Материалдар / Ересек топ циклограмма

Ересек топ циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 01 қыркүйек 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Балабақша әніміз»

Міндеті:Балаларға балабақша туралы әнді тыңдатып, әннің мағынасын түсініп айта білу қабілетін жетілдіру; музыка әуеніне ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын қалыптастыру; мәдени қарым-қатынас ережелеріне тәрбиелеу.
Сәлемдесу
.

Оқу қызметінің алдында балалардың көңіл-күйлерін көтеру үшін:
- Балалар, хәлдерің қалай? Жақсы!
- Бәрің жайнап кетіпсіңдер ғой!
Балалар шаттанып қалады.
- Біздің бақша қандай керемет! Балалар, солай ма?
- Қәне, бәріміз дайынбыз ба? Иә!
- Олай болса, балалар, марш әуенімен жүреміз.
(«Марш» Э.Парлова).
- Балалар, әуенді тыңдаймыз. Кеудемізді тік, еркін ұстаймыз. Тамаша!
- Балалар, музыка әуенімен денемізді тік ұстап, жеңіл адыммен әдемі жүреміз. Кәне, кімнің денесі тік, әдемі екен? Көрсетейік.
- Балалар, жүргенде арақашықтықты сақтаймыз. Жарайсыңдар!
Балалар марш әуенімен залды айналып жүріп, тоқтайды да әндетіп сәлемдеседі:
 Біз - көңілді баламыз,
 Өнер қуған дарамыз.
 Әнге салып әдемі
 Би де билеп аламыз.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, жүріп келе жатып, алдарыңда ілулі тұрған түрлі-түсті әдемі шарларды екі қолымызға алып, әуенмен бірге тоқтаймыз.
Балалар шарларды қолдарына ұстап тұрады, педагог келесі тапсырманы орындау ережесін түсіндіреді.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
- Балалар, бүгін біз «Әуе шарларымен би» шығармасы бойынша ырғақты қимылдарды жасаймыз. Мен көрсететін қимылдарды мұқият қарап алыңдар, жарай ма?
М. Раухвергердің «Әуе шарларымен би» шығармасы қосылады.
(Аудиозапись «Танец с воздушными шарами» М. Раухвергера) 
Музыкалық жетекші балаларды қатарға тұрғызады. Музыка басталғанда балалар шарларын оң қолдарына ұстап, шашырап жүгіреді. Бір орында тұрып, шарларымен оң және сол жаққа кезек-кезек сермеу жаттығуларын жасайды. Арасында музыка тоқтағанда балалар орындарында тұрып, шар ұстаған қолдарын жоғары көтеріп адымдайды. Музыка соңында шарларын әуеге лақтыру керектігін қимылдармен көрсетеді. Басында музыкалық жетекші балаларды өзі бастап, ырғақты қимылдарды көрсетіп жүреді.
 Ән тыңдауБалаларға сұрақтар қоямын:
- Балалар, балабақша туралы әдемі ән бар, естіп көрейік. Ән «Бақшаға барамын» деп аталады. Әнін жазған композитор Өтебай Байділдаев. Сөзін жазған ақын К.Сүлейменов.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Бақшаға барамын,
Ойыншық аламын.
Ұнаса бақшада,
Өскенше қаламын.
- Кәне, балалар, шапалақ соғып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Біздің бақшада өте көңілді балалар, солай ма? Иә.
Педагог бір балаға өзі білетін әннің әуенін ля - ля буыны арқылы орындауды, екінші балаға сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
Музыкалық жетекші балалар әнді қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- Қандай сазгерлерді білеміз? Бота Бейсенова, Өтебай Байділдаев. Жарайсыңдар!
- Әннің сөзін кім жазады? Ақын. Жақсы!
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз? Әнші. Керемет!
- Балалар, қандай ырғақты әндерді білеміз? «Ойыншықтар», «Топ-топ, балақан», «Қамажай». Тамаша, балалар!
«Үйлердің көңіл-күйін тап» дидактикалық ойыны
- Балалар, тақтаға қарайықшы, тақтада әртүрлі үйлердің суреттері бар.
- Қазір әуен ойналған кезде сол әуеннің сипатына қарай тақтадағы қай үйдің көңіл-күйіне сәйкес келетінін айтып бересіңдер, келістік пе? Жарайды!
Педагог балаларға әуендерді тыңдатады. Ж. Қалжанованың «Елімізді сүйеміз» (марш), А. Еспенбетованың «Күзге сәлем!» (вальс), халық әні «Әлди» (бесік жыры) әндері орындалады.
Ж. Қалжанованың «Елімізді сүйеміз» (марш), А. Еспенбетованың «Күзге сәлем!» ( вальс), халық әні «Әлди» (бесік жыры)
Балалар ойын шарты бойынша әртүрлі әуендердің сиптына қарай тақтадағы үйлердің көңіл-күйін табады. Балалардың жауаптары дұрыс болса, көңілді әуен ойналады, ал жауаптары дұрыс болмаса, мұңлы әуен қосылады.
- Балалар, әуендерді асықпай тыңдайық, сипатын ажыратайық.
Ойын балалардың қалауы бойынша қайталанады. Жақсы ойнаған балаларға «көңілді үй» таңбалауыштары үлестіріледі.
Педагог:
- Балалар, былтырғы портфолиоларың естеріңде ме? Иә. Олай болса, осы жылы да әрқайсыңда жеке портфолио болады.
- Тағы да естеріңе сала кетейін, балалар, портфолиоға сендердің жеке заттарың жиналады. Сол портфолиоға бүгінгі алған таңбалауыштардан бастап сала беріңдер. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болады, сол балаға сыйлық беріледі. Кәне, портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.
Дауыс жаттығулары
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей жөнелді. Кәне, қоян сәбізін қалай тауып алды?
- Балалар, қоян сияқты иіскейміз. Енді, тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістермен кезек басамыз, тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге әннің сөзін бірге айтамыз.
 Тоқ-тоқ, тоқылдақ,
 Жерден тары шоқып ап,
 Тоқылдайды тоқылдақ,
 Тоқ-тоқ-тоқ.
 Ахау ,егигай,
 Ән сал бозторғай,
 Біз әніңді үйреніп,
 Күнде ән сап жүрейік.
- Тамаша!
- Балалар, енді бәріміз, ара болайық.
 Аралар,
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
 Қызыл, жасыл гүлдерден,
 Балды сорып аламыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Жарайсыңдар!

Ән салу.Бота Бейсенованың «Балабақша» әні.
- Балалар, жаңа оқу жылында жаңа ән бастайық.
Бота Бейсенованың әні «Балабақша».

 Балалар әнді хор мінбесіне барып, үнтаспаға қосылып айтады. Әннің шумақтарын жеке дауыста, қайырмасын хормен орындау ұсынылады. Педагог дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақты суретін көрсететін үлкен, кіші алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізге қосылуға «әнші төлдер» келді.
Балаларға төлдермен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады. Қайырмасына барлық топ қосылып орындауды үйренеді.
«Ән салған кім?» музыкалық-дидактикалық ойын
- Балалар, қолдарыңдағы әдемі шарларды алып, маған қарай ойын алаңына келіңдер. Жарайсыңдар!
- Балалар, қазір «Ән салған кім?» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: әннің шумағын айтқанда әдемі шарларды арттарыңа тығып, шеңбер бойымен жай жүресіңдер. Әннің қайырмасын айтқанда әдемі шарларды қолдарыңмен музыка ырғағына сай бір-біріне соғасыңдар. Санамақ арқылы ойын бастаушысын сайлайды. Балалар ұстаған шарлардың кейбіреуінің ішінде дыбыс шығаратын қоңыраулар бар. Балалар сол қоңыраулардың үнін анықтап табулары керек.
- Ал, балалар, бастаймыз!
Достығымыз жараса,
Асыр салып таласа,
Ойынды тез бастайық,
Шартын қатаң сақтайық
Бір, екі, үш,
Ойын баста, ұш!
Балалардың ойынын музыка жетекшісімен бірге бақылап, арасында ескерту жасап отырады.
Оқу қызметінің соңына қарай балаларға:
- Балалар, бүгінгі алғашқы оқу қызметінде қандай әнді тыңдадық?
- «Бақшаға барамын» әнін.
- Балалар, бүгін қандай ән айтуды үйрендік? «Балабақша» әнін.
- Қандай дыбыстық жаттығулармен таныстық? Ара болдық.
- Ара қандай дыбыстар шығарады екен, балалар?
- Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Біз әнді қалай айтуымыз керек екен? Ақырын, асықпай айтамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметінде белсенді болдыңдар. Рақмет!
- Бүгінгі оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 06-08 қыркүйек 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Ата-ананы тыңдаймыз

Міндеті: Балаларға ата-ана туралы әннің мазмұнын түсінуді үйрету; жай және көңілді әндерді тыңдай білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен музыкалық ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін дамыту.

Сәлемдесу
Залға кірген балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында:
- Балалар, көңіл-күйлеріңнің жақсы екенін бет-әлпеттеріңнен көріп тұрмын. Бүгін бәрің тамаша болып тұрсыңдар!
Балалар көңілденіп қалады.
- Оқу қызметіне дайынсыңдар ма? Иә.
- Олай болса, балалар, оқу қызметін бастаймыз!
- Балалар, бәріміз шеңбер бойымен отырамыз. Міне, жарайсыңдар! Енді, ақырындап марш әуенімен жүреміз.

(«Марш» Э.Парлов)
- Балалар, денемізді тік ұстаймыз. Басты жоғары көтеріп жүреміз. Жарайсыңдар!
- Балалар, әуеннің сазына еріп, ырғақтап жүреміз. Денемізді біртіндеп қыздыру үшін, әуенге сай жүгіреміз. Тамаша! Енді, балалар, шеңбердің бойын жағалай тоқтаймыз. Керемет, балалар! Енді, тұрған орындарыңда тоқтаймыз, ақырын ойнап тұрған әуенмен бірге тербеліп, мен қойған сұрақтарға жауап береміз:
- Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер? Керемет, жарайсыңдар!
Интербелсенді тақтадан отбасы туралы суреттерді көрсетеді.

- Балалар, мына көріністен кімдерді көріп тұрсыңдар? Отбасын. Тамаша!
- Балалар, отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Әке, ана және біз. Тамаша!
- Балалар, көптеген отбасыларында ата мен әже болады, солай ма? Иә. Демек, туысқан адамдар жиналған орта - отбасы деп аталады.
- Бәрің отбасыларыңды жақсы көресіңдер ме? Иә.
- Олай болса, балалар, отбасын дәріптейік:
 Отбасым - Отаным (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Отбасым - мекенім (балалар қолдарын көкіректеріне қояды).
 Саяңда өзіңнің (балалар қолдарын жанына жібереді),
 Бақытты екенмін (балалар қолдарын айналдырады).
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталап отырады.
- Жарайсыңдар, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Оқу қызметін Ө.Байділдәнің «Көңілді би» шығармасымен жалғастырады. Балаларды шеңберге тұрғызамын.

- Балалар, шеңберді кең, әдемі етіп жасайықшы. Балалар, жарайсыңдар! Енді, музыка әуенімен маған ілесе қимылдарды қайталаймыз!
Балалар әуеннің ырғағына қарай ырғақты қимылдарды жасауды үйренеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып, жеңіл секіреді. Балалар (ерікті қимылдарға шеңбермен жүріп келе жатып, қол білезіктерін айналдыру, бір рет айналу, тізені көтеріп жүру, қолдарын қасына жіберу, сермеу) музыкалық жетекшінің көрсетуімен ерікті қимылдарды жасайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыка сипатына сай, ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.
- Жарайсыңдар, балалар, енді орындарымызға жайғасайық.

Ән тыңдау

- Балалар, тақтаға назар аударайық.
Балалар тақтаға қарайды.

- Кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Әженің. Жақсы.
- Әже не істеп жатыр? Ұршықпен жіп иіріп отыр. Тамаша!
- Балалар, ұршық дегеніміз не? Ұршық - қойдың жүнінен жіп иіретін құрал. Керемет!
- Мына суреттен, балалар, ұршықтың суретін көруге болады.
Педагог балаларға суреттегі әженің қимылдарын көрсетеді.
- Қараңдаршы, балалар, әжеміз қандай өнерлі! Бәріне де үлгереді. Әжелердің болғаны қандай жақсы! Әже туралы әндер өте көп! Сондай әндердің бірі - «Ақ әжем» әні.
Сол әнді тыңдап көрейікші, балалар! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
- Балалар, ән қалай аталады? «Ақ әжем» әні. Дұрыс!
- Балалар, әннің сөзін жазған О. Әубәкіров, әуенін жазған К. Қуатбаев, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Ақ әжем, ақ әжем,
 Бәрінен сақ әжем.
 Ауырмашы әрқашан,
 Аман болшы, ақ әжем.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайық! Керемет! Біздің әжелеріміз бар, балалар, солай ма? Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. Педагог балалардың есіне салып, сазгердің аты-жөнін қайталайды.
- Әннің сөзін жазған ақын кім?
Балалар естеріне түсіре бастайды. Педагог балаларға тағы да көмек береді.
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Ақ әжем». Жарайсыңдар!
«Үш гүл» әуенінің көңіл-күйін ажырата білу қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойын.
Ойынның шарты:
1. Музыкалық жетекші шығарманы ойнайды. Бір бала шығып әуеннің көңіл-күйіне сай гүлді алып шығады. Егер де балаға музыкалық шығарма таныс болса, ол бала шығарманың атауын және де сазгерін атайды.
2. Әр баланың алдында үш гүл жатады. Музыкалық жетекші шығарманы ойнайды, балалар әуеннің көңіл-күйін ажыратып, әуенге сай гүлді алып шығады.
Ойын құралдары: картоннан жасалған үш гүл (гүлдің ортасында көңілді, көңілсіз және ұйықтап жатқан бейненің суреті салынған), (гүлдердің орнына үш күннің көзін немесе үш бұлтты істеп алуға болады), бұл суреттер әуеннің үш «көңіл-күйін» көрсетеді: жәй әуен, көңілсіз әуен, көңілді әуен.
Үш гүлдің «көңіл-күйлерін» бейнелейтін суреттер:
- көңілді гүл,
- көңілсіз гүл,
- ұйқыдағы гүл.
Үлестірмелі жабдықтар: әр балаға әуеннің көңіл-күйін білдіретін бір гүлден беріледі.
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, қазір біз «Үш гүл» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша алдарыңда жатқан гүлді ойналатын әуеннің сипатына сай көрсетесіңдер. Егер, әннің атауы мен әнді шығарған сазгерді білсеңдер, орындарыңнан тұрып айтуға болады. Педагог пен музыкалық жетекші балаларға бес-алты әнді тыңдауды ұсынады. Жақсы ойнаған балаларға ата-аналарының келісімімен алдын-ала дайындалған әр баланың өз отбасы бейнеленген төсбелгілер ұсынылады.

Дауыс жаттығулары
Педагог балалардың дауыстарын жаттықтырудың жаңаша тәсілін қолдану мақсатында:
- Балалар, ұршықтың не екенін ұмытып қалған жоқсыңдар ма? Жүннен жіп иіретін құрал.
- Балалар, ұршықтағы жіптің де өзіне тән дыбысы бар. Естігілерің келе ме? Иә.
- Олай болса, балалар, тыңдаймыз.
Педагог микрофонды ұршықтың жібіне жақындатып, жіпті тартқан кезде «дың» деген дыбыс естіледі. Балалар дыбысты тыңдайды.
- Балалар, ұршықтың жібін тартқан кезде қандай дыбыс шықты? «Дың-дың». Жақсы.
- Кәне, бәріміз қайталайықшы «Дың - дың - дың». Жарайсыңдар!
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
- Әнді айту үшін, балалар, құлағымызға жаттығу жасап аламыз.
- Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, қолымыздағы гүлге үрлеп, демді сыртқа шығарамыз! Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 Әдемі ән шырқалсын.
- Тамаша!

Ән салу
- Балалар, ата-аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Иә.
- Олай болса, ата-ана туралы әнді айтып, үйреніп алайық.
Бота Бейсенованың әні «Ата-ананы тыңдаймыз».

Әнді хор мінбесіне шығып, үнтаспаға қосылып айтады. Шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, тамаша, әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
Педагог балаларға ән үйретуді жалғастыра отырып, «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші шиелерге қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші бұлбұлдар» да келді.
Балаларға бұлбұлдармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші айтылып жатқан әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.

 «Сылдырмақ» музыкалық-дидактикалық ойыны.
Мақсаты. Аспаптың үнін есту арқылы табуды үйрету.
Ойын шарты: музыкалық жетекші бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатады да, бір жерге тығып қояды. Балалар сылдырмақтың үнін естіп, тауып алулары керек.
- Балалар, қазір «Сылдырмақ» әні ойналады, сендер сол сылдырмақтың қай жерде екенін тауып алуларың керек.

Музыкалық жетекші Е.Хасанғалиевтің «Сылдырмақ» әнін қосады, сол әннің әуенімен балалар сылдырмақты іздейді. Тапқан бала жеңімпаз атанады.

Қорытынды
- Балалар, бүгін ұйымдастырылған іс-әрекетін қандай ән тыңдадық?
- К.Қуатбаевтың «Ақ әжем» әнін.
- Әжелердің болғаны жақсы ғой, балалар, солай ма? Иә!
- Балалар, бүгін қандай ән айтуды үйрендік? Бота Бейсенованың «Ата-ананы тыңдаймыз» әнін.
- Ал отбасының болғаны - үлкен бақыт!
- Отбасымыз бақытты болуы үшін, біз бір-бірімізді ренжітпей, құрметтеуіміз керек.
- Бәрекелді, балалар, бүгінгі оқу қызметінде жақсы белсенділік көрсеттіңдер, рақмет, бәріңе!
- Балалар, ойынды да жақсы ойнадыңдар.
Балалар риза болып қалады.

Айы, күні, жылы: 13-15 қыркүйек 2022 ж

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Жаңбыр»

Міндеті: Балаларға әннің мағынасын түсініп тыңдауды және ырғақты айыра білуді үйрету; жай және көңілді әндерді тыңдай білу қабілетін қалыптастыру; музыкалық ырғақты қимылдарды музыка әуенімен үйлесімді жасай білу дағдысын жетілдіру; музыкалық аспапта ойнау қабілетіне жаттықтыру.

Сәлемдесу
Балалар оқу қызметінің басында залға В. Тюлькановтың «Марш» шығармасы («Марш» В.Тюльканова) әуеніне адымдап кіреді. Педагог балалардың көңіл-күйін көтеру үшін:
- Міне, жарайсыңдар! Денемізді тік, еркін ұстаймыз, басты түзу көтереміз. Керемет, жарайсыңдар! Арамыздағы арақашықтықты сақтаймыз.
Балалар залдың бойымен шеңбер жасап, ортаға келіп тоқтайды. Музыкалық жетекші Г. Абдрахманованың «Сәлемдесу жаттығуы» әуенін (Разминка «Приветствие» Г. Абдрахмановой) ойнайды. Балалар сол әуенге шеңбер жасап, сәлемдеседі:
Бердік сәлем, баршаға!
Аспан, әлем, аршаға!
Би билейміз, ән салып,
Келіңдер, тамашаға!
- Балалар, жарайсыңдар! Бүгін табиғат әлемі қыс айы болса да керемет, солай ма, балалар? Иә.
- Балалар, қыста қандай құбылыстар бар? Қар. Дұрыс.
- Тамаша, балалар!
- Балалар, қыста біз әнге қосатын тағы қандай құбылыстар бар?
- Аяз. Жақсы.
- Балалар, қыста аяз бетті қалай шымшиды? Тоңдырып шымшиды.
- Жарайсыңдар, балалар!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Педагог:
- Балалар, қазір кең, әдемі шеңбер жасап алайық. Музыка басталғанда маған ілесе жүріп, адымдау қимылдарын жасауға дайындаламыз.
(Аудиозапись произведения "Какой ритм? "Н.Шахиной) Н.Шахинаның «Қандай ырғақ?» шығармасы бойынша музыка жетекшісі балаларды шеңберге тұрғызып, бірінің артынан бірін жеңіл адыммен жүргізіп, арасында музыка сипатына қарай шашыраңқы жүріспен жүру керектігін көрсетеді. Балалар жүргенде аяқ-қол үйлесімділігін сақтап, денелерін түзу, еркін ұстаулары қажет. Жүргенде қарапайым адыммен сол аяқпен бастап, үштік өлшемде сол аяқпен аяқтау керектігі ескертіледі. Басында музыкалық жетекші өзі көш бастап, көрсетіп жүреді. Арасында балалардың өздеріне адымдатады. Аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін музыканың сипатына сай сәйкестендіру маңызды екендігін ескертеді.

Ән тыңдау

Педагог балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтаға назар аударайықшы?!
Балалар тақтаға қарайды.

- Балалар, мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Балалар үндемей, ойланып қалады.
- Балалар, суреттегі адам не істеп отыр? Ат айдап отыр. Керемет!
- Ат айдайтын адамды қалай атайды?
Балалар үндемей қалады. Педагог балаларға көмектеседі.
- Балалар, ат айдайтын адамды арбакеш деп атайды. Қайталайықшы, бәріміз?! Арбакеш. Тамаша!
- Балалар, арбакеш туралы ән тыңдайық. Өте көңілді ән. Сондай әндердің бірі - Е. Құсаиновтың «Көңілді арбакеш» (Аудиозапись песни Е. Кусаинова "Веселый извозчик"). Сол әнді тыңдап көрейікші, балалар! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
- Балалар, ән қалай аталады? «Көңілді арбакеш». Дұрыс.
- Балалар, әннің әуенін жазған Е. Құсаинов, қайталайық. Жарайсыңдар!
Мен келемін арбамен,
Көңілденіп, әндетіп.
Көңілді ғой арбамен,
Жарысамын әндетіп.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте көңілді ән, балалар, солай ма? Әнді тағы тыңдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатад. Балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. Педагог балалардың есіне салып, сазгердің аты-жөнін қайталайды.
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Көңілді арбакеш». Жарайсыңдар!
«Көңілді ноталар» дидактикалық ойыны
Ойынның шарты: нотаны түстермен құрастыру арқылы кемпірқосақ бейнесін шығару.
- Балалар, тақтадағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Кемпірқосақтың. Дұрыс!
- Кемпірқосақта неше түс бар? Жеті түс бар. Жақсы!
- Балалар, біздің музыка әлемінде 5 қара сызықтың бойындағы скрипка кілтінде 7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді.
- Бірінші нота қызыл түсті.
- Екінші нота қызғылт сары түсті.
- Үшінші нота сары түсті.
- Төртінші нота жасыл түсті.
- Бесінші нота көгілдір түсті.
- Алтыншы нота көк түсті.
- Жетінші нота күлгін түсті.
- Балалар, осы ноталар өздеріне сәйкес дыбысталады. Бұлттарда ноталар шашылып жатыр, оларды рет-ретімен апарып орналастырайықшы?!
Балалар қызығып қалады.
- Бәріміз шеңбер құрып отырамыз, берілген түстерді ретімен қоямыз.
Әр балаға жеті нота салынған қаптама беріледі, балалар ноталарды өз түсінгендері бойынша немесе түсінбеген жағдайда жетекшінің айтуымен орналастырады. Соңғы нота қойылған соң орындарынан тұрады.
- Балалар, қараңдаршы, біздің құрастырған түстерден ненің бейнесін көріп тұрмыз? Кемпірқосақтың. Тамаша!
- Балалар, нота орналастырылған кемпірқосаққа қараңдаршы! Қандай көңілді би билеп тұр, балалар, керемет қой!
- Балалар, бәріміз орындарымыздан тұрып, көңілді кемпірқосақпен бірге қимылдар жасайық.
Балалар педагогпен бірге әуенге сай қимылдар жасайды.
- Жарайсыңдар, балалар!
Жақсы ойнаған балаларға жаңбыр бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауыс жаттығулары
Педагог балаларға ән салғызу алдында дауысқа арналаған жаттығуларды орындатуы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді, сондықтан педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге қайталаймыз.
- Біз көңілді балалармыз,
 Бір орында тұрмаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек.
- Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Балалар, тырналар қалай дыбыстайды екен? Көрейік.
- Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар тырналар.
 Мен сендерге жем берем,
 Дос болайық, тырналар.
 Тырау-тырау-тырау-тырау!
 Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тамаша!

Ән салу
Д.Ботбаевтың «Жаңбыр» әні.
- Балалар, сендер жаңбырдың жауғанын жақсы көресіңдер ме? Міне, жарайсыңдар! Жаңбырдың қалай пайда болатынын білесіңдер ме? Керемет, жарайсыңдар!
Интербелсенді тақтадан жаңбырдың жауғаны туралы көрініс көрсетеді.

- Балалар, тақтаға қарап тұрып, жаңбырдың қалай пайда болатынын бақылайықшы! Алдымен күн райы бұзыла бастайды, яғни, күннің көзін бұлт жабады, бұлттар қоюланып, бұйра бола бастаған кезде жаңбыр ақырын тамшылап жауа бастайды, жаңбырдың дыбысын естідіңдер ме? Қатты жауып барып, қайтадан ақырындап тоқтайды. Енді, күн шыға бастағанда екінші жақтан не пайда болды, балалар?
- Кемпірқосақ!
- Балалар, кемпірқосақтың шыққан бейнесі қандай әдемі? Жаңбыр қалай жауады екен? «Тырс-тырс» дейді екен. Жаңбырдың қалай пайда болатынын көрдіңдер, балалар!
- Енді, балалар, әнді бірге қайталаймыз.
Әнді хор мінбесіне тұрып, үнтаспаға қосылып айтады. Шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Муызкалық жетекші дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, тамаша! Әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
Педагог балаларға ән үйретуді жалғастыра отырып, «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші өріктерге қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» да келді.
Балаларға торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыка жетекшісі айтылып жатқан әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
«Қандай ырғақ?» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: педагогтің сөздерді айтуы бойынша балалар даңғара аспабында ойнайды.
- Балалар, бәріңнің қолдарыңда даңғара аспабы бар. Мен сөздерді айтып тұрғанда, қай жерінде даңғараны ұру керектігін өздерің мұқият тыңдап, дағараны ұрасыңдар.
- Даңғараны ұр қатты,
 Дәл қайтала ырғақты.
 Тоғайда көп тоқылдақ,
 Үн естілді тоқылдап.
- Тоқ, тоқ, тоқ,
 Тоқ, тоқ, тоқ.
 Даңғараны ұр қатты,
 Дәл қайтала ырғақты.
 Күн күркіреп жарқылдап,
 Бұршақ жауды сартылдап.
- Сарт, сарт, сарт, сарт,
 Сарт, сарт, сарт, сарт.
- Жарайсыңдар! Рақмет!
Қорытынды
Оқу қызметінің қорытынды бөлімінде педагог:
- Балалар, бүгін оқу қызметі қызықты болды. Сендер де жақсы қатыстыңдар.
- Бүгін қандай ән тыңдадық? «Көңілді арбакеш» әнін.
- Ал, қандай ән айттық? «Жаңбыр» әнін.
- Жаңбыр қалай тамады екен? Тырс,тырс, тырс.
- Балалар скрипка кілтіндегі ноталар неше түстен тұрады екен? Жеті түстен. Жарайсыңдар!
- Балалар, оқу қызметіне жақсы қатысып, бәрің таңбалауыш алдыңдар, оларды портфолиоға салып қойыңдар.
- Оқу қызметі аяқталды! Сау болыңдар, балалар!

Айы, күні, жылы: 20-22 қыркүйек 2022 ж

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Күздің ғажайып құбылыстары»

Міндеті: Балаларға әнді тыңдап отырып, мағынасын түсінуді және ырғақты айыра білуді үйрету; жай және көңілді әндерді тыңдау қабілетін қалыптастыру; музыкалық-ырғақты қимылдарды музыка әуенімен үйлесімді жасай білу дағдысын жетілдіру; музыкалық аспапта ойнау қабілетіне жаттықтыруды пысықтау.

Сәлемдесу 
Балалар оқу қызметінің басында залға В. Тюлькановтың «Марш» шығармасының әуеніне адымдап кіреді. 
- Балалар, көңіл-күйлерін қалай?
- Денемізді тік, еркін, басымызды түзу ұстаймыз. Керемет, жарайсыңдар! Арамыздағы арақашықтықты сақтаймыз.
Балалар зал бойымен шеңбер жасап, ортаға келіп тоқтайды. Балалар сол әуенмен шеңбер жасап сәлемдеседі: 
Бердік сәлем, баршаға!
Аспан, әлем, аршаға!
Би билейміз, ән салып,
Келіңдер, тамашаға!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
- Балалар, алдымен, кең, әдемі шеңбер жасап алайық. Музыка басталғанда маған ілесіп адымдау қимылдарын жасауға дайындаламыз.
Музыкалық жетекші Н. Шахинаның «Қандай ырғақ?» атты шығармасының әуеніне балаларды шеңберге тұрғызады. Бірінің артынан бірін жеңіл адыммен жүргізіп, музыканың сипатына қарай арасында шашыраңқы жүріспен жүру керектігін көрсетеді. Балалар жүргенде аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін сақтап, денесін түзу, еркін ұстаулары қажет. Жүргенде қарапайым адыммен сол аяқпен бастап, үштік өлшемде сол аяқпен аяқтау керектігі ескертіледі. Музыкалық жетекші өзі бастап, қимылдарды көрсетіп жүреді. Арасында балалардың өздеріне адымдатады. Аяқ пен қол үйлесімділігін музыка сипатына сай сәйкестендіру маңызды екендігін ескертеді.
 Ән тыңдау
- Балалар, ат айдайтын адамды арбакеш деп атайды. Қанекей, бәріміз қайталайықшы?! Арбакеш. Тамаша! 
- Балалар, арбакеш туралы ән тыңдайық. Е. Құсайыновтың «Көңілді арбакеш» әнін тыңдаймыз, балалар! Өте көңілді ән. Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз. 
- Балалар, ән қалай аталады? «Көңілді арбакеш». Дұрыс.
- Балалар, әннің әуенін жазған Е. Құсайынов, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Мен келемін арбамен,
 Көңілденіп, әндетіп.
 Көңілді ғой арбамен,
 Жарысамын әндетіп.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте көңілді ән! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. - Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Көңілді арбакеш». Жарайсыңдар!
«Қатты немесе ақырын» музыкалық-дидактикалық ойын
Мақсаты: музыка мазмұнын ұғынуға, оны әсемдеуге әуеннің динамикалық реңкі көмектесетінін білу. 
- Балалар, мен сендерді «Қатты немесе ақырын» деген ойынды ойнауға шақырамын. 
Ойын шарты: ән ойналады, балалар оның көңілді немесе мұңды екенін, әуеннің ойнақы мінезін анықтайды. Осы әуенде музыка қалай өзгергенін айтады (қатайды ма? ақырындады ма?). Әуен қайта ойнағанда осы көрнекті құрал арқылы музыканың ырғағындағы өзгерісті, яғни, музыка баяу болса, ашық түсті төртбұрышты, біраз қаттырақ болса, қоюлау боялған төртбұрышты қояды. Балалар тапсырманың дұрыс орындалуын бағалап, қателік болса түзетеді.
 Жақсы ойнаған балаларға жаңбырдың суреті салынған таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог балалармен ән салудың алдында дауысқа арналған жаттығуларды орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді. Педагог мынадай бағытта дауысқа арналған жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
Тоқ-тоқ, тоқылдақ, 
Жерден тары шоқып ап, 
Тоқылдайды тоқылдақ, 
Тоқ-тоқ-тоқ. 
Ахау, егигай, 
Ән сал бозторғай, 
Біз әніңді үйреніп, 
Күнде ән сап жүрейік.
Ән салу
Д. Ботбаевтың «Жаңбыр» әні.
- Балалар, сендер жаңбырдың жауғанын жақсы көресіңдер ме? Міне, жарайсыңдар! Жаңбырдың қалай пайда болатынын білесіңдер ме? Керемет, жарайсыңдар!
Педагог интербелсенді тақтадан табиғат және жаңбырдың пайда болып жауғаны туралы көрініс көрсетеді. 

«Сиқырлы қорапша» музыкалық-дидактикалық ойын
Мақсаты: тыңдау арқылы дыбыстық қабылдауын қалыптастыру, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту. 
Шарты: ойынға бірнеше баланы шығарып, олардың алдына аспаптар салынған бірнеше қораптар қойылады. Балалар сол қорапшаларға қолдарын созып, ішінен не байқағанын, қандай дыбыс шығарғанын білу. Соңынан баланың дұрыс жауап бергенін білу үшін аспапты шығарып көрсету. 
Қорытынды
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің қорытынды бөлімінде педагог:
- Балалар, бүгін ұйымдастырылған іс-әрекет қызықты болды. Сендер де жақсы қатыстыңдар.
- Бүгін қандай ән тыңдадық? «Көңілді арбакеш» әнін.
- Қандай ән айттық? «Жаңбыр» әнін.
- Жаңбыр қалай тамады? Там,там, там.
- Балалар скрипка кілтіндегі ноталар неше түстен тұрады? Жеті түстен. Жарайсыңдар!
- Балалар, ұйымдастырылған іс-әрекетіне жақсы қатысып, бәрің таңбалауыш алдыңдар. Оларды портфолиоға салып қойыңдар.
- Біз де ұйымдастырылған іс-әрекетін аяқтайық, сау болыңдар, балалар!

Тақырыбы: «Күн дидарлы Қазақстан»

Міндеті: Балалардың ән айтуға қызығушылықтарын арттыру; жай және көңілді әндерді ажырата білуге үйрету; музыкалық ырғақтық қимылдарды музыка әуенімен үйлесімді жасай білу дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін дамыту, хорда ән айтуға дағдыландыру; дауыстың жоғары және төмен ырғақтарын ажырата білу қабілетін қалыптастыру.

Сәлемдесу
Оқу қызметінің басында балалар Е. Тиличееваның «Марш» шығармасының («Марш» Е. Тиличеевой) әуеніне қатар түзеп залға кіреді. 
- Адымды кең аламыз, тізені жоғары көтереміз. Жарайсыңдар!
- Арақашықтықты сақтауды ұмытпаңдар. Тамаша!
- Салтанатты адыммен жүреміз, керемет!
Балалар ортаға келіп тоқтайды.
- Балалар, біз қай елде өмір сүріп жатырмыз? Қазақстанда. Міне, жарайсыңдар! 
- Еліміз қалай аталады? Қазақстан Республикасы. Тамаша, жарайсыңдар! 
- Енді, интербелсенді тақтаға қараңдаршы!
Интербелсенді тақтадан ҚР Конституциясының суреті көрсетіледі.
- Балалар, мына үлкен кітапта біздің Конституциямыз жазылған.
- Ата Заң бәрімізді қорғайды!
- Енді, балалар, менімен бірге тақпақты айтып, қимылды қайталаймыз:
- Бұл заңымыз ғажап-ақ (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Әрбір бетін көр ашып (балалар қолдарын жанына жібереді).
 Енді нағыз азамат (балалар қолдарын жоғары көтереді),
- Болам десең, жол ашық (балалар алақандарын қатты қысады). 
Балалар педагогпен бірге сөз бен қимылдарды қайталап отырады. Жарайсыңдар, балалар!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші Е. Андосовтың «Біз билейміз» шығармасының әуеніне балаларды ортаға шақырады.
Балалар музыка әуенімен билеп, ортаға шығады.
- Балалар, төрт-төрттен қол ұстасып тұрамыз. Музыка әуеніне айналып жүреміз. Тамаша!
- Кәне, балалар, енді бәріміз бірігеміз! Қандай керемет шеңбер, балалар, қараңдаршы! Тағы да төртеуден қол ұстасып, айналамыз!
- Бәріміз өз қалауымыз бойынша қимылдар жасап, ортада билейміз!
- Керемет, балалар!
Басында музыкалық жетекші өзі көш бастап, қимылдарды көрсетіп жүреді. Арасында балалардың өздеріне адымдатады. Аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін әуеннің ырғағына сай сәйкестендіру маңызды екендігін ескертеді. Ерікті қимылдар кезінде балалардың әуен мен қимылды сәйкестендіруіне мән береді.
Ән тыңдау
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
Балалар тақтаға қарайды
- Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Тудың. Жақсы.
- Ту ненің бейнесіне ұқсап тұр? Картаның. Тамаша.
- Балалар, карта дегеніміз не? Біздің мемлекетіміздің орналасқан жері. Керемет.
- Мына суреттен  балалар, тудың суретін көруге болады.
- Қараңдаршы, балалар, тудың ортасында ненің бейнесі бар? Күннің. Жақсы! 
- Бұл, балалар, «Күн дидарлы Қазақстан» деген мағынаны білдіреді.
- Балалар, өз елің болғаны қандай жақсы! Қазақстан туралы әндер өте көп, балалар. Сондай әндердің бірі - Е. Хасанғалиевтің «Күн дидарлы Қазақстан» әні.

- Сол әнді тыңдап көрейікші, балалар!  Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз. 
- Балалар, ән қалай аталады? «Күн дидарлы Қазақстан». Дұрыс!
- Балалар, әннің әуенін жазған Е. Хасанғалиев, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Жанарыма нұр сыйлаған,
 Жүрегіме жыр сыйлаған.
 Құшағыма гүл сыйлаған,
 Күн дидарлы Қазақстан.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз.
Музыклық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. Педагог балалардың есіне салып, сазгердің аты-жөнін қайталайды. 
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Күн дидарлы Қазақстан». Жарайсыңдар!
- Кәне, балалар, әнге шапалақтап, сөздерін тағы да тыңдап алайықшы! Керемет! Әнді бәріміз қосылып тыңдаймыз.
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатады. 
- Жарайсыңдар, балалар!
«Күннің көзі және бұлт» дидактикалық ойыны
Ойын шарты: пьесаны тыңдай отырып, мазмұнын (көңілді болса, күннің көзін; көңілсіз болса, бұлтты; жәй ғана орташа болса, күннің көзімен бұлт араласқан суретті көрсету) карточкалар арқылы көрсету. Жауаптың дұрыстығын балалардың өздеріне бағалату.                                                          
- Балалар, қазір «Күннің көзі және бұлт» ойынын ойнаймыз. Екі топқа бөлінесіңдер. Екі топтың алдында бірдей карточкалар бар. 
- Балалар, қазір сендерге әртүрлі пьесалар ойналады. Сол пьесалардың сипатына  қарай алдарыңда жатқан карточкаларды көрсетесіңдер. Мысалы, пьесаның мазмұны көңілді болса, күннің көзін көрсетесіңдер. Көңілсіз болса, бұлтты көрсету керек. Жәй ғана орташа болса, күннің көзімен бұлт араласқан карточкаларды көрсетесіңдер. Балалар, түсінікті ме? Иә.
- Олай болса, балалар, ойынды бастаймыз!
Педагог пьесаның мазмұнына қарай карточкаларды дұрыс көрсеткен балалардың тобын мақтайды. Топтың балалары қателескен жағдайда педагог көмек көрсетеді. Жақсы жауап берген топтың балаларына күннің бейнесі салынған таңбалауыштар үлестіріледі.
- Балалар, портфолиоларыңды ашып, таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.
- Жарайсыңдар, балалар!
Дауысқа арналған жаттығулары
Педагог:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, менімен бірге қайталаймыз. 
- Га-га,
- Ду-ду,
- Ко-ко,
- Ля-ля.
- Жарайсыңдар!
- Балалар, ешкі лағын қалай шақырады? Естідіңдер ме? 
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
  Лағым    
- Шөре-шөре, лағым,
 Тентек болма, шырағым,
 Секектеме, деміңді ал,
 Селтеңдемей құлағың.
- Тамаша.
- Балалар, көкек қалай шақырады?
Балалар:
- Кө-кек, кө-кек. Жақсы!
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
 Көкек
 Ағашта биік,
 Бір құсты көрдік. 
 Сайрайды сол құс,
 Сайрайды талмай.
- Кө-кек, кө-кек, 
 Аты оның содан,
 Атанған кө-кек.
- Тамаша, жарайсыңдар, балалар!
Ән салу
Ө. Байділдаевтің «Балақан да, балапан» әні.
Педагог балалардың назарын аудару үшін шапалақтайды:
- Балалар, бәріміз бері қараймыз.
Балалар тынышталып қалады.
- Балалар, сендер өздеріңді жақсы көресіңдер ме? Иә. 
- Олай болса, балалар туралы әнді айтып үйренейік.
Әнді хор мінбесіне барып, үнтаспаға қосылып айтады. Шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, тамаша, әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
Педагог балаларға ән үйретуді жалғастыра отырып, «Ақылды тақтадағы» әннің ырғағының суретін көрсететін үлкен және кіші күндерге қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші құстар» да келді.
Балаларға құстармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші айтылып жатқан әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлығы қосылып орындауды үйретеді.
«Менің балаларым қайда?» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: музыкалық жетекші балаларға тауық, үйрек, күрке тауық, ит, мысық енелерін карточкадан көрсетеді. Балалардың қолдарында кішкентай карточкалар болады (төлдері). Музыкалық жетекші балалардан әндетіп сұрайды, балалар әуенді танып не туралы айтылғанын ұғып, керек карточканы көрсетеді.
- Балалар, мен сендерге әндетіп жүріп, қай карточканы көрсетсем, карточкаға сай келетін үй жануары төлінің суреті салынған карточканы көтересіңдер.
Қорытынды:
- Балалар, бәріміз шеңберге тұрайық.
- Бүгін қандай ән тыңдадық? «Күн дидарлы Қазақстан» әнін.
- Қандай ән айттық? «Балақан да, балапан» әнін.
- Сиырдың төлі қайсы? Бұзау.
- Бұзау қандай дыбыс шығарады екен? Мөө, мөө, мөө. Жарайсыңдар!
- Балалар, оқу қызметіне жақсы қатысып, бәрің таңбалауыш алдыңдар. Сол таңбалауыштарды портфолиоға салып қойыңдар.
- Бүгін сендермен өткен оқу қызметі маған өте ұнады. Бәрің белсенді болдыңдар! Рақмет! Қазір оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар
!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 27-29 қыркүйек 2022 ж

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Ару күз»

Міндеті: Балаларды күз туралы әнді тыңдай отырып, оның сын-сипатын ажыратуды үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп, бірге айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін арттыру.

Релаксация «Күз».
Балалар И.Соколовскийдің «Марш» әуенімен залға кіреді. Балаларға денелерін түзу, бастарын тік, өздерін еркін ұстау керектерін ескертеді. Балалар музыка әуенімен залдың ортасына келіп тұрады.
- Балалар, бәріміз шеңбер бойымен тұрамыз. Міне, жарайсыңдар! Бәрің күз сияқты, сары алтындай жайнап тұрсыңдар!
Балалар шаттанып қалады.
- Балалар, қазір ойналатын музыка әуенімен бірге тақтадағы жапырақтардың қозғалысына қарай отырып, әдемі қозғаламыз. Барлығың менімен бірге өте баяу, ақырын, оң жағымызға ырғақтап бұрыламыз. Жарайсыңдар, сол жағымызға ақырын, ырғақтап қозғаламыз. Жапырақтар баяу, асықпай, ақырын, тербеліп жатса, біз де солай қозғаламыз. Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, бастаймыз! Сары жапырақтар желмен тербеліп, талдан жерге түсіп жатыр.

- Жел күшейіп кетіп еді, бір жапырақ талдан үзіліп кетті. Сары жапырақты жел ұшырып барады.
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Тамаша, балалар!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, бүгін украин халқының «Жапырақтар биі» сазды әуеніне ырғақты қимылдарды жасаймыз. Балалар, мен көрсететін қимылдарды мұқият қарап алыңдар, жарай ма?
Музыкалық жетекші украин халқының «Жапырақтар биі» сазды әуеніне балаларды қатарға тұрғызады. 

Музыка басталғанда балалар жапырақтарын қолдарына ұстап, бір орында тұрады. Жапырақтарды оң және сол жаққа кезек-кезек сермеп жаттығу жасайды. Орындарында тұрып айналады, арасында музыка тоқтағанда балалар орындарында тұрып, аяқтың ұшымен жан-жаққа шашырап жүреді. Екі немсе төрт баладан бірігіп, жапырақ ұстаған қолдарын жоғары көтеріп адымдау, музыканың аяғында жапырақтарын әуеге көтеріп, залды айналады. Соңында балалар жерге отырып, беттерін жапырақтармен жауып, музыка аяқталғанда жапырақтарын оң жаққа көтеріп, сол аяқтарын ұшына қойып, биді аяқтайды. Музыкалық жетекші ойынды өзі бастап, балаларға ырғақты қимылдарды көрсетіп жүреді.
Ән тыңдау
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды.
- Балалар, бүгін биіміз де, әніміз де күз туралы болып жатқанын байқадыңдар ма? Иә.
- Балалар, күз туралы әдемі ән бар, естіп көрейікші?! Д. Ботбаевтың «Күз әуені» әні. Әнін жазған композитор Д. Ботбаев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз (Аудиозапись песни Д. Ботбаева «Осенняя песня»).
 Күз әуені көңілді,
 Сарғайтады өңірді.
 Түрлі-түсті жапырақ,
 Көтереді көңілді.
- Кәне, балалар, шапалақ соғып отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте көңілді, балалар, солай ма? Иә.
Бір балаға өзі білетін әннің әуенін - ля - ля буыны арқылы орындауды, екінші балаға сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
Музыкалық жетекші әнді балалар толық қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды.
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- Қандай сазгерлерді білеміз? Бота Бейсенова, Өтебай Байділдаев. Жарайсыңдар!
- Әннің сөзін кім жазады? Ақын. Жақсы.
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз? Әнші. Керемет!
- Балалар, қандай ырғақты әндерді білеміз? «Ойыншықтар», «Топ-топ, балақан», «Қамажай». Тамаша, балалар!
- Енді, балалар, ән тыңдай отырып, күз кереметтерін тамашалайық!
Педагог Д. Ботбаевтың «Күз әуені» әнін және интербелсенді тақтаны қосып, күз кереметтерін көрсетеді.

- Күз көрінісі қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Күздің қандай ерекшеліктерін көріп отырсыңдар, балалар? Жапырақтар сарғайды, күн суытты, жаңбыр жауды, жемістер пісті. Бәрі де күз кереметі. Қазір ән тыңдаймыз.
Педагог балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды.
- Әнде не туралы айтылады? Күз туралы.
- Күздің қандай ерекшеліктерін байқадыңдар?
- Жарайсыңдар, балалар!
«Балақан» дидактикалық ойыны.
Ойынның мақсаты: музыка ырғағына сай қол соға отырып, әннің әуеніне қосылу.
Ойынның шарты: алақандарын басқалардан бөлек, жаңылысып соққандар айыбын өтеу үшін өлең немесе тақпақ айтып, би билеуі тиіс.
Балалар дөңгелене шеңбер жасап отырады. Музыка ойнаған кезде балалар ән ырғағына ілесіп, қол соғып, өлең айтады. Алақандарын басқалардан бөлек, жаңылыс соққандар, не басқадай бір қылығымен ойын тәртібін бұзғандар «кінәлі бала» болып табылады. Оларды ортаға жеке шығарып, кінәсін ақтау үшін ән мен тақпақ айтқызып, би билетеді.
 Кел, балалар, шапалақтап,
 Алақанды ұрайық.
 Жаңылғанды ортаға ап,
 Бір өнерін сұрайық.

Қайырмасы:
- Ла - ла - ла - ла,
- Балақан!
- Ла - ла - ла - ла,
- Алақан!

 Айып тартсақ саспайық,
 Қысылмайық қиналып.
 Кел ойынды бастайық,
 Келді достар жиналып.

Қайырмасы:
- Ла - ла - ла - ла,
- Балақан!
- Ла - ла - ла  ла,
- Алақан!
Бәрі қол шапалақтап, өлең қайырмасын айтып тұрады. Жаңылысқан баланы байқайды. Оны тапқан кезде айыбына ән, би немесе тақпақ сұрайды. Жаңылысқан бала айыбын өтеген соң, ойын одан әрі жалғасады.
Бәрі сол балаға бұрылып::
 Соғылғанда алақан,
 Жаңылдың сен, балақан!
 Шаю үшін айыбыңды,
 Көрсет бір өнеріңді.
Ойын балалардың қалауы бойынша қайталанады. Жақсы ойнаған балаларға түрлі түсті жапырақтардың бейнесі салынған таңбалауыштар үлестіріледі.
Педагог:
- Балалар, осы жылдан бастап әрқайсыңда жеке портфолио бар екені естеріңде ме? Сол портфолиоға бүгінгі алған таңбалауыштарыңды сала беріңдер. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болады, сол балаға сыйлық беріледі. Кәне, балалар, портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.
Дауыс жаттығулары
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, тауда келе жатып, бір-бірімізден көз жазып қалдық. Бір-бірімізді табу үшін қалай айғайлаймыз?
Балалар, үндемей қалады.
- Балалар, алдымен ақырын «аууу» дейміз. Кәне бәріміз, ақырын «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Біздің дауысымызды ешкім естімеді, қаттырақ дауыстап тағы да «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Балалар, дауысымызды ешкім естімеген сияқты ғой, одан да қаттырақ «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды. Сол кезде «аууу» деген жаңғырық естіледі.

- Естідіңдер ме, балалар, біз іздеген адамдар табылды.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптардың үлгілерін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар таңырқап қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, аспапты ұстау, оны ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, ал сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар, керек жерінде сөзін қайталайсыңдар. Мысалы, «дан-диги-дан» дегенде қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан.
 Қобыз аспап киелі,
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри, пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду.
 Трам-та соқса барабан,
 Қызыға жұрт қараған.
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ән салу
- Балалар, сары алтындай сары күзде күз туралы ән бастайық.
Бота Бейсенованың әні «Алтын күз».

Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші құстар» да келді.
Балаларға құстармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауларын үйретеді.
«Музыкалық үйшік» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: музыкалық аспаптардың үнін дауыс тембріне қарай ажырату және қандай аспап екенін айту.
Ойынның мақсаты: балаларды музыкалық аспаптардың тембрін ажырата білуге жаттықтыру.
- Балалар, қазір қызық ойын ойнаймыз. Мына үйшікті көріп тұрсыңдар ма?
- Иә.
- Балалар осы үйшіктің ішінде әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұрады. Ол музыканттар әртүрлі аспаптарда ойнайды. Сендер сол музыканттар ойнаған аспаптардың дыбыстарын ажыратып, қандай аспап екенін атауларың қажет.
- Балалар, ойынға дайынсыңдар ма? Иә. Олай болса, балалар, мен музыканттардың қасына барып, қандай аспаптарда ойнайтынын көрейін. Ал, сендер сол ойналатын аспаптың дыбысын мұқият тыңдаңдар. Қай аспаптың дыбысы екенін білсеңдер, қолдарыңдағы аспаптар бейнеленген карточкаларыңмен үйдің әйнегін жабасыңдар
Шымылдықтың артында тұрып, музыкалық аспапта ойнап әндетеді. Аспап үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың ішінен сәйкес келетінін алып, үйдің бір әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер толық жабылуы керек. Педагог пен музыкалық жетекші балалардың ойынын бақылайды, тиісті жерінде ескерту жасап отырады.
Қорытынды
- Балалар, жапырақтар қай кезде сарғаяды? Күзде. Дұрыс!
- Бүгін күзге байланысты қандай ән тыңдадық? Күз туралы. Жақсы!
- Қай сазгердің әні? Д. Ботбаев «Күз әуені» әні. Тамаша!
- Қандай ән айттық? Алтын күз туралы. Жақсы.
- Әнді шығарған сазгер кім? Б. Бейсенова. Жарайсыңдар!
- Оқу қызметі ұнады ма? Иә.
- Бәрекелді, балалар, бүгінгі оқу қызметі сәтті өтті! Рақмет! Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Күз»

Айы, күні, жылы: 04-06 қазан 2022 ж

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Күзге ән арнайық»

Міндеті: Балалардың музыканы тыңдай білуге қызығушылықтарын арттыру; әнді тыңдай отырып, сын-сипатын ажыратуды үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп, бірге айта білу қабілетін қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысын жетілдіру; дыбысты есту қабілетін арттыруды пысықтау.       

Балалардың қолдарына жапырақтарды таратады. 
Балалар И.Соколовскийдің «Марш» әуенімен залға кіреді. Педагог балаларға денелерін түзу, бастарын тік, өздерін еркін ұстау керектігін ескертеді. Балалар музыка әуенімен залдың ортасына келіп тұрады.
- Балалар, шеңбер бойымен отырамыз. 
Педагог интербелсенді тақтадан Күз ханшайымын көрсетеді. 

- Балалар, Күз ханшаймы өзімен бірге жапырақтарын ала келіпті. Күз мезгілі қандай әдемі. 
- Балалар, жапырақтарды ұстап тербелейікші. 
- Енді, балалар, мына әуеннің ырғағын тыңдап тербелейік. Баяу жел соқса, жапырақтар баяу қозғалады. Қатты жел соқса, жапырақтар қатты тербеледі. Балалар желдің ырғағына қарай жапырақтарды ұстап тербеледі. 

- Жарайсыңдар, балалар!.

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Педагог балалардың назарын өзіне аударып: 
- Балалар, бүгін украин халқының «Жапырақтар биі» атты әуеніне ырғақты қимылдарды жасаймыз. Мен көрсететін қимылдарды мұқият қарап алыңдар, жарай ма? 
Музыкалық жетекші балаларды қатарға тұрғызады. 
 Музыка басталғанда балалар жапырақтарын қолдарына ұстап, бір орында тұрып жапырақтарын оң және сол жаққа кезек-кезек сермеу жаттығуларын жасайды. Орындарында тұрып айналады, арасында музыка тоқтағанда балалар орындарында тұрып, аяқтың ұшымен шашырап жүріп, екі және төрт баладан бірігіп, жапырақ ұстаған қолдарын жоғары көтеріп, адымдау, музыка соңында жапырақтарын әуеге көтеріп залды айналады. Бидің аяғында балалар жерге отырып, беттерін жапырақтармен жабады. Музыка аяқталғанда жапырақтарын оң жаққа көтеріп, сол аяқтарын ұшын алдыға созып биді аяқтайды. Басында музыкалық жетекші биді өзі бастап, ырғақты қимылдарды көрсетіп жүреді.
Ән тыңдау 
- Балалар, Күз ханшайымы сендермен бірге орманға барып серуендегісі келеді. Күз кереметін көрсетіп, суретке түскісі келеді екен. Барлығымыз барамыз ба?
Балалардың жауаптары. 
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, балаларға күзгі орманды көрсетеді. 

- Мына керемет табиғатқа қарап, ән салмауға бола ма? Балалар алдыңғы оқу қызметінде қандай ән үйрендік?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, Д. Ботбаевтың «Күз әуені» әні. 
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Денемізді еркін ұстаймыз.
Д. Ботбаева «Осенняя песня»
- Жарайсыңдар, балалар, әнді жаттап алыпсыңдар, әуенді тағы да қайталап тыңдайық.
- Осы ән сендерге қандай көңіл-күй сыйлайды?
- Иә, көңіл-күй көтеріліп қалады.
Педагог бір балаға өзі білетін әннің әуенін «- ля - ля» буыны арқылы орындауды, екінші балаға сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
Музыкалық жетекші әнді балалар қабылдағанша тыңдатады. 
- Балалар, жаңбыр жауса біздің көңіл-күйіміз қандай болады?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, сәл мұңайып қаламыз.  
- Күн шықса көңіл-күйіміз қалай өзгереді?
- Иә, көңіл-күйіміз бірден көтеріледі.
«Күн мен жаңбыр» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларды музыканың әртүрлі сыр-сипатын ажыратуға баулу (көңілді, ойнақы, сабырлы, мұңды). Шығармалардың көңіл-күйін сезіне білуге үйретеді.
Ойынның шарты: көңілді күн мен бұлттың суреттері бейнеленген карточкалар таратылады. Балалар екі түрлі шығарманы тыңдап, әуен сипатына сәйкес суретті көрсетеді.
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог ән айтпас бұрын, балалардың дауыстарын жаттықтырып алады. 
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. 
Педагог көрсеткішпен лақтардың жайылып жүргендерін көрсетеді. 

- Балалар, суреттен қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?
- Иә, лақтар. Дұрыс айтасыңдар.
- Ендеше, балалар, мына сүйкімді лақтарға қарап, тақпақты қайталайық. 
Лағым 
Шөре-шөре, лағым, 
Тентек болма, шырағым, 
Секектеме, деміңді ал, 
Селтеңдемей құлағың. 
- Жарайсыңдар, балалар!
Ән салу
Б. Бейсенованың «Алтын күз» әні.
(әні, сөзі: Бота Бейсенова)
- Балалар, сары алтындай сары күзде ән бастайық. Бота Бейсенованың әні «Алтын күз».
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші құстар» келді.
Музыкалық жетекші құстармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
«Төмен және жоғары дыбыстар» музыкалық-дидактикалық ойыны.
Ойынның мақсаты: шығарманы тыңдап отырып, оның динамикалық бояуларын, дауыс күштілігін ажыратуды үйрету.
Ойынның шарты: бірдей және әртүрлі көлемдегі сары қоңыраулардың суреті салынған карточкалар үлестіріледі. Шығарманы тыңдап, төменгі дыбысқа үлкен қоңырау, орташа дыбысқа көлемі орташа қоңырау, жіңішке дауыстағы әуенге кішкентай қоңырау бейнеленген карточканы көрсетеді.

Қорытынды

Педагог ұйымдастырылған іс-әрекетін қорытындылап: 
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекеті ұнады ма?
Балалардың жауаптары.
- Біз қандай әндер жаттап алдық?
- «Күз әуені» әні.  
- «Күз әуені» әніңде не туралы айтылған?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, күз туралы айтылған. 
- Жарайсыңдар! Рақмет! Осымен ұйымдастырылған іс-әрекеті аяқталды. 
- Сау болыңдар! 

Тақырыбы: «Күз жомарт»

Міндеті: Балалардың музыканы тыңдай білу қабілетін арттыру; әнді тыңдап отырып, сыр-сипатын ажыратуды үйрету; дыбыс ұзақтығы туралы ұғым беру; дыбысты есту қабілетін жетілдіру.
 
Сәлемдесу
Балалар залға Қ. Шілдебаевтың «Жүгіру» атты шығармасының әуеніне жеңіл жүгіріп кіреді. Музыкалық жетекшінің белгі беруі бойынша ирек жасау, айналып жүгіру, жанымен жүгіру жаттығуларын жасайды. Жеңіл адыммен залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог:
- Балалар, күз сыйы дегенді қалай түсінесіңдер? Иә, көкөністер, жемістер, жидектер. Жарайсыңдар, балалар! Бәріміз шеңбер бойымен тұрамыз. Бәрекелді! Енді, менімен бірге қимылды қайталаймыз:
- Сәлемдесіп алайық (балалар қолдарын жанына жаяды),
- Амансыз ба, халайық! (балалар қолдарын жоғары көтереді).
- Күздің жомарт кезінде (балалар қол білезіктерін айналдырады),
- Күздің сыйын алайық! (балалар қолдарын жоғары көтереді).
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, осы шеңбер бойымен жүре отырып, алдарыңда тұрған сылдырмақтарды алып, қатар түзеп тұрамыз.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
- Балалар, бәріміз шеңбер жасап тұрайық. Енді орнымызда тұрып, бірге адымдаймыз. Мен бірден үшке дейін санай бастағанда, бәріміз бірге адымдаймыз. Жарайсыңдар! Енді, музыка әуенімен адымдаймыз.
(Аудиозапись «Игра с погремушками» Е. Омирова).
Е. Өміровтің «Сылдырмақпен ойын» шығармасы бойынша музыка жетекшісі балаларға бірінің артынан бірі жеңіл адыммен жүру керектігін көрсетеді. Балалар жүргенде аяқ-қол үйлесімділігін сақтап, денелерін тік ұстап, қолдарындағы сылдырмақтарды еркін қозғауы қажет. Жүргенде адымды сол аяқпен бастап, оң қолдарымен сылдырмақты ойнату керектігі ескертіледі. Музыкалық жетекші ойынды өзі бастап, қимылдарды көрсетіп жүреді. Арасында музыка тоқтағанда балалар орындарында тұрып, барлығы бірге адымдайды, сылдырмақтарды жоғары көтеріп сылдырлатады. Сылдырмақпен би адымы жеңіл, көтеріңкі көңіл-күймен орындалады.

Ән тыңдау
Педагог балаларға:
- Балалар, тақтаға қарайықшы?!
Балалар тақтаға қарайды.
- Кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Атаның. Жақсы.
- Ата не істеп тұр? Жүріп келе жатыр. Тамаша.
- Балалар, атаның қолында не бар? Таяқ. Дұрыс.
- Балалар, атаға таяқ не үшін қажет? Жүру үшін. Жақсы.
- Ата туралы әндер өте аз екен, балалар. Біз ата туралы әндерді де білуіміз керек. Сондай әндердің бірі Е. Құсайыновтың «Менің сүйікті атам» әні.
(Аудиозапись песни Е. Кусайынова "Дорогой мой дедушка"). 
Сол әнді тыңдап көрейікші, балалар! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
- Балалар, ән қалай аталады? «Менің сүйікті атам». Дұрыс.
- Балалар, әннің әуенін жазған Е. Құсайынов, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Айналайын аташым,
 Берген маған батасын.
 Ұйықтамайсың аташым,
 Тыншып, қашан жатасың?
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Бәріңнің аталарың бар ма, балалар? Бәріміз қосылып әнді тағы тыңдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім? Е. Құсайынов. Дұрыс.
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Менің сүйікті атам». Жарайсыңдар!
«Біздің саяхат» дидактикалық ойыны
Мақсаты. Балғаның дыбысы арқылы көңіл күйді білдіртуді үйрету.
- Балалар, қазір ойын ойнаймыз. Бәріміз шеңбер жасап отырамыз.
Балалар шеңберде отырады, музыкалық жетекші балаларға саяхатқа баратындарын айтады.
- Балалар, қазір бәріміз саяхатқа барамыз. Менің қолымдағы музыкалық балға бізге көмектеседі. Мен айтқан сөздерді көз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз.
- Дайынбыз ба, балалар? Иә.
- Онда бастаймыз.
 Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз (балалар аяқтарын кезек-кезек жүргендей қозғайды),
 Далаға шықтық, күннің көзіне қуанып жүгірдік (балалар қолдарын жоғары көтереді, аяқтарын кезек-кезек жүгіргендей қозғайды),
 Айгерім допты алып жерге соға бастады (балалар екі қолдарымен кезек-кезек доп ұрғандай қимыл жасайды),
 Балалар тез секірді (балалар екі аяқтарын біріктіріп, секіргендей қимыл жасайды),
 Бірақ, күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.
 Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды (балалар екі қолдарын біріктіріп, жаңбыр жауғандай қимыл жасайды, саусақтарын басында ақырын қимылдатады, соңында тез-тез қимылдатады). Музыкалық жетекші осы қимылдардың барлығын музыкалық балғамен ойнайды.
- Жарайсыңдар, балалар!
Педагог балаларға марапат ретінде жемістер бейнеленген таңбалауыштарды үлестіреді.
- Балалар, осы жылдан бастап әрқайсыңда жеке портфолио бар екені естеріңде ме? Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

Дауысқа арналған жаттығулары
Педагог ән салудың алдында балаларға дауысқа арналған жаттығуларды орындатуы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді. Педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді.
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз,
 Бір орында тұрмаймыз.
- Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек.
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз.
- Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, дауысқа араналған жаттығуларды бірге жасаймыз.
- Балалар, тырналар қалай дыбыстайды екен? Көрейік.
 Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар тырналар.
 Мен сендерге жем берем,
 Дос болайық, тырналар.
- Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тамаша!
Ән салу
Д.Ботбаевтың «Күз жомарт» әні
(әнін жазған: Д.Ботбаев).
Музыкалық жетекші:
- Балалар, жомарт күз туралы ән бастайық.
- Балалар, әнді тыңдап алайық. Әнді тыңдап отырып, күзде пісетін жемістерді тамашалайық!
«Күз жомарт» әні қосылады (Аудиозапись песни Д.Ботбаева «Щедрая осень»). Интербелсенді тақтаны қосып,
(Видеоролик. Дары осени (деревья яблони, груши, сливы, алхоры) күзде пісетін жемістерді көрсетеді.
- Күз мезгілі қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Күзде қандай жемістер көп піседі? Қандай жемістерді көріп отырсыңдар, балалар? Алма, алмұрт, өрік, алхоры.  Барлығы күз жемістері. Ән айтамыз.
Педагог балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Күз мезгілінің ғажаптары туралы.
- Күзде піскен қандай жемістерді көрдіңдер? Жарайсыңдар, балалар!
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып айтады, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай жемістерге қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші жемістер» де келді.
Балаларға жемістермен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
«Менің балапандарым қайда?» музыкалық-дидактикалық ойын
(Балалардың дыбысты жоғары есту қабілетін дамыту мен бағдарлама материалын бекітуге арналған)
Ойын шарты: балаларды жоғары және төмен дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру.
Ойынға қажетті жабдықтар: қаз, үйрек, тауық пен құстың суреттері салынған төрт үлкен карточка, қаздың, үйректің тауықтың, құстың ұядағы балапандары салынған кішкентай карточкалар.
Ойын барысы: балалар музыкалық жетекшіге қарама-қарсы жаққа жартылай шеңбер жасап отырады, әрқайсының қолында кішкентай карточкалар бар.
Педагог балаларды шеңбер бойынша отырғызып:
- Балалар, қазір біз «Менің балапандарым қайда?» ойынын ойнаймыз. Ол үшін музыкалық жетекшінің әңгімесін тыңдап алыңдар.
Музыкалық жетекші әңгімесін бастайды:
- Бір аулада балапандарымен үйрек (қаз) өмір сүріпті. Ауланың сыртындағы ұяда бір құс балапандарымен тұрыпты. Бірде қатты жел соғып, жаңбыр жауды да, барлығы тығылып қалады. Ең бірінші болып өз балапандарын үйрек шақырады.
- Менің балапандарым, сүйкімді балақандарым, қайда? Кря, кря!» (бірінші октаваның «-ре» дыбысы бойынша ән салады). Қолдарында үйректің балапандарының суреті бар карточкаларды балалар көтеріп, былай деп жауап береді.
- Кря - кря, біз мұндамыз» (екінші октаваның «-ля» дыбысы бойынша ән салады).
Музыка жетекшсі:
- Балалар, үйрек өз балапандарын тапқанына қатты қуанды (карточкаларды жинап алады). Енді, қалған құстарға балапандарын тауып алуға көмектесейік. Ойын барлық құстар өз балапандарын тауып алғанша жалғасады. Педагог балаларды жалықтырып алмау үшін:
- Балалар, құстар қанатын қалай қағады, олар қалай жүруші еді? - деп, құстардың қимылдарын көрсетуін сұрайды. Балалардың барлығына бірдей қанат қағу, шапалақтау қимылдарын жасау қажеттілігі ескертіледі. Алдымен педагог өзі бастап құстардың қалай қанат қағып, қалай жүретіндерін көрсетеді.
Қорытынды:
- Балалар, оқу қызметі ұнады ма? Иә.
- Балалар, оқу қызметінде қандай ән тыңдадық? «Менің сүйікті атам» әнін. Тамаша!
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Күз жомарт» әнін айттық. Жарайсыңдар!
- «Күз жомарт» әнін жазған сазгер кім? Д. Ботбаев. Жақсы!
- Балалар, бүгін оқу қызметінде белсенді болдыңдар.
Балалар қуанып қалады.
- Балалар, оқу қызметімізді аяқтаймыз. Сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 11-13 қазан 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Тәтті нан»

Міндеті: Балалардың музыканы тыңдап отырып, оның сыр-сипатын ажырата білу қабілетін арттыру; әнді тыңдағанда дыбыс ұзақтығы туралы ұғымын қалыптастыру; дыбысты есту қабілетін жетілдіру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын үйлесімді жасай білу дағдысын жетілдіру.

.Сәлемдесу
Оқу қызметі басталысымен балалар И.Соколовскийдің «Марш» шығармасының әуеніне залға кіреді. Педагог балалардың адымдарына бақылау жасап:
- Балалар, басымызды тік ұстаймыз, еркін жүреміз, адымды кең аламыз. Жарайсыңдар!
Балалар музыка аяқталғанша залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, нанды бәріміз жақсы көреміз. Нанның қандай қасиеті бар, балалар? «Ас атасы – нан!», «Нан болса, ән де болады» деген сөздер бекер айтылмаған, балалар. Жарайсыңдар, балалар, бәріміз шеңбер бойымен тұрамыз. Бәрекелді!- Балалар, қазір менімен бірге сәлемдесу тақпағы мен қимылдарды қайталаймыз:
 Қасиетті нанымда (балалар қолдарын жанына жаяды),
 Бабалардың тегі бар (балалар қолдарын жоғары көтереді).
 Бар құдірет нанымда (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Беріп сәлем, алыңдар (балалар қолдарын жоғары көтереді)! 
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Жарайсыңдар, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Е. Андосовтың «Біз билейміз» атты шығармасының (Аудиозапись "Мы танцуем" Е. Андосова) әуеніне балаларды шеңберге тұрғызады.
- Балалар, шеңберді кең, әдемі етіп жасайықшы. Міне, жарайсыңдар! Енді, балалар, музыка әуенімен маған ілесе қимылдарды қайталаймыз.
Музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Музыкалық жетекшінің көрсетуімен ерікті қимылдарды орындайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыка сипатына сай ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.
Ән тыңдау
Педагог балаларды шеңбер бойымен орындықтарға отырғызып:
- Балалар, тақтаға қарайықшы?!
Балалар тақтаға қарайды
- Кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Балалардың. Жақсы!
- Балалар не істеп тұр? Адымдап бара жатыр. Тамаша!
- Балалар, қыздар мен ұлдар қалай адымдап бара жатыр?
- Көңілді адымдап бара жатыр. Жақсы.
- Балалар, сендер де осылай көңілді адымдауды білулерің керек. Қазір біз Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» әнін (Аудиозапись песни Б. Жусипалиева "Веселый марш") тыңдап көрейікші, балалар! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
- Балалар, ән қалай аталады? «Көңілді марш». Дұрыс!
- Балалар, әннің әуенін жазған Б. Жүсіпалиев, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Адымдаймыз алға,
 Бұрыламыз солға.
 Бұрыламыз оңға,
 Салтанатпен алға.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Бәрің орындарыңнан тұрыңдар, балалар? Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз, енді орнымызда тұрып, әннің әуенімен адымдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды.
- Балалар, әнін жазған сазгер кім? Б.Жүсіпалиев. Дұрыс!
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Көңілді марш». Жарайсыңдар!

«Көңілді-мұңды» дидактикалық ойыны
(музыкалық туындының ерекшелігін анықтау үшін)
Мақсаты. Әуеннің көңілді не мұңды болуын түсінуді үйрету. 
Ойынға қажетті материалдар: төрт үлкен карточкада көңілді құлыншақ, көңілді ойыншықтар (тиін немесе піл), мұңайған ит, мұңайып тұрған қоян. Осы кейіпкерлердің суреттері салынған бірнеше кішкентай карточкалар.
Ойын барысы.
Музыкалық жетекші әртүрлі әуендерді орындайды. Балалар әуенді тыңдайды, оған сәйкес карточканы көрсетеді.
- Балалар, екі топқа бөлінесіңдер. Қай топтың балалары жеңеді, сол топ тәтті тоқаш бейнеленген таңбалауыштарды алады.
- Ал, енді ойынды бастаймыз. Топтағы балалар карточкаларын көрсетуге дайын отырады.
Көңілді
Жылқы жағалауда жүр екен.
Жасыл желек үстінде.
Ол басын шұлғып,
Қара жалын желпілдетіп,
Алтын жүгенін сылдырлатып,
Сыңғыр, сыңғыр ете.
Тағып алған қоңыраулары,
Жорғалап ол жүреді

Мұңды
Мұңды көңілсіз жануарлар,
Олар ауырып қалған шығар.
Қоянның аяғы ауырып тұр,
Тұнжырап мұңайып тұр.
Иттің басы ауырып тұр.
Балалар топпен жарысып, карточкаларын көрсетеді. Жеңген топтың балаларына тәтті тоқаш бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауысқа арналған жаттығулары
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, менімен бірге қайталаймыз.
- га-га,
- ду-ду,
- ко-ко,
- ля-ля.
- Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, ешкі лағын қалай шақырады, естідіңдер ме?
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
Лағым
- Шөре-шөре, лағым,
- Тентек болма, шырағым,
- Секектеме, деміңді ал,
- Селтеңдемей құлағың. Тамаша!
- Балалар, көкек қалай шақырады?
Балалар:
- Кө-кек, кө-кек.
- Жақсы.
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
Көкек
 Ағашта биік,
 Бір құсты көрдік.
 Сайрайды сол құс,
 Сайрайды талмай.
 Кө-кек, кө-кек,
 Аты оның содан,
 Атанған кө-кек.
- Тамаша, жарайсыңдар, балалар!
Ән салу
- Балалар, «Нан болса, ән де болады» дегендей, бүгін біз нан туралы ән сала отырып, ұннан жасалатын аспаздық өнімдерді тамашалайық!
Б. Аманжоловтың «Тәтті нан» әнін қосып (Аудиозапись песни Б. Аманжолова "Вкусный хлеб"), интербелсенді тақтадан ұннан жасалатын аспаздық өнімдерді көрсетеді.

- Аспаздақ өнімдер қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Ұннан жасалатын аспаздық өнімдердің түрлері қандай көп! Енді, әнді тыңдаймыз.
Педагог балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Нан туралы. Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, ән айтамыз!
Педагог балаларға әнді тыңдатып, тағы да сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Нан туралы.
- Әнді жазған сазгер кім? Б. Аманжолов. Жарайсыңдар, балалар!
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кішкентай, тәтті тоқаштарға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші тоқаштар» да келді.
Балаларға тоқаштармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып бірге орындауға үйретеді.
«Bells» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балалардың дауысты дыбыстар арқылы ажырата білу қабілетін дамыту.
Ойын шарты: әуеннің сипатына қарай қоңырауларды пайдалану.
Балаларды үш топқа бөледі, балалардың әрқайсысында қоңыраудың үш түрі (үлкен, орташа және кішкентай). Егер, кең өлшемдегі әуен естілсе, ойыншылар үлкен қоңырауды көтеруі керек. Қалыпты әуенге орташа, тыныш, ақырын ойналатын әуенге кішкентай қоңырауды көтеріп, сылдырлатуы керек.
Қорытынды
Балалардың бүгінгі білімін бекіту мақсатында:
- Балалар, нан қандай? Қасиетті. Керемет!
- Нанның дәмі қандай? Балдай! Тамаша!
- Бидайдың дәмі қандай? Дәмді. Жарайсыңдар!
- Балалар, қандай ән айттық? «Тәтті нан» әнін.
- Балалар, бүгін біз жақсы демалдық!
- Оқу қызметі аяқталғанда не айтамыз? Дұрыс, балалар!
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне бәрің жақсы қатыстыңдар! Оқу қызметі ұнады ма? Жақсы, сау болыңдар!

Айы, күні, жылы: 18-20 қазан 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Адам еңбегімен жыр»

Міндеті: Балалардың музыканы тыңдап отырып, оның сыр-сипатын ажырата білу қабілетін арттыру; әнді тыңдау арқылы дыбыс ұзақтығы туралы ұғымын қалыптастыру; дыбысты есту қабілетін жетілдіру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын үйлесімді жасай білу дағдысын жетілдіруді пысықтау.
Сәлемдесу

Оқу қызметі басталысымен И.Соколовскийдің «Марш» шығармасының әуеніне балалар залға кіреді. Педагог балалардың адымдарына бақылау жасап:
- Балалар, басымызды тік ұстаймыз, еркін жүреміз, адымды кең аламыз. Жарайсыңдар!
Музыка аяқталғанша балалар залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, сендер егістік дегенді естігендерің бар ма? Иә, балалар, егістікте егін егіледі. Егінге бидай, тары, күріш, қарақұмық, жүгері жатады. 
- Жарайсыңдар, балалар, бидайдан ұн тартылады. Ұннан барлық өнімдер пісіріледі. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» деп  бекер айтылмаған. Қәне, балалар, бәріміз «Еңбекпен тапқан нан тәтті!» деп айтайықшы! 
- Ендеше, бүгін біз «Адам еңбегіне жыр» тақырыбына әңгімелесеміз. 
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші Е. Андосовтың «Біз билейміз» атты шығармасының әуеніне балаларды шеңберге тұрғызып:
- Балалар, шеңберді кең, әдемі жасайықшы. Міне, жарайсыңдар! Енді, музыка әуенімен маған ілесіп қимылдарды қайталаймыз. Музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді. Орындарында тұрып жеңіл секіреді. Музыкалық жетекшінің көрсеткен қимылдарды орындайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыканың сипатына сай ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.
Ән тыңдау
Педагог интербелсенді тақтадан адымдап жүрген балаларды көрсетеді. 

- Балалар, мына бейнежазбада балалар не істеп жүр?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар адымдап жүр. 
- Осы балалар сияқты адымдайық. 
- Қанекей, орнымыздан тұрып, бастайық, 1, 2, 3 - 1, 2, 3
- Жарайсыңдар, ендеше біз Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» әнін тыңдап көрейікші, балалар!  
(Аудиозапись песни Б. Жусипалиева "Веселый марш")
Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз. 
- Балалар, ән қалай аталады? «Көңілді марш». Дұрыс.
«Әуенді сағат» музыкалық-дидактикалық ойын. 
Ойынның мақсаты: үйренген әндер мен әуендерді есте сақтап, бекітіп алу үшін қолданылады. Әртүрлі көңіл күйдегі әуендерді кіріспесінен немесе үзіндісінен тануға машықтандырады.
Ойынның шарты: әртүрлі шығармадағы кейіпкерлердің суреті салынған сағат бейнелі карточкалар беріледі. Музыкалық жетекші балаларға таныс ән немесе әуенді ойнайды. Балалар «Әуенді сағаттан» сол әннің мазмұнына сай суретті сағат тілін қозғау арқылы тауып береді.
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді менімен бірге қайталаймыз. 
- га-га,
- ду-ду,
- ко-ко,
- ля-ля.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, ешкі лағын қалай шақырады? Естідіңдер ме? 
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
  Лағым    
 Шөре-шөре, лағым,
 Тентек болма, шырағым,
 Секектеме, деміңді ал,
 Селтеңдемей құлағың.
- Тамаша!
- Балалар, көкек қалай шақырады?
Балалар:
- Кө-кек, кө-кек.
- Жақсы.
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
   Көкек
 Ағашта биік,
 Бір құсты көрдік. 
 Сайрайды сол құс,
 Сайрайды талмай.
 Кө-кек, кө-кек, 
 Аты оның содан,
 Атанған кө-кек.
- Тамаша! Жарайсыңдар, балалар!
Ән салу 
Б. Аманжоловтың «Тәтті нан» әні  
(әнін жазған: Б. Аманжолов).
- Балалар, мына мақалды жалғастырып көріңдерші.  Нан болса, ...
- Иә, дұрыс айтасыңдар, «Нан болса, ән де болады».
Көрсеткішпен нан өнімдерін көрсетеді.
- Балалар, нанға қатысты қандай әнді жаттадық?
- Иә, жарайсыңдар! «Тәтті нан» әнІ. 
- «Тәтті нан» әнін жазған сазгер кім?
- Иә, дұрыс, Б. Аманжолов. 
- Балалар, кімнің есінде қалды екен? Бәріміз ән шырқайық. 
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
«Сылдырмақ» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: музыкалық жетекші бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатады да, тығып қояды. Балалар сылдырмақтың үнін естіп, оны бөлмеден тауып алулары керек.
- Балалар, қазір «Сылдырмақ» әні ойналады. Сендер сол сылдырмақтың қай жерде екенін тауып алуларың керек. Музыкалық жетекші Е.Хасанғалиевтің «Сылдырмақ» әнін қосады, сол әннің әуенімен балалар сылдырмақты іздейді. Тапқан бала жеңімпаз атанады. Ойынды жақсы ойнаған балаларға тәтті тоқаш бейнеленген таңбалауыштар беріледі.
Қортынды:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Оқу қызметі ұнаса, бәріміз шапалақтаймыз. Оқу қызметі ұнамаса, аяғымызбен топылдатамыз. 
- Қандай әнді жаттадық? Сендерге ән ұнады ма?
Балалардың жауаптары. 
- Қандай ойындар ойнадық?
Балалардың жауаптары. 
- Жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметіміз аяқталды.

Тақырыбы: «Көгершіндер әні»

Міндеті: Балалардың көгершіндер туралы әуенді қабылдау қабілетін арттыру; әнді тыңдағанда дыбысты есту қабілетін жетілдіру; музыка әуенімен бірге би қимылдарын еркін орындауға жаттықтыру.

Сәлемдесу
Музыкалық жетекші Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» әуенін қосып, балаларды залға кіргізеді. Балалар көңілді адыммен залдың ортасына келіп тұрады.
(Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» әуенінің аудиосы)
Педагог балаларды шеңберге отырғызып:
- Балалар, құстар біздің досымыз! Біз құстарды жақсы көреміз! Иә.
- Балалар, жыл құстары жылы жаққа ұшып кетті. Қалған құстар қорғансыз, оларға біз қамқоршы болуымыз керек.
- Балалар, бәріміз шеңбер бойымен тұрамыз. Бәрекелді! Енді, менімен бірге тақпақ пен қимылды қайталаймыз:
 Құстар болып самғаймыз (балалар қолдарын қанат сияқты жанына жаяды),
 Аспан төрін шарлаймыз (балалар қолдарын қанат сияқты жанына сермейді).
 Туған жерді қимаймыз (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Біз алысқа бармаймыз (балалар қолдарын жанына жібереді).
 Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Тамаша, балалар!
- Балалар, әдемі шеңбер жасауға дайындалайық!
Балалар шеңбер жасайды.
 Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші:
- Балалар, мені айнала шеңбер жасап тұрайық, енді музыка басталмай тұрып, шөже болып көрейікші!
Музыкалық жетекші Г. Гусейнлидің «Шөжелерім» атты шығармасының әуеніне балаларды шеңберге тұрғызып, музыка сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді.
(Г. Гусейнлидің «Шөжелерім» атты шығармасының аудиосы)
Балалар шеңбер бойымен тұрып, аяқтарын өкшелерімен кезек-кезек алға қойып жаттығулар жасайды. Бір аяқты алға қойып, екі қолдың білезіктерін айналдырады. Екінші аяқты да алға қойып, екі қолдың білезіктерін айналдырады. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып, жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, қолдарын оң және сол жаққа кезек-кезек айналдырады. Педагог:
- Балалар, тақтаға қараңдаршы, балапандар қалай билейді? Біз де осы балапандар сияқты қимылдар жасайық.

- Қолымызды бүгіп, екі жанымызға жіберіп, шынтағымызды әрі-бері қозғаймыз. Сәл алға қарай бүгіліп, қолымызды екі жанымызға қанат сияқты жайып, қимылдар жасаймыз. Аяқтарымызды кезек-кезек алға қойып, балапан секілді жерге тигіземіз. Жарайсыңдар, балалар!
Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балаларды шеңбер бойымен отырғызады.
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайық.

Балалар тақтаға қарайды.
- Балалар, бейнебаяннан не көріп тұрсыңдар? Торғайларды. Жақсы!
- Торғайлар не істеп жатыр? Жем жеп жатыр. Жақсы.
- Осы кіп-кішкентай торғайлар ән салады. Балалар, тыңдап көрейік пе? Тыңдаймыз.

- Балалар, торғайлар қалай шықылықтайды екен? Шық-шық-шық. Тамаша!
- Торғайлар туралы ән бар екен, соны тыңдап көрейік.
- Олай болса, балалар, бүгін А. Райымқұлованың «Торғай әнін» тыңдаймыз.
(А. Райымқұлованың «Торғай әні»)
Балалар әнді тыңдайды. Музыкалық жетекші балаларға әннің сыр-сипатын түсіндіреді.
- Балалар, ән торғайлардың өзі сияқты көңілді. Солай ма? Иә.
- Тағы да тыңдап көрейікші?! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қойып, денемізді еркін ұстаймыз.
 Торғай, торғай тоқылдап,
 Жерден дәнді шоқып ап.
 Секіреді жүреді,
 Дәнді жерден тереді!
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, сөздерін менімен бірге тағы да қайталап көрейікші! Керемет!
- Бұл ән не туралы? Торғайлар туралы.
- Жарайсыңдар, балалар!
«Көңілді паровоз» дидактикалық ойыны.
Ойынның мақсат-міндеттері: балаларға пьесаларды сын-сипатына қарай ажырата білуді үйрету.
Ойын материалы: қатты картоннан жасалған паровоз бен аңдардың суреттері.
Ойынның барысы:
«Көңілді паровоз» балалар жаққа қаратылып әдістемелік үстелге қойылады. Музыкалық жетекші бос терезелерге балалардың назарын аударта отырып, паровоз бен оның вагондарын қарап шығуды ұсынады.
 Паровозға машинист пен жолаушылар қажет болғандықтан, оның ұзақ жолға шыға алмай тұрғанын хабарлайды. Вагондағы орындарға кім отыратындығын анықтауға музыка көмектеседі. Музыкалық жетекші «Қорбаңбай аю» пьесасын тыңдауды және оның атауын еске түсіруді ұсынады. Балалар пьесаның атауын табады, сөйтіп «Аш қасқыр», «Айлакер түлкі», «Көңілді қояндар» пьесасы кейіпкерлерін вагондарға отырғызу керектігі айтылады. Ойын екі топпен өткізіледі. Пьесаның атауын дұрыс тапқан балаларға көгершіндер бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауыс жаттығулары
Ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындау міндетті болып табылады. Музыкалық жетекші мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, менімен бірге қайталаймыз.
- Ооо,ооо, ооо.
- Біз айтамыз «-до». Қайталаймыз. Тамаша!
- Бір орында тұрмаймыз, жүгіреміз секі - ре - міз, «-ре». Қайталаймыз.
- Мимикамен күлеміз, күлеміз кәне, «-ми» (екі рет қайталанады). Жақсы!
- Досымызға айтамыз,
- Қандай күшті «-фа» Қайталаймыз. Тамаша!
- Досым менің ол, ол,
- Дейді маған «-соль», қайталаймыз.
- Біз бәріміз әндетіп,
- Ән саламыз «-ля-ля-ля».
- Тамаша, балалар!
Ән салу
- Балалар, көгершіндер қандай құстар? Бейбітшілік құсы. Жарайсыңдар!
- Балалар, тақтаға қарайықшы?!

- Балалар, қандай құстың бейнесін көріп тұрсыңдар? Көгершіннің. Жақсы.
- Балалар, суреттегі көгершін ерекше көрінеді. Солай ма? Иә.
- Көгершін несімен ерекшеленіп тұр? Әдемі! Тамаша!
- Балалар, осы көгершіндер туралы тамаша ән бар, соны айтып үйренеміз.
Педагог Н.Тілендиевтің «Көгершіндер әнін» тыңдатады.
(Н.Тілендиевтің «Көгершіндер әні» аудиосы)
Интербелсенді тақтаны қосып, көгершіндердің тіршілігін көрсетеді.

- Қандай керемет! Балалар, көгершіндер билеп жүр.
Балалар да қызығып қарайды.
- Қазір әнді тыңдаймыз.
Педагог балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Көгершіндер туралы. Жарайсыңдар, балалар!
- Әнді жазған сазгер кім? Н. Тілендиев. Жарайсыңдар, балалар!
Балалар, хор мінбесіне барып тұрады. Әнді үнтаспаға қосылып айтады. Әннің шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақты суретін көрсететін үлкен, кіші торғайларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші көгершіндер» де келді.
Балаларға көгершіндермен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топқа бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Балалар, орындарымыздан тұрып, көгершіндер сияқты қанатымызды қағайық! Жарайсыңдар!
 «Үнінен таны» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсат-міндеттері: балаларға аспаптардың дыбыстарын есту арқылы оларды ажырата білу қабілетін дамыту.
Ойын материалы: дабыл, сылдырмақ, үскірік (окарина), ксилофон, керме (ширма).
Ойын барысы.
Музыкалық жетекші керменің аржағында тұрып, аспаптарда ойнайды. Балалар қандай аспаптың үні екендігін табулары керек. Музыкалық жетекші әр аспапта ойнап тұрып, төмендегі сөздерді айтады:
 Музыка! Музыка!
 Бұл не екен өзі?
 Мүмкін бұл,
 Көгілдір аспан шығар!
 Мүмкін бұл,
 Таңғы арай шығар?
 Ал, мүмкін, музыка –
 Тек қана дыбыстар шығар!
Балалар аспаптардың  дыбыстарын ажырата алмаған жағдайда музыкалық жетекші аспаптарда қайтадан ойнайды.
Қорытынды
- Балалар, қандай құстың үні естіледі?

- Естіп отырсыңдар ма?
- Торғайдың!
- Сендерге ұнай ма?
- Иә.
- Балалар, бүгін қандай ән тыңдадық? «Торғайлар» әнін.
- Әнін жазған сазгер кім? А.Райымқұлова.
- Қандай ән айттық? «Көгершіндер» әнін.
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбы құстарға арналды. Құстар өте нәзік, сезімтал. Құстар қорғансыз. Балалар, құстарды көргенде оларға жем берейік. Оларға тиіспейміз, мазаламаймыз. Құстарға қамқорлық көрсетуіміз керек. Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекеті аяқталды, сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 25-27 қазан 2022 ж

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Күз әуені»

Міндеті: Балаларға әннің мазмұнын түсінуді үйрету; музыкалық жетекшімен бірге ән айту қабілетін жетілдіру; ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; дауысқа арналған жаттығуларды орындау кезінде әнді дұрыс айту дағдысын үйрету; музыка әуенімен бірге би қимылдарын еркін орындауға дағдыландыру; музыкалық аспапта ойнауға жаттықтыру.
«Күз».

Балаларды оқу залына Э.Парловтың «Марш» шығармасының әуеніне салтанатты адымдар жасатып кіргізеді. Педагог балалардың музыка әуенімен жасаған адымдарына қарап:
- Денемізді тік ұстаймыз, басымызды салбыратпай түзу ұстаймыз. Жарайсыңдар! Балалар, залдың ортасына шеңбер жасап тұрамыз (балалар кілемнің үстіне келіп тұрады).
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, қазір ойналатын музыкамен бірге қимылдар жасаймыз. Қимылдарды менімен бірге ілесе орындайсыңдар, келістік пе? Иә. Онда бастаймыз.
- Орнымызда тұрып, музыка әуенімен оңға бір-екі адым жасаймыз. Қолды шынтағынан бастап қозғаймыз. Тамаша!
- Енді, балалар, орнымызда тұрып, музыка әуенімен солға бір-екі адым жасаймыз, қолымызды шынтағымызбен бірге қозғаймыз, жарайсыңдар!
- Орнымыздан оң жақ иығымызға бұрылып, нәзік қимыл жасап, бір орында айналамыз.
- Енді орнымыздан сол жақ иығымызға қарай бұрылып, нәзік қимыл жасап, бір орында айналамыз.
- Ақырын кілемге отырамыз, екі қолымызды бүгіп, тіземіздің үстіне қойып отырамыз, саусақты иекке тіреп, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Жарайсыңдар!
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, тамаша болды, рақмет!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балаларды шеңберге тұрғызып:
- Балалар, музыка басталмай тұрып, орында тұрып адымдау жаттығуларын жасап, жаттығып алайық. Бәріміз бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтауға үйрене алмай жатырмыз. Сендер шеңберде жүріп ырғақты қимылдар жасауды жақсы игеріп алуларың қажет.
Педагог балаларға музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар Д. Ботбаевтың «Күз әуеніне» (Аудиозапись на песни Д. Ботбаева «Осенняя лирика») тұрған орнында айналып, вальс биінің қарапайым адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді. Екеуден бірігіп, бір орында айналады. Шеңбердегі қалыпқа қайта түседі, жүріп келе жатып, қолды оңға және солға сермеу ырғақты қимылдарын жасайды. Орындарында тұрып, жеңіл секіреді. Қолдарын оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек айналдырып, аяқтарын жеңіл топылдатады. Аяқтарымен сол жағына, орнында, оң жағына қарай жаттығулар жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Балалар залдың ортасына келіп тұрады, сол кезде педагог интербелсенді тақтаны қосып:
- Күз көрінісі қандай керемет! Қараңдаршы, балалар!

- Күздің қандай ерекшеліктерін көріп отырсыңдар, балалар? Жемістер пісті. Бәрі күз кереметі.
- Балалар, күздің жомарттығы неде, оны қандай ерекшеліктерінен байқадыңдар? Жемістер мен көкөністер өте көп. Тамаша, балалар!

Ән тыңдау
Ән тыңдаудың алдында музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?!

- Тақтадан нені көріп тұрсыңдар? Домбыраны. Жарайсыңдар!
Педагог домбыраға қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, домбыра қандай аспап? Қазақтың ұлттық аспабы. Жарайсыңдар!
- Домбыраны ұлттық аспап деп неліктен атаймыз? Қазақ халқының музыкалық аспабы. Тамаша, балалар!
- Балалар, домбыра туралы әдемі ән бар, естіп көрейікші? Қ. Шілдебаевтың «Домбыра» шығармасы. Әнін жазған сазгер Қ. Шілдебаев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
 Күмбірлеген домбыра,
 Жігер берген домбыра,
 Күй тартады домбыра,
 Ән де салар домбыра.
- Кәне, балалар, шапалақ соғып отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте көңілді балалар, солай ма? Иә.
Педагог бір балаға өзі білетін әннің әуенін -ля - ля буыны арқылы орындауды, екінші балаға сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
Музыкалық жетекші әнді балалар қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- Қандай сазгерлерді білеміз? Нұрғиса Тілендиев, Қуат Шілдебаев, Өтебай Байділдаев. Жарайсыңдар!
- Әннің сөзін кім жазады? Ақын. Жақсы!
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз? Әнші. Керемет!
- Балалар, қандай әндерді білеміз? «Әй-әй, бөпем», «Күз», «Бақшаға барамын». Тамаша, балалар!
- Енді, балалар, домбыра туралы шығарманы тағы да тыңдаймыз!
Педагог интербелсенді тақтадағы сілтеме арқылы домбыраның жасалуы туралы көріністер көрсетеді.

- Қандай керемет, домбыраны қалай жасап жатыр, қараңдаршы, балалар! Домбыраның қандай бөлшектерден жасалатынын көріп отырсыңдар ма, балалар? Иә. Педагог балаларға домбыра туралы бейнебаянды көрсетіп болған соң, сұрақтар қояды:
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдадық? «Домбыра» шығармасы.
- Әуенін жазған сазгер кім? Қуат Шілдебаев.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Соқыртеке» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды ән айта жүріп, епті, әрі жылдам болуға үйрету.
Ойынның барысы: балалар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер жасап тұрады, 3-4 бала шеңбердің сырт жағында тұрады.
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қазір біз «Соқыртеке» дидактикалық ойынын ойнаймыз. Ол үшін алдымен «Соқыртеке» болатын баланы таңдап алуымыз керек.
- Кім «Соқыртеке» болғысы келеді? Ортаға «Соқыртеке» болуға тілек білдіріп, бір пысық бала шығады.
Балалар шеңбермен айналып жүріп, әннің бірінші шумағын айтады. Екінші шумақты «Соқыртеке» айтады. Екінші шумақ басталғанда балалар қолдарын жоғары көтереді, ал сыртта тұрған балалар ішке еніп, «Соқыртекеге» ұстатпайтындарын айтып жан-жаққа жүгіреді. «Соқыртеке» біреуді ұстап алуға тырысады. Егер ұстап алса, әннің екінші шумағын айтады, ойын қайталанғанда ұсталған бала «Соқыртеке» болады. Егер ұстай алмаса, «Соқыртеке» өзі болады.
Балалар айтатын «Соқыртеке» әнінің шумағы:
Соқыртеке, бақ, бақ,
Біз айтамыз тақпақ.
Мықты болсаң, қанекей,
Бірімізді тап, тап!
Ойын соңында жақсы ойнаған балаларға марапат ретінде домбыра бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балаларға ән айтқызу алдында балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптардың бейнесін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар қуанып қалады.
- Балалар, аспаптардың үніне әндете отырып, аспапты ұстау, онымен ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар. Керек жерінде сөзін қайталайсыңдар, мысалы, «дан-диги-дан» дегенде қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан.
 Қобыз аспап киелі,
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри, пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду.
 Трам-та соқса барабан,
 Қызыға жұрт қараған.
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!

Ән салу
Ө. Байділдаев «Мысығым» әні
(әні: Ө. Байділдаевтікі).
Педагог ән айтудан бұрын мысықтың дауысы бар жазбаны қосады.

- Балалар, қай жануардың дыбыстағанын естіп отырсыңдар? Мысықтың.
- Мысықты бәрің жақсы көресіңдер ме?
Балалардың бәрі бірдей жауап бермейді.
- Балалар, мысық үй жануары ма? Иә. Олай болса, мысықтан қорқуға болмайды. Оның зияны жоқ.
- Тақтаға қараңдаршы, мысық қандай сүйкімді!

Балалар мысыққа қызыға қарайды.
- Балалар, мысыққа арналған «Мысығым» деген ән бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Ө. Байділдаевтің әні «Мысығым». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып әнді ақырын айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып орындайды. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен айтады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай мысықтарға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші мысықтар» келді.
Педагог балаларды мысықтармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен соғып, сөздерін қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілдіміз! Балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.

«Қос дабыл» музыкалық-дидактикалық ойын (дыбыстың биіктігін ажыратуға арналған ойын)
Ойынның мақсаты: балаларға аспаптар арқылы дыбыстың биіктігін ажыратуға үйрету.
Ойынның барысы: балалар екі шеңбер жасап тұрады. Сыртқы (үлкен) және ішкі (кішкентай.) Ойын кезінде тәрбиеші керменің әр жағында тұрады. Балаларға көрсетпей, үлкен немесе кішкентай дабылда ойнайды. Үлкен дабылда ойнағанда сыртқы шеңбердегі балалар айналып жүріп әндетеді, кіші дабылда ойнағанда ішкі шеңбердегі балалар айналып жүріп ән салады.
Гүрілдей кеп қағылды,
Танып тұрмыз дабылды.
Там - та - ра - там. Там - та - ра - там.

Шіңкілдей кеп қағылды,
Танып тұрмыз дабылды.
Ти - та - ра - ти. Ти - та - ра - ти.
Ти - та - ра - ти. Ти - та - ра - ти.
Балалар үлкен және кіші дабылдың дыбыстарын ажырата білулері керек.

Қорытынды
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде өте белсенді болдыңдар!
- Балалар, бүгін қандай ән тыңдадық? Қанекей, кім айтады? «Домбыра» әнін.
- Домбыра әнін жазған сазгер кім? Қуат Шілдебаев.
- Қандай ән айттық? «Мысығым» әнін.
- «Мысығым» әнін жазған сазгер кім? Ө.Байділдаев.
- Балалар, жомарт күздің қандай кереметтері бар екен?
- Жеміс-жидектар піседі, табиғат әртүрлі әдемі түске боялады.
- Балалар, бүгін оқу қызметіне бәрің жақсы қатыстыңдар!
- Маған да бүгінгі оқу қызметі ерекше ұнады.
- Балалар, оқу қызметі ұнады ма? Жақсы, сау болыңдар!

Тақырыбы: «Жомарт күз»

Міндеті: Балалардың әннің сөздік мазмұнын түсіне білу қабілетін қалыптастыру; музыкалық жетекшімен бірге ән айту қабілетін жетілдіру; ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; дауыс жаттығуларын орындау кезінде дұрыс ән айту дағдысына үйрету.   

Сәлемдесу
Э. Парловтың «Марш» шығармасы.
Педагог балалардың марш әуеніндегі ырғақты сезініп, қатар түзеп, ширақ адымдап жүре білулеріне мән береді.
Педагог балалардың  әуенге қосылып жасаған адымдарына қарап:
- Денемізді тік ұстаймыз, басымызды түзу ұстаймыз. Жарайсыңдар! Шеңбер жасап, залдың ортасына келіп тұрамыз (балалар кілемнің үстіне келіп тұрады). 
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, бізге қонаққа мысық келді. 
- Балалар, мысыққа не деп айтамыз?
- Сәлеметсіз бе! 
- Қанекей, балалар, әндетіп айтайықшы. 
- Сә-ле-мет-сіз бе! 
- Жарайсыңдар! 
- Қандай сүйкімді мысық. 
Мысық:
- Балалар, мен орманға барып келе жатырмын. Ормандағы барлық достарымыз қысқа дайындалып жатыр. Кірпі жемістер мен көкөністердің барлығын арқасына жинап алыпты. Ал, біз болсақ, ештеңе жинамадық.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балаларды шеңберге тұрғызып:
- Балалар, музыка басталмай тұрып, орнымызда адымдау жаттығуларын жасап жаттығып алайық. Бәріміз бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтауды үйрене алмай жатырмыз, сондықтан сендер шеңберде жүріп ырғақты қимылдар жасауды жақсы игеріп алуларың қаждарын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді. Екеуден бірігіп айналады, қайта шеңбердегі қалыпқа түседі. Жүріп келе жатып, қолды оңға және солға сермеу қимылдарын жасайды. Орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып қолдарын оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек айналдырып, аяқтарын жеңіл топылдатады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Балалар залдың ортасына келіп тұрады, сол кезде педагог интербелсенді тақтаны қосып:
- Балалар, күз көрінісі қандай керемет!

- Күздің қандай ерекшеліктерін көріп отырсыңдар, балалар? Жемістер пісті. Бәрі күз кереметі. 
- Балалар, күздің жомарттығы неде? Оны қандай ерекшеліктерінен байқадыңдар? Жемістер мен көкөністер өте көп. Тамаша, балалар!
Ән тыңдау 

- Балалар, бұл қандай аспаптың үні?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, домбыраның үні. 
- Домбыра қандай аспап?
- Иә, қазақ халқының ұлттық аспабы. 
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!
- Нағыз қазақ – домбыра, – деп, бекер айтылмаған болса керек.
Домбыраның шанағынан керемет күйлер, әндер мен термелер шырқалады.
Педагог кез келген қысқа шығарманы орындап береді. 
- Балалар, сендерге домбыраның үні ұнай ма?
Балалардың жауаптары. 
Педагог қолына домбыраны алып таныстырады. 
Домбыраның құрылысы:
Бас.
Бөлшектері: бас, құлақ, шайтантиек (бас тиек).
Мойын.
Бөлшектері: мойын, мойынғақ, перне, сағақ.
Шанақ.
Бөлшектері: ернеулік (сулық, көмкерме), қақпақ, қауышақ (тілше, шанақша), серіппе (кергіш, белағаш), тиек, тұғыл (өкшелік), тұғыр (желкелік), түйме (түйір), түйметиек (өкшетиек, кіші тиек).
Ішек.
Бөлшектері: астыңғы ішек, үстіңгі ішек.
- Балалар, домбыра туралы әдемі ән бар, естіп көрейікші? Қ. Шілдебаевтың «Домбыра» шығармасы. Әнін жазған сазгер Қ. Шілдебаев. 
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
 Күмбірлеген домбыра,
 Жігер берген домбыра,
 Күй тартады домбыра,
 Ән де салар домбыра.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, тағы да әуенді қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте көңілді! Солай ма, балалар? Иә.
Педагог бір балаға өзі білетін әннің әуенін «- ля - ля» буыны арқылы орындауды, екінші баладан сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
Музыкалық жетекші әнді балалар қабылдағанша тыңдатады. 
«Музыка бояулары» музыкалық-дидактикалық ойыны. 
Мақсаты. Балаларды көңіл күйді білдіруге үйрету.
Ойынның мақсаты: музыканың сыр-сипатын ажырату. Ән, би, вальс, марш жанрларын ажырата білуге ықпал ету. Түрлі-түсті желпуіштердің түсіне қарай жанрларды ажырату.
Ойынның шарты: жасыл түс - ән айту, қызыл түс - көңілді билеу, сары түс - вальс ырғағы, көк түс - марш ырғағы екенін түсіндіру. Музыкалық шығарма тыңдалады, бірнеше рет қайталап, желпуіштермен жаттығу жасай білуге үйретеді. Балалар әртүрлі жанрдағы музыканы тыңдап, желпуіштерді көтеруді үйренеді.
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог ән салар алдында алдымен дауысты жаттықтырып алады. 
- Балалар! Мен сендерге үнтаспадан бірнеше дыбыстарды тыңдатып көргім келеді. Мынау ненің дыбысы? Мынау ше?

- Барлық дыбыстарды дұрыс таптыңдар. Бұл дыбыстарды мен бір сөзбен «шулы дыбыстар» деп атар едім. Себебі, «музыкалық дыбыстардың» болатынын білемін. Шулы дыбыстардың белгілі биіктігі, өзара байланысы жоқ. Ал, музыкалық дыбыстардың өз биіктігі болады, жағымды естіледі. Біз оларды музыкалық аспаптарда ойнап немесе әндетіп, қалағанымызға қарай соза аламыз. Қане, айтып көрейікші.
- Алдымен, 7 нотаны тура және кері бағытта әндетейік ...
- «Әлдилеп» бөпемізді ұйқтатайық ... т.б.

 Ән салу
Педагог интербелсенді тақтадан ән салып тұрған мысықтарды көрсетеді. 
Ө. Байділдаев «Мысығым» әні.
(әні: Ө. Байділдаев)
- Балалар, мысыққа арналған «Мысығым» деген ән бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Ө. Байділдаевтің «Мысығым» әнін бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен мысықтар мен кішкентай марғауларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соқтырып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізге қосылуға «әнші мысықтар» келді.
Балаларды «әнші мысықтармен» бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді болды! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. 
«Бұл қай кезде болады?» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: жыл мезгілдері туралы әндер мен әуендерді тыңдап, олардың ерекшеліктерін сипаттай білуге баулу. Тыңдалған шығармадан алған әсерлерін әңгімелей білуге дағдыландыру.
Ойынның шарты: балаларға жылдың төрт мезгілі бейнеленген суретті карточкалар таратылады. Шығармаларды тыңдап, мазмұны мен мәтініне сәйкес суретті карточканы көрсете білу.
Қорытынды
- Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
Балалардың жауаптары.
- Домбыра әнін жазған сазгер кім? Қуат Шілдебаев.
- Қандай ән айттық? «Мысығым» әнін.
- «Мысығым» әнін жазған сазгер кім? Ө. Байділдаев.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне бәрің жақсы қатыстыңдар! Бәрі тамаша болды, балалар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 01-03 қараша 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Міндеті: Ойыншықтар туралы әнге балалардың ықыласын ояту; музыка әуенімен бірге би қимылдарын үйлесімді орындауға үйрету; музыкалық жетекшіге қосылып ән айту қабілетін жетілдіру; тыныс алу жаттығуларын орындағанда дұрыс тыныс ала білуге жаттықтыру.

Сәлемдесу
Е. Тиличееваның «Марш» шығармасы.
Балалар залға Е. Тиличееваның «Марш» шығармасының әуеніне қатар түзеп кіреді. Педагог балалар адымдау кезінде денені түзу, басын жоғары көтеріп, тік ұстау қажеттігін және тізені жоғары көтеру керектігін ескертеді.
Балалар марш әуенімен залдағы кілемнің ортасына келіп тұрады да, үлкен шеңбер жасайды.
Педагог:
- Балалар, бәріңде ойыншықтар бар ма? Иә.
- Марат, сенің ойыншығың қандай? Машина.
- Марат, сенде ойыншық болса да, машина көлігің бар екен ғой.
Марат қуанып қалады.
- Айгүл, сенде қандай ойыншық бар? Қуыршақ.
Балалардың бәрі жақсы көретін ойыншықтарын атап шығады.
- Балалар, бәрің ойыншықтарыңды жақсы көресіңдер ме? Иә.
- Балалар, бәрің тақтаға қараңдаршы?!
Балалар тақтадағы ойыншықтарға қызығып кетеді.
- Балалар, ойыншықтар ұнай ма? Иә.
- Міне, жарайсыңдар! Балалар, ойыншықтармен сәлемдесіп алайық:
 Ойыншықпен ойнаймыз (балалар қолдарын жанына жібереді),
 Тыныш оны қоймаймыз (балалар қолдарын алдына жаяды).
 Күнде сәлем айтамыз (балалар қолдарымен «рульді» айналдырады),
 Үйге қимай қайтамыз (балалар қол білезіктерін сыртқа айналдырады). Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Бәрекелді, балалар!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балаларды шеңберге тұрғызып, музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді.
Музыкалық жетекші:
- Балалар, тақтаға қарайық.
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар? Бақаны. Жақсы.
- Балалар, бүгін бақа туралы әуенге ырғақты қимылдар жасауды үйренеміз. Музыка басталмай тұрып, отырған бақаның қимылдарын жасап, біраз жаттығып алайық. Бәріміз бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтауды үйрене алмай жатырмыз. Балалар Т.Алиновтың «Бақа» шығармасының әуеніне (Аудиозапись. "Лягушка" Т. Алинова) музыкалық-ырғақты қимылдарды жасауға жаттығады. Педагог музыканың сыр-сипатына сай бақаның қимылдарын жасауды үйретіп, қимыл мен музыканың үйлесімділігін сақтауларын бақылайды. Балалар бақа секілді екі жаққа кезек-кезек секіреді, бір орында тұрып екі жағына кезек-кезек тербелу қимылдарын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, аяқтарымен твист биінің қарапайым қимылдарын жасап, орындарында жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, қолдарын оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек айналдырып, бір орында айналады. Аяқтарымен сол және оң жағына, тұрған орындарында жаттығулар жасайды. Соңында тағы да шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, аяқтарымен твист биінің қарапайым қимылдарын жасап, орындарында тұрып жеңіл секіріп, биді аяқтайды.
Ән тыңдау
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
- Түнді.
- Балалар, қалай түн болады, күннің көзі енді ғана батып бара жатыр?
Балалар ойланып қалады.
Педагог суретке қатысты ой қозғау үшін, балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, аспанда жұлдыздар пайда болғанда ғана түн болмай ма? Иә.
- Олай болса, күн батып бара жатқан мезгілді қалай атаймыз? Кеш. Тамаша, балалар!
- Балалар, сол кешқұрым шақта адамдар бір-біріне «Кеш жарық!» деп айтады. «Кеш жарық» деген әдемі ән бар, естіп көрейікші? А. Қоразбаев «Кеш жарық» әні. Әнін жазған сазгер А. Қоразбаев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз (Аудиозапись песни А. Коразбаева «Добрый вечер»).
 Кеш жарық, келдік үйіңе,
 Береке берсін, төріңе!
 Жарық болсын, кешіңіз,
 Жоғары төрлеп, өтіңіз.
- Кәне, балалар, шапалақ соға отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән тамаша екен, балалар, солай ма? Иә.
Музыкалық жетекші балалар әнді қабылдағанша дейін тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- «Кеш жарық» әнін жазған сазгер кім? А. Қоразбаев. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл әнді кім орындайтынын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, бұл әнді Алтынбек Қоразбаев ағамыздың өзі орындайды.
- Енді, балалар, «Кеш жарық» әнін тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға әнді тыңдата отырып, әннің сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдадық? «Кеш жарық» әнін.
- Әуенін жазған сазгер кім? Алтынбек Қоразбаев.
- Осы әнді орындайтын кім? Алтынбек Қоразбаев.
- Жарайсыңдар, балалар!
«Көлеңке» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: «Көлеңке» әніне әндете жүріп, әртүрлі құстар мен аңдардың қимыл-қозғалысын келтіру.
«Көлеңке».
Ойынның барысы: тәрбиеші осы өлеңді әндетіп айта жүріп, бір үлкен, бір кішікентай баланы қатарластырып тұрғызады (кішісі көлеңке). Барлығы шеңбер жасайды.
- Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Қане қатар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық, - деп әндете жүріп, үлкен шеңбер құрады. Әрі қарай балалармен бірге әндете жүріп, өлеңде аталатын құстар мен аңдардың қимыл-қозғалысын келтіреді.
Көлбең-көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген, көлеңкем!
Бүркіт қалай бүреді?
Кім көрсете біледі?
Ән ырғағымен балалар бүркіттің қанатын жайғанын көрсетеді, еңкейіп саусақтарымен жер тірейді. «Көлеңкелер» қайталап қимыл жасайды.
Көлбең-көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген, көлеңкем!
Қасқыр қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
(Қасқырдың жүрісін көрсетеді)
Көлбең-көлбең, көлеңкем,
Көлбеңдеген, көлеңкем!
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
(Балалар көлеңкелеріне аюдың жүрісін көрсетеді)
Осы аңдар мен құстардың орнына басқасын көрсетіп, ойынды жалғастыра беруге болады. Педагог жақсы ойнаған балаларға ойыншықтар бейнеленген таңбалауыштарды табыс етеді.
Дауысқа арналған жаттығулары
Музыкалық жетекші балаларды орындықтарға ыңғайлы отырғызып:
- Балалар, дауысқа арналған жаттығуларды орындаудың алдында орындыққа қалай отыруымыз керек?
Балалар орындықтың шетіне отырады.
- Балалар, ерінмен жаттығу жасаймыз (еріннің үстін және астын тістеу, ерінді алға бүрістіру, көңілді кейіпке ену, астыңғы ерінді түсіру, көңілсіз кейіпке ену).
- Енді, балалар, дауысты дыбыстарды әндеткенде келесі дауысты дыбысқа кедергісіз, жайлы әндете қосылуымыз тиіс:
- Уууаааооо.
- Уууууууууу,
- Енді, балалар, менімен бірге қайталаймыз:
- Га-га-га,
- Ду-ду-ду,
- Ко-ко-ко,
- Ля-ля-ля.
- Тамаша, балалар!
Ән салу
И. Сапарбаев «Ойыншықтар» әні.
(әні: И. Сапарбаевтікі).
Музыкалық жетекші ән айтудың алдында, балалардың өлеңге қызығушылықтарын арттыру мақсатында өлеңді тыңдатады.

- Балалар, ән не туралы? Ойыншықтар туралы.
- Ойыншықты жақсы көресіңдер ме?
Балалардың бәрі ойыншықтарды жақсы көретіндерін айтады.
- Балалар, ойыншықтардың көп болғаны жақсы ма? Иә.
- Ойыншықтарды өте көп ала берудің қажеті жоқ. Өздеріңнің жақсы көретін 5-6 ойыншықтарың болса, сол жарайды.
- Тақтаға қараңдаршы, қандай сүйкімді ойыншықтар?

Балалар ойыншықтарға қызыға қарайды.
- Балалар, ойыншықтарға арналған «Ойыншықтар» әні бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- И. Сапарбайдың әні «Ойыншықтар». Бәріміз орындықтың шетіне отырамыз. Кеңінен тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен балалар, әнді ақырын менімен қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыка жетекшісі балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыка жетекшісі әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша, әнімізді тағы да қайталайық.
Музыка жетекшісі әннің үш шумағын үш командаға айтқызып, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар. Музыка жетекшісі балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. Соңында музыка жетекшісі балалармен бірге әнді тақтадағы аудиожазбаға қосылып, ән айтуды аяқтайды.
«До -ре -ми» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларға музыкадағы бейнелерді әнді тыңдау арқылы ажырата білуге үйрету; әнді тыңдау қабілеттерін арттыру.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші әнді орындап береді және балалардан сол әнге байланысты суретті таңдап көрсетулерін өтінеді. Бала неге сол суретті таңдап алғанын, ол суретте ненің бейнеленгенін, айтылған әннің не туралы екенін айтып береді. Ойын барысында айтылатын әндер: «Мысығым», «Ойыншықтар», «Тәтті нан», «Балабақша», «Алтын күз» әндері. Осы әндерге байланысты суреттер топтамасы.
Қорытынды:
- Балалар, сендер бүгін оқу қызметіне өте белсенді қатыстыңдар. Сендерді сыйлық күтіп тұр!
Балаларға жаңа ойыншықтар беріледі. Балалар қуанып қалады.
- Балалар, ата-аналарыңның сыйлығын қабыл алыңдар.
- Ата-аналарымызға не деп айтамыз? Рақмет!
- Балалар, бүгін оқу қызметінде қандай ән тыңдадық? «Кеш жарық» әнін.
- Қандай әдемі ән айттық? «Ойыншықтар» әнін.
- Балалар, бүгін оқу қызметіне бәрің жақсы қатыстыңдар! Оқу қызметі ұнады ма? Тамаша!
- Балалар, оқу қызметі де аяқталды! Сау болыңдар!

Айы, күні, жылы: 08-10 қараша 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Кірпі»

Міндеті: Кірпі туралы әнге балалардың қызығушылығын арттыру; әннің сөздік мағынасын эмоционалды қабылдай білуге үйрету; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; дауысқа арналған жаттығуларды орындағанда әнді дұрыс айту дағдысына және ырғақты қимылдарды музыкамен үйлесімді орындауға жаттықтыру.

Сәлемдесу
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің басталысымен Е. Тиличееваның «Марш» шығармасының әуеніне балалар залға қатар түзеп, адымдап кіреді. Педагог:
- Балалар, денені түзу, басты жоғары көтеріп, тік ұстаймыз. Тізені жоғары көтеріп адымдаймыз. Жүріп келе жатқанда арақашықтықты сақтаймыз. Міне, жарайсыңдар!
Балалар адымдап келіп залдың ортасына тұрады.
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, күздің соңғы айы. Жабайы табиғат әлеміндегі жануарлар да адамдар сияқты қысқа қамданады.
- Оларға адамдардан басқа ешкім қамқор бола алмайды. Балалар, осы жабайы табиғат өкілдерін құрметтеп, арнайы сәлем берейік.
 Жабайы табиғат әлемі (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Болса да жабайы әдемі (балалар қолдарын жандарына жібереді).
 Арнайы сәлемді алыңыз (балалар сәлем бергендей иіледі),
 Жабайы жануар әлемі! (балалар қолдарын жоғары көтереді).
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Бәрекелді, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші:
- Балалар, тақтаға қарайықшы?!
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар, балалар? Түлкі мен қазды. Жақсы.
- Түлкі мен қаз не істеп тұр? Құшақтасып тұр.
- Балалар, бүгін түлкі мен қаздар туралы әуенге ырғақты қимылдар жасауды үйренеміз. Музыка басталмай тұрып, орнымызда түлкі мен қаздың қимылдарын жасап, жаттығып алайық.
- Кәне, бәріміз жұптасамыз. Бір түлкі және бір қаздан.
- Балалар, суреттегі түлкі мен қаз сияқты қалыпты ұстаймыз. Жарайсыңдар! Бәріміз бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтауды үйренеміз. Балалар К. Қуатбаевтың «Түлкі мен қаздар» шығармасына
(Аудиозапись. "Лиса и гуси" К. Куатбаева) музыкалық-ырғақтық қимылдарды жасауға жаттығады. Педагог музыка ырғағына балаларға қарапайым вальс қимылдарын үйретіп, қимыл мен музыканың үйлесімділігін сақтауларын бақылайды. Балалар екіден жұптасып бір орында айналады. Орындарында тұрып екі жағына кезек-кезек тербелу қимылдарын жасайды. Шеңбер бойымен екеуден қол ұстасып жүріп, сол қолдарын жоғары көтереді, аяқтарымен қарапайым «галоп» қимылдарын жасап, орындарында тұрып ақырын айналады. Орындарында тұрып, қолдарын оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек айналдырып, бір орында айналады. Соңында тағы да шеңбер бойымен жүріп, сол қолдарын жоғары көтереді, аяқтарымен қарапайым «галоп» қимылдарын жасап, орындарында тұрып ақырын айналып, биді аяқтайды.

Ән тыңдау
Ән тыңдаудың алдында музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтадан қай жануарды көріп тұрсыңдар?

- Құланды. Жақсы.
- Балалар, құлан қандай жануар?
Балалар ойланып қалады.
Педагог суретке қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, тағы да суретке қараңдаршы. Құланның түрі қай жануарға ұқсайды? Жартылай жылқыға және жартылай есекке ұқсайды. Дұрыс.
- Балалар, құланды үй жануары деп атай аламыз ба?
Балалар ойланып қалады.
- Балалар, құлан далада еркін тіршілік ететін жануар. Құландар жазық далада үйірімен жүреді.
- Балалар, осы жануар туралы күй бар. Сол күйді естіп көрейікші?
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз- Балалар, күй қандай аспапта орындалған? Домбырада. Тамаша!
- Күй не туралы? Ақсақ құлан туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл күйді кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, «Ақсақ құлан» халық күйі.
- Балалар, «Ақсақ құлан» күйін тағы да тыңдаймыз! Музыкалық жетекші балаларға күйді тыңдата отырып, күйдің сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай күй тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін тыңдадық.
- Күйді шығарған кім? Халық.
- Күй қандай аспапта орындалады? Домбырада.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Музыкалық сағат» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: әуенді тыңдау арқылы әннің атауын табу.
Ойынның жабдығы: қатты картоннан істелінген сағат.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші балаларға таныс әннің әуенін ойнайды. Әуенді тыңдап болғаннан кейін, балаларға қай әннің орындалғанын сағат тілімен көрсету ұсынылады.
Ойналатын әуендер: «Жасыл шырша», «Биші болам өскенде», «Біз бақытты баламыз», «Домбыра сазы», «Аяз ата», «Жаңбыр», «Сылдырмақ».
Әннің басын тыңдағаннан кейін бір бала шығады да тыңдалған әуенге сәйкес келетін картинаны сағаттың тілімен көрсетеді. Ойын сағаттағы суреттерді айналып келгенше жалғасады.
Жақсы ойнаған топтың балаларына кірпі бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі. Педагог:
- Балалар, таңбалауыштарды портфолиоға салып қойыңдар.
- Балалар, барлық таңбалауыштарды портфолиоға жинап жүріңдер.
Дауысқа арналған жаттығулары
Дауысты жаттықтырудың алдында музыкалық жетекші балаларды орындықтарға ыңғайлы отырғызады.
- Балалар, дауысқа арналған жаттығуларды менімен бірге қайталаймыз. Аралар боламыз, балалар.
 Аралар
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
 Қызыл, жасыл гүлдерден,
 Балды сорып аламыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, біздер әнді айту үшін, құлағымызға жаттығу жасап аламыз.
- Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, сол деммен қолымыздағы гүлді ақырын үрлеу арқылы сыртқа шығарып үрлейміз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 Әдемі ән шырқалсын.
- Тамаша!
Ән салу
Қ. Шілдебаев «Кірпі» әні.
(әні: Қ. Шілдебаевтікі).
Музыкалық жетекші ән айтудың алдында алдымен балаларға кірпі туралы бейнебаянды көрсетеді. 

- Балалар, тақтадан нені көріп отырсыңдар? Кірпіні.
- Кірпі қандай табиғат әлемінен? Жабайы табиғат әлемінен. Тамаша!
- Тақтаға қараңдаршы, кірпі қандай сүйкімді?
Балалар кірпілерге қызыға қарайды.
- Балалар, кірпілер жабайы табиғат әлемінен болса да, оларға арналған «Кірпі» әні бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Қ. Шілдебаевтің әні «Кірпі». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныстап, ән айтуға дайындаламыз. Алдымен әнді мұқият тыңдап алайық
(Аудиозапись. Песня К. Шильдебаева "Ежик").
- Енді, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып орындайды. Үнтаспаға ілесіп, әннің шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен айтады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Музыкалық жетекші балалардың әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша, әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әннің сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. 
«Музыкалық моншақтар» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларға қысқа және ұзақ дыбыстарды ажырата білуді үйрету. Ойынның жабдығы: түрлі-түсті картоннан жасалған моншақтар. Ойынның барысы: балаларды қысқа және ұзақ дыбыстармен таныстыру үшін, музыкалық жетекші үлкен және кішкентай моншақтарды қолданады. Музыкалық жетекші шағын әнді немесе әуенді ойнайды. Ойнатылғанда әуеннің ырғақтық суреті анық естілуі тиіс. Музыкадағы ұзақ және қысқа дыбыстарды табу керек. Бұл дыбыстарды үлкен және кішкентай моншақтардың көмегімен бейнелеуге болады. Үлкен моншақтар - ұзақ дыбыстарды, кішкентай моншақтар - қысқа дыбыстарды білдіреді.
Қорытынды
Оқу қызметінің соңында педагог интербелсенді тақтаны қосып, балаларға кірпіні көрсетеді.

- Балалар кірпінің бейнебаяндағы көрінісіне қызыға қарайды.
- Балалар, мынау қай аң? Кірпі.
- Кірпі сүйкімді ме? Иә.
- Қандай күй тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін тыңдадық.
- Сендер қандай ән үйрендіңдер? «Кірпі» әнін.
- Кәне, балалар, әнді тағы бір қайталап жіберейікші! Жарайсыңдар!
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне бәрің жақсы қатыстыңдар! Бәрі тамаша болды, балалар!
- Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Тақырыбы:

Міндеті: Кірпі туралы әнге балалардың қызығушылығын арттыру; әннің сөздік мағынасын эмоционалды қабылдай білуге үйрету; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; дауысқа арналған жаттығуларды орындау кезінде дұрыс ән айту дағдысын және ырғақты қимылдарды музыкамен үйлесімді орындауға жаттықтыруды пысықтау.        

Сәлемдесу
Оқу қызметі басталысымен Е. Тиличееваның «Марш» атты шығармасының әуеніне балалар залға қатар түзеп, адымдап кіреді.
Педагог:
- Балалар, денені түзу, басты жоғары көтеріп, тік ұстаймыз. Тізені жоғары көтеріп адымдаймыз. Жүріп келе жатқанда арақашықтықты сақтаймыз. Міне, жарайсыңдар!
Балалар адымдап жүріп, залдың ортасына келіп тұрады. 
Педагог балалардың назарын өзіне аударып: 
- Балалар, бізді орман тұрғындары қонаққа шақырып жатыр. Сендердің әндеріңді естіп, бірге ойын ойнағылары келетіндері жайлы айтты.
- Ендеше, барамыз ба?
Балалардың жауаптары. 
Педагог интербелсенді тақтадан ормандағы тіршілікті көрсетеді. 
Кірпі:
- Менің атым - Кірпі 
Тоным үрпі-түрпі. 
Бұл тонымнан кейде 
Қашады аңдар үркіп-үркіп. 
Жеймін десе жұлқып, 
Қаламын тоңды қымтап. 
Арландар да сонда 
Алады аузын жыртып. 
- Біздің алдымыздан кірпі шығып, орман тұрғындарымен дос болуға шақырады. 
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші:
- Балалар, тақтаға қарайықшы?!
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар, балалар? Түлкі мен қазды. Жақсы.
- Түлкі мен қаз не істеп тұр? Құшақтасып тұр.
- Балалар, бүгін түлкі мен қаздар туралы әуенге ырғақты қимылдар жасауды үйренеміз. Музыка басталмай тұрып, түлкі мен қаздың қимылдарын орнымызда жасап, жаттығып алайық.
- Кәне, бәріміз жұптасамыз. Бір түлкі және бір қаз болып тұра қалайық. 
- Балалар, суреттегі түлкі мен қаз сияқты қалыпты ұстаймыз. Жарайсыңдар! Бәріміз бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтауға үйренеміз. Балалар К. Қуатбаевтың «Түлкі мен қаздар» шығармасына музыкалық-ырғақты қимылдарды жасауға жаттығады. Педагог музыканың сыр-сипатына сай, вальс биінің қарапайым қимылдарын жасауды балаларға үйретіп, қимыл мен музыканың үйлесімділігін сақтауларын бақылайды. Балалар екі жұптан орындарында тұрып айналады. Орындарында тұрып екі жағына кезек-кезек тербелу қимылдарны жасайды. Шеңбер бойымен екеуден қол ұстасып жүріп, сол қолдарын жоғары көтереді, аяқтарымен қарапайым  «галоп» қимылдарын жасап, орындарында тұрып жеңіл айналады. Орындарында тұрып қолдарын оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек айналдырып, бір орында айналады. Соңында тағы да шеңбер бойымен жүріп, сол қолдарын жоғары көтереді, аяқтарымен қарапайым «галоп» қимылдарын жасап, орындарында тұрып жеңіл айналып биді аяқтайды.
Ән тыңдау
- Балалар, біз құлан туралы күйді қосып көрейік. Мүмкін, құлан бізді тез тауып келер. Ендеше, «Ақсақ құлан» күйін тыңдайық. 
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз

Музыкалық жетекші балаларға қазақ халқының «Ақсақ құлан» күйін балалар күйді қабылдағанша тыңдатады. 
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, күй қандай аспапта орындалған? Домбырада. Тамаша!
- Күй не туралы? Ақсақ құлан туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл күйді кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, «Ақсақ құлан» халық күйі, сондықтан халық арасынан шыққан күй деп айтамыз.
- Енді, балалар, «Ақсақ құлан» күйін тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға күйді тыңдата отырып, күйдің сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай күй тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін. 
- Күйді шығарған кім? Халық.
- Күй қандай аспапта орындалады? Домбырада.
- Жарайсыңдар, балалар!
«Аңшы мен қояндар» ойыны
- Балалар, орман қояндары бізбен бірге ойын ойнағылары келеді екен. 
Ойын шарты: бір-бір сәбіз ұстаған қояндар музыка әуеніне жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатады немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. «Пух - Пух» деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан-жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отырады немесе жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болады. Ән салып не би билеп айыбын өтейді.

Дауысқа арналған жаттығулар

Музыкалық жетекші дауысты жаттықтырудың алдында балаларды орындықтарға ыңғайлы отырғызып алады.
- Балалар, дауысқа арналған жаттығуларды менімен бірге қайталаймыз. Алдымен аралар болайық:
  Аралар
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз. 
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу. 
 Қызыл, жасыл гүлдерден, 
 Балды сорып аламыз. 
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, ән айту үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
- Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, сол деммен қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығарып үрлейміз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауысқа арналған жаттығуларын жасаймыз.
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 Әдемі ән шырқалсын. Тамаша!
Ән салу
Қ. Шілдебаев «Кірпі» әні.
(әні: Қ. Шілдебаев).
- Балалар, алдыңғы оқу қызметінде қандай әнді үйрендік?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, кірпі әнін үйрендік. Ендеше, кірпіге арналған әнімізді айтып берсек қалай болады екен. 
- Қ. Шілдебаевтың әні «Кірпі». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс аламыз. Ән айтуға дайындаламыз. Алдымен, балалар, әнді мұқият тыңдап алайық
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыка жетекшісі әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соқтырып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша! Әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз. Жарайсыңдар! Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатады. Балалар қабылдағанша айтқызады. Музыкалық жетекші тақтадағы аудиожазбаға қосылып балалармен бірге айтады.
«Әнді орналастыру» музыкалық-дидактикалық ойындар
Ойын шарты: музыкалық үйшікте әндерге сәйкес суреттер бар. Балалар күйсандықта берілген әуенді тындайды. Дұрыс шешімін тауып, керекті әннің карточкасын апарып салады.
Қорытынды
Оқу қызметінің соңында: 
- Балалар, сендерге оқу қызметі ұнады ма?
Балалардың жауаптары. 
- Бүгін бізді қонаққа кім шақырды? Орман қояндары.
- Қандай күй тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін.
- Күйді қандай аспаппен ойнайды?
- Домбыра аспабымен. 
- Жарайсыңдар, балалар! 
- Сендер қандай ән үйрендіңдер? «Кірпі» әнін.
- Балалар, оқу қызметіне өте белсенді қатыстыңдар! Рақмет! 
- Бүгінгі оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 15-17 қараша 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Қоңыраулар сыңғыры»

Міндеті: Нәзік сырлы, классикалық музыкаға балалардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру; ән айту кезінде әнді эмоционалды қабылдай білуге үйрету; музыкалық жетекшіге ілесіп ән айту қабілетін жетілдіру; музыка мен қимылдағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту.

Сәлемдесу
Музыкалық жетекші Е. Арненің «Адыммен айналу» атты шығармасын қосып, балаларды залға кіргізеді. Балалар педагогтің айтуы бойынша денелерін тік ұстап, тізелерін жоғары көтеріп, салтанатты адыммен айнала жүріп, залдың ортасына келіп тоқтайды.
Педагог:
- Балалар, сендер «Ғажайыптар әлемінің» не екенін білесіңдер ме? Иә.
- Қайдан білесіңдер? Балабақшадан. Міне, жарайсыңдар!
- «Ғажайыптар әлемі» дегеніміз не? Ғажайыптарымен таңғалдыратын кейіпкерлер әлемі. Жарайсыңдар, балалар!
- Олай болса, балалар, сол ғажайыптар әлеміне ризашылығымызды білдірейікші!
 Ғажайыптар әлемі (балалар қолдарын жанына жібереді),
 Неткен ғажап, әдемі! (балалар қол білезіктерін айналдырады).
 Сондай ғажап әлемге (балалар қолдарын жоғары көтереді).
- Рақмет! Рақмет! Рақмет (балалар қолдарын жанына жібереді)!
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Бәрекелді, балалар!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, алдыңғы оқу әрекетінде біз К. Қуатбаевтың «Түлкі мен қаздар» атты шығармасындағы түлкі мен қаз сияқты қалыпты ұстап, жұппен билеудің қимылдарын үйренгенбіз. Бүгін де жұппен билеу қимылдарын үйренеміз. Алдымен, әуен басталмас бұрын жұппен билеу элементтерін қайталап алайық. Музыкалық жетекші балаларды жұппен тұрғызып, «Күн мен түн» халық әуенінің
(Аудиозапись народной мелодий "День и ночь", минусовка) сипатына сай жұптық қимылдарды жасауды үйретеді. Ұл балалар «түн» болып, қолдарымен қыз балаларды биге шақырады. Иіліп құрмет білдіреді. Ұл балалар қолдарымен қыз балалардың белдерінен ұстап, педагогпен бірге жұппен айналу адымдарын жасайды. Ұл балалар орындарында тұрады, қыз балалар «күн» болып, өзі тұрған орнын айналып, шағын шеңбер бойымен жұп адымын жасайды. Жұптар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, қолдарын оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек айналдырып жанына созады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар мен музыка үйлесімділігі музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады.
Музыкалық жетекші балалардың қимыл мен әуенді қабылдау және үйлесімді орындауларына көңіл бөледі.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
- Гүлді. Жақсы!
- Балалар, қандай гүл?
Балалар ойланып қалады. Балалардың ойлануына мүмкіндік бере отырып, педагог балаларға тағы да сурет көруді ұсынады:
- Балалар, енді мына суретке назар аударайықшы?!

Балалар суретке қарап, қоңырау екендігін айтады.
Педагог суретке қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, екі суретке тағы да қараңдаршы, екі сурет бір-біріне ұқсай ма? Ұқсайды. Дұрыс.
- Балалар, гүл мен қоңырау бір-біріне ұқсаса, гүл қалай аталады деп ойлайсыңдар?
Балалар ойланып қалады.
- Балалар, екі суреттің түстері ғана әртүрлі, аталуы бірдей.
Балалар жарыса жауап береді.
- Қоңырау! Қоңырау!
- Әрине, балалар, бұл гүл далада өсетін жабайы қоңыраугүл.
- Балалар, осы қоңыраулар туралы әдемі музыка бар, сол музыканы естіп көрейікші? Шығарма «Қоңыраулар сыңғыры» деп аталады. Шығарманың авторы австриялық композитор Вольфганг Моцарт.
- Балалар, бәріміз композитордың аты-жөнін қайталайықшы. Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Музыкалық жетекші балаларға В. Моцарттың «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, музыка қандай аспапта орындалған? Күйсандықта. Тамаша!
- Музыка не туралы? Қоңыраулардың сыңғыры туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл музыканы кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, бұл әуенді австриялық композитор Вольфганг Моцарттың жазған. Қайталаймыз, жарайсыңдар!
- Енді, балалар, «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай музыка тыңдадық? «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын.
- Шығарманың авторы кім? Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Музыка қандай аспапта орындалады? Күйсандықта.
- Керемет, балалар!

«Музыкадағы үш кит» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: музыкадағы «Үш кит» тақырыбы бойынша балалардың білімін бекіту.
Ойын жабдығы: қатты картоннан жасалған үш кит.
Ойынның барысы: балалар үш шеңбер (үш топ) жасап тұрады. Әр топтың ортасында қолына «кит» ұстаған бала тұрады. «Марш» әуені ойнағанда, шеңберде тұрған балалар бір орында адымдайды. Ал «полька» әуені ойнағанда, балалар «полька» биін билейді, «Достық» әні ойнағанда, шеңбердегі балалар әндетеді. Музыкалық жетекші музыкалық материалды өз қалауына және тақырыпты бекіту қажеттілігіне қарай таңдайды. Қай топтың балалары тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ жеңеді. Жақсы ойнаған топтың балаларына қоңырау бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Педагог:
- Балалар, осы жылдан бастап әрқайсыңда жеке портфолио бар екенін ұмытқан жоқсыңдар ма? Таңбалауыштарыңды сол портфолиоге салуды ұмытпаңдар.
Дауысқа арналған жаттығулары
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір сарышұнақ келе жатып гүлді кездестіреді. Оның гүлге қызыққаны сондай, қасына барып мұрнымен ұзақ иіскейді.
- Балалар суретке қарайықшы?!
- Балалар, сарышұнақ сияқты гүлді иіскейміз. Енді, тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістермен кезек басамыз, тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, сарышұнақ иіскеген гүл де қоңырауға ұқсайды, солай ма? Бірақ, суреттегі қоңыраугүл емес.
- Балалар, менімен бірге қайталаймыз.
 Қоңыраулар «дин» дейді,
 Сыңғырлайды, «дин» дейді,
 Сыңғырлайды қоңырау,
 «Дин-дин-дин» дейді қоңырау.
- Тамаша, әрі қарай жалғастырамыз.
 Ахау, егигай,
 Ән сал, бозторғай,
 Біз әніңді үйреніп,
 Күнде ән сап жүрейік.
- Тамаша!
- Балалар, енді бәріміз, ара болайықшы?!
 Аралар,
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
 Қызыл, жасыл гүлдерден,
 Балды сорып аламыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Жарайсыңдар!
 Ән салу
Ән айтудың алдында музыкалық жетекші балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында сурет көрсетеді.
- Балалар, тақтадан не көріп отырсыңдар? Балаларды. Дұрыс.
- Балалар не істеп жатыр? Билер жатыр. Тамаша!
- Балалар, қараңдаршы, барлық әлем балалары жерді айналып билеп жатыр. Иә.
Балалар да қызыға қарайды.
- Балалар, олар үнемі көңілді болуы үшін «Кел, билейік» әні бар. Сол әнді үйреніп алайық, содан кейін біз де билейміз!
- Балалар, қазір Б. Байқадамовтың «Кел, билейік» әнін айтамыз. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныстап, ән айтуға дайындаламыз. Алдымен әнді мұқият тыңдап алайық.
(Аудиозапись. Песня Б. Байкадамова "Давай, потанцуем!")
- Балалар, әнді ақырын менімен бірге қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, әннің шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижерлық қызмет көрсетеді. Музыкалық жетекші балалардың әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша! Әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақ соғып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатады. Балалар әнді қабылдағанша айтқызады. Соңында музыкалық жетекші тақтадағы аудиожазбаға қосылып, балалармен бірге ән айтуды аяқтайды.
- Енді, балалар, бәріміз орнымыздан тұрамыз. Би қимылдарын еркін орындап отырып, әнді бірге айтамыз.
«Өз аспабыңды тап» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: аспаптардың дыбысын ажырата білуді балаларға үйрету.
Ойын жабдығы: музыкалық аспаптардың суреттері бейнеленген түссіз карточкалар және төртке бөлінген түрлі-түсті үш карта, балаларға арналған музыкалық аспаптар, керме.
Ойынның барысы: жүргізуші керменің артындағы аспаптардың жанына төртке бөлінген түрлі-түсті картаны қояды, ал түссіз картаны ойнайтын балаларға таратып береді. Ойынға бір жүргізуші, екі бала қажет. Балаларға аспаптардың дауысын тағы да бір рет тыңдатып, ән айта бастайды. Ойын осылай басталады. Жүргізуші суреттің бір бөлігін көтеріп, сол аспапта ойнап тұрып:
- Мен қандай аспапта ойнадым? - деп сұрайды.
Дұрыс жауап берген балаға түсті картаның бір бөлігі беріліп, ол карта түссіз картаның үстіне қойылады. Ойын карта жабылғанша жалғаса береді.
Қорытынды
- Балалар, «Ғажайыптар әлемі» қандай керемет! Ән де айтасың, би де билейсің, солай ма, балалар? Иә.
- Балалар, біз қандай шығармамен таныстық? «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасымен.
- Қандай ән айттық? «Кел, билейік» әнін.
- Балалар, сарышұнақтың гүлді иіскеуі де ғажап емес пе? Иә.
- Бүгін оқу әрекетінде бәрі ғажап, әдемі болды!
- Балалар, бүгін оқу әрекетіне бәрің жақсы қатыстыңдар.
- Керемет! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Айы, күні, жылы: 22-24 қараша 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Қыс әні»

Міндеті: Балалардың қыс туралы әннің сыр-сипатын түсініп, ажырата білу қабілетін дамыту; қыс мезгілінің ерекшелігін музыкадағы контрастық бөлімдер арқылы ажырата білу қабілетІн қалыптастыру; қоңырау аспабында шығарма мазмұнына сай ойнай білу дағдысын жетілдіру.
«Қысқы ғажайыптар».
Оқу қызметінің алдында Е. Тиличееваның «Марш» шығармасына салтанатты адымдар жасатып балаларды залға кіргізеді. Педагог балалардың музыка әуенімен жасаған адымдарына қарап:
- Денемізді тік ұстаймыз, басымызды салбыратпай түзу ұстаймыз. Жарайсыңдар! Шеңбер жасап, залдың ортасына келіп тұрамыз (балалар кілемнің үстіне келіп тұрады).
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, қазір ойналатын музыкамен бірге қимылдар жасаймыз. Қимылдарды менімен бірге ілесе орындайсыңдар, келістік пе? Иә. Онда бастаймыз.
- Орнымызда тұрып, музыка әуенімен қолымызды шынтақ тұсынан бүгіп, бірге қозғаймыз және қол білезіктерін айналдырамыз. Тамаша!
- Енді, орнымызда тұрып, музыка әуенімен солға бір-екі адым жасаймыз, қолымызды шынтағықпен бірге қозғаймыз. Жарайсыңдар!
- Орнымыздан оң жақ иығымызға бұрылып, нәзік қимыл жасап айналамыз.
- Енді орнымыздан сол жақ иығымызға бұрылып, нәзік қимыл жасап айналамыз.
- Ақырындап кілемге отырамыз, екі тіземізді көтеріп, қолымызды бүгеміз. Тіземіздің үстіне қойып, иегімізге саусағымызды тірейміз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Жарайсыңдар!
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, тамаша болды, рақмет!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолымен шапалақтайды:
- Балалар, қазір «Қысқы би» музыкасына би элементтерін үйренуді әрі қарай жалғастырамыз.
(Аудиозапись песни М.Старокадомского "Зимняя пляска").
Музыкалық жетекші М.Старокадомскийдің «Қысқы би» (Пр.48) шығармасының әуеніне балаларды шеңберге тұрғызып, музыка сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да, шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұптарға бірігіп, орындарында тұрады. Өзі тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. М.Старокадомскийдің «Қысқы би» (Пр.48) шығармасы бойынша музыкалық жетекші қарапайым вальс элементтерін енгізеді.

Ән тыңдау
Ән тыңдаудың алдында музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?!

- Тақтадан не көріп тұрсыңдар? Балаларды. Жақсы!
Педагог жыл мезгіліне қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Қыс. Жарайсыңдар!
- Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер? Қар жауып тұр, балалар далада ойнап жүр. Тамаша, балалар!
- Ал, қыс мезгілі сендерге ұнай ма, балалар? Иә.
- Олай болса, балалар, қыс туралы әдемі ән бар, естіп көрейікші? Д. Ботбаевтың «Қыс әні» шығармасы. Әнін жазған сазгер Д. Ботбаев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
(Аудиозапись песни Д. Ботбаева «Зимняя песня»).
 Қыстың күні көңілді,
 Ағартады өңірді,
 Аққаламен ойнаймыз,
 Шынықтырып денені.
- Кәне, балалар, шапалақ соғып отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте көңілді екен, балалар, солай ма? Иә.
Педагог бір баладан өзі білетін әннің әуенін «- ля, - ля» буыны арқылы орындауды, екінші баладан сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
Музыкалық жетекші балаларға әнді қабылдағанша тыңдатады.
Әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- Қандай сазгерлерді білеміз? Нұрғиса Тілендиев, Қуат Шілдебаев, Өтебай Байділдаев. Жарайсыңдар!
- Әннің сөзін кім жазады? Ақын. Жақсы!
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз? Әнші. Керемет!
- Балалар, қандай ырғақты әндерді білеміз? «Әй-әй, бөпем», «Күз», «Бақшаға барамын». Тамаша, балалар!
Педагог балаларға ән тыңдап болған соң, мынадай сұрақтар қояды:
- Балалар, бүгін қандай ән тыңдадық? Қыс туралы.
- Әуенін жазған сазгер кім? Д. Ботбаев.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Үлкен - кішкентай» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата білуге үйрету; музыканың ырғағын сезіне білуге баулу.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші балаларға әуенді тыңдата отырып, жолда кімнің келе жатқанын және сол адамның жүрісін қолдарымен шапалақ ұру арқылы көрсетуді ұсынады. Ауыр жүріс болса, яғни, үлкен адамның жүрісін ұзақ шапалақпен білдіреді. Баланың жеңіл жүрісі болса, қысқа шапалақпен ажырата отырып, көрсету керектігін айтады. Ұзақ және қысқа дыбыстарды дұрыс ажырата білген балаларға қыс бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Педагог:
- Балалар, осы жылдан бастап әрқайсыңда жеке портфолио бар екенін ұмытқан жоқсыңдар ма? Сол портфолиоға бүгінгі алған таңбалауыштарыңды да сала беріңдер. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болады, сол балаға сыйлық беріледі. Кәне, портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

Дауыс жаттығулары
Балалармен ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді. Педагог мынадай бағытта дауысқа арналған жаттығуларды жүргізеді.
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз,
 Бір орында тұрмаймыз.
- Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек.
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Балалар, енді тырналар қалай дыбыстайды екен? Көрейік.
 Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар тырналар.
 Мен сендерге жем берем,
 Дос болайық, тырналар.
 Тырау-тырау-тырау-тырау!
 Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тамаша!

Ән салу
Музыкалық жетекші:
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдап едік? Қыс туралы.
- Балалар, қыс айын жақсы көресіңдер ме?
Балалардың бәрі бірдей дауыстап:
- Иә!
- Олай болса, барлығың қыс айын өте жақсы көретін болғандықтан қыс мезгіліне арналған "Қыс" деген ән бар, сол әнді үйреніп алайық?!
- Қ. Шілдебаевтың әні «Қыс», бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, әнді ақырын, менімен бірге қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтарының суретін көрсететін үлкен қаршалар, кіші қаршаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» келді.
Педагог торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, балаларды ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші торғайлар» да сендерге қосылып айтады. Музыкалық жетекші бірнеше рет әнді қайталатып, балалар әнді қабылдағанша айтқызады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне қоңырауларды үлестіріп береді де:
- Тыңдайықшы, балалар, мен қазір қоңырау аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, қоңырауларды алайық! Енді, балалар, музыканы тыңдап отырып, қыс қызығын тамашалайық!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, балаларға қыс мезгілінен көрініс көрсетеді.

- Қыс көрініс қандай керемет, балалар! Енді музыканы тыңдай отырып, менімен бірге қоңырау соғамыз.
В. Моцарттың «Қоңыраулар үні» шығармасы.

Педагог балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде қоңырауларда ойнау керектігін айтады. Қоңырау аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығармада не туралы айтылады? Қоңыраулар туралы.
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? В. Моцарт. Жарайсыңдар!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауларды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен бірге шығарманы тыңдап отырып, қоңырауларды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.
«Музыкалық әткеншек» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларды музыканың өзгеру темпін ажырата білуге үйрету.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші «Әткеншек» әнін орындайды және балалардан әткеншектің қалай қозғалатынын сұрайды. Балалардан музыканың өзгеру темпін қимылмен көрсетуді және сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
- Музыка қай кезде тез ойнады?
- Музыка қай кезде баяу ойнады?
- Музыканың сипаты қандай?
- Әткеншек қалай қозғалады (жылдам қозғалады, ақырын қозғалады, баяу қозғалады, тоқтайды)?
- Балалар, мына суреттегі әткеншекке қараңдаршы. Осы әткеншекті жай ғана итерсек, қалай қозғалады? Музыка ойнаған кезде әткеншектің қозғалуын көз алдарыңа елестетіп отырыңдар.

Қорытынды

Оқу қызметінің соңында педагог:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өтті, байқадыңдар ма? Иә.
- Бүгін қыс туралы екі әнмен таныстық. Қоңырау аспабында ойнадық.
- Балалар, бүгін қай шығарманың желісіне қоңырау аспабында ойнадық? В. Моцарттың «Қоңыраулар үні» шығармасына.
- Балалар, біз бүгін оқу әрекетінде қандай ән тыңдадық және қандай ән айтуды үйрендік, кім айтады? Айгүл мен Шыңғыс айтады. Жарайсыңдар!
- Қыс туралы ән тыңдап, қыс туралы ән айтуды үйрендік.
- Бүгін сендер өте белсенді болдыңдар, балалар, рақмет!
- Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Тақырыбы: «Қыс бояулары»

Міндеті: Балаларға қыс туралы әнді түсініп, оның сыр-сипатын ажырату қабілетін дамыту; қыс мезгілінің ерекшелігін музыкадағы контрастық бөлімдер арқылы ажырата білу қабілетІн қалыптастыру; қоңырау аспабында шығарма мазмұнына сай ойнай білу дағдысын жетілдіруді пысықтау.

Сәлемдесу

 Оқу қызметінің алдында Е. Тиличееваның «Марш» шығармасының әуеніне балалар залға салтанатты түрде адымдап кіреді. Педагог балалардың музыка әуенімен бірге жасаған адымдарына қарап:
- Денемізді тік ұстаймыз. Жарайсыңдар! Шеңбер жасап, залдың ортасына келіп тұрамыз (балалар кілемнің үстіне келіп тұрады). 
- «До-ре-ми» Өмірбек Байділдаев.
До-ре-ми, до-ре-ми 
Үйреніп аламын.
Фа-соль-ля, соль-ля-си, до-до-до. 
Деп әнге саламын. 
До-ре-ми, до-ре-ми. 
Нотаның аттарын 
Фа-соль-ля, соль-ля-си, до-до-до. 
Деп күнде жаттадым. 
 Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолымен шапалақтайды:
- Балалар, қазір «Қысқы би» музыкасына би элементтерін үйренуді әрі қарай жалғастырамыз.

Музыкалық жетекші М.Старокадомскийдің «Қысқы би» (Пр.48) шығармасына балаларды шеңберге тұрғызып, музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да, шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұппен бірігіп, өздері тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Музыкалық жетекші М.Старокадомскийдің «Қысқы би» (Пр.48) шығармасының әуеніне қарапайым вальс элементтерін енгізеді.
Ән тыңдау

Педагог балаалрға суретті көрсетеді. 
- Балалар, мына суретте ормандағы аң жасырынып қалыпты. Мұқият қараңдаршы, қай аң тығылып қалған екен? 
- Иә, дұрыс айтасыңдар қоян.
- Балалар, қысқы орман әдемі, иә?
- Ендеше, қысқы орманға барып көрейік.
Интербелсенді тақтадан қысқы орманды көрсетеді. 

- Балалар, қысқы орман қандай әдемі, иә? Мына әдемі көрініске қарап, «Қыс әнін»тыңдап көрсек қалай болады?
Балалардың жауаптары. 
- Олай болса, балалар, қыс туралы әдемі ән бар, естіп көрейікші? Д. Ботбаевтың «Қыс әні» шығармасы. Әнін жазған сазгер Д. Ботбаев. 
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
(Аудиозапись песни Д. Ботбаева «Зимняя песня»).
 Қыстың күні көңілді,
 Ағартады өңірді,
 Аққаламен ойнаймыз,
 Шынықтырып денені.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте көңілді! Солай ма, балалар? Иә.
Педагог бір баладан өзі білетін әннің әуенін «- ля - ля» буыны арқылы орындауды, екінші баладан сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
Музыкалық жетекші балалар қабылдағанша әнді тыңдатады. 
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- Қандай сазгерлерді білеміз? Нұрғиса Тілендиев, Қуат Шілдебаев, Өтебай Байділдаев. Жарайсыңдар!
- Әннің сөзін кім жазады? Ақын. Жақсы!
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз? Әнші. Керемет!
- Балалар, қандай ырғақты әндерді білеміз? «Әй-әй, бөпем», «Күз», «Бақшаға барамын». Тамаша, балалар!
Балалар әнді тыңдап болған соң, педагог сұрақтарын қояды: 
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдадық? Қыс туралы. 
- Әуенін жазған сазгер кім? Д. Ботбаев.
- Жарайсыңдар, балалар!
 «Қояндар» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларға музыканың көңілді, көңілсіз, баяу түрлерін ажырата білуге баулу.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші балаларға:
- Бір үйде қояндар өмір сүріпті. Олар сондай көңілді қояндар болыпты. Қояндар көңіл көтеріп билегенді жақсы көріпті.
Педагог балаларға билеп жатқан қояндардың суретін көрсетеді. 
- Қояндар шаршағанда жатып ұйықтайды екен. Аналары болса, балаларына бесік жырын айтып береді екен (қояндардың ұйықтап жатқан суреттерін көрсетеді).
Әрі қарай музыкалық жетекші балалардан сурет бойынша қояндардың не істеп жатқанын айтып беруді және музыканы тыңдап қимылдарымен көрсетуді сұрайды. 
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балалармен бірге ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді, сондықтан педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз, 
 Бір орында тұрмаймыз. 
- Ля - ля - ля (екі рет қайталанады).
 Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек. 
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз. 
- Ля - ля - ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауысқа арналған жаттығуларды жасаймыз.
- Балалар, тырналар қалай дыбыстайтынын көрейік.
 Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар, тырналар!
 Мен сендерге жем берем, 
 Дос болайық, тырналар!
 Тырау-тырау-тырау-тырау!
 Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тамаша!
 Ән салу
Қ. Шілдебаев «Қыс» әні.
(әні: Қ. Шілдебаев).
Педагог балаларды үш топқа бөледі, балаларға қыс мезгілінің суреті бейнеленген пазлдарды таратады: 
- Балалар қандай сурет құрастырдыңдар? Иә, қыс мезгілінің суретін құрадық. 
- Олай болса, Қ. Шілдебаевтің «Қыс» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, әнді маған қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз.
 Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып, үнтаспаға қосылып айтады. Шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
 Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай қарларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» келді.
Педагог балаларды торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа  айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді болды! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші торғайлар» да сендермен бірге ән айтады.
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.
 Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне қоңырауларды үлестіріп береді де:
- Тыңдайықшы, балалар, қазір қоңырау аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, қоңырауларды алайық! Енді, балалар, музыка тыңдап отырып, қыс қызығын тамашалайық!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, қыс мезгілінен көріністер көрсетеді.
- Қыс көрінісі қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге қоңырау соғамыз. В. Моцарт «Қоңыраулар үні» шығармасы.Балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде қоңырауларды ойнау керектігін айтады. Қоңырау аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығармада не туралы айтылады? Қоңыраулар туралы.
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? В. Моцарт. Жарайсыңдар!
- Тамаша! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауларды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
 Педагог балалармен бірге шығарманы тыңдап отырып, қоңырауларды сыңғырлатып жаттықтырады.
 «Bells» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балалардың дауысты дыбыс арқылы ажырата білу қабілетін дамыту.
Ойын шарты: әуеннің сыр-сипатына қарай қоңырауларды пайдалану.
Педагог балаларды үш топқа бөледі, балалардың әрқайсында қоңыраудың үш түрі (үлкен, орташа және кішкентай). Егер, кең өлшемдегі әуен естілсе, ойыншылар үлкен қоңырауды көтеруі керек. Қалыпты әуенге орташа, ал тыныш, ақырын ойналатын әуенге кішкентай қоңырауды көтеріп, сылдырлатуы керек.
Қорытынды
Оқу қызметінің аяғында: 
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз қалай өтті?
- Қандай ән үйрендік? Қай мезгілге байланысты?
- «Қыс әнін» өттік. Қыс мезгіліне байланысты. 
- Балалар, бүгін қандай шығарма желісінде қоңырау аспабында ойнадық? В. Моцарттың «Қоңыраулар үні» шығармасына.

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 29-01 желтоқсан 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Жаса, елім!»

Міндеті: Балаларға әнді эмоционалды қабылдай отырып, ән арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастыру; ұжыммен және жеке ән айту қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу, би қимылдарын еркін орындау қабілеттерін, зейінін дамыту.

Сәлемдесу
 Балалар залға Д. Шостаковичтің «Марш» шығармасының әуеніне салтанатты түрде адымдап кіреді. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалғанда орындарынан тұрады. Тағзым етіп, оң қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұранға қосылады.

Әнұран аяқталғанда музыкалық жетекші:
- Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? Қазақстанда. Жарайсыңдар! Осы желтоқсан айында біздің еліміздің Тәуелсіздік алған күні тойланады. Енді, балалар, еліміздің құрметіне тағзым етейік:
 Тәуелсіз елім (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Кең байтақ, жерің (балалар қолдарын жанына жібереді).
 Сәлем ал, менің (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Жасарған елім (балалар қолдарын жанына жібереді).
- Балалар, жарайсыңдар! Тамаша!
Педагог тақпақ пен қимылдарды балалармен бірге қайталайды.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың назарын аударып:
- Балалар, қазір А. Мельникованың «Жаса, елiм!» музыкасына жұптасып билеудің жаңа элементтерін үйренеміз.
(Аудиозапись песни А. Мельниковой "Да здравствует страна").
Музыкалық жетекші А. Мельникованың «Жаса, елiм!» шығармасына балаларды жұппен шеңберге тұрғызып, музыканың сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбердегі адымдарды жасайды да, шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұпқа бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды. Орындарында тұрып, өзі тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Соңында барлық балалар бірігіп, үлкен шеңбер жасап, гүлдің бейнесін көрсетіп, биді аяқтайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?! 
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар? Нұр-Сұлтан қаласын. Жақсы.
Педагог астанаға қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, суретті Нұр-Сұлтан қаласына ұқсатқандарың неліктен? Президент отыратын үй Нұр-Сұлтан қаласында. Жарайсыңдар!
- Нұр-Сұлтан қаласындағы Президент отыратын үй қалай аталады? Ақорда. Тамаша, балалар!
- Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Балалар, қайталайықшы! Резиденция. Жарайсыңдар!
- Балалар, суреттен басқа нені байқап тұрсыңдар? Отшашу атылып жатыр. Жарайсыңдар!
- Балалар, ондай отшашу қай кезде болады? Мерекелерде. Тамаша!
- Ал, біздің елімізде қандай мереке болады? Тәуелсіздік күні. Керемет!
- Олай болса, балалар, осындай әдемі күндерге арналған ән бар, естіп көрейікші? С. Мұхамеджановтың «Бүгін қай күн?» әні. Әнін жазған сазгер С. Мұхамеджанов.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
(Аудиозапись песни С. Мухамеджанова «Какой день?»)
 Бүгінгі күн көңілді,
 Көтереді көңілді,
 Отшашулар ойнайды,
 Жайнатады өңірді.
- Кәне, балалар, шапалақ соға отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте көңілді, балалар, солай ма? Иә.
Педагог бір балаға өзі білетін әннің әуенін «- ля, - ля» буыны арқылы орындауды, екінші балаға сөзін тақпақтап айтуды ұсынады.
Музыкалық жетекші әнді балалар қабылдағанша тыңдатады және әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, бүгін қандай ән тыңдадық? «Бүгін қай күн?» әні.
- Әуенін жазған сазгер кім? С. Мұхамеджанов.
- Ән қандай күнге арналған? Көңілді күнге.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Қояндар» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: музыканың көңілді, көңілсіз, баяу түрлерін ажыратуды үйрету..
Ойынның барысы:
Музыкалық жетекші балаларға:
- Бір үйде қояндар өмір сүріпті. Олар сондай көңілді қояндар болыпты. Қояндар көңіл көтеріп билегенді жақсы көріпті.
Балаларға қояндардың билеп жатқан суретін көрсетеді.
Қояндар шаршағанда жатып ұйықтайды екен. Аналары болса балаларына бесік жырын айтып береді екен (қояндардың ұйықтап жатқан суреттерін көрсетеді).
Музыкалық жетекші балалардан суретке қарап қояндардың не істеп жатқанын айтып беруді және музыканы тыңдап қимылдарымен көрсетуді сұрайды. Жеңімпаз балаларға бәйтерек бейнеленген таңбалауыштарды үлестіреді.
- Балалар, осы жылдан бастап әрқайсыңда жеке портфолио бар екенін ұмытқан жоқсыңдар ма? Сол портфолиоға бүгінгі алған таңбалауыштарыңды да сала беріңдер. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болады, сол балаға сыйлық беріледі.

Дауысқа арналған жаттығулар
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, менімен бірге қайталаймыз.
- га-га,
- ду-ду,
- ко-ко,
- ля-ля.
- Жарайсыңдар.
- Балалар, ешкі лағын қалай шақырады, естідіңдер ме?
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
 Лағым
 Шөре-шөре, лағым,
 Тентек болма, шырағым,
 Секектеме, деміңді ал,
 Селтеңдемей құлағың.
- Тамаша.
- Балалар, көкек қалай шақырады?
Балалар:
- Кө-кек, кө-кек.
- Жақсы.
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
 Көкек
 Ағашта биік,
 Бір құсты көрдік.
 Сайрайды сол құс,
 Сайрайды талмай.
 Кө-кек, кө-кек,
 Аты оның содан,
 Атанған кө-кек.
- Тамаша, жарайсыңдар, балалар!

 Ән салу
С. Қалиев, Д. Омаров «Елтаңбасы елімнің» әні.
(әні: С. Қалиевтікі, сөзі: Д. Омаровтікі).
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударады:
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдап едік?
- Иә, «Бүгін қай күн?» әнін тыңдадық.
- Балалар, қандай мереке келіп қалды?
Көрсеткішпен рәміздердің суреттерін көрсетеді.
- Иә, мемлекетіміздің Тәуелсіздік алған күні жақындап қалды.
- Балалар, тәуелсіз дегенді қалай түсінесіңдер?
- Мағынасын кім біледі?
- Иә, еліміз ешкімге тәуелді емес, мемлекетіміздің өз рәміздері бар, халқымыз еркін өмір сүреді.
- Балалар, рәміздерді, халқымызды, жерімізді құрметтеуіміз керек.
Тұнығындай көңілдің Елтаңбасы елімнің.
Неткен ғажап әдемі, Ортада аспан әлемі!
- Еліміздің бейнесі – ел рәміздері. Бұл – тәуелсіздіктің жеңісі.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне қоңырауларды үлестіріп:
- Балалар, тыңдайықшы, қазір мына қоңырау аспабында ойнаймын, ал сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә. Қоңырауларды алайық, балалар! Енді, балалар, музыканы тыңдай отырып, еліміздегі мерекені тамашалайық!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған көріністерінен сурет көрсетеді.
- Қараңдаршы, балалар, отшашулар қандай керемет! Музыканы тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауларды ұрамыз. В. Моцарт «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасы.Балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде қоңырауларда ойнау керектігін айтады. Қоңырау аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Балалар, бұл қоңырауларды еліміздің тәуелсіздік мерекесіне арнап ойнап жатырмыз, солай ма?
Балалар бастарын изейді.
- Шығармада не туралы? Қоңыраулар туралы.
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? В. Моцарт. Жарайсыңдар!
- Тамаша, балалар!
Балалар дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауларды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз. Педагог балалармен әнді тыңдап отырып, қоңырауларды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.

«Ақырын қатты» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балалардың тембрлік есту қабілеттерін дамыту.
Ойынның барысы: балаларға түстері бір болғанымен, әртүрлі реңктегі карточка жаймалары беріледі.
Көгілдір – ақырын музыка, қара көк – қатты музыка, көк – орташа.
Әрі қарай музыкалық жетекші әнді ақырын, қатты және орташа темте орындайды.
Балалар музыканы тыңдап отырып қолдарындағы таңбалауыштарымен карточкаларды жабады.

Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте белсенді қатыстыңдар.
Балалар қуанып қалады.
- Қоңырау аспабында керемет ойнадыңдар! Тамаша болды!
- Балалар, бүгін қандай ән тыңдадық? С. Мұхамеджановтың «Бүгін қай күн?» әнін тыңдадық.
- Қандай ән айттық? С.Қалиевтің «Елтаңбасы елімнің» әнін айттық. Жарайсыңдар!
- Балалар, тақтаға қарап, еліміздің елтаңбасын көрсетіңдерші?!
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне бәрің жақсы қатыстыңдар! Оқу қызметі сендерге ұнады ма? Жақсы, сау болыңдар!

Айы, күні, жылы: 06-08 желтоқсан 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Жаңа жыл

Міндеті: Жаңа жыл туралы әнді айту кезінде балалардың есте сақтау қабілеті мен әннің сөздік мағынасын түсіне білу қабілетін дамыту; музыкалық жетекшіге және топқа ілесіп ән айту қабілетін жетілдіру; топпен ән айтқанда ырғақты сезіне білу қабілетін қалыптастыру.

Сәлемдесу
Балалар залға кіре бергенде музыкалық жетекші Н. Надененконың «Адымдау және жүгіру» атты шығармасын ойнайды. Балалар залды айнала жүріп, салтанатты түрде адымдайды. Баяу және жылдам ойналған әуенге сай жүгіреді. Музыкалық жетекші:
- Балалар, музыканы тыңдаймыз. Денемізді тік ұстаймыз, тіземізді жоғары көтереміз, жеңіл жүгіреміз. Міне, жарайсыңдар!
Балалар музыка аяқталғанда залдың ортасына келіп тұрады. Педагог:
- Балалар, Жаңа жылға дайындықтарың қалай? Жақсы!
- Менің балаларым әнді қалай тыңдайды? Әнді қалай айтады екен? Соны көруге келдім. Дайындықтары жақсы болса, сыйлықтарын арқалаған Аяз ата да жылдам келеді.
Музыкалық жетекші:
- Кәне, балалар, дайынбыз ба? Олай болса, дайындығымызды көрсетейік!
- Алдымен, балалар, Жаңа жыл тезірек келуі үшін, оны жақсы ниетпен шақырайық. Балалар, тақпақ пен қимылды менімен бірге қайталаймыз.
 Жаңа жыл, жаңа жыл (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Жылдың басы - жаңа жыл (балалар қолдарын жанына жібереді).
 Жайнап біздің бақшаға (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Жақсылықпен келсін жыл! (балалар қолдарын жанына жібереді).
- Балалар, жарайсыңдар! Тамаша!
Педагог тақпақ пен қимылдарды балалармен бірге қайталайды.

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында:
- Балалар, Жаңа жыл жақындап қалды. Қазір А. Бестібаевтың «Вальс» атты музыкасына жұптасып билеудің басқа да элементтерін үйренеміз.
(А. Бестібаевтың «Вальс» атты музыкасы)
 Музыкалық жетекші А. Бестібаевтың «Вальс» атты шығармасына балаларды шеңберге жұппен тұрғызады. Музыка сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер бойымен адымдап жүреді, балалардың қимылдарын бақылайды. Балалар жұптасып жүріп, аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды. Орындарында тұрып өзі тұрған орнын айналып, шеңбер бойымен адымдап жүреді. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді. Орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып жұппен оң және сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнында, оң жағына, орнында жаттығуларын жасайды. Соңында барлық балалар бірігіп үлкен шеңбер жасап, гүлдің бейнесін келтіреді, биді аяқтайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс.
- Балалар, қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Жаңа жыл келеді. Жақсы!
- Айта берсек, қыстың қызығы өте көп. Солай ма, балалар? Иә.
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайық.

- Суреттен нені көріп тұрсыңдар, балалар? Қысты. Дұрыс.
Педагог қыс мезгіліне қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды.
Педагог:
- Қандай әдемі көрініс! Солай ма, балалар? Иә.
- Балалар, қазіргі кезде осындай ертегідегідей орман бар ма?
Балалар суретке қарап қалады.
- Әрине, балалар, қысқы көріністің өзі ертегідей емес пе? Осындай қысқы көріністі әсерлі бейнелеген керемет шығарма бар. Сол шығарманы мына суретке қарап отырып тыңдайықшы.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз. Антонио Вивальдидің «Қыс» атты шығармасы.

- Балалар, шығарма қалай аталады? Қыс.
- «Қыс» шығармасының авторы кім? Антонио Вивальди.
- Қайталайық, балалар, итальяндық композитор Антонио Вивальди. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, тақтадағы суретке қарап отырып шығарманы тыңдаймыз.
Балалар тақтадағы суретке қарап отырып Антонио Вивальдидің «Қыс» шығармасына ықылас қоя тыңдайды.
Музыкалық жетекші оқу қызметі барысында музыканың сипатына көңіл бөліп, балаларға түсіндіріп отырады.
- Кәне, балалар, шығарма қалай аталады? Кім айтады? Қыс. Тамаша!
- Шығарманың авторы кім? Антонио Вивальди. Жарайсыңдар, балалар!

«Бауырсақ кіммен кездесті?» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды музыканың сыр-сипатын сезінуге, төмен, орташа, жоғары дыбыстарды ажырата білуге баулу.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші «Бауырсақ» ертегісін және сол ертегінің кейіпкерлерін естеріне түсірулерін сұрайды (қасқыр, түлкі, аю, қоян). Музыкалық жетекші осы аңдарға байланысты музыканы ойнайды. Мысалы, аюдың музыкасын төменгі регистрдан, ал қоянның музыкасын жоғарғы регистрдан ойнайды. Балалар музыканың қай регистрдан ойналғанын тыңдап, қай аңның музыкасы екенін тауып, сурет арқылы көрсетеді. Жеңімпаз балаларға Аяз ата бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.

Педагог:
- Балалар, осы жылдан бастап әрқайсыңда жеке портфолио бар екенін ұмытқан жоқсыңдар ма? Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

 Дауысқа арналған жаттығулары
Педагог ән салар алдында балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптардың бейнесін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар қуанып қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, аспапты ұстау, ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар. Керек жерінде сөзін қайталайсыңдар. Мысалы, «дан-диги-дан» дегенде қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан.
 Қобыз аспап киелі,
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри, пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду.
 Трам-та соқса барабан,
 Қызыға жұрт қараған.
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!

 Ән салу
Б. Бейсенова «Жаңа жыл» әні.
(әні мен сөзі: Б. Бейсенова).
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қандай мереке келе жатыр? Жаңа жыл.
- Жаңа жылды бәрің жақсы көресіңдер ме?
Балалардың бәрі бірдей дауыстап:
- Иә!
- Балалар, сендер Жаңа жылды асығып күтіп жүрген соң, «Жаңа жыл» әнін дайындадық, сол әнді үйреніп алайық?!
- Б. Бейсенованың әні «Жаңа жыл». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, әнді маған қосылып ақырын айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Б. Бейсенова «Жаңа жыл» әні.
Әнді хор мінбесіне барып орындайды. Музыкалық жетекші әнді үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақты суретін көрсететін үлкен қаршалар, кіші қаршаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» да келді.
Балаларға торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды. Балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші торғайлар» да сендермен бірге айтқылары келеді.
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Балалар оқу қызметінде отырғанда «Ай жарқырап тұр» атты орыс халқының әуені естіледі.
Музыкалық жетекші:
- Балалар, ненің дыбысы шығып жатыр? Тыңдайықшы.
Балалар елеңдеп отырғанда педагог есік жаққа барып, көп сылдырауықтарды алып кіреді:
- Балалар, қараңдаршы, бізге көп сылдырауықтар алып келіпті. Сылдырауықтарды алайық, балалар! Енді, балалар, жаңа әнді тыңдап отырып, сылдырауық аспабында ойнайық! Орыс халқының әуені «Ай жарқырап тұр» деп аталады. Педагог интербелсенді тақтаны қосып, «Ай жарқырап тұр» әуенін балаларға тыңдатады.

Балаларға әнді тыңдатады және сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Айдың жарқырағаны туралы.
- Балалар, ай қалай жарқырайды екен? Анық. Тамаша, балалар!
- Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырауықтарды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен әнді тыңдап отырып, сылдырауықтарды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.
«Күн мен бұлт» музыкалық-дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балалардың есту, тыңдау және әртүрлі сипаттағы әуендерді ажырату қабілеттерін дамыту (көңілді, қуанышты, мұңды, көңілсіз).
Ойынның барысы: үш карточка болады. Бірінші карточкада жарқырап тұрған күннің суреті, екінші карточкада бұлт басқан күннің суреті, үшінші карточкада жаңбыр мен бұлттың суреті.
Ойынға қатысушылар ойын құралының санына байланысты алынады. Балаларға карточкаларды таратып, үш түрлі музыкалық шығарманы тыңдауды ұсынады.
Балалар бос шаршыларды әуендегі көңіл күйге байланысты суреті бар карточкалармен жабады. Әр сурет әуеннің көңіл күйіне байланысты.

Қорытынды

Музыкалық жетекші:
- Міне, балалар, оқу қызметі де аяқталды.
- Балалар, мен сендерге өте риза болдым. Бүгінгі оқу қызметі өте қызық өтті.
- Кім айтады? Бүгін қандай ән тыңдадық? Қандай ән үйрендік?
- «Қыс» шығармасын тыңдадық және «Жаңа жыл» әнін айтуды үйрендік.
- Балалар, оқу қызметі ұнады ма? Жақсы, сау болыңдар
!

Тақырыбы: «Жаңа жыл сыйлықтары»

Міндеті: Балаларға Жаңа жыл туралы әнді айтқызу арқылы есте сақтау қабілеті мен әннің сөздік мағынасын түсіне білу қабілетін дамыту; музыкалық жетекші және топпен ілесе ән айту қабілетін жетілдіру; топпен ән айтқанда ырғақты сезіне білу қабілетін қалыптастыруды пысықтау.        

Сәлемдесу
 Балалар залға кіре бергенде музыкалық жетекші Н. Надененконың «Адымдау және жүгіру» шығармасын ойнайды. Балалар залды айнала жүріп, салтанатты түрде адымдайды және музыканың жеңіл де жылдам ойналған сыр-сипатына сай жүгіреді. 
Музыкалық жетекші:
- Балалар, музыканы тыңдаймыз, денемізді тік ұстаймыз, тіземізді жоғары көтереміз, жеңіл жүгіреміз. Міне, жарайсыңдар! 
Балалар музыка аяқталғанда залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог: 
- Балалар, қандай мейрам жақындап қалды?
- Иә, бәріміз асыға күтетін жаңа жыл мейрамы. 
- Аяз ата келгенге дейін, біз әндер мен тақпақтарымызды жаттап алу керекпіз. Ал, сендер дайынсыңдар ма?
Балалардың жауаптары. 
- Балалар, мына тақпақты жаттап алайық: 
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қуаныш Ахметов 
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында:
- Балалар, Жаңа жыл жақындап қалды. Қазір А. Бестібаевтің «Вальс» музыкасымен жұптасып билеудің басқа да элементтерін үйренеміз.

 Музыкалық жетекші А. Бестібаевтің «Вальс» шығармасына балаларды жұптастырып шеңберге тұрғызады. Музыканың сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да, шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұппен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды. Орындарында тұрып, өзі тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Соңында барлық балалар бірігіп, үлкен шеңбер жасап, гүлдің бейнесін жасап биді аяқтайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуімен орындалады.
 Ән тыңдау
Педагог қыс мезгілі, жаңа жылдың суреттерін балаларға көрсетеді. 
- Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз. Антонио Вивальдидің «Қыс» шығармасы.

- Балалар, шығарма қалай аталады? «Қыс».
- «Қыс» шығармасының авторы кім? Антонио Вивальди.
- Италиялық композитор Антонио Вивальди. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, тақтадағы суретке қарап отырып, шығарманы тыңдаймыз.
Балалар тақтадағы суретке қарап отырып, Антонио Вивальдидің «Қыс» шығармасын ықылас қоя тыңдады. Музыкалық жетекші музыканың сипатына көңіл бөліп, балаларға түсіндіріп отырады.
- Кәне, балалар, кім айтады? Шығарма қалай аталады? «Қыс». Тамаша!
- Шығарма авторы кім? Антонио Вивальди. Жарайсыңдар, балалар!
«Шырша ойыншықтары» музыкалық-дидактикалық ойын. 
Ойынның мақсаты: әр аспаптың әуенін еске сақтауға үйрету. 
Ойынның шарты: педагог шыршаның ойыншықтарын алдын-ала іліп қояды, әр ойыншықтың артында музыкалық аспаптар болады. Сол музыкалық аспаптың атауын естеріне түсіру керек. Тапқаннан кейін, балаларға әр аспаптың әуенін қосады, қай әуен қай аспапқа сәйкес екенін айтады. 
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог ән салудың алдында балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптардың бейнесін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар қуанып қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, аспапты ұстау, онымен ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар. Керек жерінде сөзін қайталайсыңдар, мысалы, «дан-диги-дан»деп қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан. 
 Қобыз аспап киелі, 
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри,пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду. 
 Трам-та соқса барабан, 
 Қызыға жұрт қараған. 
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ән салу
Б. Бейсенова «Жаңа жыл» әні. 
(әні мен сөзі: Б. Бейсенова)
- Балалар, қандай мереке жақындап қалды?
- Б. Бейсенованың әні «Жаңа жыл». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, әнді ақырын менімен қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып, үнтаспаға қосылып айтады. Шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
 Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай қар қиыршықтарына қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, «әнші торғайлар» әнімізге қосылғалы келіпті.
Балаларды торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді балалар болды! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші торғайлар» сендермен бірге ән айтады. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. 
Музыкалық аспаптарда ойнау
Балалар оқу қызметінде отырғанда орыс халқының «Ай жарқырап тұр» атты әуені естіледі. Музыкалық жетекші:
- Балалар, тыңдайықшы, ненің дыбысы шығып жатыр!
Балалар елеңдеп отырғанда педагог есік жаққа барып, көп сылдырмақты алып кіреді:
- Балалар, қараңдаршы, бізге көп сылдырмақтар алып келіпті. Сылдырмақтарды алайық, балалар! Енді, балалар, жаңа әнді тыңдап отырып, сылдырмақ аспабында ойнайық!
Орыс халқының «Ай жарқырап тұр» атты әуенін қосады.

Балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Айдың жарқырағаны туралы.
- Балалар, ай қалай жарқырайды екен? Анық. Тамаша, балалар!
- Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен әнді тыңдап отырып, сылдырмақтарды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.
«Музыкалық калейдоскоп» музыкалық-дидактикалық ойыны.
Ойын барысында әндерді тыңдау арқылы әуенін танып, Луллий шеңберіндегі калейдоскоптың сағат тілін сол ойыншыққа бұрып қояды немесе ойыншықты таңдап алады. 
Ойынның аяғында балаларға шырша ойыншықтары бейнеленген таңбалауыштарды таратады.
Қорытынды:
Педагог оқу қызметінің аяғында: 
- Балалар, жаңа жылға дайын екенсіңдер, әндерді үйде тағы да қайталаңдар. 
- Қандай ән тыңдадық?
- «Қыс» шығармасын.
- Қандай ән айтуды үйрендік?
- «Жаңа жыл» әнін.
- Балалар, сендерге оқу қызметі ұнады ма?
Балалардың жауаптары. 
- Жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметіне белсене қатыстыңдар.

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 13-15 желтоқсан 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Шырша жыры»

Міндеті: Балаларға шырша туралы әнді тыңдатып, әннің сөздік мазмұнын эмоционалды қабылдай білу қабілетін қалыптастыру; топта ән айту қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілеті мен ән айтудағы тыныс алу техникасын дамыту.

«Жаңа жылдық ертегі».
Оқу қызметінің алдында И. Гуммельдің «Жүгіру» атты шығармасына балаларды залға жеңіл жүгіртіп кіргізеді. Педагог балалардың музыка әуеніне жүгірген қимылдарына қарап:
- Денемізді тік ұстаймыз, басымызды салбыратпай түзу ұстаймыз, жеңіл, әдемі ырғақты сақтап жүгіреміз.
- Балалар, қардың ауада қалықтап ұшатынын білесіңдер ғой? Иә. Қазір біз тербетіліп жүгіреміз. Жарайсыңдар! Шеңбер жасап, залдың ортасына келіп тұрамыз (балалар кілемнің үстіне келіп тұрады).
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, қазір ойналатын музыкамен бірге қимылдар жасаймыз. Маған ілесіп қимылдарды орындайсыңдар, келістік пе? Иә. Онда бастаймыз.
- Балалар, екі қолымызды жоғары көтеріп, әдемі айқастырып, аяқтың ұшымен қалықтап, оң жаққа ақырын айналамыз. Жарайсыңдар! Енді, балалар, аяқтың ұшына тұрып, оң жаққа ақарындап айналамыз, сол жаққа ақырын айналамыз. Тамаша!
- Орнымызда тұрып, музыка әуенімен қолымызды шынтағымызбен бүгіп, бірге қозғаймыз және қол білезіктерін айналдырамыз, тамаша.
- Енді, орнымызда тұрып, музыка әуенімен солға бір-екі адым жасаймыз, қолымызды шынтақпен бірге қозғаймыз, жарайсыңдар!
- Орнымыздан оң жақ иығымызға қарай бұрылып, нәзік қимыл жасап айналамыз,
- Енді, орнымыздан сол жақ иығымызға қарай бұрылып, нәзік қимыл жасап айналамыз.
- Аяқтың ұшымен ақырын, екі тіземізді кезек көтеріп, қолымызды бүгіп, тіземіздің үстіне қоямыз. Орнымызда тұрып айналамыз. Жарайсыңдар!
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, тамаша болды! Рақмет!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бүгін біз «Табиғат әуені» шығармасының оркестрлік нұсқасына музыкалық-ырғақты қимылдар жасап, жұптасып билеудің басқа да элементтерін үйренеміз

Музыкалық жетекші «Табиғат әуені» шығармасының оркестрлік нұсқасына балаларды екіден жұптастырып шеңберге тұрғызады. Музыканың сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен екеуден қол ұстасып, вальс адымдарын жасайды да шеңбер бойымен қол ұстасып, жеңіл қалықтап жүгіреді. Балалар жұппен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды, орындарында тұрып, өзі тұрған орнын айналып, шеңбер бойымен адымдап жүреді. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып, жеңіл секіреді. Соңында әрқайсысы өздері тұрған орындарында жеке-жеке айналып, аяқтың ұшымен жеңіл адымдар жасайды. Жұппен бірігіп шеңберді айналып, қайтадан қол ұстасып, жеңіл жүгіріп барып тоқтап, бір-біріне қарама-қарсы қарап биді аяқтайды.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балаларға:
- Балалар, қыс айы керемет, солай ма? Иә.
- Балалар, жақында қандай мейрам болады? Жаңа жыл болады. Жақсы.
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?!

- Суреттен нені көріп тұрсыңдар, балалар? Аяз атаны. Дұрыс!
Педагог Аяз атаға қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Аяз ата кім, балалар? Сыйлық алып келетін Ата. Дұрыс.
- Балалар, Жаңа жылда Аяз атадан сыйлық күтесіңдер ме? Иә.
- Балалар, Жаңа жылда Аяз атадан басқа кімнен сыйлық күтесіңдер? Ата-анамыздан. Тамаша!
- Балалар, Аяз ата туралы керемет шығарма бар, сол шығарманы тыңдап көрейікші?!
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз. Б. Дәлденбаевтің «Қош келдің, Аяз ата» әні.
- Балалар, шығарма қалай аталады? «Қош келдің, Аяз ата».
- «Қош келдің, Аяз ата» шығармасының авторы кім? Б. Дәлденбаев.
- Енді, балалар, шығарманы тыңдаймыз. Балалар «Қош келдің, Аяз ата» әнін ықылас қоя тыңдайды. Музыкалық жетекші музыканың сыр-сипатына көңіл бөліп, балаларға түсіндіріп отырды.

«Теңіз» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балалардың музыканы есту, тыңдау, көру қабілеттерін дамыту.
Ойынның барысы: балаларға үнтаспадан теңіздің дыбысы қосылған әуенді естірту. Балалар әуенді тыңдап болған соң, оны талқылап өз ойларымен бөліседі. Музыкалық жетекші композитордың жазған әуеніндегі кездесетін әртүрлі көңіл-күйге балалардың көңілін аударады. Әуенде толқын бірде ақырын, бірде қатты, бірде жәй естіледі. Содан соң музыкалық жетекші балаларды суретте көрсетілген теңіздің әртүрлі толқынымен таныстырады.
Музыкалық жетекші балаларға музыканы қайтадан тыңдатқыза отырып, балалардан теңіздің әртүрлі толқынын карточканың көмегімен көрсетуді сұрайды.
Жақсы ойнаған балаларға Аяз ата бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауысқа арналған жаттығулар
Музыкалық жетекші балаларды орындықтарға ыңғайлы отырғызып:
- Балалар, дауыс жаттығуларын жасар алдында қалай отырушы едік?
Балалар орындықтың шетіне отырады.
- Балалар, ерінмен жаттығу жасаймыз (еріннің үстін және астын тістеу, ерінді алға бүрістіру, көңілді кейіпке ену, астыңғы ерінді түсіру - көңілсіз кейіпке ену).
- Енді, балалар, дауысты дыбыстарды әндеткенде келесі дауысты дыбысқа кедергісіз, әндетіп қосылуымыз керек.
- Уууаааооо.
- Уууууууууу,
- Енді, балалар менімен бірге қайталаймыз:
- Га-га-га,
- Ду-ду-ду,
- Ко-ко-ко,
- Ля-ля-ля.
- Тамаша, балалар!

Ән салу
Л. Хамидидің «Шырша жыры» әні.
(әні: Л. Хамиди).
Музыкалық жетекші:
- Балалар, Жаңа жыл қарсаңыңында шыршаны безендірдіңдер ме? Иә.
- Шыршаны бәрің жақсы көресіңдер ме?
Балалардың бәрі бірдей дауыстап:
- Иә!
- Олай болса, балалар, сендер Жаңа жылды асығып күтіп жүрген соң, «Шырша жыры» әнін дайындадық. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Л. Хамидидің «Шырша жыры», бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақты суретін көрсететін үлкен және кішкентай шыршаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші құстар» келді.
Балаларға құстармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады. Қайырмасын барлық топ қосылып, бірге орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақ соғып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды. Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші құстар» да сендермен ән айтқылары келеді. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.
Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, кеше біз сылдырмақ аспабында ойнадық!
- Сылдырмақпен қандай әнді ойнадық?
- «Ай жарқырап тұр» атты орыс халқының әуенін. Жарайсыңдар!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, «Ай жарқырап тұр» атты орыс халқының әуенін балаларға тағы да тыңдатады.

Балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Айдың жарқырағаны туралы.
- Балалар, ай қалай жарқырайды екен? Анық. Тамаша, балалар!
- Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
- Тамаша, балалар, бүгін кешегіден жақсы ойнадыңдар!
Балалармен әнді тыңдап отырып, сылдырмақтарды бірге сыңғырлатады.

«Ән салған кім?» музыкалық-дидактикалық ойын (тембрді айыруға арналған ойын)
Ойынның мақсаты: балаларға дауыс тембрін ажырата білуді үйрету.
Ойынның барысы: балалар шеңбер жасап жүріп әндетеді. Шет жақтағы балаларға теріс қарап отырған бала ән салған баланың дауысын тануы керек. Отырған бала ән салған баланы дауысынан таныса, олар орын ауыстырады.
 Көп бала бар бөлмеде,
 Бірі ғана ән салады.
 Ал сырттағы
 Кім екен деп тамсанады
 Бір бала былай деп әндетеді.
 Мен бақытты бөбекпін,
 Таудай биік талабым,
 Ән мен күйге зерекпін,
 Бірден қағып аламын.

Қорытынды
- Балалар, Аяз атаның сыйлығын асыға күтіп жүрсіңдер ме? Иә.
- Балалар, енді мейрамда дем аламыз, Жаңа жылдарың құтты болсын! Рақмет!
- Бүгінгі оқу қызметінде қандай әнді тыңдадық? Қандай әнді үйрендік? Балалар, кім айтады? Аяз ата мен Шырша жыры туралы болды.
- Жарайсыңдар, балалар! Жаңа жылда Аяз атадан алған сыйлықтарыңды кейін бәріміз жиналғанда көреміз. Солай ма, балалар? Иә.

Айы, күні, жылы: 20-22 желтоқсан 2022 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Дала аппақ»

Міндеті:Балалардың әндегі төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; музыка әуенімен жүгіруге және алға-артқа секіру дағдысына үйрету; музыкалық аспаптардың дыбысын ажырата білу және музыкалық аспапта ойнау қабілетін қалыптастыру.

Сәлемдесу
 Балалар Е.Тиличееваның «Жылқы адымы» атты шығармасының әуеніне педагогтің көрсетуі бойынша «жылқы адымы» жаттығуын жасап залға кіреді.
Педагог балаларға:
- Балалар, мойнымызды сәл иеміз, енді жылқы сияқты жүріп келе жатып, шоқырақтап жүреміз. Жарайсыңдар!
Балалар жылқы адымынан кейін жай адымға ауысып, залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог:
- Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасап тұрайықшы! Міне, жарайсыңдар! Қазір, балалар, қыс айы. Қыс сендерге ұнай ма? Иә.
- Енді, балалар, жаңа қыс айына сәлемімізді жолдайық, қимылдарды менімен бірге жасаймыз:
 Дала аппақ, қар аппақ (балалар қолдарын жандарына созады),
 Айналаның бәрі аппақ (балалар қолдарын жоғары көтереді).
 Жаңа қысты қарсы алып (балалар құшақтарын жаяды),
 Күнде айтамыз біз тақпақ (балалар қол білезіктерін айналдырады).
Педагог балалармен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, жарайсыңдар!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолымен шапалақтайды:
- Балалар, қазір орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне музыкалық-ырғақты қимылдар жасауды үйренеміз

 Музыкалық жетекші орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне балаларды шеңберге тұрғызады. Музыканың сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да «галоп» адымын балаларға көрсетеді. Балалар жұптасып тұрады. Өзі тұрған орнын айналып «галоп» адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып, жеңіл секіреді. Орындарында тұрып жұптарымен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне орындалатын негізгі адымдар «галоп», «тарпылдату», «аяқты қайшылау».

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші ән тыңдаудың алдында балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?!

- Тақтадан кімдерді көріп тұрсыңдар? Балаларды. Жақсы.
Педагог жыл мезгіліне қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? Қыс. Жарайсыңдар!
- Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер? Қар жауып тұр, балалар далада ойнап жүр. Тамаша, балалар!
- Балалар, қыста далада ойнап келген соң, кешке үйде не істейсіңдер?
Балалар ойланып қалады.
- Музыка тыңдайсыңдар ма?
Кейбір балалар кешке қарай музыка тыңдайтындарын айтады. Олай болса, балалар, қысқы кеште тыңдап отыратын әдемі музыка бар, естіп көрейікші? М. Глинканың «Полька» шығармасы. Әуенін жазған М. Глинка.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыкалық жетекші оның сыр-сипатымен таныстырады, мәнін түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, сыр-сипаты мен екпінін анықтайды.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма, балалар, солай ма? Иә.
Музыкалық жетекші шығарманы балалар қабылдағанша тыңдатады.
Педагог шығармаға қатысты ой қозғау мақсатында балаларға «полька» биі туралы түсінік береді:
- Балалар, полька деген сөз жарты қадам мағынасын білдіреді. Балалар, бұл шығарма жұптасып билеуге арналған би. Қайталайықшы, балалар! Тамаша!
- Балалар, полька әуенін жазған орыс халқының ұлы композиторы, классик Михаил Глинка. Қайталайықшы, балалар. Жарайсыңдар!
- Композитор, классик - музыкалық шығармалары бүкіл әлемге танымал болған, атақты сазгер. Қайталайықшы, балалар! Жақсы!
Педагог балаларға шығарманы тыңдап болған соң, сұрақтар қояды:
- Балалар, біз бүгін қандай шығарманы тыңдадық? Полька.
- Полька деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Жұппен билеу деген сөз. Тамаша!
- Әуенін жазған сазгер кім? Михаил Глинка.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Шар ұшты!» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды әуен ырғағына ілесіп шеңбер жасап тұруға үйрету.
Ойынның көрнекілігі: үнтаспа, шарлар.
Ойынның барысы: балалар шеңбер жасап шардың үлкендігін, пішінін көрсетеді. «Шар үрлейміз!» - деген белгіге балалар ортаға жиналып, аузымен үрлей отырып, шеңбер құрастырады. «Шар ұшты!» - дегенде музыка ырғағымен шеңбер жасап айналады. Дабыл соғылғанда балалар шардын жарылғаның көрсетіп, қолдарын босатып жібереді. Осы шартты орындай алмаған бала ән немесе тақпақ айтып, би билейді. Жақсы ойнаған балаларға өрнекті қар бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі. Педагог:
- Балалар, осы жылдан бастап әрқайсыңда жеке портфолио бар екенін ұмытқан жоқсыңдар ма? Сол портфолиоға бүгінгі алған таңбалауыштарыңды да сала беріңдер. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болады, сол балаға сыйлық беріледі. Балалар, маған портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

Дауысқа арналған жаттығулары

Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, тауда келе жатып, бір-бірімізден көз жазып қалдық. Бір-бірімізді табу үшін қалай айғайлаймыз?
Балалар, үндемей қалады.
- Балалар, алдымен ақырын «аууу» дейміз. Кәне бәріміз, ақырын «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Біздің дауысымызды ешкім естімеді, енді сәл дауысымызды көтеріп, тағы да «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Балалар, дауысымызды ешкім естімеген сияқты ғой, енді қаттырақ "аууу" дейміз.
Балалар қайталайды. Сол кезде «аууу» деген жаңғырық естіледі.
- Естідіңдер ме, балалар, біз іздеген адамдар табылды.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптарды (домбыра, сыбызғы, қобыз, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар таңырқап қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, аспапты ұстау, аспапта ойнау ерекшелігін көрсетуі керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар, керек жерінде сөзін қайталайсыңдар. Мысалы, «дан-диги-дан» дегенде қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан.
 Қобыз аспап киелі,
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри,пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду.
 Трам-та соқса барабан,
 Қызыға жұрт қараған.
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!

Ән салу
Л. Хамидидің «Дала аппақ» әні.
(әні: Л. Хамиди).
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қыстыгүні дала қандай түрге енеді?
Балалардың бәрі бірдей дауыстап:
- Аппақ!
- Олай болса, балалар, қыс мезгіліне арналған «Дала аппақ» деп аталатын ән бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Л. Хамидидің әні «Дала аппақ». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, әнді ақырын менімен қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыка жетекшісі балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен қар ұлпалары, кіші қар ұлпаларына қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» да келді.
Балаларға торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақ соғып әннің сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды. Балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші торғайлар» да сендермен ән айтады. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар әнді қабылдағанша айтқызады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне металлофонды үлестіріп береді де:
- Балалар, қазір мен мына металлофон аспабында ойнаймын, ал сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, металлофонды алдымызға ыңғайлап қояйық. Балалар, металлофонда ойнауға дайындалайық!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, қыс мезгілінен көрініс көрсетеді.
- Қандай көрініс көріп тұрсыңдар, балалар! Аппақ таулар. Дұрыс.
- Таудың басынан не байқап тұрсыңдар? Желді. Тамаша!
- Балалар, қыстыгүні тау басындағы жел қандай болады? Суық. Жақсы!
- Ал, қыстыгүні жылы жел бола ма? Болмайды. Жарайсыңдар!
- Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге металлофонда ойнаймыз.
Брэдбери Рейдің «Суық және жылы жел» аудиошығармасына металлофонда ойнаймыз.
(Аудиозапись произведения (минусовка) «Холодный и теплый ветер», https://teatr.audio/bredberi-rey-holodnyy-veter-teplyy-veter)
 Педагог балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде металлофонда ойнау керектігін айтады. Металлофон аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығармада не туралы айтылады? Жел туралы.
- Шығарма авторы кім? Брэдбери Рей.
- Балалар, желдің қандай түрі болады екен? Суық және жылы жел. Жарайсыңдар!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге металлофонда ойнаймыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз..

«Жоғарғы және төменгі дыбысты тап» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларға музыкалық дыбыстардың төмен және жоғары естілуін ажыратуды үйрету.
Ойынның көрнекілігі: әр балаға суретті карточкалар: үйрек-балапан, аю-қонжық, қоян-көжек, жылқы-құлын.
Ойынның барысы: балалар музыкалық дыбыстардың төмен және жоғарылығын ажырату кезінде әрбір карточкамен жеке жұмыс жасауы тиіс. Ре (төмен дыбысты естігінде карточкадағы жануар тұрған дөңгелекті жабу.) Ля (жоғарғы дыбыс) жануардың төлінің суретін көрсету керек. Балалардан музыканың өзгеру темпін қимылмен көрсетуді және сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
- Үйректің дауысы қандай? Жуан.
- Балапанның дауысы қандай? Жіңішке.
- Музыкадағы дыбыстар қандай? Жуан.
- Балапан қалай дыбыстайды? (балапанның дауысын салу)
- Балалар, жарайсыңдар!

Қорытынды

- Балалар, бүгін қандай аспапта ойнадық? Металлофонда.
- Қандай шығармаға ойнадық? Суық жел және жылы жел.
- Шығарманың авторы кім? Брэдбери Рей.
- Бүгін оқу әрекетінде қандай ән тыңдадық? М. Глинканың «Полька» шығармасын тыңдадық.
- Балалар, қандай ән айттық? Л. Хамидидің «Дала аппақ» әнін айттық.
- Балалар, бүгін оқу әрекетіне бәрің жақсы қатыстыңдар! Рақмет, оқу әрекеті аяқталды. Жақсы, сау болыңдар!

Тақырыбы:«Аққаламен достасайық»

Міндеті: Балалардың әндегі төмен және жоғары дыбыстарды ажырату қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; музыка әуенімен жүгіруге және алға-артқа секіру дағдысын үйрету; музыкалық аспаптардың дыбысын ажырата білу және музыкалық аспапта ойнау қабілетін қалыптастыруды пысықтау.

Сәлемдесу
 Е.Тиличееваның «Жылқы адымы» атты шығармасы қосылып тұрады. Балалар әуенге ілесіп «жылқы адымы» жаттығуын жасап залға кіреді.
Педагог балаларға:
- Балалар, мойнымызды сәл иеміз, жылқы сияқты жүріп ырғақтаймыз. Жарайсыңдар! Балалар жылқы адымынан кейін жай адымға ауысып, залдың ортасына келіп тұрады.
- Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасап тұрайықшы. 
Осы кезде әдемі әуен қосылады. 
- Балалар, бізге қонаққа аққала келіпті. Аққаламен амандасайықшы.
- Сәлеметсіз бе!
- Балалар, амандасу тәрбиенің басты белгісі. Амандасуды ұмытпайық.
- Жақсы, балалар! Көңіл-күйіміз қандай?
- Тамаша! Аққаланың да көңіл-күйі өте жақсы сияқты.
- Ендеше, балалар, оқу қызметімізді жақсы көңіл-күймен бастайық.  
Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолмен шапалақтайды:
- Балалар, қазір орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне музыкалық-ырғақты қимылдар жасауды үйренеміз.

 Музыкалық жетекші орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне балаларды шеңберге тұрғызып, музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да «галоп» адымын балаларға көрсетеді. Балалар жұппен бірігіп, орындарында тұрады. Өздері тұрған орнын айналып «галоп» адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне орындалатын негізгі адымдар «галоп», «тарпылдату», «аяқты қайшылау».
Ән тыңдау 
- Музыка тыңдайсыңдар ма?
 Кейбір балалар кешке қарай музыка тыңдайтындарын айтады. Олай болса, балалар, кешке қарай тыңдап отыратын әдемі музыка бар. Естіп көрейікші? М. Глинканың «Полька» шығармасы. Әуенін жазған М. Глинка. 
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

 Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыкалық жетекшісі оның сыр-сипатымен таныстырады, мәнін түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, сыр-сипаты мен екпінін анықтайды. 
- Кәне, балалар, шапалақ ұра отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма! Солай ма, балалар? Иә.
 Музыкалық жетекші шығарманы балалар қабылдағанша тыңдатады. 
 - Балалар, «полька» деген сөз «жарты қадам» деген мағынаны білдіреді, яғни, бұл шығарма жұппен билейтін биге арналған. Қайталайықшы, балалар! Тамаша!
- Балалар, Михаил Глинка орыс халқының атақты композиторы. Ол классикалық шығармаларды жазған. Қайталайықшы, балалар! Жарайсыңдар!
- Композитор, классик дегеніміз - музыкалық шығармаларымен бүкіл әлемге танылған композитор. Қайталайықшы, балалар. Жақсы!
Педагог балаларға шығарманы тыңдап болған соң, сұрақтар қояды: 
- Балалар, біз бүгін қандай шығарманы тыңдадық? «Полька» туралы. 
- «Полька» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Жұппен билеу деген сөз. Тамаша!
- Әуенін жазған сазгер кім? Михаил Глинка.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, «полька» биін жұптасып қалай билеу керек? 
- Иә, жақсы көңіл-күймен билеу керек. 
- Жарайсыңдар, балалар!
«Қояндар» музыкалық-дидактикалық ойыны
 Ойынның мақсаты: балаларға музыканың көңілді, көңілсіз, баяу түрлерін ажыратуды үйрету.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші балаларға қояндар туралы әңгіме айтып береді.
 Бір үйде қояндар өмір сүріпті. Олар сондай көңілді қояндар болыпты. Қояндар көңіл көтеріп билегенді жақсы көріпті (қояндардың билеп жатқан суретін көрсетеді). Қояндар шаршағанда жатып ұйықтайды екен. Аналары болса балаларына бесік жырын айтып береді екен (қояндардың ұйықтап жатқан суреттерін көрсетеді).
 Әрі қарай музыкалық жетекші сурет бойынша қояндардың не істеп жатқанын айтып беруді және музыканы тыңдап қимылдарымен көрсетулерін балалардан сұрайды.
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, тауда келе жатып, бір-бірімізден көз жазып қалдық. Бір-бірімізді табу үшін қалай айғайлаймыз?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, алдымен ақырын «аууу» дейміз. Кәне бәріміз, ақырын «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Біздің дауысымызды ешкім естімеді, енді дауысымызды сәл көтеріп, тағы да «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Балалар, дауысымызды ешкім естімеген сияқты ғой, енді қаттырақ «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды. Сол кезде «аууу» деген жаңғырық естіледі.

- Естідіңдер ме, балалар, біз іздеген адамдар табылды.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптардың бейнесін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар таңырқап қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, аспапты ұстау, ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар. Керек жерінде сөзін қайталайсыңдар, мысалы, «дан-диги-дан» деп қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан. 
 Қобыз аспап киелі, 
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри, пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду. 
 Трам-та соқса барабан, 
 Қызыға жұрт қараған. 
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ән салу
Л. Хамидидің «Дала аппақ» әні.
(әні: Л. Хамиди)
- Балалар, қыстыгүні дала қандай түрге енеді?
Балалардың бәрі бірдей дауыстап:
- Аппақ!
- Олай болса, балалар, қыс мезгіліне арналған «Дала аппақ» деген ән бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Л. Хамидидің «Дала аппақ» әнін бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай қар қиыршықтарына қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» келді.
Балаларды торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді болды! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші торғайлар» сендермен бірге ән айтады. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. 
Музыкалық аспаптарда ойнау
 Музыкалық жетекші балалардың бәріне металлофонды үлестіріп береді де:
- Балалар, тыңдайықшы, қазір мына металлофон аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, металлофонды алдымызға ыңғайлы қояйық! Енді, балалар, металлофонда ойнауға дайындалайық!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, қыс мезгілінен көрініс көрсетеді.
- Қандай көрініс көріп тұрсыңдар, балалар! Аппақ таулар. Дұрыс.
- Таудың басынан не байқап тұрсыңдар? Желді. Тамаша!
- Балалар, қыста тау басындағы жел қандай болады? Суық. Жақсы!
- Ал, қыста жылы жел бола ма? Болмайды. Жарайсыңдар!
- Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге металлофонда ойнаймыз. Брэдбери Рейдің «Суық және жылы жел» аудиошығармасына металлофонда ойнаймыз.
 Педагог балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде металлофонда ойнау керектігін айтады. Металлофон аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығармада не туралы айтылады? Жел туралы.
- Шығарма авторы кім? Брэдбери Рей.
- Балалар, желдің қандай түрі болады екен? Суық және жылы жел. Жарайсыңдар!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге металлофонда ойнаймыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен шығарманы тыңдап отырып, металлофонды бірге ойнатып жаттықтырады.
«Үлкен – кішкентай» музыкалық-дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларға ұзақ  және қысқа дыбыстарды ажырата білуге үйрету; музыканың ырғағын сезіне білуге баулу.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші балаларға әуенді тыңдата отырып, жолда кімнің келе жатқанын және сол адамның жүрісін қолдарымен шапалақ ұру арқылы көрсетуді ұсынады. Ауыр жүріс болса, яғни, үлкен адамның жүрісін ұзақ шапалақтау арқылы, баланың жеңіл жүрісін қысқа ғана шапалақтау арқылы ажыратып көрсету керектігін айтады. 
Қорытынды
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Балалардың жауаптары. 
- Балалар, біз бүгін қандай аспапта ойнадық? Металлофонда.  
Бүгін оқу әрекетінде қандай ән тыңдадық? М. Глинканың «Полька» шығармасын тыңдадық. 
- Балалар, қандай ән айттық? Л. Хамидидің «Дала аппақ» әнін тыңдадық.
- Балалар, бүгін оқу әрекетіне бәрің жақсы қатыстыңдар! Рақмет! Оқу әрекеті аяқталды. Жақсы, сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 27-29 желтоқсан 2022 ж

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Дала аппақ»

Міндеті: Балаларға әнді ықыласпен тыңдауға және әннің сөздік мазмұнын эмоционалды қабылдай білуге үйрету; әндегі ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; музыка әуенімен бірге би қимылдарын еркін орындауға жаттықтыру; музыкалық аспапта ойнау қабілетін қалыптастыру.

Сәлемдесу
 Бүгінгі оқу қызметінде де балалар залға Е.Тиличееваның «Жылқы адымы» аттты шығармасының әуенімен кіреді. Музыкалық жетекші мен педагогтің көрсетулері бойынша «жылқы адымы» жаттығуын жасайды.
 Педагог балаларға:
- Балалар, мойнымызды сәл иеміз, енді жылқы сияқты жүріп келе жатып, ырғақпен шоқырақтап жүреміз. Жарайсыңдар! Балалар жылқы адымынан кейін жай адымға ауысып, залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог:
- Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасап тұрайықшы! Міне, тамаша! Қазір балалар, қыс айы. Қар өте қалың солай ма?
- Иә.
- Балалар, қыс несімен қызықты? Қарымен. Олай болса, қыста қызықтың көп болуына себеп болатын аппақ қарға бас иеміз.
 Аппақ бүгін қар жауды (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Ақ көрпедей үлбіреп (балалар алақандарына үреді).
 Ақ көбелек көп жауды (балалар алақандарын бір-біріне жақындастырып, дөңгелектейді),
 Қармен бірге себелеп (балалар қол білезіктерін айналдырады).
 Аппақ, аппақ, қар аппақ (балалар қолдарын жанына жібереді),
 Айналаның бірі аппақ (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Аппақ нұрға айналған (балалар қол білезіктерін айналдырады),
- Бізден сәлем, қар аппақ (балалар иіліп сәлем береді)!
- Балалар, тамаша!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыклық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолымен шапалақтайды:
- Балалар, қазір «Табиғат әуені» шығармасының оркестрлік нұсқасына музыкалық-ырғақты қимылдар жасауды үйренеміз.

Музыкалық жетекші «Табиғат әуені» шығармасының оркестрлік нұсқасына балаларды жұппен қатарға тұрғызып, музыка сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да вальс адымын балаларға көрсетеді. Балалар жұппен бірігіп, орындарында тұрып, өзі тұрған орнын айналып, «үштік» вальс адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл айналады. Орындарында тұрып жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Соңында балалар жұппен біріге үлкен шеңбер жасайды да гүлденген жердің бейнесін көрсетіп биді аяқтайды.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?

Балалар бейнебаянда сыңғырлап тұрған қоңырауларды көргендерін айтады.
- Балалар, естеріңде ме, осы қоңыраулар туралы әдемі музыканы тыңдағанбыз. Сол музыканы тағы да тыңдап көрейікші? Шығарма «Қоңыраулар сыңғыры» деп аталады. Шығарманың авторы австриялық классик композитор Вольфганг Моцарт.
- Балалар, бәріміз композитордың аты-жөнін қайталаймыз. Композитор, классик Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Музыкалық жетекші балаларға күйсандықта ойналған «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, музыка қандай аспапта орындалған? Күйсандықта. Тамаша!
- Музыка не туралы? Қоңыраулар сыңғыры туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл музыканы кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, бұл музыканы композитор Вольфганг Моцарттың жазған. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, бүгін қандай музыканы тыңдадық? «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын.
- Шығарманың авторы кім? Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Музыка қандай аспапта орындалады? Күйсандықта.
- Керемет, балалар!

«Жаңа жылдық әзіл» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, байқампаздыққа тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Ойынның шарты: шеңберде тұрған балалар Аяз атаға әнді орындай отырып, әннің сөздік мағынасына сай дене мүшелері мен киімдерін көрсетеді. Соңында Аяз ата:
- Мені мазақ етесіңдер ме? - деп, балаларды ұстап алады. Ұсталған бала өз өнерін көрсетеді.
1. Біздің Аяз атаның,
 Аппақ екен шапаны.
 Ха-ха-ха,хи-хи-хи.
 Аппақ екен шапаны (үстеріндегі киімдерін көрсетеді).
2. Біздің Аяз атаның,
 Ұзын екен сақалы.
 Ха-ха-ха,хи-хи-хи.
 Ұзын екен сақалы (иектерін ұстап көрсетеді).
3. Біздің Аяз атаның
 Қызыл екен мұрыны.
 Ха-ха-ха,хи-хи-хи.
 Қызыл екен мұрыны (мұрындарын ұстап көрсетеді).
Соңында жақсы ойнаған балаларға қар бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог балалармен ән салудың алдында дауысқа арналған жаттығуларды орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді, сондықтан педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді.
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз,
 Бір орында тұрмаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек.
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Балалар, енді тырналар қалай дыбыстайды екен? Көрейік.
 Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар, тырналар.
 Мен сендерге жем берем,
 Дос болайық, тырналар.
- Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тамаша!

Ән салу
Бота Бейсенова «Аппақ қар» әні.
(сөзі мен әні: Бота Бейсенова)
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қыста қардың түсі қандай болады? Балалардың бәрі бірдей дауыстап:
- Аппақ!
- Олай болса, балалар, аппақ қарға арналған «Аппақ қар» деген ән бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Бота Бейсенованың әні «Аппақ қар», бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен балалар, маған қосылып айтамыз, ақырын, дауысымызды қатты шығармай ән айтамыз. Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішікентай қар ұлпаларына қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соқтырып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші шыршалар» да келді.
Балаларды шыршалармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады. Қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды. Балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші шыршалар» да сендермен бірге ән айтқылары келеді. Музыкалық жетекші балалармен бірге әнді қайталап, ән салуды аяқтайды.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне қоңырауларды үлестіріп береді де:
- қазір мына қоңырау аспабында ойнаймын, ал сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Тыңдайықшы, балалар, қоңырауларды алайық! Енді, балалар, музыканы тыңдап отырып, қыс қызығын бірге тамашалайық!
- Балалар, қыс мезгілі қандай керемет! Енді музыканы тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауларды ұрамыз. В. Моцарт «Қоңыраулар үні» шығармасы.Қоңырау аспабында ойнап болған соң, музыклық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығармада не туралы айтылады? Қоңыраулар туралы.
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? В. Моцарт. Жарайсыңдар!
- Тамаша! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен шығарманы тыңдап отырып, қоңырауларды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.
«Сылдырмақ пен даңғара» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балалардың аспаптардың дыбысын тыңдау және ажырату қабілетін дамыту.
Ойынның шарты: музыкалық жетекші шымылдықтың арғы жағынан сылдырмақ пен даңғараның аспаптарында ойнайды. Балалар аспаптың дыбысын анықтайды. Егер даңғара аспабының дыбысы естілсе, балалар жерге отырады. Сылдырмақтың дыбысын естісе, балалар шеңберді бойлап жүреді. Кешіккен бала жеңілген болып табылады.
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, «Сылдырмақ пен даңғара» музыкалық-дидактикалық ойынын ойнаймыз. Мен шымылдықтың артында тұрып, аспапта ойнаймын. Сендер жіңішке аспаптың дыбысын естісеңдер, аяқтың ұшымен отыра қаласыңдар. Жуан аспаптың дыбысы естілсе, отыра қаласыңдар. Сылдырмақтың дыбысына балалар шеңберді бойлап, аяқтың ұшымен жүреді. Даңғараның дауысы естілгенде, балалар отыра қалады. Кешіккен балалар жеңілген болып есептеледі.

Қорытынды

Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар бүгін оқу қызметінде қандай шығарма тыңдадық? В. Моцарт «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын.
- Ал, балалар, сендер қандай ән айтуды үйрендіңдер? Бота Бейсенованың «Аппақ қар» әнін айттық.
- Балалар, бүгін қандай аспаптарда ойнадық? Қоңырау аспабында.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметіне бәрің жақсы қатыстыңдар! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Айы, күні, жылы: 03-05 қаңтар 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Қасқыр үнін тыңдайық»

Міндеті: Балаларға қасқыр туралы әнді қызығушылықпен тыңдауды үйрету; әннің сыр-сипатына қарай музыкадағы төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; музыка сипатына қарай аңдардың қимылдарын дұрыс қайталау және сылдырмақпен ойнау дағдысын жаттықтыру.

 Сәлемдесу
 Балалар Р. Глиердің «Епті қолдар» атты шығармасының әуенімен залға кіріп келеді. Балалар музыкалық жетекші мен педагогтің көрсетуі бойынша «епті қолдар» жаттығуын жасайды.
 Педагог балаларға:
- Балалар, мойнымызды тік, денемізді түзу ұстаймыз. Жүріп келе жатып қолмен ырғақты қимылдар жасаймыз. Жарайсыңдар!
Балалар қол қимылдарына байланысты жаттығуларды жасап жүріп, жай адымдап залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог:
- Балалар, үлкен, әдемі шеңбер жасап тұрайықшы! Міне, тамаша!
- Балалар, қыста адамдар қалай тоңбайды? Қалың киінеді. Жақсы!
- Балалар, қыста киім кимейтін қандай тіршілік иелерін білесіңдер?
Балалар ойланып қалады.
- Балалар, орманда өмір сүретін қандай тіршілік иелері бар?
Балалар дауыстап:
- Аңдар!
- Дұрыс.
- Жабайы аңдар қыста тоңа ма? Олардың терілері қалың болады. Жарайсыңдар!
- Олай болса, балалар, қыста тіршілік етуі қиындайтын аңдарға көңіл бөлейік:
 Жортып қыста жүретін (балалар қолдарын жандарына жібереді),
 Сақ боп, құлақ түретін (балалар алақандарымен құлақтарын ұстайды).
 Аялайық аңдарды (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Қыстан қорқып жүретін (балалар қолдарымен иықтарын құшақтайды).
- Балалар, жарайсыңдар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қазір «Ламбада» биінің қимылдарын жасауды үйренеміз. Бәріміз шеңберге тұрайық. Енді, маған қараймыз. Менімен бірге қимылдарды қайталап, жаттығып аламыз. Содан кейін музыка әуенімен жүріп билейміз. Музыкалық жетекші «Ламбада» әуеніне балаларға шеңбер бойымен бірінің артынан бірін жеңіл адыммен жүру керектігін көрсетеді.

 Балалар шеңберде жүріп келе жатып, қолдарын белдеріне қойып, денесімен ирелеңдеп, ырғақты қимыл жасап жүреді. Педагог «Бірігеміз» белгісін бергенде, балалар шеңберде жүріп бір-бірінің белінен ұстап билейді. «Ажыра» белгісі берілгенде, балалар шеңберде «ирелеңдеу» қимылдарын өздері жасап жүреді. Басында музыкалық жетекші қимылдарды өзі көрсетеді. Арасында музыка тоқтағанда балалар орындарында «ирелеңдеу» қимылдарын жасайды. Балалар шеңберде «ирелеңдеп» жүргенде адымдары жерге сүйретілмей, қимыл жеңіл орындалады.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Балалар, қыста ұйықтайтын қандай аң бар? Аю. Дұрыс!
- Ал, ертегілердегі қандай аң айлакер? Түлкі. Жақсы.
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
Балалар суретке қарап, аю екендігін айтады.
- Аю қайда жатыр? Апанда.
- Аюдың қасында біреу бар ма? Қонжығы.
- Мына суретте қай аң бейнеленген?

- Түлкі.
- Балалар, осындай жабайы аңдарға арналған әндер де бар, сол әндерді тыңдап көрейікші? Б. Дәлденбайдың «Аю», «Түлкі» әндері. Әннің әуенін жазған Б. Дәлденбай, сөзін жазған А. Асылбек.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
Музыкалық жетекші балаларға Б. Дәлденбайдың әні «Аю», «Түлкі» әндерін тыңдатып, әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, аю туралы ән неге ақырын орындалады? Аю ақырын жүреді. Тамаша!
- Ал, түлкі туралы ән қалай орындалады? Жеңіл. Жарайсыңдар!
- Балалар, түлкі туралы ән неге жеңіл орындалады? Түлкі тез, жылдам жүреді. Жақсы!
- Енді, балалар, «Аю», «Түлкі» әндерін тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдадық? «Аю», «Түлкі» әндерін.
- Әнді жазған сазгер кім? Б. Дәлденбай. Тамаша!
- Жарайсыңдар, балалар!

«Бізге келген қонақтар» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: аспаптың әуенін кейіпкердің мінезіне сай ажырата білуге үйрету.
Ойынның көрнекілігі: аңның, құстың, қоянның маскасы.
Ойынның шарты: бір бала керменің артына барып, аң немесе құстың маскасын киеді. 3-4 бала аспаптарды (дабыл, сылдырмақ, металлофон) алдына қойып, келген қонақтың мінезіне сай, аспапты соғады. Аю келсе, жуан дыбыстар шығады. Қоян келсе, секіртпелі дыбыстар шығады. Торғай келсе, жіңішке дыбыстарды соғу керек. Жақсы ойнаған балаларға қасқыр бейнеленген таңбалауыштар беріледі.

Дауысқа арналған жаттығулар

Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей бастады. Кәне, қоян сәбізін қалай тауып алды?
- Балалар, қоян сияқты иіскейміз. Енді тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістермен кезек басамыз. Тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге әннің сөзін бірге айтамыз.
 Тоқ-тоқ, тоқылдақ,
 Жерден тары шоқып ап,
 Тоқылдайды тоқылдақ,
 Тоқ-тоқ-тоқ.
 Ахау, егигай,
 Ән сал бозторғай,
 Біз әніңді үйреніп,
 Күнде ән сап жүрейік. Тамаша!
- Балалар, енді бәріміз ара болайықшы?!
 Аралар,
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
 Қызыл, жасыл гүлдерден,
 Балды сорып аламыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Жарайсыңдар!

Ән салу
Д. Ботбаев, «Қасқыр» әні.
(сөзі А. Асылбек, әні: Д. Ботбаев)
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударып:
- Балалар, суретке қарайық. Қыста қасқырдың түсі қандай болады?

Балалар қыста қасқырдың түсі сұр болатындығын айтады.
- Олай болса, балалар, «Қасқыр» деген ән бар. Сол әнді үйреніп алайық!
- Д. Ботбаевтың әні «Қасқыр». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз.
 Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші ән үйретуді жалғастырады. Әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды. Балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. Жарайсыңдар!

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне сылдырмақтарды үлестіріп береді де:
- Балалар, мен қазір сылдырмақ аспабында ойнаймын. Ал, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
«Калинка» әуенін сылдырмақтар аспабында ойнау.

Балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады. Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Калинка».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Орыс халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз. Педагог балалармен бірге шығарманы тыңдап отырып, сылдырмақтарды бірге сылдырлатып жаттықтырады.

«Жіп орау» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, әуеннің аяқталуын сезіне білуге үйрету.
Ойынның көрнекілігі: түрлі-түсті жіптер.
Ойынның шарты: 2 топтан 2 бала шығады. Көңілді әуенді тыңдап тұрып тарқатылған түрлі-түсті жіпті орай бастайды. Музыка аяқталғанда қай баланың жібі көп оралса, сол бала жеңімпаз атанады.
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, екі топқа бөлінеміз. Әр топтан екі баладан шығып, көңілді әуенді тыңдап қолдарындағы жіпті орай бастайсыңдар. Қай топтың баласы жіпті жылдам ораса, сол топ жеңіске жетеді.

Қорытынды

Музыкалық жетекші оқу қызметінің аяғында:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде қандай шығарма тыңдадық? Б. Дәлденбайдың «Аю», «Түлкі» әндерін.
- Сендер қандай ән айтуды үйрендіңдер? Д. Ботбаевтың «Қасқыр» әнін айттық.
- Балалар, бүгін қандай аспаптарда ойнадық? Сылдырмақ аспабында.
- Жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Айы, күні, жылы: 10-12 қаңтар 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Аңдар туралы не білеміз»

Міндеті: Балаларды қасқыр туралы әнді қызығушылықпен тыңдай білуге үйрету; әннің сипатына қарай музыкадағы төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; музыка сипатына қарай аңдардың қимылдарын дұрыс қайталау және музыкалық аспап сылдырауықпен ойнау қабілетін жаттықтыруды пысықтау.        

Сәлемдесу
 Оқу қызметі Р. Глиердің «Епті қолдар» атты әуенімен басталады. Балалар әуенге ілесіп «епті қолдар» жаттығуын жасап кіреді.
- Балалар, оқу қызметін бастамас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырайын. 
- Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын? (Түлкi)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдың өш бар итi. (Қасқыр)
- Балалар, жарайсыңдар! Барлық жұмбақтың жауабын таптыңдар! Қалай ойлайсыңдар, мен осындай жұмбақтарды не үшін жасырдым?
- Иә, бүгін орман тұрғындары жайлы әңгімелесеміз, қасқыр туралы ән айтамыз. 
- Ал, ендеше, балалар оқу қызметімізге жақсы көңіл-күймен кірісейік.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші:
- Балалар, қазір «Ламбада» биінің қимылдарын жасауды үйренеміз. Бәріміз шеңберге тұрайық, енді маған қараймыз. Менімен бірге қимылдарды қайталап, жаттығып аламыз. Содан кейін музыка әуенімен жүріп би билейміз. Музыкалық жетекші «Ламбада» музыкалық-ырғақты қимылдарын жасап, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жеңіл адымдап жүру керектігін көрсетеді.

 Балалар шеңберде жүріп келе жатып, қолдарын белдеріне қойып, белін ары-бері қозғап, ырғақты қимыл жасап жүреді. Педагог «Бірігеміз» белгісін бергенде, жүріп келе жатып, шеңберде бір-бірінің белдерінен ұстап жүріп билейді. «Ажыра» белгісі берілгенде шеңберде тұрып белдерін ары-бері қозғау қимылдарын жасап жүреді. Басында музыкалық жетекші өзі көш бастап, қимылдарды көрсетіп жүреді. Музыка тоқтағанда балалар орындарында тұрып билейді. Балалар шеңберде билеп жүргенде адымдары жерге сүйретілмей, қимылдары жеңіл орындалады.
Ән тыңдау 
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
Музыкалық жетекші балаларға Б. Дәлденбайдың «Аю», «Түлкі» әндерін тыңдатады. Әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, аю туралы ән ақырын орындалатыны неліктен? Аю ақырын жүреді. Тамаша!
- Түлкі туралы ән қалай орындалады? Жеңіл. Жарайсыңдар!
- Балалар, түлкі туралы ән жеңіл орындалатыны неліктен? Түлкі тез, жылдам жүреді. Жақсы!
- Енді, балалар, «Аю», «Түлкі» әндерін тағы да тыңдаймыз! Музыка жетекшісі балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдадық? «Аю», «Түлкі» әндерін. 
- Әнді жазған сазгер кім? Б. Дәлденбай. Тамаша!
- Жарайсыңдар, балалар!
«Ақырын қатты» музыкалық-дидактикалық ойын.
Ойынның мақсаты: балалардың тембрлік есту қабілеттерін дамыту.
Ойынның барысы: балаларға түсі бір, бірақ, әртүрлі реңктегі карточка жаймалары беріледі.
Көгілдір – ақырын музыка, қаракөк – қатты музыка, көк – орташа.
Әрі қарай музыкалық жетекші әнді ақырын, қатты және орташа орындайды.
Балалар музыканы тыңдап отырып қолдарындағы таңбалауыштарымен карточкаларды жабады.
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей жөнелді. Кәне, қоян қалай сәбізін тауып алды? 
- Балалар, қоян сияқты иіскейміз. Енді тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістерімен кезек-кезек басамыз. Тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тілдің астын көрсетеміз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге әннің сөзін бірге айтамыз.
- Тоқ-тоқ, тоқылдақ, 
 Жерден тары шоқып ап, 
 Тоқылдайды тоқылдақ, 
 Тоқ-тоқ-тоқ. 
 Ахау, егигай, 
 Ән сал бозторғай, 
 Біз әніңді үйреніп,
 Күнде ән сап жүрейік. Тамаша!
- Балалар, енді бәріміз ара болайықшы?! 
- Аралар,
 Арамыз, біз арамыз, 
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу. 
 Қызыл, жасыл гүлдерден, 
 Балды сорып аламыз. 
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Жарайсыңдар!
Ән салу
Д. Ботбаев «Қасқыр» әні.
(сөзі А. Асылбек, әні: Д. Ботбаев)
Балалар ән айтуды бастамас бұрын қасқырдың ұлыған дауысы шығады. 

- Балалар, ненің дауысы? Бізге қонаққа келуі мүмкін кім бар?
- Балалар, қасқыр досымыз екен ғой. Біз қасқыр туралы ән білетінімізді естіп, сол әнді айтып беруімізді өтініп келіп тұр екен. 
- Олай болса, балалар, қасқыр арналған «Қасқыр» әні бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Д. Ботбаевтың «Қасқыр» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
 Музыкалық жетекші ән үйренуді жалғастырады. Әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады. Балалармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуды жалғастырады.
 Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді болды! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар!
Музыкалық аспаптарда ойнау
 Музыкалық жетекші балалардың бәріне сылдырмақ үлестіріп береді де:
- Тыңдайықшы, балалар, қазір мына сылдырамақ аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
 Орыс халқының «Калинка» атты әуеніне сылдырмақ аспабында ойнау.

 Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады. Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Калинка».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Орыс халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, бәріміз сылдырмақты  сылдырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен шығарманы тыңдап отырып, сылдырмақты бірге сылдырлатып жаттықтырады.
«Менің балаларым қайда?» музыкалық-дидактикалық ойын.
Ойын шарты: музыкалық жетекші балаларға аю, қасқыр, түлкі мен қоянның суреті салынған карточкаларды көрсетеді. Ал, балалардың қолдарындағы кішкентай карточкада осы аңдардың күшіктерінің (қонжық, бөлтірік, мыршай мен көжек) суреттері болады. Музыкалық жетекші әуенді әндетіп айтады. Балалардан әннің атауын сұрайды. Балалар әуенді танып, не туралы айтылғанын ұғып, керек карточканы көрсетеді.
- Балалар, мен сендерге әндетіп жүріп, қай карточканы көрсетсем, сендер сол карточкаға сай келетін карточканы көтересіңдер.
Қорытынды
Музыкалық жетекші оқу қызметінің аяғында: 
- Балалар бүгін оқу қызметінде қандай шығарманы тыңдадық? Б. Дәлденбайдың «Аю», «Түлкі» әндерін.
- Сендер қандай ән айтуды үйрендіңдер? Д. Ботбаевтың «Қасқыр» әнін айттық.
- Балалар, бүгін қандай аспапта ойнадық? Сылдырмақ аспабында.
- Жарайсыңдар, балалар! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Тақырыбы: «Құстар әні»

Міндеті: Балаларға құстар туралы әндерді тыңдауға, айтуға әндердің сыр-сипатын ажыратуға үйрету; құстар туралы әнді сезімталдықпен қабылдай білу қабілетін қалыптастыру; әндегі орташа қарқындылықтың ерекшелігін ажырата білу қабілетін жетілдіру; жаңа бидің элементтерін музыка әуенімен үйлесімді жасауға жаттықтыру.

«Құстар әні»
 Оқу қызметі басталысымен балалар залға өздеріне таныс Р. Глиердің «Епті қолдар» атты шығармасының әуеніне «епті қолдар» жаттығуын жасап кіреді.
Педагог балаларға:
- Балалар, мойнымызды тік, денемізді түзу ұстаймыз. Жүріп келе жатып, қолдарымызбен ырғақты қимылдарды жасаймыз. Жарайсыңдар!
Балалар қол қимылдарына байланысты жаттығуларды жасап жүріп, жай адыммен залдың ортасындағы кілемнің үстіне келіп тұрады.
Педагог:
- Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасап тұрайықшы! Міне, тамаша!
- Балалар, құстар қанаттарын қалай қағады, көрсетейікші?!
Балалар қолдарымен қанат қаққандай қимылдар жасайды.
- Сендер құстардың әнін тыңдап көрдіңдер ме?
- Олай болса, алдымен торғайдың әнін тыңдап көрейікші!
- Балалар, бәріміз осы шеңберді сақтаған күйімізде кілем үстіне отырамыз.
Балалар шеңбер жасап отырады. Педагог интербелсенді тақтадан құстардың әнін тыңдатады.

- Балалар, бәрің көздеріңді жұмып, орманда құстардың ортасында жүргендей сезініңдер.
- Қандай керемет! Құстардың әні қандай тамаша! Көзімізді ашпаймыз. Ақырын орманнан шығып, залға кіреміз.
Балалар көздерін ашады.
- Балалар, құстар әнді тамаша айта ма? Өздері кішкентай болса да, нәзік үнімен ән шырқап жатыр.
- Құстардың ән салғаны ұнады ма, балалар? Иә.
- Балалар, орнымыздан тұрып шеңбер құрамыз.

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші алдыңғы оқу қызметін балалардың естеріне салып:
- Балалар, бүгін «Ламбада» биінің қимылдарын үйренуді әрі қарай жалғастырамыз, бәріміз шеңберге тұрайық, енді маған қараймыз. Менімен бірге қимылдарды қайталап, жаттығып аламыз. Содан кейін музыка әуенімен жүріп билейміз. Музыкалық жетекші «Ламбада» әуеніне ырғақты қимылдарды жасап, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жеңіл адыммен жүру керектігін көрсетеді.

Балалар шеңберде жүріп келе жатып, қолдарын белдеріне қойып, денесімен ирелеңдеп, ырғақты қимыл жасап жүреді. Педагог «Бірігеміз» белгісін бергенде, балалар шеңберде жүріп бір-бірінің белінен ұстап билейді. «Ажыра» белгісі берілгенде, балалар шеңберде «ирелеңдеу» қимылдарын өздері жасап жүреді. Басында музыкалық жетекші қимылдарды өзі көрсетеді. Арасында музыка тоқтағанда балалар орындарында «ирелеңдеу» қимылдарын жасайды. Балалар шеңберде «ирелеңдеп» жүргенде адымдары жерге сүйретілмей, қимыл жеңіл орындалады. 
Музыкалық жетекші бүгінгі оқу қызметінде бір пысық баланы бидің бастаушысы етіп тағайындайды.

Ән тыңдау.

- Балалар, ненің дыбысы естіледі? Құстардың. Жарайсыңдар!
- Құстар қандай дыбыс шығарып жатыр? Шиқылықтайды.
- Қалай шиқылықтайды? Шиқ, шиқ, шиқ. Дұрыс.
- Балалар, мына суретке қараңдаршы?!

 Балалар қыстайтын құстар туралы суретке қарайды.
- Әр құстың өзіне тән өмір сүру ерекшелігі бар. Ұнады ма, балалар? Иә.
- Балалар, біз торғай туралы әнді білеміз. Жалпы, барлық құстар туралы ән білеміз бе?
Балалар үндемейді.
- Балалар құстар туралы әнді тыңдап көрейікші!
- Ән тыңдайтын кезде қалай отырушы едік? Жақсы.
- Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» тыңдаймыз. Әннің әуенін жазған Н. Тілендиев, сөзін жазған Т. Молдағалиев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
Музыкалық жетекші балаларға Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әнін» тыңдатып, әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, әнде не туралы айтылады? Құстар туралы. Тамаша!
- Балалар, әннің қарқыны қандай? Орташа қарқынды. Жарайсыңдар!
- Балалар, әнде құстардың сағынышы бар, солай ма? Иә.
- Құстар нені сағынады, балалар? Туған жерін. Тамаша!
- Енді, балалар, «Құстар әнін» тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, әнді жазған сазгер кім? Нұрғиса Тілендиев. Тамаша!
- Керемет, балалар!

«Құстың дауысын тап» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: музыкадағы жоғарғы және төменгі дыбыстарды ажырату және есту қабілетін қалыптастыру.
Ойынның көрнекілігі: үлкен (бүркіт, қарға, сауысқан, тырна, үйрек) және кішкентай (торғай, қарлығаш, сарнауық құс, сарышымшық, суықторғай) құстарының суреттері.
Ойынның шарты: құстардың суреттері балаларға үлестіріліп беріледі.

- Ку-ку. Құстар сияқты әндетеміз. Үлкен құстар - жуан дауыспен әндетеді, кішкентай құстар - жіңішке дауыспен әндетеді.
Жақсы ойнаған балаларға торғай бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауыс жаттығулары
Ән салудың алдында дауысқа арналған жаттығуларды орындау міндетті болып табылады. Музыкалық жетекші дауысқа арналған жаттығуларды мынадай бағытта жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге қайталаймыз.
- Ооо,ооо, ооо,
- Біз айтамыз «- до». Қайталаймыз. Тамаша!
- Бір орында тұрмаймыз, жүгіреміз секі - ре - міз, «- ре». Қайталаймыз.
- Мимикамен күлеміз, күлеміз кәне, «- ми» (екі рет қайталанады). Жақсы.
- Досымызға айтамыз,
- Қандай күшті «- фа»! Қайталаймыз. Тамаша!
- Досым менің ол, ол,
- Дейді маған «соль», қайталаймыз.
- Біз бәріміз әндетіп,
- Ән саламыз «- ля - ля - ля».
- Тамаша, балалар!

Ән салу
А. Райымқұлова «Торғай» әні.
(әні: А. Райымқұлова)
Музыкалық жетекші балаларға:
- Балалар, мына суретке қарайықшы. Нені көріп тұрсыңдар?

Балалар қыста тоңып қалған торғайды көріп тұрғандарын айтады.
- Иә, балалар, құстарға қыстың суығында тіршілік ету оңайға түспейді.
- Балалар, қыста құстарға қамқор бола білуіміз керек, солай ма? Иә.
- Балалар, торғай туралы «Торғай» деген ән бар, сол әнді үйреніп алайық?!
- А. Райымқұлованың «Торғай» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен қарғалар мен кішкентай торғайларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» келді.
Балаларды торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады. Қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақ соғып отырып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды. Балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. «Әнші торғайлар» сендермен бірге ән айтады. Музыкалық жетекші балалармен бірге әнді қайталап, ән салуды аяқтайды.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Онда тыңдайықшы, мен қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
Орыс халқының «Калинка» әуенін сылдырмақ аспабында ойнау.

Педагог балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады.
- Балалар, сылдырмақтармен ойнап жатқан шығарманы құстарға арнаймыз, солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Калинка».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Орыс халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, сылдырмақта өте жақсы ойнадыңдар!

«Түлкі мен қаздар» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: кейіпкер рөліне еніп, музыкалық дыбыстарды мәнерлеу құралдарын жетілдіру.
Ойынның көрнекілігі: түлкі мен қаздың маскасы.
Ойынның шарты: түлкінің маскасын киген бала музыка әуеніне әндетіп, билеп қазға келеді. Қаз бейнесіне енген бала әндете жауап береді. Түлкі қазды қуады. Ұсталып қалған қаз ән не тақпақпен айыбын өтейді.
Түлкі:
- Қаңқ, қаңқ, қалың қаз,
 Ұстап жеймін қарным аш!
Қаздар:
- Қой, қой түлкі, сұм түлкі,

Қорытынды:
 Балапандар әлі жас!

Тақтадан қыстайтын құстардың бейнесі көрсетіледі.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі қыстайтын құстарға арналды.
- Балалар, бүгін оқу қызметі қалай өтті деп ойлайсыңдар? Өте жақсы!
- Қандай ән тыңдадық? Құстар туралы әнді.
- Қандай ән айтуды үйрендік? Торғай туралы.
- Балалар, бүгін оқу қызметіне жақсы қатысып, белсендлілік көрсеттіңдер. Мен сендерге риза болдым. Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 17-19 қаңтар 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Мысығым»

Міндеті: Балаларды мысық туралы әннің әннің сөздік мағынасын түсініп айтуға үйрету; музыка әуенімен ырғақты қимылдарды топпен бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын жаттықтыру; дыбысты есту қабілеті мен музыкалық аспапта жатық ойнау қабілетін жетілдіру.

 Сәлемдесу
И. Соколовскийдің «Марш» шығармасы.
Балалар И.Соколовскийдің «Марш» әуеніне залға кіреді. Педагог балаларға денелерін түзу, бастарын тік, өздерін еркін ұстау керектерін ескертеді. Балалар музыка әуенімен залдың ортасына келіп тұрады.
- Балалар, бәріміз шеңбер бойымен тұрамыз. Міне, жарайсыңдар!
- Балалар, қоршаған орта дегенді қалай түсінесіңдер? Табиғат пен адам. Тамаша!
- Иә, балалар, біз өзімізді қоршаған ортада өмір сүреміз, демаламыз, одан қажетімізді аламыз.
- Балалар, қоршаған ортаға ризашылығымызды жолдайық:
 Қоршаған бізді ортада (балалар қолдарын жандарына созады),
 Сүреміз өмір алаңсыз (балалар қолдарын жоғары көтереді).
 Осындай ғажап ортаға (балалар құшақтарын жаяды),
 Бізден шексіз мың алғыс (балалар қол білезіктерін айналдырады).
Педагог балалармен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, жарайсыңдар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, бүгін біз жұппен билеу қимылдарын үйренеміз. Алдымен, балалар, әуен басталмас бұрын жұппен билеу элементтерін қайталап алайық.
Музыкалық жетекші балаларды жұппен тұрғызады. Қазақ халқының «Күн мен түн» әуенінің сыр-симпатына сай жұптық қимылдарды жасауды үйретеді.
 Ұл балалар «түн» болып, қолдарымен қыз балаларды биге шақырып, иіліп құрмет білдіреді. Ұл балалар қолдарымен қыз балалардың белдерінен ұстап, педагогпен бірге жұппен айналу қадамдарын жасайды. Ұл балалар орындарында тұрады, қыз балалар «күн» болып, өзі тұрған орнын айналып, шағын шеңбердің бойымен жұп қадамын жасайды. Жұптар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, қолдарын оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек айналдырып, қолдарын жанына созады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Музыкалық жетекшінің көрсетуімен қимылдар музыкаға сай үйлесімді орындалады.
Музыкалық жетекші балалардың қимыл мен әуенді үйлесімді қабылдау қабілеттеріне де көңіл бөледі.

Ән тыңдау
Ән тыңдаудың алдында музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтадан қай жануарды көріп тұрсыңдар?

- Құланды. Жақсы!
- Балалар, құлан қандай жануар?
Балалар ойланып қалады.
Педагог суретке қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, тағы да суретке қараңдаршы, құланның түрі қандай жануарға ұқсайды? Жартылай жылқыға ұқсайды. Жартылай есекке ұқсайды. Дұрыс.
- Балалар, құлан үй жануары ма?
Балалар ойланып қалады.
- Балалар, құлан далада еркін тіршілік ететін жануар. Бұл жануар жазық далада үйірімен жүреді.
- Балалар, суретке қараңдаршы. Құландар үйірімен жайылып жүр.
- Балалар, осы жануар туралы күй бар, сол күйді естіп көрейікші?
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Музыкалық жетекші балаларға қазақ халқының «Ақсақ құлан» күйіне жазылған бейнебаянды көрсетеді. Балалар күйді қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, күй қандай аспапта орындалған? Домбырада. Тамаша!
- Күй не туралы? Ақсақ құлан туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл күйді кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, бұл халық күйі, сондықтан, халық арасынан шыққан күй деп айтамыз.
- Енді, балалар, «Ақсақ құлан» күйін тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға күйді тыңдата отырып, күйдің сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай күй тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін.
- Күйді шығарған кім? Халық.
- Күй қандай аспапта орындалады? Домбырада.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Көңілді паровоз» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларға пьесаларды сипатына қарай ажырата білуді үйрету.
Ойын материалы: қатты картоннан жасалған паровоз бен аңдардың суреттері.
Ойынның барысы: «Көңілді паровоз» балалар жаққа қаратылып әдістемелік үстелге қойылады. Музыкалық жетекші бос терезелерге балалардың назарын аударта отырып, паровоз бен оның вагондарын қарап шығуды ұсынады.
Паровозға машинист пен жолаушылар қажет болғандықтан, оның ұзақ жолға шыға алмай тұрғанын хабарлайды. Вагондағы орындарға кім отыратындығын анықтауға музыка көмектеседі. Музыкалық жетекші «Қорбаңбай аю» пьесасын тыңдауды және оның атауын еске түсіруді ұсынады. Балалар пьесаның атауын табады, сөйтіп «Аш қасқыр», «Айлакер түлкі», «Көңілді қояндар» пьесасы кейіпкерлерін вагондарға отырғызу керектігі айтылады. Ойын екі топпен өткізіледі Пьесаның атауын дұрыс тапқан балаларға мысық бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір сарышұнақ келе жатып гүлді кездестіреді. Оның гүлге қызыққаны сондай,қасына барып мұрнымен ұзақ иіскейді.

- Балалар суретке қарайықшы?!
- Балалар, сарышұнақ сияқты гүлді иіскейміз. Енді, тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістермен кезек-кезек басамыз. Тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар!
- Балалар, сарышұнақ иіскеген гүл де қоңырауға ұқсайды, солай ма? Бірақ, ол гүл қоңыраугүл емес.
- Балалар, меніен бірге қайталаймыз.
 Қоңыраулар «дин» дейді,
 Сыңғырлайды, «дин» дейді,
 Сыңғырлайды қоңырау,
 - Дин-дин-дин,-  дейді қоңырау.
- Тамаша, әрі қарай жалғастырамыз.
 Ахау, егигай,
 Ән сал бозторғай,
 Біз әніңді үйреніп,
 Күнде ән сап жүрейік.
- Тамаша!
- Балалар, енді бәріміз, ара болайықшы?!
 Аралар,
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
 Қызыл, жасыл гүлдерден,
 Балды сорып аламыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Жарайсыңдар!

Ән салу
Ө. Байділдаев «Мысығым» әні.
(әні: Ө. Байділдаев)
Педагог ән айтудан бұрын мысықтың дауысы аудиожазбаны қояды.

- Балалар, ненің дауысын естіп отырсыңдар? Мысықтың.
- Мысықты бәрің жақсы көресіңдер ме?
Балалардың бәрі бірдей жауап бермейді.
- Балалар, мысық үй жануары. Солай ма? Иә. Олай болса, мысықтан қорқуға болмайды, оның зияны жоқ.
- Тақтаға қараңдаршы, балалар, марғау қандай сүйкімді?

Балалар мысыққа қызыға қарайды.
- Балалар, мысыққа арналған «Мысығым» әні бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Ө. Байділдаевтің әні «Мысығым». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен мысықтар мен кішкентай марғауларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соқтырып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша! Әнімізге қосылуға «әнші мысықтар» келді.
Балаларды мысықтармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды. Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтайық. «Әнші мысықтар» да сендермен бірге айтқысы келеді. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Балалар оқу қызметінде отырғанда орыс халқының «Ай жарқырап тұр» атты әуені естіледі. Музыкалық жетекші:
- Тыңдайықшы, балалар, ненің дыбысы шығып жатыр!
Балалар елеңдеп отырғанда педагог есік жаққа барып, көп сылдырмақтарды алып кіреді:
- Балалар, қараңдаршы, бізге көп сылдырмақтар алып келіпті. Сылдырмақтарды алайық, балалар! Енді, балалар, жаңа әнді тыңдап отырып, сылдырмақ аспабында ойнайық! Педагог интербелсенді тақтаны қосып, орыс халқының «Ай жарқырап тұр» атты әуенін балаларға тыңдатады.
- Әнде не туралы айтылады? Айдың жарқырағаны туралы.
- Балалар, ай қалай көрінеді екен? Жарқырап көрінеді. Тамаша, балалар!
- Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен әнді тыңдап отырып, сылдырмақтарды сыңғырлатып жаттықтырады.

«Менің балапандарым қайда?» музыкалық-дидактикалық ойын
(балалардың есту қабілетін, жоғарғы және төменгі дыбыстарды ажырата білуді дамыту мен бағдарлама материалын бекітуге арналған)
Ойынның шарты: балаларды жоғарғы және төменгі дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру.
Ойынға қажетті жабдықтар: қаз, үйрек, тауық пен торғайдың суреттері салынған төрт үлкен карточка. Қаз, үйрек, тауық пен торғайдың ұядағы балапандары салынған кішкентай карточкалар.
Ойынның барысы: балалар музыкалық жетекшіге қарама-қарсы жартылай шеңбер жасап отырады, әрқайсының қолында кішкентай карточкалар бар.
- Балалар, қазір біз «Менің балапандарым қайда?» ойынын ойнаймыз. Ол үшін алдымен музыкалық жетекшінің әңгімесін тыңдап алыңдар.
Музыкалық жетекші әңгімесін бастайды:
- Бір аулада балапандарымен бірге тауық, үйрек, қаз өмір сүріпті, ал ауланың сыртындағы ұяда торғай балапандарымен тұрыпты. Бірде қатты жел соғып, жаңбыр жауды да, барлығы тығылып қалады. Ең бірінші болып өз балапандарын үйрек шақырады.
- Менің балапандарым, сүйкімді балақандарым қайды? Кря, кря! (бірінші октаваның «- ре» дыбысы бойынша ән салады).
Қолдарына үйректің балапандарының суретін ұстаған балалар былай деп жауап береді:
- Кря - кря, біз мұндамыз (екінші октаваның «- ля» дыбысы бойынша ән салады).
Музыкалық жетекші:
- Балалар, үйрек өз балапандарын тапқанына қатты қуанды (карточкаларды жинап алады). Қалған құстарға балапандарын тауып алуға көмектесейік.
Барлық құстар өз балаларын тауып алғанша, ойын жалғаса береді.
Педагог балалар жалығып кетпес үшін:
- Балалар, құстар қалай қанат қағады, олар қалай жүруші еді?
Педагог құстардың қанаттарын қаққандарын көрсетеді.
Балалар құстардың қимылдарын қайталайды. Балалардың барлығына бірдей құстарға ұқсап қанат қағу, шапалақтау қажеттілігі ескертіледі.

Қорытынды

Музыкалық жетекші оқу қызметінің соңында балалардың білімдерін пысықтау мақсатында сұрақтар қояды:
- Балалар, бүгін қандай күй тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін тыңдадық.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Мысығым» әнін.
- Қандай би биледік? «Күн мен түн» биін.
- Балалар, бүгін сендер айтқан «Мысығым» әні маған қатты ұнады. Сендерге оқу қызметі ұнады ма? Иә.
- Оқу қызметі де осымен аяқталды, сау болыңдар!

Тақырыбы: «Мысықтың жасырған құпиясы»

Міндеті: Балалардың мысық туралы әннің сыр-сипаты мен сөздік мағынасын түсіну қабілетін дамыту; музыка әуенімен ырғақты қимылдарды топпен бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын жаттықтыру; дыбысты есту қабілеті мен музыкалық аспапта жақсы ойнау қабілетін жетілдіруді пысықтау.      

Сәлемдесу
 Балалар «марш» екпінімен залға кіреді. Ортаны айналып шығып, шеңбер жасап тұрады. Музыкалық жетекші балалармен амандасады. Балалармен бірге әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. Педагог балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында: 
 «Шаттық шеңбері»
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
- Сәлеметсіз бе!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
  Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, бүгін жұппен билеу қимылдарын үйренеміз. Алдымен, әуен басталмас бұрын жұппен билеу элементтерін қайталап алайық. Музыкалық жетекші балаларды жұппен тұрғызып, қазақ халқының «Күн мен түн» атты әуенінің сыр-сипатына сай жұптық қимылдарды жасауды үйретеді. Ұл балалар «түн» болады. Қыз балаларға құмет білдіріп, қолдарын ұсынып биге шақырады. Ұл балалар қолдарымен қыз балалардың белдерінен ұстап, педагогпен бірге жұппен айналу адымдарын жасайды. Ұл балалар орындарында тұрады, қыз балалар «күн» болып, өзі тұрған орнын айналып, шағын шеңбер бойымен жұптасып адымдар жасайды. Жұптар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, қолдарын оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек айналдырып, қолдарын жанына созады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдардың музыкаға үйлесімді болуы музыкалық жетекшінің көрсетуіне қарай орындалады.
 Музыкалық жетекші балалардың қимыл мен әуенді үйлестіру қабілеттеріне көңіл бөледі.
Ән тыңдау
 Музыкалық жетекші әнді тыңдаудың алдында балалардың назарын өзіне аударады.
Педагог балаларға құланның суретін көрсетеді. 
- Балалар, бұл қай жануар?
- Иә, дұрыс айтасыңдар. Құлан. 
- Балалар, құланға қатысты қандай күй бар еді, кімнің есінде?
- Иә, жарайсыңдар! «Ақсақ құлан» күйі бар. 
- Ендеше, балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

 Музыкалық жетекші балаларға қазақ халқының «Ақсақ құлан» күйін тыңдатады. 
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, күй қандай аспапта орындалған? Домбырада. Тамаша!
- Күй не туралы? «Ақсақ құлан» туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл күйді кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, «Ақсақ құлан» халық күйі, сондықтан халық шығарған күй болады.
- Енді, балалар, «Ақсақ құлан» күйін тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға күйді тыңдата отырып, күйдің сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз қандай күйді тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін. 
- Күйді шығарған кім? Халық.
- Күй қандай аспапта орындалады? Домбырада.
- Жарайсыңдар, балалар!
«Көңілді күлдіргіштер» ойыны
Ойынның мақсаты: әуендегі дыбыстың созылыңқылығын естіп, ажырату үшін қолданылады. Қысқа және созылыңқы дыбыстардың санын анықтап көрсете білуге үйретеді.
Ойынның шарты: көңілді күлдіргіштер және әртүрлі көлемдегі шарлар суреті бейнеленген карточкалармен таныстырады. Таныс шығарма ойналады. Балалар әуенді тыңдайды. Шапалақтап қысқа және созылыңқы дыбыстарды шығарады. Күлдіргіштердің қолында жіптер бар. Үлкен шарлардың жібін созылыңқы дыбысқа, кішкентай шарлардың жібін қысқа дыбыстарға лайықтап жіптерді жалғайды.
Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір сарышұнақ келе жатып гүлді кездестіреді. Оның гүлге қызыққаны сондай, қасына барып мұрнымен ұзақ иіскейді.
- Балалар суретке қарайықшы?!
- Балалар, гүлді сарышұнақ сияқты иіскейміз. Енді, тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістерімен кезек-кезек басамыз. Тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз.
- Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, сарышұнақ иіскеген гүл де қоңырауға ұқсайды. Солай ма? Бірақ, ол гүл қоңыраугүл емес.
- Балалар, менімен бірге қайталаймыз.
 Қоңыраулар «дин» дейді, 
 Сыңғырлайды, «дин» дейді, 
 Сыңғырлайды қоңырау, 
 «Дин -дин -дин» дейді қоңырау.
- Тамаша, әрі қарай жалғастырамыз.
 Ахау, егигай, 
 Ән сал бозторғай, 
 Біз әніңді үйреніп,
 Күнде ән сап жүрейік.
- Тамаша!
- Балалар, енді бәріміз, ара болайықшы?! 
 Аралар,
 Арамыз, біз арамыз, 
 Әнге салып барамыз.
 Жу -жу -жу -жу -жу -жу. 
 Қызыл, жасыл гүлдерден, 
 Балды сорып аламыз. 
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Жарайсыңдар!
Ән салу
 Ән айтып, би билеп тұрған мысықтарды тақтадан көрсетеді.
- Балалар, мысықтар не істеп тұр?
Ө. Байділдаев «Мысығым» әні.
(әні: Ө. Байділдаев).
- Балалар, мына мысықтарға қарап қандай ән айтуға болады? Біз алдыңғы оқу қызметінде қандай әнді үйрендік?
- Иә, дұрыс айтасыңдар. «Мысығым» әнін. 
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз.
 Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Балаларды мысықтармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді болды! Балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші мысықтар» сендермен бірге айтқылары келеді. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, оны қабылдағанша айтқызады. 
Музыкалық аспаптарда ойнау
  Балалар оқу қызметінде отырғанда орыс халқының «Ай жарқырап тұр» әуені естіледі. Музыкалық жетекші:
- Тыңдайықшы, балалар, ненің дыбысы шығып жатыр!
 Балалар елеңдеп отырғанда педагог есік жаққа барып, көп сылдырмақты алып кіреді:
- Қараңдаршы, балалар, бізге көп сылдырмақтар алып келіпті. Сылдырмақтарды алайық, балалар! Енді, балалар, жаңа әнді тыңдап отырып, сылдырмақ аспабында ойнайық!
 Интербелсенді тақтаны қосып, орыс халқының «Ай жарқырап тұр» әуенін балаларға тыңдатады.
- Әнде не туралы айтылады? Айдың жарқырағаны туралы.
- Балалар, ай қалай жарқырайды екен? Анық. Тамаша, балалар!
- Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақты сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
 Педагог балалармен әнді тыңдап отырып, сылдырмақты сыңғырлатып жаттықтырады.
«Қанша дыбыс?» ойыны
Ойынның мақсаты: белгілі бір аспапта ойналған әуендегі дыбыстардың санын немесе қайтадан дыбысталуын ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: жеміс бұтағында ілінген шиелер суреті салынған үш түрлі карточкалар ұсынылады. Музыканы тыңдау. Әуендегі дыбыс санын естіп, сәйкес келетін шие саны бар карточкаларды көрсету.
Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Балалардың жауаптары. 
- Балалар, бізге қонаққа кім келді?
- Мысық. 
- Бүгінгі оқу қызметінде қандай әнді үйрендік?
- «Мысығым» әнін. 
- «Күн мен түн» биі сендерге ұнады ма? Қандай қимылдары бар екен?
Балалардың жауаптары. 
- Оқу қызметі осымен аяқталды. Сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 24-26 қаңтар 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Көңілді арбакеш»

Міндеті: Балаларға арбакеш туралы әннің сыр-сипатын ажыратуды үйрету; әннің сөздік мағынасын түсініп, тыңдай білу қабілетін қалыптастыру; ырғақты қимылдарды музыка әуенімен ілесе отырып, үйлесімді жасай білуге дағдыландыру.

Сәлемдесу
Балалар оқу қызметінің басында залға В.Тюлькановтың «Марш» шығармасының («Марш» В.Тюльканова) әуенімен адымдап кіреді. Педагог балалардың көңіл-күйін көтеру үшін:
- Міне, жарайсыңдар! Денемізді тік, еркін, басымызды түзу ұстаймыз. Керемет, жарайсыңдар! Арамыздағы арақашықтықты сақтаймыз.
Балалар залдың бойымен шеңбер жасап, ортаға келіп тоқтайды. Музыкалық жетекші Г. Абдрахманованың «Сәлемдесу жаттығуы» әуенін ойнайды.
Балалар әуенге ілесіп шеңбер жасайды.
 Аспан, әлем, аршаға!
 Би билейміз, ән салып,
 Келіңдер, тамашаға!
- Балалар, жарайсыңдар! 
- Балалар, бұрынғы кезде қазіргідей көлік түрлері болмаған, ол кезде көліктің орнына арбалар болған. Ол арбаны арбакеш жүргізген. Арбаға атты, өгізді, есекті жегіп айдаған. Арбакеш арбаға ауыр заттарды тасыған. Жолаушыларды алыс жерлерге жеткізген. Арбакеш арбаға жегілетін жануарға күтім жасаған, арбаның доңғалағын майлап, жұмысқа жарамдылығын қадағалап отырған. Бұрын көлік жүргізген адамдарды арбакеш деп атаса, қазір жүргізушілер деп атаймыз.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
- Балалар, бәріміз кең, әдемі шеңбер жасап алайық. Музыка басталғанда маған ілесе жүріп, адымдау қимылдарын жасауға дайындаламыз.

Музыкалық жетекші Н. Шахинаның «Қандай ырғақ?» атты шығармасының әуеніне балаларды шеңберге тұрғызады. Бірінің артынан бірін жеңіл адыммен жүргізіп, арасында музыка сипатына қарай шашыраңқы жүріспен жүру керектігін көрсетеді. Балалар жүргенде аяқ пен қол қимылдарының үйлесімділігін сақтап, денелерін түзу, еркін ұстаулары қажет. Жүргенде қарапайым адыммен сол аяқпен бастап, үштік өлшемде сол аяқпен аяқтау керектігі ескертіледі. Музыкалық жетекші өзі бастап, қимылдарды көрсетіп жүреді. Арасында балалардың өздеріне адымдатады. Балаларға аяқ, қол үйлесімділігін музыканың сипатына сай сәйкестендіру маңызды екендігін ескертіледі.

Ән тыңдау
Балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтаға назар аударайықшы?!
Балалар тақтаға қарайды.

- Балалар, мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Балалар үндемей, ойланып қалады.
- Балалар, суретте адам не істеп отыр? Ат айдап отыр. Керемет!
- Ат айдайтын адамды қалай атайды?
Балалар үндемей қалады. Педагог өзі көмектеседі.
- Балалар, ат айдайтын адамды арбакеш деп атайды. Қайталайықшы, бәріміз?! Арбакеш. Тамаша!
- Балалар, арбакеш туралы ән тыңдайық. Өте көңілді ән. Сондай әндердің бірі Е. Құсайыновтың «Көңілді арбакеш» әні.
- Сол әнді тыңдап көрейікші, балалар! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
- Балалар, ән қалай аталады? Көңілді арбакеш. Дұрыс.
- Балалар, әннің әуенін жазған Е. Құсайынов, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Мен келемін арбамен,
 Көңілденіп, әндетіп.
 Көңілді ғой арбамен,
 Жарысамын әндетіп.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте көңілді ән, балалар, солай ма? Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. Педагог балалардың есіне салып, сазгердің аты-жөнін қайталайды.
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? Көңілді арбакеш. Жарайсыңдар!

«Көңілді ноталар» дидактикалық ойыны
Ойынның шарты: нотаны түстермен құрастыру арқылы кемпірқосақ бейнесін шығару.
- Балалар, тақтадағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Кемпірқосақтың. Дұрыс!
- Кемпірқосақта неше түс бар? Жеті түс бар. Жақсы!
- Балалар, біздің музыка әлеміндегі 5 қара сызықтың бойындағы скрипка кілтінде 7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді. 
Бірінші нота қызыл түс.
Екінші нота қызғылт сары түс.
Үшінші нота сары түс.
Төртінші нота жасыл түс.
Бесінші нота көгілдір түс.
Алтыншы нота көк түс.
Жетінші нота күлгін түс.
- Балалар, осы ноталар өздеріне сәйкес дыбысталады. Бұлттарда ноталар шашылып жатыр, оларды ретімен апарып орналастырайықшы?!
Балалар қызығып қалады.
- Бәріміз шеңбер құрып отырамыз, берілген түстерді ретімен қоямыз.
Әр балаға жеті нота салынған каптамалар беріледі. Балалар ноталарды өз түсінгендеріне қарай қояды. Түсінбеген жағдайда жетекшінің айтуымен орналастырады. Соңғы нота қойылған соң орындарынан тұрады.
- Қараңдаршы, балалар, осы құрастырған түстерден ненің бейнесін көріп тұрмыз? Кемпірқосақтың. Тамаша!
- Балалар, нота орналастырылған кемпірқосақ қалай көңілді билеп тұр, қараңдаршы?
- Балалар, бәріміз орындарымыздан тұрып, көңілді кемпірқосақпен бірге қимылдар жасайық. Балалар да педагогпен бірге әуенге сай қимылдар жасайды.
- Жарайсыңдар, балалар. Жақсы ойнаған балаларға арба бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
  Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог балалармен ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді. Педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
 Енді менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз,
 Бір орында тұрмаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек.
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Тырналар қалай дыбыстайды екен, балалар, көрейік.
 Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар, тырналар.
 Мен сендерге жем берем,
 Дос болайық, тырналар.
 Трау-трау-трау-трау!
 Трау-трау-трау-трау!
- Тамаша!

Ән салу
Д. Ботбаев «Қыс» әні.
(әні: Д. Ботбаев).
- Балалар, қыс мезгілін бәрің жақсы көресіңдер ме? Иә.
- Олай болса, қыс туралы әнді айтып үйренейік.
Д. Ботбаевтың «Қыс» әні.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, тамаша! Әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
Педагог балаларға ән үйретуді жалғастыра отырып, «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақты суретін көрсететін үлкен және кішкентай қар ұлпаларына қарайды. Әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» келді.
Балаларды торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші айтылып жатқан әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қ

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Онда тыңдайықшы, мен қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын. Ал сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз. Орыс халқының «Калинка» әуенін сылдырмақ аспабында ойнау.

Балаларға әнді шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақтарда ойнау керектігін айтады.
- Балалар, сылдырмақтармен ойнап жатқан шығарманы құстарға арнаймыз, солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Калинка».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Орыс халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар!
Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды жақсы сылдырлаттыңдар.

«Қандай ырғақ?» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: педагогтің сөздерді айтуына қарай,балалар даңғара аспабында ойнайды.
- Балалар, бәріңнің қолдарыңда даңғара аспабы бар. Мен сөздерді айтып тұрғанда, қай жерінде даңғараны ұру керектігін өздерің түсініп, даңғараны ұрасыңдар.
 Даңғараны ұр қатты,
 Дәл қайтала ырғақты.
 Тоғайда көп тоқылдақ,
 Үн естілді тоқылдап.
 Тоқ, тоқ, тоқ,
 Тоқ, тоқ, тоқ.
 Даңғараны ұр қатты,
 Дәл қайтала ырғақты.
 Күн күркіреп жарқылдап,
 Бұршақ жауды сартылдап.
 Сарт, сарт, сарт, сарт,
 Сарт, сарт, сарт, сарт.
- Жарайсыңдар! Рақмет!

Қорытынды

Оқу қызметінің соңында педагог:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі көңілді өтті! Балалар, солай ма? Иә.
- Сендерге оқу қызметі ұнады ма? Иә.
- Қандай ән тыңдадық? «Көңілді арбакеш» әнін.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Қыс» әнін.
- Қандай ойын ойнадық? «Көңілді ноталар» дидактикалық ойынын.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде белсенді болғандарың маған қатты ұнады.
- Осымен оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Міндеті: Балалар жаңа әнді тыңдағанда оның сыр-сипаты мен ерекшелігін ажырата білу және эмоционалды қабылдау қабілетін қалыптастыру; топпен бірге ән айту ережелеріне дағдыландыру; би элементтерін музыка ырғағына сай үйлесімді жасай білуге жаттықтыру.

 Сәлемдесу
Музыкалық жетекші балаларды Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» атты әуеніне залға кіргізеді. Балалар көңілді адыммен залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог балаларды шеңберге отырғызып:
- Балалар, «Техника және біз» деген сөздердің мағынасын білесіңдер ме? Иә.
- Техниканы біз күнделікті өмірде қолданамыз. Жарайсыңдар, балалар!
- Техника бізге не үшін қажет? Қажетімізді өтеу үшін. Дұрыс айтасыңдар, балалар!
- Балалар, бәріміз шеңбер бойымен тұрамыз. Бәрекелді! Біздің жұмысымызды жеңілдетіп отырған техникаға иіліп сәлем берейік:
 Ысытады тағамды (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Кірді жуып алады (балалар қолдарын жанына жібереді).
 Тазалайды үйіңді (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Келтіреді күйіңді (балалар қолдарын жанына жібереді).
- Бізге жағдай жасайтын техникаға сәлем! (балалар тәжім етеді).
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Тамаша, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Оқу қызметін әрі қарай жалғастыру мақсатында Ө. Байділданың «Көңілді би» атты шығармасының әуеніне балаларды шеңберге тұрғызады:
(Аудиозапись произведения О. Байдильды «Веселый танец») 
- Балалар, шеңберді кең, әдемі етіп жасайықшы. Міне, жарайсыңдар! Енді, балалар, музыка әуенімен маған ілесе қимылдарды қайталаймыз.
Педагог музыканың сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Балалар еркін қимылдарды (ерікті қимылдарға шеңбермен жүріп келе жатып, қол білезіктерін айналдыру, бір рет айналу, тізені көтеріп жүру, қолдарын жандарына жіберу, сермеу) музыкалық жетекшінің көрсетуіне қарап орындайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыка сипатына сай ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.
- Жарайсыңдар, балалар, енді орындарымызға жайғасайық.

Ән тыңдау
Педагог балаларды қызықтыру мақсатында:
- Балалар, тақтаға назар аударайықшы?!
Балалар тақтаға қарайды.
- Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Қуыршақты.
- Қандай әдемі қуыршақ!
Балалар қызығап қалады.
- Қуыршақ не үшін қажет? Ойнау үшін. Керемет!
- Суреттен нені көріп тұрсыңдар? Үтікті.

- Балалар, үтік не үшін қажет? Үтіктеу үшін. Тамаша!
- Балалар, суреттегі қуыршаққа үтік керек екен. Үтігі жоқ болған соң мұңайып жүр?
- Балалар, қуыршақты қуанту үшін не істейміз?
Балалар ойланып қалады.
- Олай болса, қуыршаққа өзі туралы ән тыңдатып, сол әнді бәріміз бірге тыңдайық. Б. Жүсіпалиевтің «Қуыршақтың мұңы» әні.
- Сол әнді тыңдап көрейікші, балалар! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
- Балалар, ән қалай аталады? «Қуыршақтың мұңы». Дұрыс.
- Балалар, әннің әуенін жазған Б. Жүсіпалиев, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Мұңайып тұр қуыршақ,
 Ашуланды, ұрынсақ.
 Не әперсек болады,
 Көңілденсін қуыршақ.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте қызық ән! Солай ма, балалар? Бәріміз қосылып тағы да тыңдаймыз.
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. Педагог балалардың есіне салып, сазгердің аты-жөнін қайталайды.
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? Қуыршақтың мұңы. Жарайсыңдар!

«Күннің көзі және бұлт» дидактикалық ойыны
Ойын шарты: пьесаны тыңдап отырып, пьесаның мазмұнын (көңілді болса - күннің көзін, көңілсіз болса - бұлтты, ал жәй ғана орташа болса - күннің көзімен бұлт араласқан) карточкалар арқылы көрсету. Жауаптың дұрыстығын балалардың өздеріне бағалату.
- Балалар, қазір «Күннің көзі және бұлт» ойынын ойнаймыз. Екі топқа бөлінесіңдер. Екі топтың алдында бірдей карточкалар бар.
- Балалар, қазір сендерге әртүрлі пьесалар ойналады. Сол пьесалардың сипатына қарай алдарыңда жатқан карточкаларды көрсетесіңдер. Мысалы, пьесаның мазмұны көңілді болса - күннің көзін, көңілсіз болса - бұлтты, жәй ғана орташа болса - күннің көзімен бұлт араласқан карточкаларды көрсетесіңдер, түсінікті ме? Иә.
- Олай болса, ойынды бастаймыз. Педагог пьесаның мазмұнына қарай карточкаларды дұрыс көрсеткен топтың балаларын мақтайды. Топтың балалары қателескен жағдайда педагог көмек көрсетеді. Жақсы жауап берген топтың балаларына қуыршақ бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
Педагог:
- Балалар, портфолиоларыңа таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.
- Жарайсыңдар, балалар!

 Дауысқа арналаған жаттығулар
Ән салар алдында балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптар бейнесін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар қуанып қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, оны ұстау, ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар, керек жерінде сөзін қайталайсыңдар. Мысалы, «дан-диги-дан» деп қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан.
 Қобыз аспап киелі,
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри, пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду.
 Трам-та соқса барабан,
 Қызыға жұрт қараған.
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!

Ән салу
И. Сапарбаев «Ойыншықтар» әні.
(әні: И. Сапарбаев).
Музыкалық жетекші ән айтудың алдында балалардың өлеңге қызығушылықтарын арттыру мақсатында өлеңді тыңдатады.

- Балалар, ән не туралы? Ойыншықтар туралы.
- Ойыншықты бәрің жақсы көресіңдер ме?
Балалардың бәрі бірдей дауыстап:
- Иә!
- Балалар, ойыншықтардың көп болғаны жақсы ма? Иә.
- Ойыншықтарды өте көп ала берудің қажеті жоқ. Өздеріңнің жақсы көретін 5-6 ойыншықтарың болса, сол жеткілікті болады.
- Балалар, тақтаға қараңдаршы! Ойыншықтар қандай әдемі!

 Балалар ойыншықтарға қызыға қарайды.
- Балалар, бізде ойыншықтарға арналған «Ойыншықтар» әні бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- И. Сапарбайдың әні «Ойыншықтар». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып, ақырындап әнді айта бастаймыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша! Әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. Музыкалық жетекші балалармен бірге әнді тақтадағы аудиожазбаға қосылып, ән айтуды аяқтайды.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне дабылды үлестіріп береді де:
- Балалар, тыңдайықшы, мен қазір мына дабыл аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, дабылды алдымызға ыңғайлы қояйық, балалар! Енді, балалар, дабылда ойнауға дайындалайық!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, дабылдың суретін көрсетіп, дыбысын естіртеді.

- Нені көріп тұрсыңдар, балалар! Дабылды. Дұрыс.
- Енді, дабылдың дауысын тыңдайық!?
Балалар тыңдайды.
- Тамаша!
- Енді, жаңағы дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге дабылда ойнаймыз. Алдымен дабылды бірге ұруды үйреніп алайық. Содан кейін Д. Кабалевскийдің «Труба мен дабыл» шығармасына сай дабылдар оркестрін құрап металлофонда ойнаймыз.

Балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде дабылда ойнау керектігін айтады. Дабыл аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма не туралы? Труба мен дабыл туралы.
- Шығарма авторы кім? Д. Кабалевский.
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге дабылда ойнаймыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен шығарманы тыңдай отырып, дабылды бірге ойнатып жаттықтырады.

«До - ре - ми» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларға музыкадағы бейнелерді әнді тыңдау арқылы ажырата білуге үйрету; әнді тыңдау қабілеттерін арттыру.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші әнді орындап береді және балалардан сол әнге байланысты суретті таңдап көрсетулерін өтінеді. Бала неге сол суретті таңдап алғанын, ол суретте ненің бейнеленгенін, айтылған әннің не туралы екенін айтып береді. Ойын барысында айтылатын әндер тізімі: «Мысығым», «Ойыншықтар», «Тәтті нан», «Балабақша», «Алтын күз». Осы әндерге байланысты суреттер топтамасы.

Қорытынды:
- Балалар, бізге бүгін қуыршаққа қандай жақсылық жасадық?
- Ән тыңдаттық. Жақсы.
- Қандай ән тыңдадық, балалар? «Қуыршақтың мұңы» әнін.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Ойыншықтар» әнін.
- Қандай ойын ойнадық? «Күннің көзі және бұлт» ойынын.
- Балалар, бүгін тұрмыстық техниканың қай түрі туралы білдік? Үтік туралы. Сендерге оқу қызметі ұнады ма? Иә.
- Оқу қызметі де осымен аяқталды, сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 31-02 ақпан 2023 жыл

Тақырыбы: «Ойыншық аспаптар»

Міндеті: Балаларға жаңа әнді тыңдағанда оның сыр-сипаты мен ерекшелігін ажырата білуді, әнді эмоционалды қабылдай білу қабілетін қалыптастыру; топпен ілесе ән айту ережелеріне дағдыландыру; би элементтерін музыка ырғағына сай үйлесімді жасай білуге жаттықтыруды пысықтау.

Шаттық шеңбері 
 Музыкалық жетекші Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» атты әуеніне балаларды залға кіргізеді. Балалар көңілді адымдап залдың ортасына келіп тұрады.
Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш»
- Барлығымыз әдемі шеңбер құрайық, бәріміз шаттанайықшы!
Шаттанып бәріміз,
Жарасып әніміз, 
Шаттанып, билейік,
Тұрмайық бәріміз!
Тамаша, балалар!
- Балалар, қандай аспаптарды білесіңдер?
- Тамаша, балалар, барлық аспаптарды біледі екенсіңдер. 
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Оқу қызметін әрі қарай жалғастыру мақсатында Ө. Байділдәнің «Көңілді би» шығармасының әуеніне балаларды шеңберге тұрғызады:
Ө. Байділдәнің «Көңілді би»
- Балалар, шеңберді кең, әдемі етіп жасайықшы! Міне, жарайсыңдар! Енді, музыка әуенімен маған ілесе қимылдарды қайталаймыз. Музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Еркін қимылдар (шеңбермен жүріп келе жатып, қол білезіктерін айналдыру, бір рет айналу, тізені көтеріп жүру, қолдарын жандарына жіберіп, сермеу) бойынша балалар музыкалық жетекшінің көрсетуімен ерікті қимылдарды орындайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.
- Жарайсыңдар, балалар, енді өз орындарымызға жайғасайық.
Ән тыңдау
- Олай болса, қуыршаққа  өзі туралы ән тыңдатып, сол әнді бәріміз бірге тыңдайық. Б. Жүсіпәлиевтің «Қуыршақтың мұңы» әні. Осы әнді тыңдап көрейікші, балалар!  Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз. 

- Балалар, ән қалай аталады? Қуыршақтың мұңы. Дұрыс!
- Балалар, әннің әуенін жазған Б. Жүсіпәлиев, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Мұңайып тұр қуыршақ,
 Ашуланды, ұрыншақ.
 Не әперсек болады,
 Көңілденсін қуыршақ.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте қызық ән! Солай ма? Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. Педагог балалардың есіне салып, сазгердің аты-жөнін қайталайды. 
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Қуыршақтың мұңы». Жарайсыңдар!
«Айналмалы дөңгелек» ойыны
Ойынның мақсаты: шығарманы тыңдау арқылы балаларға музыка жанрларын ажырата білуді үйретеді.
Ойынның шарты: дөңгелек бетіне көбелек, барабан, ай, доп суреттері салынған карточка ұсынылады. Балалар әуенді тыңдап, дөңгелекті айналдыру арқылы вальс ойналғанда - көбелекті, марш әуенінде - барабанды, бесік жыры ойналғанда - айдың, полька биінде - доптың суреттерін көрсетеді.

Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог ән салар алдында балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптар бейнесін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар қуанып қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, аспапты ұстау, ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар, керек жерінде сөзін қайталайсыңдар, мысалы, «дан-диги-дан» дегенде қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан. 
 Қобыз аспап киелі, 
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри, пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду. 
 Трам-та соқса барабан, 
 Қызыға жұрт қараған. 
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ән салу
И. Сапарбай «Ойыншықтар» әні. 
(әні: И. Сапарбай)
Педагог ойыншық аспаптар қорабын алып кіреді.
- Балалар, мына қорабтың ішінде не бар? (Педагог қорапты шайқайды)
- Иә, ойыншықтар.
- Балалар, біз алдыңғы оқу қызметінде не туралы ән салдық?
- Иә, ойыншықтар туралы.
- Ендеше, ойыншықтар туралы әнімізді тағы да шырқап, есімізге сақтап алайық.
- И. Сапарбайдың әні «Ойыншықтар», бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз.
 Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.

Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
 Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Тамаша! Балалар, әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз. Жарайсыңдар!
 Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар әнді әбден қабылдағанша айтқызады. Музыкалық жетекші балалармен бірге әнді тақтадағы аудиожазбаға қосылып айтуды аяқтайды.
Музыкалық аспаптарда ойнау
 Музыкалық жетекші балалардың бәріне дабылды үлестіріп береді.
- Балалар, қазір мына дабыл аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, дабылды алдымызға ыңғайлы қояйық! Енді, балалар, дабылда ойнауға дайындалайық! Педагог интербелсенді тақтаны қосып, дабылдың суреті мен дауысын көрсетеді.
- Нені көріп тұрсыңдар, балалар! Дабылды. Дұрыс.
- Енді дабылдың дауысын тыңдайық!?
Балалар тыңдайды. Тамаша!
- Енді, жаңағы дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге дабылда ойнаймыз. Алдымен, дабылды бірге ұруды үйреніп алайық. Содан кейін Д. Кабалевскийдің «Труба мен дабыл» атты шығармасына сай дабылдар оркестрін құраймыз, металлофонда ойнаймыз. Педагог балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде дабылда ойнау керектігін айтады. Дабыл аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма не туралы? Труба мен дабыл туралы.
- Шығарма авторы кім? Д. Кабалевский.
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге дабылда ойнаймыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
 Педагог балалармен бірге шығарманы тыңдап отырып, дабылды бірге ойнатып жаттықтырады.
«Ғажайып үйшік» ойыны
Ойынның мақсаты: баспалдақпен жоғары шығу және төмен түсу арқылы әуеннің бағытын дауыспен айтуға үйрету. Жануарлардың суретін қолдана отырып, балаларға олардың жүрісін, қимылын, дыбыстауын көрсетуге, шығармашылыққа баулу.
Ойынның шарты: балаларға үйшік, қоян, балапан, бақа, күшік, т.б. суреттері ұсынылады.
Музыкалық жетекші әндетіп: «Жоғарыға шығамын». Балалар әуенді қайталап, өздері қалаған суретін басқышпен жоғарыға жүргізеді. Үйшікке жақындап, «Қандай ғажап үйшік?» деп әндетеді. Келесі кезекте терезеден сурет көрсетіліп, балалар әуенді тыңдап, сәйкес келетін аңдар мен жануарлардың, балапанның мен бақаның, т.б. суреттерін басқыштармен жүргізіп, үйшікке кіргізеді. Балалар терезеден көрінген суретке қарап, олардың қимыл-қозғалысын салып көрсетеді.
Қорытынды
- Балалар, біз сендермен қандай ән тыңдадық?
- Иә, қуыршақтың мұңы деген әнді тыңдадық. 
- Ал, қай әнді шырқадық?
- Иә, дұрыс айтасыңдар, «Ойыншықтар» әнін. 
- Жарайсыңдар, балалар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 07-09 ақпан 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Зырлайды шанамыз»

Міндеті: Балаларға әнді тыңдағанда оның сыр-сипаты мен ерекшелігіне айрықша мән беруді үйрету; топпен әнді бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтауға дағдыландыру; би элементтерін музыка ырғағына сай жасай білуге жаттықтыру; музыкадағы жоғары және төмен дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру.
«Қыс».

 Педагог оқу қызметінің алдында Е. Тиличееваның «Марш» шығармасын қосып, балаларға салтанатты адымдар жасатып залға кіргізеді. Педагог балалардың музыка әуенімен жасаған адымдарына қарап:
- Денемізді тік ұстаймыз, басымызды көтеріп түзу ұстаймыз. Жарайсыңдар! Шеңбер жасап, залдың ортасына келіп тұрамыз (балалар кілемнің үстіне келіп тұрады).
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, біз қимыл жасаған сайын денсаулығымыз шыныға түседі, солай ма? Иә. Деніміз сау болса, жанымыз да сау болады, дұрыс па? Иә.
- Олай болса, балалар, кілемнің үстіне шеңбер жасап отырамыз, қазір ойналатын музыкаға көзімізді жұмамыз. Қимылдарды маған ілесіп орындайсыңдар, келістік пе? Иә. Онда бастаймыз.
- Балалар, қазір қыс мезгілі болса да көңілімізде көктем.
- Көздеріңді ашпай, мен айтып отыратын қимылдарды жасаймыз. Қолымызды жанымызға жіберіп, алақанымызды сәл бүгіп, ұстап отырамыз, жарайсыңдар!
- Қолымызды сол күйінде алдымызға ұстап отырамыз.
- Қолымызды сол ұстаған күйінде жанымызға қарай, сәл жоғары көтереміз.
- Ақырындап қолымызды бүгіп, тіземіздің үстіне қойып, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. Жарайсыңдар!
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, бәрі тамаша болды! Рақмет!

Ән тыңдау
- Балалар, тақтаға қарайықшы?!
Балалар тақтаға қарайды.
- Кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Балалардың. Жақсы.
- Балалар не істеп тұр? Адымдап жүр. Тамаша!
- Балалар, қыз балалар қалай адымдап жүр? Адымдауды дұрыс орындап жүр. Жақсы.
- Ұл балалар қалай адымдап жатыр? Адымдауды қате орындап жүр. Жақсы.
- Балалар, дұрыс адымдауды сендер де білулерің ерек. Қазір Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» әнін тыңдап көрейікші, балалар! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
(Аудиозапись песни Б. Жусипалиева "Веселый марш") 
- Балалар, ән қалай аталады? «Көңілді марш». Дұрыс.
- Балалар, әннің әуенін жазған Б. Жүсіпалиев, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Адымдаймыз алға,
 Бұрыламыз солға.
 Бұрыламыз оңға,
 Салтанатпен алға.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Бәрің орындарыңнан тұрыңдар, балалар? Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз, енді орнымызда тұрып, әннің әуенімен адымдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім? Б. Жүсіпалиев. Дұрыс.
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Көңілді марш». Жарайсыңдар!

«Үйлердің көңіл-күйін тап» дидактикалық ойыны
- Балалар, тақтаға қарайық. Тақтада әртүрлі үйлердің суреттері бар.
 Қазір әуен ойналған кезде оның сыр-сипаты тақтадағы қай «үйдің көңіл-күйіне» сәйкес келетінін айтып бересіңдер. Келістік пе? Жарайды.
Педагог балаларға әртүрлі әуендерді тыңдатады. Ж. Қалжанованың «Елімізді сүйеміз» (марш), А. Еспенбетованың «Күзге сәлем!» ( вальс), халық әні «Әлди» (бесік жыры) әндері орындалады. Балалар әртүрлі әуендердің сыр-сипатына қарай суреттегі «үйлердің көңіл-күйін» табады. Балалардың жауаптары дұрыс болса, көңілді әуен ойналады. Жауаптары дұрыс болмаса, көңілсіз әуен орындалады.
- Балалар, әуендерді асықпай тыңдайық, сыр-сипатын ажыратайық.
Ойын балалардың қалауы бойынша қайталанады. Жақсы ойнаған балаларға шана бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
- Балалар, таңбалауышты портфолиоға салып қойыңдар. Портфолиосы толық болған балаға жылдың аяғында сыйлық беріледі. Кәне, портфолиоларыңды маған көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

Дауысқа арналған жаттығулар
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге қайталаймыз. 
- га-га,
- ду-ду,
- ко-ко,
- ля-ля.
- Жарайсыңдар!
- Ешкі лағын қалай шақыратынын естідіңдер ме? 
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
  Лағым    
 Шөре-шөре, лағым,
 Тентек болма, шырағым,
 Секектеме, деміңді ал,
 Селтеңдемей құлағың.
- Тамаша!
- Балалар, көкек қалай шақырады?
Балалар дауыстап:
- Кө-кек, кө-кек. Жақсы.
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
   Көкек
 Ағашта биік,
 Бір құсты көрдік. 
 Сайрайды сол құс,
 Сайрайды талмай.
 Кө-кек, кө-кек, 
 Аты оның содан,
 Атанған кө-кек.
- Тамаша, жарайсыңдар, балалар!

Ән салу
Д. Мацуцин «Зырлайды шанамыз» әні.
(әні: Д. Мацуцин).
Ән айтудың алдында балаларға әртүрлі шаналардың суреті көрсетіледі.
- Балалар, суреттен нелерді көріп тұрсыңдар? Көп шананы көріп тұрмыз.
- Балалар шана тек сырғанау үшін керек пе? Қар тасу үшін де керек.
- Балалар, шаналардың көп болғаны жақсы ма? Иә.
- Көп шана не үшін қажет? Бір шана болса, сол жарайды.
- Балалар, шанаға арналған «Зырлайды шанамыз» әні бар, сол әнді үйреніп алайық?!
- Д. Мацуциннің әні «Зырлайды шанамыз». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, әнді маған қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.

Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша! Әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар! Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды аяқтайды.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Онда тыңдайықшы, қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық, балалар! Енді музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
«Қамажай» халық әуенін сылдырмақ аспабында ойнау.

Балаларға әуенді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақтарда ойнау керектігін айтады. 
- Балалар, бұл сылдырмақтармен ойнап жатқан шығарманы құстарға арнаймыз, солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші оларға сұрақтар қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Қамажай».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Қазақ халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдағанда сылдырмақтарды жақсы сылдырлаттыңдар.

«Bells» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: дауысты дыбыстар арқылы ажырата білу қабілетін дамыту.
Ойын шарты: әуеннің сыр-сипатына қарай қоңырауларды пайдалану.
Педагог балаларды үш топқа бөледі, балалардың әрқайсысында қоңыраудың үш түрі (үлкен, орташа және кішкентай). Егер, кең өлшемдегі әуен естілсе, ойыншылар үлкен қоңырауды көтеруі керек. Қалыпты әуенге орташасын көтеру керек. Тыныш, ақырын ойналатын әуенге кішкентай қоңырауды сылдырлату керек.

Қорытынды:

Оқу қызметінің қорытынды бөлімінде музыкалық жетекші:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде жтамаша белсенділік таныттыңдар.
- Сендерге риза болып отырмын.
Балалар қуанып қалады.
- Балалар, бүгін көңілді ән тыңдадық. Шана туралы жаңа әнді үйрендік. Қызық ойындар ойнадық.
- Оқу қызметі ұнады ма, балалар? Иә.

Айы, күні, жылы: 14-16 ақпан 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Анаға сәлем»

Міндеті: Балаларға ана туралы әннің сыр-сипатын түсінуді үйрету және дыбысты есту қабілетін қалыптастыру; төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; әуеннің ырғағына ілесіп шығарманы музыкалық аспапта ойнауға жаттықтыру.

Сәлемдесу
Е.Тиличееваның «Жылқы адымы» атты шығармасының әуеніне балалар залға кіреді. Музыкалық жетекші мен педагогтің нұсқауы бойынша «жылқы адымы» жаттығуын жасайды.
Педагог балаларға:
- Балалар, мойнымызды сәл иеміз, енді жылқы сияқты жүріп ырғақтаймыз. Жарайсыңдар!
Жаттығудан кейін балалар жай адымға ауысып, залдың ортасына тұрады.
Педагог:
- Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасап тұрайықшы! Міне, жарайсыңдар!
- Балалар, көктем келді. Көктемнің келгеніне құстар қуанып ән шырқап жүр. Көктем айы сендерге ұнай ма? Иә.
- Ендеше, балалар, жаңа көктем айымен бірге жеткен құстарға сәлемімізді жолдайық. Қимылдарды менімен бірге жасаймыз.
 Көгілдір көктем (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Самал жел өпкен (балалар қолдарын жандарына созады),
 Құстар да келді (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Сағынып жеткен (балалар құшақтарын жаяды).
 Жаршысы көктем (балалар қолдарын жанына жібереді),

 Әндетіп бізге (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Сәлемін берді (балалар иіліп тәжім жасайды).
Педагог қимылдарды балалармен бірге қайталайды.
- Балалар, жарайсыңдар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолымен шапалақтайды:
- Балалар, қазір орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне музыкалық-ырғақты қимылдарды жасауды үйренеміз.

Музыкалық жетекші орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне балаларды шеңберге тұрғызып, музыка сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да, «галоп» адымын балаларға көрсетеді. Балалар жұпқа бірігіп, тұрған орнын айнала «галоп» адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді. Орындарында тұрып, жеңіл секіреді. Орындарында тұрып жұбымен оң және сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне орындалатын негізгі адымдар «галоп», «тарпылдату», «аяқты қайшылау».

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші ән тыңдаудың алдында балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?!

- Тақтадан кімді көріп тұрсыңдар? Ана мен баланы. Жақсы.
Педагог анаға қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ана мен баланың суретін неге көрсеттім? Мереке. Жарайсыңдар!
- Қандай мереке? Аналар мерекесі. Тамаша, балалар!
- Балалар, бәрің аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Балалар ойланбастан:
- Иә!
- Суреттегі анасы не істеп тұр? Баласын жақсы көріп тұр. Балалар, аналарға арналған әдемі музыка бар. Естіп көрейікші? Е. Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әні. Әуенін жазған Е. Хасанғалиев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз

Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыкалық жетекші оның сипатымен таныстырады, мәнін түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, оның сыр-сипаты мен екпінін анықтайды.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма! Солай ма, балалар? Иә.
Музыкалық жетекші шығарманы балалар қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға түсінік береді:
- Балалар, ана сөзі қасиетті мағынаны білдіред. Солай ма, балалар? Иә. Тамаша!
- Анамыз болса, біз бақыттымыз. Қайталайықшы, балалар. Жарайсыңдар!
- Әлемдегі барлық әндер анадан басталады. Балалар, біз аналарымызды құрметтеп, қадірлеуіміз керек.
Шығарманы тыңдап болған соң, педагог балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, бүгін қандай шығарманы тыңдадық? «Анаға сәлем».
- Әуенін жазған сазгер кім? Ескендір Хасанғалиев.

«Балақан да алақан» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: музыка ырғағына сай қол соға отырып, әннің әуеніне қосылу.
Ойынның шарты: алақандарын басқалардан бөлек, жаңылыс соққандар кінәсін өтеу үшін өлең не тақпақ айтып, би билеуі тиіс.
Балалар дөңгелене шеңбер жасап отырады. Музыка ойнаған кезде, балалар ән ырғағына ілесіп, қол соғып өлең айтады. Алақандарын басқалардан бөлек, жаңылыс соққандар, не басқа бір қылығымен ойын тәртібін бұзғандар «кінәлі бала» болады. Оларды ортаға жеке шығарып, кінәсін өтеу үшін өлең не тақпақ айтқызып билетеді.
 Кел, балалар, шапалақтап,
 Алақанды ұрайық.
 Жаңылғанды ортаға ап,
 Бір өнерін сұрайық.

Қайырмасы:
 Ла - ла - ла - ла,
 Балақан.
 Ла - ла - ла - ла,
 Алақан.

 Айып тартсақ саспайық,
 Қысылмайық қиналып.
 Кел ойынды бастайық,
 Келді достар жиналып.

Қайырмасы:
 Ла - ла - ла - ла,
 Балақан.
 Ла - ла - ла - ла,
 Алақан.
 Бәрі шапалақтап әннің қайырмасын айтып тұрады. Кінәлі баланы бақылайды. Оны тапқан кезде, айыбына ән, би, немесе тақпақ сұрайды. Кінәлі бала айыбын өтеген соң, ойын одан әрі жалғасады.
Бәрі сол балаға бұрылып тұрып, былай дейді:
 Соғылғанда алақан,
 Жаңылдың сен, балақан.
 Өтеу үшін кінәңді,
 Көрсет бір өнеріңді.
 Ойын балалардың қалауы бойынша қайталанады. Жақсы ойнаған балаларға тұмсықтарына гүл қыстырған құс бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
- Балалар, таңбалауыштарды портфолиоға салып қойыңдар. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болса, сол балаға сыйлық беріледі. Кәне, маған портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші. Жарайсыңдар!

Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог балалармен ән салудың алдында дауыс жаттығуларын орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін өткізілуі керек. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді. Педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
 Енді менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз,
 Бір орында тұрмаймыз.
- Ля - ля - ля (екі рет қайталанады).
Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек.
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз.
- Ля - ля - ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
 Біз көңілді баламыз,
 Ана тілін аламыз.
- Ля - ля - ля (екі рет қайталанады).
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Тамаша!

 Ән салу
Б. Қадырбекова «Құттықтаймын ана».
(әні: Б. Қадырбекова)
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударып:
- Балалар, тақтадан не көріп тұрсыңдар?
Балалардың бәрі бірдей:
- Құсты!
- Құс не істеп тұр? Тұмсығына гүл қыстырып алыпты. Жарайсыңдар!
- Балалар, құс гүлді кімге береді деп ойлайсыңдар? Аналарға. Тамаша!
- Анаға гүлді не үшін береді деп ойлайсыңдар? Мерекеге арнап береді. Керемет!
- Олай болса, балалар, аналарға арналған «Құттықтаймын ана» әнін үйреніп алайық.
- Б. Қадырбекованың әні «Құттықтаймын ана». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен алма және кішкентай алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» келді.
Балаларды торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
Халық әні «Айгөлекті» сылдырмақ аспабында ойнау.

Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақтарда ойнау керектігін айтады.
- Балалар, осы әнді аналарға арнаймыз, солай ма? Иә.
- Балалар, аналарға әлемдегі бар байлықты тарту етсек те, аз болады, солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Айгөлек».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Қазақ халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар!

«Жіп орау» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларға шапшаңдықты, әуеннің аяқталуын сезіне білуді үйрету.
Ойынның көрнекілігі: түрлі-түсті жіптер.
Ойын шарты: 2 топтан 2 бала шығады. Көңілді әуенді тыңдап отырып, тарқатылып қалған түрлі-түсті жіпті орай бастайды. Музыка аяқталғанда қай баланың жібі көп оралса, сол бала жеңімпаз атанады.
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, екі топқа бөлінеміз. Әр топтан екі баладан шығып, көңілді музыканы тыңдап тұрып, қолдарыңдағы жіпті орай бастайсыңдар. Қай топтың баласы жіпті жылдам орайды, сол топ жеңіске жетеді.

Қорытынды

Оқу қызметінің соңына қарай балаларға:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі қандай керемет өтті!
- Балалар, бүгін оқу қызметі неге ерекше өтті, қалай ойлайсыңдар? Аналардың мерекесіне арналды. Балалар қолдарын шапалақтайды.
- Бүгінгі оқу қызметінде қандай ән тыңдадық, балалар?
- «Анаға сәлем» әнін.
- Балалар, бүгін қандай ән айтуды үйрендік? «Құттықтаймын ана» әнін.
- Қандай аспапта ойнадық? Сылдырмақ.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу қызметінде жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет!

Айы, күні, жылы: 21-23 ақпан 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Әніміз сыйлық болсын»

Міндеті: - Балалар, суретте не көріп тұрмыз? Иә, дұрыс айтасыңдар! Жануарлар мен олардың күшіктерін көріп тұрмыз. Жануарлар да өз аналарын жақсы көреді. 
- Балалар, сендер өз анраларыңды жақсы көресіңдер ме? 
Балалардың жауаптары. 
- Әрине, анамызды жақсы көреміз. Аналар - асыл қазынамыз. 
- Балалар, аналарымызға арнап әндерді жаттап алайық. 
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыкалық жетекші оның сыр-сипатымен таныстырады, мәнін түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, сипаты мен екпінін анықтайды. 
- Кәне, балалар, шапалақ ұра отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма! Солай ма, балалар? Иә.
Музыкалық жетекші шығарманы балалар қабылдағанша тыңдатады. 
Әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға түсінік береді:
- Балалар, ана - қасиетті сөз. Иә. Тамаша!
- Анамыз болса, біз бақыттымыз. Қайталайықшы, балалар! Жарайсыңдар!
- Әлемдегі барлық әндер анадан басталады, сондықтан аналарымызды құрметтеп, қадірлеуіміз керек.
Педагог балалар шығарманы тыңдап болған соң, оларға сұрақтар қояды: 
- Балалар, бүгін қандай шығарма тыңдадық? «Анаға сәлем». 
- Әуенін жазған сазгер кім? Ескендір Хасанғалиев.
- Жарайсыңдар, балалар!
«Анасын тап» музыкалық-дидактикалық ойыны
Ойынның шарты: әнді немесе әуенді тыңдап, жануарлар мен олардың төлдерінің жүрісін, қимыл-қозғалысын көрсете білуге, олардың дыбыстарын ажыратып, еске сақтауға үйрету.
Ойынның шарты: жануарлар мен олардың төлдерінің суреттері бейнеленген карточкалар беріледі. Музыкалық жетекші шығарманы ойнайды. Балалар әуенге сәйкес суреттегі жануардың төлін тауып, енесінің жанына қояды. Олардың жүрісін, қимылын көрсетеді және дауысын салады.
Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог балалармен ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтудың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді, сондықтан педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жасатады
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз, 
 Бір орында тұрмаймыз. 
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
 Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек. 
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз. 
- Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Балалар, біз анамызға қалай бағынатынымызды көрейік.
 Біз көңілді баламыз, 
 Ана тілін аламыз. 
- Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля 
- Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля
- Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля 
- Ля-ля-ля-ля-ля-ля-ля.
- Тамаша!
Ән салу
Б. Қадырбековтың «Құттықтаймын ана».
(әні: Б. Қадырбеков)
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударып: 
- Балалар, аналарға арналған «Құттықтаймын ана» деген әні бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- Б. Қадырбеков әні «Құттықтаймын ана». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай алмаларға қарап әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» келді.
Балаларды торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауға үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді болды. Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші торғайлар» сендермен бірге айтады.
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар әбден қабылдағанша айтқызады. 
Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Онда тыңдайықшы, мен қазір сылдырмақ аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Енді музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
Халық әні «Айгөлекті» сылдырмақ аспабында ойнау.Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады. 
- Балалар, бұл сылдырмақтармен ойнап жатқан шығарманы аналарға арнаймыз. Солай ма? Иә.
- Балалар, аналарға әлемдегі бар байлықты тарту етсек те, оның барлығы аз болады. Солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Айгөлек».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Қазақ халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдай отырып, менімен бірге сылдырмақты жақсы сылдыраттыңдар.
«Музыкалық моншақтар» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын материалы: түрлі-түсті картоннан жасалынған моншақтар.
Ойын барысы: ойын балаларды қысқа және ұзақ дыбыстармен таныстыру үшін қолданылады. Музыкалық жетекші шағын әнді немесе әуенді ойнайды. Ол ойнатылғанда әуеннің ритмитикалық суреті анық естілуі тиіс. Музыкадағы ұзақ және қысқа дыбыстарды табу керек. Бұл дыбыстарды үлкен және кішкентай моншақтардың көмегімен бейнелеуге болады. Үлкен моншақтар – ұзақ дыбыстар, кіші моншақтар – қысқа дыбыстар.
 Ойынның аяғында балаларға таңбалауыштар беріледі.
Қорытынды:
Оқу қызметінің соңына қарай: 
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі қалай өтті?
Балалардың жауаптары. 
- Оқу қызметінде қандай ән үйрендік? 
- «Анаға сәлем» әнін үйрендік. 
- Балалар, бүгін қандай әнді айтуды үйрендік? «Құттықтаймын ана» әнін.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу қызметінде жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет!
 
Тақырыбы: «Нұрлы көктем»

Міндеті: Әнді орындағанда оның сыр-сипатын ажырата білуді балаларға үйрету; әнді топпен орындау дағдыларына жаттықтыру; музыка әуенімен бірге би қимылдарын және адымдау жаттығуларын үйлесімді орындауға дағдыландыру; музыкалық аспаптың дыбысын есту қабілетін дамыту.
«Су сылдыры»

 Е.Тиличееваның «Жылқы адымы» атты шығармасының әуеніне балалар залға кіріп келеді. Музыкалық жетекші мен педагогтің көрсетулері бойынша «жылқы адымы"» жаттығуын жасайды.
Педагог балаларға:
- Балалар, алдымызға қараймыз, мойнымызды сәл иеміз, енді жылқы сияқты жүріп ырғақтаймыз. Жарайсыңдар!
Балалар жылқы адымынан кейін жай адымға ауысып, залдағы кілемнің үстіне келіп тұрады.
Педагог:
- Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасап кілемге отырайықшы! Міне, жарайсыңдар! Сол сәтте ағып жатқан судың дыбысы естіледі.

- Балалар, судың ағып жатқан дыбысын естіп көрейікші!
- Балалар, қандай керемет! Жылғадағы судың сылдырап аққанын еске түсіреді! Көздерімізді бір сәтке жұмып, тыңдап көрейікші!
Балалар көздерін жұмады. Педагог балалармен бірге судың сылдырын тыңдап, балалардың көздерін ашуларына болатындығын айтады. Балалар көздерін ашып, орындарынан тұрады.
- Ендеше, балалар, нұрлы көктем мен жылғадан ағып жатқан суға сәлемімізді жолдайық. Қимылдарды менімен бірге жасаймыз:
 Сылдыр, сылдыр етеді (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Жылғалардан аққан су (балалар қолдарын жандарына созады),
 Көлде жүзіп келеді (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Қосарланған қос аққу (балалар құшақтарын жаяды).
 Нұрлы көктем (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Нұрын төккен (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Сәлем сізге (балалар иіліп құрмет білдіреді),
 Көптен күткен! (балалар құшақтарын жаяды).
Педагог балалармен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, жарайсыңдар!

 Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолымен шапалақтайды:
- Балалар, қазір орыс халқының «Ах вы, сени» атты әуеніне музыкалық-ырғақты қимылдар жасауды үйренеміз.

Музыкалық жетекші орыс халқының «Ах вы, сени» атты әуеніне балаларды шеңберге тұрғызып, музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да «галоп» адымын балаларға көрсетеді. Балалар жұпқа бірігіп, тұрған орнын айнала «галоп» адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді. Орындарында тұрып, жеңіл секіреді. Орындарында тұрып жұбымен оң және сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне орындалатын негізгі адымдар «галоп», «тарпылдату», «аяқты қайшылау».

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші әннің мағынасын ашу мақсатында балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?!

- Тақтадан нені көріп тұрсыңдар? Көктемгі табиғатты. Жақсы.
Педагог табиғатқа қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, табиғатта не бейнеленген? Су ағып жатыр. Жарайсыңдар!
- Су неден ағып жатыр? Жылғадан. Тамаша, балалар!
- Балалар, жылдың қай мезгілінде жылғалардан су ағады?
Балалар ойланбастан:
- Көктемде!
- Суретте тағы нені көріп тұрсыңдар? Шөптерді, ағаштарды. Керемет!
- Балалар, көктемде табиғат ерекше сұлу күйге енеді екен, солай ма? Иә.
- Олай болса, балалар, көктемге арналған әдемі музыка бар, естіп көрейікші? Д. Ботбаевтың «Наурыз айы» әні. Әуенін жазған Д. Ботбаев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз

Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыкалық жетекші оның сыр-сипатымен таныстырады, мәнін түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, сыр-сипаты мен екпінін анықтайды.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма! Солай ма, балалар? Иә.
Музыкалық жетекші шығарманы балалар қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға түсінік береді:
- Балалар, наурыз сөзі қандай мағынаны білдіреді? Ай аты. Тамаша!
- Наурыз айы ерекше болатыны неліктен? Көктемнің алғашқы айы. Жарайсыңдар!
Балаларға шығарманы тыңдап болған соң, педагог сұрақтар қояды:
- Балалар, бүгін қандай ән тыңдадық? Наурыз туралы.
- Әуенін жазған сазгер кім? Д. Ботбаев.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Көңілді ноталар» дидактикалық ойыны
Ойынның шарты: нотаны түстермен құрастыру арқылы кемпірқосақ бейнесін шығару.
- Балалар, тақтадағы суреттен ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?
- Кемпірқосақтың. Дұрыс.
- Кемпірқосақта неше түс бар? Жеті түс бар. Жақсы!
- Балалар, музыка әлемінде де 5 қара сызықтың бойындағы скрипка кілтінде 7 нотаның түсі осы түстермен белгіленеді.
- Бірінші нота қызыл түсті.
- Екінші нота қызғылт сары түсті.
- Үшінші нота сары түсті.
- Төртінші нота жасыл түсті.
- Бесінші нота көгілдір түсті.
- Алтыншы нота көк түсті.
- Жетінші нота күлгін түсті.
- Балалар, осы ноталар өздеріне сәйкес дыбысталады. Бұлттарда ноталар шашылып жатыр, оларды рет-ретімен орналастырайықшы?!
Балалар қызығушылық танытады.
- Бәріміз шеңбер құрып отырамыз, берілген түстерді рет-ретімен қоямыз. Әр балаға жеті нота салынған қаптамалар беріледі, балалар ноталарды өз түсінгендері бойынша қояды. Түсінбеген жағдай болса, жетекшінің айтуымен орналастырады. Соңғы нота қойылған соң орындарынан тұрады.
- Балалар, қараңдаршы, құрастырған түстерден ненің бейнесін көріп тұрмыз? Кемпірқосақтың. Тамаша!
- Балалар, нота орналастырылған кемпірқосақ қалай көңілді билеп тұрғандай. Солай ма, қараңдаршы?

- Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, көңілді кемпірқосақпен бірге қимылдар жасайық.
Балалар педагогпен бірге әуенге сай қимылдар жасайды.
- Жарайсыңдар, балалар! Жақсы ойнаған балаларға бұлақ бейнеленген таңбалауыштар табыс етіледі.
Дауысқа арналған жаттығулар
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тізенің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енд, балалар, менімен бірге қайталаймыз.
- га-га,
- ду-ду,
- ко-ко,
- ля-ля.
- Жарайсыңдар!
- Балалар, ешкі лағын қалай шақырады? Естідіңдер ме?
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
Лағым
 Шөре-шөре, лағым,
 Тентек болма, шырағым,
 Секектеме, деміңді ал,
 Селтеңдемей құлағың.
- Тамаша!
- Балалар, көкек қалай шақырады?
Балалар дауыстап:
- Кө-кек, кө-кек.
- Жақсы.
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
Көкек
 Ағашта биік,
 Бір құсты көрдік.
 Сайрайды сол құс,
 Сайрайды талмай.
 Кө-кек, кө-кек,
 Аты оның содан,
 Атанған кө-кек.
- Тамаша! Жарайсыңдар, балалар!

Ән салу
Б. Бейсенова «Нұрлы көктем» әні (ән айту).
(әні: Б. Бейсенова).
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударып, көктем туралы сұрақтар қоя бастайды:
- Балалар, тақтадан не көріп тұрсыңдар?
Балалар көктемді көріп тұрғандарын айтады.

- Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер? Қар еріп жатыр. Жарайсыңдар!
- Балалар, көктемде тағы қандай өзгеріс болады? Гүлдер өсе бастайды. Тамаша!
- Тағы да? Ағаштар бүршік жарады. Керемет!
- Олай болса, балалар, көктемге арналған «Нұрлы көктем» әнін үйреніп алайық?!
- Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізге қосылуға «әнші қарлығаштар» да келді.
Қарлығаштарға қосылып, әннің ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауға үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әннің сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, «әнші қарлығаштар» да сендермен бірге ән айтқылары келеді. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырамақ бар ма? Иә.
- Балалар, тыңдайық. Қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
Халық әні «Айгөлекті» сылдырмақ аспабында ойнау.Балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады.
- Балалар, бұл сылдырмақтармен ойнап жатқан шығарманы аналарға арнаймыз, солай ма? Иә.
- Балалар, аналарға әлемдегі бар байлықты тарту етсек те, аз болады, солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Айгөлек».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Қазақ халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, сылдырмақта тамаша ойнадыңдар!

«Ән салған кім?» музыкалық-дидактикалық ойын
- Балалар, қолдарыңдағы «әдемі, көңілді шарларды» алып, маған қарай ойын алаңына келіңдер. Жарайсыңдар!
- Қазір «Ән салған кім?» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты: әннің шумақтары айтылғанда «әдемі, көңілді шарларды» арттарыңа тығып шеңбер бойымен жай жүресіңдер, қайырмасында «әдемі, көңілді шарларды» музыка ырғағына сай бір-біріне соғасыңдар. Ойынды бастаушы санамақ арқылы сайланады. Балалар ұстаған шарлардың кейбіреуінің ішінде дыбыс шығаратын қоңыраулар бар. Балалар сол қоңыраулардың үнін анықтап табулары керек.
- Ал, балалар, бастаймыз!
 Достығымыз жараса,
 Асыр салып таласа,
 Ойынды тез бастайық,
 Шартын қатаң сақтайық,
 Бір, екі, үш,
 Ойын баста, ұш!
Педагог балалар ойынын музыка жетекшісімен бірге бақылап, арасында ескерту жасап отырады.

Қорытынды:

Музыкалық жетекші оқу қызметінің аяғында:
- Балалар, сендер күннен-күнге есейіп, ақылды болып бара жатырсыңдар!
Балалар қуанып қалады.
- Балалар, әсіресе, айтқан әндерің мен билеген билеріңе өте риза болдым.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде қандай ән тыңдадық?
- «Наурыз айы» әнін.
- Балалар, бүгін қандай әнді айтуды үйрендік? «Нұрлы көктем» әнін.
- Қандай би биледік? «Ах вы, сени» биін биледік.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде жақсы белсенділік көрсеттіңдер, рақмет!
- Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 28-02 наурыз 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Бесік жыры»

Міндеті: Балаларға әнді тыңдатып, оның сыр-сипатын ажырату және айту қабілетін дамыту; дыбыс ұзақтығы туралы ұғымды қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасай білу дағдысына жаттықтыру; аспаптардың дыбыстарын ажырата білу қабілеттерін жетілдіру.

Сәлемдесу
 Оқу қызметінің басында «Қара жорға» шығармасының әуеніне балалар залға кіріп келеді. Балалар музыкалық жетекші мен педагогтің көрсетуі бойынша «жорға жүріс» жаттығуларын жасайды.
Педагог балалардың саптағы адымдауларына қарап:
– Балалар, алдымызға қараймыз. Мойнымызды сәл иеміз, жылқы сияқты жүріп ырғақтаймыз. Жарайсыңдар!
Балалар жорға жүріс адымынан кейін жай адымға ауысып, залдағы кілемнің үстіне келіп тұрады.
Педагог:
– Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасайықшы! Міне, жарайсыңдар!
– Балалар, салт-дәстүр дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар ойланып қалады.
– Балалар, салт-дәстүр халқымыздың ертеден келе жатқан ұлттық мұралары. Наурыз мейрамы - біздің ертеден келе жатқан ұлттық дәстүріміз. Бұл мереке жылда тойланады. Осы мерекеде біздің көптеген салт-дәстүрлеріміз көрсетіледі. Атап айтқанда, бесікке салу, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, қыз ұзату сияқты көптеген салт-дәстүрлеріміз бар.
– Балалар, осындай салт-дәстүрлердің құрметіне әдемі қимылдар жасайық.
 Сақталған салт-дәстүрі (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Халқымның көне ғасыр (балалар қолдарын жандарына созады),
 Жаңарған салт-дәстүрі (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Ғасыр боп келе жатыр (балалар құшақтарын жаяды).
 Бесігі тербеледі (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Сәбиге жырын айтып (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Келіні иіледі (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Бәріне сәлем салып! (балалар иіліп құрмет білдіреді).
 Педагог балалармен бірге қимылдарды қайталайды.
– Балалар, жарайсыңдар!

 Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші:
– Балалар, қазір А.Тоқсанбаевтың «Биге шақыру» музыкалық-ырғақты шығармасымен жұптасып билеудің жаңа элементтерін үйренуді жалғастырамыз.
Музыкалық жетекші А.Тоқсанбаевтың шығармасына балаларды жұптастырып шеңберге тұрғызады. Музыка сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да, шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұбымен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды, орындарында тұрып, өзі тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды.
«Биге шақыру» әуенімен денелерін тік ұстап, шеңберді айнала жүріп, вальс сипатындағы ырғақты қимылдар жасайды. Орындарында тұрып, педагогтің көрсетуімен екі аяқтарын кезек-кезек алмастырып, орындарында тұрып айналады, қайтадан залды айналып шеңбер бойымен жүреді. Орындарында тұрып, вальс элементтерін көрсетеді. Осылайша педагогтің көмегімен 2-3 айналым жасайды.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
– Балалар, Наурыз мейрамының келгенін қалай білуге болады?
Балалар өз білгендерін айтады.
– Иә, дұрыс айтасыңдар! Киіз үй тігіледі, бауырсақ пен наурыз көже әртүрлі ұлттық тағамдар пісіріледі. Ұлттық ойындар ойналады, адамдардың бәрі ұлттық киім киеді.
наурыз мейрамы кезіндегі суреттерді көрсетеді.Наурыз мерекесіне қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
– Балалар, суретте не бейнеленген? Наурыз мерекесі. Жақсы!
– Наурыз мерекесі екенін қайдан білдіңдер? Әже үлкен қазанға наурыз көже пісіріп жатыр. Тамаша, балалар!
– Балалар, суретте тағы не бейнеленген?
Балалар ойланбай:
– Киіз үй!
– Суреттен тағы кімді көріп тұрсыңдар? Адамдар домбыра тартып тұр. Керемет!
– Балалар, Наурыз мерекесі керемет мереке, солай ма? Иә.
– Олай болса, балалар, Наурыз мерекесіне арналған әдемі музыка бар, естіп көрейікші? Б. Бейсенованың «Қош келдің, төрлет, Наурызым!» әні. Әуенін жазған Б. Бейсенова.
– Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыкалық жетекші оның сыр-сипатымен таныстырады, мәнін түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, оның сыр-сипаты мен екпінін анықтайды.
– Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма! Солай ма, балалар? Иә.
Музыкалық жетекші шығарманы балалар қабылдағанша тыңдатады.
Әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға түсінік береді:
– Балалар, Наурыз қандай мейрам? Жаңа жыл мейрамы. Тамаша!
– Наурыз мейрамы қай кезде аталып өтеді? Наурыздың 22 жұлдызында. Жарайсыңдар!
Педагог балаларға шығарманы тыңдап болған соң, сұрақтар қояды:
– Әнде не туралы айтылады? Наурыз мейрамы туралы.
– Әуенін жазған сазгер кім? Б. Бейсенова.
– Жарайсыңдар, балалар!

«Бауырсақ кіммен кездесті?» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды музыканың сыр-сипатын сезінуге, төмен, орташа, жоғары дыбыстарды ажырата білуге баулу.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші «Бауырсақ» ертегісі мен ертегідегі кейіпкерлерді естеріне түсірулерін сұрайды (қасқыр, түлкі, аю, қоян). Музыкалық жетекші осы аңдарға байланысты музыканы, мысалы аюдың музыкасын, төменгі регистрдан, ал қоянның музыкасын жоғарғы регистрдан ойнайды. Балалар музыканың қай регистрдан ойналғанын тыңдап, қай аңның музыкасы екенін тауып, сурет арқылы көрсетеді. Жеңімпаз балаларға бесік бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
– Балалар, әрқайсыңда жеке портфолио бар екенін ұмытқан жоқсыңдар ма? Жарайсыңдар, балалар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог дауыс жаттықтырудың жаңаша тәсілін қолдану мақсатында ұршықты көрсетіп:
– Балалар, ұршықтың не екенін ұмытып қалған жоқсыңдар ма? Жүннен жіп иіретін құрал.
– Балалар, ұршық та ұлттық бұйымның бірі болып табылады.
– Балалар, ұршықтағы жіптің де өзіне тән дыбысы бар, естігілерің келе ме? Иә.
– Олай болса, балалар, тыңдаймыз.
Педагог микрофонды ұршықтың жібіне жақындатып, жіпті тартқан кезде «-дың» деген дыбыс естіледі.
Балалар да дыбысты тыңдайды.
– Балалар, ұршықтың жібін тартқан кезде қандай дыбыс шықты? «Дың- дың». Жақсы.
– Кәне, бәріміз қайталайықшы «Дың - дың - дың». Жарайсыңдар!
– Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
– Балалар, әнді айту үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
– Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығара отырып үрлейміз. Жарайсыңдар!
– Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
– Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
– Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
– Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
– Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 Әдемі ән шырқалсын.
– Тамаша!

 Ән салу
Н. Тілендиев «Бесік жыры» (ән айту).
(әні: Н. Тілендиев)
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
– Балалар, тақтадан не көріп тұрсыңдар? Бесікті.

– Балалар, бесік не үшін қажет? Бөпені жатқызу үшін. Жарайсыңдар!
– Ал, сендер бесікке жатып көрдіңдер ме? Иә. Тамаша!
– Бесік балалар үшін жайлы төсек, әрі таза, әрі жылы.
– Балалар, бесіктегі бөпеге арналған «Бесік жыры» деген ән бар, сол әнді үйреніп алайық?!
– Н. Тілендиевтің әні «Бесік жыры». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
– Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші дирижерлық етеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
– Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауға үйретеді.
– Кәне, балалар, сөздерін шапалақтап тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
– Ән өте сазды екен, балалар! Солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз.
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.

 Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
– Балалар, бәріңде даңғара бар ма? Иә.
– Қазір даңғара аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
– Балалар, даңғараларды алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге даңғараны сылдырлатамыз.
Б. Бейсенованың «Наурыз көктем» әнін даңғара аспабында ойнау.

Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде даңғарада ойнау керектігін айтады.
– Балалар, даңғарада ойналып жатқан шығарманы Наурыз мерекесіне арнаймыз, солай ма? Иә.
Даңғара аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
– Ән қалай аталады? «Наурыз көктем».
– Балалар, бұл әннің авторы кім? Б. Бейсенова. Жарайсыңдар!
– Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, даңғараларды жақсы сылдырлаттыңдар.

«Қандай ырғақ?» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: балалар педагогтің айтуымен даңғара аспабында ойнайды.
– Балалар, бәріңнің қолдарыңда даңғара аспабы бар. Мен сөздерді айтып тұрғанда, қай жерінде даңғараны ұру керектігін өздерің мұқият тыңдап анықтайсыңдар.
 Даңғараны ұр қатты,
 Дәл қайтала ырғақты.
 Тоғайда көп тоқылдақ,
 Үн естілді тоқылдап.
 Тоқ, тоқ, тоқ,
 Тоқ, тоқ, тоқ.
 Даңғараны ұр қатты,
 Дәл қайтала ырғақты.
 Күн күркіреп жарқылдап,,
 Бұршақ жауды сартылдап.
 Сарт, сарт, сарт, сарт,
 Сарт, сарт, сарт, сарт.
– Жарайсыңдар! Рақмет!

Қорытынды:

Оқу қызметінің аяғында педагог:
– Балалар, бүгін наурыз дастарханынан дәм татамыз.
– Балалар, наурыз дастарханында қандай ұлттық тағамдар болады?
– Наурыз көже, бауырсақ, құрт, тары, қазы. Тамаша!
– Балалар, бүгінгі оқу қызметінде қандай ән тыңдадық?
– «Қош келдің, төрлет, Наурызым!» әнін.
– Балалар, бүгін қандай ән айтуды үйрендік? «Бесік жыры» әнін.
– Қандай би биледік? «Биге шақыру» биін биледік.
– Балалар, бүгінгі оқу қызметінде жақсы белсенділік көрсеттіңдер, рақмет!
– Наурыз мейрамдарың құтты болсын! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Айы, күні, жылы: 07-09 наурыз 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Әжеміздің әні тамаша»

Міндеті: Балаларға әнді тыңдағанда оның сыр-сипатын ажырату және сөздерін дұрыс айту қабілеттерін дамыту; дыбыс ұзақтығы туралы ұғымын қалыптастыру; музыка әуенімен бірге би ырғақтарын жасау дағдысын жаттықтыру; аспаптардың дыбыстарын ажырата білу қабілеттерін жетілдіру.

Сәлемдесу
 Педагог оқу залын Наурыз мерекесіне сай безендіріп қояды.
Оқу қызметі басталысымен «Қара жорға» шығармасының әуеніне балалар «жорға жүріс» жаттығуларын жасап кіреді.
Педагог балалардың саптағы адымдарына қарап: 
- Балалар, алдымызға қараймыз, мойынды сәл иеміз. Енді жылқы сияқты жүріп ырғақтаймыз. Жарайсыңдар! Балалар жорға жүріс адымынан кейін жай адымға ауысып, залдағы кілемнің үстіне келіп тұрады.
Педагог: 
- Балалар, біздің әжеміз қай уақытта наурыз көже жасайды? 
- Иә, Наурыз мейрамында. 
- Балалар, сендерге Наурыз мейрамы ұнай ма?
Балалардың жауаптары. 
- Наурыз мейрамы неліктен ұнайды?
Әркім өзінің жауабын айтады. 
- Қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
- Шілдехана, тұсаукесер, сүндет той. 
- Иә, жарайсыңдар! Қазақ халқында көптеген салт-дәстүрлер бар. Сол салт-дәстүрлерді сақтауымыз керек.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қазір А.Тоқсанбаевтың «Биге шақыру» музыкалық-ырғақты шығармасына жұптасып билеудің жаңа элементтерін үйренуді жалғастырамыз.
(Аудиозапись песни  А.Токсанбаева "Пригласить на танец").
 Музыкалық жетекші А.Тоқсанбаевтың шығармасына балаларды шеңберге жұппен тұрғызып, музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да, шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұппен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адым элементтерін жасайды. Орындарында тұрып, өзі тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. 
 «Биге шақыру» атты шығармасының әуеніне денелерін тік ұстап, шеңберді айнала жүріп вальс сипатындағы ырғақты қимылдарды жасайды. Орындарында тұрып, педагогтің көрсетуімен екі аяқтарын кезек-кезек алмастырып айналады. Залды қайтадан айналып шеңбер бойымен жүреді. Орындарында тұрып, вальс элементтерін көрсетеді. Осылайша педагогтің көмегімен 2-3 айналым жасайды.
Ән тыңдау 
- Наурыз мейрамында ер адамдар киіз үйлерді тігеді. Аналарымыз бен әжелеріміз наурыз көже, бауырсақ пісіріп, қымызды сапырып отырады. Дастарханға тәтті-дәмдінің бәрін толтырып қояды. Балалар ұлттық ойындарды ойнап, сахнада өз өнерлерін көрсетіп жатады.  
- Қандай әндер мен күйлер орындалады?
Наурыз мерекесіне арналған әдемі әуендерді естіп көрейікші? Б. Бейсенованың «Қош келдің, төрлет, Наурызым!» әні. Әнін жазған Б. Бейсенова. 
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыкалық жетекші оның сыр-сипатымен таныстырады, мән-мағынасын түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, сыр-сипаты мен екпінін анықтайды. 
- Кәне, балалар, шапалақпен ұра отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма балалар, солай ма? Иә.
Музыкалық жетекші балалар шығарманы әбден қабылдағанша тыңдатады.
«Аспаптардың дыбыстарын ажырат» ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды музыкалық аспаптардың тембрын ажыратуға баулу, есту қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: карточкада пианино, скрипка, гитара, сырнай, домбыра, жетіген, қобыз, шертер аспаптарының суреттері бейнеленген. Үнтаспада аспаптардың орындауында пьесадан үзінді орындалып, балалар аспаптың үніне сәйкес суретін көрсетеді.
 Дауысқа арналған жаттығулар
Дауыс жаттықтырудың жаңаша тәсілін қолдану мақсатында ұршықты көрсетіп:
- Балалар, ұршықтың не екенін ұмытып қалған жоқсыңдар ма? Жүннен жіп иіретін құрал.
- Балалар, ұршық қолөнер бұйымы.
- Балалар, ұршықтағы жіптің өзіне тән дыбысы бар. Естігілерің келе ме? Иә.
- Олай болса, балалар, тыңдаймыз.
Педагог микрофонды ұршықтың жібіне жақындатып, жіпті тартқан кезде «дың» деген дыбыс естіледі.
Балалар дыбысты тыңдайды. 
- Балалар, ұршықтың жібін тартқан кезде қандай дыбыс шықты? «Дың». Жақсы. 
- Кәне, бәріміз қайталайықшы «Дың -дың -дың». Жарайсыңдар!
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, әнді айту үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
- Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, сол демді үнемді түрде гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығарып үрлейміз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 Әдемі ән шырқалсын.
- Тамаша
Ән салу
Н. Тілендиев «Бесік жыры» (ән айту)
(әні: Н.Тілендиев). 

- Балалар, естіп тұрсыңдар ма, сәбидің дауысы естіліп тұр. 
- Н. Тілендиевтің әні «Бесік жыры», бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз.
 Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады, үнтаспаға қосылып шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
 Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Ән өте сазды екен, балалар. Солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз.
 Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.
Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде даңғара бар ма? Иә.
- Онда тыңдайықшы, қазір мына даңғара аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, даңғараны алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге даңғараларды сылдылратамыз.
Б. Бейсенованың «Наурыз көктем» әнін даңғара аспабында ойнау  Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде даңғарада ойнау керектігін айтады. 
- Балалар, даңғарада ойнап жатқан шығарманы Наурыз мерекесіне арнаймыз, солай ма? Иә.
Даңғара аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Ән қалай аталады? «Наурыз көктем».
- Балалар, бұл әннің авторы кім? Б. Бейсенова. Жарайсыңдар!
- Тамаша! Даңғарада тамаша ойнадыңдар, балалар!
«Бала уату» ойыны.
- Балалар, біз сәбиді бесікке жатқызамыз. Сәбидің бесігін тербетеміз. 
Балалар шеңбер бойымен тізелерін бүгіп тұрады. Барлығы көздерін жұмады. Көзін ашқанда алдынан ойыншық көрген бала ортаға шығады.
Қорытынды
Оқу қызметінің аяғында педагог: 
- Балалар, бүгін қандай мереке жайлы айттық? Наурыз! Дұрыс айтасыңдар.
- Қандай ән айттық? «Қош келдің, төрлет, Наурызым!» әнін.
- Балалар, бүгін қандай ән айтуды үйрендік? «Бесік жыры» әнін.
- Қандай би биледік? «Биге шақыру» биін биледік.
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет!
- Наурыз мейрамдарың құтты болсын! Оқу қызметі аяқталды, сау болыңдар!

Тақырыбы: «Қасқыр үнін тыңдайық»

Міндеті: Балалардың домбыра туралы түсініктерін кеңейту; домбыраның дыбысын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру; ырғақты қимылдарды орындай білу іскерліктерін жетілдіру; оркестр ұжымына қызығушылықтарын арттыру.

Сәлемдесу
 «Қара жорға» әні қосылады. Балалар «жорға жүріс» жаттығуларын жасап залға кіреді.
Педагог балалардың саптағы адымдарына қарап:
- Балалар, алдымызға қараймыз, мойнымызды сәл иеміз. Жылқы сияқты жүріп ырғақтаймыз. Жарайсыңдар!
 Балалар «жорға жүріс» адымынан кейін жай адымға ауысып, залдағы кілемнің үстіне келіп тұрады.
Педагог:
- Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасайықшы! Міне, жарайсыңдар!
- Балалар, «Өнер көзі - халықта» деген сөздің мағынасын білесіңдер ме? Халқымыздың өнерлі екенін білдіреді. Жарайсыңдар!
- Балалар, домбыраның не екенін білесіңдер ме? Ұлттық аспап дегеніміз не? Сендер домбыраны көрдіңдер ме? Үйлеріңде домбыра бар ма? Жарайсыңдар, балалар! «Нағыз қазақ - домбыра!» сөзінің өзінде домбыраның қазақтың ұлттық аспабы екендігі айтылады.

- Мына суретке қарайық. Домбыра ағаштан жасалады. Домбыраның қос шегі болады. Домбыраны көрген адамдар қазақтың аспабы екенін біледі.
- Балалар, осындай аспабымызға арнап сәлем жолдайық. Қимылды менімен бірге қайталаймыз:
 Күмбірлетіп күйді (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Дүрілдетіп тойды (балалар қолдарын жандарына созады),
 Танытатын ойды (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Қасиетті домбыра (балалар құшақтарын жаяды).
 Көне заман көзі (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Нағыз қазақ өзі (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Қасиетті сөзі (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Сәлем, домбыра (балалар иіліп тәжім жасайды)!
 Педагог қимылдарды балалармен бірге қайталайды.
- Балалар, жарайсыңдар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, қазір «Ақсақ құлан» күйіне музыкалық-ырғақты қимылдарды жасауды үйренеміз.

 Музыкалық жетекші қазақ халқының «Ақсақ құлан» күйінің әуеніне балаларды шеңберге тұрғызады. Музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер бойымен адымдар жасайды да, балаларды бақылап тұрады. Балалар аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды. Орындарында тұрып, өзі тұрған орнын айналып, шеңбер бойымен адымдайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұбымен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды.
 «Ақсақ құлан» күйіне ырғақтап жүріп, жеңіл қимылдар жасайды. Орындарында тұрып, педагогтің көрсетуімен екі аяқтарын кезек-кезек алмастырып қайшылайды. Залды қайта айналып шеңбер бойымен жүреді. Орындарында тұрып, жеңіл жүгіру элементтерін көрсетеді.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балаларға домбыра туралы сұрақ қояды:
- Балалар, домбыра қандай аспап? Ұлттық аспап.
- Иә, дұрыс айтасыңдар. 

Наурыз мерекесіне, домбыраға қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, суретте не бейнеленген? Киіз үй. Жақсы.
- Тағы кімдерді көріп тұрсыңдар? Домбыра тартып отырған баланы. Тамаша, балалар!
- Суретте тағы нені көріп тұрсыңдар? Жылқыны. Керемет!
- Балалар, домбыра керемет аспап, солай ма? Иә.
- Олай болса, балалар, домбыраға арналған әдемі музыка бар, естіп көрейікші? Халық әні «Домбыра».

- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
Балалар музыканы тыңдап отырғанда музыкалық жетекші оның сыр-сипатымен таныстырады, мәнін түсіндіреді. Балалар музыкалық шығарманы тыңдап, оның сыр-сипаты мен екпінін анықтайды.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте тамаша шығарма! Солай ма, балалар? Иә.
Музыкалық жетекші шығарманы балалар қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға түсінік береді:
- Балалар, домбыра қандай аспап? Ұлттық аспап. Тамаша!
- Домбыра неше шекті? Екі шекті. Жарайсыңдар!
Педагог балаларға шығарманы тыңдап болған соң, сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Домбыра туралы.
- Әуенін жазған сазгер кім? Халық.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Біздің саяхат» дидактикалық ойын
Ойын шарты: балғаның дыбысы арқылы балаларға көңіл-күйді білдірту.
- Балалар, қазір ойын ойнаймыз. Бәріміз шеңбер жасап отырамыз.
Балалар шеңберде отырады, музыкалық жетекші саяхатқа баратындарын айтады.
- Балалар, қазір бәріміз саяхатқа барамыз. Бізге менің қолымдағы музыкалық балға көмектеседі. Мен айтқан сөздерді көз алдарыңа елестетіп, қимыл-қозғалыстарды орындаймыз.
- Дайынбыз ба, балалар? Иә.
- Онда бастаймыз!
 Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз (балалар аяқтарын кезек-кезек жүргендей қозғайды).
 Далаға шықтық, күннің көзіне қуанып жүгірдік (балалар қолдарын жоғары көтереді, аяқтарын кезек-кезек жүгіргендей қозғайды).
 Айгерім допты алып жерге соға бастады (балалар екі қолдарымен кезек-кезек доп ұрғандай қимыл жасайды).
 Балалар тез-тез секірді (балалар екі аяқтарын біріктіріп, секіргендей қимыл жасайды).
- Бірақ, күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды. Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды (балалар екі қолдарын біріктіріп, жаңбыр жауғандай қимыл жасайды, басында саусақтарын ақырын қимылдатады, соңында тез-тез қимылдатады). Музыкалық жетекші осы қимылдардың барлығын музыкалық балғамен ойнайды.
- Жарайсыңдар, балалар!
Педагог балаларға марапат ретінде домбыра бейнеленген таңбалауыштарды үлестіреді.
- Жарайсыңдар, балалар! Таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

Дауысқа арналған жаттығулар
Музыкалық жетекші дауысты жаттықтырудың алдында балаларды орындықтарға ыңғайлы отырғызып алады.
- Балалар, дауысқа арналған жаттығуларды менімен бірге қайталаймыз. Алдымен аралар болайық:
Аралар
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
 Қызыл, жасыл гүлдерден,
 Балды сорып аламыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, әнді айту үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
- Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, сол деммен қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығарамыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 - Әдемі ән шырқалсын. Тамаша!

Ән салу
Б. Бейсенова «Қасиетті домбыра» әні (ән айту).
(әні: Б.Бейсенова)
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, бүгінгі оқу қызметінде домбыра туралы көп нәрсе білдік.
Қазір «Қасиетті домбыра» әнін үйреніп алайық?!
- Б. Бейсенованың «Қасиетті домбыра» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызады, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Ән өте сазды екен, балалар. Солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық. Музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
«Айгөлек» халық әуенін сылдырмақ аспабында ойнау.

Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады.
- Балалар, бұл сылдырмақтармен ойнап жатқан шығарманы аналарға арнаймыз, солай ма? Иә.
- Балалар, аналарға әлемдегі бар байлықты тарту етсек те, аз болады. Солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Айгөлек».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Қазақ халқының. Тамаша!
- Тамаша! Балалар, сылдырмақта жақсы ойнадыңдар.

«Өз аспабыңды тап» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларға аспаптардың дыбысын ажыратуды үйрету.
Ойын жабдығы: музыкалық аспаптардың суреттері бейнеленген түссіз карточкалар және төртке бөлінген түрлі-түсті үш карта, балаларға арналған музыкалық аспаптар, керме.
Ойынның барысы: жүргізуші керменің артындағы аспаптардың жанына төртке бөлінген түрлі-түсті картаны қояды, ал түссіз картаны ойнайтын балаларға таратып береді. Ойынға бір жүргізуші, екі бала қажет. Балаларға аспаптардың дауысын тағы да бір рет тыңдатып, өлең айта бастайды, ойын осылай басталады. Жүргізуші суреттің бір бөлігін көтеріп, сол аспапта ойнап, балалардан:
- Мен қандай аспапта ойнадым? - деп сұрайды.
Дұрыс жауап берген балаға түрлі-түсті картаның бір бөлігі беріліп, ол карта түссіз картаның үстіне қойылады. Ойын карта жабылғанша жалғаса береді.

Қорытынды:

Оқу қызметінің аяғында балалардың бүгінгі тапсырманы қандай деңгейде қабылдағандарын пысықтау мақсатында сұрақтар қояды:
- Балалар, оқу қызметінде қандай ән тыңдадық? «Домбыра».
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Қасиетті домбыра» әнін.
- Балалар, домбыра қандай аспап? Ұлттық аспап.
- Домбыраның неше шегі бар? Екі.
- Бәрекелді, балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер, рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 14-16 наурыз 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Ғарыштағы қоңыраулар»

Міндеті: Балаларға жаңа әннің мазмұнын оның әуені арқылы эмоциямен қабылдай білуге үйрету; музыканың көңілді, ойнақы сипатын алақандарымен баяу, ырғақты ұрып, әуен сүйемелдеуіне еріп, жұптасып көңілді би билеу дағдысын меңгерту; музыкадағы контрастық бөлімдерді ажырата білу қабілетін қалыптастыру.

Сәлемдесу
 Е.Тиличееваның «Марш» шығармасы қосылады. Балалар музыкалық жетекшінің көрсетуімен салтанатты адымдар жасап залға кіреді.
Е.Тиличееваның «Марш» шығармасы. 
Педагог балаларға:
- Адымды кең, тізені жоғары көтеріп аламыз. Жарайсыңдар!
- Арақашықтықты сақтауды ұмытпаңдар. Тамаша!
- Салтанатты адыммен жүреміз. Керемет!
Балалар ортаға келіп тоқтайды.
Педагог:
- Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасап тұрайықшы! Міне, жарайсыңдар! Қазір, балалар, көктем айы. Көктем сендерге ұнай ма? Иә.
- Енді, балалар, көктем айына сәлемімізді жолдайық, қимылды менімен бірге жасаймыз:
 Тамылжып сәуір айы (балалар қолдарын жандарына созады),
 Келіпті жайнап бізге (балалар қолдарын жоғары көтереді).
 Көктемнің сұлу айы (балалар құшақтарын жаяды),
 Мың сәлем бізден сізге! (балалар қол білезіктерін айналдырады).
Педагог балалармен бірге қимылдарды қайталайды.
- Балалар, жарайсыңдар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолымен шапалақтайды:
- Балалар, қазір орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне музыкалық-ырғақты қимылдарды жасауды үйренеміз.

Музыкалық жетекші орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне балаларды шеңберге тұрғызып, музыка сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да «галоп» адымын балаларға көрсетеді. Балалар жұппен бірігіп, өздері тұрған орнын айналып «галоп» адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. «Ах вы, сени» әуеніне орындалатын негізгі адымдар «галоп», «тарпылдату», «аяқты қайшылау».
Музыкалық жетекші балалармен сұхбаттасып отырғанда көп қоңыраулардың дыбысы естіледі:
- Балалар, ненің дыбысы шығып жатыр?
Балалар елеңдеп отырғанда педагог есік жаққа барып, көп қоңырауларды алып кіреді:
- Қараңдаршы, балалар, біреу қоңырауларды тастап кетіпті. Әлде, ұмытып кетті ме екен? Жарайды, балалар, егер біреу ұмытқан болса, іздеп келер. Қоңырауларды алайық, балалар! Енді, балалар, бізге қонаққа ұшақ келді. Ол өзі туралы жаңа ән алып келіпті. Жаңа әнді тыңдап ғарышқа саяхатты тамашалайық!
Интербелсенді тақтаны қосып, ғарыш кереметтерінен көрініс көрсетеді.

- Қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Енді, әнді тыңдаймыз.
Е. Тиличееваның «Ұшақ» әні (Аудиозапись песни Е.Тиличеевой "Самолет").
 Педагог балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Ұшақ туралы. Балалар, әннің ұшақ туралы екенін қандай дыбыстардан ажыраттыңдар? Тамаша, балалар!
Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауларды сыңғырлатамыз.
(Аудиозапись. Звон колокольчиков). 1, 2 - 1, 2 бастаймыз. Педагог балалармен бірге әнді тыңдап отырып, қоңырауларды сыңғырлатып жаттықтырады.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?

 Балалар суреттен ғарыш әлемі көрініп тұрғанын айтады.
- Балалар, ғарышта да дыбыстар болады, тыңдап көрейікші?!

 Музыкалық жетекші:
- Балалар, қандай дыбыстарды естідіңдер? Құстың. Жақсы. Бірақ, ғарышта құс болмайды.
- Тағы қандай дыбыстар естеріңде қалды?
 Балалар ойланып қалады.
- Балалар, сендер ойланғанша, әдемі музыканы тыңдап алайық. Шығарма «Қоңыраулар сыңғыры» деп аталады. Шығарманың авторы австриялық композитор Вольфганг Моцарт.
- Балалар, осы қоңыраулар туралы әдемі музыканы тыңдағанымыз естеріңде ме? Сол музыканы тағы да тыңдап көрейікші?
- Балалар, бәріміз композитордың аты-жөнін қайталайық. Композитор Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

 Музыкалық жетекші балаларға күйсандықта ойналған «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын бейнебаян арқылы тыңдатып көрсетеді.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, музыка қандай аспапта орындалған? Күйсандықта. Тамаша!
- Музыка не туралы? Қоңыраулар сыңғыры туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл музыканы кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, бұл музыка композитор Вольфганг Моцарттың шығармасы. Қайталаймыз, жарайсыңдар!
- Енді, балалар, «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын тағы да тыңдаймыз! Музыкалық жетекші балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, бүгін қандай музыка тыңдадық? «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын.
- Шығарманың авторы кім? Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Музыка қандай аспапта орындалады? Күйсандықта.
- Керемет, балалар!

«Ырғақты қайтала» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: аспапты тембрлік үнінен тануға үйрету.
Ойынның көрнекілігі: сылдырамақ, металлофон, қоңырау, үшбұрыш, ағаш қасықтар.
Ойынның шарты: екі бала бір-біріне арқасымен теріс қарап тұрады. Алдарында бірдей аспаптар қойылады. Бірінші бала таныс әннің ырғағын аспапта ойнайды, екінші бала дәл сол аспапта ырғақты қайталайды. Бала дұрыс тауып ойнаса, балалар шапалақтайды. Жақсы ойнаған балаларға таңбалауыштар таратылады.
Дауыс жаттығулары
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, тауда келе жатып, бір-бірімізден көз жазып қалдық. Бір-бірімізді табу үшін қалай айғайлаймыз? Балалар, үндемей қалады.
- Балалар, алдымен ақырын «аууу» дейміз. Кәне бәріміз, ақырын «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Біздің дауысымызды ешкім естімеді, енді сәл дауысымызды көтеріп, тағы да «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Балалар, дауысымызды ешкім естімеген сияқты ғой, енді қаттырақ «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды. Сол кезде «аууу» деген жаңғырық естіледі.

- Естідіңдер ме, балалар, біз іздеген адамдар табылды.
Педагог балаларға картон қағаздан жасалған аспаптар бейнесін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар таңырқап қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, аспапты ұстау, онымен ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар. Керек жерінде сөзін қайталайсыңдар, мысалы, «дан-диги-дан» деп қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар!
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан.
 Қобыз аспап киелі,
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри, пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду.
 Трам-та соқса барабан,
 Қызыға жұрт қараған.
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!

 Ән салу
Б. Байқадамов «Кел, билейік» әні.
(әні: Б. Байқадамов).
Ән айтудың алдында музыкалық жетекші балалардың көңіл-күйлерін арттыру мақсатында сурет көрсетеді.

- Балалар, тақтадан кімді көріп отырсыңдар? Балаларды.
- Балалар не істеп жатыр? Билер жатыр. Тамаша!
- Балалар, қараңдаршы, әлемдегі барлық балалар қосылып, тамаша билеп жатыр. Иә.
Балалар да қызыға қарайды.
- Балалар, барлық балалар үнемі көңілді болуы үшін «Кел, билейік» әнін тағы да айтып, есімізге түсіріп алайық. Содан кейін біз де билейміз?!
- Б. Байқадамовтың «Кел, билейік» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындаламыз. Алдымен әнді мұқият тыңдап алайық.
- Енді, балалар, әнді ақырын менімен қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып, үнтаспаға қосылып айтады. Шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Музыкалық жетекші әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз. Жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. Соңында музыкалық жетекші балалармен бірге әнді тақтадағы аудиожазбаға қосылып айтуды аяқтайды.
- Енді, балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, еркін қимылдармен би билеп, ән айтамыз.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне қоңырауларды үлестіріп береді де:
- Балалар, қазір қоңырау аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, қоңырауларды алайық, балалар! Енді, балалар, музыканы тыңдап отырып, ғарыш қызығын тамашалайық!
Педагог интербелсенді тақтаны қосып, ғарыштан көрініс көрсетеді.

- Ғарыш көрінісі қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Енді музыканы тыңдап отырып, менімен бірге қоңырау соғамыз. В. Моцарт «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасы.

 Балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде қоңырауларда ойнау керектігін айтады. Қоңырау аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығармада не туралы айтылады? Қоңыраулар туралы.
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? В. Моцарт. Жарайсыңдар!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, қоңырауларды менімен бірге сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
 Педагог балалармен бірге шығарманы тыңдап отырып, қоңырауларды сыңғырлатып жаттықтырады.

«Жоғарғы және төменгі дыбысты тап» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларға музыкалық дыбыстардың төмен не жоғары болуын ажыратуға үйрету.
Ойынның көрнекілігі: әр балаға суретті карточкалар: үйрек-балапан, аю-қонжық, қоян-көжек, жылқы-құлын.
Ойынның барысы: балалар музыкалық дыбыстардың төмен не жоғары болуын ажырату кезінде әрбір карточкамен жеке жұмыс жасауы тиіс. - ре (төмен дыбысты естігенде карточкадағы жануар тұрған дөңгелекті жабу.) - ля (жоғарғы дыбыс) жануардың баласын көрсету керек. Балалардан музыканың өзгеру темпін қимылмен көрсетуді және сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
- Үйректің дауысы қандай? Жуан.
- Балапанның дауысы қандай? Жіңішке.
- Музыканың әуеніне қандай? Жуан.
- Балапан қалай дыбыстайды (балапанның дауысын салу)?
- Балалар, жарайсыңдар!

Қорытынды

Оқу қызметінің аяғында балалардың бүгінгі тапсырманы қандай деңгейде қабылдағандарын пысықтау үшін сұрақтар қояды:
- Балалар, ғарыш деген не? Аспан. Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар, оқу қызметінде қандай шығарманы тыңдадық? «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Кел, билейік» әнін.
- Балалар, біз бүгін қандай аспаптарда ойнадық? Қоңырау аспабында.
- Балалар, оқу қызметі ұнады ма?
Балалар бастарын изейді.
- Керемет, балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер, рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Қасқыр үнін тыңдайық»

Міндеті: Балаларды жаңа әннің мазмұнын әуен арқылы эмоциямен қабылдай білуге үйрету; музыканың көңілді, ойнақы ырғағын алақандарымен баяу шапалақтап, жұптасып әуенге көңілді билеу дағдысын меңгерту; музыкадағы контрастық бөлімдерді ажырату қабілетін қалыптастыруды пысықтау.   

Сәлемдесу
Оқу залында Е.Тиличееваның «Марш» атты шығармасы қосулы тұрады. Балалар педагогтің көсетуіне қарап, адымдау жаттығуларын жасап кіреді.
- Балалар, бәріміз көзімізді жұмайық. 

- Енді, көздеріңді ашсаңдар болады. 
- Балалар, біз ғарыш әлеміндеміз.
- Ғарыш әлемінде не бар екен? 
- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар! Ғарышта планеталар бар. 
- Ендеше, бүгін ғарыш туралы ғана әңгіме айтып, ән айтамыз. 
Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші балалардың назарын аудару мақсатында қолымен шапалақтайды:
- Балалар, қазір орыс халқының «Ах вы, сени» әуеніне музыкалық-ырғақты қимылдар жасауды үйренеміз.

 Музыкалық жетекші орыс халқының «Ах вы, сени» әнінің әуеніне балаларды шеңберге тұрғызып, музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да, «галоп» адымын балаларға көрсетеді. Балалар жұппен бірігіп, өзі тұрған орнын айналып «галоп» адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады. Орындалатын негізгі адымдар «галоп», «тарпылдату»,«аяқты қайшылау».
 Музыкалық жетекші балалармен сұхбаттасып отырғанда көп қоңыраулардың дыбысы естіледі:
- Тыңдайықшы, балалар, ненің дыбысы шығып жатыр!
 Балалар елеңдеп отырғанда педагог есік жаққа барып, көп қоңырауларды алып кіреді:
- Қараңдаршы, балалар, біреу бізге көп қоңырауды тастап кетіпті. Әлде, ұмытып кетті ме екен? Жарайды, біреу ұмытқан болса, іздеп келер. Қоңырауларды алайық, балалар! Балалар, бізге қонаққа ұшақ келді. Өзі туралы тыңдауға жаңа ән алып келіпті. Жаңа әнді тыңдап отырып, ғарышқа саяхатты тамашалайық!

 Педагог интербелсенді тақтаны қосып, ғарыш кереметтерінен көрініс көрсетеді.
- Қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Енді, ән тыңдаймыз. Е.Тиличееваның «Ұшақ» әні.
 Педагог балаларға әнді тыңдатып, бірнеше сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Ұшақ туралы.
- Балалар, ұшақ туралы екенін қандай дыбыстардан ажыраттыңдар? Тамаша!
- Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауды сыңғырлатамыз. Бір, екі, бір, екі! Бастаймыз, балалар!
 Балалармен бірге әнді тыңдап отырып, қоңырауларды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.
Ән тыңдау 

- Қараңдаршы, балалар, күшік қандай сүйкімді?! Адасып қалған болар, мен бұл күшікке Марс деген есім қойғым келіп тұр. Қалай қарайсыңдар, балалар? Күшіктің мойнында қоңырауы бар екен. 
- Қоңырауы сыңғыр-сыңғыр етеді.
- Балалар, осы қоңыраулар туралы әдемі музыканы тыңдағанымыз естеріңде ме? Сол музыканы тағы да тыңдап көрейік.
- Вольфганг Моцарттың «Қоңыраулар сыңғыры» атты шығармасын тыңдап көрейік.
- Балалар, бәріміз композитордың аты-жөнін қайталайық. Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Музыкалық жетекші балаларға «Қоңыраулар сыңғыры» әуенін тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, музыка қандай аспапта орындалған? Күйсандықта. Тамаша!
- Музыка не туралы? Қоңыраулар сыңғыры туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл музыканы кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, композитор Вольфганг Моцарттың шығармасы. Қайталаймыз, балалар, жарайсыңдар!
- Енді, балалар, «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын тағы да тыңдаймыз!
 Музыкалық жетекші балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, бүгін қандай музыка тыңдадық? «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын. 
- Шығарманың авторы кім? Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Музыка қандай аспапта орындалады? Күйсандықта.
- Керемет, балалар!
«Қай аспапта ойнаймын?» музыкалық-дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті, ұрмалы, үрмелі) өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру, бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Аспаптарда ойнауға машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: балаларға аспаптардың (домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ, дауылпаз, т.б.) суреттері бейнеленген карточкалар ұсынылады. Музыкалық жетекші шымылдықдың артына жасырынып бір аспапта ойнайды. Балалар мұқият тыңдап, аспаптың дауысын ажыратып, оның суретін көрсетеді.
Дауысқа арналған жаттығулар
Балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, тауда келе жатқанда бір-бірімізден көз жазып қалдық. Бір-бірімізді табу үшін қалай айғайлаймыз?
Балалар, үндемей қалады.
- Балалар, алдымен ақырын «аууу» дейміз. Кәне, бәріміз ақырын «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Біздің дауысымызды ешкім естімеді, енді дауысымызды сәл көтеріп, тағы да «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды.
- Балалар, дауысымызды ешкім естімеген сияқты ғой, енді қаттырақ  «аууу» дейміз.
Балалар қайталайды. Сол кезде «аууу» деген жаңғырық естіледі.

- Естідіңдер ме, балалар, біз іздеген адамдар табылды.
Балаларға картон қағаздан жасалған аспаптар бейнесін (домбыра, қобыз, сыбызғы, дабыл) үлестіріп береді.
- Балалар, бәріміз «Көңілді музыканттар» болайықшы!?
Балалар таңырқап қалады.
- Балалар, аспаптардың үнін әндете отырып, аспапты ұстау, ойнау ерекшелігін көрсету керек.
- Мен сөздерін айтып отырамын, сендер аспаптарда ойнап отырасыңдар. Керек жерінде сөзін қайталайсыңдар, мысалы, «дан-диги-дан» дегенде қайталайсыңдар.
- Бастаймыз, балалар.
 Домбыраны қолға алып,
 Ән айтамыз толғанып.
 Дан-диги-дан. 
 Қобыз аспап киелі, 
 Оны бәрі сүйеді.
 Пара-ри,пара-ри.
 Сыбызғыны үрлейміз,
 Жалқаулықты білмейміз.
 Ду-ду-ду. 
 Трам-та соқса барабан, 
 Қызыға жұрт қараған. 
 Трам-та-та.
- Жарайсыңдар, балалар!
Ән салу
 Б.Байқадамов «Кел, билейік» әні.
(әні: Б.Байқадамов) 
Ән. 
- Б. Байқадамовтың «Кел, билейік» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындаламыз. Алдымен әнді мұқият тыңдап алайық.
- Енді, балалар, маған қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Музыкалық жетекші әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізді тағы да қайталайық. Тамаша!
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз. Жарайсыңдар! Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. 
- Енді, балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, билеп тұрып ән айтамыз.
Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне қоңырауларды үлестіріп береді де:
- Балалар, қазір мен мына қоңырау аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, қоңырауларды алайық! Енді, балалар, музыканы тыңдап отырып, ғарыш қызығын тамашалайық!
Интербелсенді тақтаны қосып, ғарыштан көрініс көрсетеді.
- Балалар, ғарыштың көрінісі қандай керемет! Енді, музыканы тыңдай отырып, менімен бірге қоңырауда ойнаймыз. В. Моцарт «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасы.
Педагог балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде қоңырауда ойнау керектігін айтады. Қоңырау аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығармада не туралы айтылады? Қоңыраулар туралы.
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? В. Моцарт. Жарайсыңдар!
- Тамаша! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге қоңырауларды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен шығарманы тыңдатып, қоңырауларды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.
«Музыкадағы үш кит» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын материалы: қатты картоннан жасалған үш кит.
Ойын барысы: ойын музыкадағы «Үш кит» тақырыбы бойынша балалардың білімін бекіту үшін өткізіледі. Балалар үш шеңбер жасап тұрады, әр шеңбердің ортасында қолына «кит» ұстаған бала тұрады. «Марш» әуені ойнағанда киттің суретін ұстаған бала маршты бастайды. Шеңберде тұрған балалар оған қосылады. Ал, «полька» әуені ойнағанда, полька биін билейді. «Достық» әні ойнағанда, шеңберде тұрған балалар әндетеді. Музыкалық жетекші музыкалық материалды өз қалауына қарай және тақырыпты бекіту қажеттілігіне байланысты таңдайды.
Қорытынды
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің соңында: 
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет ұнады ма?
Балалардың жауаптары. 
- Балалар, ұйымдастырылған іс-әрекетінде қандай шығарманы тыңдадық? «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Кел, билейік» әнін.
- Балалар, біз бүгін қандай аспаптарда ойнадық? Қоңыраулар аспабында. 
- Керемет, балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет! Ұйымдастырылған іс-әрекет аяқталды. Сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 21-23 наурыз 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Туған жер»

Міндеті: Балаларға әнді тыңдау кезінде оның сөздің мағынасын түсінуді, музыкалық фрагментті басынан аяғына дейін мұқият тыңдауға, музыкалық аспаптарда ырғақты ойнауды үйрету; жоғары және төменгі дыбыстарды ажыратып, ән айту дағдыларын қалыптастыру; музыкалық сүйемелдеусіз - ре - ля бірінші октавасының диапазонында ән салуға жаттықтыру.

Сәлемдесу
 Музыкалық жетекші Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» әуеніне балаларды залға кіргізеді. Балалар көңілді адымдап залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог балаларды шеңберге отырғызып:
- Балалар, сендер «Жер-Ана», «Туған жер» деген сөздердің мағынасын білесіңдер ме? Иә.
- Балалар, «Жер-Ана» дегенді қалай түсінесіңдер? «Жер-Ана» дегеніміз біз өмір сүріп жатқан жеріміз. Жарайсыңдар, балалар!
- Жерді анаға теңейтініміз неліктен? Жер бізге өнім береді, су береді, біздің өмірімізге қажетті нәрсенің бәрін жерден аламыз. Дұрыс айтасыңдар, балалар!
- Балалар, бәріміз шеңбер бойымен тұрамыз. Бәрекелді! «Жер-Анамызға» иіліп сәлем берейік:
 Ардақтап Жер-Ананы (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Толтырған сай-саланы (балалар қолдарын жанына жібереді).
 Иіліп тәжім еткен (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Қарсы алғын мен балаңды(балалар қолдарын жанына жібереді)!
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Тамаша, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Педагог оқу қызметін әрі қарай жалғастыру мақсатында Ө.Байділдәнің «Көңілді би» шығармасының әуеніне (Аудиозапись произведения О.Байдильды «Веселый танец») балаларды шеңберге тұрғызады:
- Балалар, шеңберді кең, әдемі жасайықшы. Міне, жарайсыңдар! Енді музыка әуенімен маған ілесе қимылдарды қайталаймыз.
 Музыканың сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Еркін қимылдар (ерікті қимылдар: шеңбермен жүріп келе жатып қол білезіктерін айналдыру, бір рет айналу, тізені көтеріп жүру, қолдарын жандарына жіберіп сермеу) бойынша балалар музыкалық жетекшінің көрсетуімен ерікті қимылдарды орындайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыка сипатына сай ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.
- Жарайсыңдар, балалар, енді орындарымызға жайғасайық.

Ән тыңдау
Педагог балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтаға назар аударайықшы?!
Балалар тақтаға қарайды.

- Балалар, мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, суреттегі адам не істеп отыр? Ат айдап отыр. Керемет!
- Ат айдайтын адамды қалай атайды?
Балалар үндемей қалады. Педагог өзі көмектеседі.
- Балалар, ат айдайтын адамды арбакеш деп атайды. Қайталайықшы?! Арбакеш. Тамаша!
- Балалар, арбакеш туралы ән тыңдайық. Сондай әндердің бірі Е. Құсайыновтың «Көңілді арбакеш» әні.
(Аудиозапись песни Е. Кусайынова "Веселый извозчик"). 
- Сол әнді тыңдап көрейікші, балалар! Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
- Балалар, ән қалай аталады? «Көңілді арбакеш». Дұрыс!
- Балалар, әннің әуенін жазған Е. Құсайынов, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Мен келемін арбамен,
 Көңілденіп, әндетіп.
 Көңілді ғой арбамен,
 Жарысамын әндетіп.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Өте көңілді ән! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. Педагог балалардың есіне салып, сазгердің аты-жөнін қайталайды.
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Көңілді арбакеш». Жарайсыңдар!

«Үлкен – кішкентай» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата білуге үйрету; музыканың ырғағын сезіне білуге баулу.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші балаларға әуенді тыңдата отырып, жолда кімнің келе жатқанын және сол адамның жүрісін қолдарымен шапалақ ұру арқылы көрсетуді ұсынады. Ауыр жүріс болса, яғни, үлкен адамның жүрісін ұзақ шапалақпен білдіреді. Баланың жеңіл жүрісін қысқа шапалақпен ажырата отырып, көрсету керектігін айтады. Ұзақ және қысқа дыбыстарды дұрыс ажырата білген балаларға жер бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
- Балалар, бүгінгі алған таңбалауыштарыңды портфолиоға салып қойыңдар. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болады, сол балаға сыйлық бар. Кәне, маған портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар!

Дауысқа арналған жаттығулар
Ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындау міндетті болып табылады. Музыкалық жетекші мынадай бағыттаға дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, менімен бірге қайталаймыз.
- Ооо,ооо, ооо,
 Біз айтамыз «до». Қайталаймыз. Тамаша!
 Бір орында тұрмаймыз, жүгіреміз секі - ре, «-ре». Қайталаймыз.
 Мимикамен күлеміз, күлеміз кәне, «-ми» (екі рет қайталанады). Жақсы.
 Досымызға айтамыз,
 Қандай күшті «-фа!» Қайталаймыз. Тамаша!
 Досым менің ол, ол,
 Дейді маған «соль», қайталаймыз.
 Біз бәріміз әндетіп,
 Ән саламыз «ля - ля - ля».
- Тамаша, балалар!

 Ән салу
Б. Бейсенова «Туған жер» әні.
(әні: Б. Бейсенова).
Музыкалық жетекші балалардың көңіл-күйлерін арттыру мақсатында суретті көрсетеді.

- Балалар, тақтадан не көріп отырсыңдар? Қолды.
- Адам қолымен нені ұстап тұр? Жерді. Тамаша!
- Адамның аялы алақанында тұрған жер екенін қайдан білдіңдер? Дөңгелек пен шөптен. Жарайсыңдар!
- Балалар, қараңдаршы, біз де өз жерімізді осылай алақанға салып, аялауымыз керек. Иә.
- Балалар, туған жерге арналған ән бар, сол әнді айтуды үйренейік?!
- Б. Бейсенованың «Туған жер» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындаламыз. Алдымен әнді мұқият тыңдап алайық.
(Аудиозапись. Песня Б. Бейсеновой "Родная земля").
- Енді, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз.
Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Музыкалық жетекші әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
 Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізді тағы да қайталайық. Тамаша!
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады. 

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Онда тыңдайықшы, қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз. Орыс халқының «Калинка» атты әуеніне сылдырмақ аспабында ойнау.

- Балалар, бұл сылдырмақтармен ойнап жатқан шығарманы құстарға арнаймыз, солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Калинка».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Орыс халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды жақсы сылдырлаттыңдар.

«Қандай ырғақ?» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: педагогтің сөздерді айтуына қарай балалар даңғара аспабында ойнайды.
- Балалар, бәріңнің қолдарыңда даңғара аспабы бар. Мен сөздерді айтып тұрғанда, қай жерінде даңғараны ұру керектігін өздерің тыңдап, анықтап алып ұрасыңдар.
 Даңғараны ұр қатты,
 Дәл қайтала ырғақты.
 Тоғайда көп тоқылдақ,
 Үн естілді тоқылдап.
 Тоқ, тоқ, тоқ,
 Тоқ, тоқ, тоқ.
 Даңғараны ұр қатты,
 Дәл қайтала ырғақты.
 Күн күркіреп жарқылдап,
 Бұршақ жауды сартылдап.
 Сарт, сарт, сарт, сарт,
 Сарт, сарт, сарт, сарт.
- Жарайсыңдар! Рақмет!

Қортыныды

Оқу қызметінің аяғына қарай педагог:
- Балалар, Жер-Ана деген ұғым нені білдіреді екен? Жер-Ана - біз өмір сүріп жатқан жеріміз.
- Балалар, оқу қызметінде қандай ән тыңдадық? «Көңілді арбакеш» әнін.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Туған жер» әнін.
- Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер?
- Туған жер - біздің Отанымыз, өскен жеріміз.
- Тамаша, балалар! Бүгінгі оқу қызметіне белсенді қатысқандарың маған қатты ұнады, рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Көктем келді»

Міндеті: Балаларды әртүрлі қарқындағы музыканы тыңдауға және музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға үйрету; дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату және әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру дағдыларын қалыптастыру; қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, жұптаса отырып би қимылдарын орындауға дағдыландыру.

Сәлемдесу
 Оқу қызметі басталғанда Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» әуенімен балалар көңілді адымдап залдың ортасына келіп тұрады.
Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» шығармасы.
Педагог балаларды шеңберге отырғызып:
- Балалар, ағаштар көктемде бүршік жаратынын неліктен? Сендер білесіңдер ме? Неге жазда бүршік жармайды? Көктемде жер сулы болады.
- Ағаштың қандай пайдасы барын білесіңдер ме? Иә, балалар, ағаштың саясы көлеңке, жапырағы ауаны тазартады, бізге жеміс береді екен.
- Тамаша, жарайсыңдар, балалар! Дұрыс айтасыңдар, балалар!
- Балалар, бәріміз шеңбер бойымен тұрамыз. Көктемгі ағаштарға да иіліп сәлем берейік:
 Бүршік атып ағаштар (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Жапырағын жаяды (балалар қолдарын жанына жібереді).
 Тәжім етіп ағаштар (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Бізден сәлем алады (балалар қолдарын жанына жібереді)!
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Тамаша, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші Е. Андосовтың «Біз билейміз» атты шығармасына (Аудиозапись "Мы танцуем" Е. Андосова) балаларды шеңберге тұрғызып:
- Балалар, шеңберді кең, әдемі жасайықшы, міне, жарайсыңдар! Енді, музыка маған қосылып қимылдарды қайталаймыз.
 Музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Музыкалық жетекшінің көрсетуімен қарап қимылдарды жасайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші ән тыңдаудың алдында балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?

- Құланды. Жақсы.
- Балалар, құлан қандай жануар?
 Балалар ойланып қалады.
Педагог суретке қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, тағы да суретке қараңдаршы, құланның түрі қандай аңға ұқсайды? Жартылай жылқыға және жартылай есекке ұқсайды. Дұрыс.
- Балалар, құланды үй жануары деп атай аламыз ба?
Балалар ойланып қалады.
- Балалар, құлан далада еркін тіршілік ететін жануар. Бұл жануар жазық далада үйірімен жүреді.
- Бейнебаянға қараңдаршы, балалар, құландар үйірімен жайылып жүр.
- Балалар, осы жануар туралы күй бар, сол күйді естіп көрейікші?
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

Музыкалық жетекші балаларға қазақ халқының «Ақсақ құлан» күйін тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, күй қандай аспапта орындалған? Домбырада. Тамаша!
- Күй не туралы? Ақсақ құлан туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл күйді кім шығарғанын білесіңдер ме?
 Балалар үндемей қалады.
- Балалар, «Ақсақ құлан» халық күйі, сондықтан халық арасынан шыққан күй деп айтамыз.
- Енді, балалар, «Ақсақ құлан» күйін тағы да тыңдаймыз!
 Музыкалық жетекші балаларға күйді тыңдата отырып, күйдің сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай күйді тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін.
- Күйді шығарған кім? Халық.
- Күй қандай аспапта орындалады? Домбырада.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Көлеңке» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: «Көлеңке» әнін әндете жүріп, әртүрлі құстар мен аңдардың қимыл-қозғалысын келтіру.
Ойынның барысы: тәрбиеші осы өлеңді әндетіп айта жүріп, бір үлкен, бір кішкентай баланы қатар-қатар тұрғызады (кішісі көлеңке). Барлығы шеңбер жасайды.
Педагог:
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Қане, қатар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық, - деп әндете жүріп, үлкен шеңбер құрады. Әрі қарай балалармен бірге әндете жүріп, өлеңде аталатын құстар мен аңдардың қимыл-қозғалысын келтіреді.
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Бүркіт қалай бүреді?
Кім көрсете біледі?
 Ән ырғағымен балалар бүркітше қанат қағады, еңкейіп саусақтарымен жер тірейді. Көлеңкелер қайталап қимыл жасайды.
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Қасқыр қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
(Қасқырдың жүрісін бейнелейді)
Көлбең-көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
(Балалар көлеңкелеріне аюдың жүрісін көрсетеді)
Осы аңдар мен құстардың орнына басқаларын қойып, ойынды жалғастыра беруге болады. Ойынның аяғында педагог жақсы ойнаған балаларға ағаштар бейнеленген таңбалауыштарды табыс етеді.

Дауысқа арналған жаттығулар

Музыкалық жетекші дауысты жаттықтырудың алдында балаларды орындықтарға ыңғайлы отырғызып, дауысқа арналған жаттығуларын жасатады:
- Балалар, дауысқа арналған жаттығуларды менімен бірге қайталаймыз. Алдымен аралар болайық:
Аралар
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
 Қызыл, жасыл гүлдерден,
 Балды сорып аламыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, әнді айту үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
- Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, сол демді қолымыздағы гүлге үрлеу арқылы сыртқа шығарамыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 Әдемі ән шырқалсын. -
- Тамаша!

 Ән салу
Б. Бейсенова «Көктем келді» әні.
(әні: Б. Бейсенова)
 Музыкалық жетекші ән айтудың алдында балалардың көңіл-күйлерін көтеру үшін сурет

- Балалар, тақтадан не көріп отырсыңдар? Көктемді.
- Көктем екенін қайдан білдіңдер? Гүлдерден. Тамаша!
- Гүлдер тек көктемде ғана шыға ма? Дала гүлдері көктемде шығады. Жарайсыңдар!
- Балалар, көктем қандай керемет! Иә.
- Балалар, көктемге арналған ән бар, сол әнді айтуды үйренейік?!
- Б. Бейсенованың «Көктем келді» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындаламыз. Алдымен әнді мұқият тыңдап алайық.
(Аудиозапись. Песня Б. Бейсеновой "Пришла весна").
- Енді, балалар, маған қосылып ән айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтамыз. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижерлық етеді. Музыкалық жетекші әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша, әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауға үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз. Жарайсыңдар! Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
 Балалар оқу қызметінде отырғанда орыс халқының «Ай жарқырап тұр» атты шығармасының әуені естіледі.
 Орыс халқының «Ай жарқырап тұр» атты шығармасы.
 Музыкалық жетекші:
- Балалар, ненің дыбысы шығып жатыр?
Балалар елеңдеп отырғанда педагог есік жаққа барып, көп сылдырмақты алып кіреді:
- Қараңдаршы, балалар, бізге көп сылдырмақ алып келіпті. Сылдырмақты алайық, балалар! Енді, балалар, жаңа әнді тыңдап отырып. Сылдырмақ аспабында ойнайық! Педагог интербелсенді тақтаны қосып, «Ай жарқырап тұр» атты әуенін балаларға тыңдатады.

- Әнде не туралы айтылады? Айдың жарқырағаны туралы.
- Балалар, ай қалай жарқырайды екен? Анық. Тамаша, балалар!
- Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
Педагог балалармен әнді тыңдап отырып, сылдырмақтарды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.

«Жіпті орау» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, әуеннің аяқталуын сезіне білуге үйрету.
Ойынның көрнекілігі: түрлі-түсті жіптер.
Ойынның шарты: 2 топтан 2 бала шығады. Тарқатылған түрлі-түсті жіпті көңілді әуенді тыңдап тұрып орай бастайды. Музыка аяқталғанда қай баланың жібі көп оралса, сол бала жеңімпаз атанады.
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, екі топқа бөлінеміз. Әр топтан екі баладан шығып, көңілді музыканың әуенімен қолдарыңдағы жіпті орай бастайсыңдар. Қай топтың баласы тез, әрі көп жіп ораса, сол топ жеңіске жетеді.

Қорытынды
- Балалар, оқу қызметінде қандай күйді тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін тыңдадық.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Көктем келді» әнін.
- Балалар, сылдырмақтарды қалай сыңғырлатамыз? Көрсетіңдерші!
Педагог сылдырмақтарды балалармен қосылып сыңғырлатып көрсетеді.
- Бәрекелді, балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 28-30 сәуір 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Көктем шақырады»

Міндеті: Балаларды түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға және музыкалық шығарманы эмоцияналды қабылдауға үйрету; дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату және әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру дағдыларын қалыптастыру; қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-бірлеп, жұптаса отырып би қимылдарын орындауға дағдыландыруды пысықтау.        

Сәлемдесу
Оқу қызметі басталғанда балалар Б. Жүсіпалиевтің «Көңілді марш» әуеніне залға кіреді де, көңілді адымдам залдың ортасына келіп тұрады.
- Балалар, оқу қызметін бастамас бұрын, сендерге жұмбақ жысырып көрейін, сендер жауабын тауып көріңдер. 
Педагог балаларды шеңберге отырғызып:
Орманда сайрайды,
Сайраудан талмайды (Бұлбұл)
- Балалар, орманның әншісі бұлбұл, иә?
- Балалар, бұлбұл құстың дауысын естіп көрейікші.

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші Е. Андосовтың «Біз билейміз» атты шығармасына балаларды шеңберге тұрғызып:
- Балалар, шеңберді кең, әдемі жасайықшы! Міне, жарайсыңдар. Енді музыка әуенімен маған ілесе қимылдарды қайталаймыз. Музыканың сыр-сипатына сай ырғақтық қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Музыкалық жетекшінің көрсетуімен қимылдарды еркін орындайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыка сипатына сай ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.

Ән тыңдау 
 Ән тыңдаудың алдында музыкалық жетекші балалардың назарын тақатаға аударады:
- Балалар, құлан туралы күй қосып көрейік, мүмкін, құлан бізді тез тауып келер. Ендеше, «Ақсақ құлан» күйін тыңдайық. 
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

 Музыкалық жетекші қазақ халқының «Ақсақ құлан» күйін балаларға тыңдатады. 
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, күй қандай аспапта орындалған? Домбырада. Тамаша!
- Күй не туралы? Ақсақ құлан туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл күйді кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, халық күйі. Халық арасынан шыққан күй деп айтамыз.
- Енді, балалар, «Ақсақ құлан» күйін тағы да тыңдаймыз!
 Музыкалық жетекші балаларға күйді тыңдата отырып, күйдің сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай күй тыңдадық? «Ақсақ құлан» күйін. 
- Күйді шығарған кім? Халық.
- Күй қандай аспапта орындалады? Домбырада.
- Жарайсыңдар, балалар!
«Сиқырлы ағаш» музыкалық-дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: нота сызығы мен ноталар туралы түсінік беру. Әуеннің дыбыс биіктігін ажыратып, естіген әуенді нота сызықтарына орналастыруды үйрету.
Ойынның шарты: балалардың әрқайсысына алма ағашының суреті және қиып алынған жеті алма үлестіріледі. Орындалған шығарманы тыңдап, сиқырлы ағаштың бұтақтарына алмаларды дыбыс биіктігіне сәйкес орналастырады. Ағашта бейнеленген бұтақтар нота сызықтары, ал алмалар нота ретінде қолданылады.
Дауысқа арналған жаттығулар
Музыкалық жетекші дауыс жаттықтырудың алдында балаларды орындықтарға ыңғайлы отырғызып алады. Дауыс жаттығуларын жасай бастайды.
- Балалар, дауысқа арналған жаттығуларды менімен бірге қайталаймыз. Алдымен аралар болайық.
  Аралар
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз. 
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу. 
 Қызыл, жасыл гүлдерден, 
 Балды сорып аламыз. 
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, әнді айту үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
- Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, сол демді қолымыздағы гүлді үрлеп сыртқа шығарамыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 Әдемі ән шырқалсын.
- Тамаша!
Ән салу
- Балалар, бұлбұлдың да сендермен бірге ән айтқысы келеді екен.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі. 
- Дұрыс айтасыңдар, Бота Бейсенованың көктем туралы қандай әнін үйрендік? 

- Б. Бейсенованың «Көктем келді» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырамыз. Кеңінен тыныс алып, ән айтуға дайындаламыз. Алдымен, әнді мұқият тыңдап алайық.
- Енді, балалар, маған қосылып ән айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз.
 Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Балалардың әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. Музыкалық жетекші әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізді тағы да қайталайық.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып әннің сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Балалар, әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатады. Балалар әнді әбден қабылдағанша айтқызады. 
Музыкалық аспаптарда ойнау
 Балалар оқу қызметінде отырғанда орыс халқының «Ай жарқырап тұр» әуені естіледі. Музыкалық жетекші:
- Балалар, ненің дыбысы шығып жатыр? Тыңдайықшы?!
Балалар елеңдеп отырғанда педагог есік жақтан көп сылдырмақты алып кіреді:
-Қараңдаршы, балалар, бізге көп сылдырмақты алып келіпті. Сылдырмақтарды алайық, балалар! Енді, балалар, жаңа әнді тыңдап отырып, сылдырмақ аспабында ойнайық!
Орыс халқының «Ай жарқырап тұр» атты әуені қосылады.

Педагог балаларға әнді тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Әнде не туралы айтылады? Айдың жарқырағаны туралы.
- Балалар, ай қалай жарқырайды екен? Анық. Тамаша, балалар!
- Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сыңғырлатамыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
 Педагог балалармен бірге әнді тыңдап отырып, сылдырмақтарды сыңғырлаттырып жаттықтырады.
«Үш би» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларды би жанрларын (полька, ұлттық би, вальс) ажырата білуге, би түрлерін еске сақтауға, әуенді естіп қабылдауға баулиды.
Ойынның шарты: полька, вальс, ұлттық би түрлерінің суреті салынған карточкалармен таныстыру. Музыкалық жетекші аспапта үш пьесаны ойнап береді, балалар әуенге сәйкес келетін суретті дәл көрсетулері тиіс.
Қорытынды
- Балалар, қандай күйді тыңдадық?
- Қазақ халқының «Ақсақ құлан» күйін тыңдадық
- Қандай ән айтуды үйрендік? 
- «Көктем келді» әнін.
- Бәрекелді, балалар! Бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

Айы, күні, жылы: 04-06 сәуір 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Жау, жау жаңбыр»

Міндеті: Балалардың көңілді әнді педагогпен бірге айта білу дағдыларын қалыптастыру; ырғақты қимылдарды музыкамен бірге бастап, соңғы дыбыста бірге аяқтауға және аяқ қимылдарын жасағанда аяқтың өкшесін ұшына қоюға үйрету; музыкалық ойындағы кейіпкердің қимыл-әрекетін мазмұнды бере білу қабілеттерін қалыптастыру.

Сәлемдесу
 Оқу қызметі басталысымен залға Е. Тиличееваның «Марш» шығармасының әуеніне балалар қатар түзеп кіреді.
(Е. Тиличеева «Марш»).
Балалар адымдау кезінде денелерін тік ұстап, басын жоғары көтеріп, тізелерін жоғары көтеріп жүреді. Балалар адым әуенімен залдағы кілемнің ортасына келіп тұрады да, үлкен шеңбер жасайды.
Балалардың психологиялық көңіл-күйін көтеру мақсатында музыкалық жетекші:
- Балалар, егістік дегенді естігендерің бар ма? Иә, балалар, егістікте егін егіледі. Егінге бидай, тары, күріш, қарақұмық, жүгері жатады.
- Жарайсыңдар, балалар! Бидайдан ұн алынады, ұннан барлық өнімдер пісіріледі. Балалар, «Еңбекпен тапқан нан тәтті» деп бекер айтылмаған. Қәне, балалар, бәріміз бірге қайталайықшы.
- Еңбекпен тапқан нан тәтті!
- Міне, жарайсыңдар! Енді, балалар, көктемде егістікте адал еңбек етіп, бізге нан беріп отырған диқандарға тағзым етейік:
 Адал еңбек иесі (балалар қолдарын жанына жібереді),
 Қасиеттің киесі (балалар қолдарын алдына жаяды).
 Сәлем бердік сіздерге (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Егістіктің иесі (балалар иіліп, тағзым етеді).
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Жарайсыңдар, балалар!
Педагог отыратын жерден «Ойыншықтар» әнінің әуені
- Балалар, тыңдайықшы, бір ән естіледі!
Балалар елеңдеп отырғанда педагог интербелсенді тақтаны қосып, ойыншықтар биін көрсетеді.

- Балалар, ойыншықтар қандай керемет билеп жатыр! Қандай ойыншықтарды көріп отырсыңдар, балалар? Қуыршақ, қоян, қонжық, түлкі, тиін, піл, машина, доп. Бәрі қосылып билеп жатыр. Енді әнді тыңдаймыз. Ән айтуды үйренеміз. Кәне, балалар, бәріміз ыңғайланып отырамыз. Менімен бірге қайталаймыз.
 Біздерде бар қуыршақ,
 Бұзау, қозы, құлыншақ.
 Ойыншықтар тыңдайды,
 Әмір беріп, бұйырсақ.

 Ойыншықтар ұйықтайды,
 Айтқаныңнан шықпайды.
 Ал қозы мен құлыншақ,
 Ұйықта десең, ұқпайды.

 Тыңдамайды ұрысса,
 Осылары дұрыс па?
 Тентектігін тыймаса,
 Тұрғызармын бұрышқа.
- Әнде не туралы айтылады? Ойыншықтар туралы. Қандай ойыншықтарды естідіңдер? Қуыршақ, бұзау, қозы, құлыншақ деп айтылады екен. Өлең ұнады ма, балалар? Иә. Ойыншықтар да тентек болады екен, солай ма? Жарайсыңдар, балалар! Әннің сөзін үйге барғанда ұмытып қалмас үшін, жақсылап қайталау керек екенін ұмытпаңдар, балалар.

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қазір Е. Андосовтың «Біз билейміз» атты музыкалық-ырғақты шығармасына жаңа жұптасып билеудің элементтерін үйренуді жалғастырамыз.
(Аудиозапись песни Е. Андосова "Мы танцуем"). 
Музыкалық жетекші Е. Андосовтың шығармасының әуеніне балаларды жұппен шеңберге тұрғызып, музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да, шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұппен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды. Өзі тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді. Орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жаҒына, орнына, оң жаҒына, орнына жаттығуларын жасайды.
«Біз билейміз» атты әуеніне денелерін тік ұстап, шеңберді айнала жүріп, вальс сипатындағы ырғақты қимылдарды жасайды. Орындарында тұрып, педагогтің көрсетуімен екі аяқтарын кезек-кезек алмастырып, орындарында тұрып айналады. Залды қайтадан айналып, шеңбер бойымен жүреді. Орындарында тұрып вальс элементтерін көрсетеді. Осылайша педагогтің көмегімен 2-3 айналым жасайды. Соңында барлық балалар бірігіп, үлкен шеңбер жасайды. Гүлдің бейнесін жасап биді аяқтайды.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
- Гүлді. Жақсы.
- Балалар, қандай гүл?
Балалар ойланып қалады. Балалардың ойлануына мүмкіндік бере отырып, педагог балаларға суретті тағы да көруді ұсынады:
- Балалар, мына суретке назар аударайықшы?!

Балалар суреттегі қоңырау екенін айтады.
Педагог суретке қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, тағы да екі суретке қараңдаршы, екі сурет бір-біріне ұқсай ма? Ұқсайды. Дұрыс.
- Балалар, гүл мен қоңырау бір-біріне ұқсаса, гүл қалай аталады деп ойлайсыңдар? Балалар ойланып қалады.
- Балалар, екі суреттің түстері ғана әртүрлі, аталуы бірдей.
Балалар жарыса дауыстап:
- Әрине, балалар, бұл гүл далада өсетін жабайы қоңыраугүл өсімдігі. Қоңыраугүлдер маусым айының ортасынан бастап пайда болады.
- Балалар, осы қоңыраулар туралы әдемі музыка бар. Сол музыканы естіп көрейікші? Шығарма «Қоңыраулар үні» деп аталады. Шығарманың авторы австриялық композитор Вольфганг Моцарт.
- Балалар, бәріміз композитордың аты-жөнін қайталайық. Композитор Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
Музыкалық жетекші балаларға «Қоңыраулар үні» шығармасының күйсандықта ойналуын шағын бейнебаян арқылы тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, музыка қандай аспапта орындалған? Күйсандықта. Тамаша!
- Музыка не туралы? Қоңыраулар үні туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл музыканы кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, бұл музыканы композитор Вольфганг Моцарттың жазған. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, «Қоңыраулар үні» шығармасын тағы да тыңдаймыз!
Музыкалық жетекші балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай музыканы тыңдадық? «Қоңыраулар үні» шығармасын.
- Шығарманың авторы кім? Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Музыка қандай аспапта орындалады? Күйсандықта.
- Керемет, балалар!

«Көңілді – мұңлы» дидактикалық ойыны
(музыкалық туындының ерекшелігін анықтау үшін)
Ойын материалы: төрт үлкен карточка: көңілді құлыншақ, көңілді ойыншықтар (тиін немесе піл), мұңайған ит, мұңайған қоян. Осы кейіпкерлердің суреттері салынған бірнеше кішкентай карточкалар.
Ойын барысы: музыкалық жетекші әртүрлі әуендерді орындайды. Балалар әуенді тыңдайды да сәйкес келетін карточканы көрсетеді.
- Балалар, екі топқа бөлінесіңдер. Қай топтың балалары жеңеді, сол топ жаңбыр бейнеленген таңбалауыштар алады.
- Енді, ойынды бастаймыз. Топ балалары карточкаларын көрсетуге дайын отырады.
Көңілді
Жылқы жағалауда жүр екен
Жасыл желек үстінде.
Ол басын шұлғып,
Қара жалын желпілдетіп,
Алтын жүгенін сылдырлатып,
Сыңғыр, сыңғыр ете
Тағып алған қоңыраулары,
Жорғалап ол жүреді.

Мұңлы
Мұңлы көңілсіз жануарлар,
Олар ауырып қалған шығар.
Қоянның аяғы ауырып тұр,
Тұнжырап мұңайып тұр.
Иттің басы ауырып тұр.
- Балалар топпен жарысып, карточкаларын көрсетеді.
Педагог жеңген топтың балаларына тәтті тоқаш бейнеленген таңбалауыштарды үлестіреді.

Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей жөнелді. Кәне, қоян сәбізін қалай тауып алды?
- Балалар, қоян сияқты иіскейміз. Енді тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістерімен кезек-кезек басамыз. Тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге әннің сөзін бірге айтамыз.
 Тоқ-тоқ, тоқылдақ,
 Жерден тары шоқып ап,
 Тоқылдайды тоқылдақ,
 Тоқ-тоқ-тоқ.
 Ахау, егигай,
 Ән сал бозторғай,
 Біз әніңді үйреніп,
 Күнде ән сап жүрейік.
- Тамаша!
- Балалар, енді бәріміз, ара болайықшы?!
 Аралар,
 Арамыз, біз арамыз,
 Әнге салып барамыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
 Қызыл, жасыл гүлдерден,
 Балды сорып аламыз.
 Жу-жу-жу-жу-жу-жу.
- Жарайсыңдар!

Ән салу
Б. Бейсенова «Жау, жау, жаңбыр» әні.
(әні: Б. Бейсенова)
Балалар оқу қызметіне кірісе бергенде жауып жатқан жаңбырдың дыбысы естіледі.

- Балалар, ненің дыбысы естіледі? Жаңбырдың. Жақсы.
- Балалар, жаңбыр жауардың алдында не пайда болады? Дұрыс, бұлт пайда болады. Біз үйренгелі отырған өлеңде де бұлттан жаңбыр пайда болатындығы туралы айтылған.
- Балалар, бүгін біз «Жау, жау, жаңбыр» әнін айтуды үйренеміз.
- Қәне, бәріміз, екі қолымызды алдымызға қойып, денемізді бос ұстап, әнді тыңдап алайықшы!
 Келді, міне, көктемім,
 Жердің жүзі көктеді.
 Ақ жаңбырды сыйлады,
 Ақша бұлттар көктегі.

 Жау, жау, жау, жаңбыр,
 Мөлдіреген тамшыларың,
 Жау, жау, жау, жаңбыр,
 Табиғаттың сәні.

 Жау, жау, жау, жаңбыр,
 Мөлдіреген тамшыларың,
 Жау, жау, жау, жаңбыр,
 Табиғаттың әні.

 Жаушы, жаңбыр, тағы да,
 Күттік сені сағына.
 Кірсін жердің сәні де,
 Топырақтың нәрі де.
Педагог өлең жолдарының мағынасын балаларға түсіндіріп береді. Балаларға жаңағы сөздерді қайталатып, тілдерін жаттықтырады.
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте жеңіл ән болды. Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, әнді әбден қабылдағанша айтқызады.
Педагог балаларға әнді екі, үш рет айтқызады. Қайталап болған соң, бірге әнді айтып шығады.

 Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Онда тыңдайықшы, мен қазір мына сылдырмақтыаспабында ойнаймын, ал сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақты сылдырлатамыз.
Орыс халқының «Калинка» атты әуенін сылдырмақ аспабында ойнау.

Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырауықтарда ойнау керектігін айтады.
- Балалар, сылдырамақта ойнап жатқан шығарманы құстарға арнаймыз, солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Калинка».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Орыс халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, сылдырмақты жақсы сылдырлаттыңдар.

«Сылдырмақ пен даңғара» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балалардың аспаптардың дыбысын тыңдау және ажырату қабілетін дамыту.
Ойынның шарты:
Музыкалық жетекші балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, «Сылдырмақ пен даңғара» музыкалық-дидактикалық ойынын ойнаймыз. Мен керменің артында тұрып, аспапты ұрамын. Ал, сендер жіңішке аспаптың дыбысы естілсе, аяқтың ұшымен отыра қаласыңдар. Жуан аспаптың дыбысы естілсе, тізерлеп отыра қаласыңдар. Сылдырмақтың дыбысына балалар шеңберде аяқтың ұшымен жүреді. Даңғараның дауысы естілгенде, балалар отыра қалады, бірақ, кешіккен балалар жеңілген болып есептеледі.

Қорытынды

Балалардың бүгінгі тапсырманы қандай деңгейде қабылдағандарын пысықтау үшін педагог:
- Балалар, оқу қызметінде қандай әнді тыңдадық? «Ойыншықтар» әнін.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Жау, жау, жаңбыр!» әнін.
- Балалар, нан неден жасалады? Ұннан жасалады екен, жарайсыңдар, балалар!
- Ұн қайдан пайда болады? Бидайдан. Тамаша.
- Бидай қайда өседі? Егістікте. Керемет, балалар!
- Керемет, балалар! Бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Кемпірқосақ жолақтары»

Міндеті: Балаларға балабақша туралы әнді тыңдап отырып, оның сыр-сипатын ажырата білуге үйрету; әннің мағынасын түсініп айта білу қабілетін жетілдіру; музыка әуеніне ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын қалыптастыру; мәдени қарым-қатынас ережелеріне тәрбиелеуді пысықтау.

Сәлемдесу
 Оқу қызметі басталысымен Е. Тиличееваның «Марш» атты шығармасының әуеніне балалар қатар түзеп кіреді.  
Балалар адымдау кезінде денелерін тік, басын түзу, тізелерін жоғары көтеріп жүреді. Балалар кілемнің ортасына адымдап келіп тұрады да, үлкен шеңбер жасайды.
Музыкалық-ырғақты қимылдар
  Музыкалық жетекші:
- Балалар, қазір Е. Андосовтың «Біз билейміз» атты музыкалық-ырғақты шығармасына жұптасып билеудің жаңа элементтерін үйренуді жалғастырамыз.
 Музыкалық жетекші Е. Андосовтың шығармасына балаларды жұптастырып шеңберге тұрғызады. Музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды. Шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұппен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды. Өздері тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. 
 «Біз билейміз» атты әуенге денелерін тік ұстап, шеңберді айналып вальс биінің ырғақты қимылдарын жасайды. Педагогтің көрсетуімен екі аяқтарын кезек-кезек алмастырып орындарында айналады, қайтадан залды айналып шеңбер бойымен жүреді. Орындарында тұрып вальс элементтерін көрсетеді. Осылайша педагогтің көмегімен 2-3 айналым жасайды.
 Соңында барлық балалар бірігіп, үлкен шеңбер жасайды. Балалар гүлдің бейнесін жасап болып, биді аяқтайды.

Ән тыңдау 

Ән тыңдаудың алдында музыкалық жетекші балаларға қамажай билеп жүрген қыздардың суретін тақтадан көрсетеді.
- Балалар, қыздар әдемі билеп жүр екен. Қыздар қандай әнге билеп жүр?
- Иә, жарайсыңдар! «Қамажай» әніне билеп жүр. 
- Сол әнді тыңдап көрейік. «Камажай» халық әні.
- Балалар, суреттегі қыздың есімін Қамажай деп қоямыз ба? Иә. Жақсы. Қамажай деп қояйық.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз

«Қамажай» әні.
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп.
Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед,
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп.
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте керемет! Солай ма, балалар? Иә.
Музыкалық жетекші әнді балалар әбден қабылдағанша тыңдатады. 
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- Балалар, біз бүгін қандай әнді тыңдадық? «Қамажай» әнін. 
- «Қамажай» әнінің әуенін жазған кім? Халық. Жарайсыңдар! Халық арасынан шыққан ән.
- Жарайсыңдар, балалар!
«Менің балапандарым қайда?» музыкалық-дидактикалық ойын
(дыбыстық жоғары есту қабілетін дамыту мен бағдарлама материалын бекітуге арналған)
Ойын материалы: төрт үлкен карточка мен бірнеше кішкене карточкалар (ойыншылар саны бойынша). Үлкен карточкаларға қаз, үйрек, тауық пен құстың суреттері салынған; кішкентай карточкаларға қаз, үйрек, тауық пен құстың ұядағы балапандары салынған.
Ойын барысы: балалар музыкалық жетекшінің қарсы алдына жартылай шеңбер жасап отырады, әрқайсының қолында бір-бір кішкентай карточка бар.
Музыкалық жетекші ойын ойнауды ұсынады. Әңгімесін бастайды:
- Бір аулада балапандарымен бірге тауық, үйрек пен қаз өмір сүріпті. Ал, ауланың сыртындағы ұяда бір құс балапандарымен тұрыпты. Бірде қатты жел соғып, жаңбыр жауды да, барлығы тығылып қалды. Ең бірінші болып өз балапандарын үйрек шақырады (суретті көрсетеді):
- Менің, балапандарым, сүйкімді балақандарым қайда? Кря, кря (бірінші октаваның рес дыбысы бойынша ән салады)!
Карточкаларында үйректің балапандарының суреті салынған балалардың жауаптары:
- Кря-кря, біз мұндамыз (екінші октаваның -ля дыбысы бойынша ән салады)!
 Музыкалық жетекші былай деп жалғастырады:
- Үйрек өз балапандарын тапқанына қатты қуанады (карточкаларды жинап алады).
Барлық құстар өз балаларын тауып алғанша ойын жалғасады.
 Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
Тырналар 
Аспан ашық, дала кең, 
Кел, қоныңдар, тырналар!
Мен сендерге жем берем, 
Дос болайық, тырналар! 
Тырау-тырау-тырау-тырау!

Ән салу
Б. Бейсенова «Жау, жау, жаңбыр!» әні.
(әні: Б. Бейсенова)
Педагог интербелсенді тақтадан жаңбырдың жауып тұрғанын көрсетеді.

 - Балалар, қараңдаршы, жаңбыр жауып тұр екен.  
- Сендерге жаңбыр ұнай ма?
Балалардың жауаптары. 
- Қәне, бәріміз, екі қолымызды алдымызға қойып, денемізді бос ұстап, әнді жақслап тыңдап алайықшы! 
 Келді, міне, көктемім,
 Жердің жүзі көктеді.
 Ақ жаңбырды сыйлады,
 Ақша бұлттар көктегі.

- Жау, жау, жау, жаңбыр!
 Мөлдіреген тамшыларың,
- Жау, жау, жау, жаңбыр!
 Табиғаттың сәні.

- Жау, жау, жау, жаңбыр!
 Мөлдіреген тамшыларың,
- Жау, жау, жау, жаңбыр!
 Табиғаттың әні.

- Жаушы, жаңбыр, тағы да,
 Күттік сені сағына.
 Кірсін жердің сәні де,
 Топырақтың нәрі де.
 Өлең жолдарының мағынасын педагог балаларға түсіндіріп береді де, сөздерді қайталатып, тілдерін жаттықтырады. 
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындады үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгінгі ән өте жеңіл болды. Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді әбден қабылдағанша қайталаттырады.
Педагог балаларға әнді 2-3 рет қайталаттырғаннан соң, өзі бірге қосылып әнді айтып шығады.
Музыкалық аспаптарда ойнау
 Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Тыңдайықшы, қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақты алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, маған қосылып сылдырмақты сылдырлатамыз. 
 Орыс халқының «Калинка» атты әуенін сылдырмақ аспабында ойнау.

Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады. 
- Балалар, бұл сылдырмақтармен ойнап жатқан шығарманы құстарға арнаймыз. Солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Калинка».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Орыс халқының. Тамаша!
- Тамаша! Балалар, сылдырмақты жақсы сылдырлаттыңдар.
«Тамшылар мен жауын» музыкалық-дидактикалық ойын 
Мақсаты: балаларды ұзақ және қысқа дыбыстарды білуге үйрету. Әуеннің ритмін сезінуге баулу.
- Балалар, ойын «Тамшылар мен жауын» деп аталады. Екі топқа бөлінесіңдер. Музыкалық жетекші балаларға әуенді тыңдатқызып, жауын мен тамшылардың дыбысын жауынның жылдамдығын немесе тамшыны қолдарымен шапалақ ұру арқылы көрсетуді ұсынады.
Қатты жауын жауса, ұзақ шапалақтау.
Жауын аздап жауса, жәй шапалақтау. 
Жаңбыр тамшылап жауса, қысқа шапалақтау. 
Балалар дыбыстың ритміне байланысты шапалақтайды.
Қорытынды:
Музыкалық жетекші оқу қызметінің соңында: 
- Балалар, оқу қызметінде қандай ән тыңдадық?
- Иә, тамаша! «Қамажай» әнін. 
- Қандай әнді айтуды үйрендік?
- «Жау, жау, жаңбыр!» әнін.
- Керемет! Балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 11-13 сәуір 2023жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Міндеті: Балаларға музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдап, қабылдай білуге және шығарманың бөлімдерін ажыратуға үйрету; қимылды музыкамен сәйкестендіру және музыканың екінші бөлігінде қимылды өзгертіп, әуенмен орындай білу дағдыларын жетілдіру; аспапты оркестрде ұжымда қарапайым ырғақты суретті өздігінен орындауға қызығушылығын тудыру.

Сәлемдесу
 Педагог залға кірген балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында:
- Балалар, көңіл-күйлеріңнің жақсы екенін жүздеріңнен көріп тұрмын. Бүгін бәрің тамаша болып тұрсыңдар!
Балалар көңілденіп қалады.
- Оқу қызметіне дайынсыңдар ма? Иә.
- Олай болса, балалар, бастаймыз!
- Балалар, бәріміз шеңбер бойымен отырамыз. Міне, жарайсыңдар! Енді, марш әуеніне еріп жүреміз.
(«Разминка» Е. Макшанцевой)
- Балалар, әннің әуеніне ілесіп денемізді тік, кеудемізді алға сәл шығыңқы етіп, басымызды көтеріңкі көңіл-күйде ұстаймыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, әуеннің сазымен ырғақтап жүреміз, денемізді біртіндеп қыздыру үшін әуенге сай жүгіреміз. Тамаша! Енді, шеңбер бойымен ақырындап тоқтаймыз. Балалар, керемет! Енді, тұрған орындарыңда ақырын ойнап тұрған әуенге ырғалып тұрып, мен қойған сұрақтарға жауап береміз:
- Бір шаңырақ астында деген сөзді қалай түсінесіңдер? Бір елде немесе бір отбасында деген мағына. Керемет, жарайсыңдар!
 Интербелсенді тақтадан ұлттардың бірлігі туралы сурет көрсетіледі.

- Балалар, мына көріністе нені байқап тұрсыңдар? Көптеген ұлттардың өкілдерін көреміз. Тамаша!
- Балалар, суреттегі шаңырақ нені білдіреді? Бір шаңырақ астында көптеген ұлттар бірге өмір сүреді. Тамаша!
- Балалар, біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады. Солай ма, балалар? Иә. Бір шаңырақтағы үлкен отбасы сияқты барлығы да тату-тәтті өмір сүріп жатыр. 
- Олай болса, балалар, халықтар достығын дәріптейік!
- Сәлем бердік бәріміз (балалар қолдарын жоғары көтереді),
- Ақ, сарымыз бәріміз (балалар қолдарын көкіректеріне қояды).
- Бір шаңырақ астында (балалар қолдарын жанына жібереді),
- Дос болайық бәріміз (балалар қолдарын айналдырады).
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталап отырады.
- Жарайсыңдар, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Педагог оқу қызметін әрі қарай жалғастыру мақсатында Ө. Байділдәнің «Көңілді би» шығармасының әуеніне балаларды шеңберге тұрғызады:
(Аудиозапись произведения О.Байдильды «Веселый танец») 
- Балалар, шеңберді кең, әдемі етіп жасайық. Міне, жарайсыңдар! Енді, балалар, маған қосылып музыка әуенімен қимылдарды қайталаймыз.
 Музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Балалар шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, төмен түсіреді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Еркін қимылдар (ерікті қимылдарға шеңбермен жүріп келе жатып, қол білезіктерін айналдыру, бір рет айналу, тізені көтеріп жүру, қолдарын жандарына жіберіп сермеу) бойынша балалар музыкалық жетекшінің көрсетуімен ерікті қимылдарды орындайды. Балалардың эмоциялық көңіл-күйі музыка сипатына сай ырғақты қимылдармен үйлесімді болуы тиіс.
- Жарайсыңдар, балалар! Орнымызға жайғасайық.

Ән тыңдау
Педагог балаларға:
- Балалар, тақтаға қарайықшы?!
Балалар тақтаға қарайды.

- Кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Атаның. Жақсы.
- Ата не істеп тұр? Қуанып тұр. Тамаша!
- Балалар, ата кім? Әкеміздің немесе анамыздың әкесі. Керемет!
- Балалар, аталардың болғаны қандай жақсы! Ата туралы әндер бар екен, балалар! Сондай әндердің бірі Е. Құсайыновтың «Менің сүйікті атам» әні.
(Аудиозапись песни Е. Кусаинова "Мой дорогой дедушка"). Балалар, сол әнді тыңдап көрейікші! Бәріміз ыңғайланып отырамыз, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
- Балалар, ән қалай аталады? «Менің сүйікті атам». Дұрыс.
- Балалар, әннің әуенін жазған Е. Құсайынов, қайталайық. Жарайсыңдар!
 Еркелетіп сүйеді,
 Ренжітсем, қабақ түйеді.
 Әкем, анам ұрысса,
 Мен үшін жаны күйеді.
- Балалар, менімен бірге шапалақтап, әнді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Біздің аталарымыз бар, солай ма, балалар? Әнді бәріміз тағы да қосылып тыңдаймыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайта тыңдатып, сұрақтар қояды:
- Балалар, әнін жазған сазгер кім?
Балалар үндемей қалады. Педагог балалардың есіне салып, сазгердің аты-жөнін қайталайды.
- Әннің сөзін жазған ақын кім?
Балалар естеріне түсіре бастайды. Педагог тағы да балаларға көмек береді.
- Балалар, біз тыңдаған ән қалай аталады? «Менің сүйікті атам». Жарайсыңдар!

«Үйлердің көңіл-күйін тап» дидактикалық ойыны
- Балалар, тақтада әртүрлі үйлердің суреттері бар.

 Қазір әуен ойналады. Сол әуеннің сыр-сипаты тақтадағы қай үйдің «көңіл-күйіне» сәйкес келетінін айтып бересіңдер. Келістік пе? Жарайды. Педагог балаларға әуендердің ойналуын көрсетеді. Ж. Қалжанованың «Елімізді сүйеміз» (марш), А. Еспенбетованың «Күзге сәлем!» ( вальс), «Әлди» (бесік жыры) әндері орындалады.
Ж. Қалжанованың «Елімізді сүйеміз» (марш), А. Еспенбетованың «Күзге сәлем!» ( вальс), «Әлди» (бесік жыры).
 Балалар ойын шарты бойынша әртүрлі әуендердің сипатына қарай тақтадағы «үйлердің көңіл-күйін» табады. Балалардың жауаптары дұрыс болса, көңілді әуен ойналады, ал жауаптары дұрыс болмаса, мұңды әуен орындалады.
- Балалар, әуендерді асықпай тыңдайық, оның сыр-сипатын ажыратайық.
Ойын балалардың қалауы бойынша қайталанады. Жақсы ойнаған балаларға шаңырақ бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.
- Балалар, барлығыңда портфолио бар. Сол портфолиоға бүгінгі алған таңбалауыштарды сала беріңдер. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болады, сол балаға сыйлық беріледі. Кәне, маған портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог балалармен ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу музыкалық шумақтан кейін, ән айтудың алдында жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді, сондықтан педагог мынадай бағытта дауысқа арналған жаттығуларды жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз,
 Бір орында тұрмаймыз.
 Ля -ля -ля (екі рет қайталанады).
 Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі. Әннің шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек.
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз.
 Ля -ля -ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауысқа арналған жаттығуларды жасаймыз.
- Балалар, енді тырналар қалай дыбыстайтынын көрейік.
 Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар, тырналар!
 Мен сендерге жем берем,
 Дос болайық, тырналар!
 Тырау -трау -тырау -тырау!
- Тырау -тырау -тырау -тырау!
- Тамаша!

Ән салу
 И. Нүсіпбаевтың «Дос болайық бәріміз» әні.
(әні, сөзі: И. Нүсіпбаев).
- Балалар, біздің елде тұратын басқа ұлт өкілдерін бәрің жақсы көресіңдер ме? Иә.
- Олай болса, басқа ұлт өкілдерімен дос болу туралы әнді айтып үйренейік.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
 Педагог балаларға ән үйретуді жалғастыра отырып, «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен және кішкентай шиелерге қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, шапалақ соғып жаттықтырады.
- Балалар, әнімізге қосылуға «әнші бұлбұлдар» келді.
 Балаларды бұлбұлдармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
 Музыкалық жетекші айтылып жатқан әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Онда тыңдайықшы, қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын. Сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақтарды алайық! Музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақтарды сылдырлатамыз.
Халық әні «Қамажайды» сылдырмақ аспабында ойнау.

Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады.
- Балалар, сылдырмақта ойнап жатқан шығарманы құстарға арнаймыз, солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Қамажай».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Қазақ халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, сылдырмақты жақсы сылдырлаттыңдар.

«Сылдырмақ» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: музыкалық жетекші бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатады да, бір жерге тығып қояды. Балалар сылдырмақтың үнін естіп, тауып алулары керек.
- Балалар, қазір «Сылдырмақ» әні ойналады. Сендер сол сылдырмақтың қай жерде екенін тауып алуларың керек. Музыкалық жетекші Е.Хасанғалиевтің «Сылдырмақ» әнін қосады, сол әннің әуенімен балалар сылдырмақты іздейді. Тапқан бала жеңімпаз атанады.

Қорытынды

Оқу қызметінің аяғында балалардың жанына келеді:
- Балалар, оқу қызметінде қандай әнді тыңдадық? «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасын.
- Қандай әнді айтуды үйрендік? «Менің сүйікті атам».
- Балалар, сылдырмақтарды қалай сыңғырлатамыз? Көрсетіңдерші, балалар?!
 Педагог сылдырмақты балалармен бірге сыңғырлатып көрсетеді.
- Бәрекелді, балалар, бүгін сендер өте белсенді болдыңдар! Рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз»

Міндеті: : Балаларға музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдап, қабылдай білуге және шығарманың бөлімдерін ажыратуға үйрету; қимылды музыкамен сәйкестендіру және музыканың екінші бөлігінде қимылды өзгертіп, әуенмен орындай білу дағдыларын жетілдіру; аспапты оркестрде ұжымда қарапайым ырғақты суретті өздігінен орындауға қызығушылығын тудыру.

Айы, күні, жылы: 18-20 сәуір 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Жеңіс күнін тойлаймыз»

Міндеті: Балаларға әннің ырғағына сай қозғалуды үйрету; бір орында жеңіл адымдау және музыкалық ойындағы кейіпкердің әрекеттерін мазмұндай білу қабілеттерін қалыптастыру; музыкалық аспаптарда жәй және қатты дыбыстарды ойнауға дағдыландыру.

Сәлемдесу
 Оқу залында Д.Шостаковичтің «Марш» атты шығармасы қосылып тұрады. Балалар салтанатты түрде адымдап кіреді. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғанда орындарынан тұрып, тағзым жасап, оң қолдарын жүрек тұсына қойып әнұранға қосылады.

Әнұран аяқталғанда музыкалық жетекші:
- Балалар, біздің еліміздің әнұраны неге орындалды деп ойлайсыңдар? Мереке. Міне, жарайсыңдар!
- Балалар, қандай мерекелер келе жатыр?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, осы мамыр айында екі мереке күні тойланады. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, ал 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні! Бәріміз қайталаймыз.
- Балалар, қандай мерекелер келе жатыр? 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, ал 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні. Жарайсыңдар!
- Балалар, осындай бақытты өмірге жеткізген бабаларымыз бен Отан қорғаушыларға орнымыздан тұрып құрмет білдірейік!
Балалар орындарынан тұрып құрмет білдіреді.
 Отан үшін жан кешкен (балалар қолдарын жоғары көтереді),
 Бабаларға мың тағзым (балалар иіліп, құрмет білдіреді)!
 Ұйқысыз елді күзеткен (балалар қолдарын жанына жібереді),
 Батырларға мың тағзым (балалар иіліп, тәжім етеді)!
- Балалар, жарайсыңдар! Тамаша!
 Тақпақ пен қимылдарды балалармен бірге қайталайды.
Музыкалық жетекші:
- Балалар, Отан қорғаушы дегенді қалай түсінесіңдер? Иә, біздің елімізді қорғайтын жауынгерлер күні. Жарайсыңдар, балалар! Біздің елімізде әр жылдың 7 мамырында Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Сол күні отшашулар жарқырайды.
- Қандай отшашулар жарқырайды екен? Тамашалайықшы, балалар?!

- Тамаша, балалар! Бәріміз үшін бұл мерекенің маңызы өте зор.

Музыкалық-ырғақты қимылдар
Музыкалық жетекші балалардың назарын аударып:
- Балалар, қазір А. Мельникованың «Жаса, елiм» атты музыкалық шығармасына жұптасып билеудің жаңа элементтерін үйренеміз.
(Аудиозапись песни А. Мельниковой "Да здравствует страна").
Музыкалық жетекші А. Мельникованың «Жаса, елiм» атты шығармасына балаларды жұппен шеңберге тұрғызып, музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды. Шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұппен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адым элементтерін жасайды, өзі тұрған орнын айналып шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Соңында барлық балалар бірігіп, үлкен шеңбер жасап, гүлдің бейнесін жасап биді аяқтайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады.

Ән тыңдау
Ән тыңдаудың алдында музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?!

- Тақтадан кімді көріп тұрсыңдар? Баланы. Жақсы.
Педагог тақтадағы баланың суретіне қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, суреттегі бала үстіне қандай киім киген? Әскери. Жарайсыңдар!
- Бала әлі жас қой, неге үстіне әскери киім киіп алған? Ол батыр бала. Тамаша, балалар!
- Балалар, батыр бала туралы ән бар, сол әнді тыңдап көрейікші? Ә. Беспаевтың «Батыр бала Болатбек» әні. Әнін жазған сазгер Ә. Беспаев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

(Аудиозапись песни А. Беспаева «Батыр бала Болатбек»,
 Ерлігіңді біледі ел,
 Ұмытпайды, сүйеді ел.
 Батыр бала, батыр бала Болатбек,
 Батыр бала қырандай боп көрінер.
- Кәне, балалар, шапалақ ұра отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте керемет балалар, солай ма? Иә.
Музыкалық жетекші әнді балалар қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- Қандай сазгерлерді білеміз? Нұрғиса Тілендиев, Қуат Шілдебаев, Өтебай Байділдаев. Жарайсыңдар!
- Әннің сөзін кім жазады? Ақын. Жақсы.
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз? Әнші. Керемет!
- Балалар, қандай ырғақты әндерді білеміз? «Әй-әй, бөпем», «Күз», «Бақшаға барамын». Тамаша, балалар!
Балалар әнді тыңдап болған соң, педагог оларға сұрақтарды қояды:
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдадық? Батыр бала Болатбек туралы әнді тыңдадық.
- Әуенін жазған сазгер кім? Ә. Беспаев.
- Жарайсыңдар, балалар!

«Шар ұшты!» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларды әуен ырғағына шеңбер жасап тұруға үйрету.
Ойынның көрнекілігі: үнтаспа, шарлар.
Ойынның барысы: балалар шеңбер жасап шардың үлкендігі мен пішінін көрсетеді. «Шар үрлейміз!» белгісіне балалар ортаға жиналып, аузымен үрлеп шеңбер құрастырады. «Шар ұшты!» белгісіне музыка ырғағымен шеңбер жасап айналады. Дабыл соғылғанда балалар шардын жарылғанын білдіріп, қолдарын босатып жібереді. Осы шартты орындай алмаған бала ән немесе тақпақ айтып би билейді. Жақсы ойнаған балаларға дабыл бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.

Педагог:
- Балалар, мына таңбалауыштарды портфолиоға жинаймыз. Жылдың аяғында кімнің портфолиосы толық болса, сол балаға сыйлық беріледі. Кәне, маған портфолиоларыңды ашып көрсетіңдерші! Жарайсыңдар, енді таңбалауыштарыңды салып қойыңдар.

Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог балалармен ән салудың алдында дауысқа арналған жаттығуларды орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтудың алдында музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді, сондықтан, педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз,
 Бір орында тұрмаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек.
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз.
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауысқа арналған жаттығуларды жасаймыз.
- Балалар, тырналар қалай дыбыстайтынын көрейік.
 Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар, тырналар!
 Мен сендерге жем берем,
 Дос болайық, тырналар!
- Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тамаша!

Ән салу
Ж. Тезекбаев «Жеңіс күнін тойлаймыз» әні.
(әні: Ж. Тезекбаев)
Музыкалық жетекші оқу қызметін жалғастыра бергенде дабылдың дауысы естіледі.

- Балалар, ненің дыбысы шығып жатыр?
Балалардың бәрі бірдей дауыстып:
- Дабылдың!
- Балалар, дабыл әскери аспап ретінде маңызды орын алады. Дабылдың дауысы талай қуанышты хабарларды жеткізіп отырған. Жеңіс күнінде де дабыл ойнайды.
- Балалар, дабылдар бізге мерекені ұмыттырмау үшін ойналып жатыр. Мерекеге арналған «Жеңіс күнін тойлаймыз» атты әні бар, сол әнді үйреніп алайық?!
- Ж. Тезекбаевтің әні «Жеңіс күнін тойлаймыз». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып әнді айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды. Қуанышты ән екен, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз. Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатып, балалар қабылдағанша айтқызады.
- Екі қолымызды тіземіздің үстіне қойып, әннің әуеніне қосылып тербелейікші!
 Жеңіс күнін тойлаймыз,
 Асыр салып ойнаймыз!
 Би билейміз, ән салып,
 Жеңіс күнін қарсы алып.
 Педагог әнді тыңдап отырып, өзі сөздерін айтып отырады. Керемет, балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер! Қолмен шапалақтап, әр сөзімізді нақты айтамыз!

Музыкалық аспаптарда ойнау
 Музыкалық жетекші балалардың бәріне дабылды үлестіріп беріп:
- Балалар, қазір мына дабыл аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, дабылды алдымызға ыңғайлап қояйық! Енді, балалар, дабылда ойнауға дайындалайық!

Интербелсенді тақтаны қосып, дабылдың суреті мен дауысын көрсетеді.

- Нені көріп тұрсыңдар, балалар! Дабылды. Дұрыс.
- Енді дабылдың дауысын тыңдайық!?
Балалар тыңдайды.
- Тамаша!
- Енді жаңағы дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге дабылда ойнаймыз. Алдымен дабылды бірге ұруды үйреніп алайық. Содан кейін Д. Кабалевскийдің «Труба мен дабыл» атты шығармасына сай дабылдар оркестрін құраймыз.

(Аудиозапись произведения Д. Кабалевского (минусовка) «Труба и барабан», Педагог балаларға шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде дабылда ойнау керектігін айтады. Дабыл аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма не туралы? Труба мен дабыл туралы.
- Шығарма авторы кім? Д. Кабалевский.
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге дабылда ойнаймыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
 Педагог балалармен шығарманы тыңдап отырып, дабылды бірге ойнатып жаттықтырады.

«Жоғарғы және төменгі дыбысты тап» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларды музыкалық дыбыстардың төмен және жоғарылығын ажырата білуге үйрету.
Ойынның көрнекілігі: әр балаға суретті карточкалар. Үйрек-балапан, аю-қонжық, қоян-көжек, жылқы-құлын.
Ойынның барысы: балалар музыкалық дыбыстардың төмен және жоғарылығын ажырату кезінде әрбір карточкамен жеке жұмыс жасауы тиіс. Ре (төмен дыбысты естігінде карточкадағы жануар тұрған дөңгелекті жабу.) Ля (жоғарғы дыбыс) жануардың баласын көрсету керек. Балалардан музыканың өзгеру темпін қимылмен көрсетуді және сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
- Үйректің дауысы қандай? Жуан.
- Балапанның дауысы қандай? Жіңішке.
- Музыкадағы дыбыстар қандай? Жуан.
- Балапан қалай дыбыстайды? (балапанның дауысын салу)
- Балалар, жарайсыңдар!

Қорытынды

 Оқу қызметінің аяғында балалардың бүгінгі тапсырманы қандай деңгейде қабылдағандарын пысықтау үшін сұрақтар қояды:
- Балалар, дабыл деген не? Аспап.
- Оны қай кезде ойнауға болады екен? Мереке кезінде.
- Балалар, оқу қызметінде қандай ән тыңдадық? «Батыр бала Болатбек» әнін.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Жеңіс күнін тойлаймыз» әнін.
- Балалар, жақында қандай мереке келе жатыр? Отан қорғаушылар күні. Жарайсыңдар, балалар!
- Тағы қандай мереке келе жатыр? Ұлы Жеңіс күні. Керемет, балалар!
- Тамаша! Балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер! Рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Жауынгерлер маршы»

Міндеті:

Балаларға әннің сыр-сипатына сай денесін ырғақпен қозғалтуды үйрету; жеңіл адыммен бір орынды айнала адымдауға және музыкалық ойындағы кейіпкердің қимылдарын бере білу қабілеттерін қалыптастыру; музыкалық аспаптарда жәй және қатты дыбыстарды ырғақты ойнай білуге дағдыландыруды пысықтау.  

Сәлемдесу 
 Педагог балалардың бастарына киетін фуражка мен қолдарына ұстайтын жалаушаларды таратып береді. Жалаушаларды оң қолдарына ұстап шығады.  
- Ал, балалар, біз жас ұландарға ұқсадық! Ендеше, барлығымыз еліміздің ұландары ұқсап адымдайық. 
 Балалар залға Д.Шостаковичтің «Марш» атты шығармасының әуеніне салтанатты түрде адымдап кіреді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғанда балалар орындарынан тұрып, оң қолдарын жүрек тұсына қойып тағзым етіп әнұранға қосылады.

Әнұран аяқталғанда музыкалық жетекші:
- Балалар, біздің еліміздің қандай рәміздері бар?
- Иә, жарайсыңдар! Ту, Елтаңба және Әнұран. 
- Балалар, әнұранның авторы кім?
- Сөзін жазған Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әнін жазған Ш.Қалдаяқов. 
- Балалар, жақында қандай мереке болады?
- Иә, жарайсыңдар!
Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші балалардың назарын аударып:
- Балалар, қазір А. Мельникованың «Жаса, елiм» атты музыкалық шығармасына жұптасып билеудің жаңа элементтерін үйренеміз.
 Музыкалық жетекші А. Мельникованың «Жаса, елiм» атты музыкалық шығармасына балаларды шеңберге жұппен тұрғызады. Музыканың сыр-сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды, шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұппен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адымдау элементтерін жасайды. Өздері тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып жұбымен оң және сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды. Соңында барлық балалар бірігіп, үлкен шеңбер жасайды. Гүлдің бейнесін жасап биді аяқтайды. Қимылдар музыкалық жетекшінің көрсетуі бойынша орындалады

 Ән тыңдау  
Педагог интербелсенді тақтадан бейнежазбаны көрсетеді.

- Балалар, батыр деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Иә, тамаша! Күшті, мықты адам.
- Жақсы, қандай батырларды білесіңдер?
- Иә, елі мен жерін қорғаған көптеген батырларымыз бар.
- Ендеше, біз де батыр боламыз ба?
Балалардың жауаптары.
- Балалар, батыр бала туралы ән бар, сол әнді тыңдап көрейікші?
Ә. Беспаевтың «Батыр бала Болатбек» әні. Әнін жазған сазгер Ә. Беспаев.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
 Ерлігіңді біледі ел,
 Ұмытпайды, сүйеді ел.
 Батыр бала, батыр бала Болатбек,
 Батыр бала қырандай боп көрінер.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте керемет екен, балалар! Солай ма? Иә.
Музыкалық жетекші әнді балалар әбден қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, ән жазатын адамды кім деп атаймыз? Сазгер. Тамаша!
- Қандай сазгерлерді білеміз? Нұрғиса Тілендиев, Қуат Шілдебаев, Өтебай Байділдаев. Жарайсыңдар!
- Әннің сөзін кім жазады? Ақын. Жақсы!
- Әнді орындайтын адамды кім дейміз? Әнші. Керемет!
- Балалар, қандай ырғақты әндерді білеміз? «Әй-әй, бөпем», «Күз»,«Бақшаға барамын». Тамаша, балалар!
Педагог балаларға әді тыңдап болған соң, сұрақтар қояды:
- Балалар, бүгін қандай әнді тыңдадық? «Батыр бала Болатбек» туралы.
- Әуенін жазған сазгер кім? Ә. Беспаев.
- Жарайсыңдар, балалар!
«Музыка бояулары» ойыны
Ойынның мақсаты: музыканың сыр-сипатын ажырату. Ән, Би, Вальс, Марш жанрларын ажырата білуге ықпал ету. Түрлі-түсті желпуіштердің түсіне қарай жанрларды ажырату.
Ойынның шарты: жасыл түс - ән айту, қызыл түс - көңілді билеу, сары түс - вальс ырғағы, көк түс - марш ырғағы екенін түсіндіру. Музыкалық шығарма тыңдалады, бірнеше рет қайталап, желпуіштермен жаттығу жасай білуге үйретеді. Балалар түрлі жанрдағы музыканы тыңдап, желпуіштерді көтеруге үйренеді.
Дауысқа арналған жаттығулар
 Педагог балалармен ән салардың алдында дауысқа арналған жаттығуларды орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында, музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді, сондықтан педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді менімен бірге қайталаймыз.
 Біз көңілді балалармыз, 
 Бір орында тұрмаймыз. 
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
 Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек. 
 Біз сабырлы балалармыз,
 Біз апайды тыңдаймыз. 
 Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Балалар, тырналар қалай дыбыстайды? Көрейік.
 Аспан ашық, дала кең,
 Кел, қоныңдар, тырналар! 
 Мен сендерге жем берем, 
 Дос болайық, тырналар.
- Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тырау-тырау-тырау-тырау!
- Тамаша!
Ән салу 
Ж. Тезекбаев «Жеңіс күнін тойлаймыз» әні.
(әні: Ж.Тезекбаев). 
- Мерекеге арналған «Жеңіс күнін тойлаймыз» деген ән бар, сол әнді үйреніп алайық?!
- Ж. Тезекбаевтың әні «Жеңіс күнін тойлаймыз» әні. Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз. Дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен бірге ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындайды. Музыкалық жетекші. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Музыклық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топбірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді болды! Ән өте көңілді! Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз.
 Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатады. Балалар әнді әбден қабылдағанша айтқызады. 
- Екі қолымызды тіземіздің үстіне қойып, әннің әуенімен тербелейікші! 
 Жеңіс күнін тойлаймыз,
 Асыр салып ойнаймыз!
 Би билейміз, ән салып,
 Жеңіс күнін қарсы алып!
Педагог әнді тыңдап отырып, сөздерін өзі айтып отырады.
- Керемет! Балалар, сендер бәрін біледі екенсіңдер! Қолымызбен шапалақтап, әр сөзімізді нақты айтамыз! 
 Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне дабылды үлестіріп береді де:
- Балалар, қазір дабыл аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, дабылды алдымызға ыңғайлы қояйық! Енді, балалар, дабылда ойнауға дайындалайық!
 Педагог интербелсенді тақтаны қосады. Дабылдың суреті көрсетіп, дыбысын тыңдатады.

- Нені көріп тұрсыңдар, балалар! Дабылды. Дұрыс.
- Енді, дабылдың дауысын тыңдайық!?
Балалар тыңдайды. Тамаша!
- Енді, балалар, жаңағы дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге дабылда ойнаймыз. Алдымен дабылды бірге ұруды үйреніп алайық. Содан кейін Д. Кабалевскийдің «Труба мен дабыл» шығармасына сай дабылдар оркестрін құраймыз, металлофонда ойнаймыз.
 балаларға шығарманы тағы да тыңдатады. Музыканың қай бөлігіне келгенде дабылда ойнау керектігін айтады. Дабыл аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма не туралы? Труба мен дабыл туралы.
- Шығарманың авторы кім? Д. Кабалевский.
- Тамаша! Балалар, дыбысты тыңдап отырып, менімен бірге дабылда ойнаймыз. 1, 2 - 1, 2 бастаймыз.
 Педагог шығарманы тыңдап отырып, дабылда ойнауға жаттықтырады.
«Музыкалық аспаптар дүкені» ойыны
Ойынның мақсаты: балаларға арналған музыкалық аспаптардың дауыс тембрін ажыратуға үйрету. Аспаптарда еркін ойнауға, шығармашылыққа баулу.
Ойынның шарты: балалар аспап түрлеріне сәйкес бірнеше қатар болып отырады. Музыкалық жетекші шымылдықтың артынан аспапта ойнайды. Балалар дауысын ажыратып, суретті карточкалардан көрсетеді.
Қорытынды
Музыкалық жетекші оқу қызметінің аяғында: 
- Балалар, қандай мереке жақындап қалды?
- Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мейрамы. 
- Балалар, оқу қызметінде қандай ән тыңдадық? «Батыр бала Болатбек» әнін.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Жеңіс күнін тойлаймыз» әнін.
- Балалар, жақында қандай мереке келе жатыр? Отан қорғаушылар күні екен, жарайсыңдар!
- Тағы қандай мереке келе жатыр? Ұлы Жеңіс күні. Керемет, балалар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 25-27 сәуір 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Біз өмірдің гүліміз»

Міндеті: Балаларға ырғақты қимылдарды музыкамен бірге бастап, соңғы дыбыста бірге аяқтауға үйрету; жәй және қатты шығатын дыбыстарды педагогпен бірге айту дағдыларын жетілдіру; аяқ қимылдарын жасағанда аяқты өкшемен қою және музыкалық аспаптарда жәй және қатты дыбыстарды ырғақты ойнау қабілеттерін қалыптастыру.

Сәлемдесу
 Балалар залға Е. Тиличееваның «Марш» шығармасының әуеніне қатар түзеп кіреді. Педагог адымдау кезінде денені түзу, басын жоғары көтеріп, тік ұстау қажеттігін және тізені жоғары көтеру керектігін балаларға ескертеді. Балалар залдағы кілемнің ортасына алымлап келіп тұрады да, үлкен шеңбер жасайды.
Педагог:
- Балалар, күлімдеп көктемнің соңғы айы да келді. Табиғат гүлге оранды. Сендер гүлдерді жақсы көресіңдер ме? Иә, балалар, гүлді барлық адамдар жақсы көреді. Жарайсыңдар, балалар! Балалар, гүл не үшін керек деп ойлайсыңдар? Әдемілік үшін, адамдарға сыйға тарту үшін. Дұрыс айтасыңдар, балалар! Гүлдерді жұлуға болмайды, оларды аялап күту керек.
- Балалар, бәрің тақтаға қараңдаршы?!

Балалар суреттегі көп гүлдерді көріп қызығып кетеді.
- Балалар, гүлдер ұнай ма? Иә.
- Міне, жарайсыңдар! Балалар, гүлдерге сәлемдесіп алайық.
 Табиғатты жайнатып (балалар қолдарын жанына жібереді),
 Көздің жауын алады (балалар қолдарын алдына жаяды).
 Әсем гүлдер тербеліп (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Бізден сәлем алады (балалар иіліп, сәлем береді).
Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Бәрекелді, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші музыкалық-ырғақты қимылдарды жасау алдында:
- Балалар, қазір Е. Андосовтың «Біз билейміз» атты музыкалық шығармасының әуеніне жұптасып билеудің жаңа элементтерін үйренеміз.
(Аудиозапись песни Е. Андосова "Мы танцуем"). 
 Музыкалық жетекші Е. Андосовтың шығармасына балаларды шеңберге жұптастырып тұрғызады, музыка сипатына сай ырғақты қимылдарды жасауды үйретеді. Педагог балалармен бірге шеңбер адымдарын жасайды да шеңбер бойымен адымдап бара жатқан балаларды бақылайды. Балалар жұппен бірігіп, аяқтың ұшымен жеңіл адым элементтерін жасайды, орындарында тұрып, өзі тұрған орнын айналып, шеңбер адымын жасайды. Шеңбер бойымен жүріп, қолдарын жоғары көтереді, орындарында тұрып жеңіл секіреді. Орындарында тұрып, жұппен оң жаққа, сол жаққа кезек-кезек қарап айналады. Аяқтарымен сол жағына, орнына, оң жағына, орнына жаттығуларын жасайды.
«Біз билейміз» әуенімен денелерін тік ұстап, шеңберді айнала жүріп, вальс сипатындағы ырғақты қимылдарды жасайды. Орындарында тұрып педагогтің көрсетуімен екі аяқтарын кезек-кезек алмастырады, орындарында тұрып айналады, қайтадан залды айналып шеңбер бойымен жүреді, орындарында тұрып вальс элементтерін көрсетеді. Осылайша педагогтің көмегімен 2-3 айналым жасайды.
 Соңында барлық балалар бірігіп үлкен шеңбер жасайды, гүлдің бейнесін жасап биді аяқтайды.

Ән тыңдау
Музыкалық жетекші балалардың назарын тақтаға аударады:
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
- Гүлді. Жақсы.
- Балалар, қандай гүл?
 Балалар ойланып қалады. Педагого балалардың ойлануына мүмкіндік беріп, балаларға суретті тағы да көруді ұсынады:
- Балалар, енді мына суретке назар аударайықшы?!

Балалар суретке қарап, қоңырау екендігін айтады.
Педагог суретке қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, екі суретке қараңдаршы. Олар бір-біріне ұқсай ма? Ұқсайды. Дұрыс.
- Балалар, гүл мен қоңырау бір-біріне ұқсаса, гүл қалай аталады деп ойлайсыңдар?
 Балалар ойланып қалады.
- Балалар, екі суреттің түстері ғана әртүрлі, атаулары бірдей. Балалар жарыса дауыстап:
- Қоңырау!
- Әрине, балалар, бұл далада өсетін жабайы қоңыраугүл. Қоңыраугүлдер маусым айының ортасынан бастап пайда болады.
- Балалар, осы қоңыраулар туралы әдемі музыка бар, сол музыканы естіп көрейікші? Шығарма «Қоңыраулар үні» деп аталады. Шығарманың авторы австриялық композитор, классик Вольфганг Моцарт.
- Балалар, бәріміз композитордың аты-жөнін қайталайықшы. Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.

(Аудиозапись произведения В.Моцарта «Звон колокольчиков», Музыкалық жетекші балаларға «Қоңыраулар үні» шығармасының күйсандықта ойналуын шағын бейнебаян арқылы тыңдатады.
Әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, музыка қандай аспапта орындалған? Күйсандықта. Тамаша!
- Музыка не туралы? Қоңыраулар үні туралы. Жарайсыңдар!
- Балалар, бұл музыканы кім шығарғанын білесіңдер ме?
Балалар үндемей қалады.
- Балалар, бұл музыканы композитор, классик Вольфганг Моцарттың шығармасы. Қайталаймыз, жарайсыңдар!
- Енді, балалар, «Қоңыраулар үні» шығармасын тағы да тыңдаймыз! Музыкалық жетекші балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сыр-сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай музыка тыңдадық? «Қоңыраулар үні» шығармасын.
- Шығарманың авторы кім? Вольфганг Моцарт. Тамаша!
- Музыка қандай аспапта орындалады? Күйсандықта.
- Керемет, балалар!

«Үш гүл» әуеннің көңіл-күйін ажыратып білу қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойын.
Ойынның шарты:
1. Музыкалық жетекші музыкалық шығарманы ойнайды. Бір бала шығып әуеннің көңіл-күйіне сай гүлді алып шығады. Егер де балаға музыкалық шығарма таныс болса, ол бала шығарманың атауын және авторын атайды.
2. Әр баланың алдында үш гүл жатады. Музыкалық жетекші музыкалық шығарманы ойнап береді. Балалар әуеннің көңіл-күйін ажыратып, әуенге сай келетін гүлді алып шығады.
Ойын құралдары: картоннан жасалған үш гүл (гүлдің ортасында «көңілді», «көңілсіз» және «ұйықтап жатқан өңтаңбаның» суреті салынған), (гүлдердің орнына үш күннің көзін немесе үш бұлтты істеп алуға болады), бұл суреттер әуеннің үш көңіл-күйін көрсетеді. Жәй әуен, көңілсіз әуен, көңілді әуен.
Үш гүлдің көңіл-күйін бейнелейтін суреттер төменде көрсетілген.
 «көңілді гүл»

 «ұйқыдағы гүл»
Үлестірмелі жабдықтар: әр балаға әуеннің көңіл-күйін білдіретін бір гүлден беріледі.
Балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, қазір «Үш гүл» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша алдарыңда жатқан гүлді ойналатын әуеннің сипатына сай көрсетесіңдер. Егер, әннің атауы мен әнді шығарған сазгерді білсеңдер, орындарыңнан тұрып айтуға болады.
 Педагог музыкалық жетекшімен біріге отырып, балалардың назарына бес-алты әннің вариантын тыңдауды ұсынады. Ойынның аяғында жақсы ойнаған балаларға өздерінің ата-аналарының келісімімен алдын-ала дайындалған әр баланың өз отбасы бейнеленген төсбелгілер ұсынылады.

Дауысқа арналған жаттығулар
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар!
- Енді менімен бірге қайталаймыз.
- га -га,
- ду -ду,
- ко -ко,
- ля -ля.
- Жарайсыңдар!
- Балалар, ешкі лағын қалай шақырады?
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
Лағым
 Шөре-шөре, лағым,
 Тентек болма, шырағым,
 Секектеме, деміңді ал,
 Селтеңдемей құлағың.
- Тамаша!
- Балалар, көкек қалай шақырады?
Балалар:
- Кө-кек, кө-кек.
- Жақсы.
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
Көкек
 Ағашта биік,
 Бір құсты көрдік.
 Сайрайды сол құс,
 Сайрайды талмай.
- Кө-кек, кө-кек,
 Аты оның содан,
 Атанған кө-кек.
- Жарайсыңдар, балалар!

Ән салу
А. Асылбеков «Біз өмірдің гүліміз» әні.
(әні: А. Асылбеков)
Музыкалық жетекші балалардың көңіл-күйін көтеру үшін:
- Балалар, сендер өздеріңнің неге ұқсайтындарыңды білесіңдер ме?
Балалар таңданып қалады.
- Балалар, сендер өсіп келе жатқан әдемі гүлге ұқсайсыңдар!
Балалар қуанып, бір-біріне қарап қалады.
- Балалар, тақтаға қараңдаршы. Сендер сол гүлдерге ұқсайсыңдар!?

Балалар тақтадағы гүлдерге қуана қарайды.
- Балалар, сендерге арналған «Біз өмірдің гүліміз» атты әні бар. Сол әнді үйреніп алайық?!
- А. Асылбековтің әні «Біз өмірдің гүліміз». Бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен, балалар, маған қосылып ән айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыкалық жетекші балалармен ән айтуды бастайды.
 Әнді хор мінбесіне барып айтады. Үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Музыкалық жетекші әнге дирижер болады. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
 Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгін өте көңілді болды.Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз.
Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатады. Балалар әнді әбден қабылдағанша айтқызады.
- Екі қолымызды тіземіздің үстіне қойып, әннің әуенімен бәріміз тербелейікші!
 Біз өмірдің гүліміз,
 Ана - біздің күніміз!
 Би билейміз, ән салып,
 Біз гүлдердей жайқалып.
Педагог балалардың ән салғанын тыңдап отырып, сөздерін бірге айтып отырады.
- Балалар, керемет! Сендер әнді жақсы айттыңдар!

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші балалардың бәріне қоңырауларды үлестіріп береді де:
- Тыңдайықшы, балалар, қазір мына қоңырау аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, қоңырауларды алайық! Енді, балалар, музыканы тыңдап отырып, көктем қызығын тамашалайық!
Интербелсенді тақтаны қосып, көктем мезгілінен көрініс көрсетеді.

- Көктем көрінісі қандай керемет! Қараңдаршы, балалар! Көктемнің келгеніне құстар да қуанып жатыр. Енді музыканы тыңдай отырып, менімен бірге қоңырау соғамыз. В. Моцарттың «Қоңыраулар сыңғыры» шығармасы.Балаларға әнді шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде қоңырауларда ойнау керектігін айтады. Қоңырау аспабында ойнап болған соң, музыка жетекшісі балаларға сұрақ қояды:
- Шығармада не туралы айтылады? Қоңыраулар туралы.
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? В. Моцарт. Жарайсыңдар.
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдай отырып, менімен бірге қоңырауларды сыңғырлатамыз. 1,2 - 1,2 бастаймыз. Педагог балалармен шығарманы тыңдай отырып, қоңырауларды бірге сыңғырлатып жаттықтырады.

«Музыкалық әткеншек» музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларға музыканың өзгеру темпін ажырата білуді үйрету.
Ойынның барысы: музыкалық жетекші «Әткеншек» әнін орындайды да, әткеншектің қалай қозғалатынын балалардан сұрайды. Балалардан музыканың өзгеру темпін қимылмен көрсетуді және сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:
- Музыка қай кезде тез ойнады?
- Қай кезде баяу ойнады?
- Музыканың қандай сиапатта?
- Әткеншек қалай қозғалады? (жылдам қозғалады, ақырын қозғалады, баяу қозғалады, тоқтайды)
- Балалар, мына суреттегі әткеншекке қараңдаршы?!

- Осы әткеншекті жай итерсек, ол қалай қозғалады? Музыка ойнаған кезде әткеншектің қозғалысын көз алдарыңа елестетіп отырыңдар.
Ойынның аяғында балаларға таңбалауыштар беріледі.

Қорытынды

Оқу қызметін қорытындылай келе педагог:
- Балалар, оқу қызметінде қандай шығарманы тыңдадық? В. Моцарттың «Қоңыраулар сыңғыры» атты шығармасын.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Біз өмірдің гүліміз» әнін.
- Балалар, табиғат деп нені айтамыз? Бізді қоршаған ортаны, дұрыс айтасыңдар.
- Ал, гүлдер қандай болады, балалар? Әдемі, нәзік, хош иісті болады.
- Бәрекелді, балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет! Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Кел билейік»

Міндеті: Балаларға көңілді әуенді тыңдау және айту кезінде денесін әннің сыр-сипатына сай ырғақпен қозғалтуға, қимылдарды музыкамен бірге бастап, соңғы дыбысында бірге аяқтауды үйрету; дауысқа арналған жаттығуларды дұрыс орындауға жаттықтыру.

Сәлемдесу
 Оқу залында Қ. Шілдебаевтың «Жүгіру» атты шығармасы қосылып тұрады. Балалар музыкалық жетекшінің белгісімен ирек жасау, айналып жүгіру, жанымен жүгіру жаттығуларын жасап кіреді. Жеңіл адымдап залдың ортасына келіп тұрады.
 Музыкалық жетекші:
- Балалар, жаз келді. Сендер жазда қайда барасыңдар? Иә, балалар, ауылға, ата-аналарыңмен шетелге, сауықтыру орындарына барасыңдар. Суға шомылып, күнге қыздырынасыңдар. Жаз қызығы өте көп екен, балалар. Жарайсыңдар, балалар! Қала ішінде де қыдырасыңдар. Балалар, жаз айы кең ай, берекелі ай деп бекер айтылмаған.
- Бәрекелді! Басталатын жаз айына да сәлем берейік!
 Сәлемдесіп алайық (балалар қолдарын жанына жаяды),
 Амансыз ба, халайық (балалар қолдарын жоғары көтереді)!
 Жайдары жаз кезінде (балалар қол білезіктерін айналдырады),
 Бір жадырап алайық! (балалар қолдарын жоғары көтереді).
 Балалар педагогпен бірге қимылдарды қайталайды.
- Тамаша, балалар!

Музыкалық-ырғақты қимылдар
 Музыкалық жетекші музыкалық-ырғақты қимылдарды жасау алдында:
- Балалар, бәріміз ортаға шығып «Тұлпарым» атты әуенге ырғалып, би қимылдарын жасаймыз. Қәне, балалар, біріміздің артымыздан біріміз тұра қалайық. Бәріміз бірге қайталаймыз. Денемізді бос ұстап, қол білезіктерімізді айналдырып, менімен бірге қимылдарға қосыламыз.
(Аудиозапись песни Б.Бейсеновой "Мой скакун").
 «Тұлпарым» атты әуенге денелерін тік ұстап, шеңберді айналып жүреді. Жорға жүріс сипатындағы ырғақты қимылдарды жасайды. Орындарында тұрып педагогтің көрсетуімен екі аяқтарын кезек-кезек алмастырып ырғақтайды. Қайтадан залды айналып шеңбер бойымен жүреді. Орындарында тұрып «жорға жүріс» элементтерін көрсетеді. Педагогтің көмегімен 2-3 айналым жасайды.

Ән тыңдау
Ән тыңдаудың алдында музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріміз тақтаға қарайықшы?!

- Тақтадан кімді көріп тұрсыңдар? Тәрбиеші апай мен балаларды. Жақсы!
Педагог тақтадағы суретке қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, суреттегі балалар тәрбиеші апайды қатты жақсы көреді екен, солай ма? Иә. Жарайсыңдар!
Балалар суретке қарап қалады.
- Балалар, сендер тәрбиеші апайларыңды жақсы көресіңдер ме? Жақсы көреміз. Тамаша, балалар!
- Ал, тәрбиеші апайларың сендерді жақсы көре ме?
Балалардың бәрі дауыстап:
- Жарайсыңдар!
- Олай болса, балалар, тәрбиеші апай туралы ән бар емес пе?
- Иә.
- Онда сол әнді тыңдап көрейікші? Б. Бейсенованың «Тәрбиеші» әні. Әнін жазған Б. Бейсенова.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз

(Аудиозапись песни «Воспитатель»,
 Тәрбиеші, тәрбиеші,
 Күн көрінген көзіңнен.
 Тәрбиеші, тәрбиеші,
 Үлгі алам өзіңнен,
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып, әуенді тағы да қайталап тыңдайықшы! Керемет! Ән өте керемет! Солай ма. балалар? Иә.
 Музыкалық жетекші балалар әнді әбден қабылдағанша тыңдатады.
Педагог әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- «Тәрбиеші» әнінің әуенін жазған кім? Б.Бейсенова. Жарайсыңдар!
- Жарайсыңдар, балалар!

«Соқыртеке» дидактикалық ойыны
Ойынның мақсаты: балаларға әнді айта жүріп, епті, жылдам болуға үйрету.
Ойынның барысы: балалар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер жасайды, 3-4 бала шеңбердің сырт жағында тұрады.
Музыкалық жетекші:
- Балалар, қазір біз «Соқыртеке» дидактикалық ойынын ойнаймыз. Ол үшін алдымен «Соқыртеке» болатын баланы таңдап алуымыз керек.
- Кім «Соқыртеке» болғысы келеді? Ортаға «Соқыртеке» болуға тілек білдіріп, бір пысық бала шығады.
 Балалар шеңберді айналып жүріп, әннің бірінші шумағын айтады. Екінші шумақты «Соқыртеке» айтады. Екінші шумақ басталғанда балалар бекіткен қолдарын жоғары көтереді, ал сыртта тұрған балалар ішке еніп «Соқыртекеге» ұстатпайтынын айтып жан-жаққа жүгіреді. «Соқыртеке» біреуді ұстап алуға тырысады. Егер ұстап алса, әннің екінші шумағын айтады, ойын қайталанғанда ұсталған бала «Соқыртеке» болады. Егер ұстай алмаса, өзі «Соқыртеке» болады.
Балалар айтатын «Соқыртеке» әнінің шумағы:
 Соқыр теке, бақ, бақ,
 Біз айтамыз тақпақ.
 Мықты болсаң, қанекей,
 Бірімізді тап, тап!
 Ойын соңында жақсы ойнаған балаларға марапат ретінде жаз кереметтері бейнеленген таңбалауыштар үлестіріледі.

Дауысқа арналған жаттығулар
Педагог балалармен дауыс жаттықтыру мақсатында:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз. Жарайсыңдар!
- Балалар, әнді айту үшін құлағымызға жаттығу жасаймыз.
- Кәне, бәріміз мұрынмен дем алып, сол демді қолымыздағы гүлді үрлеу арқылы сыртқа шығарамыз. Жарайсыңдар!
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ля - ля - ля - ля - ля - ля - ля
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
- Ми - ми - ми - ми - ми - ми - ми
 Жарасып тұр сәніміз,
 Ән шырқайық бәріміз.
 Естіген жұрт таң қалсын,
 Әдемі ән шырқалсын.
- Тамаша!

 Ән салу
Б. Байқадамов «Кел, билейік» әні.
(әні: Б. Байқадамов)
- Балалар, бүгін біз Б. Байқадамовтың «Кел, билейік» әнін айтуды үйренеміз.

(Аудиозапись песни Б. Байқадамова «Давай потанцуем»,
- Қәне, балалар, бәріміз екі қолымызды алдымызға қойып, денемізді бос ұстап, әнді тыңдап алайық!
 Кел, кел, кел билейік,
 Келші, менің қасыма.
 Кел, кел, кел билейік,
 Биле, жаным, жәй тұрма.
 Педагог өлең жолдарының мағынасын түсіндіріп береді. Балаларға жаңағы сөздерді қайталатып, тілдерін жаттықтырады.
 Музыкалық жетекші әннің үш шумағын үш топқа айтқызып, қайырмасын барлық топ бірге қосылып орындауды үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақтап отырып сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет!
- Бүгінгі ән өте жеңіл болды. Солай ма, балалар? Әнді бәріміз қосылып айтамыз.
 Музыкалық жетекші балаларға әнді қайталатады.

Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыкалық жетекші:
- Балалар, бәріңде сылдырмақ бар ма? Иә.
- Тыңдайықшы, балалар, қазір мына сылдырмақ аспабында ойнаймын, сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар. Келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырмақты алайық! Енді, музыканы тыңдап отырып, менімен бірге сылдырмақты сылдырлатамыз.
«Қамажай» халық әуенін сылдырмақ аспабында ойнау.

(Аудиозапись народной мелодии «Камажай», Балаларға әнді тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырмақта ойнау керектігін айтады.
- Балалар, сылдырмақпен ойнап жатқан шығарманы құстарға арнаймыз. Солай ма? Иә.
Сылдырмақ аспабында ойнап болған соң, музыкалық жетекші балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? «Қамажай».
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар!
- Қай халықтың шығармасы? Қазақ халқының. Тамаша!
- Тамаша, балалар!

«Ән салған кім?» музыкалық-дидактикалық ойын (тембрді айыру үшін арналған ойын)
Ойынның мақсаты: балаларға дауыс тембрін ажырата білуге үйрету.
Ойынның барысы: балалар шеңбер жасап жүріп әндетеді. Шет жақтағы балаларға сыртын беріп отырған бала ән салған баланың дауысын тануы керек. Отырған бала ән салған баланы дауысынан таныса, олар орын ауыстырады.
 Көп бала бар бөлмеде,
 Бірі ғана ән салады.
 Ал сырттағы:
 «Кім екен?» - деп тамсанады
 Бір бала былай деп әндетеді:
- Мен бақытты бөбекпін,
 Таудай биік талабым,
 Ән мен күйге зерекпін,
 Бірден қағып аламын.

Оқу қызметінің аяғында балалардың бүгінгі тапсырманы қандай деңгейде қабылдағандарын пысықтау мақсатында сұрақтар қояды:
- Балалар, оқу қызметінде қандай ән тыңдадық?«Тәрбиеші» әнін.
- Қандай ән айтуды үйрендік? «Кел, билейік» әнін.
- Балалар, көңілді болуымыз үшін не істеуіміз керек? Жайдары болуымыз керек.
- Жазда жақсы демалып, күш жинап келіңдер! Рақмет!
- Бәрекелді, балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер. Рақмет! Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 02-04 мамыр 2023 жыл

Айы, күні, жылы: 09-11 мамыр 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Біздің қала»

Міндеті: Балаларды жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін үйрету. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдіру. Музыкадағы бейнелерді ажыратуға үйрету. Әннің ширақ, сергек, сабырлы сипатын ажырата білуге тәрбиелеу.
 Балалар  Е. Тиличееваның "Марш" шығармасымен залға кіреді.

- Балалар, шеңберге біз тұрайық,
Қол ұстасып жүрейік.
 Шаттық шеңбер: 
- Балалар, бүгін қандай әдемісіңдер!
- Жаз келді, алақай!
- Қане, жаз мезгілімізді қарсы алайық!
  Сәлем, сәлем, 
  Жаз келді!
  Күн шуақтарын шашты.
  Ойын ойнаймыз енді,
  Көңілді күндер басталды! Алақай! 
- Жарайсыңдар, балалар!
Музыка тыңдау
Педагог: 
- Балалар, экранға назар аударайықшы.
- Нені көріп отырсыңдар? Дұрыс, домбыра аспабын. Домбыра аспапбы, ерте заманнан келе жатқан,  Қазақ халқының жақсы көретін аспабы. Домбыраға арналған көптеген күйлер бар. Халық композиторы Дәулеткерей Шыгайулы "Қосалқа" деген күй шығарған.

Есте сақтайық - Дәулеткерей Халық композитордың есімін.

- Күй не туралы жазылған? Қыздардың әдемі әшекейлер тұралы. 
- Қыздар жүрген сайын, әдемі әшекейлері қозғалып, сыңғырлаған ырғақты дыбыстарды естіртеді. Қәне, тағы тыңдайықшы. 
Педагог бір неше рет күй тыңдатқызады. Сурақтар қояды. 
- Балалар, күй шығармада сөздер болама? Жоқ. 
- "Қосалқа" күйін кім жазды? 
- Күй қандай көңілде жазылған? 
- Жеңіл, асықпай ойналатын. Дұрыс.
- Күйші деп, біз қандай композиторды айтамыз? -Күй шығаратын композиторды.
- Дұрыс, балалар. Өте жақсы!
Дауыс жаттығулары
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей жөнелді. Кәне, қоян қалай сәбізін тауып алды? 
- Балалар, қоян сияқты иіскейміз. Енді тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістермен кезек басамыз, тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар.
- Енді, балалар, менімен бірге әннің сөзін бірге айтамыз.
- Ахау ,егигай, 
- Ән сал бозторғай, 
- Біз әніңді үйреніп,
- Күнде ән сап жүрейік. 
Тамаша.

Ән салу

(әні, сөзі: Бота Бейсенова). 
- Балалар, жаңа оқу жылында жаңа ән бастайық.
Бота Бейсенованың әні «Балабақша».
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші төлдер» де келді.
Балаларға төлдермен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыка жетекшісі әннің үш шумағын үш командаға айтқызып, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.
"Ән салған кім?" музыкалық-дидактикалық ойын
- Балалар, қолдарыңдағы «әдемі көңілді шарларды» алып, маған қарай ойын алаңына келіңдер. Жарайсыңдар.
- Қазір біз "Ән салған кім?" ойынын ойнаймыз. Ойын шарты: әннің шумағында «әдемі көңілді шарларды» арттарыңа тығып шеңбер бойымен жай жүресіңдер, ал қайырмасында «әдемі көңілді шарларды» қолдарыңмен музыка ырғағына сай бір-біріне соғасыңдар. Санамақ арқылы ойын бастаушысын сайлайды. Балалар ұстаған шарлардың ішінің кейбіреуінде дыбыс шығаратын қоңыраулар бар. Балалар сол қоңыраулар үнін анықтап табулары керек.
- Ал, балалар, бастаймыз.
- Достығымыз жараса,
- Асыр салып таласа
- Ойынды тез бастайық,
- Шартын қатаң сақтайық
- Бір, екі, үш,
- Ойын баста, ұш!
Балалар ойынын музыка жетекшісімен бірге бақылап, арасында ескерту жасап отырады.
Балалар музыкалық аспапта ойнау
"Сылдырмақ" Е. Хасанғалиевтін шығармасы. 
- Балалар, біз өткен оқу қызметімізде "Сылдырмақ" шығармамен танысқан болатымыз. Қәне, еске түсірейік. 
Педагог сылдырмақ аспабымен ойнау тәсілін көрсетеді. Қатты музыка естілген кезде, сылдырмақта қатты ойнайды. Ақырын естілгенде музыка, ақырын ойнайды. Балалар қайталайды. Педагог фортепиано аспабында сүйемелдейді, балалар өздері сылдырмақтарда орындайды.
Қорытынды
- Балалар, бүгін сендер, өте белсенді болдыңдар, керемет!
- "Қосалқа" күйін композитордың аты қалай?
- Дәулеткерей. 
- Балабақшамыз сендерге ұнайма? Ия!
- Өте жақсы, балалар! 
- Сау болыңдар, балалар!

Тақырыбы: «Ата-ананы тыңдаймыз»

Міндеті: Көңілді әуен арқылы көңіл күйді сыйлай білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Балаларды достыққа, бірлікке,татулыққа тәрбиелеу.
Балалар В. Тюльканованың "Марш" шығармасымен залға кіреді.

- Балалар, шеңберге біз тұрайық.
- Балалар, бүгін қандай әдемісіңдер!

Шаттық шеңбер: 
- Қол ұстасып тұрайық.
- Әдемі шеңбер құрайық.
- Бір-бірімізге құанып,
- Сәлем, сәлем берейік.
- Алақай! 
- Жарайсыңдар, балалар!
Музыка тыңдау
- Балалар, экранға назар аударайықшы. Бұл кішкентай қыздың аты - Айжан. Айжан қыз туралы әдемі күй бар. Қәне, дұрыс отырып тыңдайық.

Күй халық күй деп, аталады, өйткені  күйді халық шығарған. 
- Тағы тыңдап көрейік. 
Педагог күйдің сипатын түсіндіреді. 
- Айжан қыз, билеуді жақсы көреді. Күйдің ырғағы өте нақты көрсетілген. Әр қимылды бейнелейді. Балалар, билеп көрейікші. 
 Педагог музыкаға сәйкес қазақ би элементерін көрсетеді: қошқар мүйіз, гүл- қызғалдақ өрнек қимылдарын. 
- Жарайсыңдар, балалар!
- Күйдің аты қалай? Айжан қыз. 
- Өте жақсы, балалар!
 Дауыс жаттығулары
Балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей жөнелді. Кәне, қоян қалай сәбізін тауып алды? 
- Балалар, қоян сияқты иіскейміз. Енді тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістермен кезек басамыз, тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар.
- Енді, балалар, менімен бірге әннің сөзін бірге айтамыз.
- Балалар, енді бәріміз, ара болайықшы?! 
- Аралар,
- Арамыз, біз арамыз, 
- Әнге салып барамыз.
- Жу-жу-жу-жу-жу-жу. 
- Қызыл, жасыл гүлдерден, 
- Балды сорып аламыз. 
- Жу-жу-жу-жу-жу-жу. Жарайсыңдар.
Ән салу

(әні, сөзі: Бота Бейсенова). 
- Балалар, ата-аналарыңды бәрің жақсы көресіңдер ме? Иә. 
- Олай болса, ата-ана туралы әнді айтып, үйренейік.
Бота Бейсенованың әні «Ата-ананы тыңдаймыз».
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, 1- шумағын айтуға үйретеді, қайырмасын қайталап үйретеді.. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, тамаша, әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
Музыкалық-дидактикалық ойын "Мысық пен тышқандар".
Ойынның мақсаты: Музыканы тыңдау, өз партияны есту, ажырату арқылы қимыл жасау.
Ойынның барысы: мысықты таңдайды. 
Баяу музыкамен "тышқандар" жай жүреді, музыка ауысқанда- тышқандар қашады, мысық құалайды.
Балалар музыкалық аспапта ойнау
"Қандай ырғақ?" музыкалық ойын.
Шарты: Балалар, музыканың сөздеріне көңіл бөліп, сол бойынша сәйкес бубен - даңғыра арқылы, ырғақты келтіріп ойнайды. 
Даңғыра қатты ойна -
Там-там-там-там! (қатты ойнайды)
Жаңбыр, жаңбыр басталды-
- Тырс, тырс, тырс, тырс.(ақырын ойнайды)
- Жарайсыңдар, балалар! 
Ойынды бір неше рет қайталауға болады.
Қорытынды
- Балалар, бүгін сендер, өте белсенді болдыңдар, керемет!
- "Айжан қыз" күйін кім жазды?
- Халық. Қазақ халық күйі.
- Дұрыс!
- Ата-анамызды тыңдаймыз ба? Ия!
- Өте жақсы, балалар! 
- Сау болыңдар, балалар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 16-18 мамыр 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Ертегілер елі»

Міндеті: «Ертегілер елінде» әуен ырғағы туралы ұғым беру.  Балалардың музыкаға қызығушылығын, қабілетін арттыру. Музыкалық әуен арқылы балаларды ойыншықты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Сәлемдесу
Балалар залға Р. Глиэрдің «Байсалды қолдар» әуені шығармасы желісінде кіріп, музыка жетекшісі мен педагогтің көрсетуімен және айтуымен "байсалды қолдар" жаттығуын жасайды.
Педагог балаларға:
- Балалар, мойнымызды тік, денемізді түзу ұстаймыз, жүріп келе жатып, қолдарымызбен ырғақты қимылдар жасаймыз. Жарайсыңдар. Балалар қол қимылдарына байланысты жаттығуларды жасай жүріп, жай адыммен залдың ортасына келіп тұрады.
Педагог: Балалар, бәріміз үлкен, әдемі шеңбер жасап тұрайықшы! Міне, тамаша! 
- Балалар, қыста адамдар қалай тоңбайды? Қалың киінеді. Жақсы. 
- Балалар, қыста киім кимейтін қандай тіршілік иелерін білесіңдер? Балалар ойланып қалады. 
- Балалар, орманда өмір сүретін қандай тіршілік иелері бар? Балалар "аңдар" деп жауап береді. Дұрыс. 
- Жабайы аңдар қыста тоңа ма? Олардың жүндері қалың болады. Жарайсыңдар.
- Олай болса,балалар, қыста тіршілік жағдайы қиындайтын аңдарға да  ілтипат білдірейік:
- Жортып қыста жүретін (балалар қолдарын жандарына жібереді),
- Сақ боп, құлақ түретін (балалар алақандарымен құлақтарын ұстайды).
- Аялайық аңдарды (балалар қолдарын жоғары көтереді),
- Қыстан қорқып жүретін (балалар қолдарымен иықтарын құшақтайды).
- Балалар, жарайсыңдар.
Музыка тыңдау
Музыка жетекшісі бірге балаларға сұрақ қояды:
- Балалар,  қандай аң бар? Аю. Дұрыс.
- Ал қандай аң ертегі кейіпкерлерінде айлакер және алдауыш? Түлкі. Жақсы.
- Балалар, тақтадан нені көріп тұрсыңдар?
Балалар суретке қарап, аю екендігін айтады.
- Аю қайда? Орманда.
- Аюдың қасында не бар? Қонжығы.
- Мына суретте не бейнеленген?
- Балалар, осындай жабайы аңдарға арналған әндер де бар, сол әндерді тыңдап көрейікші? Б. Дәлденбайдың әні «Аю», «Түлкі» деп аталады. Әннің әуенін жазған Б. Дәлденбай, сөзін жазған А. Асылбек.
- Балалар, бәріміз ыңғайланып отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз, денемізді еркін ұстаймыз.
 (Аудиозапись  Б. Далденбай «Медведь» и "Волк").
Музыка жетекшісі балаларға Б. Дәлденбайдың әні
 «Аю», «Түлкі» әндерін тыңдатып, әнге қатысты ой қозғау мақсатында балаларға сұрақтар қояды:
- Балалар, аю туралы ән неге ақырын орындалады? Аю ақырын жүреді. Тамаша.
- Ал түлкі туралы ән қалай орындалады? Жеңіл. Жарайсыңдар.
- Балалар, түлкі туралы ән неге жеңіл орындалады? Түлкі тез, жылдам жүреді. Жақсы.
- Енді, балалар, «Аю», «Түлкі» әндерін тағы да тыңдаймыз! Музыка жетекшісі балаларға шығарманы тыңдата отырып, шығарманың сипаты мен мағынасын түсіндіреді.
- Балалар, біз бүгін қандай ән тыңдадық? «Аю», «Түлкі» әндерін. 
- Әнді жазған сазгер кім? Б. Дәлденбай. Тамаша.
- Жарайсыңдар, балалар!
 Дауыс жаттығулары
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей жөнелді. Кәне, қоян қалай сәбізін тауып алды? 
- Балалар, қоян сияқты иіскейміз. Енді тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістермен кезек басамыз, тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар.
- Енді, балалар, менімен бірге әннің сөзін бірге айтамыз.
- Тоқ- тоқ, тоқылдақ, 
- Жерден тары шоқып ап, 
- Тоқылдайды тоқылдақ, 
- Тоқ-тоқ-тоқ. 
- Ахау ,егигай, 
- Ән сал бозторғай, 
- Біз әніңді үйреніп,
- Күнде ән сап жүрейік. Тамаша.
- Балалар, енді бәріміз, ара болайықшы?! 
- Аралар,
- Арамыз, біз арамыз, 
- Әнге салып барамыз.
- Жу-жу-жу-жу-жу-жу. 
- Қызыл, жасыл гүлдерден, 
- Балды сорып аламыз. 
- Жу-жу-жу-жу-жу-жу. Жарайсыңдар.
Ән салу
«Қасқыр» әні (сөзі А. Асылбек, әні: Д. Ботбаевтікі).
Музыка жетекшісі балалардың назарын тақтаға аударып:
- Балалар, суретке қарайықшы, қыста қасқырдың түсі қандай болады?
Балалар қыста қасқырдың түсі сұр болатындығын айтады.
- Олай болса, балалар,  қасқыр туралы "Қасқыр" деген ән бар, сол әнді үйреніп алайық?!
- Д. Ботбаевтың әні - «Қасқыр», бәріміз орындықтың шетіне отырып, кең тыныс алып, ән айтуға дайындалайық.
- Алдымен балалар, әнді ақырын менімен қосылып айтамыз, дауысымызды қатты шығармаймыз. Музыка жетекшісі балалармен ән айтуды бастайды.
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Музыка жетекшісі ән үйренуді жалғастырады. Әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады. Балалармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуды жалғастырады.
Музыка жетекшісі әннің үш шумағын үш командаға айтқызып, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.
- Кәне, балалар, шапалақпен сөздерін тағы да қайталап айтайықшы! Керемет! 
- Бүгін өте көңілді балалар, солай ма? Әнді бәріміз қосылып айтамыз, жарайсыңдар. 
Музыкалық аспаптарда ойнау
Музыка жетекшісі балалардың бәріне сылдырауықтарды үлестіріп береді де:
- Балалар, тыңдайықшы, мен қазір мына сылдырауық аспабында ойнаймын, ал сендер менімен бірге қайталап отырасыңдар, келістік пе? Иә.
- Балалар, сылдырауықтарды алайық, балалар! Енді музыканы тыңдай отырып, менімен бірге сылдырауықтарды сылдыратамыз. «Калинка» - орыс халық әуенін сылдырауықтар аспабында ойнау.Балаларға әнді шығарманы тағы да тыңдатып, музыканың қай бөлігіне келгенде сылдырауықтарда ойнау керектігін айтады. Сылдырауықтар аспабында ойнап болған соң, музыка жетекшісі балаларға сұрақ қояды:
- Шығарма қалай аталады? Калинка.
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім? Халық. Жарайсыңдар.
- Қай халықтың шығармасы? Орыс халқының. Тамаша.
- Тамаша, балалар! Балалар, дыбысты тыңдай отырып, менімен бірге сылдырауықтарды сылдыратамыз. 1,2 - 1,2 бастаймыз. Педагог балалармен шығарманы тыңдай отырып, сылдырауықтарды бірге сылдыратып жаттықтырады
"Жіп орау" музыкалық-дидактикалық ойын
Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, әуеннің аяқталуын сезіне білуге үйрету. 
Ойынның көрнекілігі: түрлі-түсті жіптер. 
Ойынның шарты: 2 топтан 2 бала шығады.Түрлі-түсті тарқатылған жіпті көңілді әуенмен орай бастайды. Музыка аяқталғанда қай баланың жібі көп оралса, сол бала жеңімпаз атанады.
Музыка жетекшісі балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, екі командаға бөлінеміз. Әр командадан екі баладан шығып, көңілді музыка әуенімен қолдарыңдағы жіпті орай бастайсыңдар, қай команда баласы тез, әрі көп жіп орайды, сол команда жеңіске жетеді.
Қорытынды
- Балалар, бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?
Балалардың жауаптары. 
- Балалар, қандай ойындар ойнадық?
Балалардың жауаптары. 
- Қандай ән айтуды үйрендік? 
- Иә, жарайсыңдар! 
- Бәрекелді, балалар, бүгін сендер жақсы белсенділік көрсеттіңдер, рақмет!  Оқу қызметі аяқталды. Сау болыңдар!

Тақырыбы: «Қош келдің, жаз!»

Міндеті: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре  айтуға дамыту. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін  жоғалтпауға  тәрбиелеу.
Балалар В. Тюльканованың "Марш" шығармасымен залға кіреді.

- Балалар, шеңберге біз тұрайық,
Қол ұстасып жүрейік.
Шаттық шеңбер: 
- Балалар, бүгін қандай әдемісіңдер!
- Жаз келді, алақай!
- Қане, жаз мезгілімізді қарсы алайық!
  Сәлем, сәлем, 
  Жаз келді!
  Күн шуақтарын шашты.
  Ойын ойнаймыз енді,
  Көңілді күндер басталды! Алақай! 
- Жарайсыңдар, балалар!
Музыка тыңдау
- Балалар, экранға назар аударайықшы. 
- Нені көріп отырсыңдар? Дұрыс, домбыра аспабын. Домбыра аспапбы, ерте заманнан келе жатқан,  Қазақ халқының жақсы көретін аспабы. Домбыраға арналған көптеген күйлер бар.  Халық композиторы Дәулеткерей Шыгайулы "Қосалқа" деген күй шығарған. Экранда Дәулеткерейдің суреті. .
 
Есте сақтайық - Дәулеткерей Халық композитордың есімін. 

- Күй не туралы жазылған? Қыздардың әдемі әшекейлер тұралы. 
- Қыздар жүрген сайын, әдемі әшекейлері қозғалып, сыңғырлаған ырғақты дыбыстарды естіртеді. Қәне, тағы тыңдайықшы. 
Педагог бір неше рет күй тыңдатқызады. Сурақтар қояды. 
- Балалар, күй шығармада сөздер болама? Жоқ. 
- "Қосалқа" күйін кім жазды? 
- Күй қандай көңілде жазылған? 
- Жеңіл, асықпай ойналатын. Дұрыс.
- Күйші деп, біз қандай композиторды айтамыз? - Күй шығаратын композиторды.
- Дұрыс, балалар. Өте жақсы!
Дауыс жаттығулары
Педагог балалардың назарын өзіне аударып:
- Балалар, денемізді тік ұстап, орындықтың шетіне отырамыз.
- Балалар, орманда бір қоян келе жатып сәбізін жоғалтып алды. Ол сәбізін табу үшін ағаштардың маңына барып мұрнымен иіскей жөнелді. Кәне, қоян қалай сәбізін тауып алды? 
- Балалар, қоян сияқты иіскейміз. Енді тілдің ұшын тістеп, тілді оң және сол жақ тістермен кезек басамыз, тілді таңдайға тигіземіз, тілді алға созамыз, тіл астын көрсетеміз. Жарайсыңдар.
- Енді, балалар, менімен бірге әннің сөзін бірге айтамыз.
- Тоқ- тоқ, тоқылдақ, 
- Жерден тары шоқып ап, 
- Тоқылдайды тоқылдақ, 
- Тоқ-тоқ-тоқ. 
 Тамаша.
 Ән салу

(әні, сөзі: Бота Бейсенова). 
- Балалар, жаңа оқу жылында жаңа ән бастайық.
Бота Бейсенованың әні «Балабақша».
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, әніміз тамаша айтылып жатыр! Жарайсыңдар!
Ән үйренуді жалғастырады. «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші алмаларға қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші төлдер» де келді.
Балаларға төлдермен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыка жетекшісі әннің үш шумағын үш командаға айтқызып, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.
 Музыкалық - дидактикалық ойын: "Үш гүл" (Әр-түрлі көңіл күйлерді ажырату)
Ойыннық шарты: педагог фортепиано аспабында әр түрлі көңіл күйде орындалатын шығармаларды орындайды. көңілді болса- күліп тұрған смалик - гүлді көрсетеді, орташа екпінде шығарма болса - көңілсіз тұрған смалик - гүлді көрсетеді, ал мұнды, өте баяу екпінде музыка болса- үйықтап жатқан смалик - гүл болады. Балалар, түсінген соң, педагог әр балаға үш түрлі смалик - гүлдерді таратады. Ойын бір неше рет қайталанады.
 Балалар музыкалық аспапта ойнау

Сылдырмақ аспабымен ойнау тәсілін көрсетеді. Қатты музыка естілген кезде, сылдырмақта қатты ойнайды. Ақырын естілгенде музыка, ақырын ойнайды. Балалар қайталайды. Педагог фортепиано аспабында сүйемелдейді, балалар өздері сылдырмақтарда орындайды.
Қорытынды
- Балалар, бүгін сендер, өте белсенді болдыңдар, керемет!
- "Қосалқа" күйін композитордың аты қалай?
- Дәулеткерей. 
- Балабақшамыз сендерге ұнайма? Ия!
- Өте жақсы, балалар! 
- Сау болыңдар, балалар
!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 23-25 мамыр 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Бейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Би билейміз баршамыз»

Міндеті: Көңілді әуен арқылы көңіл күйді сыйлай білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Балаларды достыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Балалар, Е. Тиличеева "Марш" екпінде орындалатын шығармамен, залға кіреді.

 Шаттық шеңбер: 
- Сәлем, достар!
- Сәлем, достар!
- Мұнайма сен ешқашанда.
- Шапалақтап қол соғайық,
- Көңілді болып қашанда!

Музыка тыңдау
- Балалар, мен бір дыбысты естіп тұрмын. Кім екен? (Педагог есік жаққа барып, аю ойыншықты алып келеді) 
- Қараңдар, қонаққа аю келіп қалыпты. Аю музыканы жақсы көреді екен. Сендермен бірге музыка тыңдауға, ән айтуға келіпті. Олай болса, музыканы тыңдайық.

- Балалар, экранға назар аударайық. Суретте нені көріп отырсыңдар?

Дұрыс. Ормандағы жабайы аңдар. Музыканы тыңдайықшы,  қояндар секіріп жүргендей, солай ма? Ендеше, бізде, қояндар секілді секіріп көрейік. Жарайсыңдар, балалар! 
Дауыс жаттығулары
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар.
- Енді менімен бірге қайталаймыз. 
- га-га,
- ду-ду,
- ко-ко,
- ля-ля. Жарайсыңдар.
- Енді балалар, ешкі лағын қалай шақырады, естідіңдер ме? 
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
  Лағым    
- Шөре-шөре, лағым,
- Тентек болма, шырағым,
- Секектеме, деміңді ал,
- Селтеңдемей құлағың. Тамаша.
- Балалар, көкек қалай шақырады? Балалар "Кө-кек, кө-кек". Жақсы.
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
  Көкек
- Ағашта биік,
- Бір құсты көрдік. 
- Сайрайды сол құс,
- Сайрайды талмай.
- Кө-кек, кө-кек, 
- Аты оның содан,
- Атанған кө-кек.
- Тамаша, жарайсыңдар, балалар.
Ән салу
Д. Ботбаевтың «Жаңбыр» әні 
- Балалар, сендер жаңбырдың жауғанын жақсы көресіңдер ме? Міне, жарайсыңдар! Жаңбырдың қалай пайда болатынын білесіңдер ме? Керемет, жарайсыңдар! Педагог интербелсенді тақтадан табиғат және жаңбырдың пайда болып жауғаны туралы көрініс  көрсетеді. 

- Балалар, тақтаға қарап, жаңбырдың қалай пайда болатынын бақылайықшы! Алдымен табиғат бұзыла бастайды, яғни, күннің көзін бұлт басады, бұлт қоюланып, бұйра бола бастаған кезде, жаңбыр ақырын тамшылап жауа бастайды, жаңбырдың дыбысын естідіңдер ме? Қатты жауып барып, қайтадан ақырындап жауып, тоқтайды. Енді күн шыға бастағанда екінші жақтан не пайда болды, балалар? 
- Кемпірқосақ.
- Балалар, кемпірқосақтың шыққан бейнесі қандай әдемі? Жаңбыр қалай жауады екен? "Там-там" дейді екен. Жаңбырдың қалай пайда болатынын көрдіңдер, балалар!
-  Енді балалар, менімен бірге әнді қайталаймыз.
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, тамаша, әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
Балаларға ән үйретуді жалғастыра отырып, «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші өріктерге қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» да келді.
Балаларға торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыка жетекшісі айтылып жатқан әннің үш шумағын үш командаға айтқызып, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.
Балалар музыкалық аспапта ойнау
Балалар, қазір даңғырамен ойын ойнаймыз. Шеңбер жасап тұрайық. Музыка басталғанда, даңғыра ойнап, бір-бірімізге даңғыраны береміз. Кімнің қолында музыка тоқтаған кезде, даңғыра қалып қояды, сол ортаға шығып өз өнерін көрсететін болады. 
 - Қәне, бастаймыз. 
Ойын, бір-неше рет қайталанады.
"Қандай ырғақ?" музыкалық-дидактикалық ойын
Ойын шарты: Педагогтің сөздерді айтуы бойынша балалар даңғара аспабында ойнайды.
- Балалар, бәріңнің қолдарыңда даңғара аспабы бар, мен сөздерді айтып тұрғанда, қай жерінде даңғараны ұру керектігін өздерің мұқият тыңдап, ұрасыңдар.
- Даңғараны ұр қатты,
- Дәл қайтала ырғақты.
- Тоғайда көп тоқылдақ,
- Үн естілді тоқылдап.
- Тоқ, тоқ, тоқ,
- Тоқ, тоқ, тоқ.
- Даңғараны ұр қатты,
- Дәл қайтала ырғақты.
- Күн күркіреп жарқылдап,,
- Бұршақ жауды сартылдап.
- Сарт, сарт, сарт, сарт,
- Сарт, сарт, сарт, сарт.
- Жарайсыңдар! Рақмет!
Қорытынды
- Балалар, біз бүгін оқу қызметімізде, қандай шығарма тыңдадық?
- Қояндар.
- Қандай ән айттық?
- Өте жақсы, балалар!
- Сау болыңдар, балалар!

Тақырыбы: «Маусымжан»

Міндеті: Балалардың педагогпен бірге көңілді әндер айту қабілетін дамыту; кейіпкерлер қозғалысында ойын мазмұнын дұрыс жеткізе білуді қалыптастыру. Музыка мен қимылдардың мәнерлілігін қабылдау қабілетін жетілдіру; музыканы және қимылдарды қабылдаудың тұтастығын дамыту.
Балалар, Е. Тиличеева "Марш" екпінде орындалатын шығармамен, залға кіреді.

 Шаттық шеңбер: 
- Қол ұстасып тұрайық.
- Әдемі шеңбер құрайық.
-  Бір-бірімізге құанып,
- Сәлем, сәлем берейік.
- Алақай! Ал, қазір, "Табиғатым" әдемі музыкаға сәйкес қимыл жасап көрейік. Педагог көрсетеді, балалар қайталайды.

- Жарайсыңдар, балалар! 
Музыка тыңдау
- Балалар, экранда нені көріп отырсыңдар? Дұрыс, әдемі қазақтың қызы.
Ертеде де қыздар әдемі киінұге жақсы көретін. Бұл қыздың аты - Маусымжан. Маусымжан тұралы әдемі қазақ халық әні бар. Тыңдап көрейікші.

- Маусымжан аты - өте мағыналы. Қазір қай жыл мезгілі? Дұрыс- жаз. Ал Маусымжан аты- Жаз мезгілін атайды. 
- Осы "Маусымжан" әнімізге қыздар әдемі билеп берсе деп, ойлаймын. 
 Педагог би қимылдарын көрсетеді, қыздар қайталайды. 
. Дауыс жаттығулары
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар.
- Енді менімен бірге қайталаймыз. 
- га-га,
- ду-ду,
- ко-ко,
- ля-ля. Жарайсыңдар.
- Енді балалар, ешкі лағын қалай шақырады, естідіңдер ме? 
- Олай болса, менімен бірге қайталап отырамыз.
Лағым    
- Шөре-шөре, лағым,
- Тентек болма, шырағым,
- Секектеме, деміңді ал,
- Селтеңдемей құлағың. Тамаша.
- Балалар, көкек қалай шақырады? Балалар "Кө-кек, кө-кек". Жақсы.
- Ендеше, балалар, бәріміз көкек болайық.
Көкек
- Ағашта биік,
- Бір құсты көрдік. 
- Сайрайды сол құс,
- Сайрайды талмай.
- Кө-кек, кө-кек, 
- Аты оның содан,
- Атанған кө-кек.
- Тамаша, жарайсыңдар, балалар.
Ән салу
Д. Ботбаевтың «Жаңбыр» әні 
- Балалар, сендер жаңбырдың жауғанын жақсы көресіңдер ме? Міне, жарайсыңдар! Жаңбырдың қалай пайда болатынын білесіңдер ме? Керемет, жарайсыңдар! Педагог интербелсенді тақтадан табиғат және жаңбырдың пайда болып жауғаны туралы көрініс  көрсетеді.

- Балалар, тақтаға қарап, жаңбырдың қалай пайда болатынын бақылайықшы! Алдымен табиғат бұзыла бастайды, яғни, күннің көзін бұлт басады, бұлт қоюланып, бұйра бола бастаған кезде, жаңбыр ақырын тамшылап жауа бастайды, жаңбырдың дыбысын естідіңдер ме? Қатты жауып барып, қайтадан ақырындап жауып, тоқтайды. Енді күн шыға бастағанда екінші жақтан не пайда болды, балалар? 
- Кемпірқосақ.
- Балалар, кемпірқосақтың шыққан бейнесі қандай әдемі? Жаңбыр қалай жауады екен? "Там-там" дейді екен. Жаңбырдың қалай пайда болатынын көрдіңдер, балалар!
-  Енді балалар, менімен бірге әнді қайталаймыз.
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, тамаша, әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
Педагог балаларға ән үйретуді жалғастыра отырып, «Ақылды тақтадағы» әннің ырғақтық суретін көрсететін үлкен, кіші өріктерге қарап, әннің ырғағын дәл сақтап, алақан соғып жаттықтырады.
- Балалар, тамаша әнімізге қосылуға «әнші торғайлар» да келді.
Балаларға торғайлармен бірге ән ырғағын дұрыс сақтап, ән салуға шақырады.
Музыка жетекшісі айтылып жатқан әннің үш шумағын үш командаға айтқызып, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға үйретеді.
Балалар музыкалық аспапта ойнау
 Балалар, қазір даңғырамен ойын ойнаймыз. Шеңбер жасап тұрайық. Музыка басталғанда, даңғыра ойнап, бір-бірімізге даңғыраны береміз. Кімнің қолында музыка тоқтаған кезде, даңғыра қалып қояды, сол ортаға шығып өз өнерін көрсететін болады. 
 - Қәне, бастаймыз. 
 Ойын, бір-неше рет қайталанады.
Дидактикалық ойын "Допқа не ұқсайды?"
- Балалар, қазір, біз, "Допқа не ұқсайды?" деген ойын ойнаймыз. Еденде әр түрлі суреттер жатыр. Сендер сол суреттерді қарап допқа ұқсайтын суреттерді құрастырасыңдар. Музыка ойналған кезде жинаймыз, тоқтағанда, ойын аяқталады. алдымен екі командаға бөлініп тұрамыз. Санаймыз: 1,2, 3! Ойын басталды.
Қорытынды
- Балалар, бүгін сендер, өте белсенді болдыңдар, керемет!
- "Маусымжан" күй ма, жоқ ән бе? Халық әні.
- Дұрыс!
- Қандай ән үйрендік, қалай аталады? "Жаңбыр"
- Өте жақсы, балалар! 
- Сау болыңдар, балалар!

«Тексерілді»

«Айгөлек» бөбекжайы МКҚК

Әдіскері: Кулумжанова А.Б

Музыка пәні бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің циклограммасы

Айы, күні, жылы: 30 мамыр 2023 жыл

Музыка жетекшісі: Жубаниязов А

«Қарлығаш» аралас ересек тобы

Сейсенбі

Кесте бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Тақырыбы: «Би билейміз баршамыз»

Міндеті: Өткен материалды балаларға естеріне сақтау. Балаларда шығармашылықты, өзіне деген сенімділікті дамыту; өз бетінше шешім қабылдау мүмкіндігі; музыканы және музыкалық қабілетті ассоциативті қабылдауды дамыту.
Балалар, Е. Тиличеева "Марш" екпінде орындалатын шығармамен, залға кіреді.
 Шаттық шеңбер: 
- Қол ұстасып тұрайық.
- Әдемі шеңбер құрайық.
-  Бір-бірімізге құанып,
- Сәлем, сәлем берейік.
- Алақай! Ал, қазір, "Табиғатым" әдемі музыкаға сәйкес қимыл жасап көрейік. Педагог көрсетеді, балалар қайталайды.

- Жарайсыңдар, балалар! 

. Музыка тыңдау
- Балалар, экранға назар аударайықшы. Бұл кішкентай қыздың аты - Гүлдерайым.  Бүгін біз "Гүлдерайым" атты халық әнді тыңдаймыз. Қәне, дұрыс отырып тыңдайық. Халық әні "Гүлдерайым". 
Ән халық  деп, аталады, өйткені  халық шығарған. 
- Тағы тыңдап көрейік. 
Педагог әннің сипатын түсіндіреді. 
- Гүлдерайым, билеуді жақсы көреді. Ән өте көңілді. Балалар, билеп көрейікші. 
 Педагог музыкаға сәйкес қазақ би элементерін көрсетеді: қошқар мүйіз, гүл - қызғалдақ өрнек қимылдарын. 
- Жарайсыңдар, балалар!
- Күйдің аты қалай?  
- Өте жақсы, балалар!
Дауыс жаттығулары
Балалармен ән салу алдында дауыс жаттығуларын орындауы міндетті болып табылады. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді. Сондықтан педагог мынадай бағытта дауыс жаттығуларын жүргізеді:
- Балалар, орындықтың шетіне отырып, қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Жарайсыңдар.
- Енді менімен бірге қайталаймыз.
- Біз көңілді балалармыз, 
- Бір орында тұрмаймыз. 
- Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
 Дем алу бір жолдан кейін жүргізіледі және ән шумағы ақырын, әрі асықпай орындалуы керек. 
- Біз сабырлы балалармыз,
- Біз апайды тыңдаймыз. 
- Ля-ля-ля (екі рет қайталанады).
- Жарайсыңдар, балалар.
- Енді, балалар, менімен бірге дауыс жаттығуларын жасаймыз.
- Балалар, енді тырналар қалай дыбыстайды екен, көрейік.
- Аспан ашық, дала кең,
- Кел, қоныңдар тырналар. 
- Мен сендерге жем берем, 
- Дос болайық, тырналар.
- Трау-трау-трау-трау!
- Трау-трау-трау-трау!
- Тамаша.
Ән салу
Бота Бейсенованың «Ата-ананы тыңдаймыз» әні
(әні, сөзі: Бота Бейсенова). 
- Балалар, ата-аналарыңды бәрің жақсы көресіңдер ме? Иә. 
- Олай болса, ата-ана туралы әнді қайталап айтайық.
Бота Бейсенованың әні «Ата-ананы тыңдаймыз».
Әнді хор мінбесіне барып үнтаспаға қосылып, шумағын - жеке дауыста, қайырмасын - хормен орындауды ұсынады. Әнге дирижерлық қызмет көрсетеді. Әнді бірге бастап, бірге аяқтауларын қадағалайды.
- Балалар, тамаша, әнді жақсы айтып жатырсыңдар! Жарайсыңдар!
Музыка жетекшісі айтылып жатқан әннің үш шумағын үш командаға айтқызып, ал, қайырмасын барлық топ қосылып орындауға шақырады.
Балалар музыкалық аспапта ойнау
Педагог барлық балаларға аспаптарды таратады: Ағаш қасықтар, даңғыра, дауылпаздар. 
- Біз өткен оқу қызметімізде оркестр құрастырғамыз. Әр бала өз аспабында музыкаға сәйкес ырғақты келтіріп ойнауға тырысады.

Бірінші өзі ырғаты келтіріп көрсетеді. Балалар қайталап ойнайды.   
Музыкалық-дидактикалық ойын "Мысық пен тышқандар".
Ойынның мақсаты: Музыканы тыңдау, өз партияны есту, ажырату арқылы қимыл жасау.
Ойынның барысы: мысықты таңдайды. 
Баяу музыкамен "тышқандар" жай жүреді, музыка ауысқанда- тышқандар қашады, мысық құалайды.
Қорытынды
- Балалар, бүгін сендер, өте белсенді болдыңдар, керемет!
- "Гулдерайым" күй ма, жоқ ән бе? Халық әні.
- Дұрыс!
- Ата-анамызды тыңдаймыз ба? Ия!
- Өте жақсы, балалар! 
- Сау болыңдар, балалар!

01 Сәуір 2025
143
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі