400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЕРТЕ,ЕРТЕ,ЕРТЕДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЕРТЕГІЛЕР
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 10.04.2025жыл

Хафиза: сәлеметсіздерме құрметті қонақтар,сәлеметсіздерме балалар.

Балалар, сендер ертегі көргенді ұнатасыңдарма?

Балалар: Иә

Ендеше ,қазір достарым «Аң патшасы арыстанның шипасы» атты ертегіні сомдап береді.Тамашалаңыздар.

Ауырған арыстан жүре алмай,іннің алдына келіп жата қалады.

Ауырған арыстанды көрген достары: аю,қоян,қасқыр,түлкіде келеді.

Барлығы бірге: Не болды, не болып қалды?

Қоян: аң патшасы арсытан ауырып қалды.

Аю: қалайша?

Қасқыр: мүмкін емес!

Түлкі: Кеше көргенімде сап-сау болатын.

Қоян: енді нестейміз қалай емін табамыз?

Аю:

Мен аюмын қорбаңбай,

Жеттім мұнда қорбаңдай.

Патшамыздың дертіне,

Қонар екен ем қандай?

Шырын тәтті балым бар,

Дәмін татып алыңдар.

Аңдарға дәмін көрсетеді

Аңдар хормен: Балдың дәмі қандай керемет!

Аю арыстанға келеді: бөшке толы балым бар,жесеңіз мүмкін ем қонар.

Арыстан: басын шайқайды .

Қасқыр:

Түрі суық қасқырмын,

Қоянды қуып састырдым.

Ұстай алмай қоянды,

Бұратылып ашықтым.

Қап бәлем қоян сеніме, жеп қоюға шақ тұрмын!

Патшаның халін сұрайын,

Қажет болса ем болсын деп ,сені апарайын!

Қоян орнынан ұшып тұрады.

Қасеке мұның жөн емес, сенің уысыңа түсетін аңқау қоян мен емес.

Қоян ағаш артына тығылып калады.

Қасқыр арыстанға келеді де:

Тақсыр саулығыңызды тілеймін ,сізге дәл қазір қоянды әкеп берейінбе?

Арыстан: басын шайқап қолын бұлғайды.

Қасқыр болса екі қолымен басын ұстап, кетіп қалады.

Қоян ортаға секіріп шығады да:

Ұп- ұзын бар құлағым,

Менің орман тұрағым.

Дыбыс шықса маңайдан,

Елең етіп тұрамын.

Сәбіз тәтті тамағым,

Жесем тойып қаламын.

Сәбізім көп қаншама,

Ем болсын сәбіз патшама.



Қоян патшаға келеді

Патшам қалай халіңіз,сәбізімнің дәмін көріп тойып- тойып алыңыз.

Арыстан басын шайқап қолын бұлғайды.

Түлкі шығады:

Мен айлакер түлкімін,

Астарында күлкімін.

Жатыр небір қулы ой,

Мұның бәрін біліп қой.

Қалайша жағам патшама?

Мен патшама әзіл айтып берсем,мүмкін жазылып кетер.

Арыстанға келеді де былай дейді:

Уа патшам, маған құлақ қойыңыз,

Әзіл айтам ойыңыз бөлінсін деп.

Ауырып жатқан арыстан басын шайқайды.



Аңдар барлығы: енді не істейміз? Патшаның емін қайдан табамыз?

Құс келеді: Патшамыздың емін мен білемін.Сізге менің ойымша ,қозғалған жөн көбірек.Музыканы қосыңдар,би билейік тезірек.

Аю мен қасқыр арыстанды қолынан ұстап ортаға әкеледі.

Барлығы көңілді музыкаға билей жөнеледі.

Арыстан:

Сау болсын денең,

Ерте тұр,құлақ түр.

Тыңда сыр,жапырақтар жырлар,

Гүлдер сыбырлар,күн нұрын күт.

Таза ауа жұт,бойыңа құт.

Арыстан:

Тазалық бар жерде,

Аңдар: Жоламайды індет.

Арыстан: Тазалықты сақтау ,

Аңдар: Бәрімізге міндет.

ХАФИЗА: Балалар сендерге ертегі ұнадымы?

Балалар: Иә,ертегі бізге ұнады.

Тамашалағандарыңызға рахмет.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 қыркүйек
68
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі