жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ерік туралы ұғым
САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
САБАҚ: № Колледж: Орал гуманитарлық колледжі Күні: Оқытушының аты-жөні: Әбисатова Айкөркем Тобы: Қатысқан студенттер саны: Қатыспаған студенттер саны: |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ерік |
|
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылардың оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Ерік тақырыбын толықтай ашып, меңгерту. |
|
Бағалау критерийлері |
Мазмұндылығы - 5 ұпай; Шығармашылығы - 5 ұпай; Эстетикалығы - 2 ұпай;Қорғау - 3 ұпай; Бағалау шкаласы: 12-15 ұпай - «5»; 6-11 ұпай – «4»; 1-5 ұпай – «3»; |
|
Құндылықтарды дарыту |
ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа тәрбиелеу; |
|
Пәнаралық байланыстар |
Педагогика, өзін өзі тану |
|
АКТ қолдану дағдылары |
Тәтті сый әдісі, Қар кесегі әдісі, Сөйлемді жалғастыр әдісі, Бағдаршам әдісі. |
Жоспар
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз). |
|
|
Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру бөлімі |
«Тәтті сый» әдісі. Студенттерді тәтті кәмпиттердің түсіне байланысты топқа бөлу |
|
Мағынаны тану (Әр топқа бөлініп, постер қорғайды) |
Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді. Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері: -ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету. -тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедергілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау. -тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру. Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет: - мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс; - мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу; - мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы; - сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау; - мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау; - қабылданған шешімді іске асыру; - қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп беру. Іс-әрекетті саналы реттеп беру үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді. Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық: - Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы. - Батылдық – бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты. - Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып. - Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді. - Сенімділік – бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы. - Табандылық – психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті. -Ұстамдылық – біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады. Ерікті тәрбиелеу Адамның ерік сапалары мен ерекшеліктері оның ма-ңындағы өзге адамдар ықпалынан бөлек, ез алдына мақ-сат қойып, іс-әрекеттерді орындауы нәтижесінде қалып-тасады. Ерікті әрекеттер үстінде адам өз еркін меңгеріп, өз бойындағы күш-куатын қиын жұмыстарды орындау-ға, бастаған ісін аяқтап шығуға жүмсап, оларды калай-да жүзеге асыра алады. Сөйтіп, өз еркін шыңдап, қалып-тастырады. Адамның ісі мен мінез-құлкын меңгеруі жә-не оның азаматтық қасиеттері ерікті қимыл-қозғалыста-рынан және істеген жүмыстарынан айқын байқалады. Адамның даралық қасиеттері барлык психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған орай, адам өміріндегі аса маңызды кезең — өзінің іс-әрекеттерін бақылап, ерік-жігерін дамыта білу кезеңі болып та-былады. Мұндай кезең — адам өміріндегі елеулі бетбұрыс. Ол оның мінез-қүлқындағы ұнамды әрі жағымды сапаларды қалыптастырады. Еркін тәрбиелеу үшін адамға ез алдына ірі-ірі мақсаттар қою міндетті емес, ұсақ-түйек нәрселерден-ақ бастауға болады. Мысалы, темекіні көп тартатын адам оның зиян екенін түсінеді де, тастап кетеді. Немесе студент бос уакытын қалайда пайдалы істермен шұғылдануға жүмсайды. Ерікті әрекеттерді дамыту үшін белгілі істі орындап, оған дағдылану керек. Ерікті дағдыландыру, не жаттыктыру дегеніміз — адамның өзіне кызықсыз, тартымсыз болып саналатын істерді де орындап отыруға өзін-езі көндіре алуы. Мүн-дай жүйелі әрекеттерде адам жалқаулық пен енжарлықты, бытыраңқылық пен аландаушылықты және ұқыпсыз-дыкты да жсңіл, өзін-өзі мыктап колға алады. Сөйтіп, ол өзінің ақыл-ойын, саналы әрекетін ірі-ірі талаптарды және игі максаттарды орындауға бағыттайды. Соның нә-тижесінде езін-езі билеп, өз еркіне иелік ететін дәрежеге жетеді. Адам емірінде кездескен істердің қай-қайсысын болса да орындап отыру үшін іштей даярланып, кездесе-тін қиыншылықтардын бәрін де жеңіп шығуға бейімде-луі қажет. Баланың ерікті әрекеті саналы тілек-талап нәтижесінде шешімін тауып, орындалумен ұштасып жатады. Баланын желігін керсететін талаптар өте ерте, оның эмоция — сезімімен сабақтас түрде көрінеді. Екі жасқа толған бала ойын мен тәлім-тәрбие аркылы өзінің тілек-талабын түсінуге жарап қалады. Бірақ, олар әлі де саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатты болады. Баланын саналы әрекетке қабілеті жаттығу нәтижесінде біртіндеп дамиды. Ерік сапалары мектеп жасында, оқу, тәлім-тәрбие процестері барысында кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты — баланың бойында жағымсыз сипаттар көріне берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын дамытып отыру. Ерік сипаттарын арман қалыптастырады. Ойлау қабілеті дамыған сайын бала әрбір нәрсенің мәнін түсініп, мақсат таңдайды, ниет-тілек таласын терең түсініп, шешімге келеді, түрлі әрекеттер жасайды. Отанды сүю, ата-анасы мен өзгелерді құрмет тұту баланын адамгершілік сезімін оятып, еркін дамытуға себепші болады. Ерікті тәрбиелеу оның жеке сипаттарын дамытумен шектелмей, оларды адамның меншіктік
|
|
Ой толғаныс |
«Қар кесегі» әдісі, «Сөйлемді жалғастыр» |
|
Бағалау |
«Бағдаршам» |
|
Үй тапсырмасы (кері байланыс) |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген