Материалдар / ертегі еліне саяхат квест ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ертегі еліне саяхат квест ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
“Ертегі әлеміне саяхат” атты ортаңғы  топ балаларына арналған сөйлеуді дамыту бойынша оқу қызметі (квест-технология арқылы) Мақсаты: Квест технологиясы арқылы балалардың үйлесімді сөйлеуін қалыптастыру үшін жағдай жасау. Міндеті: 1) Білімділік: “Бауырсақ” ертегісі туралы білімдерін бекіту; балалардың сөйлеу сөздерін құрастыру дағдыларын бекіту, сын есімдерге антонимдерді таңдау мүмкіндігі; кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру; жалпылама мағынасы бар зат есімдерді қолдану дағдысын қалыптастыру (жиһаз, көкөністер, жануарлар және т.б.). 2) Дамытушылық: антонимдерді таңдау арқылы балалардың сөздік қорын кеңейту, зат есімдерден сын есімдерді қалыптастыру дағдыларын дамыту. сөздерге сәйкес қозғалу әректтерін дамыту; 3) Тәрбиелік: ынтымақтастық пен қайырымдылықтың әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын, мейірімділік, достық, өзара көмек туралы түсініктерді тәрбиелеу; қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне таныстыру. Көрнекі құралдар: Бауырсақ, Қоя
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2024
118
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ертегі әлеміне саяхат” атты ортаңғы  топ балаларына арналған сөйлеуді дамыту бойынша оқу қызметі (квест-технология арқылы)

Мақсаты: Квест технологиясы арқылы балалардың үйлесімді сөйлеуін қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Міндеті:

1) Білімділік:

  • Бауырсақ” ертегісі туралы білімдерін бекіту;

  • балалардың сөйлеу сөздерін құрастыру дағдыларын бекіту, сын есімдерге антонимдерді таңдау мүмкіндігі; кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру; жалпылама мағынасы бар зат есімдерді қолдану дағдысын қалыптастыру (жиһаз, көкөністер, жануарлар және т.б.).

2) Дамытушылық:

  • антонимдерді таңдау арқылы балалардың сөздік қорын кеңейту, зат есімдерден сын есімдерді қалыптастыру дағдыларын дамыту.

  • сөздерге сәйкес қозғалу әректтерін дамыту;

3) Тәрбиелік:

  • ынтымақтастық пен қайырымдылықтың әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын, мейірімділік, достық, өзара көмек туралы түсініктерді тәрбиелеу;

  • қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне таныстыру.

Көрнекі құралдар:

  • Бауырсақ, Қоян, Түлкі, Қасқыр, Аю;

  • Бауырсақ” ертегісіне сай суреттер, тапсырмалары бар конверттер.

Оқу қызметінің барысы:

Тәрбиеші: Қайырлы күн,балалар! Менің көңіл -күйім жақсы,мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен өзімдің көңіл-күйімді сендермен бөліскім келеді. Оқу қызметіне  бейімделу үшін бір-бірімізге күлімсіреп, алақанымызды көршіміздің алақанына тигізіп жақсы көңіл-күй тілейік .

Балалар,сендер ертегіні ұнатасындарма? Ертегіні сендерге кім оқып береді? Сендер ертегі әлемінде болғыларын келе ме?

Мен балаларға ертегіге саяхатқа баруды ұсынамын.Балалар тақпақты айтып,қимылдар  орындай отырып жүреді.

 

 

Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.

Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы, біз ғажайып алаңға тап болдық.

Сендер кімді және нені көріп тұрсыңдер? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші:: Дұрыс айтасыңдер,біз ертегі әлеміне тап болдық. Бірақ қай ертегі бұл?

Есімізге түсірейікші,қай ертегіде ата мен әжей бар еді?

(«Түлкі мен қасқыр», «Шұбар тауық», «Алтын балық», «Бауырсақ», «Шалқан».)

Тәрбиеші:Жарайсындер,балалар!Сендер көп ертегі біледі екенсіндер!Ал біз қай ертегіге тап болғанымызды білу үшін жұмбақтың жауабын табуларын керек:

Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан.

Дұрыс таптыңдар,балалар. Біз «Бауырсақ» ертегісіне тап болдық.

Балалар, біздің Бауырсақ, неге көңілсіз. Неліктен ол соншалықты көңілсіз  деп ойлайсыңдар? (балалардың жауаптары).

Әрине, ол көңілсіз, өйткені ол кездестіргендердің бәрі оны жегісі келді. Естеріңде барма, орманда Бауырсақ  кімдерді кездестірді? (Балалардың жауаптары).

Ол атасы мен әжесінен қашқан кезде Бауырсақ тілалғыш болды ма, жоқ па, не  деп ойлайсыңдар?

Неліктен Бауырсақ мұндай қиындықтарға тап болды?

Балалар ересектерсіз жүруге бола ма? Неліктен? Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлесуге бола ма?

Балалар, қиындықтардан аулақ болу үшін Бауырсақ не істеуі керек деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауаптары)

Біз ертегі кейіпкерлеріне барамыз және олардың тапсырмаларын орындаймыз. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін олар бізге пазлдың  бір бөлігін береді. Онда не болғанын біз оқу қызметінің соңында көреміз.

Міне, Бауырсақ домалап кетті …(балалар шеңберде тұрып, Бауырсақты бір-біріне өткізеді, Бауырсақ  тәрбиешінің алдына келгенде  кейіпкер туралы жұмбақ жасырады)

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.  (Қоян)

 

Дұрыс таптыңдар,бұл жұмбақтың жауабы-қоян. (Конверттен тапсырманы алу)

Қоян бізге тапсырма берді: оған қарама-қарсы мағынасы бар сөздерді таңдауға көмектескенімізді қалайды.

Д/О «Керісінше ата» (антонимдерді таңдау)

* Жұмсақ-қатты;

* Тәтті-ащы;

* Қалың-жұқа;

* Ұзын-қысқа;

* Көңілді-қайғылы;

* Ауыр-жеңіл;

* Жоғары-төмен;

* Ыстық-суық;

* Науқас-сау.

Жарайсыңдар,балалар, барлығын дұрыс айттыңдар, Қоян Бауырсақты жемеді, ол Бауырсаққа пазлдың бір бөлігін берді.

Біздің Бауырсақ әрі қарай домалап кетті.

Сұрғылт тартқан түсi бар.

Ақсиған көп тiсi бар

Тыным таппай жүгiрiп,

Сiлекейi шұбырған,

Қыстау маңын ториды,

Ауылдыұң өш бар итi.    (Қасқыр) (Конверт ішіндегі тапсырма).

Қасқыр да  тапсырма берді. Орындауға тырысайық.

Д/О «Бір сөзбен ата»

* Қайың-шырша-емен; (ағаштар)

* Сиыр-қасқыр-жылқы-аю; (Жануарлар)

* Табақ-шанышқы-шыны-табақ; (ыдыс-аяқ)

* Қарлығаш-торғай-қарға; (құстар)

* Үстел-кресло-шкаф-диван; (жиһаз)

* Қызғалдақ-раушан-бәйшешек (гүлдер)

Сендер қасқырдың да тапсырмасын орындадыңдар! Жарайсыңдар! (тағы бір пазл береді)

Бауырсақ  әрі қарай домалап кетті(доп шеңберде). Ал оған қарай…

 

Орманнан, жалпақ даладан

Бал іздеп бір аң жортады.

Кіп-кішкентай арадан

Үп-үлкен боп қорқоды.

(Аю)

Аю да тапсырма берді: ол сендермен  жаттығуларды орындауды қалайды!

Сергіту сәті

Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.

Бауырсақ  әрі қарай домалап кетті(доп шеңберде). Ал оған қарай…

Қырда жүрер ол жортып,

Iнi де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын?    (Түлкi)

Балалар,түлкі Бауырсақты  жегісі кеп тұр, бірақ біз түлкінің тапсырмасын орындап Бауырсақты құтқарамыз(тапсырманы оқу).

Түлкі өте сыпайы,ол ол сыпайы сөздерді ұнатады.

Д/О «Төлін тап»

Сиыр-бұзау

Қой-қошақан

Ешкі-лақ

Жылқы- құлыншақ

Түйе-ботақан

Аю-қонжық

Балалар, Түлкі бізді қойып жібергісі келмейді ,ол бізбен ойнағысы келеді.

Ойнаймыз ба? (Балалар жауабы)

Доппен ойын  «Сөз айт»

Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші кезекпе -кезек допты лақтырып сұрақ қояды.

 

Үкі ұшады, ал қоян….?

Сиырда бұзау, ал түлкіде … ?

Қоян сәбізді жейді, ал маймыл…?

Кітап қағаздан,ал стақан ….?

Аю апанда тұрады, ал тиын … .?

Түлкіге бізбен ойнаған ұнады,ол бізге соңғы пазлды берді.

Енді тақтада пазлды жинаймыз.

Балалар, Бауырсақтың көңіл-күйі жақсарды,қалай ойлайсыңдер Бауырсақ не үшін қуанды? (Балалар жауабы).

Біз Бауырсаққа көмектестік, сапарымыз аяқталды және ендеше балабақшаға оралуымыз керек.

Қорытынды

Сендерге ертегіге саяхат ұнады ма? Бауырсақтың көңіл-күйі сияқты сендердің де көңіл-күйлерің жақсыланды ма ?

Бәрінен бұрын не есте қалды?

Кімнің тапсырмасын орындау қызықты болды?

Сендер бүгін көптеген игі істер жасадыңдар. “Алақандарыңдағы ұя”ны  ашып, мейірімдеріңді ауаға шығарыңдар. Мейрімдерің  бізге, қонақтарымызға, қалаға, Отанымызға, жер планетамызға ұшып кетсін. Бүкіл әлем сендердің мейірімдеріңмен жақсы болсын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!