Ертегі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегілер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Ертегілер елінде

Күні: 19.10.2018ж

Сынып 1

Сабақтың тақырыбы: «Қаңбақ шал» ертегісі.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Ертегідегі кейіпкерлер мінезі туралы сипаттама бере отырып, тәрбиелік мәнін ашу,өмірде бар адамдар мінезімен салыстырып, оқушылар білімін дамыту.

Ә)дамытушылық: Оқу арқылы оқушылардың сана-сезімдік,шапшаңдық ,шығармашылық,тез ойлау қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Қазақ халқының ертетегілерге деген тәрбиелік сезімдерін күшейту.Адамгершілк,имангершілк қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын түгендеп,тексеру.

2.Үй тапсырмасы:тексеру,бағалау

3.Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.

Жаңа сабақ: «Қаңбақ шал» ертегісі.

Қазақ халқының ертегілерінің көп нұсқалы түрі бар.Солардың бірі Қаңбақ шал ертегісіндегі Шалдың бейнесі суреттеледі. Ертегілер ерте заманда дүниеге келіп,әр оқушы назарын өз әңгімесімен назар аудартады.Ертеде әжелеріміз ертегі айтар кезде былай бастайтын еді:

Бар екенде,жоқ екен,

Ертек-ертек ерте екен.

Ешкілері бөрте екен,

Құйрықтары ұзын екен,

Бұрын-бұрын да ,баяғы заманда бір Қаңбақ шал болыпты....-деп.

Қаңбақ шал дейтініміз өзі кішкентай ған,жел болса ұшып кетуге дайын.Өзі кедей,күнде тіршілк қамын табу үшін балық аулайды екен.Бірақ балықтарын қу түлкі жеп кетеді. Бір күні шал жүктерін арқалап, жолға шығады. Шал шаршағасын алған тағымдарын жерді қазып, сол жерге көміп кетеді.Женілденген шал ұшуға даяр. Жүріп келе жатып бір дәуға кез болады. Дәу шалға айтады: Кел күш сынасайық?-депті.

Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен. Дәу: - Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді. Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады. Сонда дәу: - Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді. Шал тұрып: - Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді. Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да: - Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады. Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге: - Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді. Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады: Сосын шал: - Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді. Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей: - Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді. Дәу: Жарайды деп – кетіп қалады. Шал үйіне келіп, кемпіріне: - Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде: - Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір. Шал тұрып: - Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады. Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып: - Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті. Сонда шал тұрып: - Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! -дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап: - Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады. - Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі. - Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді. Түлкі: - Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады: - Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды. Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.




1.Қаңбақ шал қалай күн көрген?

2.Ол не себепті қаңбақ шал деп аталған?

3.Қаңбақ шал неліктен көшеді?

4.Қаңбақ шал заттарын қайда көмеді?
5.Қаңбақ шалға не кездеседі?

Сабақты қорытындылау: Қанбақ шалдың қулығы туралы не айтасыңдар? Ол кімді алдап соқты? Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді? Ертегілер адам баласын ойландырып, фантазияға құрылған.

Үй тапсырмасы: Қаңбақ шалдың оқиғалары туралы айтып беріңдер.

Бағалау: оқушының білімін.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңдар.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі