«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Шалқан» ертегісі
( қуыршақ театры )
Өткізген : «Балауса» тобы
2018 жыл
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін сөз қорын жетілдіру. Достық пен сыйластықты үйрету.Еңбек сүйгіштікке баулу.
Авторы:
Ерте ерте ертеде , ешкі жүні бортеде , бір атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың немересі болыпты. Бір күні атай есік алдындағы көгалға шалқан егіпті. Күнде шалқанын айналасын тырмалап баптап жүреді екен. Бір күні атай ертемен көгалға келіп шалқанын қараса үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, тартқылайды. Тарта-тарта атай шалқанды суыра алмайды. Атай әжейді шақырады.
Атай: Кемпір , мында кел , маған шалқанды тартысуға көмектес.
Авторы : Әжей көмекке келеді. Атай шалқанның желегінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды. Екеуі олай тартады, бұлай тартады, шалқанды суыра алмайды . Әжей немересін көмекке шақырады.
Әжей: Немерем мында кел , бізге көмектес , шалқан улкен болып өсіпті. Соны суырып алуға көмекке кел.
Автор: Немересі көмекке келеді. Атай шалқаннан ұстап, әжей атайдың белбеуінен ұстап, немересі әжейдің белінен ұстап тартқылай- тартқылай жерден шалқанды суыра алмайды. Үшеуі енді көмекке кімді шақырсақ екен деп жан – жағына қарап, сол кезде немересі күшігін көмекке шақырады .
Немересі: Күшігім, күшігім бізге көмекке кел , мына шалқанды суырып алайық.
Автор: Күшігі көмектесуге қуана-қуана келеді.Бірінен бірі ұстап шалқанды олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, суыра алмайды. Күшік мысықты көмекке шақырады.
Күшік: Мысық мында көмекке кел. Күш қосып шалқанды суырып алайық.
Автор: Мысықта көмекке келеді. Төртеулеп шалқанды олай бір, бұлай бір тартқылап суыра алмайды.Мысық енді тышқанды көмекке шақырады.
Мысық: Тышқан кел мында , шалқанды суырып алысуға көмекке кел. Біздің кушіміз жетпей тұр.
Автор: Тышқан көмекке келеді . Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің бұрымынан ұстап, немересі әжейдің белінен ұстайды , әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Алтауы шалқанды олай тартқылап , бұлай тартқылап ақыры шалқанды суырып алады. Сөйтіп атай шалқанды үйіне апарады.
Қортынды:
Балалар біз қандай ертегіні тамашаладық? Атай бақшасына қандай көкініс егіпті? Атай кімдерді көмектесуге шақырады? Ал сендер ата – әжелеріңе көмектесесіңдер ме?
Міне қандай қандай тату – тәтті отбасы ! Сендерде бір –біріңе көмектесіп , өз туыстарыңа қамқорлық көрсетіңдер.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегі: "Шалқан" қуыршақ театры
Ертегі: "Шалқан" қуыршақ театры
«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Шалқан» ертегісі
( қуыршақ театры )
Өткізген : «Балауса» тобы
2018 жыл
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты: Балалардың сөйлеу, ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту мен қатар тілін сөз қорын жетілдіру. Достық пен сыйластықты үйрету.Еңбек сүйгіштікке баулу.
Авторы:
Ерте ерте ертеде , ешкі жүні бортеде , бір атай мен әжей өмір сүріпті. Олардың немересі болыпты. Бір күні атай есік алдындағы көгалға шалқан егіпті. Күнде шалқанын айналасын тырмалап баптап жүреді екен. Бір күні атай ертемен көгалға келіп шалқанын қараса үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, тартқылайды. Тарта-тарта атай шалқанды суыра алмайды. Атай әжейді шақырады.
Атай: Кемпір , мында кел , маған шалқанды тартысуға көмектес.
Авторы : Әжей көмекке келеді. Атай шалқанның желегінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды. Екеуі олай тартады, бұлай тартады, шалқанды суыра алмайды . Әжей немересін көмекке шақырады.
Әжей: Немерем мында кел , бізге көмектес , шалқан улкен болып өсіпті. Соны суырып алуға көмекке кел.
Автор: Немересі көмекке келеді. Атай шалқаннан ұстап, әжей атайдың белбеуінен ұстап, немересі әжейдің белінен ұстап тартқылай- тартқылай жерден шалқанды суыра алмайды. Үшеуі енді көмекке кімді шақырсақ екен деп жан – жағына қарап, сол кезде немересі күшігін көмекке шақырады .
Немересі: Күшігім, күшігім бізге көмекке кел , мына шалқанды суырып алайық.
Автор: Күшігі көмектесуге қуана-қуана келеді.Бірінен бірі ұстап шалқанды олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, суыра алмайды. Күшік мысықты көмекке шақырады.
Күшік: Мысық мында көмекке кел. Күш қосып шалқанды суырып алайық.
Автор: Мысықта көмекке келеді. Төртеулеп шалқанды олай бір, бұлай бір тартқылап суыра алмайды.Мысық енді тышқанды көмекке шақырады.
Мысық: Тышқан кел мында , шалқанды суырып алысуға көмекке кел. Біздің кушіміз жетпей тұр.
Автор: Тышқан көмекке келеді . Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немересінің бұрымынан ұстап, немересі әжейдің белінен ұстайды , әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды. Алтауы шалқанды олай тартқылап , бұлай тартқылап ақыры шалқанды суырып алады. Сөйтіп атай шалқанды үйіне апарады.
Қортынды:
Балалар біз қандай ертегіні тамашаладық? Атай бақшасына қандай көкініс егіпті? Атай кімдерді көмектесуге шақырады? Ал сендер ата – әжелеріңе көмектесесіңдер ме?
Міне қандай қандай тату – тәтті отбасы ! Сендерде бір –біріңе көмектесіп , өз туыстарыңа қамқорлық көрсетіңдер.
шағым қалдыра аласыз













