Ертегі еліне саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегі еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем әдебиет сабағына арналған Ертегілер еліне саяхат тақырыбында жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникативтік дағдыларды дамыту, Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: « Ертегі еліне саяхат»

Мақсаты: 1. Көркем шығармаларды арқылы тану. Ертегілерді естеріне түсіріп, кейіпкерлерді атай білуге, шығармашылық елестетуін, қиялын дамыту.

2. Бала тілін дамыту және байланыстыра сөйлеу, көру және есту қабілеттерін дамыту.
3. Тапсырмаларды орындау барысында бір-бірімен достаса отырып орындауға, инновациялық технология құм терапиясының элементтерін пайдаланып, қолдарының ұсақ моторикасын дамыту, жан-жақты білімді тұлға тәрбиелеу.

Заттық дамыту орталығы: Ертегілердің үлгі суреттері, бейне таспа, интерактивті тақта.


Әрекет түрі


Педагогтың іс-әрекеті


Балалардың
іс-әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбер


Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.



Балалар қимыл – қозғалыс жасайды.




Ұйымдастырушылық

ізденістік

Ұйымдастырылған іс- әрекет


Балалар бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті.

Музыка әуенімен залға Ертегі Перизаты келеді.

Балалармен амандасады . Мен Ертегі Перизатымын мен ертегі әлемінде өмір сүремін, мен ертегі айтқанды жақсы көремін. Менің сиқырлы таяқшам бар.

- Сендер ертегі білесіңдер ма?

Олай болса мен сиқырлы таяқшамның күшімен тақтадан ертегілер көрсетемін, сендер қай ертегі екенін айтсаңдар мен сендерді ертегілер еліне апарамын.

Балаларды «Шалқан» ертегі әлеміне апарады, міне сиқырлы ертегілер әлеміне келдіңдер.

-Шалқанды кім егеді?

-Шалқан қандай болып өседі?

-Шалқанды алдымен жұлып алуға кім келді?

-Ата көмекке кімді шақырады ?

Атаға көмекке келетін кейіпкерлердің тапсырмалары бар екен. Сендер сол тапсырманы орындасаңдар шалқан жұлынады және менің сиқырлы сандықшам ашылады. Оның ішінде сендерге алып келген сыйлығым бар. Тапсырманы орындауға келісесіңдер ма?

Олай болса мен ертегі әлеміне қайтайын, сау болыңдар.

-Балалар атаға көмекке кім келетін еді?

Әженің тапсырмасы

1-ші тапсырма

1.Бір жылда неше мезгіл бар?

2.Қазір жылдың қай мезгілі?

3.Қыс мезгілінде неше ай бар?

Балалар әженің тапсырмасын дұрыс орындадық.

Әже көмекке келді.

2-ші тапсырма

-Әже кімді шақырады?

Немере қыздың тапсырмасы.

-Жыл мезгілінің ерекшеліктерін қалай білуге болады?


1-бала Ануар

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін.

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


2-бала Сабина

Бұлтты айдай желдеткен,

Нөсерлеткен, селдеткен,

Шалшық кешіп ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?



3-бала Айзере

Қойның толы жеміске,

Көк майсалы егісте

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?


4-бала Әдемі

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


3-тапсырма

Ал енді көмекке кімді шақырамыз?

Күшіктің де өзінің тапсырмасы бар екен.

Дидактикалық ойын:

«Не артық»

Көмекке күшік келді.

Сергіту сәті

Ішік, пима, қолғап бар.

Арада жол тоңғақтар.

Баста қалың малақай,

Біз тоңбаймыз алақай.

4-тапсырма

Күшік кімді шақырады.

Мысықтың тапсырмасы.

« Жұмбақ»

1.Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.


2.Қырға сүйреп шығасың,

Ойға мініп түсесің.



3.Тікен, тікен, тік пісте,

Қысы жазы бір түсте.

Жарайсыңдар балалар сендер жұмбақтың да шешуін таптыңдар. Сендер мақал-мәтел білесіңдер ме?

Мақал - мәтел

Айгерім:

1.Оқу білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

2.Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

Арай:

1.Ақыл азбайтын тон,

Білім таусылмайтын кен.

2.Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні ғаріп.

Еркеназ:

1.Еңбегің қатты болса.

Тапқаның тәтті болады.

2.Еңбектің көзін тапсаң,

Байлықтың өзін табасың.

Жарайсыңдар балалар.


5-тапсырма

Тышқанның тапсырмасы

Құм терапиясымен жұмыс.




Құммен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ережелерімен балаларды таныстыру

-Құмды ыдыстан әдейі шашпа.
-Адамға қарай топырақ шашуға болмайды.
-Құмды ауызға салма.
- Құммен ойнап болғасын қолыңды жу немесе сүрт.




Балалар тыңдайды



Ертегі Перизатымен амандасады.





Біз көп ертегі білеміз





Балалар ертегіні табуға келіседі.

Бауырсақ, қызыл телпек, үш аю, үйшік, шұбар тауық.


Ата егеді


Үлкен болып өседі

Шалқанды жұлып алуға ата келеді

Әжені шақырады







Балалар тапсырманы орындауға келіседі


Сау болыңыз!


Әже келеді




Төрт мезгіл бар

Қыс мезгілі


Үш ай бар Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан





Немере қызды








Қыс мезгілі







Көктем мезгілі







Жаз мезгілі






Күз мезгілі




Күшікті шақырамыз




Ойынның шарты бойынша ойнайды.


Қимыл-қозғалыс жасайды



Мысықты шақырады



Шаңғы



Шана



Шырша


























Тышқан келеді тышқанға






Рефлексиялық

түзетушілік

Балалар сендер барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар. Ертегі перизатының сыйлығын таратып беру. Мақтау-мадақтау.




Балалар сыйлықтарын алып Ертегі Перизатына рахметтерін айтады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.02.2025
120
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі