"Ерте жүктіліктің алдын алу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ерте жүктіліктің алдын алу"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ерте жүктіліктің алдын алу" бойынша түсіндіру жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу.


Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты «№25 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 – 2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Джахаева мен Р.Ахманова,Әлеуметтік педагог Р.Сарайбаева,ҚББП Н.Умбетова,Аға тәлімгер Ғ.Сырлыбаеваның ұйымдастыруымен, мектеп медбикесі Ұ.Елғондиеваның үйлестіруімен, 8-11 сынып қыздарының қатысуымен "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында Жетісай Аудандық емхананың акушер-гинекологы Абзейтова Ақшақыз Әбдімәлікқызының қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.

Кездесуге аудандық емхананың акушер-гинеколог маманы Абзейтова Ақшақыз Әбдімәлікқызы қатысып «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, - деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратынын, жасанды түсік жасататын қыздар онкологиялық , гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы түсіндіріп өтті.Сонымен қатар қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық жетілу процесі жүретінін, көптеген отбасында осы тақырыпта әңгіме қозғалмай , жабық күйде қалатынын, анасымен ашық сырласпауы дұрыс еместігін айтты.Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында , қыз баланың тәрбиесіне де байланысты екенін айтты.

Қорытындылай келе, кездесу қыз балалардың өздерінің қоғамдағы орнын сезінуіне, құндылықтарын айқындауына, өмірге мейіріммен, махаббатпен қарай білуге деген ұғымдарын тудырды. Сол себепті қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі келешек аналар қолында десек, қыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамауымыз қажет.






ДТІЖО: Джахаева Жанар Полатовна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2024
234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі