жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ерлік елге-мұра ұрпаққа-үлгі
№1 Алматы қазақ мемлекеттік-гуманитарлық педагогтік колледжі
Шығарма
Тақырыбы: Ерлік елге –мұра,ұрпаққа
үлгі.
Орындаған: Мақсұтқызы Жұлдыз.
Оқу тобы: 11-БШ
Алматы 2020
Қай жерде отыр екен бота көзім,
Жайнатып мөлдіреген қара көзін.
Армансыз бұл дүниеде өтер едім,
Жеңіспен аман қайтар келсе кезім-деп жырлаған Бауыржан Момышұлы.
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске
қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты
қорғаған қазақстандық батырларлардың есімі әрқашан ел есінде
сақталады. «Отан үшін отқа түс», «Отан үшін жан пида»,- деп
ата-апаларымыз елі, жері үшін болашақ ұрпақ үшін соғысқа аттанды.
Міне олардың арман-тілектері, мақсат-мүдделері орындалды. Еліміз
Жеңістің 71 жылдығын атап өтпекші. Дегенмен, бұл Жеңіс оңайлықпен
келген жоқ. Әскерлер соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын
қажырлылықпен көтеріп, төзімділікпен шыдады. Асқан ерлік көрсетті.
Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың
ерлік рухын асқақтатты. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады,
Мәскеу түбінде өлімге бас тікті. Сталинград, Курск доғасындағы
шайқастарда ерекше көзге түсті. Мәскеу шайқасында генерал-майор
И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен
шайқасты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов жаудың қорғаныс
ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза
тапты.
И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар мен аға
лейтенанты Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше
табандылықпен қаһармандық көрсетті. Б.Момышұлы жауынгерлерін үш рет
қоршаудан алып шықты. Бауыржан ерлігі үшін бірнеше
орден,медальдармен награтталды. Кеңіс Одағының батыры атағын алды.
Ротаны саяси жетекшісі
М.Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкілерін
жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты. Ерлігі үшін
М.Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы
берілді. Әрқайсысы 200астам ұшу сапарына шығып, оннан
астам жау ұшағын жүздеген фашистерді
жойған шабуылдаушы
ұшқыштар Т.Бегельдинов, Л. Беда, И.Павлов, және
С.Луганский – Кеңес Отағы батыры атағына екі мәрте ие
болғандар.
Шығыс қыздарының арасынан бұл құрметті,
атақты алған 100 қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулеметшісі
М.Маметова мен 54-атқыштар бригадасының мергені А. Молдағұлованың
орны айрықша. «Еліңді сүйсең, ерлік істейсің»,- дегендей
батырларымыздың ерліктері шексіз. Ұлы Отан соғысына қатысқан
Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов, Н.Әдіров, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин,
Т.Бегельдинов, Р.Қошқарбаев сияқты есімдер аңызға айналған
аталарымызды тарих бетінде батыр деп жазып
кетті.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ
батырымызды ешбіріміз ешкашан ұмытпаймыз. Қазіргі қазақ елінде
көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындары, Ұлы Отан соғысында
ерлік көрсеткен батырлардың есімдерімен талады. Мен М.Ғабдуллин
атындағы орта мектеп оқушысымын. М.Ғабдуллин Кеңес Одағының батыры
ғана емес, профессор, жазушы, филология ғылымдарының докторы
болған. Мен Мәлік атамды мақтан тұтамын., есімі берілген мектептің
намысын көтеру мен үшін үлкен
міндет.
Жеңіс күні - адамзаттың аңсап күткен күні.
Жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды
күні.
Ұлы Отан соғысы халқымзға төнген ең ауыр
күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жрі мен Отаны үшін,
келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп
жатты.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен
бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да лайықты
үлесін қосты.Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап
Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде,Днепр
өткелінде,Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер
көрсетті.
Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті.Біздер жер бетіне жеңіс туын тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған , жүз мыңдаған боздақ көз жұмды.Жеңіс жолында жанын пида етті.Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды.
Сұлтан,Нүркен,Әлия,Мәншүк,Бауыржан,Мәлік,Төлеген бастаған батырлар- дың жас өмірлерін қиған өзге де қыршындарды еске алу орынды.Соларды еске ала отырып,9 мамырды Жеңіс мерекесі дейміз. Жеңіс күнін жақындатуға тылдағы миллиондаған еңбекші халық маңдай терін төкті,табан етін тауысты. Ұлы Жеңістен кейін ел есін жиды, етегін жапты. Миллиондағы халық соғыста қираған қалалар мен шаруашылықты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі заманға жеттік. Қазақстанкөп ұлтты мемлекет, бұл ұлы соғысқа жүздеген ұлт өкілдерінің барлығы қатысты. Бұл соғыс сол кездегі кеңес халқының басына келген нәубет еді. Сол апаттың бетін барлық халық бірігіп қайтарады.
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс- достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы боп атылған, ел дауысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін, халқының өмірін, өзі туған өңірін, ақ сүт берген анасын, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама?! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ!
Елі үшін жанын
қиған,
Ерлер есте
сақталады.
Жас жүрекке жалын
құйған,
Ерлік есте
сақталады.
1945 жылы Жеңіс туын желбіретіп жеткен
ардагерлеріміздің де көбі бүгінде ортамызда жоқ. Олардың қан майдан
кешкен ерлігін, тылдағы қажырлы еңбегін бүгінгі ұрпақ ұмытпақ
емес.
Аш тарихтың
есігін,
Бәрінің де еске алып
есімін
Еске алайық
ерлігін,
Өлілерге
тағзым-парыз,
Ұсынайық жыр
гүлін
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген