Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер әлемінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: Қатынас, Әлеуметтік орта

Бөлімдері: Тіл дамыту, Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күшік пен мысық»

Мақсаты:

Білімділік: Ертегіні мұқият тыңдай білуге, өз түсініктері бойынша айта білуге үйрету.

Дамытушылық: сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.

Қолданылатын көрнекіліктер: ертегі кейіпкерлерінің суреті.

Ынталандырушы, оятушы Тәрбиеші балаларға күшіктің қонаққа келетінін хабарлайды. Балалар қонақ келетініне қуанады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу

Балалар бізге күшік қонаққа келіпті. Ол өзі жайлы ертегіні білгісі келеді екен. Ендеше күшікке бізбен бірге отыр дейміз.

- Күшік пен мысық қайда мекендейді?

- Күшік не жейді?

- Мысық не жейді?

- Күшік қалай дыбыстайды?

- Мысық қалай дыбыстайды?

Сергіту сәті:

Біз балалар бағында,

Тұрамыз өте көңілді.

Көп болсақ та достықпен,

Өткіземіз өмірді.

Достықпен, достықпен,

Өткіземіз өмірді.

Тәрбиеші балаларға «күшік пен мысық» ертегісін мәнерлеп оқып береді.

Қарны ашқан күшік тауда қаңғырып жүрсе , қасқыр жүгіріп келіп:

- Ей, күшік, мен сені жеймін!- депті.

- Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің,- депті күшік.

Қасқыр:- Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер,-депті.

Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:

- Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен?

- Сенің көзің шоқтай қызарып жайнаған , екі құлағың жылмиған аузың арандай ашылған , құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып , жас шыбықтай болып майысқан-депті күшік.

- Мен не қылар екем, соны қара,-депті де қасқыр шапшып барып , бір бұзаудың тамағына жабысып, өлтіреді.

-Мен тойдым, сенің етіңді жемеймін. Қош бол!-депті.

Күшік бұзаудың етін жеп үш күн жатыпты.Ақырында іші пысқан соң , жортуға шыққан екен, бір аш мысыққа кезігіпті.

-Ей мен сені жеймін!- деген екен күшік.

- Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің,- депті мысық.

-Жарайды!Менімен бірге еріп жүр, -депті күшік. Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.Күшік:

-Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, құйрығым қандай екен?-депті.

-Несін айтасың! Сенің көздерің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, тілің салақтап, аузың аңқайып тұр, құйрығың салбаңдап тұр,-депті мысық.

Сонда бұған күшік:

- Енді мен не қылар екенмін, көр!-депті.

Күшік жүгіріп барып, түйенің аяғын тістейін дегенде, түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол жерде сеспей қатыпты.Сонда мысық айтыпты:

-Ей, мақтаншақ!Сен әліңе қарамай, қиын іске колыңды созасың! Сенің етіңді мен жеймін!-депті.

д\о «Қайсысы қалай дыбыстайды»

мақсаты: ертегі желісі бойынша кейіпкерлердің дауыс ырғаын келтіру. Балалар қонақты қарсы алады.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасап

Балалар ертегі кейіпкерлерінің дыбыстарын келтіреді.

-Мысық мияу-мияу.

-Бұзау мө-мө-мө. Деп дыбыстайды.



Рефлексивті түзету жұмыстары коррекция

-Балалар біз қандай ертегімен таныстық?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?

-Күшікті неге мақтаншақ деп айтты?

-Сендерге ертегі ұнады ма? Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:



Біледі:Ертегіні тыңдай біледі, мазмұнын түсініп, кейіпкерлерді сипаттай алады.

Түсінігі бар: Күшік, мысық –үй жануары, қасқыр – жабайы жануар екендігі жайлы, үй жануарларына деген қамқорлық, мейірімділік туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Ертегінің қысқаша мазмұнын айта алады. Тәрбиеші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12