Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ертегі - имандылық әліппесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды өз ойын толық, анық жеткізе білуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту. ә) Анқаулықтан, қатігездіктен, жағымпаздықтан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу, ақылды болуға, тапқыр шешім қабылдай білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ертегі –имандылық әліппесі

Сабақтың эпиграфы:

Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқыныш көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ.

Бауыржан Момышұлы.

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларды өз ойын толық, анық жеткізе білуге дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту.

ә) Анқаулықтан, қатігездіктен, жағымпаздықтан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу, ақылды болуға, тапқыр шешім қабылдай білуге үйрету.

Сабақтың түрі:Ой- дамыту сабағы.

Әдіс – тәсілі: Сұрақ –жауап, салыстыру, баяндау, түсіндіру.

Көрнекілігі: Суреттер, «Қазақ ертегілері» кітабы, әдебиет оқулығы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау

Мұғалім сабақты эпиграфты оқып бастайды.

Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылар оқып келген ертегілерінің қысқаша мазмұнын баяндайды.

Мұғалім: Ал, балалар, оқыған ертегілеріңде кездескен кейіпкерлер туралы сендермен әңгімелесейік. Өз ойларыңды ашық баяндап беруге тырысыңдар. Қане, айтыңдаршы:

1.«Аяз би» ертегісінен қай кейіпкер ұнады? Ол жайлы не айтасың?

1-оқушы: Маған Аяз би ұнады. Оның тапқырлығына, сабырлығына, ақылдылығына таңқалдым. Адамның жаманын, шөптің жаманын, құстың жаманын аса тапқырлықпен айтып берген. Аяз би кейіннен хан болады.

Бірақ қаншалықты бай, дәулетті болса да үйінің төріне өзінің ескі шапанын іліп қояды. Онысы бай болдым деп асып- тасып кеткенін жарамас, сол шапанды көрген кезде бұрынғы өткен азапты күндерімді есіме алып тұрайын деген екен. Содан бері халық аузынада «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жайыңды біл» деген сөз қалған.

Мұғалім: Аты аңызға айналған Аяз би туралы Қадыр Мырзалиев «Аяз би» өлеңінде былай дейді.


Аязбиім!

Аруағым, табынарым.

Ар мен ақыл- бас иіп, бағынарым.

Алдыменен сені ұғып,

Сені сыйлар

Маңдайына жазылған бағы бар ұл.


Мақтанғанда талай дос,

Талай қасың,

Айналмаған апыр –ай қалай басың?!

Ойлап тапқан өзіңді дана халық

Деген шығар біздерді абайласын!


Пәлсафаны ең қымбат ұлық көрген,

Парасаттым,

О бастан күрескер мен ең?!

О, Аяз би!

Білсе де сені жақсы,

Биігіне шыққан соң кім ескерген!


Көксеп кетсем ұсақты,

Кешір мені!

Көп жағдайды көңілден өшірмедім.

Емтиханда

Кімнен қалай есепті көшіргенін!


Ұмытады барлығын інім менің :

Балшық басып,

Балағын түрінгенін,

Тапсыра алмай

Бір емес,

Бірнеше рет

Зачем сайын мың өліп- тірілгенін!


Жоқ- ты өзіңде соншалық мұрат биік.

Болатын- ды тіл алғыш,

Бірақ тұйық...

Ұмытады ол енді қыдырғанын

Жолдасының шалбарын сұрап киіп.

Ұмытады қазанды қырғанын да,

Ыңғайпаз деп әкенің ұрғанын да!

Ұмытады достарынан қарыз алып,

Пәтер жалдап біраз тұрғанын да!


Сырларым бар осыдан түйген менің:

Өсу үшін ол түктен именбеді...

Енді, міне, ұмытады

Бір мықтының

Қайтып келген қызына үйленгенін!


Көміп кеткен тәрізді арды құмға,

Ұмытқан ол ерлердің нарлығын да!

Бригадир,

Нұсқаушы болған кезін

Бәрін, бәрін ұмытқан,

Барлығын да!

Емес енді осал аға

Пысқырмайды киіз үй,

Шошалаға.

Сен сияқты, Аязби,

Көн шоқайын

Іліп қойса болмай ма босағаға!


Сен, Аязби, жемісі даналықтың,

Ойлап тапқан өзіңді Дала мықты.

Кемеңгерлік бейнесін қайдан алмақ

Өзі сондай болмаса со халықтың?!

2-оқушы: Мен «Ұр тоқпақ» ертегісін оқыған едім. Онда кедей шал мен кемпірдің күнкөріс әрекеттерін әңгімелей отырып, балалардың шалды алдап- арбап сиқырлы заттарын алып қойып, соңынан таяқ жегендері туралы қызықты етіп әңгімелейді. Мұнда балалардың басынан өткен оқиғалары кішкене оқырмандарға сабақ болсын деген ниетпен айтылған деп ойлаймын.

Мұғалім: Ал, енді балалар, мен сендерге Олжас Сүлейменовтың «Ертегі» өлеңін оқып берейін.

Есіңде ме, беймаза ана, менің тұңғыш ертегім?

Ұят болды- ау, сол бір жылы күзге қалып тентегің.

Десе керек мектеп саған: «Жөндеп үйрет мықтыңа!»

Сен бір кітап алып келдің,

Сол есіңнен шықты ма?

Содан кейін мені бағып, үш – төрт сағат тырп етпей,

Бірдеңені тіккен болып, қойдың ұзап бір кетпей.

Дос балалар тау ішінде жүрді ол кезде демалып,

Сенің ұлың ертегі оқып, отырды үйде қамалып,

Аттай үш күн күзеттің -ау,

Қайыспадың болаттай.

Секеңдеген жас қыздарды қойдың жақын жолатпай.

Күлісі ортақ құрбыларын тез ұмытып аңғалың,

Оқи берді, батырларға есі кетіп, таң қалып.

Жер тарпыған Тайбурыл да, қыран қанат пырақ та

Еліктіріп алып кетті мені алысқа, жыраққа.

Содан қайтып оралмадым,

Оралғам жоқ мені әлі.

Үш- төрт сағат селт етпедім,

Неге керек обалым!

Содан кейін атып тұрып, атып шығып далаға,

Ойнап кеттім,

Тойлап кеттім,

Бала деген бала да!

Батыр болып шыға келдім,

Менен де көп «жау» қашты

Ағаш қылыш қолыма алып, көрші ауламен шайқастым.

Шіңкілдеген дауысымен ұрандадаым жүз дүркін,

Әлсіздерге тиіспедім,

Аман қалды қыз- қырқын.

Ал сен болсаң қажып- шаршап жүрдің үйде жабыға,

Мен ойыннан келе сала тағы оқыдым, тағы да.

Түсіме еніп майдан, даңқ, сүлік қара сәйгүлік,

Армандадым, қиялдадым жетемін деп қай күні.

Содан тағы ерте тұрып, тағы оқуға кірістім,

Ақырында «оқы!» демей «оқыма!» деп ұрыстың

Жаман бала жайында оқып бітпеп пе едің?

Не мынау?

Тауға барып ауа жұтсаң қайтер еді, жаным –ау!

Көп оқыған жоқпын, мама.

Бар болғаны бір- ақ бет.

Тағы біраз оқиыншы! Ұрықсат па? Рахмет!

Ара жайлы әдемі жыр екен, бітіп қалсын да!

Дегенімде, жыламсырап шықса керек даусым да.

Сөйтіп жүріп бір жыл өтті,

Жырсыз қалай шыдармын!

Көрпе астында бұғып жатып оқитынды шығармын.

Нені көрсем, соны оқыдым, бір болар деп төркіні

«Капиталмен» отырғанда байқап қалдың бір күні.

Ол бір ғажап кез еді ғой,

Кез еді ғой ғажайып!

Жылаушы едің: «Көзің майы кетеді, - деп – азайып»,

Ұрсушы едің: «Соқыр болып қаласың» ,- деп ашынып...

Қайран ана!

Кітаптан сол көзім қайта ашылды.


3-оқушы: Мен хайуанаттар жайлы ертегілер оқығанмын. Бұл ертегілерден ұққаным әр кейіпкердің мінез-құлқы арқылы халық адамдардың мінезін көрсете білген. Мысалы, арыстан-өте күшті жыртқыш аң. Оны аң патшасы деуге болады. Ол жасырынып, сездірмей жем іздеу дегенді білмейді. От батыл , айбатты. Сондықтан болар, халық аузында «Арыстандай айбатты...» деген тіркес бар.

Түлкі -айналаның бәрін тіміскілеп «тексеріп шығуға» тез көріп қалатын қасиеті бар. Жауының иісін сезеді де, алдын ала жасырынып қалады немесе қашып үлгереді. «Түлкідей айлакер, қу» деген теңеу содан болса керек деп ойлаймын.

Қоян –сезгір, қорқақ аң. Қай ертегі болсын қоян өзінен мықты аңдардан қорқып, қашады да жүреді. Сондықтан болар, «Қоян жүрек» деген тіркес қорқақ адамдарға арналған теңеу болып қалған халық аузында.

Қой- жуас, момын жануар. Мінезі салмақты, жуас, сабырлы адамдарды «Қой аузынан шөп алмас» деп суреттейді.

«Түлкі мен қырғауыл» , «Түйе, арыстан, қасқыр және түлкі» , «Түлкі мен қоян» , «Қайырымды қоян» сияқты ертегілерді оқып, мен осындай ой топшыладым.

Мұғалім: Жер бетінде барлық халық ертегілерінің мазмұны мен мақсаты бер деуге болады. Оның себебі ұлы табиғат балалармен ертегі арқылы сөйлеседі, ертегі арқылы сырласады, ертегі арқылы өнеге, білім, тәрбие береді.

Ертегіні баланың құлағына алғаш жеткізіп, дәмін татқызатын ең алдымен ата- ана, әсіресе ата- әже. Ендеше балалар, жерлес әуесқой сазгер Әбдіғапыр Кенжебаевтың сөзіне жазылған «Әжем айтқан ертегі» әнін болашақ әнші Мақпалдың орындауында тыңдап, ләззат алайық. (Ән фортпенианомен сүйемеленеді).


Ерте, ерте, ертеде,

Деп басталды кешегі,

Түнгі ұйқыға кетерде

Әжем айтқан ертегі.

Ұйып тыңдап жатыр ем,

Қызық ертегі екен деп,

Тәтті ұйқыға кетіппін,

Әжеме мен еркелеп.


Қайырмасы:


Ей, әжем айтқан ертегі,

Биіктерге ертеді,

Бақытты жан етеді.

Сол ертектің жалғасын

Анық көрдім түсімде.

Түсті көріп болған соң,

Қайран қалдым күшіме.


Мұғалім: Ертегіні сүйіп тыңдап, жаттап, өзгеге мағынасын бұзбай айтып бере алатын бала сол ертегінің нәрін бойына сіңіріп, ойы, ақылы кемелденіп, мінезі түзеледі, тілі байып, жан дүниесі өркендейді.

Бәріміздің ең жақсы бір ертегіні тыңдап, жанымыз жай тауып, рахаттанғанымыз, тыңдаған үстіне тыңдай түссек екен деп, маужырап тәтті ұйқыға кеткеніміз есімізде шығар. Ендеше, сейіп қалдық деп ертегі оқуды қалдырып қоймаңдар. Балалық шақтың белгісі боп, сан қиялға жетелеп ертегілер әлемі сендерді құшағында әлдилеп жүрсін!

Бүгінгі сабақта өз ойларын ортаға салып, сабағымыздың мазмұнды өтуіне атсалысқан белсенді оқушыларды былайша бағалаймын. (Мұғалім жеке- жеке атап, бағаларын күнделіктеріне қойып береді.)

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
1886
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12