Ертегілер
елінде
Мақсаты:
Оқушыларды
кітап оқуға шақыру, еркін сөйлеуге
үйрету, өз ойларын жан-жақты жеткізе
білуді үйрету. Балалардың ойлау, қабылдау,
зейін қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік:
Әртүрлі ертегі кітаптарын таныстыру.
Слайд, Сөзжұмбақ.
Кітапханашы:
Сәлеметсіздерме
құрметті оқырман қауым. Бүгін ақпарат
орталығы кітапханамызда «Ертегілер
елінде
» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Кітапханашы;
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне
жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде
сирек кездлесетін немесе мүлде
кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар
баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде
ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан -
ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге
жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз
жандарынан ертегі мазмұнына жаңа
оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып
отырған.
Халық
ерте кезде ақ әрқашан зұлымдықты
әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау
сырларын біліп, қолдана алатын болады
деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған
қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті
болуды, көкке ұшуды, жер астына түсіп,
асыл қазынасын алып, пайдалануды
армандаған. Соның бәрі ертегілерге
арқау болған. Сондықтанда ертегілер
халық қиялы, арманы даналығы ғасырлар
бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар.
Ертегілердің үш түрі бар:
Хайуанаттар
туралы ертегілер
Қиял
ғажайып ертегілер
Шыншыл
ертегілер
Хайуанаттар
ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс,
үй жануарлары болады. Алайда олар
адамға тән қасиеттер иесі болып иесі
болып суреттеледі де, сол арқылы сұм,
қиянатшыл, дөрекі, қу мінез құлықтар
әшкереленеді, еңбексүйгіштікті,
батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді.
Ал
қиял – ғажайып ертегілерде ер жүрек,
батыр адамдардың басынан кешкен сан
алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар
жеті басты дәумен, жалмауызбен, небір
құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл
қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке
ұшады, жер астына түседі, теңіздерден
өтеді, азабы мол ғажайып оқиғаларды
ақыл, айла тәсілін асырып, жеңіп отырады.
Осы жолда оларға Желаяқ, Таусоғар,
Саққұлақ, Самқұр құс, Қарлығаш сияқты
ізгі ниетті жандар болысады, ақылды ат,
алып құстар жәрдемдеседі.
Ертегі-
фольклордың негізгі жанрларының бірі.
Ертегі жанры- халық прозасының дамыған,
көркемделген түрі, яғни фольклорлықкөркем
проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат
ұсынумен эстетикалық лаззат беру.
Ертегінің артқаратын қызметі кең: ол
әрі тәрбиелік, көркем – эстетикалық
әдеби қазына. Ертегінің тағы бір тамыры
– алғашқы рулық қауым адамдарының
аңшылық әңгімелері мен хикаялары.
Алғашында шын болған оқиғалар негізінде
айтылған әңгімелер бірте – бірте ел
арасына тараған сайын қоспалармен
толықтырылып, хикаяға одан ертегіге
айналып кеткен. Жалпы ертегілердің
пайда болып, қалыптасуының алғашқы
кездерінде ел оны қиял деп ойламаған,
онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі
ол шақта өз төркінінен алшақ кете
қоймаған, сондықтан көркемдік қызметте
атқармаған.
Шыншыл
ертегілер – қазақ ертегісінң ең мол
түрі. Шыншыл ертегіге халық өзінің
дүниетануындағы, қоғам тіршілігіндегі,
үй тұрмысындағы бас тірліктері барлық
мұң, мүддесін тартыс, талабын жиып
түйген. Бұл салалы ертегілер құр ертегі
ғана емес, ауызша айтылған шебер көркем
шығарма боп, халық романы, халық әңгімесі,
новелласы болып та кетеді. Және мұнда
қоғамдық тартыс, тап қайшылығы, қанау,
зорлық, соған қарсы қалың еңбекші
халқының сыны, наразылығы,алыс-тартысы,
алыс арманы- бәрі де айқын көрінеді.Ертегіде
, соның ішінде сыншыл ертегіде қауіпті
жауды жеңген елді апаттан, құлдықтан
азат еткен батырлар жайы көп әңгімеленеді.
Ең
бірінші қандай да бір істі бастамас
бұрын көңіл-күйімізді көтеріп алуымыз
қажет. Сондықтанда қазір қасымызда
отырған адаммен бір-бірімізге жақсы
тілек айтып сәттілік тілейік. Жарайма?
Балалар
бүгін біз тәрбие сағатымызды кішкене
сайыс түрінде өткізейік. Екі топқа
сайыскерлерді анықтау анықтап алайық.
Балалар біз кейбір сұрақтардың жауабын
біз үнемі біліп жүруіміз қажет.
«Тұлпар»
және «Ақжайық» топтарға сұрақтар.
1
Ертегінің қандай түрлерін білесің?
Қиял-ғажайып
Қазақ
ертегілері
Авторлық
ертегі
Жануарлар
туралы.
2
Қазақстанның рәміздерін ата
Ту,
Елтаңба,Әнұран
3
Тудың авторы
Шәкен
Оңласынұлы Ниязбеков
4
Елтаңбаның авторы кім?
Уалиханов
Шота-Аман Ыдырысұлы
Тапсырма:
1
Ойдан ертегі құрастыру
2
Білетін ертегінің суретін салып қорғау.
Қорытынды:
Міне балалар бүгін біз көптеген мәліметтер
алдық. Алдағы уақытта арттарыңнан өсіп
келе жатқан іні қарындастарыңа сендерді
ертегі айтып осы бар білгендеріңмен
бөлісе жүріңіздер. Әрқашанда білімді,
ақылды, сабырлы болып елііздің көк туын
көкке желбірете біліңіздер. Сау
болыңыздар.