Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еркін елдің еңселі елордасы-Нұр-Сұлтан

Материал туралы қысқаша түсінік
қала қүніне арналған мерекелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы


ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕҢСЕЛІ ЕЛОРДАСЫ


Мақсаты: Отанымызды өркендетуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту.

  • Нұр-Сұлтан қаласының көркеюіне атсалысу және қала тұрғындары мен қонақтарына сыйластықпен қарауға тәрбиелеу. 

Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пезиденті –Елбасы кітапханасы

Уақыты: 01.07.2021 жыл

Қатысушылар: №38 «Шаттық» балабақшасының балалары

Көрнекіліктер: бейнетаспалар, жалаушалар, музыкалық аспаптар, степ платформалар және т.б.


Жоспары:

  • Ұйымдастырушылардың құттықтау сөзі

  • Жүргізушінің кіріспе сөзі

  • «Тұғыры биік Тәуелсіздік» би композициясы -24 бала

  • Елорда жайында өлең шумақтары -3 бала

  • «Мақтанышым - Астанам» әні

  • А. Енсеповтың «Әке толғауы» күйі -12

  • Вокалдық топ «Ата-ананы сыйлаймыз» әні - 10 бала

  • Қабдолла Дарина «Еркетай» әні-1 бала

  • «Көңілді баспалдақтар» спорт үйірмесіне қатысатын балалардың өнерлері-10 бала

- «Туған ел» әні орындайтын Бекназар Мұрат

- «Туған елдің самалы-ай» әні (Балабақша музыка жетекшісі, белгілі композитор Темір Жанат Борашқызы өз шәкірттерімен)

  • «Рухани жаңғыру-еліміздің болашағы» би композициясы -24 бала

  • қатысушыларды марапаттау








Мереке барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар! Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – әлемдегі ең құдіретті сөз. Қазақстанның тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербеc ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!


Слайд №1 Бейнетаспа «Атамекен».


«ТӘУЕЛСІЗДІК ШУАҒЫ» БИ КОМПОЗИЦИЯСЫ

Жүргізуші: Ұлт мақтанышы елорда – бұл төл тарихымыздың жаңа беттерінің бастауы, айтулы жетістігіміз. Бұл ұлттың түбегейлі жаңаруының алғышарты, тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің темірқазығы. Келешек ұрпақ үшін зор мүмкіндік.

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Елордасы! Мерекелеріңізбен, құрметті қонақтар!


1. Мұрат:

Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

 Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемге нұр шашқан,

Астанам арайлы.

2. Томирис:

Ел ордам менің –Нұр-Сұлтан,

Осында жаңа бастама

Сәулетті зәулім үйлер көп,

Көрікті сондай жас қала.

Елордама қарашы,

Елімнің жас қаласы.

Неткен ұлы, неткен кең,

Қазағымның даласы!

3. Ерсұлтан:

Домалап қазағымның өрге тасы, 
Думанмен дүрілдесін аспан асты. 
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп, 
Асқақтай бер, елімнің астанасы! 
Сәулеңді шаш еліңе,

Нұрыңды төк жеріңе.

Киелі менің Елордам,

Бақ болып қонған төріме.


«Мақтанышым - Астанам» әні


Жүргізуші: Біздің сүйікті қаламызға – 23 жыл. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Бұл орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына барша қазақстандықтар жыл сайын көптеген құттықтаулар мен жылы лебіздерді жібереді. Бүгінгі шарамызда Елбасымызды осындай үлкен мерекемен балабақшамыздың кішкентай бүлдіршіндері Асылбек Енсеповтың «Әке толғауы» күйімен құттықтамақшы. Қарсы алыңыздар.

Музыкалық жетекшісі Қасен Гулжазира Аманжолқызы.


«ӘКЕ ТОЛҒАУЫ» КҮЙІ


Жүргізуші: Елорданың басты байлығы – ол тұрғындары және олардың жетістіктері. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көптеген ғылыми, спорттық және басқа да жеңістермен әлемге танылды. Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Балабақша тәрбиеленушілерінің орындауында «Көңілді баспалдақтар» биін тамашалаңыздар.


«КӨҢІЛДІ БАСПАЛДАҚТАР» БИІ


Жүргізуші: Елорда – біздің ортақ үйіміз. Біз Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін деп тілейміз! Бас қаламызда тұрып жатқан әрбір отбасы өнегелі, ынтымақты болса дейміз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы осы отбасынан басталады.


ВОКАЛДЫҚ ТОПТЫҢ ОРЫНДАУЫНДА «АТА-АНАНЫ СЫЙЛАЙМЫЗ» ӘНІ.


«Отбасы» құм анимациясы (бейнетаспа)


Жүргізуші: сіздерді бүгінгі керемет күнмен біздің кішкентай жұлдызымыз Қабдолла Дарина «Еркетай» әнімен құттықтайды.


«ЕРКЕТАЙ» ӘНІ


Жүргізуші: Тәуелсiздiк - ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жердi ақ найзаның ұшымен, ақ бiлектiң күшiмен қорғап қалғанының арқасы.

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан – ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.


«ТУҒАН ЕЛ» ӘНІ ОРЫНДАЙТЫН БИНАЗАР МҰРАТ


Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер – әр адам шыр етіп дүниеге келген жері. Сондықтан, туған өлкеге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құрметпеу қарау – шынайы патриотизмнің белгісі» дейді. Туған қаласы мен балабақшасына деген іңкәр сезімін білдіру үшін ортаға № 38 «Шаттық» балабақшасының түлектерін ортаға шақырамыз. Музыкалық жетекшісі, белгілі композитор Темір Жанат Борашқызының «Туған елдің самалы-ай» әнімен қарсы алыңыздар.


«ТУҒАН ЕЛДІҢ САМАЛЫ-АЙ» ӘНІ


Слайд №2 Бейнетаспа «Туған ел»



Жүргізуші: Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы мен Тәуелсіздік – ұлттық идеяның алтын діңгегі. Айнымас тірегі. Мәңгілік соғар жүрегі. Ол да болса алыс болашаққа көз тігіп, егемен елін рухы сарқылмас ұйықты жер етуді мұрат қылған Елбасының тілегі. Еліміз мәңгілік болсын. Туымыз көкте мәңгі желбіресін. Халқымыз аман болсын.


КОМПОЗИЦИЯ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ»


Жүргізуші: Құттықтау сөзді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы кітапханасының директоры,саяси ғылымдардың кандидаты Бақытжан Берікбайұлы Темірболатқа беріледі.



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры,саяси ғылымдардың кандидаты Бақытжан Берікбайұлының құттықтау сөзі

Сыйлықтар тарату


Жүргізуші: Осымен бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласының мерекесіне арналған «Еркін елдің еңселі елордасы» атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.





 











































-

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2021
458
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12