ертегілер әлеміне саяхан Литва ертегісі. Егінші мен қасқыр 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ертегілер әлеміне саяхан Литва ертегісі. Егінші мен қасқыр 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тымбаева Сайрагуль
№19 бастауыш мектеп

Ертегілер әлемі сынып

Сабақтың тақырыбы: Литва ертегісі. Егінші мен қасқыр.

Сабақтың мақсаты: Егінші мен қасқыр ертегісінің негізгі идеясын ашу арқылы диқан еңбегін құрметтеуге, нанды үнемдеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Шығармашылық қабілеті артып, сөздік қоры дамиды, өздігінен қорытынды шығаруға жаттығады. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Блум кестесі, ойлаудың алты қалпағы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, сұрақ- жауап, фишбоун.    

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, оқулық.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру.   

Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Барлық істі атқарған.
Мынау менің сол қолым,
Қолғанаты оң қолдың.
Мынау менің сәлемім,
Қабыл алсын қонағым.

Буындар арқылы сыныпты топқа бөлу.

1 топ. Диқаншылар
2 топ. Комбайншылар.
3 топ. Диірменшілер.
4 топ. Наубайшылар.

Сабаққа мақсат қояйық.

Мақсатымыз - білім алу.

Міндетіміз - еңбектену

5-ке қолды жеткізу.

I кезең. Білу. Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап.                                                                            

1. Жұптық жұмыс: Еңбекқор құмырсқа тақырыбына жазған шығармаларын оқу, бағалау.

2. Сұрақ- жауап.

Диқаншылар: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы кімнің аудармасы?
Комбайншылар: Мысалдағы кейіпкерлерді ата:
Диірменшілер: Шегіртке құмырсқаға неге  келді.
Наубайшылар: Құмырсқа шегірткені неліктен илеуіне  кіргізбеді.

II кезең. Түсіну.

Ексең егін, ішерсің тегін.

- Балалар мен сендерге қазір мәтін оқып беремін. Сендер мәтіннің не жайында екенін аңғаруға тырысыңдар. Жерге шыр етіп түскеннен кейін онсыз тұра алмайсың. Ол дастарқанға ең бірінші қойылады. Ол жарқыраған алтын емес, бұрқыраған ақша емес. Бірақ оған ақша жетпейді. Оның пішіні көлемі әр түрлі, бірақ бәрінің де дәмі сондай тәтті. Оны барлық адамдар сүйсініп жейді. Ол не деп ойлайсыздар.
- Нан
- Тақтаға назар аударыңдаршы!
- Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
                                     

Топтарға тапсырма беру.

1 топ: Нанға байланысты тыйым сөздер жазу.

Наннан аттама.
– Нанды жерге тастама
                                                                                              

2 топ: Нанға байланысты мақал-мәтел жазу.                                                                                

1. Нан - дастарқан байлығы.
2. Нанға құрмет, елге міндет.
3. Ас атасы - нан.
4. Дастарханда наны жоқтың, тамағының сәні жоқ.
5. Нан - ел ырысы, өмір азығы.
       

3 топ: Нанның суретін салу.

4 топ: Нан тақырыбына топтастыру.  

III кезең.Талдау. Берсең аларсың, ексең орарсың. Мәтінді оқу, талқылау, жұптық жұмыс. Тапсырма «Ойлаудың алты қалпағы»

Ақ – ертегімен мазмұнын әңгімелеу.

  Қызыл - ертегі мазмұны бойынша жоспар құру.

Сары - рөлге бөліп оқу.                                                                                                                   

  Жасыл - шығармашылық топ (өлең,ән,көрініс,т.б.)

Қара – қасқыр туралы мағлұмат беру.

Сергіту сәті

IV кезең. Қолдану. 

Нанға құрмет, елге міндет. 

Топтық тапсырма

1 топ: Синквейн

Бес жол өлең құрастыру

Не?                              Нан

Қандай                         Тәтті, жұмсақ.        

Не істейміз?                 Жейміз, жасаймыз, пісіреміз. 

Қандай тағам?              Нан - қасиетті тағамның бірі.

Нан түрі:                      тоқаш

2 топ: Постер арқылы қорғау. Нанның дастарқанға келу жолы.

3 топ:  Ертегі мазмұны бойынша сурет салу.

4 топ: Ертегі  мазмұнына  сүйеніп  өлең  жолдарын  құрастыру.

V кезең. Жинақтау.                                                                                                                

Нан – ардақты ас, аттамас одан кәрі, жас.

Фишбоун.                                                                                                           

Рефлексия

1. Не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі