«Еріншек егіншімен еңбекқор құмырсқа» ертегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Еріншек егіншімен еңбекқор құмырсқа» ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек сүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК №2«Бүлдіршін» балабақша-

бөбекжайы Өскемен қалалық әкімдігі


Тәрбиеші: Султанова Айнур Утембаевна.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Білім саласы: Қатынас, әлеумет

Білім көзі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Еріншек егіншімен еңбекқор құмырсқа» ертегі

Мақсаты

Білімділік: Сұраққа жауап беруге және дәнді дақылдар, егістік туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Баланың зейінділігін,тыңдай алыу қабілетін, өз ойынын толық жеткізе білуін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: бидай, алқап, қауыз.

Керекті заттар: дәнді дақылдардың суреті

Әдіс тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Блингвалды компонент: бидай - пшеница

егін - уражай

еңбек - труд

Іс- әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс- әрекеті


Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері




















Ұйымдастыру

ізденіушілік.





























Сергіту сәті





Дидактикалық ойын


















Рефлексиялық түзетушілік








« Нан адал ас»

Нан ардақты адал ас,

Кәрі жас одан аттамас.

Нандай жоққой асыл дән,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарқаннан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Трәләләм,трәләләм,

Майға піскен қара нан.

Қарыным ашты дедімбе.

Қара нанды жедімбе,

Жыл мезгіліне тоқталу

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінде нелер піседі?

Күз мезгілінде дәнді дақылдарда піседі екен.

Ендеше балалар Өтебай Тұрманжанов атамыздың «Еріншек егіншімен еңбекқор құмырсқа» бүгін танысамыз, мұқият тыңдап отырыңдар.Ертегі үн таспада қойылады және сурет көрсетіледі.

Бір егінші егістікке егін егіпті, өзі еккен егініне қарамай қыдырып жүре беріпті, күз мезгілі аяқталып, қар жауып, қыс түсетіні есіне түсіп: «Еккен бидайым, егінім пісіп тұрған шығар жинап алайын » деп, егістікке келеді. Келсе, алақандай аз масақтың әр басында бір торғай қонып отыр. Торғайдың шоқып, желдің шайқап төккен дәндерін еңбекқор құмырсқалар да жинап үлгірген екен. Бидайдың басына бос қуыс қалған қауыздан басқа түк те жоқ. Жерге түскен бидай дәндерін еңбекқор құмырсқалар қыс қамын ойлап, өзінің илеуіне асыға тасып бара жатыр. Сонда жалқау егінші құмырсқаға қарап:

- Жапрайды, құмырсқалар, жинап алған екенсіздер, жылы қамбаға салған екенсіздер. Ендігі жылы тұқым керек болса, келіп алармын, - деп атына мініпті де, «шу» деп жүріп кетіпті.

Сөйтіп, жалқау егінші еккен егінін күтпей, қарамай жүргенде піскен егінді еңбекқор құмырсқалар өз илеулеріне тасып алыпты.

- Ертегіде егінді қайда егіпті?

-Жалқау егінші өзі не істеп жүріпті?

-Жерге түскен дәндерін қайда әкетіпті?

-Егінші қандай екен?

- Ал құмырсқалар қандай?

-Ал енді балалар мына тақтадағы суретке қараңдар. Егін алқабындағы егістікте өсіп тұрған бидайдың суреті көрсетіледі.

- Бұл ненің суреті?

- Қандай дәнді дақылдар деп ойлайсыңдар?

Бидайдың дәндері жерге түсіп қалған кезде бос қалған қуысты біз қауыз деп атаймыз.

- Күз мезгілінде егістіктің суреті көрсетіледі.

Күз мезгілі кезінде біз астықтарды қамбада сақтаймыз.

Нана қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп, теріп қатсерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

«Не қайда өседі?»

Шарты: Балалар көкөністерді қара топыраққа, ал жемістерді ағашқа орналастырады.

Ал балалар күріш, бидай, тары туралы кім мақал мәтел біледі.

Дәнді дақылдарға байланысты кім жұмбақ біледі?

Жарайсыңдар балалар жақсы жауап бердіңдер.

Бидай - пшеница, қауыз - шелуха, егін урожай, балалар тәрбиешімен бірге қайталап айтады.


- Балалар біз қандай ертегіні есімізге түсірдіке?

- Ертегі барысында еріншек егіншімен

« Не жоқ?»

- Тәрбиеші тақтаға дәнді дақылдар суретін іледі. Балалар көзін жұмған кезде бір суретті алып тастайды.

Суретпен жұмыс, дәнді дақылдардың суретін қорша.

Қорытындылау:

Еңбекқор құмырысқамен еріншек егіншінің қайсысы болғың келеді?

- Неліктен сен құмырсқа болғың келеді?

- Сонымен балалар біз көптеген дәнді дақылдарды білдік, сол дәнді дақылдарды атап айтыңдаршы?

- құмырсқалар бидайды қайда тасып әкетті?





Балалар қолдарын ұстап бір-бірімен жылы жүзбен амандасып шеңбер бойында тұрады.






- Күз мезгілі.

- Жемістер мен көкеністер.



























- Егісттікке

- Ойнап, күліп жүріпті

-Құмырсқа илеуіне әкетіпті.

- Жалқау.

- Еңбекқор құмырсқа


- Егістіктегі егін

- Бидай











- Ясмин: Арпа, бидай ас екен, Алтын күміс тас екен.

Данияр:Тары жеген тарықпас.

Алуа: Күріш арқасымен күрмек су ішер.

Айзере:Күнен көзін алмайды, мойыны бірақ талмайды.(Күнбағыс)

Мадияр: Табаны суды сүйеді, Қабағы күнге күйеді(күріш)

Бек: Күріш арқасымен күрмек суішер.


- Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже


Білуі тиіс: ертегінің мазмұнын дұрыс түсіне біледі .

Игерді: сұраққа жауап беруді және еңбекшіл болуды үйренді.

Меңгереді: құмырсқаның еңбекқор екенін түсінеді.























4


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.10.2018
6132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі