«ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМУ -
СӘТТІЛІК БАСТАУЫ»
Музыка жетекшісі Аитова
Л.З
Музыка
жетекшісі
МҚКҚ №52 «Құлагер»
балабақшасы
Қазақстан Республикасы. Ақтөбе
қаласы
Аннотация
Мақалада, автор ерте жастан
баланың музыкалық шығармашылығын арттыру мақсатында музыканың және
музыкалық дидактикалық ойындардың балаларға әсерін музыканың
сипатын, көңіл күйін, музыкалық бейнелермен таныстыра отырып,
қоршаған ортаны музыка арқылы тану, түйсіну, қабылдау, музыкаға
деген қызығушылығын, сезімталдығын қалыптастыру екендігін
аңғартады.
В статье автор подчеркивает,
что воздействие музыки и музыкально-дидактических игр на детей с
раннего возраста повышает музыкальное творчество, познание,
восприятие, окружающей среды через
музыку.
In the article, the author
emphasizes that the impact of music and musical and didactic games
on children from an early age increases musical creativity,
cognition, perception, the environment through
music.
Соңғы кезде баласын дамытамын
деп, небір үйірмеге сүйрейтін ата-ана өте көп. Тіпті, бастары
қосыла қалса, балалары қатысатын үйірмелердің санын жарыса
айтады. Мектепке дейінгі ұйымда
баланың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, салауатты
өмір салтын ұстануға тәрбиелеуге бағытталған үйірмелердің маңызы
зор. Түрлі үйірмелер тәрбиеленушілердің
танымдық даму барысында
бір нәрсені білуге құштарлығын, қызығушылығын танымдық мотивацияны
ынталандыруға
баулиды.
Музыка мектеп жасына дейінгі
баланың мінез құлқына, рухани дамуына әсерін тигізеді. Жан-жақты
дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының
бірі музыка мен ән деп білемін. Музыканың бала тәрбиесіндегі алар
орыны ерекше. Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз баланың толық мәніндегі
ақыл ой мен қиялын дамыту мүмкін емес. Сондықтан біздер, саз
жетекшілері, сазды эстетикалық тәрбие беруді мектеп жасына дейінгі
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттік стандартқа
сай бағдарламаға сүйеніп, қызықты да, көңілді өткізуге
тырысамыз.
Музыка арқылы балалардың дыбыс
үніне зейіні, байқағыштығы, тапқырлығы жетіледі. Балалар дыбыс
үніне құлақ салғанда ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып,
олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем бейненің мағыналық
ерекшіліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді
үйреніп, өз сезімін білдіреді.
Біздер, педагогтер, балалардың
қабілетін дамыта отырып, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын
және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын
шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге
жұмыстанудамыз.
Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне
неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге, шығармашылыққа баулитын кезең –
ол балабақшадан басталмақ. Өсіп келе жатқан жас буын әдеби
ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен әуендегі,
табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы
эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай туындыларда
кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата
біледі.
Мен өз тәжірибемде осы
жағдайларды ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай
музыкаларды ұнататынын білуге көңіл бөлемін. Көбінесе балаларға
ойнақы, көңілді әндерді, қызықты, қимылды, дидактикалық, музыкалық
ойындарды ұсынамын. Соның нәтижесінде олар музыканы терең түсініп,
ең бастысы – музыканы қабылдап, есте сақтау қабілеттері артады.
Сонымен қатар бүлдіршіндердің дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы
қалыптасады.
Жоғарыда айтылғандай музыка
бүлдіршіндердің жан дүниесін тебіренте отырып, олардың өмірге деген
көзқарасын, әдет, мінез - құлқын қоғам мүддесіне сәйкес
қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелей отырып,
әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге
баулиды.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
№499
бұйрық
2.Учите детей петь (песни и упражнения для
развития голоса у детей 5 - 6
лет
Т.М.Орлова С.И.Бекина Москва «Просвещение» 1987
г.
3.Музыка дидактические материалы Е.В.Колбина,
Т.Ш.Ахметова Алматы
«Мектеп».
2002
4.Қазақ композиторлары және
музыкалық аспаптары Ф.М.Қоңыратбай
Алматы; « Алматы кітап » баспасы. 2008
5.
Музыка нота хрестоматиясы Ф.М.Қоңыратбай Алматы кітап.
2007
6.
Музыка хрестоматия Е.В.Колбина,
Т.Ш.Ахметова
Алматы «Мектеп». 2003
7.Праздники в детском саду И.Каплунова,
И.Новоскольцева 2007г
8.Мы поем и рассказываем Есенжолова Р.Д.
Камшилина В.К. Оразбаева
Н.К. Алматы «Мектеп» 1983ж
9.
Материал по музыке(младшая,средняя,старшая,подготовительная
группа)
2012г
10.
Учебно-дидактическое пособие А. П. Щербак 1999
году.