жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегі еліне саяхат
Білім беру саласы: «Комуникация», «Таным»,
«Шығармашылық».
Бөлімі: «Драма», «ҚМҰҚ», «Жапсыру»
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Шығармашылық әңгіме құрастыруды жетілдіру.
1. Ертегілер туралы білімдерін кеңейту, өз ойларын дұрыс жеткізу.
2. Ертегіні сахналау барысында кейіпкердің мінез-құлқын ажырата білуге, санауға үйрету, ерекше табиғи материялдар мен жұмыс жасауға үйрету.
3. Достыққа, бір-бірін тыңдауға, тазалыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ертегі суреттері, жыл мезгілдері суреттері.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Слайт, үнтаспа, табиғи материалдар (гербарий, ағаш таяқшалары, желім)
Сөздік жұмыс: Гербарий-кепкен жапырақ.
|
Әрекет кезеңдері |
Балалардың іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жайнап түсті даламыз. Қайырлы таң апайлар, Қайырлы таң достарым. Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз. |
Балалар бір – біріне жүрекше сыйлап,жылы лебіздерін білдіреді |
|
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
Әуен ойнайды «Ертегілер» әнінің әуені -Балалар, бұл қандай әдемі әуен. -Дұрыс айтасыңдар балалар,сендер ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме? -Олай болса, пойызға мініп, ертегілер еліне саяхатқа барайық. Балалар тізбектеліп тұрып, үнтаспадан шыққан пойыздың дыбысы жүреді. 1-аялдамаға келдік.«Алтын балық» ертегісі. -Балалар, қалай ойлайсындар, мынау қай ертегі? -Балалар, бұл ертегідегі алтын балықтың сендерге деген бірнеше сұрақтары бар екен. Сол сұрақтарға толық жауап берсеңдер, келесі аялдамаға аттанамыз. -Қазір жылдың қай мезігілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар,атауларын атау. Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеу. 2-аялдама. «Шалқан» ертегісі -Балалар, бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар және оларды санау. 3-аялдама. «Мақта қыз бен Мысық» ертегісі. -Балалар, бұл қай ертегі ? -Жақсы, ендеше осы ертегіні түсініп, біліп қана қоймай, кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Бұл Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен Мысық » ертегісі . Осы ертегіні сомдауды ұсынады.
4-аялдама. «Үйшік ертегісі.» Таңғажайып әуен (сақнадан ертекші әжей көрінеді) -Әженің бізге айтатыны бар екен, байланысып көрейік. Әже: -Сәлеметсіндер ме, балалар! Менің мына үйшік ертегімде аю жылап отыр. Аюдың үйшігі сынып қалған, оның көмектесетін достары да жоқ.Сендер көмектесіп үйшік жасап бересіндер ме? -Балалар, ертекші әженің тапсырмасын орындап, аюға көмектесеміз бе? -Қәне, балалар, аюға үйшік жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырайық. Саусақ жаттығуы. Он саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, Билеп, билеп алады. Тәрбиеші: Балаларға үйшік жасау үшін қандай материалдардан пайдалану керектігін айтады. Табиғи материалдар: гербарий, кішкене ағаштар (балмұздақ таяқшасы) Сөздік жұмыс: гербарий – кепкен жапырақ -Ендеше аюға үйшікті ерекше табиғи материалдардан ұқыпты жасаймыз. Балалар мына ағаштарды білесіндер ме? -Иә, балмұздақтың ағашынан аюдың үйшігін жасаймыз.Желімді пайдаланғанда қолымызды көзімізге жақындатпай, ұқыпты жасаймыз. Желімді ағаштың бір жағына жағып, қағазға жапсырамыз.Терезе, есігін жасаймыз.Енді несі қалды? -Әрине, шатырын неден жасауға болады екен? -Дұрыс,жапырақтардан (гербарий) Жапырақтың бір жағына желім жағып, үйшіктің шатырын жасаймыз. Әже: -Жарайсыңдар балалар, сендердің мына жасаған үйшіктерің аюға ұнайтын болды. Ол қуанатын болды. -Әже, сіз біздің балаларға риза болсаңыз, балабақшамызға оралайық. |
Балалар таңырқап қарайды. -Ертегілер әні.
-Иә, барамыз. Пойызға мініп, саяхатқа аттанады. -Алтын балық ертегісі Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Шалқан ертегісі. Ата,әже,немере,ит,мысық, тышқан. Алты кейіпкер.
-Мақта қыз бен мысық ертегісі. Балалар қызығушылық танытып, ертегіні сомдайды. Балалар әжейді тыңдайды. -Сәлеметсіз бе, әжей!
-Иә, аюға көмектесеміз.
Қимылдары мен көрсетеді. Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
-Бұл балмұздақтың ағашы.
-Шатыры.
-Жапырақтардан. Үйдің шатырын жасау үшін жапырақтарды жапсырып шығады. Балалар пойызға мініп, балабақшаға келеді. |
|
Рефлек-сиялық-түзетуші-лік |
Балаларға саяхат туралы сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балаларды мақтап, мадақтау. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Аялдамадағы ертегі атауларын.
Игереді: Ертегі кейіпкерлерді.
Меңгереді: Шығармашылық жұмысты ұқыпты жасауды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген