесімен құттықтап әнімізді
шырқап берейік....
Ән: «Шырша жырын
айтамыз!»
Жүргізуші: Жиналыпсыз жаңа жылға бәріңіз
де.
Үлкен кіші жасыңыз, кәріңіз
де,
Ендеше, ата аналар, сіздерді
де,
Қалдырмаймыз қызықтан біз
әрине.
Ата-аналардың мерекелік
шашуы.
Тамаша, ата аналарға көп
рахмет! Осылай көңілді жаңа жылды жылда қарсы ала
беріңіздер!
Жүргізуші: Балалар тыңдаңдаршы, Аяз ата
келе жатқан сияқты.
Музыка
ойналады...
Аяз ата есіктің ар
жағынан: Е-ге-ге-ге-ге-ге-гей.
Келе жатырмын, келе
жатырмын.
Музыка әуенімен: Аяз ата
кіреді!!!!!
Музыка әуенімен Аяз
ата: Амансың ба,
ұлдарым,
Аппақ ару
қыздарым,
Мен сендерге
әкелген,
Құтты болсын
жылдарың!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата!
Төрлетіңіз, балалардың өнерін тамашалаңыз!
Аппақ тонға
оранып,
Базарлықты мол
алып.
Келді алыс
сапардан,
Аяз ата
оралып.
Аяз ата орындыққа
отырады....
Аяз ата балалардың өзіңізге
арналған тақпақтарын тыңдаңыз!
Кел балалар,
тақпақты,
Тықылдатып
айтайық.
Аяз ата таң
қалсын.
Сыйлық алып
қайтайық.
Тақпақтар: Аяз
атаға
10. Ақша қарға
малынып,
Аппақ тонын
жамылып.
Сақалы мен
мұртына,
Күміс моншақ
тағынып,
Аяз ата келеді,балаларды
сағынтып.
11. Бар баланың
қонағы,
Төрлет ата
жоғары.
Енді дала
алақай,
Ақ күміске
толады.
Жұрттың бәрі
атадай,
Қашан жомарт
болады.
12.Тақпақтарды
жаттадық
Би де үйрендік көрсін
деп.
Аяз ата
шаттанып,
Бізге риза болсын
деп.
13. Бізге Жаңа жыл
келді,
Аяз ата бірге
енді.
Алақай, айнала
түрленді,
Балақай, би биле, тұрма
енді!
Жүргізуші: Балалар, шеңберге
тұрып, Аяз атамен би билеп
алайық.
Би: «Снег идет, снег идет
на пороге Новый год»
Балалар жүгіріп орындарына
отырады.
Жүргізуші: Қол ұстасып
бәріміз,
Шырша жаққа
келейік.
Аяз ата келді
деп,
Өлең айтып
берейік.
ӘН: «Келді міне, Жаңа
жыл»
Жүргізуші: Ал балалар, Аяз атаның
сыйлығын алатын уақыт болды.
Аяз
ата: Балалар, тақпақтарың да,
билерің де, әндерің де тамаша екен.
Кіп-кішкентай болсаңдар да,
өнерлі екенсіңдер.
Ақшақар: Аяз ата сыйлықтарыңыз
қайда???
Аяз
ата. Ақшақар Сыйлықтар мына
тышқандар жеп қоймасын деп тығып
қойғанмын...
Ақшақар: Ата сонда қай жерге тығып
қойдыңыззз...
Аяз
ата: Осы тышқандардың жүрмейтін
жері жоқ, мен сыйлықтарды ыдысқа сыйқырлап салып қойдым...Ақшақар
алып келеді...
Аяз
ата: Ақшақар мен ыдысты ашамын сен
қаршаларды сал... сиқырлы музыка ойналып.... ыдыстан сыйлықты алып
шығады....
Аяз
ата: Ал, қане
балалар,
Сендерге сыйлығым
бар,
Аталарыңның
сыйлығын