Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат


Көркем әдебиет шығармалары балалар алдында адамға тән сезімдер дүниесін ашып, кейіпкердің жан дүниесіне қызығушылық тудырады.

Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрі-тақпақ,өлең,халық ертегілерінен басталады.Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау,елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. Ертегі - бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын самал жел.

Оның мақсаты – балаға тәрбие ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық әдеби қазына. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор.

Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Қазақ халқының жас ұрпаққа тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегі.

Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген.

Мектепалды даярлық топтарда «Ертегілер елінде» атты практикалық оқу әрекетінің ұзақтығы 25-30 минут уақыт бөлінеді.Практикалық өзіндік жұмыстар баланың сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлей білу қабілеттерін дамытып, сауаттылыққа үйретеді.

Мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы және де басқа халық ертегілермен таныстыру барысында балалардың сабаққа қызығушылығын арттырып, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайту.Ертегіні тыңдау арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері:

- түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;

  • ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;

  • балалардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;

мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда

ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.

Бағдарламаны жүзеге асыру сатылары:

Оқу іс-әрекетіне балаларды түгелдей қамту.

Жеке дара қасиеттерін ескере білу.

Ертегі кейіпкерлеріне қызықтыра білу.

Бағдарламаның құрылу ерекшеліктері:

- Бала білімін тексерудің өз-өзін бақылауға , жұптық бақылауға, қорытынды бақылауға негізделуі;

- Бағдарлама мазмұнына тіл дамыту жаттығулары мен бала тілін дамытуға байланысты дидактикалық ойындардың енгізілуі.

Жыл соңында мектепалды даярлық сынып баласы білу қажет:

Халық ауыз ертегілері мен өзге де халық ертегілерінен бірнеше ертегілерді білуі қажет,ертегілерді мазмұндай білу, сахналай білу керек. Ертегі балалардың тіл байлығы,ой-өрісін дамытып, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін қалыптастырады.

Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және қайратгы істер жасауға жұмылдырады

Пәнаралық кіріктіру: тіл дамыту, көркем әдебиет,сурет салу.

Барлық сағат саны: 32 сағат,аптасына 1 рет.

Курсты ұйымдастыру формасы: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

Курстың аяқталу формасы:Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, кайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.

Тәрбиеленушілердің жетістіктерін бағалау формасы- өз дәрежесінде марапаттау


Тәрбиеші –педагогтарға ұсынылатын әдебиеттер:

1.Жұмабаев М. Педагогика. ─ Алматы, 1994

2.Алпысбаев Т. Қазақ халық әдебиеті. Т.З; Ертегілер. ─ Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-1846.

3.Айдашаев А. Қазақ халық әдебиеті. Ертегілер. ─ Алматы: «Жазушы»

4.Әбдірасылова А.Ә. Әр түрді жанрдағы мәтіндерді оқыту. ─ Астана,2003. [18-21]

5.Әуелбаев Ш., Ә.Наурызбаева, Р.Ізғыттынов, С.Тәжімбетова. Ана тілін

оқыту әдістемесі. ─ Алматы,1998.

6.Егенова А. Ертегіні әңгімелеп беру немесе мәнерлеп оқу. ─ //Қазақстан мектебі. ─2004. ─ №5. ─ б. 13-15.

7. Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің ғажап үлгілерініңбірі- ертегілер». //

Ұлағат. 2004. №2 47-49 бет.

Тәрбиеленушілерге ұсынылатын әдебиеттер:

1.Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері-Алматы «Ғылым»

2.Ақ сандық,көк сандық.

3.Алдар Көсе хикаялары. Балалар әдебиеті. Алматы:2008ж

4.Г.Х. Андерсен «Ертегілер» Аударған Нұрғалиев Алматы.








МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ

«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ» ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


Барлық сағат саны: 32сағат,аптасына 1 сағат


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі.

1

Ертегі туралы түсінік

1

04.09.2018

2

Шалқан

1

11.09

3

Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

1

18.09

4

«Мақта қыз бен мысық» кейіпкерлендіру

1

25.09

5

Инелік пен шегіртке

1

02.10

6

Қожанасыр хикаялары

1

09.10

7

Ер Төстік

1

16.10

8

Қаз

1

23.10

9

Қасқыр мен кірпі

1

06.11

10

Күншіл үйрек

1

13.11

11

«Шалқан» ертегіні кейіпкерлендіру

1

20.11

12

Шұбар тауық

1

27.11

13

Қызыл телпек

1

04.12

14

Жеті лақ

1

11.12

15

Жыл басына таласқан хайуанаттар

1

18.12

16

Ұйқыдағы ару

1

25.12

17

Түлкі, қойшы, аю

1

15.01.2019ж

18

«Жеті лақ» кейіпкерлендіру

1

22.01

19

Қу түлкі

1

29.01

20

Сауысқан мен қарға

1

12.02

21

Бір уыс мақта

1

19.02

22

Екі қаз, бір бақа

1

26.02

23

Жолбарыстың баласы мен лақ

1

05.03

24

Қоңырау гүл мен қырыққұлақ

1

12.03

25

Алтын жұмыртқа

1

19.03

26

Үйшік

1

09.04

27

Алдар көсе

1

15.04

28

Арыстан мен түлкі

1

23.04

29

Гүлдер таласы

1

30.04

30

Қаңбақ шал

1

06.05

31

«Үйшік» кейіпкерлендіру

1

14.05

32

Қайталау

1

21.05

Барлығы

32




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
868
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11