400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пән: қазақ әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Тексерілді: ДОІЖО Е.Бугенбаев

Мектеп: Ғани Мұратбаев атындағы ШЖЖОМ

Күні: 3.12.2019 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: А. Амирешова

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау

Сабақтың мақсаты

көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: шығарма,идея,кейіпкер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: менің ойымша, сіздің ойыңызша, мынандай дәлелдер келтіруге болады т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бағалау критерийі

  • көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды

Құндылықтарды игерту

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, тарих

Бастапқы білім

«Бағаналы терек»

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дерек

көздер

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі.Пихологиялық ахуал қалыптастыру.

Шаттық шеңберін құру.Оқушылардың көңіл–күйлерін сұрап,«Бір тілек» тренингі арқылы балалар  бір-біріне  өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек білдіреді. Түстер арқылы топтастыру

Үй тапсырмасын тексеру

1-топ «Жігер»

2-топ «Қайрат»

3-топ «Намыс»

Сабақтың ортасы

20 минут


Қызығушылықты ояту.Өткен сабаққа сілтеме жасай отырып: ақынның «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінен бір кейіпкердің өзің білетін бір ерекшелігін мысалға келтір.Таңдау қиын болды ма? Несімен? Жеңіл болса, қалайша? Дәлел айтыңыз.Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

«Әдеби шеңбер» әдісі.Топтық жұмыс.

Топ мүшелері тапсырмаларды бөліп алып орындайды. Әрқайсысы өз тапсырмасын орындап болғаннан кейін топта талқылап, бір-бірін толықтырады. Сынып алдында қорғайды.

Талқы себепшісі – үзіндінің идеясын айтады;

Белгілеуші – мәтіннен кейіпкерлерді анықтап, сипаттайтын сөздер мен жолдарды белгілейді;

Байланыстырушы – белгілеушінің тапқандарын идеямен баланыстырып, кейіпкерлерге сипаттама береді;

Қорытындылаушы – қорытынды ой айтады.

ҚБ.Топтар бір-бірін дескрипторға сай бағалайды.

Дескриптор:

  • шығарманың идеясын анықтайды;

  • кейіпкерлер жүйесін анықтайды;

  • кейіпкерлерді сипаттайды

“Түйінді сөздер” әдісі


Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану күшейткіш мәнге ие болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі керек. Егер де оның игерілу міндет болмаса, ол өлеңге осыншалық аса мән беріліп айтылмас та еді. Осы игеруге ұмытылдырып тұрған қажеттілік – азаттық үшін күрес.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей


Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің тоз-тозы шыққанын көрсету арқылы ақын ұзақ уақыттың суретін қашап шықты.

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестің ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Көтерліске шығар болса, көретін азабын шынайы жыр арқылы айқын анық жырлап тұр.









А4



















Кеспе қағаз

10 минут






«Белсенді жазылым» әдісі.Махамбет поэзиясының құрылысы

1. Бунақ, шумақ, ұйқас түріне талдау

Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!


дәптер






Сабақтың соңы

5 минут


Оқушыларды бағалау

Рефлексия.Өзінің сабақтан алған әсерімен бөліседі.

Мен үшін бүгінгі сабақта....

Мен үшін ................ тапсырма ......

Мен алдағы уақытта ......

Үйге тапсырма: «Мен кескекті ердің ұрпағымын» деген тақырыпта шығарма жазып келу

Стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс








Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарым қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-








Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей









Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай-








Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай










Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-








Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей









Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай-








Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай










І жұп: Өлеңнің идясы мен тақырыбын анықтаңдар.

ІІ жұп: Өлең құрылысына қарай талдау

Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді

Негізгі тақырыбы- елі үшін еңіреген ер Исатайдың қаһармандық тұлғасы. Автордың бұл өлеңдегі негізгі тақырыбы – қазақ қамы үшін қан майданға тайсалмай қатысқан батырдың ерліктері мен жауынгерлік тұлғасы.

Идеясы- батырдың көзсіз ерлігін, көркем сымбатын, сабырлы, әрі ойлы, парасатты жан екенін және серілігін дәріптей отырып, оған деген сағынышын білдіру. Батырдың киген сауыты. Қару-жарағы да хас батырға тән екенін көрсете келіп, сом тұлғасын халыққа жеткізу.

Оқушылар жұптасып, топқа бөлінеді. Бір- біріне сұрақтар қою арқылы және әр түрлі тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты меңгеріп отырады.

3 кезең

Сабақты бекіту 5 мин

Ой толғаныс. Махамбет өлеңдерінің өміршеңдігі, құндылығы неде деп ойлайсың?(ойтолғаныс жасау)

(бірнеше сөз немесе сөз тіркестерінің тізбегін құру керек. Мысалы, тәрбиелеуде, адамгершілік, рухани байлық, қайсарлық, азаматтық, жігерлілік, найзалы ерлігінде, болашағын ойлауы т.б.

Белсенділік таныту. Жинаған білімдерін қолдану

Бағалау 2 мин

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

баға қояды.

Үйге тапсырма 2 мин

«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жатқа айту

«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ой толғау жазу


Рефлексия 2мин

«Білім теңізі» Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады.



№82 ЖББ орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Казыбаева Жанар Калеловна

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн»

  8-класс       Әдебиет

Сабақтың мақсаттары: Махамбет өлеңдерін оқып-түсіну; авторлық бейнені ашу; өлеңдерінің тіліне талдау.

  1. Жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен оқушыларды өз бетінше жинап үйрену . Танымдық және практикалық міндеттерді шешуде алған білімді пайдалану Зерттеу біліктерін (өзектілігін анықтау, ақпарат жинау, бақылау)

  2. Талдау, жорамал жасау, қорытындалау дамыту

  3. Оқушылардың өз еліне, жеріне деген қызығушылығының, ынтасының артуы

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақтадан слайд-шоу: Махамбет Өтемісұлының портреті, Махамбеттің шығу тегі туралы сызба, «Кейіпкер портреті» сызбасы, Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақтың түрі: Эвристикалық жобалау технологиясы бойынша шығармашылық жұмыс

(Эвристикалық деңгейде: мақсаты анық, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Бұнда бұрынғы білімі өлең талдау сияқты білімі көмекке келеді. Оқушы жаңа хабарды, білімді өз ізденісімен алады.

Ғылымилығы: практикаға бағытталған

Негізгі қағидалар:

* бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындайды

* іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды

балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған сүйену

* шынайы оқыту ешқашанда бір жақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де

өте маңызды

Өзектілігі:

1.Баланы оқи білуге үйрету

2.Баланы ойлауға үйрету

3.Баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау

Сабақтың барысы:

... Жасырмай ойымды айттым талай, талай

Қайтейін кетті бәрі қарайламай.

... Айтарын ашып айтқан абайламай,

Дариға-ай Махамбеттер, Абайлар –ай! ...

М.Мақатаев

Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасына айналған Махамбет Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» өлеңінің шығу тарихы, құрылысына тоқталмақшымыз.


«Туады ерлер ел үшін» Тақырып бойынша хронологиялық картамен танысу


1803 ж

Махамбет Өтемісұлы Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жерінде дүниеге келген

1834ж

Орынбора Жәңгідің баласымен болып, елге оралады.

1829-1831

Калмыков түрмесінде отырып, қашып шығады.

1836-1837

Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.

1846 ж. қазан 20,

Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында жерленген

1908, 1912, 1925 жж

«Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе» атты күй жинақтары жарық көрді

1939—89 жж

8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді

Ақын мерген

Добырашы



Батыр




Күйші 

Көтерліс басшысы үгіт –насихатшы Палуан


Түртіп алу стратегиясы

Тарихи негіз «Асқақ рухты ақын жыры-көтеріліс айнасы »


1837 жылы Исатай мен Махамбет Жайықты жарып өткен соң қасындағы қырық жолдасымен далаға қонады.күн суық боран екен. Ертемен тұрса батырлар қар астында тоңып қалған екен. Сол заманда Бөкейлік қазақтары едәуір тәрбиелі екен.Сол кезде едәуірі тастан, ағаштан салған үйде, шайға үйреніп қалған. Етіктің орнына елдің бірқатары кебіс-мәсі киеді екен.

Далада қонып, тоңып тұрған жігіттердің көбі жылы үйді, жұмсақ төсекті, қызыл шайды жоқтайды.

Сонда Исатай айтыпты –мыс: «Ай, жігіттер! Қазақ жұртына сәлем айтыңыз! Ел болам десе-құс төсек төсенбесін, шай ішпесін, қималы етік кимесін»,-деп.

Қималы етік деп кебіс-мәсі айтқан. Сол уақытта Махамбет осы өлеңді айтып жолдастарын жұбатқан дейді.


Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!


Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді


Шұбыртпалы ұйқас

Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді


А қын тілінің сөздігін құрастыру

Ереуіл ат- ұзақ жортуға арналған төзімді ат.

Тебінгі - тоқым қысқа болғанда, аяқкиім мен шалбар балағын қорғайтын, ер тұрман құрамына қатысатын әбзелдің бірі

Терлік – тоқымның астына салатын киіздің бір түрі .

Малта – сүзбеден сығып, домалатып дайындаған уақ құрт.

Өзегі талу –шаршау, ашығу

Темір қазық- жұлдыз

“Түйінді сөздер” стратегиясы



Өлеңнің шумақтарын мазмұнына қарай

қысқаша түйіндеп, қорытындылау.

Ереуіл атқа ер салмай,

Еңку-еңку жер шалмай,-

деген жолдарымен «еңку-еңку» барар жолдың айшылық алыстығының әрі ауырлығын жеткізетін болса, «еңкудің» қайталану күшейткіш мәнге ие болған. «Еңку-еңку» жер қалайда игерілуі керек. Егер де оның игерілу міндет болмаса, ол өлеңге осыншалық аса мән беріліп айтылмас та еді. Осы игеруге ұмытылдырып тұрған қажеттілік – азаттық үшін күрес.

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ірімей


Тебінгінің әбден тер сіңіп, шіріп тозатындай, ал терлігінің майдай іріп, яғни, үгітіліп таусылатындай шаққа жету үшін қанша жаз бен қыс өтетінін айтады. Төзімділіктің өзінің тоз-тозы шыққанын көрсету арқылы ақын ұзақ уақыттың суретін қашап шықты.

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай-

деген де уақыттың көрсеткіші Баланың өзі шал болуы азаттық үшін күрестің ұзақ , бір ұрпақты қартайтатындай, алайда сенің оған шыдауың керек екенін баса айтады. Бұл- бостандыққа кететін уақыт

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Көтерліске шығар болса, көретін азабын шынайы жыр арқылы айқын анық жырлап тұр.


Махамбет поэзиясының құрылысы

1. Бунақ, шумақ, ұйқас түріне талдау

Е реулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебіңгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!





Тарихи деректер «Мұнар күн» өлеңінің жарық көру себебі.


Геккенің әскері Баймағамбет төрені басшы қылып Шыңғырлау деген өзенді өрлеп, Исатайдың әскерін тосып жатады. Жортуылда түстеніп жатқанда бір қазақ қаша жөнеледі. Бұл Баймағамбеттің жақыны,әрі тыңшысы Сүгір деген төре екен. Исатай және аздаған әскері қуа жөнеледі. Сайда жасырынып жатқан Геккенің әскері мен Баймағамбеттің әскерінің үстінен түсіп, сол жерде Исатай қаза табады, әрине тірідей қолға түсірмекші болады, ол ойлары жүзеге аспайды.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

Троп түрлері ( эпитет, теңеу ) Бейнелі, көркем тіл

Жұмыстың теориялық бөлімін жасау


Мысалдар

Бейнелі,

көркем тіл

Мұнар күн

Эпитет

Шұбар күн


Алма мойын ару


Құба арлан


Жаңбырдай

ТЕҢЕУ

Бұландай


Судай


Зымырандай



Фигура ( алитерация, ассананс, эпифораны табу )


Мұнар да мұнар, мұнар күн ,

Бұлттан шыққан шұбар күн.

Буыршын мұзға тайған күн.

Бура атанға шөккен күн.

Бұлықсып жүрген мырзадан,

Бұрынғы дәулет тайған күн


Қатарланған қара нар

Арқанын қиып алған күн

Алма мойын аруды

Ат көтіне салған күн.


Он сан байтақ бүлген күн

Ортақ белін сырланған

Оқ жаңбырдай жауған күн.

Оң қанатын теріс жайып


Желпілдеген ала ту

Жиырылып ойға түскен күн

Жез қарғылы құба арлан

Жез қарғыдан айрылып,

Қорашыл төбет болған күн



Білімді бағалау, жинақтау, коррекция жасау


Ой толғаныс. «Бүгінгі ұрпақтың үні…»

1. Батырлық, ерлік іс жасау үшін батыр болып туа ма?

2. Ереулі атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебіңгі терге шірімей

Терлігі майдай ірімей, -деген шумағынан қандай түйін шығарар едің

Үйге тапсырма: «Мен кескекті ердің ұрпағымын» деген тақырыпта шығарма жазып келу. Қалаған өлеңді жаттау.

Оқушыларды бағалау. Бір тілек, екі жұлдыз тәсілі арқылы




№ 
15 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Арызғұлова Б.Қ.




Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы

«Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақын өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, Махамбеттің елін езгіден ерліктің биік шыңына шақырған, ел бірлігін жырлаған өлеңдерін танып-білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың патриоттық сезімін дамыта

отырып, Махамбет өлеңдерінің құдіреттілігіне, өміршеңдігіне, ерлік

пен егемендікті, азаттықты аңсаған ер екеніне көз жеткізу

Тәрбиелік: Ақынның асыл мұрасын оқушы бойына сіңіріп, ұлттық

рухта ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ-жауап, ізденушілік,

зерттеушілік іс-әрекеттері, сұрақ-жауап, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Махамбет өмірі туралы мәліметтер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақтарда өтілген ежелгі дәуір әдебиеті тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты қалай меңгергендерін білу.

Сұрақтар:

1. Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдері кімдер?

2. Жүсіп Баласағұн кім?

3.”Құтты білік” кітабының кейіпкерлері кімдер?

4. Махмұт Қашқари туралы не білесіз?

5. Рабғузи туралы не білесіз?

6. Рабғузидің қандай әңгімелері бар?

7. Сәйф Сараи кім, оның кітабы қалай аталады?

8. Шығармаларының мазмұнына қысқаша түсінік беру. Шығармаларының негізгі идеясы не?




Жаңа сабақ.

Махамбет!

Махамбет...

Білмеймін жел ме, сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме...

Ондай жыр ем кеселге...




Махамбет өмірімен қысқаша таныстыру

1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмында дүниеге келген. 1846 жылы 20-қазанда Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Қараой деген

өңірде жерленген. Қазақтың көрнекті ақыны.

1836-1838 жылдары Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі.
















Махамбеттің ата-тегімен ұрпақтары:

Беріш

Тумаш

Өмірзақ

Құлмәлі

Шыбынтай, Өтеміс,Қобылабай

Қожахмет,Ибраһим, Хасен, Бекмағамбет, Досымайыл,

Әйіп, Сүлеймен, Махамбет, Тоқтамыс, Сымайыл

Махмет, Нұрсұлтан

Сауғабай

Мырзағали, Шәкір




Жүректерді қозғалтып, бұлқынтатын,
Махамбетше қиқулап, сарнататын.
Ақынның өлеңдерін жатқа айтатын.
Бар ма екен ортамызда жас Махамбет?

(Ақын өлеңдерін жатқа айту)

Махамбеттің шығармалары:

Өлеңдері:

«Ереуіл атқа ер салмай»

«Соғыс»

«Мінкен ер»

«Тарланым»

«Мұнар күн»

«Ұлы арман»

«Тайманның ұлы Исатай»

«Орай да борай қар жауса»

«Ерлердің ісі бітер ме?»

«Толарсақтан саз кешіп»

«Нарын»

«Баймағамбет сұлтанға айтқаны»

Күйлері:

“Өкініш”

“Қайран, Нарын”

“Жұмыр қылыш”

“Терезе”

“Арысты аңсау”

“Жорық”

Махамбет шығармашылығын зерттеушілер:

Х. Досмұхамбетов

М. Әуезов

Қ. Жұмалиев

З. Қабдолов

С. Қирабаев

М. Мағауин

Өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Ереуіл атқа ер салмай

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?!




Өлеңде ақын
не нәрсеге шақырады?




Сатылай талдату

Өлеңнің аты –

Авторы –

Тақырыбы –

Идеясы –

Шумағы –

Тармағы –

Бунақ –

Буын –

Ұйқасы –




Жырдың көркемдік ерекшелігі:

Өзіңнен туған жас бала, Аллитрация

Сақалы шығып жат болмай.

_________________________

Ереуіл атқа ер салмай, Гипербола

Егеулі найза қолға алмай.

_________________________

Түн қатып жүріп, түс қашпай, Ассонанс

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай.




Жалғыздық

Бұл дүниенің жүзінде

Айдан көркем нәрсе жоқ,-

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен көркем нәрсе жоқ,-

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Мұсылманшылық кімде жоқ,

Тілде бар да, дінде жоқ.

Көшпелі дәулет кімде жоқ,-

Бірде бар да, бірде жоқ.

Азамат ерлер кімде жоқ,-

Еріккен күні қолда жоқ.

Заманым менің тар болды-

Тура әділдік биде жоқ.

Бәрін айт та, бірін айт,

Қаумалаған қарындас

Қазақта бар да, менде жоқ.




Мына өлең жолдарының мағынасын ашып жаз

Заманым менің тар болды-

Тура әділдік биде жоқ.

Бәрін айт та, бірін айт,

Қаумалаған қарындас

Қазақта бар да, менде жоқ.










Бекіту

Тест сұрақтары:

  1. Махамбет кім?

а) ақын

ә) би

б) айтыскер

в) жазушы




2. Махамбет қай жылы дүниеге келді?

а) 1802 ж

ә) 1804 ж

б) 1803 ж

в) 1805 ж




3. Махамбет Қазақстанның қай облысында дүниеге келді?

а) Оңтүстік Қазақстан облысы

ә) Солтүстік Қазақстан облысы

б) Шығыс Қазақстан облысы

в) Батыс Қазақстан облысы




4. “Әй, Махамбет, жолдасым” деген өлеңдікім шығарған?

а) Исатай

ә) Махамбет

б) Ақтамберді

в) Дулат




5. Махамбет өлеңдерінде жиі кездесетін жер аты

а) Орынбор

ә) Қараой

б) Атырау

в) Нарын




. Исатайға арналған жоқтау өлеңі?

а) “Тарланым”

ә) “Ұлы арман”

б) “Жәңгірдің ісі”

в) “Нарын”




7. Махамбеттің әкесінің аты кім?

а) Бекмағамбет

ә) Өмірзақ

б) Махмұт

в) Өтеміс




8. Махамбет өліміне себепші болған адам?

а) Ықылас

ә) Жәңгір хан

б) Баймағамбет

в) Қарауылқожа




9. Махамбеттің күйін ата?

а) “Қосалқа”

ә) “Балбырауын”

б) “Нарын”

в) “Адай”




10. Махамбет қай жерде жерленді??

а) Орал

ә) Нарын

б) Бекетай құмы

в) Қараой

Білгенің абзал!
1.Алматылық көрнекті суретші Мадияр Ысқақов Махамбет ақынның суретін салған
2.Халық мұрасының жанашыры Мұстафа Исмағұлов Махамбеттің домбырасын

1979 жылы тауып алып, 1985 жылы халық аспаптар мұражайына тапсырған.
3.Махамбет ақынның мүсінін республиканың белгілі антрополгі Ноэль Шаяхметов жасаған

Өтеміс ұлдары: Досмайыл,Бекмұхамет, Әйіп, Қожақмет, Иса, Есмайыл, Уса, Сүлеймен, Ыбырайым, Хасен. Махамбеттен  махмуд пен Нұрсұлтан тарайды. 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
1581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі