№ 32 Мектепке дейінгі ұйымы
«Емхана»
(сюжетті-рөлдік ойыны)

Орындаған: Қуат Жанар Балғалиқызы
2018ж
«Емхана» сюжетті- рөлдік ойыны.
Мақсаты:
Балалардың дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс-әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру. Ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра отырып,сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Жауапкершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: әрбір дәрігерге арналған арнайы бөлме, дәрі-дәрмектер, ақ халат, бас киімдер, дәрігерге қажетті құрал-жабдықтар.
-Саламатсыңдар ма, балалар! Алдымен шаттық шеңберге тұрып амандасып алайық.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Бақыт деген- осы шаттық шеңбері!
Қол ұстасып тұрайықшы кел бері,
Бақыт деген- көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін адал жүрек сендегі!
-Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Балалар,әлемде әртүрлі мамандық иелері бар. Сендер қандай мамандық иелерін білесіңдер?
-Мұғалім,құрылысшы,полиция,тігінші,жүргізуші,суретші,дәрігер.
-Біз сол бір мамандық иесі дәрігермен танысамыз. Дәрігер – ол адамдардың дені сау болу үшін көп еңбек етеді. Ауырмауымыз үшін не істеу керек,балалар?
(слайдпен жұмыс)
Бір күні Амина деген ерке қыз бала болыпты. Көп тәтті жеп тісі қатты ауырып қалыпты. Сөйтіп, оны анасы емханаға тіс дәрігеріне апарыпты. Олар сырт киімдерін тапсырып,тіркеу бөліміне барыпты. Тіркеу бөлімінен емдік карточкасын алып,тіс дәрігеріне қаралыпты. Дәрігер Аминаның тісін тексеріп, жұлып тастапты. Міне, содан кейін Амина көп тәтті жемейтін болыпты.
Жалпы балалар емханада тіс дәрігерінен басқа мынадай кабинеттер болады.
Көз дәрігері,құлақ дәрігері, хирург, бала дәрігері және т.б.дәрігерлер бар екен.
Ендеше біз қазір осы емхана сюжетті-рөлдік ойынын ойнайық.
Сырт киімді қабылдау орнына- Назерке, тіркеу орнына- Адия, бала дәрігері- Шахризада, құлақ дәрігері- Дәулет,медбике- Назым, тіс дәрігері- Санжар, медбике-Ажар, дәріханашы- Адиля. Енді ойынымызды бастайық.
-Саламатсыз ба!
-Саламатсыз ба!
-Баламның карточкасын бересіз бе?
-Балаңыздың аты-жөнімен, мекен жайын айтыңыз.
-Юго-запад 1, Үргенішбаев 12. Махатов Алихан.
-Күте тұрыңыз. Балаңыздың қай жері ауырып тұр?
-Суық тиген.
-Ендеше, 1кабинетке бала дәрігеріне барыңыз.

1 кабинет
-Саламатсыз ба!
-Саламатсыз ба! Кел отырыңыз. Қай жеріңіз ауырып тұр?
-Менің балама суық тиген.
-Ең алдымен қызуыңызды өлшейін.Балаңыздың ыстығы бар екен. Ауызыңды аша ғой. Тамағы қызарып кеткен. Енді ішіңді аша ғой. Кеудеңіз таза екен.Балаңызға дәрі жазып берейін. Мына дәрілерді дәріханадан сатып алыңыз. Сау болыңыз.
-Рахмет қызым, сау бол.
Дәріхана
-Саламатсыз ба!
-Саламатсыз ба!
-Мына дәрілерді бересіз бе?
-Бұл дәрілерді күніне 3 мезгіл ішкізесіз. Бағасы 300 теңге тұрады. Ем болсын.
-Рахмет, сау болыңыз.
-Саламатсыз ба!
-Саламатсыз ба!
-Қызымның карточкасын бересіз бе?
-Қызыңыздың аты-жөнімен, мекен жайын айтыңыз.
-С.Мұқанов 42ші үй. Кабидула Тілекші.
-Күте тұрыңыз. Қызыңыздың қай жері ауырып тұр?
-Қызымның тісі ауырып тұр.
-Ендеше, 2 кабинетке тіс дәрігеріне барыңыз.
2 кабинет
-Саламатсыз ба!
-Саламатсыз ба!
-Қызымның тісі қатты ауырып тұр.
-Қызыңыздың тісін жұлу керек. Қанекей ауызыңды аша ғой екпе салайын. Тісіңді жұлдым. Мақта салып қойдым.Қызыңыз 2сағатқа дейін тамақ ішпесін. Тәтті кәмпиттерді, балмұздақты жеуге болмайды.

-Д. Хазірет 15ші үй. Баймурзин Амир.

-Құлағына салқын тиген.
-Ендеше, 3 кабинетке құлақ дәрігеріне барыңыз.
3 кабинет
-Саламатсыз ба!
-Саламатсыз ба!
-Менің баламның құлағы қатты ауырып тұр.
-Кел отырыңыз. Балаңыздың құлағына салқын тиген.Емдеу керек.Мен сізге дәрі жазып беремін. Құлақ тамшысы, күніне 2 мезгіл тамызасыз. Мына дәрілерді дәріханадан сатып алыңыз. Сау болыңыз, ем болсын.
-Рахмет, сау болыңыз.
Дәріхана
-Саламатсыз ба!
-Саламатсыз ба!
-Мына дәрілерді бересіз бе?
-Бұл дәрілерді күніне 2 мезгіл тамызасыз. Бағасы 1000 теңге тұрады. Ем болсын.
-Рахмет, сау болыңыз.

Сергіту сәті:
Балалармен сұрақ-жауап дәрумендер туралы.
Қонаққа Айбалит келеді.
-Саламатсыз ба!
-Саламатсыз ба, Айбалит.
-Қараңдар балалар, бізге қонақ келді. Келіңіз, жақсы келдіңіз.
-Менің естуімше балалар сендер емхана туралы көөөөп біледі екенсіңдер. Енді соны тексерсем деп едім. Өзіммен бірге ойынымды ала келдім.
Ойын: «Айболиттің құрал-жабдықтары»
-Айболит:
-Жарайсыңдар балалар. Біздің денсаулығымыз мықты болсын десек,біз пайдалы тамақ жеу керекпіз. Мыс: айран, сүт, ірімшік, алма, алмұрт, балық және т.б.
Қане, кім маған денсаулық туралы мақал-мәтел айтып береді?
Мадина: Денсаулық- өмір тірегі.
Тілекші: Денсаулық ол-күлуің
Көңіл күйің жадырай,
Денсаулық ол-жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Мәди: Егер тісің ауырса дәрі қолданбай, пияз бен сарымсақ қоспасын қолдану керек.
Алихан: Дені саудың- жаны сау.
Лунара: Тазалық- денсаулық кепілі.
Амир: Денсаулық- зор байлық.
-Айболит:Рахмет балалар.
Тәрбиеші: Қане балалар. Осымен бүгінгі сюжетті-рөлдік ойынымызды қорытындыласақ.
Ақжарқын адал көңілмен
Сырқаттың жайын таба бер.
Күш-қуат алып өмірден,
Қартайма, лаулап жана бер!
Балалар ойынымызды аяқтап, күннің екінші жартысында тағы да ойнайтын боламыз.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: емхана туралы балалар білетін түсініктерін еске түсіреді
Игерді: дәрігерлердің түрлі салаға бөлініп, қызмет ететіндіктерін игерді
Меңгерді: рөлдерге бөлініп ойнау арқылы дәрігер еңбегін бағалауды,олардың қиын жұмыстарына құрметпен қарауды меңгерді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ертегілер елі-балалар театрында

шағым қалдыра аласыз