жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ерлік мәңгі ұмытылмайды" тақырыбында сыныптан тыс ісшара
Салтанатты жиын тақырыбы: «Ерлік мәңгі ел есінде»
(Салтанатты жиын «Таңшолпан» би тобының «Шашу» биімен ашылады.)
Фан-фар беріледі. Ортаға жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздармен оқушылар ! бүгінгі Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінде Ұлы Жеңіске-74жыл және 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Салтанатты жиынның мақсаты оқушылардың бойына Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету, адамгершілікке, ұлтжандыққа, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Отан үшін опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдары Отан үшін аянбай ерлік көрсеткен ұлы ардагерлерімізді еске алу мақсатында өткізіп отырмыз.
1-жүргізуші: Желбірейді шалықтап, Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады.
Көк аспанда нұрлы Күн, Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін Ол барлық пәк балаға.
Ұлттық өрнек мұрамыз Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз, Жалауды біз құлатпай!
2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
туы салтанатты жиынға әкелінсін!
(Туды оқушылар алып келіп салтанатты
жиын төріне тұрады)
Әнұран орындалады.
1-жүргізуші: Бойына жинаған бар өсиетті,
Ағалар
бар ұрпағына ардақты,
Жаны жайсаң, пейілі кең
қасиетті.
Мінезі бар өзіне тән салмақты деп, салтанатты жиынға арнайы шақырылған құрметті қонақтарымызбен ардақты ағалармызды таныстырып өтейік.
2-жүргізуші: Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Манапов Ерлан Қалхаманұлы_______________________________________________
1-жүргізуші: Мектебімізге еңбегін сіңірген ардагер ұстазымыз Талымов Жолдасбек Талымұлы
2-жүргізуші: Аудандық білім бөлімінің әдіскері Амангелдиев Әділет Амангелдіұлы
1-жүргізуші: Салтанатты жиынды ашу үшін сөз мектеп директоры Мәлікайдаров Серғали Өмірзақұлына және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Манапов Ерлан Қалхаманұлына беріледі.
2-жүргізуші: Кез келген азамат отан алдындағы борышын өтеу үшін ата-анасы мен бауырлары, туған туысынан жырақтап әскерге аттанады. Құрметті қонақтар, біздің мектеп оқушыларына да 2002 жылғы туылған ұлдарымыздың әскерге шақырушылар куәлігін салтанатты түрде тапсыруға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Куәлікті тапсыру рәсімін мектеп директоры Мәлікайдаров Серғали Өмірзақұлына және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Манапов Ерлан Қалхаманұлына ұсынылады. Қошеметтеп ортаға шақырайық.
2-жүргізуші: Берікбайұлы Нұрдәулет 11- сынып
2-жүргізуші: Әбілда Рыскелді Қалдыбекұлы 11-сынып
2-жүргізуші: Мұстафа Жандос Жаппарұлы 11-сынып
2-жүргізуші: Жарылқасын Эльдар Әбілқасымұлы 10-сынып
2-жүргізуші: Ұласбек Мұхаммед-Хайдар Дарханұлы 10-сынып
1-жүргізуші: Қалқаман Айдар Мақсатұлы 10-сынып
1-жүргізуші: Сембек Қазыбек Серікұлы 10-сынып
1-жүргізуші: Меңдіқұл Сұлтан Ерланұлы 10-сынып
1-жүргізуші: Беласар Ақсұңқар Зеңгірұлы 10-сынып
1-жүргізуші: Зұлфайдар Эльдар Оразәліұлы 10-сынып
1-жүргізуші: Дәуміш Береке Берікұлы 10-сынып
2-жүргізуші: Ән: «Бақытты Қазақстан» орындайтын ___________________
Құрметпен келесі сөз ауданымыздың ардақты ардагерлері ___________________________________________________ беріледі
1-жүргізуші: 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесінің орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше ендігі жырлар өздеріңізге арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін – деп өзінің ыстық лебізін жыр арқылы жеткізгелі тұрған 8 «Ә» сынып оқушысы Құлмахамбет Зейнепті «Қазақ ері» өлеңімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші : Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
1 - жүргізуші: Ендігі жырлар Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
2
- жүргізуші:
Ұлы Отан соғысы жылдары жүрегі Отаным
деп соққан әр азамат барынша күресе
білді. Әрбір азамат өз Отанына деген
антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл
соғыс және елін, жерін қорғаған
майдангерлер туралы Ғабиден
Қожахмет «Бұл
- кешегі жауынгердің ұрпағы»
өлеңін оқу үшін 9 «Ә» сынып оқушылары
Төл Нұрзадамен Әли Мұхаммедті ортаға
шақырамыз.
1-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар мен ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі салтанатты жиында 5-сыныптың үздік оқушыларының «Жас Ұлан» ұйымына өту кезеңінің куәсі болғалы отырмыз. Ендеше оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымына салтанатты түрде өткізуді жүргізу үшін мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы 10 «А» сынып оқушысы Әліп Шұғыланы
Ән: «Туған жер» орындайтын

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген