400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ертегі сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
дәстүрлі емес сабақ өткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Ақтерек ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

26 негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі


Күні : 5 сынып


Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Жай бөлшектерге амалдар қолдануды, санның бөлігін табуды, бөлігі бойынша санды табуды бекіту, ережені айта білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Денсаулығын күтуге, қанағатшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау, есептер шығару , сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , «Денсаулық», «Бақыт», «Қанағат», «Адалдық» сөздері, тірек схемалары , дидактикалық ойындар


Сабақтың өту жоспары:


І. Кіріспе бөлім

1 .Ұйымдастыру бөлімі. Жанғали Набидуллиннің «Ең бақытты адам» ертегісінің желісі бойынша

2. Үй тапсырмасын тексеру


ІІ. Негізгі бөлім

Ертеде бір кедей жігіт бақыт іздеп жолға шығыпты. Ол алыс жолдан шаршап-шалдығып келе жатып ен далада жалғыз үйге тап болады. Сәлем беріп, ішке кіреді. Үйде кеудіреп қартайған бір ауру қария отыр екен.

  • Ата, су беріңізші

  • Қалқам, су керек болса, менің тапсырмамды орында деп бір қағаз ұсынады.

  1. Сұрақ-жауап: Жай бөлшек

  • жай бөлшек деген не? Жазып көрсет.

  • а әрпі нені білдіреді? в әрпі ше?

  • Жай бөлшектің қандай түрлері бар?

Тірек – сызба

Shape2 Shape1 Бөлшек



ЖShape4 Shape3 Shape5 ай ондық



Дұрыс бірлік

Бұрыс


Бірер жұтым су ішкен соң:

  • Бұл жердің елі, адамдары қайда, ақсақал? – деп сұрайды жігіт.

  • Шырағым, олардың қайда кеткенін өзім де білмеймін. Жас шағымда ел қыдырып саудагерлік жасадым. Бір тиынды есепсіз шығармадым. Бар мақсатым – баю, дүние жинау болды. Туған-туыс, дос-жаранды керек қылмадым. Сөйтіп, дүниедеге бай адамдардың бірі болдым. Бірақ көздеген байлығыма қолым жеткенде қартайып қалдым. Елім, туған-туысымды керек қылып іздесем, ешқайссы жоқ, бәрі көшіп кеткен. Қайда кеткендерін де білмеймін. Іздеп жолға шығайын десем, денсаулығым жарамайды. Қажыдым, саған осы жиған-терген бар байлығымды берейін, маған 20 жасыңды сатшы – деп жалынды ақсақал.

  • Балалар, жігіт 20 жасын сата ма? Оны білу үшін мына тапсырмаларды орындайық. Егер дұрыс шығарсақ, жігіт жасын сатпайды.

  1. Тақтамен жұмыс: Жай бөлшекті қосу

Қосуға арналған бірнеше мысал беріледі

+ қалай орындағанын ереже бойынша түсіндіреді


  • Ренжімеңіз, ақсақал, маған байлықтың қажеті жоқ, денсаулығым қымбат – деп жігіт әрі қрай жолға шығады. Келе жатып тағы бір қарияға кездеседі. Ол құдықтың басында су ішіп тұр екен.

  • Су ішуге бола ма екен? – деп сұрайды жігіт.

  • Ішіңіз, бұл құдықтың иесі мен емес – дейді де, қария жүріп кетеді. Жігіт су ішейін десе, шелектің түбінде бір алтын теңге жатыр екен.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, жігіт алтын теңгені не істейді? Оны білу үшін мына тапсырмаларды орындай қояйық. (Жігіттің адалдығын тексерейік)

  1. Тақтамен жұмыс Жай бөлшекті азайту

Азйтуға аранлған бірнеше мысал беріледі

8 - шығару жолын түсіндіреді


Жігіт қрияны қуып жетіп, алтын теңгені береді. Бірақ, қария теңгенің онікі емес екенін айтып, алмайды. Жігіт қайтадан құдық басына келіп, алтын теңгені шелек түбіне тастайды: «Бізден бұрын жоғалтып алған адам іздеп келсе, алсын» деп ойлайды. Әрі қарай жүрген ол шаршап-шалдығып келе жатып, көк орай шалғынға тігілген ақ отауға кез болады. Ішке кірсе, көл-көсір жайылған дастархан басында бір қария тамақ ішіп отыр екен.

  • Келіңіз, жоғары шығып, тамақ ішіңіз – дейді қария

  • Жоқ, әуелі маған жұмыс беріңіз

  • Онда анау тұтқышты алып, қазанымды әкеліп бер

  • Балалар, жігітке көмектесіп, мына тапсырмаларды орындайық

  1. Қимақағаздармен жұмыс Жай бөлшекті көбейту

Көбейтуге арналған бірнеше мысал шығарылады.

х

Көбейту ережесін айтады


Жігіт бірер тілім нан жеп, бір кесе қымыз ішіп, отау иесіне рахмет айтып жүріп кетеді. Ол көп жол жүріп, алдынан кезіккен бір теректің түбіне келіп дем алады. Демалып, ұйықтап жатса, түсінде бір ару қызды көреді. Ол қыздың жігітке не айтқанын білу үшін мына тапсырманы орындайық

  1. Тақтамен жұмыс Жай бөлшекті бөлу

Бөлу амалымен шығарылатын бірнеше теңдеу беріледі

Есепті шығарған оқушылар шығару алгоритмін ретімен айтады


  • Мен бақытпын, өзіңді іздеп шығып едім – дейді қыз. Бірақ, менен бұрын ауру қария кейпіндегі ДЕНСАУЛЫҚ, алтын ұсынған АДАЛДЫҚ, ағыл-тегіл дастарханмен ҚАНАҒАТ сені сынаған екен. Сен олардың сынағынан мүдірмей өтіпсің. Енді осы үшеуі сенің сенімді серіктеріңе айналды. Осы үш досы жоқ адамдар ғана мені іздейді, ал менің саған қажетім де жоқ. Қыз солай деп көзден ғайып болады.

  • Ал, жігіт денсаулық, адалдық, қанағатпен қауышып, бақытты өмір сүреді. Жігітке көмектескен сендердің де еңбектерің зор болды. Денсаулықтарыңды сақтап, бір-біріңе адал болып, әрдайым қанағатпен өмір сүріңдер.

ІІІ. Қорытынды бөлім


1.Үйге тапсырма.

2.Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі