Материалдар / Еркіндігім қасиетім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Еркіндігім қасиетім

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе Біздің алдымызда тұрған ең үлкен мақсат Тәуелсіздікті нығайту еліміздің кемел келешегі жолында ынтымақ-бірлікпен еңбек ету басты мақсатына айналдыру, егемендіктің ақ таңына дақ түсірмеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2022
427
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Еркіндігім қасиетім

Міне, қандай керемет күн де бүгінгі ұрпақ күн кешуде. Еркіндіктің қасиетін бүгінгі жас ұрпақ қастерлей білуі керек. Біз қазақ елі Тәуелсіздік алып, басқа елдермен тереземіз тең болып алпауыт елдердің қатарына ену жолындамыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз бәрімізге баянды болсын қазағым менің. Халық мақалы «Егемен болмай - ел болмас»-деп, тура, әрі нақты айтылған. Биылғы еліммен бірге тойлағалы отырған егемендіктің 30 жылдық таңы құтты болсын! Біздің отанымыз- Қазақстан. Отан дегеніміз – әр адамның туып – өскен жері, туған – туыстарымен бірге тұратын атамекені, қазақ елінде тұратын әрбір жан өз Тәуелсіздігін қастерлей білуі керек. Егемен елдің тұтқасы мекем болса ұрпағымызбен мың жасарымыз анық.

Біз егемендікті аңсап тәуелсіздікті күтіп, зарығып жеттік емес пе? Енді сол тәуелсіздіктің ерекше белгілерін де қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Көк Байрағын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмарындай тануы қажет екенін ұмытпаса. Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз! Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тұзды ақтай білген елміз! Міне қазақ халқы намысшыл, қайсар, ұлтшыл халық. Тілі мен дінін қастерлей білген. Әр халықтың тарихында өзінің ұлттық ар-намысын, құқықтары мен мүддесін қорғап қалуға, өзіндік бет-бейнесін, егемен ел болуға лайық екендігін көрсетуге ұмтылатын сын сағаттар болады. Егер ұлт уақыт талабына үн қата алмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болмақ. Ал егер, халық басына түскен мұндай сынақтан сүрінбей өтсе, басқа халықтардың тарихы көрсеткендей, бұл сәт, бұл оқиға осы халықтың тағдырында тарихи оқиға болып қалады. Ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын күн. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 30 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16- желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіліп келеді.

Тәуелсіздік тұғырым, оңай емес ызғарлы, осыдан 35 -жыл бұрынғы 1986 жылы, Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев, Л. Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Қазақтың басынан өткерген зұлмат жылдар мен нәубатты жылдар тарихы ның бір кезеңін осы «Желтоқсан оқиғасы» алып отыр. Тарихта желтоқсан оқиғасымен аты қалды.

Ал одан әрі басынан қазағымның не өтпеді, не көрмеді десеңізші. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының басына қасыреттің қара бұлты төніп ел ішін жойқын жау шапқаннан бетер қырғынға ұшыратып, ұлт жадында мәңгі өшпес қасырет ізін қалдырған зұлмат кезең болғаны аян. Ежелден Ата қонысын көшіп-қонып еркін жайлап, төрт түлік малын баққан, малымен жанын баққан елді коллективтендіру шоқпарының астына алып малынан айырып, күкөрісінен айырып, босқынға айналдырып, аштыққа ұшыратып қынадай қырылуына жол берген, ел қамына болысқан елдің ізгі жақсыларын - даналарын, батырларын тұтқын қамытын кигізіп, атып-шауып және қырғынға ұшыратқан зар заман жаңғырығы уақыт қанша алға озғанмен ел жадынан әсте мәңгі қалды. Қай елдің тарихына көз салсақ та қасіретті де қайғылы кезеңдерді басынан өткергенінің куәсі боламыз. Олардың ішіндегі ең қасіреттісі Кеңес одағы кезеңіндегі зұлматты жылдар зобалаңы. Алып мемлекеттің құрамын¬да болып тоталиатарлық режимнің зардабын тартқан қазақ халқының қайғысы - ұлт тарихындағы өте ауыр трагедия болды. Тоталитарлық жүйе өз халқына ату, қуғындау, зорлықпен жер аудару сияқты зобалаң тудырып қана қоймай, қолдан жасалған аш¬тықпен де зұлмат жасады.

Қорыта келгенде: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қуғын-сүргін, аштық құрбандарын еске алу күнін жариялау туралы жарлығы, жазықсыз жазаланғандарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру жолын анықтап берді. Қазақстан бүгінде дүние жүзі таныған мемлекетке айналды, сан ұлттың басын құраған бейбітшіліктің, саяси тұрақтылықтың ұлтаралық, дінаралық келісімнің арқасында мол табысқа қол жеткіздік. Экономикамыз дамып, халықтың әлеуметтік тұрмысы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Біздің алдымызда тұрған ең үлкен мақсат Тәуелсіздікті нығайту еліміздің кемел келешегі жолында ынтымақ-бірлікпен еңбек ету басты мақсатына айналдыру, егемендіктің ақ таңына дақ түсірмеу. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз бәрімізге баянды болсын қазақ елі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!