Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еріген заттың массалық үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Еріген заттың массалық үлесі қысқа мерзімді жоспар 5 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары бөлімі:

5.2 А Заттар және матералдар

Күні:07.12.2018ж

Сыныбы: 5 «А»

Қатысқандар саны:14


Қатыспағандар саны:0


Сабақ тақырыбы:

Еріген заттың массалық үлесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.3.2.4. еріген заттың массалық үлесін есептеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • «еріген заттың массалық үлесі» ұғымын түсінеді

  • Еріген заттың массалық үлесін табу формуласын біледі

Оқушылардың көпшілігі :

  • 100 г ерітндідегі еріген заттың массалық үлесін есептейді

Кейбір оқушылар:

100 г-нан артық ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептей алады.

Бағалау критерийлері

  • «еріген заттың массалық үлесі» ұғымын түсінеді.



  • 100 г ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін есептейді

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:

Ауызша массалық үлестің формуласын айта алады

Тәжірибе жасап қорытынды жасай алады

Терминдер:

Массалық үлес, ерітінді массасы, еріткіш массасы, омега, еріген заттың массасы

Диалогқа қажетті тіркестер:

% массалық үлесі 100 г ерітіндіні дайындау үшін .... г суда ... г затты еріту керек

Осы ерітіндіде заттың массалық үлесі %

Ерітінді массасы ... және ... массалар қосындысына тең

Құндылықтарға баулу

Бір бірінін құндылықтарын құрметтеу, ынтымақтастық.


Пәнаралық

байланыс

Химия, математика (пайыздар, пропорция) өзін- өзі тану

АКТ қолдану

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

жаратылыстану (ерітінділер), математика (көбейту, бөлу)

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Интерактивті тақта оқулық

Сабақтың барысы

Сабақ басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен амандасу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру. Сандар арқылы топқа бөлу.

ә) 5 Т-ережесі

тәртіп

талап

тыныштық

тазалық

татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап,оқып білуге талаптанып, тәртібін сақтап, оқып білуге талаптанып, тыныштықты орнатып тазалықты сақтап бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Олай болса, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастауға шақырамын. / Слайд/№1



Сабақ ортасы


8 мин




Білу







Түсіну
















Өткенді пысықтау. «Кір жаятын жіп» әдісі

1.Ерігіштік дегеніміз не?

2.Ерітінді деген не?

3. Суда еру деңгейіне қарай заттар неше топқа бөлінеді?

4.Жақсы еритінге мысал келтір.

5. Баяу еритінге мысал келтір.

6.Араласқан ерітінді деп нені айтамыз?

7. Концентрациялаған дегеніміз не? / Слайд/№2

Ой қозғау

Күнделікті тұрмыста тез еритін заттар бар ма?

Массалық өлшем бірліктерін ата?

Жаңа сабақ. Еріген заттың массалық үлесі

Оқу мақсатымен таныстыру. /Слайд/№3

Заттың массалық үлесі оның 100 грамм ерітіндідегі массасына тең.

Ерітіндінің массасы су және еріген заттың массасынан тұрады.Массалық үлес % - ерітіндідегі заттардың арақатынасы. Белгіленуі ω, «омега» деп оқылады.

Ерітіндінің массасын табу үшін еріген заттың массасын судың массасына қосу керек.

m (ерітінді) = m (еріген зат) + m(су)

содан кейін есептеудің алгоритмін көрсетеді.

Алгоритм:

1. есеп шартың жазу (берілгені, табу керек)

2. ерітіндінің массасын есептеу

3. формула бойынша еріген заттың массалық үлесін есептеу.

Еріген заттың массалық үлесінесептеу үшін еріген заттың массасын ерітіндінің массасына бөліп, 100%-ға көбейту керек.

Массалық үлесті табу үшін формула қолданылады.

ω( еріген зат ) = / Слайд/№4




























Қолдану

5 мин




Өмірлік тәжірибе. Зерттейік!

1-топ: 100 граммсуда, 50 грамм қатты салып, араластырыңыз.Тәжірибенің нәтижесін сипаттап қорытындылау

2-топ:50 грамм суда 15 грамм салып араластырыңыз. Тәжірибенің нәтижесін сипаттап қорытындылау

Дикриптор білім алушы

  • суды өлшейді;

  • таразымен өлшейді;

  • араластырады, тәжірибенің нәтижесін сипаттайды. / Слайд/№5



ҚБ








12 мин

«Ойлан жұптас- бөліс» әдісі. Есептер шығару

1 есеп

Болат екі стакан алып, бірінші стаканға екі қасық, ал екінші стаканға бір жарым қасық қант салды. Стакандағы судың массасы 70 г, ал бір қасық қанттың массасы 30 г. Әрбір стакандағы қанттың массалық үлесін анықтаңыз.

Берілгені: Шешуі:

m (су)= 70г m (ерітінді) = 70г+30г= 100 г

m (қант)= 30г ω ( қант ) = = 30%

ω (қант)= ?

Жауабы: Әрбір стакандағы қанттың массалық үлесі 30%

2 есеп

150 г суда 50 г тұздан ерітінді жасады. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңіз.


Берілгені: Шешуі:

m (су)= 150г m (ерітінді) = 150г+50г= 200 г

mShape4 (тұз)= 50г ω(тұз) = = 25%

ω (тұз)= ?

Жауабы: Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі 25%

3 есеп

20 г қантты 80 г суда ерітті. Еріген қанттың массалық үлес есептеңіз.

Берілгені: Шешуі:

m (қант)= 20г m (ерітінді) = 20г+80г= 100 г

m (су)= 80г

ω (тұз) = = 20%

ω (қант)= ?

Жауабы: Еріген қанттың массалық үлесі 20%

4 есеп

200 г су мен 50 г ас содасынан ерітінді жасады. Ерітіндідегі ас соданың массалық үлесін есептеңіз.

Берілгені: Шешуі:

m (су)= 200г m (ерітінді) = 200г+50г= 250г

m (ас сода)= 50г ω (ас сода) = = 20%

ω (ас сода)= ?

Жауабы: Ерітіндідегі ас соданың массалық үлесі 20%


Дискриптор Білім алушы

-есептің берілгенін жазады;

- еріген заттың массалық үлесінің формуласын қолданады;

-мәнін есептейді;

ассалық үлесінің жауабын жазады. / Слайд/№6

ҚБ




Сабақ соңы


4мин






Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап

Серпілген сауал әдісі

1. Массалық үлес дегеніміз не?

2. Ерітінді деп нені айтады?

3. Омега ненің белгісі?

4. Еріткіш деген не?

5. Масса дегеніміз не?

6. Пайыз деп нені айтады?

7. Еріген зат деп нені айтамыз? / Слайд/№7

Мадақтау












3мин


Сабақты қорытындылау. Рефлекция «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Мен ........ бүгін білдім

Мен үшін ...........қызық болды

Мен үшін ............. тапсырмалар қиын болды

Мен өмірде .......... қолданамын / Слайд/№8









3 мин

Бағалау парағы ( 0-5 ұпай аралығы)

Оқушының аты- жөні

Үй тапсырмасы

Зертте (тәжірибе жасау)

Есептер шығару

Сұрақ-жауап

Қорытынды баға

















2 мин

Үй тапсырмасы: Есеп шығару

40 г тұзды 120 г суда ерітті. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша? / Слайд/№9


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

«Кір жаятын жіп», серпілген сауал әдістері арқылы оқушылардың алаған білімдерін тексеру.Тәжірибе жасау, есеп шығару арқылы оқушылардың қабілетін анықтау.

Бағалау парағы, мадақтау, смайлик, бағдаршам, қол шапалақтау, басбармақ әдістері арқылы бағалау

Қауіпсіздік техникасы ережелері : шыны, электр құралдарымен жұмыс істеу кезінде ережелерді сақтау керек.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
2831
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі