Ерлік даңқы мәңгілік!
Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстардың бірі
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына – 74 жыл.
1 -
жүргізуші: Ұлы Отан соғысы – өткен жиырмасыншы
ғасырдағы ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы өшпес қайғылы оқиға.
Ал, Ұлы Жеңіс – жасампаз мереке. Әрине, әрбір мерекенің өз орны
болатындығы белгілі. Бірақ, Жеңіс күні мерекесінің орны ерекше
екенін терең ұғынуымыз керек. 9 – мамыр бүгінгі күн сол бір қанды
қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтары
аспандайтын күні.
Өтер жылдар, уақыт тағы
алыстар,
Тағдыр талай тауқыметін
табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер
ұрпағың,
Соғыстағы азап шеккен арыстар
– деп ақындар жырлағанды, өмір тоқтамайды, ерлік
өлмейді.
Қазақстан Республикасының Гимні
орындасын
2 -
жүргізуші: Әдетте, соғыс әділетсіздікке, жауыздыққа,
қанішерлікке бастайтын жол. Қарапайым халыққа қасірет туғызған,
қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Таң алдында, тәтті
ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасына ұрланып өткен жау оғымен адам
баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс
басталды.
Баршы халық жеңіс күнін
тойлайды,
Жас сәбилер думандатып
ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас
алып,
Ұрпақтардың амандығын
ойлайды.
Салтанатты жиынымызды ашу мақсатында сөз
кезегін мектеп директоры Алшынбекова Ақмарал апайға
береміз.
1 -
жүргізуші:
Жеңіс күні 9-мамыр бүкіл дүние жүзі бойынша
үлкен мейрам. Бұл мереке Отан үшін от кешіп, қанға бөгіп,
қайсарлықпен шайқасқан соғыс ардагерлері үшін ерекше
мейрам
«Соғыстан қайтқан
солдаттар».
Жаутаңдап қарап дала
тұр,
Көз жасын сұртіп жаңа
бір.
Хабарсыз ұлын
сұрауға,
Жолыңды тосып ана
жүр.
Ән: «Анашым» орындайтын Төреқұл
Дәулетяр.
2 -
жүргізуші: Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ.
Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен
қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын әскери қаруға
айыр бастады. Егістікті тастап, егінші трактордан түсіп, танкіге
отырды.
Аз емес зар жылаған, егілген
жан.
Аз емес өшкен өмір, төгілген
қан.
Кеудеге зілді қасірет салды
соғыс.
Қирады талай арман көңілге
алған
Баяндама. «Ерлік даңқы – мәңгілік!»
Кеттебекова Балсапар.
1 -
жүргізуші: Азаттық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай
түспеген.Өткені, әр бір соғыс мыңдаған,
миллиондаған адам шығынына алып келді,
қаншама мемлекетті
күйретумен тарихта
қара бояумен
таңба болып қалды.
Сарғая күткен ұлы
күн,
Шұғыласы бүгін жарқ
етті.
Бағына талай
миллионның
Баянды жеңіс күні
жетті.
Ән: «Шіркін-ай» орындайтын10 сынып оқушысы
Намиялы Ұлдар.
2 -
жүргізуші: Кезінде бел буып, батырлық пен қайсарлықтың
үлгісі көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің отан алдындағы
парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау, бүгінде
өзімізбен бірге Мақтааралдың керегесін көтеруге атсалысып жүрген
аудандық ардагерлерді қадірлеп – құрметтеу біздің
борышымыз.
«Үстімде сұр
шинелім»
Үстімде сұр
шинелім,
Ақсаңдай басып
келемін,
Қанды қырғын қызыл
от,
Қаптап жүр ажал
дегенің.
(Сарбаздар саптық қадам
жасайды)
1 - жүргізуші: Отан үшін от кешкендер ешқашан ұмытылмайды.
Соғыста Отан үшін от кешкендердің , елім деп еңіреген ерлердің,
өзіңді тосамын деп өмірден өткендердің, ерлігі мен майдан даласында
қаза болғандардың, сол апаттан зардап шеккен жандардың, мәңгіге
оралмаған, бірақ жүрегімізде шамшырақтай жарқыраған батырлардың
рухына тағзым етелік.
Жеңіс деген жақсылықтың
сыңары,
Жігерленген құштарлықтың
құрамы.
Күрескердің амалы мен
ұраны,
Қуанышпен мерекесі бұл
оның.
Ән: «Қазағымсың» Сәбит
Нұртаза.
2 -
жүргізуші: Зымырап 73 жыл өте шықты. Ел алдындағы
борыштарын өтеп, еліміздің амандығын жеріміздің тұтастығын қорғап
келген ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас
ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды.
Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз
қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып
жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз – бәрі де сол
Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі.
Би: «Вальс» «Жеңістің жанды жұлдызы» 10
«А,Ә» сынып оқушылары.
1 - жүргізуші: Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа
қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт өмірдің батырлары болуға
тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің
патриоттары болуға мүмкіндіктер жасайық.
2 -
жүргізуші:Құрметті қонақтар осымен ертеңгілік
кешіміз аяқталды, сіздерге көп рахмет.