Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ертегілер елінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшада бала тəрбиелейтін тəрбиешілерге арналған нұсқаулық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақтоғай ауданы Мүткенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі » КММ

«Балапан» шағын орталығы













Бөлім: «Вариативтік құрам»

- Ертегілер елінде









«Бекітемін»

Мектеп директоры

_________ Абенов.У.К







«Ақтоғай ауданы Мүткенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

«Балапан» шағын орталығының




«Ертегілер елінде» тақырыптық – күнтізбелік жоспары



2-кіші топ


Тәрбиешісі: Серік Н


2018-2019оқу жылы

«Ертегілер елінде» вариативті сабағының тақырыптық жоспары.

Аптасына 1 сағаттан, барлығы 36 сағат

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

1

Балықтар неге сөйлемейді?

Балаларды адамгершілікке, досшылдыққа, тату-тәтті болуға үйрету

1

05.09.18

2

Қу түлкі

Ертегі кейіпкерлерінің мінезін ашуға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйрету

1

12.09.18

3

Патшаның қызы неге бақытсыз?

Балаларға ертегі оқу арқылы есте сақтау қабілттерін дамыту. Ақылды болуға тәрбиелеу. Көз бұлшық еттерін дамыту.

1

19.09.18

4

Екі дос пен аю

Балаларды досқа адал болуға, әрдайым көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу

1

26.09.18

5

Кім күшті?

Ертегі арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Диалогты сөйлеуге үйрету..

1

03.10.18

6

Батпан құйрық

Балаларға ертегіні оқып таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

1

10.10.18

7

Сауысқан мен көкек

Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ертегіні түсіне білуге үйрету. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

17.10.18

8

Қорқақ қоян

Балаларды батылдыққа үйрету. Тіл байлықтарын дамыту

1

24.10.18

9

Еңбек етсең ерінбей

Балаларды еңбек сүйгіштікке, жалқаулықтан жиреніп, еңбекті сүюге тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

1

31.10.18

10

Арыстан мен түлкі

Балаларға ертегі оқу арқылы есте сақтау қабілттерін дамыту. Ақылды болуға тәрбиелеу. Көз бұлшық еттерін дамыту.

1

07.11.18

11

Ай мен күн

Балаларды жақсылыққа жақын, жамандықтан қашық болуға тәрбиелеу

1

14.11.18

12

Кішкентай маса

Ақыл, білімнің барлығы бойда емес ойда екенін түсіндіріп, бір-бірлерін сыйлауға тәрбиелеу

1

21.11.18

13

Күшік пен мысық

Ертегіні түсінуге, мазмұнын айта білуге үйрету. Рөлге бөліп ойнауға, тіл байлықтарын дамыту. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

28.11.18

14

Мақтаншақ қоян

Балаларды ертегі мазмұнын мәнерлеп айтуға және диалогты сөйлеуге үйрету. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

05.12.18

15

Арыстан мен тышқан

Ертегі арқылы балалардың сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

12.12.18

16

Торғай мен тышқан

Балалар жан-жануарларды сүюге тәрбиелеу. Тіл байлықтарын молайту. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

19.12.18

17

Көкөністер туралы ертегі

Ертегі арқылы балалардың тағамға деген түсінігін кеңейту, көкөніс жеміс-жидектердің пайдасын түсіндіру.Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

26.12.18

18

Қорқақ қоянның жауабы

Балаларды ұтқыр ойлы болуға тәрбелеп, жақсы қасиеттерін дамыту

1

09.01.19

19

Нан қайдан шығады

Балаларға «Алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» деген мақалдың мағынасын ашып түсіндіру. Көз бұлшық еттерін дамыту.

1

16.01.19


20

Еріншек

Балаларға еріншектік, жалқаулық алға бастырмайтынын ұғындыру. Ойлау жүйелерін дамыту

1

23.01.19


21

Жалқау қоян

Жалқаулық жаман қасиет екенін түсіндіру. Өзін-өзі дамытуға әсер ету

1

30.01.19


22

Екі сараң қонжық

Ертегіні оқыта отырып балаларды жаман әдеттен арылуға үйретеді.

1

06.02.19


23

Мұрагер

Балаларға «Азға қанағат етпесең, көптен құр қаласың» деген мақалдың мағынасын түсіндіру. Үлкенді тыңдауға тәрбиелеу. Көз бұлшық еттерін дамыту.

1

13.02.19


24

Гүл

Балаларды табиғатты сүюге, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

20.02.19


25

Лақтың мүйізі

Ертегіні түсінуге, мазмұнын айта білуге үйрету. Рөлге бөліп ойнауға, тіл байлықтарын дамыту. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

27.02.19


26

Алтын санаған аштан өледі

Балаларды ертегі мазмұнын мәнерлеп айтуға және диалогты сөйлеуге үйрету. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

06.03.19


27

Ұр тоқпақ ертегісі

Балаларға үлкенді тыңдауды, сыйлауды үйрету. Рұқсатсыз кісінің затына тиісуге болмайтындығына бойларына сіңіру.

1

13.03.19


28

Түлкі мен құмыра

Балаларды ақылдылыққа, әр затты, әр істі өз орынымен пайдалануға үйрету

1

20.03.19


29

Тышқан мен нәресте




Балаларды достыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу. Ертегіге қызығушылықтарын арттыру. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

27.03.19


30

Қарттың ұлына өсиеті

Балаларды әңгіме мазмұнын түсініп, мәнерлеп айта білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

03.04.19













31

Ақылды етікші

Тыңдаған ертегіні естеріне сақтап, мазмұнын жеткізіп айтуға үйрету. Тіл байлықтарын дамыту. Көру мүмкіндіктерін дамыту.

1

10.04.19


32

Төлдер айтысы

Ертегіні тыңдата отырып балаларға төлдерді сүюге үйрету

1

17.04.19


33

Ай неге жалаңаш қалды

Ертегіні түсіне білуге, достыққа тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

1

24.04.19


34

Қаңбақ шал

Балаларға ертегіні оқып таныстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту

1

08.05.19


35

Ең қымбат байлық

Балаларға «Денсаулық – зор байлық» деген мақалдың мағынасын түсіндіру

1

15.05.19


36

Өгіз

Балаларды ертегі арқылы батылдыққа тәрбиелеу. Көз бұлшық еттерін дамыту.

1

22.05.19




Барлығы: 36 сағат










Түсінік хат


Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің құралы әдебиет, оның ішінде көркем әдебиеттің көне жанры – ертегі.

Ертегінің көркем де жеңіл тілі баланың қиялына қанат бітіріп, арманын асқақтатып, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.

Сол себепті мектепке дайындық тобындағы балаларға ертегі оқу арқылы сөйлеуге, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айтуды үйретуге қолға алып отырмыз.

Балалардың білуге құмарлығы зор. Олар құбылтып айтқан ертегі, әңгімені сүйсіне тыңдайды.

Адамның қиялынан, ойынан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Сол ертегілерге сеніп қиялымызды шыңдадық. Таңғажайып әлемде өмір сүріп, алға ұмтылуға құлшынысымызды оятқан да осы ертегі болатын.

Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтатып, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегі-қиял-ғажайып ертегі. Ал батырлар туралы ертегі балаларды батыл бөлып өсуіне көмектеседі. Ертегілердің қай-қайсысын алып қарасақта балалардың өмірінде алатын орыны ерекше.

Ертегі оқу арқылы балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қорытынды жасай отырып, балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Балалардың дүниетанымын байыту, қоғамдық өмір туралы ұғымдарын кеңейту, эстетикалық сезімдерін ояту жүзеге асырылмақ.












Балықтар неге сөйлемейді


Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының, еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты. Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді сауық-сайран құрады екен.

Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі іс-қимылдар арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен әртүрлі әуендер салыпты. Сол әдетпен тағы да балықтар теңіз бетіне шығып, ән салып, би билеп думандатады. Оны естіген құбыжық теңізге келіп, шад-шадыманға бөленіп жүрген балықтарға тап беріпті. Көптеген балықтар құбыжықтың құрбаны болыпты.

Ал, қалғандары теңіз астындағы өз патшалықтарына қашып құтылыпты. Бірақ, содан бері олардың ешқайсысы қатты қорыққаннан болар сөйлей алмай қалыпты.Одан кейін де қанша жылдар өтсе де, сол сөйлемеген күйі сөйлемей қала беріпті. Бірақ, балықтар сөйлемесе де бір-бірімен қанаттарының, құйрықтарының, желбезектерінің көмегімен түсінісетін болыпты.

Міне, балықтардың неге сөйлемейтінінің сыры осындай оқиғалардың салдарынан ба деп ойлаймын.


Қу түлкі

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: - Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: - Мүмкін емес,— дейді. - Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі.

Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп: - Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады. - Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.


Патшаның қызы неге бақытсыз

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеденқақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы.Патша қуана рұқсат етіпті.

Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.

Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты.

Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты.

Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді.

Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.

Екі дос пен аю


Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады.

Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.

Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.

Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.

Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.


Кім күшті


Ерте, ерте, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен.

Қырғауылы қызыл екен.

Құйрық жүні ұзын екен.

Қырғауылы қырқылдап,

Жалтыр мұзға сыртылдап,

Алшая келіп қоныпты,

Шаты айрылып қалыпты.

Қисая жатып қырғауыл

Сонда мұздан сұрапты:

- Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім.

- Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.

- Жер, жер, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.

- Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.

- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.

- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім.

- Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.

- Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.

- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?

- Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, - деген екен құмырсқа.


Батпан құйрық


Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.

- Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? - деп сұрайды түлкі жылмаңдап.

- Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.

- Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік.

- Ал, түке, ендеше баста, - дейді қасқыр. Қасқыр мен түлкі жорта жөнеледі.

Бір мезгілде төңкеріліп жатқан қойдың тегенедей құйрығына тап болады. Қуанғаннан қасқырдың екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап кетеді. Оп-оңай табыла қалған тамаққа таңырқап, түлкіден сұрайды:

- Түке, түке, бұл неғылған батпан құйрық, тегіннен тегін айдалада жатқан құйрық?!

Түлкі ойлаған боп, қипаңтай жауап қайырды:

- Апырмай, қасеке-ай, бір алаңғасар базарға барған шығар. Арзан бағаға алған шығар. Қанжығасына бос байлап, содан түсіп қалған шығар.

- Ай, түке, сонда да мен осыныңнан қауіптеніп тұрмын.

- Қасеке, сен қауіптеніп, қорқатын болсаң, мен-ақ жей салайын, - деп, түлкі құйрыққа үмтыла бергенде:

- Тоқта, тоқта! - деп, қасқыр арс ете қалады. Түлкі жалт беріп, құйрығын бұлғаңдатып, шоңқып отыра кетеді. Ашқарақ қасқыр былқылдақ құйрыққа ауызды салып кеп жібереді.

- Қасеке, мені де ескерсейші! Олжаға ортақ емеспіз бе? - деп, түлкі өтірік мүләйімсиді. Қасқыр оған ала көзімен ажырая қарап, тісін ақситып:

- Был-жыр-рра-ма...- дейді де, қойдың тегенедей құйрығын төрт-ақ асап, толғап-толғап, қылғи салады. Қарны тойып, қарық болған қасқыр аузын кере қарыс ашып, ыңыранып, бір керіліп алады да, жорта жөнеледі.

Іші біліп, мұртынан күліп, қасқырдың соңынан келе жатқан түлкі:

- Апырай, қасеке-ай, әлгі май құйрықтан тым болмаса бір асам дәм татырмадыңыз-ау, ә?! - деп, күңкілдейді.

- Түке-ау, мұрныңа майдың иісі барғаны да жетпей ме! - деп, қомағай көкжал қарқ-қарқ күледі. Біраздан кейін қасқырдың көзі алақтап, тілі салақтап, жанын қоярға жер таппай, дөңбекшиді де калады.

- Е-е... құйрық жейтін батырмысың, жан бергелі жатырмысың?! - деп, түлкі қу сықылықтай кеп күледі.

- Емің бар ма, түлкіжан-ау... Түкешім, аясаңшы ағаңды, - деуге қасқырдың тілі әрең келіпті. У барған ішке су барса, тез өлтіретінін білетін түлкі:

- Удың емі су болады, қасеке. Су ішсең, жаның қалады, сәтін салса, - дейді. Қасқыр бар қалған күшін жинап, суды тілімен жалап-жалап алады да, қалпақтай ұшып түседі.

- Міне, саған батпан құйрық, айдалада тегіннен-тегін жатқан құйрық! - дейді де, түлкі өз жөніне кете барады.


Сауысқан мен көкек


Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек»,-деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:

-Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-дейді. Көкек:

-Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,-деп келіспейді.

Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.Іші-тысын саз балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі.Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі р-ды айта алмай, «керек» деудің орнына «келек, келек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. Шібилер жетім өседі.


Қорқақ қоян


Ертеде орманда қайырымды қоян өмір сүріпті. Қоян кішкентай аңдарға көмектеседі. Аңдардың жоғалтқан заттарын тауып әкеп береді. Себебі, қоян иісшіл, дыбысты жақсы сезеді. Барлық аңдар қоянды жақсы көреді. Бір күні қоян орман ішінде жүгіре-жүгіре, секіре-секіре шаршап қалады. Ол өзінің қарны қатты ашығанын сезеді. Қолына дорбасын ұстап, бақшаға келеді. Қоян сәбіздің иісін тез сезеді. Өйткені қоян сәбізді жақсы көреді.

Қызыл сәбіздерді суырып, асықпай дорбасына салады. Осы кезде бақшаны суарып жүрген бағбан ата қоянды байқап қалады. Ақырын келіп, қоянның дорбасына қырыққабат салады. Бағбан ата жасырынып қалады. Тықыр еткен дыбысты естіген қоян қорқып кетеді.

Жан-жағына қарамайды. Қолына дорбасын алып, орманға қарай қаша жөнеледі. Осы күннен бастап, ол қорқақ қоянға айналады.



Еңбек етсең ерінбей...


Баяғыда бір жалғыз бала орманда өз күнін көріпті. Ол күн сайын жұмыс жасайтын болыпты. Ол бір күні көп ойланып:

«Мүмкін маған үйлену керек шығар. Жасымда таяп қалыпты. Әкем мен анамды бір қуанту керек қой не дегенмен. Мен қаладағы ата-анама хат жіберіп көрейін» дейді бала. Оның ата-анасы мен ағасы оны орманға тастап кеткен екен. Себебі, ол еріншек бала болған соң. «Бұл бала қатты еріншек болып кетті. Бұл баланы орманға апарып тастайық. Мүмкін еңбекшіл болар. Жыртқыш аңы жоқ орманға жіберіңдер» - депті ата-анасы осыдан 5 жыл бұрын.

Оның отбасы өте бай болыпты. Барлық қыз тек осы балаға күн сайын бәліш, бауырсақ, сыйлық әкелсе де көңіл аудармапты. Бір күні орманға бір айдай сұлу ханшайым келеді. Ол далада еңбек етіп жатқан бір жас жігітті көреді де:

- Ей, жас жігіт. Бұл орманда не істеп жүрсіз? – дейді ханшайым қыз. Сонда бала:

- Бұл жаққа мені ата-анам мен ағам әкеп тастады.

- Не үшін? - дегенде бала қатты ұялып, жағдайын айта алмайды.

- Ммм, жай - депті бала. Сол кезде бала қызға қатты ғашық болады.

- Менің үйіме жүр. Мен сені тамақтандырайын. Қарның ашып қалған шығар.

- Жоқ. Сен менің үйіме жүр. Бірақ немен барамыз?

- Менде сиқырлы таяқ бар. Кәне таяғым, бізді мына жас жігіттің үйіне апар – дейді қыз.

Көзді ашып жұмғанша қыз бен жігіт танысып үлгереді. Бала қызды ата-анасымен таныстырып, дүркіретіп той жасайды. Осылайша екеуі бақытты өмір кешіпті.


Арыстан мен түлкі


Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:

- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.

Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:

- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.

- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан.

Түлкі:

- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.


Ай мен күн


Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты.Екеуіде теңдесі жоқ сұлу екен.

Бірінен – бірі асқан сұлумын деп бірімен – бірі үнемі ұрысып, жиі – жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тисіп:

Сенен мен сұлумын! – дейді.

Ал Айсұлу болса:

Жоқ сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады.

Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағанның ізі Айсұлудың бетінде өшпес болып қалады.

Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қаранғылығында бұғып жатады екен.

Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне – бірі көрінбей, бірінен – бірі жасырынып, Аулақтап жүреді екен.


Кішкентай маса


Кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды.

Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт! Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы — қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды. Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп кетеді.

Мұртшасы үлпілдек, ал тұмсығы жебе сияқты біздей.— Ал мен не жасай аламын? — деп маса өз-өзіне сұрақ қойды. Ән шырқады. Әні сондай нәзік, жіңішке, осылай ән айтатын кім бар екен? Қуанышын кіммен бөлісерін білмеді. Әнін өзенге айтып көріп еді — су сылдырлай ағып естімеді. Енді ол әнін ағашқа айта бастады — жапырақтары сыбдырлап, шулап ол да тыңдамады.

Сөйтіп жүргенде, масаға тышқан кездесті. Кішкентай маса оған да әнін айтпақ болып еді, тышқан бұтаға қарай қаша жөнелді. Тығылып қалған тыш¬қанның ұзын құйрығы сыртта қалып қойды. — Менің әнімді тыңдамайсың ғой! Ал ендеше! — деп маса оның құйрығына өзінің біздей тұмсығын сұғып алды.

Ойбай! Апа! — деп тышқан шиқылдап ала жөнелді. Тышқанның «апалап» біреуден қашқанын осы кезде қоян көреді. Ол да қорқып, өзінше «апалап» айғай салып, секектей, тышқанның артынан зыта жөнелді. Оқша зымыраған қоянның алдынан қу түлкі шыға келеді. Қоянның түлкіге қарауға шамасы болмады. Түлкі тышқан мен қоянның артынан бір қорқынышты бәленің келе жатқанын білді. Ол да дыбыс шығаруға шамасы жетпей қаша жөнелді.

Тышқан, қоян, түлкі жан-жаққа қарауға мұршалары келмей, шаңдата жүгіріп келеді. Осы сәтте қасқыр апанында ұйықтап жатыр еді. Ол аңдардың дабырлап шулаған дауысын естіп, шошып қалды. Атып тұрып арттарынан ере кетті:

А-а-па-а! Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр ес-түстері қалмай жүгіріп келеді. Осы кезде аю құмырсқалардың илеуін шұқып ойнап отырған. Ол жанынан шулап өтіп бара жатқан аңдарды көріп, бір жаманшылықты сезінгендей болып, әй-шәйға қарамастан, тоғайды басына көтеріп тарпаңдап жүгіре жөнелді…

Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр, аю жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Бір уақытта қоян тышқаннан сұрайды:

Сен неге апаңды шақырдың?

Маса!

Түлкі қояннан:

Біз кімнен қашып келеміз?

Маса! — деді қоян.

Кім? — деп қасқыр түсінбей.

Маса!

Қасқыр, біздің артымыздан кім қуып келе жатыр? Аңшылар ма? — деп аю қосыла сұрайды.

Қайдағы адам! Маса!

М-а-а-а-с-а! — деп аюдың ақырған дауысынан бүкіл орман жаңғырып, аспан айналып жерге түскендей болды. Жүрегі тарсылдап, аю жерге құлап түсіп, басын борсық ініне тықты. Аңдардың алдынан көлшіктен бақа ыршып шықты:

Не болды? Кімнен қорқып қашып келе жатырсыңдар?

Ойбай! Маса құртты бізді! — деп ентігін баса алмай аю.

Ал кішкентай маса ызылдап әнін айтып қоймады. Бақа таң қалып, көзін шарасынан шығара бадырайтып, аузын ашып: ап! -деп масаны жұтып қойды. Сөйтіп, масаның әні біржолата тиылды.


Күшік пен мысық


Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: – Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік. Қасқыр: – Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті.

Қасқыр өзінің жолдасына қарап: – Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті. – Сенің екі көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, – депті күшік.

Мен не қылар екем, соны қара, – депті де, қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысады да, тұншықтырып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды. – Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – дейді де, қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты. Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан соң, қаңғып жортуылға шыққан екен, бір аш мысыққа кез болып, оған: – Ей, мен сені жеймін! – депті.

Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, – депті мысық. – Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, – депті күшік. Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.

Күшік:

Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым, қандай екен? – депті. – Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, аузың айқайып тұр, тілің салақтап, құйрығың салбаңдап тұр, – депті мысық.

Сонда оған күшік: – Енді мен не қылар екенмін, көр! – депті. Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол арада сеспей қатыпты.

Сонда мысық айтыпты: – Әй, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жемеймін, – депті.


Мақтаншақ Қоян


Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс-жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.

Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол мақтана бастайды:

Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?! Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым — мұрт-ақ! Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді… Мен ешкімнен қорықпаймын!Мақтаншақ Қоян, қарға, ерлік, көмек, балаларға, ертегі

Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді:

Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып, елдің мазасын алмайтын боламын!

Солай де! Босқа мақтанба! Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет! — дейді Қарға.

Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен… Жаны ашып кеткен қоян құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қоянды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады.

Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып:


Рақмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің! — деп ризашылығын білдіреді.


Арыстан мен тышқан


Ерте ерте ертеде орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. Арыстанұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:

- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.

Арыстан оның сөзіне күліп:

- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.

Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты. Шарқ ұрып тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.

Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:

- Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:

- Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің. Міне сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.



Торғай мен тышқан


Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егеді. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқиды.

Егін жақсы шығады. Олар бітік өскен бидайды жинап алып, бөле бастайды. Бір бидай артық қалады. Енді соны қайсысы аларын білмей, жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен осқылап, олар бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында ешкім болмаған соң, олар өздерінің билеріне барып, жүгінбек болады.

Алдымен олар тышқандар биіне келеді. Ол:

Бұл бидайды тышқан алуға тиісті. Өйткені, тышқанның күші көп. Ол тырнағымен көп жер жыртып, ұртымен бидай септі, – дейді.

Енді олар торғайлар биіне келеді. Ол:

Бұл бидай торғайдікі. Себебі, торғай егіндегі барлық арам шөпті жұлған. Күнде үстінде ұшып, егінді күзетіп жүрген, – дейді.

Бұған да келісе алмаған соң, торғай мен тышқан далада қой бағып жүрген бір шалға келеді. Шал дәнді алып, екеуіне бірдей қып бөліп береді. Торғай да, тышқан да разы болып, өз жөндеріне кетеді.

Көкөністер туралы ертегі


Бір бақшада әр түрлі көкөністер өсіпті.

Жасыл қияр – ақкөңіл, әзілкеш, ешқашан қайғыруды білмейтін, барлық көкөністерді кекетіп – мұқатқанды ұнататын.

Қызыл қызанақ – маңызды, қашан да сәнді. Ол «Бүгін жаңбыр жауады деп ойлаймын» деген сөздерді жиі айтады екен. Шыныңда да жаңбыр жауған кезде қызанақ: «Көрдіңдер ме! Менің айтқаным дұрыс келді ғой!» деп тағы мақтанады екен. Егер жаңбыр болмаса, қызанақ саспай, өзі айтқан сөзге қатысы болмағандай тұратын.

Қызғылтсары сәбіз болса: «Менің бар сылулығым жер астында жатыр, ешкім көрмейді, мен бақытсызбын!» деп әрдайым көңілсіз болып, бұрқылдайтын көрінеді.

Аққадаунды қырыққабат – кішіпейіл, сөзшең. Ол «Басында жапырағым екеу – ақ еді, қазір тіпті кқбейіп кетті.» - деп, барша айтар әңгімесі тек киімнің ауырлап кеткендігі жайлы.

Қоңыр картоп болса – қайырымды, мейірбан. Бақшадағы көкөністермен түгел дос болып, бәріне көмектеседі. Картопты бәрі жақсы көреді.

Бас пияз – жағымсыз, ол айналасындағылардың көздерінен жас ағып, үнемі жылап жүргендерін ұнататын.

Міне, осындай түрлі мінезді көкөністер сиысып, бір бақшада өсіпті. Қалай ойлайсыңдар, осындай мінез- құлықтар адамдар өмірінде кездесе ме?


Қорқақ қоянның жауабы

Ертеде бір нулы орманда әртүрлі жан-жануарлар мекендепті. Оларды аң патшасы арыстан билеп тұрыпты. Бірде арыстан: "барлық аңдар алдыма жиналсын"- деп бұйырыпты. Ормандағы барлық аң атауы жиналыпты. Сонда арыстан:"Барлығың менің келе жатқан туған күніме дайындалыңдар. Әрқайсыңа жеке-жеке тапсырма беремін"-депті. Сол кезде барлық аңдарға не дайындау керегі айтылыпты, кезек қоянға да жетеді. "Қоян сен үстелге құмыраға салып қоятын гүл әкел"-депті арыстан.

Қоян орманның ішін арлы-берлі кезіп бірде-бір гүл таппапты. Қайтсін байқұс, өйткені бұл қақаған суық қыс мезгілі еді. Барлық аңдар өз тапсырмаларын орындап, тек арыстанды күтіп тұрады. Арыстан өзінің туған күніне деген дайындықты көріп риза болып келе жатады.

Бір кезде арыстанның көзі үстелде бос тұрған құмыраға түседі. "Мұнда неге гүл жоқ? Кімге тапсырылып еді?"-деп ашуланыпты. Алдына сүмірейіп қоян келеді. Арыстан "Қоян, гүл қайда?"-деп ақырып үстелді жұдырығымен бір қойыпты. Қоян алды-артына қарамай зыта жөнеліпті.

Сол күйінде үйіне келіп, есігін ішінен бекітіп, терезелерінің перделерін түсіріп жауып, жан-жағына қарап, ешкімнің жоғына көзі жеткен кезде өзінің үстеліне келіп бар ашуын бойына жинап "Гүл жоқ"-деп үстелді жұдырығымен бір қойыпты.


Нан қайдан шығады?


Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа тіскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.

Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне, кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.

-Нан, нан, сен қайдан шықтың? – деді сыбырлап.

-Сатушыдан сұра, - деді нан.

Тышқан сатушыға келді.

-Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?

-Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

-Нан қайдан шығады? – деді бір наубайшыға келіп.

-Диірменшіден сұра, - деді Наубайшы.

Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыркөбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн дайын болды. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана, қарап тұрды да:

-Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.

-Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.

Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:

-Комбайншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.

Көктемде, тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.

-Ой, мұның – азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ нан таба беремін, - деп қутың-қутың етті тышқан.

-Әне, мысық келе жатыр! – деді комбайншы.

Сол-ақ екен, тышқан бір ескі інге зып берді.


Еріншек

Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінің үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс түсіпкележатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады.

Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да ерініп, әйеліне:

Барып көріп келші, ешкілерге не болып жатыр екен,— деп жұмсайды. Әйелі барып көріп келеді де:

Бір ешкі өліп қалыпты,— дейді. Сонда еріншек:

Е, мал іші болған соң, өлім-жітімі де болады ғой,— деп жата беріпті.

Ертеңіне еріншек ешкілерді көріп келуге әйелін тағы жұмсайды.

Тағы бір ешкі өліп жатыр,— деп келеді әйелі. Еріншек келесі жамбасына аунап түсіп:

Мал іші болған сон, өледі де,— дейді де қояды.

Үшінші күні етікші әйелін малды көріп кел деп тағы да жұмсайды. Әйелі жалғыз ешкінің де қатып қалғанын айтып келеді. Сонда етікші жаны жай тапқандай, бір аунап түсіп:

Бәйбіше, біздің малдың өлімі өсымен тыйылған да шығар,— депті.


Жалқау қоян


аңпатшасы арыстан қоянның құдыққа жақындамауы үшін күн сайын кезекші тағайындапты. Қоян істеген ісіне іштей өкінсе де, бұл өкінішінен ешқандай пайда болмапты. Бір күні түнде кезекшілік кезегі пілге келіпті. Пілмен дос болған қоян «ешкімге білдіртпей су берер»,- деген оймен қасына барыпты. Сөйтсе піл ұйықтап жатыр екен. Қанша оятса да ұйқысынан тұрмапты. Болмаған соң құлағына барып айқайлапты. Ұйқысынан шошынып оянған піл құдықтың шетінде үйіліп тұрған үйіндіге соқтығысып, үйіндіні құдықтың ішіне құлатып алыпты. Осылайша құдық бітеліп қалыпты. Болған оқиғаға қатты қайғырған піл: «Мұның бәрі менің кесірім! Енді не ішеміз? Ертең жануарлар не дейді?»,- деп жылай бастапты. Қоян: «Достым, қайғырма, бір жолын табармыз. Екеуміз де осы құдықты қазатын болсақ, таң атқанша бітіріп қалармыз»,- депті. Сонда піл: «Сен кішкентай әрі әлсізсің ғой»,- десе қоян: «Енді көр де тұршы менің қалай жұмыс істейтінімді!»,- депті.

Шынында да қоян білегін сыбанып, іске кірісіп, таң атқанша пілмен бірге құдықты қазып тастапты. Ертеңіне піл барлық жануарларға қоянның еңбегін айтып мақтапты. Барлығы шапалақ ұрып, құдықтан су ішуіне енді лайықты болғанын айтыпты.

Қоян су ішкенімен қоймай, өзге жануарлармен қайта татуласқанына да қатты қуаныпты. Өзін орманның бір мүшесіндей бақытты сезініпті. Олай болса, балалар «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»,- деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаса керек.


Екі сараң қонжық.


Ертеде бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген қонжықтар жқлға шығады. Алдымен олар тоғайдың шетімен, содан соң жазық даламен жүреді. Сөйтіп бір күн жүрді, екінші күн жүрді. Ақырында бар қоректері таусылды. Ал жолдан табатын ештеңе болмады. Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты.

Сол уақытта кіші Қонжық:

Ағатайым, менің қарным ашты! деп шағымданады.

-Менің де қарным ашты! деп өңі бұзылып, басын шайқайды.

Солай жүре берді. Кенеттен үлкен ірімшікке кезікті. Әділ жолмен тең бөліспек еді, бөлісе алмады. Қонжықтар бір бірінен ірімшікті қызғанып, ұрсысып, ақырып тұрғанда кенеттен жандарына Түлкі келеді

-Неге ұрсысып тұрсыңдар? деп сұрайды.

Түлкі: -Мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін деді.

Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөледі. Алайда алаяқ басты бір жарымын екіншіден үлкен қылып бөледі. Қонжықтар бұған ренжіді.

-Мынау үлкен ғой, деп ақырды.

Түлкі оларды жұбатып:

-Тыныш жастар!

Кішкене сабырлық, қазір бәрін реттеймін.

-Мен өзімнің жұмысымды білемін, деді.

-Бұлай да бірдей емес, деп тынымсызданады.

Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болады.

Жүргізуші: Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп, екеуіне береді.

Түлкі оларға күліп:

Міне сараң, арам болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаласың, деп өз жөнімен кетті.


Мұрагер


Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:

- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - дейді.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

- Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.

Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:

- Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес, - дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:

- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді.

Сонда кенжесі:

- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат-жігерге толы жүрегім бар, - дейді.

Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.

- Жұмыс істей білген адам жұтамайды, -деп, өзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.


Гүл


Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да менің достарым жоқ, деп мұңайып жылай бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң, гүл жан-жағына қараса кішкентай-кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді. Гүл: «Енді менің достарым көбейді, алақай» - деп қуанады. Содан бері әр-түрлі гүлдер жерге шыға бастапты.




Лақтың мүйізі


Ертеде бір мүйізсіз лақ болыпты. Оның барлық отбасы мүшелері мүйіздермен болған. Бұл айырмашылығын көріп, кішкентай лақ соған өте қапаланған. Сол жағдайды түзету үшін, лақ өзіне жаңа мүйізді іздеуге шығып, орманға қарай қашады. Орманға келгенде кішкентай лақ көп ағаштардың бұтақтарын көріп, «Қалай олар үлкен мүйіздерге ұқсайды, мен жинап, олардан өзіме мүйіз жасайын» деп ойлайды.

Екі күн бойы лақ мүйіз жасап, үйіне оралады. Ол ата-анасына мақтанып:

- Менде ең үлкен және әдемі мүйіз бар! – деп мақтанады. Ата-анасы оған үндемейді.

Бір ай өттеді. Өкінішке орай, бұтақтар құрғап қалып, түсе бастайды. Оны көріп, лақтың көңілі қайтадан бұзылады. Сонда Ешкі-ана:

- Лағым-ау, сен неге өз-өзінді алдап жүрсің? - деп сұрайды.

- Өйткені сіздердің барлықтарыңызда мүйіз бар, ал менде жоқ. Мен де мүйізді болғым келеді! Неге менде мүйіз жоқ?- деп өксіп жылап, анасынан сұрайды. Анасы:

- Себебі сен әлі кішкентайсың! Үлкейгенде сенің мүйіздерін өседі, - деп жауап береді Ешкі-ана.

Бес-алты ай өтеді. Көктем келгенде лақтың мүйізі өседі. Соған лақ текеге оралып:

- Анашым, анашым, менде мүйіз өсті!-деп, құанып айқайлайды.

Сонда лақ ешқашан мақтанбау және өтірік айтпау керек екенін түсінеді.


Алтын санаған аштан өледі


Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп:

Оян! – депті.

Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны табылар. Сақтияның аузын ашып-жапқан сайын ішінен бір теңгелік алтын ділдә аласың. Енді қалған өміріңе бұйырған несібе осы қанағат қылсаң, қарның тояды, - дейді де ғайып болады.

Жүрегі алып-ұшып, орнынан атып тұрған Сағат ұйықтаған жерінен оңға қарай он адым аттайды. Опырылған жертөленің оқпандай орнына кезігеді. Құлаған ошақтың орнын тырналап қазып жатып:

Осыдан шалдың айтқандары расқа шығып, бір ділдә тапсам – тойынып тамақ ішермін. Екі ділдә тапсам, дүние – ай, бала шағамның жүрегін жалғар едім. Егер үш ділдәға жетсе, әйеліме арнап көйлек сатып алар едім, - деп қиялдайды.

Шалдың берген аяны айнымай келеді де, айтқан орыннан әмиян табылады. Бір ашса – бір ділдә, екі ашса – екі.... Әмиянды жүз ашқанда, үйіліп жатқан ділдәларды көзімен жей отырып, Қарақұмның қақа ортасынан хан сарайындай күмбезді үй салуды армандайды. Қарнының ашқанын да, балаларын да, бұл дүниеде әйелінің бар екенін де ұмытады. Көзіне қызылды-жасылды дүние елестеген Сағат мың, он мың, жүз мың, ..., миллион рет ашамын дегенше, арада екі апта уақыт өтіпті. Өстіп отырғанда дүниеқоңыз сорлының жүрегі үзіліп, бұл дүниемен қош айтысқан деседі.


Ұр,тоқпақ!


Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:

- Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, - дейді. Шал мақұл көріп, қазды босатып қоя береді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, кемпірі шалға ұрсады. Шал:

- Қой, сен түк білмейсің! - деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Жүре-жүре бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп түйешіден:

- Бұл кімнің түйесі? - десе:

- Бұл Қазбайдың түйесі, - дейді. «Бұл Қазбай - баяғы қаз екен», - деп шал ойланып тұрып, жүріп кетеді. Бір жерге келіп:

- Бұл кімнің қойы? - деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы:

- Бұл Қазбайдың қойы, - дейді. Шал жаңағы қойшы баладан:

- Шырағым, Қазбайдың бұдан басқа несі бар? - дейді. Бала шалға:

- Қазбайдың үш жақсы нәрсесі бар. Біреуі: «Піс, қазаным, піс!» - десе, әр түрлі тамақ пісіп шығады, енді біреуі: «Құс, есегім құс!» десе, есегі алтын құсады, тағы біреуі: «Ұр, тоқпағым, ұр!» десе, адамдарды ұра береді, - дейді.

- Мақұл, - деп шал жүріп кетеді. Шал Қазбайдың аулына келеді. Қазбай шалды күтіп алады. Шал Қазбайдан «Піс қазанын» сұрайды. Қазбай сұрағанын береді. Шал алып үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатқан балалар шалға:

- Ата, асқа түсіңіз! - дейді.

Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, шал балаларға:

- Шырақтарым! «Піс, қазаным, піс!» демеңдер, - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң балалар тыңдасын ба: «Піс, қазаным, піс!» деп шулап қоя береді. Сүйдегенде, әр түрлі тамақ пісіп, даяр болады. Балалар қазанды айырбастап, алып қояды. Шал шығып қазанды үйіне алып барып: «Піс, қазаным, піс!» - десе, еш нәрсе піспейді. Шал қазанды алып, Қазбайдың үйіне қайта келеді. Қазбайға:

- Бұдан еш нәрсе шықпады, - дейді. Қазбай қазанды алып: «Піс, қазаным, піс!» десе еш нәрсе шықпайды. Қазбай қазанды алып, шалға есекті беріп жібереді. Шал есекті алып үйіне қайтады. Жолда келе жатса, балалар шалға:

- Ата, асқа түсіңіз! - дейді. Шал асты тастағысы келмей, есектен түседі. Үйге кіріп бара жатып балаларға:

- Шырақтарым! «Құс, есегім, құс!» демеңдер, - дейді. Балалар:

- Мақұл! - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң-ақ балалар: «Құс, есегім,

құс» десе, есек алтын құсады. Балалар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды. Шал есекті алып үйіне кетеді. Кемпір:

- Қаздан барып алып келгенің осы ма? - дейді. Шал есекке: «Құс есегім, құс!» десе, есек еш нәрсе құспайды. Шал есекті алып, Қазбайға тағы қайта келеді.

- Есектен еш нәрсе шықпайды, - дейді. Қазбай есекті алып: «Құс, есегім, алтын құс» десе, еш нәрсе құспайды. Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал «Ұр тоқпақты» алып келе жатса, баяғы жерде тағы да балалар жүр екен. Балалар шалға:

- Ата, асқа түсіңіз! - дейді. Шал үйге кіріп бара жатып:

- Шырақтарым! «Ұр, тоқпағым, ұр!» демеңдер, - дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң, дәндеген балалар: «Ұр, тоқпағым, ұр!» - дейді. Тоқпақ балалардың әрқайсысын, ал кеп ұр! Ұрып жүр, ұрып жүр... Балалар тоқпаққа жалынады: «Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді, берейік!» - дейді. Шал шығып келе жатып, естіп қояды. Шал келіп:

- «Піс қазанды», «Құс есекті» бересіңдер ме? - дейді. Балалар:

- Мақұл! Әкеліп береміз! - дейді. Шал «Ұр тоқпақты» қойғызады. Балалар «Піс қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Шал «Піс қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып, үйіне келеді. Сөйтіп, мұратына жетеді.


Түлкі мен Құмыра


Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.

Түлкі:

- Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды?- дейді.

Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:

- Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырамын, – деп жүгіріп келіп, өзін өзенге лақтырып, құмырамен бірге өзі де суға батып кетңпті.

Ертегіден алатын сабағымыз: Балалар! Ешқашан біреудің затына тиіспеуіміз керек. Қолдансақ та иесінің рұқсатын алып, қолдануымыз керек. Ұрлық жасау жақсылыққа апармайды. Көріп тұрғандарыңдай, ұрлық түбі - қорлық.


Тышқан мен нәресте


Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен) асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте де айырылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады. Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға төтеп беруге және баласын асырап бағуға тура келеді. Күндердің күнінде баласын үйіне тастап, біраз уақытқа сыртқа шығуына мәжбүр болады. Алайда үйде нәресте мен ақ тышқан қалады.

Арада біраз уақыт өткен соң әйел үйіне оралады. Есіктің алдында аузы-басы қанға боялған ақ тышқанды көргенде зәр-иманы қалмай, аласұрып, ақ тышқанға бас салады. Сөйтіп, тышқанды өлтіріп тастайды. Дәл сол мезетте ішкі бөлмеден нәрестенің дауысы шығады. Анасы жүгіріп барып қараса, бөлменің ішінде бесікті, бесіктің ішіндегі нәрестені және нәрестенің қасында паршаланып жатқан жыланды көреді...

Адамдардың қате түсінігін бөлшектеу – менің атомды бөлшектеуімнен де қиын.” (Эйнштейн)


Қарттың ұлына өсиеті


Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:

- Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:

- Неғып отырсың? - дейді. Жігіт:

- Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал:

- Шыныңды айт! - деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:

- Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт:

- Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал:

- Қандай өсиет айтып еді? - дейді. Жігіт:

- Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке:

- Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.



Ақылды етікші


Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне:

- Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға:

- Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқаныңыздай орнына келтіретін болды, - дейді. Патша уәзірлеріне еш жауап айтпайды. Түн болған соң үстіне бөтен, ескі киім киіп, әмірінің қалай орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде шам жанып тұр екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып тұрған үйге келсе, үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші қайыршыны көріп тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы:

- Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың? «Ешкім басына пайда қылмасын және шам да жақпасын», - дегені қайда? - дейді. Сонда етікші: «Сенің онда не жұмысың бар? Сондай әмір қылып отырған патша да ақымақ. Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде төрт теңге пайда қыламын да, төрт теңге зиян қыламын. Міне, мен сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді», - дейді. Патша бұған жауап қайтармастан үйіне келеді де, ақылды төрт уәзірін шақырып алып: Сіздерді басқалардан ақылы көп деп, өзіме уәзір қылып едім. Енді менің сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын. Сол пайдам мен зияным не? Үш күн ішінде соны табыңдар. Таба алмасаңдар, бастарыңды аламын! Өздерің таппасаңдар да табатын кісі тапсаңдар, жазадан құтыласыңдар! - депті. Уәзірлер үш күннің ішінде өздері де шеше алмай және табатын кісі де таба алмаған соң, енді патшаға көрінбей, қашпақшы болып жүргенде, баяғы етікші уәзірлерге келіп:

- Мен патшаның сұраған сауалын тапсам, сіздер маған не берер едіңіздер? - дейді. Уәзірлер төрт мың ділда бермекші болады. Етікші уәзірлерден төрт мың ділданы санап алып, олармен бірге патшаға барады да:

- Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт сом пайда, төрт сом зиян қылам. Ол былай: бір сомды қарызға беремін. Бір сомды ескі қарызымды төлеуге беремін, бір сомды құдыққа тастаймын, бір сомды әйеліммен екеумізге жұмсаймын, - депті. Сонда патша:

- Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақшаға бәріміз де түсінеміз, қалған үш сомның жұмсалған орнын анықтап түсіндір, - депті. Бұл сөзге етікші былайша жауап қайырыпты:

- «Бір сомды қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда өзімді асырар», - деп балама беремін. «Бір сомды ескі қарызыма беремін» - дегенім: өзімді жасымда асыраған кәрі әкем мен шешеме беремін. «Енді бір сомды құдыққа тастаймын» - дегенім: күйеуіне тұрмай, қайтып келіп отырған қызым бар, соған беремін дегенім, - депті. Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне уәзір қылған екен.


Төлдер айтысы


Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау, қошақан, бота «біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді?» деп бір-бірінен сұрасты.

Бірінші лақ бастап:

-Мә-ә-ә! Әрине, иеміз бізді жақсы көреді. Ол біздің сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады, - деді.

Қошақан тұрып:

- Ме-ме! Ал біз ше! Адамға біздің етіміз өте ұнайды! Ол біздің жүнімізден жылы кеудешелер, бас киім, қолғап, шұлық тоқып, көрпе жасайды. Иеміз бізді жақсы көреді, бізден пайдалысы жоқ! – дейді.

Осы кезде бұзау:

- Мө-ө-ө! Сендер босқа мақтанасыңдар, адам тіршілігіне ең қолайлы – сиыр малы. Бізден шелек-шелек сүт, қарын-қарын май, ірімшік алады, етімізді жейді. Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ! – депті.

Сонда құлын бір кісінеп алады да:

- Орынсыз мақтанбаңдар! Иеміз бізден қымыз алады, етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды. Адамның мінетін көлігі де – біздер! – дейді.



Ай неге жалаңаш қалды


Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

- Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.

Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін

білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.


Қаңбақ шал


Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.

Дәу:

- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.

Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.

Сонда дәу:

- Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді.

Шал тұрып:

- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.

Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:

- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.

Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:

- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.

Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:

Сосын шал:

- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.

Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:

- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.

Дәу:

Жарайды деп – кетіп қалады.

Шал үйіне келіп, кемпіріне:

- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:

- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.

Шал тұрып:

- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.

Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:

- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.

Сонда шал тұрып:

- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! -дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:

- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.

- Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі.

- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.

Түлкі:

- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:

- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.

Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.


Ең қымбат байлық

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құйрық жүні ұзын кезде дәл біздің осы күнгі жалқау балалар секілді сидам сирақ жастар өте көп болыпты. Әдетте жалқаулардың құрғақ уайымға кқп салынатын әдеті ғой. Сондай жалқаулардың бірі:

-О, Жаратқан ием-ай, жарық дүниеге әдейі әкелген соң дәулеті шалқыған бай етіп жаратсаң етті! Жалғанды жалпағынан басып шалқып өмір сүретін жасымда, ішсем тамаққа, кисем киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдапты.

Оның мұңын естіп қалған бір ақсақал:

-Ей, қарағым, сен несіне қайғырасың? Байлықтың бәрі өзіңде тұр ғой, - депті.

Ақсақалдың сөзін мені мазақтағаны деп түсінген жігіт:

-Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз? – деп ашуланыпты.

Ақсақал ештеңе болмағандай сабыр сақтай отырып:

-Шырағым, сен андағы екі көзіңді маған сатшы. Мен саған қалағаныңша алтын, күміс берейін! – дейді.

Жігіт ашуланып:

-Екі көзден айырылғаннан кейін сіздің алтын, күмісіңіздің керегі қанша? Ондай байлығың өзіңе!

Ары қарай жігіттің он екі мүшесіне саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуланған жігіт:

-Ақсақал, ат басындай алтын берсеңіз де ешбір мүшемді сатпаймын! Өйтіп мүшесі түгел адам – бай адам. Оны ешқандай алтын, күміске айырбастап ала алмайсың мүгедек болар жайым жоқ! – деп кесіп тастапты.

Сонда барып ақсақал:

-Е, ендеше адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы. Сен сияқты төрт! – деген екен.


Өгіз


Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті-олардың қорегі болыпты. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті.

- Кемпір, ашықсақ, ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін бұзауы емсін дейді шал.

- Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын дейді кемпір.

Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, барлық сүтін бұзауға береді. Енесінің бар сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болып шығады. Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады. Осындай зор, сұлу денеммен мына бір жаман сиырлардың ішінде жайылып жүргенім лайықсыз екен, түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп ойланады өгіз.

Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барынша - ақ түйе болуға тырысып бағады.

Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмайды.

- Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар дейді.

Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін деп әбден шаршайды.

Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады.

Бұл ілісе алмай айдалада қалып қояды. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында қалады).

- Мө-ө-ө-өөө! Құтқарыңдар мені. Құтқарыңдар! Мө-ө-ө! Мө-ө-ө-өөө! Кім бар маңайда? Мө-ө-ө! Деп мөңірейді өгіз.

- Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші!

- Таныс дауыс қой өзі.

- Қайдан шыққан дауыс?

- Жүріңдер, жота асып қарайық дейді, -сиырлар.

Табын сиыр жотаға шықса, сол баяғы өздерін менсінбей жылқыларға барып қосылған өгіз қасқырлардың қоршауында қалған екен.

Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады.

- Мен сендерді ренжіттім. Өз туыстарымнан бөлініп кеттім. Ақылсыздығымнан осындай жағдайға тап болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», -деген осы екен. Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! Деп кешірім сұрапты өгіз.





























Пайданылған әдебиеттер


1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу

бағдарламалары:

«Алғашқы қадам»,

«Зерек бала»,

«Біз мектепке барамыз»,

2. Отбасы және балабақша журналы 2008ж. №5

3.Бала мен балабақша журналы 2012ж. №10

4. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие

5. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж

6. Балалар әлемі журналының ресіми сайты (balalaralemi.kz)

7. www.ZHARAR.com


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
1112
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12