Материалдар / Ертегі әлемі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертегі әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2019
583
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ертегі әлемі.Мақсаты:1. Оқушылардың ертегі туралы білімдерін тиянақтау. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету.2. оқушылардың ойлау, есте сақтау, елестету, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.3. Оқушыларды ертегіні сүюге, көп оқуға тәрбиелеу.Ұйымдастыру кезеңі:Жүргізушінің сөзі: -Сәлеметсіздер ме, балалар және келген қонақтар! Біз бүгін «таным» бірлестігі ұйымдастырып отырған «Ертегі әлемінде» атты сайысын тамашалаймыз.Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жили-были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай,«Бар екен де, жоқ екен,Бөрі бақауыл екенТүлкі жасауыл екен,Ерте, ерте, ерте екен,Ешкі жүні бөрте екен,Құйрығы келте екен,Құйрығы қызыл екен,Құйрық жүні ұзын екен», - деп, біз де ертегі әлеміне кірейік, ойындар ойнап, жеңіске жетейік.Алдымен үш топқа бөлініп, ертегіге байланыстыра командамыздың атын қояйық. Ендеше «ерте,ерте,ертеде...деп ертегімізді бастайық. Ата мен әже болыпты. Бір күні ата әжеге «Өзі қып-қызыл болып піседі, күнге ұқсас келетін нәрсе жегім келеді-дейді. Ол не балалар? Бауырсақ. Әжей қапшықты қағып, түбіндегі ұнға қаймақ қосып, байырсақ илейді. Бауырсақ суысын деп, оны терезенің алдына қояды.Бір кезде Бауырсақ домалап кетеді.Бауырсақ: –Сәлем, балалар! Мен бауырсақпын. Әжем мені қапшықты қырып, майға қуырып пісірді. Енді терезе алдына суытуға қойды. Балалар «Бауырсақ» ертегісін білесіздер ме? Бауырсақты соңында түлкі жеп қояды, солай ма балалар. Ал мен ертегінің бұлай аяқталғанын қаламаймын. Маған түлкіден құтылуға көмектесесіздерме? (Балалар жауап береді) Я. - Балалар, мен сендерді мынадай фишкалармен ( ертегідегі бауырсаққа ұқсас сурет) марапаттап отырамын, сендер ұпай жинайсыңдар, қай топтың ұпай саны жоғары болса, сол оң нәтиже көрсетпек. 2.Қоян- Атасынан, әжесінен қашып жолға шыққан Бауырсақтың алдынан кенет қоян шығыпты. Қоян аш екен, Бауырсақты жемекші, егер біз қоянның шартын орындасақ, ол Бауырсақты босатады.- Ендеше қандай ертегілер суреттелгенін тауып, эмблеманы құрастырайық.Бұл ненің эмблемасы,балалар? Рухани жаңғыру – әр адамның өз биігіне, мақсатына жетуі. Ендеше өз мақсатыма жету үшін алға жылжиық. 3. Аю- Жақсы, балалар, қоянның тапсырмасын тамаша орындадыңдар, ол Бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай домалап келе жатты, домалап келе жатты. Алдынан аю кездесті.....

Аюдың шарты:1.Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?(Есіміміз)2. Киіз үйдің күмбезі не? (шаңырақ) 3.Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?(Өмір)4.  «Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)5.Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?(“а” әрібі)6.Домбырадажетеу, сырнайдаалтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/7.Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/1008. Төле би қай жүздің биі? лы жүз)9. Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген? (Шаңырақ)4. Сергіту сәті: 5. Қасқыр - Жарайсыңдар, балалар, аю бізге риза болып Бауырсақты жемей босатып жіберді. Бауырсақ әрі қарай домалады, бірақ алдынан қатігез қасқыр шықты. - Қасқырдың шарты Түлкі:- Балалар, қасқыр да бізге риза болып Бауырсақты босатты. Бауырсақ қуанып әрі қарай кетті. Кенет оның алдынан түлкі шықты. Балалар,қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі - тіл мәселесі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясында тіл мәселесіне қатты назар аударған болатын. Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн деген.Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де шебер, мағыналы да мазмұнды, қысқа да нұсқа қанатты сөздерге өте бай. Сол қанатты сөздердің бірі – мақал - мәтелдер.Біздің түлкіміздің де тапсырмасы үш тілге байланысты болмақ. Мақалдарды жалғастырып, сөздерді орыс және ағылшын тілдеріне аударамыз.
  • Ит – тойған жеріне,Ер – туған жеріне. Ит-собака-dog
  • Жаман жолдастан,Жаксы дұшпан артык. Жолдас-товарищ-friend
  • Түйе ботасымен жарасты,Тамак батасымен жарасты. Түйе-верблюд-camel
  • Каскырдың аузы жесе де кан,
Жемесе де қан. Қасқыр-волк-wolf

  • Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас. Туған жер-Родина-Motherland
  • Білім инемен құдық қазғандай Білім-знание-knowledge
  • Қоянды қамыс өлтіреді,
Ерді намыс өлтіреді. Қоян-заяц-rabbit
  • Ананың сүті — бал, Баланың тілі — бал. Ана-мама-mother
  • Денсаулық-зор байлық. Денсаулық-здоровье-health
6. Қорыту.- - Міне, балалар, сендер білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында Бауырсақты құтқардыңдар. Бауырсаққа ақылды бол, ата - анаңнан енді қашпа дейміз.- Енді алдарыңдағы ұпайларды санай қойыңдар. Қай топ жоғары дәрежені көрсетті?Ендеше, балалық шағыңыздың қызықты күндері таусылмасын. Біз бүгін бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық,оқуларына сәттілік тілеп, тіл алғыш зерделі болыңдар демекпіз.



















Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» ММ

























«Ертегі әлемі!»(сыныптан тыс жұмыс)











Өткізген: «Таным» бірлестігі





























2018-2019 оқу жылы





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!