Материалдар / Ерте жүктіліктің алдын алу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ерте жүктіліктің алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жумагулова Халилла Жолдыбаевна. Біліктілік санатын көтеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2019
44336
25 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«БҮГІНДЕ БІР АНАНЫ ТӘРБИЕЛЕГЕНІМІЗ –

БІР ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕГЕНІМІЗ»
ҚР президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




Жоспар:

І. Кіріспе

1. Жобаның қысқаша негіздемесі

1.1. Шыңғырлау колледжі жас жеткіншек қыз балалары арасында ерте жүктіліктің алдын алу іс-шаралары

1.2. Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу

Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.

2. Жобаның мақсаты мен міндеттері

Мақсатым: Ерте жүктіліктің алдын алу, әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қыз баланың бойына сіңіре отырып, келешекте ана алдында қоғамның, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді жан жақты жетілген қыз бала болуға тәрбиелеу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы студенттерге айтып, түсіндіру.  

Міндеттері:

  • ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру;

  • жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету.

3. Күтілетін нәтиже

Шыңғырлау колледжінде жоспар бойынша ата-аналармен сенімді қарым-қатынас орнатып, жыныстық тәрбие жайлы көбірек әдебиеттер оқып, қаламаған жүктілікті болдырмау әдістерімен таныстырып, ерте жүктіліктің алдын алу шаралары мен әңгімелер, сауалнамалар жүргізу жұмыстарының нәтижесінде соңғы үш жылда қыздар арасындағы ерте жүктілік саны азайды.

ІІ. Негізгі мазмұны

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз балада бойжеткен кезеңі гормоналды ауысу кезеңі басталады.

Бұрын ерте жүктілік жағдайы төмен отбасыларында болады деп есептелген, бірақ қазір бұл пікір өзгерді. Себебі тұрмыс
жағдайы жақсы отбасында өскен балалар жауапкершілікті сезінбейді.

Көпшілік ата-аналар балаларының сексуалды өмірлеріне
араласқылары келмейді. Мұны бұқаралық құралдардан, интерннеттен біледі деп ойлайды.

Контрацепция құралдарын, контрацепция жайлы кітаптар алу жеткілікті емес, ең бастысы балаға оларды қолдануды әдетке айналдыру
маңызды. Сондықтан қаламаған ерте жүктілік – жыныстық тәрбиенің
жүргізілмегеннің нәтижесі.

Ерте жүктіліктің кауіп-қатері. Жүктілік кезінде жүрек-қан тамыр жүйесіне, эндокриндік жүйеге және басқа да жүйелерге қосымша жүктеме түсетіні белгілі. Ал бойжеткен кезінде әлі толық қалыптаспаған ағзаға одан да күшті жүктеме түседі. Жас ана жүктілікті физикалық көтере
алмайды. Жас анада қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені кауіпқатерге тігеді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмауы мүмкін, сондықтан
мерзіміне жетпеген нәресте немесе ақауы бар нәресте туылуы мүмкін.
Статистикалық мәліметтер бойынша:

кәмелетке толмаған жастардың 40-60% ерте жыныстық қатынасқа түседі. Солардың ішінде 10% 14жасқа толмаған жасөспірімдер.
Статистика бойынша бойжеткен кезіндегі жүктіліктің 70 ℅ абортпен,15℅ түсікпен және тек 15℅ босанумен аяқталатыны белгілі. Осы 15℅ босанудың өзінде ана мен бала өлімінің қатері көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде кәмелет жасына толмаған 16 миллионға жуық қыз жүкті болады екен. Оның 3 миллионы жаза басқан қадамының ізін жасыру үшін жасанды түсік жасатады-мыс. Бұл сандардың ішінде Қазақстанның да үлесі аз емес. Қазақ жерінде бәлиғат жасына жетпей, жүкті болып қалатын қыздардың саны шамамен 10 мың мен 20 мыңның арасында.

Ерте каланбаған жүктіліктің себебі-отбасындағы жағдайға байланысты. Қазіргі заманда қыз балалардың жыныстық дамуы ерте жүреді, сондықтан да
сексуалдық қалау да ерте дамиды. Ата-аналардың басты мақсаты балаларды жыныстық өмірге психологиялық дайындау керек және де бұл әрекеттер балалар жыныстық өмір бастамай тұрып ерте жасалу керек.

Жүкті болған қыз балалар не істерін білмей күйзеліске беріледі. Жас әкелер әдетте шеттеніп, «өзің шеш» деп кетіп қалады. Өзін кінәлі сезінген қыз шеттенеді. Аборт жалғыз жол болып көрінеді. Ал аборт көптеген гинекологиялық ауруларға тіпті бедеулікке әкеледі. Аборттың алдын-алудың бір жолы контрацепция.

Жасанды түсік деп – жүктілікті 22-ші аптаға дейін жасанды түрде үзуді айтамыз. Қазіргі кезде жасанды түсікті әр адам өз қалауы бойынша 12 аптаға дейін жасай алады,ал уақыты одан көп болатын болса түсік жасау қиын және медициналық көрсеткіштер бойынша жасалынады.

Бедеулік - жатыр мен жатыр мойны қабырғасының зақымдануына байланысты жүктілікті көтере алмаушылық дамуы, қан кету, түсік тастау қаупі, мезгілінен бұрын босану.

Келесісі ол – психологиялық мәселе. Жүкті екенін білген қыз оңашаланады, өзі үлкен мәселелерді шеше бастайды, яғни ерте есейеді.
Социалдық мәселе. Қазіргі қоғам ерте жүктлікке қарсы, көбіне сөгіп талқылайды. Қыз бала ата-анасына айтуға қорқады, босану үшін колледжді тастайды. Білімі жоқ болған соң дұрыс жұмысқа орналаса алмайды. Баланы
және өзін бағу үшін жеңіл жүрісті өмір бастайды, көбісінде келесі жүктілік
болады.

Бүгінгі күннің трагедиясы тәрбиеден басталып жатқан жайы бар. Біз көз жұма қарап жүрген бұл өзекті мәселенің мән-жайынан қалың көпшілік хабардар. Өрім­дей жас қыздардың басына түскен қасірет олардың өмірінде сызат қалдырды. Ашығын айтар болсақ, бұл күні жеткіншек қыздардың оң жақта отырып-ақ құрсақ көтеруі­ жиіледі. Бұрындары қысылғанда қуыс таппайтын құбылыс енді бір-екі жел сөзге ұласып, жабулы қазан жабулы күйінде қалатын болды.

Біреу біреуге ақыл айтып, жөн сілтейтін заман келмеске кетті. Арды жоғары қоятын қыздарымыз жоқ жерден қылық шығаруда. «Қыз он беске келгенде, шашынан көп жаласы» дегендей, бойжеткен қыздың соңынан қашанда сөз еретіні белгілі. Жастықтың дәмін татпай жатып, зәрін тартатын қыздарымыз көбейді. Бұрындары бір кісі «қызды баққаннан, ешкі баққаным артық» деген екен. Аруларымыз санасыздықтың салдарынан сан соғып­ қалып жатыр. Бір кездері қазақ қыздарының намысын ерлеріміз найзамен қорғаса, бүгінде кейбір аруларымыздың ары аяқ астында. Ерте жүктіліктің  етек алуына кімді кінәлаймыз? Көше кезген көріктісымақ қызды ма, «қызға қырық үйден тыйым салмаған» ата-анасын ба, әлде ойнап-күлген ортасын ба?! Махаббаттың буына мас болып, ерте ұрынатындар сезімнің жетегінде кетеді де, сол сезімге тағдырын билетеді. Ақыл емес, сезім басқарған өмірлерінің әп-сәтте күлі көкке ұшады. Бар қадір-қасиетінен айырылған қыз ертеңгі күніне күмәнмен қарап, болашақ бағытына жол таппай адасады. Аяғы­ның ауырлағанын білгеннен соң психологиялық зардап шегетіні тағы бар. Таяқтың бір ұшы өзіне тиетінін біле тұра, батыл деп тапқан қадамға кіріспек болады. Айтайын десе, анасынан артық ауыз сөз естігісі келмей­ді. Сосын өзінше шешім қабылдауға тырысады. «Тағдырыма жазылғаны осы шығар»­деп түсік тастауға дейін барады.

Жүкті боп қалған қыздардың тірлігін көз алдыңызға елестетіңіз. УЗИ-ге барып, құрсағындағы шарананың ай-күнін біліп алады. Одан қалды, баланы алдырту үшін ақша жинай­ды. Ақырында бір тоқтамға келеді. Жеке емханаға барып, аборт жасатады. Оның құны туылмаған баланың мерзіміне байланысты. Ардан аттаған қыздың алысқа бармай­тыны анық. Қыздардың ерте жүктілікке бой алдыруын әлем гинекологтары былай түсін­діреді: «Қыз балалардың физиологиялық жетілуі ер балаларға қарағанде ерте. Олар жыныстық жетілу кезінде өрескел қателікке бой алдырады. Себебі сол уақытта психологиялық, әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. Қыз баланың жыныстық жетілуі 18 жасқа дейін толық қалыптасады.

Ерте жүктіліктің ертеңі қандай?

Қазақстан зерттеу агенттігі жүргізген сауалнама қорытындысына сүйенсек, қазіргі таңда 16-17 жастағы қыздардың 30%-ы жыныстық қатынасқа түскен. Ата-аналардың бала сүйгендегі 75% қуанышы алғашқы сәбиіне арналады екен. Ал тұла бойы тұңғышын тұншықтырып жатқандардың жайы мынау.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі ерте жүктіліктің алдын алу бағытында Шыңғырлау колледжінде іс-шаралар жоспары жасалынып, қыз балалармен жұмыс алдынғы қатарға қойылды. Жоспар бойынша 2017-2018 оқу жылдарында Шыңғырлау колледжінде қыздар арасында ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияны туралы кездесу (дәріс) өткізілді. Кездесуге Шыңғырлау аудандық ауруханасы салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері А.Жумагулова, аудандық аурухана психологі В.Рузаев, аудандық аурухана гинеколог дәрігері Г.Есенова, колледж медбикесі А.Акбалеева, колледж психологі Х.Жумагулова кәмелетке толмағандар тәрбиесі жайлы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы АІІБ-нің полиция инспекторы М.Усмангалиева қыз балаларға дәріс оқыды.

Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді.

Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз  балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды.

Қаламаған жүктіліктің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді. Жасөспірімдер инспекторы М.Успангалиева жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, яғни зорлау тақырыбында әңгіме жүргізді. Осындай жағдайда қалай әрекет жасау керектігі жайлы ұсыныстар берді.

Семинарда қойылған сұрақтар көп болды, оның әрқайсысына мамандар толық жауап берді. Семинардан соң бірнеше оқушы жеке сұрақтарына жауап алуға ниет білдірді.



ІІІ. Жобамның тиімділігі:

Құрылған іс-шаралар жоспары бойынша жыл бойы жұмыс жүргізіліп, жағдайдың түзілуіне әсер етіп, мәселені шешуге қатысты мынадай белгілері байқалынды:

  • проблеманың алдын алу, ынталандыру;

  • уақытылы көмек және қолдау көрсету, сенім, өзіне деген сенімді нығайту, моральдық қолдау;

  • адамгершілік, өз-өзіне сенімдігін нығайту;

  • жақсы ана болуға тәрбиелеу.


IV. Жобаны жүзеге асыруда кедергілер мен қиындықтар да көп кездесті.

V. Глоссарий

  • Аборт - (лат. abortus — түсік) медицинада — құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.

  • Контрацепция – жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары.

  • Бедеулік - кейбір ерлер мен әйелдер бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп бақса да, нәтиже болмайды. 

Жүктілік басталмай қояды. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, әйтсе де кейбір себептерге байланысты жағдайдың оңғарылып кетуі де ғажап емес.




VІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі:

6.1 ҚР нормативті актілері

6.2 Ғылыми-әдістемелік баспалар «Қызықты психология», «Мектептегі психология»

6.3 Аудандық ауруханадан статистика мәліметтері















































І. І-ІІ курс ата-аналарымен сауалнама

  • Қыз балаңызбен үйде «Етеккір жайында» сырласасыз ба?

  • Сіз қызыңыздың етеккірі келетін күнін, қанша уақыт келетінін бақылауда ұстайсыз ба және етеккір уақытында санитарлық-гигиеналық тазалық жайында әңгімелесесіз бе?

  • Қыз балаңыздың ер балалармен қарым-қатынасы қалай?

  • Егер сіздің қызыңыз өзінен үлкен жігітті ұнатты. Сіз оны білесіз. Қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

  • Сіздің қызыңыздың құрбыларымен шынайы достығына күмән келтірмейсіз бе?

  • Сіз қызыңыздың ұялы телефоны арқылы интернет желісіне еніп, қандай сайттарға кіретіні жөнінде хабардарсыз ба?

  • Түнгі көше, ойын-сауық, би кеші дегенге көзқарасыңыз қалай?

  • Сіздің қызыңыз сізден қыз балалармен болатын отырысқа сұранды. Бірақ та қызыңыз сізді алдап, жігітпен кездесуге кеткенін соңынан білдіңіз. Сіз не істер едіңіз?

  • Сіздің қызыңызға сіз танымайтын бөгде бір жас аралығы алшақ ер жігіт сыйлық сыйлап, үнемі хабарласып, жиі қоңырау шалса, қандай шешім қабылдайсыз?

  • «Қызым үйде, қылығы түзде» деген пікірге қалай қарайсыз?

  • Қызыңыздың ең жақын құрбысы жеңілтек болса не істейсіз?

  • Қызыңыздың гинекологиялық дамуы дұрыс па және сіз акушер-гинекологтан ақыл-кеңес алуға жүгінесіз бе?

  • Гинекологиялық тексерістен қызыңызды өткізіп отырасыз ба?

  • Жарты жылда бір рет гинекологиялық медициналық тексерістен, яғни скринингтен балаңызды өткізуге қарсы емессіз бе?

  • Қазір қыздар арасында тәртіпсіздік, жағымсыз қылықтар көбейіп барады. Қыздар бойынан қандай қасиеттерді көргің келеді?

  • Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспауы үшін қандай талаптар қойған?


Жаднама. (Қыздарға үлестірілді)

Әрқашан

Ешқашан

Ата-анаңа немесе өзің сенетін ересектерге қайда, кіммен кетіп бара жатқаныңды және сені шамамен қашан күту керек екенін айтып кет.

Шұғыл шешім қабылдай салып, өзің танымайтын адаммен ешқайда барма.

Өзің сенбейтін адамдармен бірге болмауға тырыс.

Ішінде сенен басқа жолаушы отырған таксиге отырмағанын дұрыс.

Әдетте бірге жүретін достарыңның телефондарының тізімін көрінетін жерде ұстау қажет

Кешкі мезгілде жарықсыз, адамдар бармайтын, көмек күту мүмкін емес, қуыс жерлермен жүрмеуге тырыс.

Өзіңді тыңдап үйрен: бойыңды мазасыздық билесе немесе күдікті іс-әрекеттер байқасаң – кетіп қалуға тырыс.

Спирттік ішімдіктерді және басқа да жағымсыз заттарды қолданудан аулақ бол.

Ересектердің немес доситарыңның біреуін таксиге дейін шығарып салуын, кейін нөмірін жазып немесе жаттап алуын сұрау қажет.

Қайда және қашан жасалғаны белгісіз шырындар мен тағамдарды қолданба.

Барған жеріңнен үйдегілерге аман-есен жеттім деп телефон соққан дұрыс.

Бейтаныс адамдармен лифтке отырма.

Бос уақытыңда жақсы істермен шұғылдан (кітап оқы, сурет сал, би биле, дене шынықтыр, түрлі үйірмелерге қатыс).

Мекен-жайын мен телефоныңды бейтаныс адамдарға берме.

















2017 – 2018 оқу жылында Шыңғырлау колледжі жас жеткіншектер қыз балалар арасында ерте жүктіліктің алдын алу іс-шараларының жоспары

Іс-шара атауы

Өтетін уақыты

Қатысушылар

Жауапты

1

Қыз баланың бой жетуі, жеке бас гигиенасы туралы дәріс, әңгіме, слайд.

Қыркүйек

Қыздар тобы

Психолог, ТІЖ орынбасары, медбике, әлеуметтік педагог, топ жетекшілер, ө/о шеберлері

2

«Астанаға көктем кеш келеді» фильмін көру

Қазан

Қыздар тобы

Психолог, ТІЖ орынбасары, топ жетекшілер, ө/о шеберлері

3

«Қазақтың ұлттық психологиясындағы қыз баланың тәрбиесі» баяндама

Қазан

Қыздар тобы

Психолог, ТІЖ орынбасары, әлеуметтік педагог, топ жетекшілер, ө/о шеберлері

4

«Қыз бен ұлдың арасындағы достық» дәріс, әңгіме

Қараша

Қыздар тобы

Психолог, ТІЖ орынбасары, медбике, әлеуметтік педагог, топ жетекшілер, ө/о шеберлері

5

«Ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияны» дәріс

Желтоқсан

Қыздар тобы

Психолог, аудандық аурухана, СӨС дәрігері, ТІЖ орынбасары, медбике, әлеуметтік педагог, топ жетекшілер, ө/о шеберлері


6

Сауалнама

Қаңтар

І-ІІ курс қыздары

Психолог, әлеуметтік педагог

7

Сауалнама

Ақпан

ІІІ курс

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!