Материалдар / Ертегілер елі сценарийі

Ертегілер елі сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ертегілер елі" конкурсының сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2024
56
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сахна безендірілген.


Айгерім Қалаубаеваның «Ертегілер» әнінің әуені қосылып тұрады.


Кешті Мақта қыз бен Маша киімін киген қыздар жүргізеді.



Сахнаға («Мен Алдармын» әнімен) Алдар Көсе шығып, әрі-бері сығалап жүріп өз-өзінен: - Әәәәп, бәрекелді, әлі ешкім келмеген екен. (қолын ысқылап) – Тіптен жақсы, кештің тізгінін өзім аламын! Толағай тау астынан шығам дегенше, Көлтаусар көлін тауысамын дегенше, сіздер күтіп отырасыздар ма? Олай болса, ертегілер байқауын өзім бастап жіберейін! (тамағын кенеп алып):

Уа, халайық, жараңдар!

Менде жақсы хабар бар!

Сахнаның анаааау сыртында,

Сіздер сүйіп тыңдайтын,

Қонақ боп келген балаң бар!

Қарсы алайық, қәнеки,

Диииммаааш, келе жатыр қараңдар!


Әуен ойналады. Сыртқы есіктен Ертегіші атай кіріп келеді:

  • Ау, Алдааар... Алдар-ау, мұның не? Елді бұлай алдауға болар ма?

  • Әәә, ассалаумағалейкум, ертегі атай! Сіз шақырып, жинап жатыр деген соң, жеделдетіп келген бойым осы!

  • Бәрекелді, Алдар! Сен ендеше көрермендер қатарына барып жайғас! Бүгін небір түрлі ертегілерді көресің. Жаңа кейіпкерлер де бар! Тек әлгі байларды алдағандай, ұл-қыздарымды алдап жүрме!

  • Айтқаныңыздай болсын! - деп әуенмен сахнадан кетіп қалады.



Ал, енді ұл-қыздарым жаңаша ертегі тыңдауға дайынсыздар ма? Бүгін ертегі шығармаларының байқауы! Бұл байқауға сан түрлі ертегілер келген екен. Жаңа кейіпкерлер де бар. Олай болса, бірге тамашалайық!


Гүлдер билесе.

  • Піш, піш, піш мысығым-мысығым мұнда кел! Мысығым, мысығым! Келмесең келме! Ендеше, өзім жеп қоямын!

- Ау, Мақта қыз сен мені шақырдың ба?

- Айтпаймын!

- Мақұл, айтпасаң мен сенің гүліңді сындырамын!

- Ал, мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! Айтпаймын!

Мысық гүлді сындырады, Мақта қыз құйрығын кесіп алады. Аздан соң, мысық Мақта қызға:

  • Әпке, әпке менің құйрығымды қайтарыңызшы! Мен онсыз қалай жүремін!

  • Құйрығың керек болса, мен саған тапсырма беремін! Орындай алсаң құйрығыңды қайтарамын! Орындай алмасаң осылай құйрықсыз жүре бересің!

  • Жарайды қандай тапсырма болса да орындай беремін.

  • Ендеше, сен маған сан түрлі ертегілер көрсетсең мен сенің құйрығыңды қайтарамын! Ертегілер бұрын-соңды ешкім көрмеген ертегі болуы керек! Ертегілерді тапқан соң құйрығыңа келерсің! (сахнадан шыңып кетеді)

Мысық әрлі-берлі ойланып жүріп: - Енді қайтсем екен? Мұнша көп ертегіні қайдан табамын?

Сол уақытта сахнаға ханның уәзірі жарлық оқиды:

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Сөйлеп тұрған мұнда біз бар!

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті елінің, Филология шаһарында патша жарлығымен ертегілер байқауы өткелі жатыр! Баршаңызды ертегілер еліне шақырамыз!


Мысық: - Алақай, мына байқауды шұғыл Мақта қызға жеткізу керек болды!



Ән кетеді. Сахнада ертегі кейіпкерлері амандасып, қол алысып, шығады. Тойға дайындалып жатқандай. Ән біткен соң Уәзір:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Бүгінгі ертегілер байқауына, өз авторлық ертегілерін алып келген қатысушылармен таныс болыңыздар!


Бәйішев колледж шаһарынан.............................




  • Патша жарлығы бойынша бүгінгі байқаудың әділ шешімін шығару үшін арнайы қазылар алқасы бекітілгенін хабарлаймыз!


Қазылар алқасы таныстырылады


Номер керек


Қатысушылар өз ертегілерімен кезекпе-кезек шыға береді










"Мақта қыз бен мысық " 

Мақта қыз: Мен Мақта қыз үйімді тазаладым, 

Сен, мысық, кайта-қайта мазамды алдың. 

Гүл сындырдың, еңбекті қадірлемей,  

Құйрығынды жұлып ап жазаладым.


Мысық: Көзіме көрінбей тышқан,

Мен мысықпын іші пысқан.

Гүліңді қайтардым өскен,

Қайырымды алдым көптен.


Кейіпкерлерді табу.

Жақсылыққа дұшпанмын.

Су астынан шыға кеп,

Алақаныннан қысқанмын.

Тісімді жұлып лақтырып,

Сыпырғышқа мініп ұшқанмын.

Жас емеспін, кәрімін,

Ертегінің сәнімін.

Көркейтуге келгенмін

Ертегілер ауылын.



Мен жалғыз көзді,

Балаларға, батырларға жаумын.

Тауыңды да, тасыңды да лақтырамын,

Тек жамандық жолында шапқыладым.

Талай жерде ақылмен алдап кетті,

Қаңбак шал ма, қылғаны- ай, қап мынаның.

(Кақпадағы қаңбак шалды тұра қуады).


Қанбақ шал:

Жел соқса ағаштан түскен жаңғақтаймын.

Алып дәуді алдадым ақыры мен,

Қу түлкіден құтылдым ақыры мен.

Ешқашан жамаңдыққа жоламаймын,

Тек, жел соқса болғаны домалайтын.



Мен бір баламын, 

Кіп-кішкентай ғанамын. 

Қысылғанда сөз табамын, 

Қырық өтірік пе кедергі, 

Жаңылмай айтып беремін. 

Ақылыма тәнті боп, 

Алтын үйді басыма, 

Той жасады хан қызын 

Отырғызып қасыма.


Керқұла атты Кендебай:  

Алмас қылыш жарқылдап қасымдағы,

Жамандықты жайраттым жолымдағы.

Азу тісін қағыпап арыстанның,

Жеті басты аждаһармен алысқанмын.

Міне Дәудің жалғыз көзін ойып алдым,

Әйтпесе батыр деп мені мойындар кім?



Меңді қыз:

Ертегі қыз ақыл мен көркі қонған,

Жақсылыққа әрдайым серік болған.

Ертегіде хан, қара батырлар да

Жүреді мендей қыздың ақылымен.


Толағай:

Аптап ыстық кең даланы қуартқан,

Егін күйіп, бұлақтарды суалтқан,

Мен батырмын тау көтеріп ел үшін,

Жаңбыр әкеп,Отанымды қуантқам.



«Ақсақ Құлан», «Бақытын іздеген Қадір» т.б. ертегілерден бейнеүзінді келтіріледі. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін, не айтатынын табу керек.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ