«Ертегілер әлеміне саяхат»
Өткізу уақыты: 22.12.2023
Мақсаты: балалар бойындағы таң ғажайып ертегі әлеміне деген сенімдерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Рөлдерде:
Алладин - Осман
Әбу (маймыл) - Ерқосай
Джин: Ерасыл
Іс-шара барысы:
(Сахнада Алладинмен Әбу сөз тірестіріп келе жатады)
Алладин: Мен емес деймін.
Әбу (маймыл): Кім онда ?
Алладин: Әбу, мен емес деймін, сенің бананыңды жеп қойған! Неге түсінбейсің?
Әбу (маймыл): Алладин, сенен басқа кім енді? Ол жерде менің қасымда сен ғана болдың ғой.
Алладин: Жалпы, ол уақытта екеуміз базарда жүргенімізді білесің ба сен? Қаншама адамдар қаулап жүрді жанымызда. Мүмкін, кілеммен ұшып келе жатқанымызда түсіп кеткен болар.
Әбу (маймыл): (ойланып тұрып) Ж-о-о-қ, ол кезде қалтамда тұрған еді, есімде. Бәрібір де саған сенбей тұрмын.
Алладин: М-ә-ә-ә, сонда маған, жалғыз досыңа, серігіңі сенбей тұрсың ба? Бетіңе айтайын , маймыл десе, маймыл екенсің!
Әбу (маймыл): (ашуланып) Мен бе сонда маймыл?! (көңілденіп) А, ия ,бірақ, маймыл екенім рас. Ал,сен, ал, сен онда қырсық есексің!
Алладин: Болды, бітті, осы жерден достығымыз тоқтасын онда, маймылмен дос болғым келмейді! (қолын көкірегіне айқастырып тұрып алады)
Әбу (маймыл): Менің де сенімен дос болғым келіп тұрғаны шамалы! Өй, қойшы сені (ашуланып, қолын бір сермейді де, кетіп қалады)
Алладин: Ия,ия, кете бер, маған енді жолама! (деп артынан айқайлайды).Одан да кеттім, жақын жердегі шаһарға барып, қыздармен танысып қайтайын.(деп көңілденіп кетіп бара жатқан кезде,жолдан сиқырлы шам тауып алады)
Алладин: Мынау не екен құмның астында жалтырап жатқан? (шамды алып, арылы-берілі қарайды). Шам? Бұл қайдан жатыр мына жерде? Әй, не болса да, базарға апарып сатсам, ақша табамын. Одан да мұны тазалайын. (деп сүртіп жатқан кезде, ішінен желдің дауысымен джин шығады, Алладин тығылып қалады)
Джин: 10000 жылдан кейін кең далаға шыққан қаааандай керемет. Таза ауа, иісін айтшы м-м-м-м! (Аң-таң болып отырған Алладинге қарап, аузына құйрығын микрофон қылып тақап, сұрақтар қоя бастайды) Сен кімсің ? Атың кім ? (Алладин деп өз атын айтады) Әй, кім болсаң да, көріп тұрғаныма ө-ө-өте қуаныштымын! «Ертегілер» әлеміне қош келдің!
Алладин: Ертегілер? Ертегілер несі тағы ? Онсыз да досыммен ұрысып, басым қатып тұр. (дейді мұңайып)
Джин: Алладин, сен еш мұңайма, қазір сенің көңіліңді көтеремін. Мені шамнан босатқаның үшін сені «Ертегілер әлеміне» алып барамын.. Олай болса, қазір «2-3 сынып» оқушыларының орындауында «Үйшік» атты көрінісін тамашалайтын боламыз. Ендеше, қарсы алыңыздар!
«Үйшік» ертегісі.
(Алладинмен Джин сахнаға шығады)
Джин: Ал, қалай, саған мерекелік кеш ұнап жатыр ма?
Алладин: Ия, бірақ...
Джин: Алладин, неге қайта мұңайып тұрсың? Әлде, саған балалардың қойған ертегілері ұнамады ма? (осы кезде Әбу жайлап шығып, Джинның артында тығылып, естіп тұрады)
Алладин: Жо-о-о-қ, барлығы ұнады, бірақ осы мен көрген қызықтарды менің ең жақын досым Али көре алмайтын болды. Оның үстіне мен оны ренжітіп алдым. Қазір осы жерде болғанында, мен одан ешірім сұрайтын едім. Себебі, оның бананын мен жеп қойып едім.
Әбу (маймыл): (секіріп шығып) Әп, бәлем,біліп едім сен алғаныңды! Мен емес,мен емес деп, мойындамай қойдың.
Алладин: Әбу,досым,кешірші, бұдан былай сенің заттарыңа тиіспеймін.
Әбу (маймыл): Уәде ме?
Алладин: Уәде (кіші саусақтарын ұстасып). Досым, ұрысамыз деп сен қаншама қызықтардан қалып қойдың.
Әбу (маймыл):А-а-а, сен балалардың қойған көріністерін айтасың ба? Мен көрдім.
Алладин: Қалайша? Сен маған ренжіп кетіп қалған жоқ па едің?
Әбу (маймыл): Ренжігенім рас, бірақ сенің артыңнан білдіртпей жүре бердім. Енді ұрыспайықшы, Алладин, жалғыз жүруге қорқамын.
Алладин: Сен де мені кешір досым.
Джин: (бағаналы беріп барлығына қарап тұрған Джин) Екеуің не істеп кеттіңдер ? Келесі кезекті 5-6 сыныптың оқушыларының «Қоян мен түлкі» ертегісін енді бірге тамашалаңдар.
«Қоян мен түлкі»
Джин: Мен сендердің үш армандарыңды орындадым.
Әбу (маймыл): қандай? Қандай?
Джин: бірінші «Үйшік ертегісі», екінші сендерді татуластырдым, ал үшінші «Қоян мен түлкі» ертегісі. Енді құмырама кіре берсем болады. Бірақ соңғы сыйлығымды қабыл алыңдар. Сау болыңдар балалар.
Оралхан Бөкей «Апамның астауы». Жұмабекқызы Көркем
Алладин: Құрметті жас достар, ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сондықтанда ертегілер сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, армандарыңды асқақтатады, қайратты істерге құлшындырады деп сенеміз.
Әбу (маймыл): Олай болса, «Ертегілер әлемінде» қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша, қонақтарымызға ән шашу сыйға тартайық!Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Ән. Нұрсұлу мен Дарын .Ертегілер әлемі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ертегілер әлеміне саяхат" шарасы

шағым қалдыра аласыз