Материалдар / ЕРЕСЕК топ Жазғы сауықтыру перспективалык жоспары

ЕРЕСЕК топ Жазғы сауықтыру перспективалык жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топка арналған жазғы сауықтыру перспективалык жоспары 3 айлық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Маусым 2024
282
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін_______________________________

Меңгеруші:_____________________________

( тегі, аты, әкесінің аты)

Жазғы-сауықтыру іс-шаралардың перспективалық жоспары


Өткізілетін шаралардың атаулары

Жұмыс мазмұны

Өткізу мерзімі


Маусым айы 1апта

«Бақытты балалық шақ»

«Әрқашан күн сөнбесін!»

Балаларды қорғау күніне арналған

«Балақайлар шеруі»

Жаз мезгілінде көбелек,шыбын,құрбақа( тасбақа) өмірін бақылату, әңгімелеу дағдысын дамыту.

Асфальтқа сурет салу байқауы

03.06


«Гүлденген әлем»

Гүлдер мен бақшалар қағаздан құрастыру.

Балалардың көрген мультфильмдерінен алған әсерлерімен бөлісу, олардың қиялын, логикалық ойлауын жетілдіру. Сөйлеу мен тілін дамыту үшін жетекші сұрақтар қою.

04.06


«Менің әлемім»

«Менің жақындарым», «Менің отбасым» тақырыптарында балалармен серуенде әңгімелесу;

Балалардың отбасында ата-анасымен, бауырларымен немесе жақындарымен бірге уақыт өткізгенде ойнайтын ойындары, спорттық жаттығулары, сайыстарының ішінен көпшілігіне таныс ойын түрін бірге ойнап көру және алған әсерлерімен бөлісу;

Тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беру, ән тыңдату және қалауы бойынша балаға айтқызу

05.06


«Жайдары жаз»

«Жайдары жаз», ермексазбен жұмыс.

Жаз мезгілі туралы әңгімелесу арқылы балалардың түсінік-танымын кеңейту, алған білімдерін бекіту (кері байланыс).

Табиғатты бақылау.Балалардың көрген мультфильмдерінен алған әсерлерімен бөлісу, олардың қиялын, логикалық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту мақсатында жетекші сұрақтар қою.

Балалардың қалауы бойынша мультфильм кейіпкерлерінің образын таңдап, қимыл- қозғалыс ойындарын өткізу, патомимика арқылы кейіпкерді табу ойынын ойнау.

Суда қағаздан жасалған кемелер сайысын ұйымдастыру.


06.06


«Мен елімнің

Ұланымын!»

Отан туралы өлеңдерді жатқа айту челленджі.

Балалар шығармашылығынан суреттер көрмесін ұйымдастыру.

Таза ауада ұлттық ойындар сайысын өткізу.

07.06


Маусым айы 2апта

«Жас із кезушілер»

Жас із кезушілер

«Із кесушілер деген кімдер?» жетекші сұрақтар қою арқылы балалармен әңгімелесу.

«Із кесуші» мультфильмін көрсету.

Қимылды ойындар «Өз түсіңді табу», «Жасырынбақ».

Балаларға таныс ертегілер кейіпкерлерінің киімдерін кию арқылы сахналату.

Дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салғызу

10.06


Аңдар мен аңшылар

Альбомдар көру: «Аңдар мен аңшылар»

«Табиғатты қорғау» белгілерін дайындау.

Сурет салу: «Орман аңдары», басқа тақырыптар (балалардың қалауын ескеру ұсынылады).

Құрастыру «Аңдардың үйшігі».

Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаднама құрастыру.

Қимыл-қозғалыс ойындары: «Аңды ізіне қарап таны», «Бақшадағы қояндар», «Қағып ал да ата» (доппен)

11.06


Мейірімді достарым

Ойыншықтар туралы мультфильм тамашалату.

Мысықтың өзіне күтім жасауын бақылау (жуыну).

Сергіту сәтінде аңдар мен үй жануарларының қимыл-қозғалысын қайталауға құрылған жаттығулар жасау

12.06


Саялы бақ

«Балабақша ауласында қандай ағаштар өседі?»,

«Ағаштарды өрттен қорға!» тақырыптарында балалармен әңгімелесу. Сурет, альбом, иллюстрацияларды қарау.

Орманға, саябаққа немесе балабақшаның табиғат бұрышына саяхат. Аңдар мен үй жануарлары туралы кітап көрмесін ұйымдастыру.

Шығармашылық жұмысқа пайдаланылатын табиғи материалдарды жинау.

Ағаштарды бақылау, оларға күтім жасау.

Ағаштар туралы әңгімелер, өлеңдер оқып беру, жұмбақтар шешу.

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жапырағы ?», «Тыңда да таны», «Қай ағаштың жемісі ?» Ағаштардың суретін салу.

13.06


Сыр сандық

Күннің жылынуын бақылату. Арнайы ыдыстарға суларды толтырып күн сәулесі түсетін жерге қою, түстен кейін серуенге шыққанда судың ысығанын бақылату.

Су әлемі туралы жұмбақтар шешуін ұйымдастыру, мультфильмдерден видеосюжеттер көрсету

Таныс ертегі қойылымдарын сахналау.

«Ең үздік қойылым», ойдан шығарылған ертегі қойылымдары байқауын ұйымдастыру.

14.06



Маусым айы 3 апта

«Жаз да келді, көңілді»

Сабын көпіршіктері күні

Балалабақшада және үйде жеке бас тазалығын сақтау туралы әңгімелесу.

Медициналық кабинетке саяхат.

«Тамшылар». Дәстүрлі емес сурет техникасымен сурет салу.

«Жедел жәрдем» театрландырылған ойыны.

Өсімдіктерге қамқорлықты табиғаттағы еңбек арқылы таныту. Өз топтарының ауласындағы гүлдерге су құюды ұйымдастыру.

Жаз мезгілінің ерекшеліктерін табиғатта байқау.

17.06


Теңіздегі тіршілік

Су ханшайымымен саяхат.

«Су патшалығы» суреттер байқауы (ата-аналармен бірге).

«Өзен, көлдер» альбомын безендіру. Сумен ойындар.


18.06


Жазғы сауықтыру

«Дені саудың – жаны сау» атты спорттық ойындар жарысын ұйымдастыру.

«Болады-болмайды», «Мен бастаймын сен аяқта» дидактикалық ойындарын ойнату.

«Менің ағзамның қорғаушысы», «Пайдалы және зиянды» әңгімелесу.

Көркем шығарма оқып беру.

«Зиянды тағамдар» плакатын әзірлеу (ұжымдық жұмыс).

Балабақша мед бикесі мен азпаздар атты желілі ойындарды ұйымдастыру


19.06


Табиғат аясында

Жыл мезілдері, табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды пысықтау.

Жапсыру «Күлімдейді күн маған».

Шығармашылық студиясында саз балшықтан түрлі түсту және түрлі көлемде алмаларды жасауды көрсету, өз бетінше мүсін жасауға жағдай жасау

20.06


«Күн, ауа, су» ойын сауығы

Дидактикалық ойындар ұйымдастыру арқылы күн, ауа, су туралы ұғымдарды пысықтау. «Сылдырайды мөлдір су» денсаулыққа ауа мен судың пайдасы, судағы қауіпті жағдайлар туралы тақырыптық әңгімелесу.

Сумен ойындар

21.06



Маусым айы 4 апта

«Қауіпсіз жаз»

Бағдаршам күні

Көше қозғалысы ережелерін қайталау. «Дымбілместің қала көшелеріндегі оқиғалары» сюжеттерді көрсетіп, бірге талдау.

Жапсыру «Бағдаршам».

Балалардың ережелерді есте сақтауы үшін балабақша ауласында «көше қозғалысы» ойынын ұйымдастыру (ойыншық машиналар, қуыршақтар, құрастырғыш, жол белгілерін пайдалану).

24.06


Пайдалы және зиянды өсімдіктер

Музыка маманының жоспары бойынша музыкалық іс шара.

«Табиғатпен тілдесу», балалармен қоршаған ортаны қорғау туралы әңгімелесу.

Қимылды ойын «Орамал тастамақ».

«Улы өсімдіктер мен саңырауқұлақтар», «Табиғаттағы қауіпсіздік» суреттерді қарап, әңгімелесу, мультфильмдер көрсету

Жапсыру «Жеміс-жидектер патшалығы».

«Саңырауқұлақтар әлемі», мүсіндеу.

25.06


Өрт қауіпсіздігі

«Өжет өрт сөндірушілер», «Құтқарушылар», сюжетті-рөлдік ойындары.

Өрт кезіндегі тәртіп ережелері, «01 қызметі», өрт сөндірушілер қызметі туралы балалармен әңгімелесу.

Сурет салу.

Ойындар: «Өртке қауіпті заттар», «Өрт сөндірушіге не қажет?»

«Өртке қауіпті заттар» коллажы.

26.06


«Қауіпті заттар мен құралдар»

«Болады-болмайды», дидактикалық ойын.

«Мен бастаймын сен аяқта» дидактикалық ойын. Балалармен тақырыпқа байланысты кері байланыс жасау.

Бассейнде жүзу, суға шомылу, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сумен шынығудың пайдасы туралы әңгімелесу.

27.06


Шебер қолдар

Құстар әлемі. Құстарға жем беру -торғай, кептер, сауысқан, олар жайлы білетін әңгімелерін айтқызу, тақпақтар жаттату. Құстардың бейнесін салу, жасауда балалардың шы,армашылық дербес әрекеті

«Көңілді доп» үйірмесі.Доппен өтетін ойын түрлерімен таныстыру.

28.06



Шілде айы 1 апта

«Гүлденген табиғат»

Табиғатты қорғайық

«Табиғатпен тілдесу», балалармен қоршаған ортаны қорғау туралы әңгімелесу.

Ата-аналармен бірге «Гүлдестелі ханшайым» байқауын ұйымдастыру, номинациялар тағайындау, балалар шығармашылығын қолдау.

Қимыл-қозғалыс ойыны «бақшадағы қояндар».

«Раушан, райхан» гүліне бақылау, гүлдерді салыстыру, түсін , исін әңгімелету. Гүлдердің суретін салғызу, құмда және мольбертте.

01.07


Су әлемінде

Музыка оқу қызметінде өткен әндерін естеріне түсіріп, концерт ұйымдастыру Сумен шынығудың пайдасы туралы әңгімелесу.

Доппен суда балалардың жақсы көретін ойын түрлерін ойнату

Бассейнде жүзу, суға шомылу, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

«Судың қасиеті» тәжірибесі, балалардың зерттеушілік қызығушылықтарына қолдау көрсету.

Су бетінде сурет салу. «Су патшалығындағы ойындар» ойнату

02.07


Ғажайыптар әлемі

Балалармен табиғат құбылыстары туралы әңгімелесу (жаздағы маусымдық өзгерістер, балалардың киінуі, күн сәулесінің адамға, табиғатқа әсері, аспандағы бұлттар жәнебасқа). Серуен кезінде балаларды табиғат көріністерін бақылауға үйрету және кері байланыс жасау.

Құрбақа( тасбақа) өмірін бақылау, әңгімелету.

«Ерте, ерте, ертеде»атты тақырыпқа сәйкес аудио ертегілер тыңдату, тыңдалған ертегінің мазмұнын айтқызу.

03.07


Менің достарым

Достық туралы әңгімелесу. Достарымен қандай ойындар ойнайды, қалаулары бойынша еркін ойындар.

Достар қалашығы асфальтта сурет салу.

Сумен құммен ойындар

04.07


«Сүйікті қалам–Астана»

«Елімнің жүрегі – Астана» тақырыбында әңгімелесу.

«Жайнай бер, Қазақстаным» атты мерекелік концерт ұйымдастыру.

Әженің ертегі кітабынан ертегі оқып беру.

«Бұл бақытты –мекен» асфальтқа сурет салу байқауы.

«Менің сүйікті қалам» үздік ән байқауы.


05.07



Шілде айы 2 апта

«Анам, әкем және мен тату-тәтті отбасы»

«Мерейлі отбасы»

Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, мейірімділік туралы әңгімелесу. Адамдар бір-бірін жақсы көретінін ұғындыру, дос болуға баулу.

Көркем шығарма оқып беру.

Сюжетті-рөлдік ойын «Тату-тәтті отбасы».

09.07


«Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы»

«Әлди-әлди ақбөпем» челенджі, әжесінің бесік жыры.

Отбасының қызықты демалыс сәттерінен суреттер көрмесін ұйымдастыру.

Таза ауада ата-аналар мен балаларының қатысуымен «отбасылық эстафета» спорттық ойынын өткізу.

Балалар мен ата-аналардың бірлескен әрекеті, дәстүрден тыс техникамен сурет салу: жүнмен, жіппен, саусақпен, алақанмен сурет салу.

10.07


Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар туралы әңгімелесу, суреттер көру.

Ұлттық ойындар фестивалі, қимыл-қозғалыс ойындары «Ханталапай», «Аударыспақ»,

«Сақина салу», «Алтыбақан», «Арқан тарту», «Тақия тастамақ»


11.07


Алтын сақа

«Мен атамның көмекшісімен» тақырыбында әңгімелесу;

«Жеті атасын білу тектіліктің белгісі» жеті атаны жатқа айтуын ұйымдастыру;

Асықтар тізілген қолғаппен бір-біріне массаж жасату.

Саз балшықтан асық жасауды көрсету, өз бетінше мүсін жасауға жағдай жасау Саусақ театры арқылы балалардың қалауы бойынша қойылым жасату.

12.07



Шілде айы 3 апта

«Жазғы ойындар»

«Ұлы дала баласы»

«Жас спортшылар», балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін тренажерлардың көмегімен таза ауада жаттығу.

«Бәйге», «Арқан тарту», «Көкпар» ұлттық ойындарымен «Ұлы дала баласы» спорттық сайысын ұйымдастыру.

Балалардың қалауы бойынша ертегіні айтып беру, сахналату

15.07


Жүгіреміз, зырлаймыз

«Денсаулық зор байлық», «Дені саудың тәні сау» тақырыптарында әңгімелесу, балаға өз денсаулығын қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа үйрету (тісін тазалау, жуыну, қолын жиі жуу, тазалықты сақтау және басқа). Үйде отбасымен жасайтын жаттығулардың кестесін жасау, құру.

Үлкен ыдыстарға (керсен) су құйып, қағаздан жасалған кемелерді жүздіру.

Балалардың зерттеушілік қызығушылықтарына қолдау көрсету үшін «Судың қасиеті», «Мөлдір-лайқа», «Ауа мен су»тақырыбында тәжірибелерді жасауға жағдай жасап,ұйымдастыру


16.07


Спорттық ойындар күні

Балалар ұнататын мультфилімдерін көрсету, мазмұнын әңгімелету.

Көркем шығарма оқып беру.

Балалардың сүйікті қимылды ойындарын ойнату. Жаңа ойындарды үйрету.

Қимыл-қозғалыс ойындарына атрибуттар әзірлеу.


17.07


Менің көңілді добым

Балалармен әңгімелесу «Допты спорт түрлері». Доппен ойнау.

Допты нысанаға лақтыру.

Сурет салу, мүсіндеу «Менің көңілді добым».

Еңбек әрекеті: топ ауласын қоқыстан, тастардан тазалауға баулу, аула гүлдеріне, ағаштарына су құюды ұйымдастыру.

18.07


«Олимпиада алауы»

Отбасылық жарыстар, эстафеталық жарыстар ұйымдастыру.

«Спорттың жазғы түрлері» тақырыптарында балалармен әңгімелесу.

Спорт туралы жұмбақтар, сұрақтар қою. Санамақтар мен өлеңдер жаттау.

Спорттық жаттығулар жасату, ойындар ойнату (бадминтон, футбол, волейбол).Құрсаумен және секіртпемен ойнайтын ойындар.

Ұлттық ойындарды отбасының қатысуымен өткізу: «Бестемше», «Көкпар», «Асық ойындары».

19.07



Шілде айы 4 апта

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма»

Алтын балық

Алтын балықпен балықтар патшалығына саяхат жасау.

Дәстүрден тыс материалмен сурет салғызу. Көкөністердің шырынымен бояту

«Балықтар әлемі», дәстүрлі емес сурет техникасымен салынған суреттер байқауы. Көркем шығарма оқып беру.

Аквариумдағы балықтарды бақылау, жем беру.

«Балық аулау» қимыл-қозғалыс ойынын ойнату

22.07


Ойланайық, балақай!

Нептун күніне арналған спорттық ойындар ұйымдастыру.

«Жас спортшылар», балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін тренажерлардың көмегімен таза ауада «Бәйге», «Арқан тарту», «Көкпар» ұлттық ойындарымен жаттығулар жасату.


23.07


Гүлдер күні

Гүлдер туралы әңгімелесу.

«Құлпырған әлем» шығармашылық шеберханасының жұмысын ұйымдастыру, балалардың қалауы бойынша жеке немесе топтасып, әртүрлі материалдардың көмегімен бұйымдар жасауларына ерік беру. Педагог бақылап, қажет болса көмек көрсетеді (аппликация, оригами, квиллинг, жапсыру және басқа әдістермен). Жұмыстар дайын болғанда көрме ұйымдастыру, бір-біріне және ата-аналарына сыйға тартуға ұсыныс беру.

«Бағбан» сюжеттік-рөлдік ойыны,

Еңбек әрекеті: гүлзарларды, гүлбағын қопсыту, суару, тазалау.


24.07


Жәндіктер әлемі

Серуен кезінде табиғаттағы жәндіктерді бақылау, балаларға жетекші сұрақтар қоя отырып, көрген-білгенін сұрау. Балалармен әңгімелесу, улы жәндіктердің суреттерімен таныстыру, олардан қорғану туралы айту.

«Түсіне қарай топтастыр» дидактикалық ойыны негізінде балаларға әр түсті бет орамалдарды, доптарды,шариктерді беріп,салыстырып түсіне қарай жинауды пысықтау

25.07


«Туған өлкем»

Баланың бойында туған жеріне, еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімін ұялату. Ән тыңдатып, тақпақ айтқызу.

Балаларға туған өлке туралы естеліктерден үзінді айтып беру, бірге фотоальбомдар қарау, аталар мен әжелердің әңгімелерін тыңдау.

Жалпы топтық биді (Флешмоб) ұйымдастыру

26.07



Шілде айы 5-апта

«Менің достарым»

Әдептілік – әдемілік

«Әдепті бала», балалармен бірге қысқа диалогтарға құрылған көріністерді ойнату арқылы, оның бойында әдептілік қалыптастыру.

Көркем шығарма оқып беру. «Жақындарыңды немен және қалай қуантуға болады?»,

«Менің жақсы істерім», әңгімелесу.

Дидактикалық ойын «Досыма достық лебізім».

«Супермаркет», «Сән салоны». «Емхана» тақырыбында Сюжетті-рөлдік ойындарды ұйымдастыру. Ол жерде жұмыс жасайтын мамандардың іс әрекетін жасауды үйрету, бір бірімен тату келісіп ойнауды пысықтау

29.07


Достық күні

Дос, достық туралы түсінік қалыптастыру. Достық қарым-қатынасты сипаттайтын қысқа диалогтік көріністерді бірге ойнай отырып, баланың санасында

«достық» ұғымын нығайту.

Достық туралы ән тыңдау, бірге айту. Жапсыру, «Досыма сыйлық».

«Қоймадағы тышқандар» қимылды ойынын ойнату

30.07


Мейірімділік күні

Мейірімділік туралы әңгімелесу.

«Ертегі кейіпкерлерінің жақсы істері» ертегі еліне саяхат, пікірталас.

Сюжетті рөлдік ойындар ұйымдастыру

Ұлттық ойындарды ойнату: «Түйілген орамал»

31.07


Түрлі-түсті кемпірқосақ

күні

Кемпірқосақты тану, түстерін атау.

«Қала үстіндегі шарлар» ойын-сауығы: үрленген шарлармен эстафеталар өткізу,шарларға сурет салу, «ең көңілді шар» конкурсын жариялау, түрлі-түсті шардан кемпірқосақ құрастыру.


01.08


Достық аллеясы

Түрлі көлемді доптар қандай ойынға қолданады таныстыру – футбол, баскетбол, тенис, оларды түрлі нысанға тастау ойындарын ойнату.

Құстар біздің досымыз тақырыбында әңгімелесу. Құстар мүлдем болмаса не болады? тақырыбында ой қозғау. Торғай, кептер, сауысқан құстарына жем беру, олар жайлы білетін әңгімелерін айтқызу

02.08



Тамыз айы 1 апта

«Ас атасы нан»

Алтын дән

Дәндер патшалығына саяхат: суреттер мен альбомдар қарау.

Көркем шығарма оқып беру, тыңдалған мәтіннің мазмұнын айтқызу;

Ыдыстағы дәндерді түрлеріне қарап ажыратып әр ыдысқа бөлу; бөлінген дәндерді санау; Дәндерді суға және топыраққа салып тәжірибе жасау.

Табиғи материалдармен, ермексазбен жұмыс «Дәндер патшалығы» дербес шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру

05.08


Нан - дастархан байлығы

Көркем шығарма оқып беру. «Нан - дастархан байлығы» әңгімелесу; тыңдалған шығарманың мазмұнын айтқызу;

Нан қиқымымен ауладағы құстарды қоректендіру және оларды сыртынан бақылау;

нанның суретін салу, ермексаздан мүсіндеу.

06.08


Нан болса ән де болады

Балалар ұнататын мультфилімін көрсету, мазмұнын әңгімелету.

Нанды қолдан пісіруден анасы мен баласының, әжесі мен немересінің бірлескен әрекетінен алдын-ала дайындалған челлендж материалдарын қарау;

Наубайхана жұмысымен таныстыру;

«Аспазшы» сюжетті рөлдік ойынын ойнату;


07.08


Егіс алқабында

Күн әсері мен шуағына бақылау жасату, әңгімелету.

«Алқапта не өседі?» әңгімелесу, күннің әсерін зерттеу;

Ауладағы өсімдіктер мен шөптерге күтім жасауда қарапайым тапсырмалардыорындату;

«Ғажайып дәндер» ұжымдық жұмыс: дайын суретті дәндермен безендіру

Құмнан төбешіктер жасату

08.08


Жемістер мен көкөністер

«Жемістер мен көкөністер» фестивалі;

Жапсыру «Менің дәмді достарым»; Балаларға саз балшықтан жемістер мен көкөністі жасауды көрсету, өз бетінше мүсін жасауға жағдай жасау

«Кім күшті?» жемістер мен көкөністерді сумен жуып, жинаудан сайыс ұйымдастыру.

Еңбек әрекеті: балабақша ауласындағы жемістер мен көкөністерге күтім жасау, су шашу.

«Бағбан» сюжеттік-рөлдік ойынын ойнату


09.08



Тамыз айы 2 апта

«Мен және қоршаған орта»

Менің нәзік достарым

Гүлдер, оларға қамқорлық жасау туралы әңгімелесу, шығарма оқып беру;

Түрлі-түсті қағаздан гүлдер жасау (қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін квиллинг әдісін қолдану);

Ұжымдық шығармашылық жұмыс:ауладағы өз тобының ойын алаңын безендіру;

«Гүлге оранған ханзада мен ханшайым» байқауын өткізу (ән айту, би билеу)

Еңбек әрекеті: балабақша ауласындағы гүлдерге күтім жасау, су шашу.


12.08


Менің адал достарым

Сүйікті достарына арнап тілектерін айтқызу.

Әр түрлі әдістермен жүгіруден жарыс ұйымдастыру

Таза ауада ұлттық ойындарды ойнату: «Аударыспақ», «Соқыр теке», «Айгөлек», «Күш сынаспақ».

Ит, мысық, балықтар немесе үй жануарлары туралы шығарма оқып беру, оқылған шығарманы талдау

Шығармашылық шеберханасы: сурет салудың дәстүрден тыс түрі жүннен, мақтадан, түймелерден және т.б. өзінің достарының бейнесін қағазға жапсырып жасау;


13.08


«Саясында бау-бақтың...»

Қоршаған орта туралы сұрақ-жауап ұйымдастыру;

«Бауда ма, әлде бақшада ма?» дидактикалық ойынын ұйымдастыру

«Бағбан» , «Жылыжай» желілі ойындарды ұйымдастыру, мамандардың іс әрекетін жасауды үйрету, бір - бірімен тату келісіп ойнауды пысықтау

Ағаштар жайлы кітаптарды беріп тамашалату, әңгіме айтуға жағдай жасау.

Табиғи материалдардан құрастыру, мүсіндеу жұмыстарын ұйымдастыру.


14.08


Ханталапай

Ұлттық ойындар туралы әңгімелесу. Ханталапай ойынының шығу тарихымен таныстыру.

Асықтарды дайын бояулармен бояу, безендіру;

Ұлттық қимылды ойындардан сайыс ұйымдастыру.

15.08


Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!

Мамандық түрлері олардың атқаратын қызметі туралы әңгімелесу; Мен өскенде кім боламын мамандықтар туралы еркін тақырыпта сурет салу, мүсіндеу;

Сюжетті-рөлдік ойындар ойнату: «Банкте», «Мейрамхана», «Поезда» және т.б.

16.08



Тамыз айы 3 апта

«Өнер көзі халықта»

Қуыршақ театры

Көңілді билер. Әр түрлі ұлттардың ұлттық биін билету.

Куыршақ, көлеңкелі театр қойылымын тамашалау, көрген қойылымның желісі бойынша кейіпкерлер туралы әңгімелесу;

«Менің сүйікті достарым» ертегі кейіпкерлерінің костюмдерінің элементтерін қағаздан жасап, дайын кейіпкер бейнесіне жапсыру;

тақырыпқа сәйкес сюжетті-рөлдік ойын ойнату; Театрға бару

19.08


Сөз асылы шешендік

«Әжелер мектебі» жұмысын жандандыру, алдын-ала әзірленген «Ерте, ерте, ертеде ... » әжемнің ертегісін тыңдайық челленджі бейнематериалдарын тамашалау;

«Ертегілер әлеміне саяхат» сүйікті ертегілерді айтқызу;

«Мен бастаймын, сен жалғастыр», дидактикалық ойын

20.08


Алуан-алуан кейіпкер бар

Cүйікіті ертегі айдарымен үстел үсті театры, кейіпкерлерді алып, рөлді орындауды үйрету.

«Менің сүйікті кейіпкерім», ермексаздан мүсіндеу, суретін салу;

Өзі қолдан жасаған кейіпкерінің образына еніп оның даусымен дыбыстау, сөйлеуді дамыту;

ертегі тыңдату, ондағы кейіпкерлер туралы өз ойларын айтқызу.

21.08


«Өнерлі өрге жүзер»

Ата-аналармен бірлескен әрекетте алдын-ала үйде әзірленген ұлттық оюлардың көрмесін қарастыру және жасалған бұйымдар туралы әңгімелесу; Ою өрнектерді тану бойынша дидактикалық ойындар ойнату. Бұрыннан білетін әндерді айтқызу, билерді билету

Топ ауласына ұшып келген құстарды бақылату, олар немен көректенеді (құмырсқа,қоңыз,өрмекші), олар жайлы білетін әңгімелерін айтқызу.

22.08


«Ел іші өнер кеніші»

Театрландырылған қойылымдар қою үшін атрибуттарды орналастыру;

Қойылым желісін ойластыру;

Рөлдерді ортақ келісіммен бірге таңдау;қойылымды қою.

Секіретін доптармен ойын, олармен жарыса секіріп түрлі нысанға жетуді үйрету

23.08



Тамыз айы 4 апта

«Ғажайыптар әлемінде»

«Балабақшам өз үйім»

  • «Менің балабақшам», жазғы сауықтыру кезеңінде алған әсерлері туралы балалармен серуенде әңгімелесу;

Балалардың қалауымен әр түрлі бояу құралдарын пайдаланып еркін сурет салғызу

26.08


«Бір, екі, үш - бойға жинап күш»

Таза ауада ата-аналар мен балаларының қатысуымен «отбасылық эстафета» спорттық сайысын өткізу

Дене шынықтырудың пайдасы туралы әңгімелесу;

Балалардың өздеріне ұнайтын жаттығуларды жасата отырып, спорттық ойындарды бірлесіп таңдатып, ойнату;

Серуен кезінде аулада қарапайым еңбекке баулу, бірге еңбектену;

«Бәйге» ұлттық ойынын ойнату.

27.08


Менің Қазақстаным

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, туған өлкенің көріктіжерлері мен табиғаты туралы әңгімелесу;

«Елім менің» тақырыбында «Мен бастаймын сен жалғастыр» ойыны арқылы алдын- ала әзірленген ата-аналар мен балалардың оқыған өлеңдерінің видеоматериалдарын көрсету, сол материалдардың ішінен ұнағандарын бірлесіп таңдату.

Байрақтың дайын бейнесін жұмсақ қағаз қиындыларымен безендіру;

28.08


Конституция күні

«Айбары асқақ Ата заң» Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастыру.


29.08



0


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ