Материалдар / ЕРТЕГІ КІТАПТАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЕРТЕГІ КІТАПТАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада ертегі кітаптары арқылы балалардың таным қабілеттерінің негізі болатын түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау сынды танымдық процестердің ерекшеліктері сипатталынады. Кітаптағы ертегі мазмұны мен кейіпкерлері арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілетінің дамуына әсер ететін ойын, әңгіме, сурет салу, қарым-қатынас факторлары тұжырымдалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2023
188
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕРТЕГІ КІТАПТАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Салкынова Алтынай Раевна
Қаскелең мәдениет колледжі
Аннотация. Мақалада ертегі кітаптары арқылы балалардың таным
қабілеттерінің негізі болатын түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау сынды
танымдық процестердің ерекшеліктері сипатталынады. Кітаптағы ертегі
мазмұны мен кейіпкерлері арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың
танымдық қабілетінің дамуына әсер ететін ойын, әңгіме, сурет салу, қарымқатынас факторлары тұжырымдалады.
Негізгі сөздер: қабылдау, таным, зейін, есте сақтау, ойлау, танымдық
қабілет, ойын, қарым-қатынас.
РАЗВИТИЕ ПОЗНАВАТЕЛЬНЫХ СПОСОБНОСТЕЙ ДЕТЕЙ
Аннотация.

В

статье

описываются

особенности

познавательных

процессов, таких как интуиция, восприятие, внимание, память, мышление,
которые лежат в основе познавательных способностей детей. Формулируются
факторы

игры,

беседы,

рисования,

общения,

влияющие

на

развитие

познавательных способностей детей дошкольного возраста.
Ключевые слова: восприятие, познание, внимание, память, мышление,
познавательные способности, игра, общение.

DEVELOPMENT OF CHILDREN'S COGNITIVE ABILITIES
Annotation. The article describes the features of cognitive processes such as
intuition, perception, attention, memory, thinking, which underlie the cognitive
abilities of children. Factors of play, conversation, drawing, communication,
influencing the development of cognitive abilities of preschool children are
formulated.

Key words: perception, cognition, attention, memory, thinking, cognitive
abilities, play, communication.
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың сыртқы дүниені танып білуі
– олардың сыртқы әлемді түйсінуі, қабылдауы, зейін қоюы, есте сақтауы,
ойлауы және қиялы арқылы жүзеге асады. Сондықтан балалардың осында
таным қабілеттерін дамыту өзекті мәселе болып табылады.
В.С. Мухинаның айтуы бойынша мектеп жасына дейiнгi балаларда
танымдық мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және
материалды

қажеттiлiктер

сферасы

кеңейедi,

қарым-қатынасқа

деген

қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк
қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу
сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар
бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде
анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде
бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене
және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала
бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай,
бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере
білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса
бастайды.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін,
үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың
алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды
есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты
жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы
міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да
біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы ісәрекеттері қалыптаса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және
осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады.
Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа
бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан
балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің
күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті
шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі
кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде
ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың
күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және
ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге
болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін
тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті
көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты
жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжейтегжейлерін бөліп алады.
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың
кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай
сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігі пәрменді
дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке
дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік
шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін
болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте
қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына
дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің
алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын
көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты
өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына

байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не
қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы,
баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде
оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде
өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды
баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз
орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін
жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Еріксіз
есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама
қосымша нәтижесі болып табылады.
Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін
маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау –
тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау
психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында
жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала
қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның
сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес,
оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала
ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды
да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ
болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды.
Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған
заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген
нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші
роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін тәрбиеші тиісті жұмыстар жүргізіп

отыруы

тиіс.

Ой

тәрбиесі

адамның

психологиясын

жан-жақты

етіп

тәрбиелеумен ұштасып жатады.
Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Әдетте бала заттың өзіне ұнағанын,
олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің
көрінуімен ұштасады. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе
жатқандығының көрінісі.
Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан
қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа
дейінгі аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір
заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің
байқалуы;
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың
басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала
дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық
қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік
қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік
«Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен
тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға
шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда баланың осындай танымдық
қабілеттерінің дамуына баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп
түрткі

болатын

айналадағы

өлі

және

тірі

табиғаттардың

сан

түрлі

құбылыстарын танымдық қабілеттері арқылы меңгеретіні бәрімізге белгілі.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Абраменкова,

В.В.

Психология

детства

в

контексте

развития

отношений ребенка с миром / В.В. Абраменкова // Вопросы психологии. —
2000. — № 1.
2. Алябьева,

Е.А.

Коррекционно-развивающие

занятия

для

детей

старшего дошкольного возраста / Е.А. Алябьева. М.: ТЦ Сфера, 2004.
3. Гризик, Т.И. Познаю мир / Т.И. Гризик. М.: Издательский центр
«Воспитание дошкольника», 2004. - 128 с.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!